Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: «Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі»
Жоспар:
Түсінік хат
Кіріспе
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары және өкілеттіктері
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласындағы ІІО негiзгi мiндеттерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi
- Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласындағы мемлекеттiк саясат
2. 1 Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау инфрақұрылымы
2. 2 Қазақстанда ратификацияланған балаларға қатысты халықаралық құқықтық актілер
2. 3 Қазақстандағы балалар құқығын қорғау бойынша заңнама
2. 4 Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасының халықаралық тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Түсінік хат
“Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі”
Әкімшілік құқық пәні бойынша
Бітіру жұмысы
Т Ү Й І Н І
Зерттеудің нысаны - жұмыс Әкімшілік құқық пәні бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметінің ерекшеліктеріне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметін белгілеп, олардың ікімшіліктік заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Әкімшілік құқықтық зерттеулер тұрғысынан қылмысты тергеудегі негізгі мақсаттарын анықтау.
2. кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресуге қысқаша сипаттама беру.
3. Теріс қылықтардың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәнін ашу.
4. Анықтауға жататын мән-жайларды белгілеу.
5. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметінің әрекеттерін сипаттап беру.
6. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметінің шешетін мәселелерін белгілеу.
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі - диалектика заңдары, социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары, қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі - кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі болып табылады.
Зерттеудің нақты заты - кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі, олардың жасы кәмелетке толмағандарға қатысты ерекшеліктері және оларды заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет арнайы түрде кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі мәселесінің зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі
Дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен әдебиет тізімдерінен тұрады. Жалпы көлемі 66 бет.
Кіріспе
Кәмелетке толмағандар деген кімдер? Бұл терминді этимологиялық тұрғыдан - «кәмелеттік» жасқа толмаған адам деп түсіндіруге болады. Яғни, белгілі бір жас кезеңіне жетпеген тұлға. Және бұл кезеңнің шегі түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі елдерде әртүрлі болды. Көптеген елдерде кәмелетке 18 жаста толады. Ал кейбір елдерде - кәмелеттік жас 21 жас болып табылады. Кәмелетке толмаған деп 18 жасқа толмаған баланы айтуға болады. Қай жастан басталады деген сауалдың туындауы заңды да. Үш жаста да, бес жаста да, тіпті он жастағы баланы кәмелетке толмаған деп айтуға бола ма?
«Кәмелетке толмаған» деген ұғым көп жағдайда заң терминологиясында қолданылады және қылмыстық жауапкершілік туындайтын жаспен байланыстырылады. Бұл жағдайда да бұл шек түрлі елдерде әртүрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 10 жастан басталады, Польшада - 13 жастан. Ресей мен Қазақстанда 14 жастан басталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп «қылмыс жасаған уақытында он төрт жасқа толған, бірақ әлі он сегізге толмаған тұлғалар танылады» [43, 48 б. ] . Осындай анықтамаға сәйкес, кәмелетке толмаған деп, 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы айтуға болады. Алайда 14 жасқа толмаған балалар да құқық бұзушылық жасайды. Егер бала 11-12 жаста болса және ол құқық бұзушылықты жасаса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ бұл жағдайда ол кәмелетке толмаған деп есептелуі мүмкін бе? Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналысып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отыратындығы қоғамдағы әл-ауқат деңгейінің ахуалына байланысты. Сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім-тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қутты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретіміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырай көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарған көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен, ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзінді ықпалын тигізетін негізгі факторларға айналып келеді. ҚР Қылмыстық кодексі аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық топқа бөлудің жастық белгілерін анықтады.
Кәмелетке толмағандардың жағдайлары ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлердің көңілін бірнеше себептерге байланысты алады. Ең бастысы- жас уақытында қадағалаусыз қалып теріс қылық жасап отырған тұлғалар, кейіннен, әдетте, түзеуге келмейді және ересек, рецидивті қылмыстылықтың негізгі резервін құрады.
