Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

I. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9

1.1. Оқу қызметінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.15
1.2. Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ..16.30
II. Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілерінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.36
2.1. Мұғалім . мектепте балаға тәлім.тәрбие берудің негізгі тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37.39
2.2. Оқу іс.әрекеті және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40.43

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

IV. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45.46
КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушылары, әрбір пәнді оқып, оны дамыту, яғни білімін дамыту, тәрбиені жақсылап алуы үшін мұғалім еңбегі зор. Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта. бірқалыпты жағдайда өтпейді.: Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Егер сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамақ болсаңыз бірінші өзіңіздің мінез-құлқыңызды текееріңіз. Сіздің мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе. Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы тәрбиенің ең бірінші, ең басты әдісі — деген болатын А.С.Мақаренко. Оның сөзін дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, ал онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Міне қазіргі кезде әрбір тәрбие беруші, мұғалім, сынып жетекшісі балаға оның болашағына үлкен мән беруі керек. Оларға рухани азық болатындай кеңес беру керек.
Мектепте сабақтан тыс тәрбие жұмысын іске асыру қажет. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау кұралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы әдістерді тиімді пайдалану қажет.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.
Балаларды бірте — бірте еңбекке баулу ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмелерін жинау, саябақта бақша өсіру, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б. үйрету қажет. Бастауыш сыныптардағы оқу процесі қазір өте күрделі. Осы жолда бала дарынды болып, көзге түсе білсе ол ары да жақсы болады деп сенуге болады! Оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр, адамның кәсіби біліктілігін іскерлігін арттыру әділетті, қоғамның міндеті болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімі баланың фундаментін жақсы жетілдіру оның басты міндеті болып табылады.
Жұмыстың көкейтестілігі: Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін балалар бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап, мұғалім өз сыныбына келген кішкене оқушылардың дамуы жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін, шеберліктерін, дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс жүргізуі.
Жұмыстың мақсаты: Мектепте жұмысты балалардың жалпы "оқуын" көтеретіндей етіп ұйымдастыру.
Жұмыстың міндеті:
1. Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу.
2. Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатында сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну.
3.Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі.
4.Оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиесін міңдеттерді анықтауы.
5.Оқушылардың даму деңгейінде байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Назарбаев Н.А. «Қазақстан 2030» Алматы -1997ж.

2 Бастауыш мектеп -Тәрбиенің қайнар көзі педагогикасы №3 2000

3 Бастауыш мектеп -Ұлттық өсиеттер мен даналық сөздер №8 -9
1999ж

4 Болашақ-Халық педагогикасы-тәрбие өзегі №6 2000ж

5 Болашақ -Халық педагогикасын оқыту -тәрбиелік үрдісіндегі
орны №9 2000ж

6 Мектепке дейінгі педагогика -А Меңжанова 1994ж

7 Қоянбаев Б «Педагогика» Астана -1998ж

8 Толыбаев К «Бабадан қалған бар байлық » Алматы 2000ж 53 бет

9 А Құнанбаев «Назидания» Алматы Жалын -1983

10 «Қазақ ойшылықтарының педагогикалық Антологиясы.»
Жарықбаев К.Б, Тәжібаев К. Б, Алматы 1996ж

11 Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші» Алматы Қазақстан -1996ж

12 Садыров М. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық
дайындығын жетілдіру» Алматы 1999ж

13 Бабанский Ю. К. «Педагогика» М провенсия 1983

14 Ахметова А, «Педагогикалық технологиялар» (әдістемелік
нұсқаулар) Шымкент 2006ж
15 М Жумабаев «Педагогика» Алматы «Ана тілі »-1992ж

16 Серғазы Қалиұлы «Этнопедагогика» Алматы 2001ж

17 С.Қалиев «Обычай традиции» Алматы 2000ж.

18 М Қожахметова «Адам купия» Алматы 1997

19 Балиев Қ «Болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау»
Алматы : Нұралы Әлем 1998-200 бет

20 Қалиев С «Қазақтың халықтың тәлім-тәрбиесінің ғылым-
педагогикалық негіздері» пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы:
1996-66 бет

20 Ұзақбаев С.А. «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие:»
пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы: 1993-46 бет

21 Тілеубаева Р.К. «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие»
пед ғыл докт. дис Автореф-Алматы: 1993-34 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

I. Баланың мектепке барғанға дейінгі
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5-9

Оқу қызметінің тәрбиелеушілік
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .10-15
2. Бастауыш сынып жетекшісінің атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... .16-30

II. Оқу тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшілерінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31-36

1. Мұғалім – мектепте балаға тәлім-тәрбие берудің негізгі
тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 7-39
2. Оқу іс-әрекеті және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40-43

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44

IV. Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 45-46
V. КІРІСПЕ

Бастауыш сынып оқушылары, әрбір пәнді оқып, оны дамыту, яғни білімін
дамыту, тәрбиені жақсылап алуы үшін мұғалім еңбегі зор. Тәрбие процесін
басқару өте қиын, ол еш уақытта. бірқалыпты жағдайда өтпейді.: Белгіленген
мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар
тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында
ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі
қиын балаларды байқауға болады. Егер сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін
бастамақ болсаңыз бірінші өзіңіздің мінез-құлқыңызды текееріңіз. Сіздің
мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе. Ата-аналардың өздеріне талап қоюы,
олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы
тәрбиенің ең бірінші, ең басты әдісі — деген болатын А.С.Мақаренко. Оның
сөзін дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, ал онда сізге тәрбие
туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі
балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан азап шегеді, олардың ақыл ойы
баяу дамиды. Міне қазіргі кезде әрбір тәрбие беруші, мұғалім, сынып
жетекшісі балаға оның болашағына үлкен мән беруі керек. Оларға рухани азық
болатындай кеңес беру керек.
Мектепте сабақтан тыс тәрбие жұмысын іске асыру қажет. Тәрбие
құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген
коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау кұралдары (мұғалім, ата-
ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты
жемісті болу үшін осы әдістерді тиімді пайдалану қажет.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір
ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады. Бұл жастағы
балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.
Балаларды бірте — бірте еңбекке баулу ұжым және қоғамға пайдалы
еңбектің үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмелерін жинау, саябақта бақша
өсіру, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б. үйрету
қажет. Бастауыш сыныптардағы оқу процесі қазір өте күрделі. Осы жолда бала
дарынды болып, көзге түсе білсе ол ары да жақсы болады деп сенуге болады!
Оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес
білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу
мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр, адамның кәсіби біліктілігін
іскерлігін арттыру әділетті, қоғамның міндеті болып табылады. Бастауыш
сынып мұғалімі баланың фундаментін жақсы жетілдіру оның басты міндеті болып
табылады.
Жұмыстың көкейтестілігі: Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз
ету үшін балалар бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап,
мұғалім өз сыныбына келген кішкене оқушылардың дамуы жолындағы жұмысты одан
әрі жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін,
шеберліктерін, дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс
жүргізуі.
Жұмыстың мақсаты: Мектепте жұмысты балалардың жалпы "оқуын"
көтеретіндей етіп ұйымдастыру.
Жұмыстың міндеті:
1. Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну,
өзекті мәселелерін көре білу.
2. Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатында сәйкестігін
анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну.
3.Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін
мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын
көре білуі.
4.Оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиесін міңдеттерді анықтауы.
5.Оқушылардың даму деңгейінде байланысты тәрбиенің негізгі
міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер
тізімінен тұрады.

I. Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жеті жасар баланың енді
өз өмір тарихы бар. Оның өмірбаяны өте қысқа және бар жоғы
жеті жас болса да, өзінің мәні жағынан, өзінің мазмұнының
байлығы жағынан бұл уақыт баланың кейінгі өмір кезеңінде өзіне
тендесі болмайды, өйткені балалық шақтың ерте кезеңінде ғана
жеке бастың басты белгілерінің негізі қаланып, қалыптаса
бастайды: қабілеттілігі, бағыты, дағдысы, өсіп келе жатқан
адамның адамдарға, заттарға, еңбекке және өзіне негізгі қатынас
бағыттары айқындалады. Бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында
үш кезеңнен өтеді:
1. Нәрестелік: бір жасқа дейін.
2. Сәбилік шақ немесе мектепке барар алдындағы.
3. Мектепке дейінгі балалық: 3 жастан 7 жасқа дейін.
Өзінің дамуында баланың мектепке дейінгі жүріп өткен ұзақ жолын көре
елестету үшін, оның өмірінің әр түрлі кезеңіндегі денесінің және миының
дамуының ерекшелігі туралы кейбір мәліметтерді келтіру аса қызықты.
Сонымен, адамның негізгі мүшесінің психикалық қызметінің қалыптасуы
қарқынының бір қалыпты еместігінің көрінісі байқалады: нәресте туғанда
миының үштен бірінің "өзімен ала келеді", үштен екісі екі жарым жастарында,
ал үшіншісі 21 жасқа қарай толысады. Бала денесінің әр бөлігінің
пропорциясы да өзгереді. Мектепке барғанға дейін бала үш кезеңнен өтеді
және де олардың әр қайсысында әр түрлі өмір сүріп, әр қилы дамиды. Осы
кезендердің әр қайсысы өзінің ерекшеліктерімен және өзінің жетістікгерімен
сипатталады. Бала мектепке дейін екі түрлі даму кезеңінен өтеді. Бірі
сәбилік шақта дамуы, екіншісі мектепке дейінгі жаста дамуы.
Балалар бақшасы мен мектеп жасындағы сабақтастық, баланың оқуға
әзірлігі. А.П.Усованың, АА.Люблинскаяның жарық көрген еңбектерімен арнаулы
конференциялардың материалдары мектепке дейінгі мекемелер мен мектептің
жұмысында кездесетін кемшіліктерді ашып көрсетеді, кемшіліктің салдарынан
оқыту мен тәрбие жүйесіндегі сабақтастық әлі толық қамтамасыз
етілмеген.Сабақтастық деп балаларға тәрбие берудің бір тұтас процесінің
аралас кезендерінде (сатыларында да) сол міндеттердің, мазмұны мен
методтардың арасында болатын белгілі байланыстардың типтерін айтамыз.
Төменгі сатьщағы жұмыс бала дамитындай оқытудың сондай келесі сатысындағы
дәл сол балаларға қойылатын талаптарға жауап беретіндей мақсатқа
бағытталғанда ғана ал бұл жоғары және төменгі сыныптардың мұғалімдері
балалар меңгерген материалға мектеп педагогтарының жұмыстарында
байланыстылыққа қол жетеді.
Баланың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін балалар
бақшаларының тәрбиешілері кішкене жас топтарынан бастап, мұғалім өз
сыныбына келген кішкене оқушылардың дамуы жолындағы жұмысты одан әрі
жалғастыруды сүйене алатындай балалардың алған білімдерін, әдеттерін,
шеберліктерін; дағдыларын, қабілеттері мен мүдделерін дамыту жолында жұмыс
істейді.
Оқу іс - әрекеті — бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуының
негізгі факторы. :
Біздің елімізде бала жеті жасқа толған соң мектептің бірінші сыныбына
барады. Ол оқушы болады. Алайда қазіргі уақытта жеті жасар дені сау,
әдеттегі баланың басым көпшілігі мектепте оқытуға дайын болуы негізіңце
мемлекет белгілеген бұл жас формалды көрсеткіш қана. Басқаша
айтқанда, одан ары ойдағыдай даму үшін жеті жасар бала өзінің мектепке
дейінгі өмірін өзгертуі тиіс және мектепте оқуы керек.
Баланың дамуының шешуші факторы өмірінің барлық мезгілінде,
барлық кезеңінде оның өз белсенділігі болып табылады. Ол баланың
өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттеріне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Өсіп келе жатқан жанды заттың өмірлік талаптарын қанағаттандырудың қажетті
жағдайы болып; саналады, организмнің ортамен "теңгелуінің"
барлық механизмдерінің пайда болу жағдайы болып табылады. Алайда, бала тек
организм ретінде ғана емес, сондай — ақ жеке бас ретінде даму үшін, әлжуас
нәрестеден қазіргі қоғамның толыққанды мүшесіне айналуы үшін, оның
белсенділігін ересектер, жетілген адамдар басқаруы тиіс. Дені сау
организмге тән белсенділік саналы адамның іс - әрекетіне айналуы тиіс.
Педагог әр уақытта тәрбиелеу мақсатын ұстана отырып, баланың іс -
әрекетін шебер үйлестіріп, нәзік және ақылмен бағалауы керек, табысты
нәтиже ылғи бола бермейтіндігін, кейде ол өте қарапайым айта кеткіміз
келеді. Баланы серпілту үшін оқу тапсырмасын орындау барысында оқушының
жұмсаған күш — жігерін, талпынысын бағалаудың зор маңызы бар.
Барлық жағдайларда баға балаларды одан әрі, одан да күрделірек, қызықты
және нәтижелі іс - әрекетке ынталандыратын роль артуы зор.
Оқу қызметінің дамытушылық мүмкіндіктері. Мектеп өмірінде, оның ішінде
төменгі сыныптарда. Соңғы жылдары елеулі өзгерістер болды. 1969 жылдан
бастап бастауыш сыныптар бұрынғыға қарағанда күрделіректе көлемдіректе жаңа
бағдарламалар бойынша жұмыс істей бастады. Бастауыш білім курсы жылға
қысқартылды. Бастауыш мұндай қайта қысқарудың алдында комплексті және
біртіндеп кеңейтілген жеті жыл бойы эксперимент жүргізілді, психологтар мен
методисттер, мұғалімдер" мен оқу ағарту министрліктерінің қызметкерлері
қатынасты.
Бастауыш білім беру жүйесін қайта құру қажеттігі ескі жүйенің жастарды
еңбекке әзірлеуде өмір талабына мүлдем сәйкес келмегендігіне байланысты
болды. Мұндай құбылыс,; тарихи дерек заңды. Ғылыми — техникалық революция
жағдайында қоғамымыздың өмірі айтарлықтай өзгерді, соған сәйкес адамға,
оның біліміне, оның дамуына, оның адамгершілік сапаларына қоғамның қоятын
талаптары күрт өсті. 1969 жылға дейін бастауыш мектеп үшін қабылданған
бағдарламалар, олардың мазмұны, көлемі, оқытуды, ұйымдастырудың формалары
мен методтары ескірді. Олар енді төменгі сыныптардан бастап, оқушыларға
қойылатын айтарлықтай өскелең талаптарға, олардың әр түрлі қабілеттеріне
жауап бере алмайтын болды. Бұрынғы бағдарламалар анағұрлым жоғары дамыған
қоғамның келешектің адамның санасын қалыптастыру үшін перспективасыз болып
шықты.
Бұл жаңа талаптар мектепте балаларды оқытудың бағытын
өзгертті. Ұлы қазан төңкерісіне дейін халықтың басым көпшілігі
мүлдем сауатсыз болды немесе бар болғаны хат танырлық қана
сауатты еді.
Адамдардың белгілі бөлігінің білімі тек бастауыш мектептің төрт
класымен шектелді. Сондықтан бастауыш мектептің міндеті балаларға жеңіл
білімдер беру мен оқу жазу, санау сияқты маңызды дағдыларды үйрету болды.
Қазіргі мектептің міндеті оқушыларды айтарлықгай білім көлемін байыту
ғана емес, сондай — ақ оларды еңбекке және қоғамдық өмірге белсене
қатысуға әзірлеу мақсаты мен балалардың жоғары ақыл - ой және
адамгершілік дамуына жету болып табылады. Бұл міндеттер төменгі сыныптардан
бастап балаларды оқытудың мазмұны мен методтарына қайта қарауды талап етті.
Д.П.Элькониннің әділетті түрде атап көрсеткеніндей кіп-
кішкентай оқушы мектептегі өзінің жұмысын қоғамдық мәні бар, қатаң міндетті
қызмет ретінде сезіне бастайды, бұл онда оқудың жаңа қоғамдық ой елегінен
өткен себептерін, сыныпта өзіндік дербес жаңа бағытын, өзіне және
жолдастарына деген жаңа қатынастар мен талаптарды қалыптастыра бастайды.
Мектептің төменгі сыныбындағы балаларды оқытудың бағытын өзгерту алғашқы
үш жылда меңгеруі керек оқу есептеп шығару және орфографиялық дағдыларды
ешбір кемітпейтіндігі айқын анық. Алайда оқыту мақсатынан осы дағдыларды
қалыптастырудағы жұмыс негізгі міндеті — баланың дамуын шешу кұралына
айналады және мұнда жалғыз емес.
Демек, мектепте жұмысты балалардың жалпы "оқуын"
көтеретіндей етіп ұйымдастыру керек.
Жоғарыда айтылғандай, кез — келген қызметтің дамытушылық
сипаты, ең алдымен оның мазмұны мен методикасына толығырақ
тоқталайық, өйткені қазір жаңа бағдарламасына толығырақ тоқгалайық,
өйткені жұмыс істейтін кішкентай оқушылардың оқу іс - әрекетінің дамытушы
сипатын қамтамасыз ететін принципті оқу жаңалықтары нақ салалардаң,
байқалады. Баланың дамуына бағытталған оқу іс әрекет
басқалары сияқты, балалардың іс - әрекетінің мазмұнында,
сондай — ақ оларға қолданылатын методтарда өзіндік ерекшелікке ие.
Балалардың оқу қызметін ұйымдастыра отырып, мектептің шешуге тиісті
тікелей міндеті адамзат игерген және жекелеген ғылымның мазмұнын құратын,
оқу пәндерін жинақтауға сәйкес келетін, тандап алынған белгілі бір
жүйесімен балаларды байыту. Білімді меңгеру оқушылардан бір қатар әр —
түрлі әрекеттердің категорияларын, әр түрлі шамадағы күнделікті
дербестіктің әр қилы дәрежесін, оларды тандап, тиімді түрде қолдануды талап
етеді. Ол үшін балалар бір қатар ережелерді, тәсілдерді, әдістерді
меңгерулері қажет, оларсыз тіпті жақсы меңгерген білімді қолдану мүмкін
емес. Педагог оқу қызметтерінде балаларда білімге деген тұрақты ынтаны
және ақыл — ой еңбегін қажетсінуді қалыптастыруға тырысады. Бұл міндеттерді
ойдағьвдай шешу — оқушылардың ақыл ойын, маңызды да тиімді жол.

1.1. Оқу қызметінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктері.

Егер біз оқудың оқушының ақыл — ой тұрғысынан дамуынан жасайтын ықпалын
ғана қарастырумен шектеліп қалатын болсақ, оқу қызметінің бастауыш мектеп
оқушыларын дамытатын мүмкіндіктеріне жасаған тандауымыз толық болмас еді.
Өкінішке орай, күні осы уақытқа дейін педагогикада оқыту теориясы төрбиелеу
проблемаларынан мүлдем оқшау қарастырылады. Алайда мектеп — оқушыларының
ұтымды ұйымдастырылған оқу қызметі балаларда көптеген адамгершілік
қасиеттерді тәрбиелеуге деген орасан зор ықпал жасай алады. Бастауыш
мектептегі кішкентай оқушыларға беретін теориялық білімдердің деңгейі
көтеріңкі, оқушылардың өз беттерімен проблемалық қызмет етуіне, сан алуан
байланыстарды, соның ішінде адамның табиғатқа, адамдарға деген қатынасын
ұғындыруға бағытталған, жаңа программалар бойынша жұмыс істеуінде бұл
мүмкіндіктер айрықша зор.
Бұл арада бір адамгершілік тәрбиелік ұғымының өзіне ұйымының
қоллективте жеке бастың қалыптасуына" тоқталмаймыз. Бұл жерде
оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі қызметінің ғана мүмкіндіктерін
қарастырамыз. Олар мынадай: Оқу қызметінде балаларда маңызды адамгершілік
ұғымдарды қалыптастыру үшін нақты мүмкіндіктер бар. Ұғым дегеніміз
біртектес заттардың немесе құбылыстардың оларда бар белгілердің ортақтығы
бойынша біріктірілген тұтас бір тобы туралы қорытылған білім белгілі бір
сөздің өзінде — ақ бар: "батыр", "қорқақтық", "отан", "сатқындық", "парыз",
"зат есім" - "сан", "кеңістік", "жылдамдық" тағы басқа. Кейбір авторлардың
осылай істеуді ұсынып отырғанындай грамматиканың болсын, табиғаттанушылық
болсын, ал одан да гөрі адамгершілік тұрғыдағы болсын, бірде —
бір ұғымды дайын күйінде баланың "санасына енгізуге" болмайды. Шынында,
балалар сөзді 2 — 3 жастағы кезінде — ақ естерінде сақтай алады. Бірақ сөз
ұғымының өзі емес. Өйткені ұғым дегеніміз адамның шындық болмыс
құбылыстарын қорытып бейнелеуінің жоғарғы формасы ғой.
Балада ұғым оның өзінің сезімдік өмірлік және арнайы тәжірибе жинақтауы
процесінде қалыптасуы тиіс. Мәселен : "қосынды" деген ұғым оқушының әр қилы
заттардың алуан түрлі есепсіз көпшілігі жөнінде толып жатқан және сан алуан
амал әрекеттер жасау процесінде қалыптасады. Содан кейін ғана барып олардың
бейнелері, кейін сандар, ал одан кейін олардың әр қилы сандармен
белгіленген әр түрлі мөлшерін қолдана отырып және екі, одан да көбірек
сандарды қосу амалының нәтижесінде "қосынды" деген сөзбен белгіленетін жаңа
санды ала отырып, бала бұл орайда мәселен сандардың - қосылғыштардың
абсолютті шамасы сиякты әлгі ұғым мәнді емес белгілерінің бәрін назарға
алмаи осы ұғымның мәнді — мәнді белгілерін қолдануды үйренеді: әрбір сан
қандай заттардың санын білдіретін және. сандар қандай ретпен қойылғанын
назар алмай қолдануды үйретеді.
Балалардың моральдық ұғымдарды меңгеруінің басқа грамматикалық,
математикалық өмірлік ұғымдардың қалыптасу процесімен ұқсас жақтары көп.
Сонымен бірге моральдық ұғымдардың құрылуының қорытылатын мазмұнның өзіне
тән бір қатар айрықша ерекшеліктері бар. Моральдық ұғымның қалыптасу
процесінің мәнді ерекшелігі олардың әрқайсысына бағалаушылық моменттің
кірістірілгендігі болып табылады. Әрбір моральдық ұғымда адамның қоғамдағы
моральдық талаптарға сәйкес келетін, немесе оған қайшы келетін қасиетіне,
әрекет амалдарына пікірлеріне қоғамның бағалаушылық, қатынасы қалыптасқан.
Сондықтан әрбір оқушының моральдық ұғымдары игеру, онда тиісті моральдық
позициялардың, бағалаулардың, сенімдердің қалыптасуымен, яғни адамның қайсы
бір нақты қасиетіне, әрекетіне немесе қылығына оң немесе теріс іштей
эмоциялық қатынасының қалыптасуымен ұштасуы тиіс. "Жау", "батыр",
"опасыздық", "өжеттік", "қорқақтық" деген ұғымдар "бейтарап" ұғымдар емес.
Олар адамның тиісті сөздерді өзі жатқызатын мазмұнға белгілі бір қатынасын
білдіреді. Сондықган моральдық ұғымдарда олардың қоғамдық тарихи табиғаты
ерекше айқын аңғарылады. Бірақ бұл бағалаулар балада біртіндеп барып қана
қорытушы сипат алып, оқушының адамдардың іс - әрекетіне немесе олардың
қасиеттеріне өзіндік жеке қатынасының білдірілуі болады. Бірақ мәселе тек
мұнда ғана емес. Адамгершілік ұғымдар өте кең "ауқымды". Олар сырттай
қарағанда тіпті ортақ ештеңесі жоқ болып көрінетін өте — мөте алуан түрлі
құбылыстарға жатады. Мәселен : "қарапайымдылық" деген моральдық ұғым
балалар үшін С.Я.Маршактың әңгімесіндегі белгісіз кейіпкердің және айрықша
бір ерлік жасай қоймаған басқа бір әңгіменің кейіпкері Алиша деген баланың
іс - әрекетінде ашылады. Бұл бала ешкімді құтқарып қалмайды және ешқандай
қауып - қатерге ұшырамайды, бар болғаны біреудің қақпасын сырлап береді
және "иесі жоқ" бір орындықты жөндейді, бірақ бұл туралы ешкімге айтпайды.
Алайда сюжеттегі өр басқа бұл шығармалар кейбір кейіпкерлерінің іс -
әрекетіндегі бұл ортақ қасиетті балалардың өздері саралап көрсете алмайды.
Балаларда әрбір жаңа моральдық ұғымның қалыптасуы үшін, мұғалім әр түрлі
әдеби және өмірлік материалды пайдаланғаны дұрыс.
Оқу қызметінде байлар үшін аса маңызды және түсінікті моральдық ұғымдар
мен сенімдерді қалыптастыру мүмкіндіктері. мол.
Пайымдай білуді меңгеру.
Сөйтіп балалардың адамгершілік ұғымдарының қалыптасуы мен бұларды
пайдалануының тағы бір қиыншылығы аңғарылып отыр. Нақты бір жаңа фактіде
таныс адамгершілік қасиетті танып білу үшін, адам бұл жаңа фактіге талдау
жасау керек. Сыртқы және ішкі жағдайлардың бүкіл жиынтығын бағдарға ала
отырып, осы нақты қылықты тудырып отыратын жағдайлардың себептердің бәрін
ескере отырып, "пайымдай" білу керек,
Мұндай күрделі ойлау жұмысы бала аңғаратын әр — бір әрекет қылыққа
адамгершілік тұрғысынан баға берместен бұрын болады. Бірақ ол мұндай баға
беруге әлі де әзір емес, ол тіпті өзіне белгілі адамгершілік талаптар
тұрғысынан әлі логикалық түрде пайымдай білмейді, күрделі фактілерді
дәйекті де негізді ете алмайды, адам қылықтарының бейтаныс ішкі
серіппелігін ашып, оларды танып, адамгершілік эталондарға орайластыруды
білмейді.
Бала өзі оған деген көзқарасын тиянактауға тиісті, бұл күрцелі
құбылыстың - адам қылығының көптеген икұрамдас бөлікгерін" әншейін
білмейді. Қызғаныш пен кемістік көру күмәндаушылықтың,
қадір - қасиеттің қызығушылықтың жанды қинайтын азаптарды, сезімдерді оған
белгісіз.
Демек балалар "пайымдап" үйренуге тиіс. Шешілуі адамгершілік тәрбие
беру үшін өте маңызды бұл екінші міндетті де мұғалім өзінің алдына қоюға
тиіс. Өйткені кез — келген арифметикалық немесе табиғаттану есебін шығару
жөніндегі жұмыс талдау жасауды белгілі мен белгісізді фактілер мен олардың
тәуелділікгерін саралауды талап етеді ғой. Шешу басты және аралық
мәселелерді анықтауды талап етеді, есепке талдау жасаудың дәйекгілігін
логикасында талдау қажет.
Логикалық тұрғыдан пайымдай білушілік барлық сабақтарда дерлік:
математикада, грамматика, табиғаттану, еңбек сабақтары жөніндегі жұмыста
қалыптасады. Пайымдаудың нәтижесі әдетте қайсібір қорытындылар болады,
балалардың бұл қорытындыларға, келуі олардың әңгімені, есептің шартын,
тәжірибені түсінгенін көрсетеді.
Түсіну — бұл адамның өзі атқарған ойлау жұмысының нәтижесінде алған
жаңа білім. Ол текстте, суретте, есепке, аргументке қайсібір адамның
қылығына талдау жасады, әрбір құбылыстың басты — басты және қосалқы
белгілерін ажыратты, тұтас бір тұлғаның элементтерінің арасындағы
байланысты ашуға ұмтылды — сөйтіп келіп ол түсінуге жетті.
Адамгершілік тәрбие алу.
Кез — келген танымдық міңдетті шешуде түсіну дегеніміз тұтас бір
тұлғаның элеменггерінің, бөлшектерінің әр жақтарының арасындағы ізденіп
отырған байланыстарды ашып табу.
Адамгершілік міндеттерді шеше келгенде бұл бірінші кезең ғана. Одан
кейін сол қылыктың когамдық түсіну, яғни бұл қылықтың неғұрлым терең
эмоциялық және адамгершілік тұрғысынан бағаланған байланыстарын анықтау
және оларды қоғамда моральдық мінез — құлықтың эталоны ретінде
, қабылданған қоғамдық моральдық талаптарына сәйкес бағалау келеді. Әдетте
мұндай түсінуге жеке басының өмірлік тәжірибесі, текбілімдер тәжірибесі
ғана емес, сонымен бірге бастан кешірген тәжірибесі және керісінше бағалау
тәжірибесі мол адам жетеді.
Демек, бастауыш мектеп оқушыларына оқу қызметі процесінде адамгершілік
тәрбие беру үшін, дұрыс моральдық баға бере білудің қалыптасуы үшін,
балалар пайымдауға үйренуге тиіс. Мұның өзі логикалық ойлаудың жоғарғы
формаларын дамытып қана қоймайды, сонымен бірге адамның жұрттың күнбе —
күнгі әдеттегі істерінен мақтауға немесе даттауға лайық адамшылық,
қасеттерді тани білушілік жөніндегі аса маңызды сапаны жетілдіреді. Мұндай
адамгершілік бағыттағы "көргендік" кемел. жасқа келген адамды өзіне де
өзгеге де әділ және талап қойғыш адамға айналдырады.
Оқу процесінде адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбы - кұрдастарымен ұдайы қарым -
қатынаста болған баланың адамгершілігі қальштасады, оның өмірлік тәжірибесі
молаяды. Бастауыш сынып оқушыларының көңіл — күйі, олардың куанышы мен
күйініштері ең алдымен оқуға байланысты болады.
Баланы тәрбиелейтін оның сәттері емес, сабақ үстіндегі бүкіл оқыту
процесі. Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігін қамьамассыз
ететін не ? Ол сабақ мазмұнының ғылымилылығы мен әлеуметтік идеялылығы,
мұғалім жұмысының идеялылығы, әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік
эмоциялық қуаты сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын
өзара қарым- қатынас стилі, мұғалімнің өзінің адамгершілік бағыты, оның
оқылып отырған материалға көзқарасы және басқалары. Оқулық кітаптардан
мақалалар, әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу және талдау балаларға-
адамдардың адамгершіліқ іс -қимылдарын түсінісіп, бағалауына
жәрдемдеседі. Балалар әділеттік, адалдық, жолдастық , достық , қоғамдық
борышқа адамдық патриотизм туралы және интернационализм туралы өздеріне
түсінікті етіліп сұрақтар қойылған мақалаларды оқып талдайды.
Сабақ үстінде оқушылар арасында ұдайы белгілі бір іскерлік және
адамгершілік қарым - қатынастар туып жатады. Оқушылар сынып алдына қойылған
бәріне ортақ міндеттерді шешкенде өзара араласады, бір — біріне ыкпал
етеді. Мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне қатысты бірқатар:
басқаларға бөгет болмау, бір — бірін мұқият тындау, ортақ іске қатысу
талаптарын қойып, оқушылардың осыларды орындай алу қабілеттерін бағалайды.
Мектеп оқушыларының сабақ үстіндегі бірлескен жұмысы олардың арасында кез —
келген қоллективтік жұмысқа тән көптеген белгілері бар қарым - қатынастар
туғызады. Бұлар ең алдымен әр бір оқушының өз ісіне ортақ іс сияқты
қарайтыны, ортақ мақсатқа жетуі үшін, басқалармен келісімді түрде әрекет
ете білушілігі, бір;— бірін қолдайтындығы және сонымен қатар бір — біріне
талап қойғыштығы және сонымен қатар өзіне сын көзбен қарай білуі және
өзінің табысын немесе сәтсіздікті ортақ іс тұрғысынан бағалай білуі
сабақтың бұл мүмкіндіктерін іс — жүзінде орындау үшін мұғалім сабақ
кезінде, оқушылардың өзара қарым - қатынас жасауына мүмкіндігі болатындай
жағдай туғызуы қажет, сірә, балалардың сабақ, үстіндегі мінез - құлқын
кейде тым қатал тәртіпке салып отыруды біраз бәсеңдету керек сиякты.
Мұғалімнің алдында күрделі міндет тұрады — оқушының білімді ұғыну
жөніндегі жеке қызметін ортақ көңіл-күйін туғызатындай
қоллективімізді тәрбиелеуге жәрдемдесетіндей, балалардың арасында мерейлі
адамшылық қарым-қатынастар қалыптастырудың қайнар көзі болады.

1.2. Бастауыш сынып жетекшілерінің атқаратын қызметтері

Қазақстан Республикамыздың "Білім туралы" Заңды мектеп оқушыларының
бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға,
азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады. Осы
міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін
бағыттауы және ұйымдастыру сынып жетекшісіне жүктңді.
Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты
сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы себеппен
педагогтардың да ой-пікірі, жан-жаққа бөлінуде.
Республикамыздың бірқатар мектептерінде тәжірибеде ретінде сынып
жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әртүрлілігі жүзеге асырылуда.
Жоғары мектептерде жекелеген сыныптарда өзін-өзі басқарудың дамығандығы
соншалықты. Тіпті оқушылардың бастауыш ұжымы жұмысын сынып жетекшісіз-ақ
құруға мүмкіндік береді. Сірә, сынып жетекшісі жұмысының әртүрлілігі
мәселені тікелей нақтылы мектептер мен сыныптарда шешу керек болар. Кейбір
жерлерде, мүмкін, тәрбие процесін сынып жетекшісіз ұйымдастыру да орынды
шығар.
Республикамыздың педагогикалық жылдарының және басым
көпшілігінің пікірі бойынша бүгінгі күні сынып жетекшісін мектеп өмірінен
алып тастау өзін-өзі бастауыш жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең
түсінуге негізделген білім екендігі даусыз.
Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс істейтін
мұғалімдердің бірі мектеп директорының жарлығымен тағайындалады. Ол тәрбие
жұмысын өзіне сеніп тапсырған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі,
мұғалімдері, оқушыларының қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен,
мектептен тыс мекемелермен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске
асыруға бар күш-жігерін жұмсайды.
Демократиялық мектеп өзінің назарынан адамның мінез-құлқын, қабілетін,
тіршілік әрекеттерін тыс қалдырмауға тырысады.Сондықган тәрбиенің мақсатын
белгілеуші тек қана мемлекет емес, сонымен қатар баланың рухани, ұлттық
дамуын қалайтын ең жақын адамдары, ата- аналар, мұғалімдер, қоғамдық
күштер. Осы тұрғыдан алатын болсақ, біздің жеткіншектеріміздің денсаулығын,
адамгершілік табиғи қабілетін (ақыл-ой, еңбек, көркемдік, коммуникативтік)
дамыту, жетілдіру бірінші кезектегі істер. Себебеі осы қасиеттер арқылы
ғасырлар бойы жинақгаған мәдени мұра атадан балаға жетіп отыр. Сондықтан,
осы 3 ірі блоктар арқылы әрбір тәрбиешінің міндеттерін белгілеуге болатын
сияқты. Тәрбиеші бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу
керек: қолайлы әс әрекеттер ұйымдастыру арқылы ( оқу, өнімді еңбек, бос
уақыт), қатынас арқылы (өнер, ақпарат, құралдары, т.б.), күнделікті тұрмыс
арқылы. Өзгеше айтқанда, іс-әрекет, қатынас, тұрмыс қалпы тәрбиенің басты
кұралдары. Соларды мәдениеттендіре отырып, ал баланың дамуына ықпал
жасайды. Әр тәрбиеші тұтас тұлға тәрбиелегендіктен ол баланың денсаулығы,
қабілеті және адамгершілігі туралы қам жейді. Бірақ, сынып жетекшісі
өзінің кәсіби және әлеуметтік, роліне байланысты, бала өмірінің бір
бағытына басын көңіл аударады, сонымен қатар оны ұйымдастырады — ал көбіне
оқу-тәрбие ісіне көңіл аударады; аіта-аналар-баланың денсаулығы
қамқорлыққа алады, мектептен тыс ұйымдар-баланың бос уақытын қамтиды. Осы
арада сынып жетекшісінің ролі ерекше , тәрбиешілер өздерінің күнделікті
қызметінде "сынып жетекшілер өздерінің әріптестерімен, отбасымен, жұртшылық
пен бірігіп жұмыс істейді" деген түсінікте. Бірақ, қазіргі танда бұл
пікірге кейбір анықтау қажет сияқты; біріншіден, тәрбиешілер оқушыны,
тәрбиелеу жөнінде өзара тиісті, ао оқушы бір жағдайда қандай нақты көмек
қажет, немесе ал өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма ? —
Бұл жағы да тасады қалады. Сондықган, көп жағдайда, тәрбие жұмысы нәтиже
бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең
басты бағыттан айырмаған абзал- ал оқушы мен сынып жетекшісінің өзара
байланысы. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі әр тұлғамен (баламен) өзара
түсінушілік негізінде байланыс орнату. Егер осы диалог жұмысы жеткіліксіз
болғанда ғана ата-аналар, сынып оқушыларымен, басқа мұғалімдермен байланыс
жасауға болады. Бірақ, бұлардың барлығы екінші кезектегі істер.
Енді, жаңа талаптар тұрғысынан сынып жетешісінің қызмет батыттарын
анықтауға тырысайық; егер сынып жетекшісі қызмет мазмұны оқушының жас
ерекшеліктермімен, қызығушылығымен, қажеттілігімен байланыстыратйн болса,
онда сыныа жетекшісі мен ата-аналардың бірінші міндеті- баланы қорғау
болады. (аштықтан, суықтан, жалғыздықтан, дау-жанжалдан, т.б.); сонымен
біргс баланың дамуына жағдай жасау (рухани жағынан да, дене жағынан да).
Қазіргі мектеп қорғау функциясын әлі мойындай қойған жоқ. Ал егер мектепке
гуманистік педагогика енетін болса, ондағы ең басты идея - баланы қорғау —
сынып жетекшісінің негізгі міндеті болуы керек.
"Оқушыны қорғаушы" функциясы сынып жетекшісінің орнымен жеке-дара
жұмыс ұйымдастыру негізі болады. "Оқушыны қорғаушы" тұрғысынан қарағанда
снып жетекшісінің міндеті - баланың денсаулығын қамтамасыз ету. Ол үшін
баланың физиологиялық ерекшеліктерін білу, баланың ауру екенін сыртқы
белгілері арқылы аңғарту; жалпы серген, қайырымды болу.
Сонымен, сынып жетекшінің бірінші меңгеретін, жүзеге асыратын
бағдарламасы- ал "Денсаулық" бағдарламасы. Бұл бағдарлама сынып жетекшісі
мен педиатрлық, мектеп дәрігерінің тығыз байланыста болуын талап етеді.
Мұғалім бұл сонада өзінің білімін жетілдіру қажет. Сынып жетекшісі ата-
аналармен бірге дансаулығы нашар оқушының ерекшеліктеріне сәйкес демалу,
үйықтау тамақ ішу тәртібін белгілейді.
Балаға қамқорлық қажет ететін келесі өріс — ал қатынас. Осы жағынан
кейбір оқушылар мектепте көп қинайды; біреулерін ешкім байқамайды,
екіншілерін мазақтайды, ызаландырады, үшіншілеріне күліп, төртіншілеріне
ортақ ойынға араластырмайды, бесіншісі қорлық көрсетеді (моральдық жағынан
да, күш жағынан да), осындай қолайсыз жағдайға негізінен оқушыларды өзін
-өзіне сенбеушілік, психологиялық тұрақсыздық пайда болады. Сондықтан,
ондай балалар айналасындағы адамдармен қатынасқа өрескелдіп, дөрекілік,
әдепсіздік көрсетеді.
Тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-балалардың қатынас өрісіне ену,
олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру, қатынас мәдениетіне
баулу. Жоғарыда айтылған қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен оте
тығыз байланысты.Бұл арада біз жалпы адамзаттың құлдықтарды негізге аламыз.
Ең биік құндылықтардың - бәрі адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға
ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық саған өмір силаған, дүниеге келген
адамның алдында бас ию. Туған жер, үй отбасы – бұл құндылықтардан адамның
ары, абыройлы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық,
азаматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіндік
ерекшелікке, өзіндік пікірге құқығы екенін мойындайды. Егер осы қасиет бала
кезінен қалыптасса, ал сонда ғана басқа адамдардың, қоғамының дамуына
мүмкіндік бере алады. Табиғат ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра осыны
бәрі жалпы адамзаттың құңдылықтар.
Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине өте қиын. Бірақ, оларды
күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар
адамдардың қылықтарын, араларындағы қатынастарында реттеп отыратын
ережелерге айналатыны сөзсіз. "Балаларды қорғаушы" тұрғысынан алатың болсақ
оқу өзіндегі сәт тіліне жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше
тарапынан көрінеді.
Егер тәрбиеші оқушының жақсы мүмкіндігіне сенсе, оған жаны ашыса
ғана, оны қорғауы мүмкін. Керісінше негізінде жақсы жақтарын байқап, сынып
балаларына көрсете білу. Ендігі өріс - баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс
қалып. Оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп
қалмайды. Мектепте ауық-ауық белгілі бір модаға байланысты "эпидемиялар"
болып тұрады. Кейбір оқушылар (әсіресе, ересек). сыныптарындағы,
құрбыларындағы киім, аппаратура оларда болмағанына насып, өзін кеисітіп
жатады. Сондықтан көп жағдайларда ата-аналармен келіспеушілік болады. Осы
себеппен сынып жетекшісі отбасындағы тұрмыс жағдайларын жақсы білсе, ал дер
кезінде қолайсыз істерге кедер болар еді.
Мектепте сынып жетекшісі оқушылар оқитын бөлменің эстетиканың жағынан
тартымды, әдемі болуын қамтиды. Модаға, тұрмыс жағдайына байланысты ашық
әңгімелер, пікір талас, іскерлік ойындар, т.б. шаралаф өткізіп тұрады.
Осымен, қорыта келсе, айтарымыз; сынып жетекшісінің басты назарында — оқушы
— Адай, оқушы — тұлға әр оқушының ерекше қасиеттері; оларды қорғау, дамыту
міндеттері. Ал сынып ұжымы - әр балаға өолайлы ортағы айналуы қажет.
Тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие ісін басқаруда сынып
жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижесі болуы сөзсіз:
І. Тәрбие ісінің негізі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну,
өзекті мәселелерін көре білу. Негізгі психологиялық педагогикалық ұғымдарын
түсіну, оқу тәрбие жұмысын тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану
әдістемесін (методикасын) меңгеріп алуы.
2. Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатныда сәйкестігін
анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің
тәрбиесін іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің. көзқарасын қорғап
дәлелдей алуы.
З. Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиесін
мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын
көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму нәтижесіне байланысты құруы.
4. 0қушыларды зерттеу арқылы тәрбиесін міндеттерді аныктауы.
5. 0қушылардың даму деңгейіңде байланысты тәрбиенің негізгі
міндеттерімен, оларға сәйкес іс-әрекеттерін белгілеуі:
Тандап алған іс-әрекегтердің түрлері мен тәрбие жұмысының
әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал
жасайтынына мұғалімнің толық сенуі.
б. Тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы оқушылардың көзқарасын
қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы.
7. 0қушылардың дамуын болжауы, оларды әртүрлі іс-әрекеттерге
араластырып, өзара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы,
адамгершілігін дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс-әрекеттерді ұйымдастырып
қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасау тиіс
(істі қортындылағанда оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөяіп, қажет
болса асырыңқырап мақтағанда артық емес, баланың мінез құлқына байланысты).
Оқушылардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына даму деңгейіне
байланысты, тәрбиенің оларды дамыту мақсатымен; баланың күшті жақтарына
сәйкес істер тандап, тапсырмалар беріп отыруы.
8. Тәрбиелеу мақсатында мұғалім өзінің күшті және әлсіз жақтарын
ескеруі.
9. Тәрбие ісін жетілдіру мақсатпен мезгіл мезгіл өз жұмысын өзі (тең)
тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зертгеп отыруы.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, сынып ұжымын дамытуға тығыз
мүмкіндігі бар сынып жетекшісі мынадай;
-тәрбиешілердің тәрбиесін деңгейін, әрқайсысының
ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білімді;
-оқушының дамуы туралы толық хабары бар;
-белсенді оқушылар тобын қолдан, олардың ұйымдастырушылық дағдыларын
дамытып ұжымды тәрбиелеу жұмыстарына қатыстырып отырады;
-ұжымның негізгі белгілеріне және атқаратын қызметіне сәйкес
іс-әрекеттерін жүйесін қалыптастырады.
-оқушылардың өзін-өзін басқаруға, тексеруге бағыттап, олардың ынтасын
дамытып, рқымға тәртіптің оқушылардың қатарын көбейтіп, олардың
адамгершілік, қызықтарын, қасиеттерін қалыптастырады.
-ұжымның даму барысында, мұғалім өзінің педагогикалық позициясын,
пікірін өзгертіп отырады.
-оқушылардың ұжымдағы өзара қарым-қатынастарын, қоғамға пайдалы
еңбектерін бағалау әдістемесін (методикасымен) қамтамасыз етеді.
Аталған жұмыстың барлығы ұжымды жоғары сатыға көтеруге, оқушылардың
субьект ретінде қабылдауға, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға
көмектеседі.
Сынып жетекшісі - ол кім ?
Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, негістіріп өткізетін педагог. Бастауыш
сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан
бала үшін;
-Жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы
рухпни жалғастырушы;
-Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың
өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
-оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен,
олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуиіі;
мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер
жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби
бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық,
саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.
Сыныпта қолайлы, жайлы йоральдық-психологиялық ахуал
қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып,
қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
- Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиесін
күштердің (мектеп,- отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымең тікелей
байланыста, ал әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оынң
потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай
жасау.
Сынып жетекшісінің міндеттерін айқындағанда, мына идеяларды негізге
алдық;
- Ең "қиын" деген оқушыйың өзі де жақсы болып, түзеліп кетеді, бірақ
оған айналасындағы адамдардың сенімі, сыйластығы, сүйіспеншілігі, көнегі
қажет:
- Тәрбиелейтін - тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателіктерін бетке
басу емес, тәрбиелейтін бірігіп атқаратын әрекет, ынтымақтастық қатынастар,
бір-біріне деген жьшы сезімдер.
Тәрбиеші өз шәкірттінің көмекшісі, қорғаушысы.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.
Тәрбиеші - өз шәкіртінің көмекшісі, қорғаушысы. Тәрбиеші ~ педагог өз
назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект- тәрбиешілік жеке дамытушылық
маңызы бар әрекет ұйымдастыру бастапқы міндет. Себебі ұйымдастыру қызметі
болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында
кездейсоқ жағдайлар орын алады. Ұғымды ұйымдастыру жеке дамыту — сынып
жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеттері.
Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның
қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи
күштерінің ашылып, орта түсінуіне жағдай жасау-сынып жетекшісінің тәрбиесін
ықпалдарының үшінші міндеті.
Кейбір зерттеушілердің пайдалануы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар
Бала психологиясы туралы
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы
Мектепке дейінгі бала өмірінің даму сатылары
Балалар психология пәні
Баланың психикасының дамуы
Пәндер