Кез келген қоғамның ерекше қамқорлығы пәні ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту, олардың ортасында пайда болатын маскүнемдік, есірткіқұмарлық, жезөкшелік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу болып табылады[1. 67] . ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес мемлекетпен танылатын және қорғалатын маңызды құндылықтардың бірі болып табылып, балалық шақ мемлекет қорғауында болып табылады. Алайда соңғы жылдарда объективтік түрде келесіні мойындай қажет: Кәмелетке толмағандарды адамгершіліктік, құқықтық және физикалық тәрбиелеу жеткілікті көңіл бөлінбейді, оған кейде аса қатігездікпен олардың тарапынан жасалатын теріс қылық әрекеттердің санының өсуі куә болады. Мәселен, 10 жыл ішінде (1995-2005ж. ж. ) кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстың саны 3273-тен 5469-ға дейін немесе 2, 1 есе өсті, ал жасөспірімдердің қылмысы 92, 6% өсті. Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығымен күресу көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің зерттеу пәні болып табылады. Бұл жұмыста М. Нарикбаев, К. Бегалиев, Е. Қайыржанов, Д. Чукмаитов, В. Кудрявцев, В. Эминов, В. Щепельков сияқты белді ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздықпен курес жүргізудегі ІІО-ның жауаптылық жағдайлары, ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға талпыныс бар. Кәмелетке толмағандар қадағалаусыздығымен күресудің тиімді шараларын іздеу, анықтау мақсатында оның «жалпы шолу» аспектісіне көңіл бөлінді, сонымен қатар шет елдік тәжірибеге де көңіл бөлінді.
Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген қала мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр.
Осының бір ерекше белгісі - қоғамдық және құқық тәртібін бұзу, оның ең қауіпті түрі - панасыздықпен қадағалаусыздық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметін белгілеп, олардың ікімшіліктік заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Әкімшілік құқықтық зерттеулер тұрғысынан қылмысты тергеудегі негізгі мақсаттарын анықтау.
2. кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресуге қысқаша сипаттама беру.
3. Теріс қылықтардың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәнін ашу.
4. Анықтауға жататын мән-жайларды белгілеу.
5. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметінің әрекеттерін сипаттап беру.
6. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметінің шешетін мәселелерін белгілеу.
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі - диалектика заңдары, социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары, қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі - кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі болып табылады.
Зерттеудің нақты заты - кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі, олардың жасы кәмелетке толмағандарға қатысты ерекшеліктері және оларды заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет арнайы түрде кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі мәселесінің зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі
Дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен әдебиет тізімдерінен тұрады. Жалпы көлемі 66 бет.
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары және өкілеттіктері
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласындағы ІІО негiзгi мiндеттерi
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселесі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесі болып табылады[2. 336] .
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласында Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:
1) панасыз қалған балаларды, яғни тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған бала аталған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн олардың ата-аналарын немесе заңды өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке профилактикалық жұмыс жүргiзедi;
2) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын немесе тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiн, педагогтарды, тәрбиешiлердi, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады;
3) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды белгiленген тәртiппен қарайды және оларға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк мекемелерге жiберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресiмдеуге жәрдемдеседi;
5) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етуде әдiлет органдарының қылмыстық-атқару инспекцияларына жәрдемдеседi;
7) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару инспекцияларымен бiрлесе отырып, балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдар дайындайды;
8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;
9) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына жәрдемдеседi;
10) он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған адамдарды, егер оларды дереу оқшаулау қажет болса, сондай-ақ арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерiне жiберiлетiндердi заңда белгiленген тәртiппен Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстайды және бағып-күтедi;
11) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi, сондай-ақ ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспiрiмдердi Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткiзедi және бағып-күтедi, оларды кейiннен қамқоршылық және қорғаншылық органдарына бередi.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп Үкіметтің 2008 жылғы 28 мамырдағы № 518 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған жоспарын орындау үшін мынадай жұмыстарды атқарады[3. 199] : қадағалаусыз қалған балаларды, яғни ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған балаларды (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалар қадағалаусыздығының және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу (кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру ұйымдарында болу тәртібін заңнамалық анықтау мақсатында) Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарына бару заңдылығын анықтау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» (Үкіметтің 2008 жылғы 28 мамырдағы № 508 қаулысы) Заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісіне қарауға енгізген болатын. Заң жобасында кәмелетке толмағандарды заңды өкілінсіз немесе олардың орнындағы адамдарсыз түнгі уақытта (сағат 23. 00-ден бастап 6. 00-ге дейінгі) ойын-сауық орындарына болуына тыйым салынады, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарына барғаны үшін ата-аналары, сондай-ақ аталған ойын-сауық орынының лауазымды адамдары сағат 23-00-ден кейін бұл жерге балаларды кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқығын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жинағын дайындау және жариялау; қиын тіршілік жағдайына душар болған балалары бар отбасыларын анықтау және есепке алу, сондай-ақ олармен профилактикалық жұмыстар жүргізудің бірыңғай тәртібін реттейтін анықтамалық құралын әзірлеу және жариялау; қиын тіршілік жағдайғына душар болған отбасы мен балаларға психологиялық көмек көрсету жөнінде отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығымен және әлеуметтік-психологиялық-медициналық орталығының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін реттейтін анықтамалық құралын әзірлеу және жариялау; кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалуының, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және олардың құқын қорғауда жүргізілген жұмыстар туралы арнайы анықтамалық құрал әзірлеу және жариялау. Жоспарды орындау үшін Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жинағын, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша анықтамалық көмек құралдары дайындалып, жарияланды.
Жинақтар мен анықтамалық көмек құралдарын практикада пайдалану үшін аумақтық ішкі істер және білім органдарына жолданды.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу практикасын жалғастыру. Ішкі істер органдары басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп республикалық екі кезеңді "Жасөспірім" және "Жаппай оқыту" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде. Осыған ұқсас іс-шаралар жүргізілуде.
Негізгі міндеттері кәмелетке толмаѓандардыњ арасындаѓы ќылмыстыњ ескерту жєне алдын алу, есірткі жєне психотропты заттарды, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын кємелетке толмаѓандарды аныќтау, сондай-ақ жасµспірімдерді ќоѓамѓа ќарсы іс-єрекетке тартатын ‰лкен адамдарды аныќтау, кємелетке толмаѓандарѓа спирттік ішімдіктер мен темекі сату фактілерін, сабаќтан жалтарған жасµспірімдерді аныќтау болып табылады. Аѓымдаѓы жылы б±л іс-шаралар 7-11 сєуір жєне 19-30 ќырк‰йек аралыѓында өткізілді.
Оқу орындарына бармайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты келесі мағлұматтар бар. Сабақтан жалтаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау Ќазіргі уаќытта Ќазаќстанда 7, 5 мыњнан астам мектеп бар, оларда шамамен 3 млн. бала оќиды екен. Мектепке бармайтын балалар мен жасµспірімдерді аныќтау маќсатында ішкі істер органдары білім органдарымен бірлесіп дәлелсіз себептермен оќу орындарына бармайтын балаларды аныќтауѓа баѓытталѓан іс-шаралар кешені тұрақты негізде ж‰ргізіледі.
2007-2008 оќу жылдарында "Жаппай оқыту" жедел-профилактикалық іс-шарасын µткізу барысында оќудан жалтарған 1571 кємелетке толмаѓан аныќталѓан, олардыњ 1052-сі мектепке ќайтарылған екен.
Балалардыњ оќу орындарына бармауына ықпал ететін себептер мен жаѓдайларды талдау оќыѓысы келмейтін балалардыњ негізгі бµлігі нашар ќамтамасыз етілген жєне жаѓдайы тµмен отбасында т±ратын балалар екенін кµрсетті. Көрсетілген себептер мен жаѓдайларды жою маќсатында балаларды міндетті орта жалпы білім алумен қамту мєселелері Кємелетке толмаѓандардыњ ќ±ќыќтарын ќорѓау жµніндегі µњірлік комиссия отырысында тұрақты негізде ќаралады, онда аз қамтылған отбасыларѓа мекенжайлық материальдыќ кµмек кµрсетудіњ ќажеттігі туралы шешімдер ќабылданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz