Боксердің техникалық және физикалық дайындығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Бокстың шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Бокстың негізгі техникаларына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Боксшының қабілеттілігімен, әрекеттілігінің және қозғалысының маңыздылығымен тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Әдістердің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Шапшаңдылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Бокстағы соққылар техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Шабуыл және қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Кіріспе

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен «шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету» декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын «дүйсенбілік бокс кездесулері» ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.
Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі «Темп» спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің «Динамо», «Спартак», «Медик» пен Қарағандыдағы - «Угольщик» спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. 1 Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 ж. 24 маусымдағы №774, ҚР халқының Президенттік сынаққа дене дайындығы туралы қаулысы.
2. ҚР халқын дене тәрбиесі мен спорт жабдықтарымен сауықтыру бағдарламасы. Алматы қ., Республикалық баспахана кабинеті-1997ж.
3. Қазақстан Республикалық Президентінің 12-наурыздағы №1570, 2001-2005
4. жж. ҚР дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы үкіметі.
5. 2001-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы спорт резервтерін дайындау жүйесін жүзеге асыру, республикалық мақсатты кешенді бағдарламасы.
6. Ашмирин Б.А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі М. 1979 ж.
7. Матвеев Л.П. Спорт жаттықтырушының негіздері М. 1987 ж.
8. Матвеев Л.П. Спорттың жалпы ілімі М. 1997 ж.
9. Романов В., Жасөспірім боксшыларды дайындау М, Д және С, 1979 ж.
10. Чудинов В.А. Бастаушы боксшының дене тәрбиесі М., Д және С, 1986.
11. Қазақ боксшылары (Тарих деректі басылым) Ер-Дәулет, Алматы-1999ж.
12. Остьянов В.Н. Гайдамак И.И. Бокс. Оқу мен жаттығу. Киев,
13. Олимпиадалық әдебиет. 2001 ж.
14. Бокс. Энциклопедия. М., 1998 ж.
15. Сафьянов Н. Цхвирашвили Б. Қазақстан Рингінің жұлдыздары. Алматы «Қаржы-қаражат», 1998 ж.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен
бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен  шет ел
интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс
амалдарын үйрету декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға
баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының
көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене
шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы
деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс
өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып,
әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі
ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу
бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-
тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс
Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын дүйсенбілік бокс кездесулері
ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса,
Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары
қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін
қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар
аралығында бокс Кавказ бен  Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.
Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында
алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды.
Алматыда алғашқы бокс үйірмесі Темп спорттық қоғамдастық негізініде
құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің Динамо,
Спартак, Медик пен Қарағандыдағы - Угольщик спорттық қоғамдастықтарда
өз табынушыларын тапқан.
БОКСТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Бокстың тарихына көз жүгіртер болсақ, ерте б.з.д. 4000 жыл бұрын
Африкада пайда болған. Бәлкім адамдар жұдырықты келіспеушіліктерін шешу
үшін пайдаланған болар. Бірақ кейін келе мұндай жекпе-жектер көңіл көтеру
үшін өткізіле бастаған. Эфиопияны Мысыр жаулап алғаннан кейін б.з.д. 4000
жыл бұрын жазылған иероглифтік жазбаларға сенсек бұл спорт түрі бүкіл Ніл
жағалауы мен Мысырға таралды. Мысырлық өркениеттің дамуымен бірге бокс та
Жерорта теңізі жағалауы мен Таяу Шығыс жеріне таралды. Бокстың дамығандығы
соншалық б.з.д. 686 жылы Олимпиадалық ойындар қатарына енді. Бірақ ол
кездегі бокс біздің білетін спорт түрінен өзгеше еді. Жекпе-жектер
көрермендермен қоршалған ашық алаңда өткізілді. Спортшылардың бірі әбден
қалжырап, жекпе-жекті жалғастыра алмайтын жағдайға жеткенде ғана ойын
тоқтатылатын. Алғашқы кезде боксшылар атақ-даңқ үшін сайысқанмен, жеңген
боксшы алтын, үй жануарларын және тағы басқа сыйлықтарға ие болатын.
Қолдарын қорғау үшін боксшылар теріден жасалған орамамен қолдарын, кейде
білекке дейін орап алатын болған. Кейін көрермен қауымның сұрауымен оған
темірден немесе мыстан жасалған жапсырмалар тағатын болған. Бұл әсіресе Рим
Империясында гладиаторлар шайқасында көптеп қолданылатын. Тұңғыш чемпион
кубогын грек спортшысы Ономастус жеңіп алған болатын.
Қазіргі кездегі бокстың бастамасы Англия мен Америкаға тиесілі. Сол
үшін де бокста қолданылатын терминдердің барлығы ағылшын тілінен алынған.
Жұдырық қатыстырумен бірге күресу, сондай-ақ таяқпен және шоқпармен
төбелесу Британ аралдарында нормандықтардың шабуылына дейін таралған
болатын. XII ғасырды корнуэльдік күрес пен нортумберлендтік күрес кең
таралымға ие болды. Былай алғанда бұл қолмен ұру, аяқпен тебу қатыстырылған
және күрес техникасы қосылған төбелес болатын. XVII ғасырда Англияда
төбелестің үш стилі қалыптасты: вестморлендтік, девонширлік және
камберлендтік. Осы стильдердің негізінде бокс қалыптасты.Бокс жекпе-жегі
туралы алғашқы жазылған айшық 1681 жылы Англияда тіркелген. Жекпе-жектер
тым қатал болғанымен олар төбелес секілді өткен жоқ және жұдырықтасып
келіспеушіліктерін шешу үшін шығарылған төбелестен әлдеқайда басқа сипатта
болатын. Боксшыларға тігілген бәстен пайыз төленетін. Жас, салмақ және
жекпе-жектің созылу уақытына шектеулер қойылған жоқ. Ортақ тәртіп те болған
жоқ. Әр кезде боксшылардың өкілдері жекпе-жек шарттарын анықтап, олардың
сақталуын қадағалайтын төреші шақыратын болған.
Техникалық тұрғыда сол кездегі бокс қазіргі кездегі бокстан едәуір
басқаша еді. Оның негізін қолғапсыз қолмен ұру, баспен ұру, иықпен итеру,
денемен итеру, күрес техникасы, аяқпен тебу, тіземен және шынтақпен ұру
құрды. Кейде тістеуге және көз ағызуға рұқсат етілді.1719 жылы Джеймс Фигг
пен Нед Саттон арасында боксерлік жекпе-жек өтті. Жеңімпаз Фигг Англия
чемпионы атанды. Мұндай шен бұрын-соңды болған емес. Фигг керемт боксшы
болып қана қойған жоқ, ол бокстың ары қарай дамуы үшін көп күш жұмсаған
дәріптеуші мен уағыздаушы болды. Жалаң қолмен жүргізілетін бокс үшін көп
өнердің керегі болмады. Ұру күшінің мықтылығы мен қарсыласының ұруларына
төтеп бере алса болғаны. Фигг түрлі журналдарда қорғануды қалайша дұрыс
жасай білу қажет, соққылардың дұрыстығы туралы баяндап жаза бастады.
Бокстың алғашқы тәртіптерінің жолсалушысы да Фигг болды. Оның тәртіптері
бойынша соққы жасау мен күресуге рұқсат етілді. Құлаған қарсыласты үстіртін
ұра түсуге, оны қылқындыруға, қолын сындыруға және аяғын сындыруға шек
қойылмады. Атақты тәсіл саусақпен көзден ұру болды. Киген киімдері де
қорқынышты еді: аяқтарындағы бәтеңкелерінің ұлтарынан шегелер шығып
тұратын. Бұл жекпе-жек кезінде сырғанамау үшін керек еді. Ал керек кезде
қарсыласының аяғынан басып ол қашып кетпеу үшін жерге шегелеу үшін
пайдаланылатын. 1722 жылы Фигг бокс Академиясын ашты. Онда кәсіпқой-
боксшылармен қатар алдына ешқандай спорттық мақсат қоймаған қызығушылар да
тәрбиеленді. Академия оқушылары үшін арнайы Фигг ерекше боксшы диетасын
шығарды.1734 жылы Англияның жаңа чемпионы болып Фиггтің ізбасары Джек
Браутон болды. Ал 1743 жылы ол бокстық жекпе-жектің алғашқы басылған
тәртіптерін шығарды. Осы тәртіптер бойынша 100 жыл бойына Англияда және
ағылшын отарларында, соның ішінде АҚШ-та жарыстар өткізіліп тұрды. Сонымен
бірге Браутон жұдырықты жекпе-жектер өткізілетін алғашқы қоғамдық амфитеатр
салғызды. Қолғап киюмен бірге бокстық матчтар өткізілетін алаңға ринг
(ағылшын тілінде дөңгелек деген мағынада) атауын енгізді. Ринг сол кезде
екі алаңнан тұратын. Үлкені – 24 фут (7,3 метр шамасында). Үлкен төртбұрыш
ішінде мелмен кішісі сызылатын (1 ярд (91 см), ол жерден әрбір раунд
басталатын. Уақыт өте рингті қоршаған канаттар пайда болды. Браутонның
оқушысы Нед Хенд бокс техникасын алдыға-артқа және оңға-солға жылжулармен
толықтырып байыта түсті. Салмақ категорияларын да ойлап тапқан сол (өз
бойының аласа болуы және салмағының 57 кг. болуы себепті).1792 жылы Англия
чемпионы бокс тарихындағы ірі тұлғаладрдың бірі Даниэль Мендоза болды. Ол
жекпе-жек теориясын жақсы ұғынған, техниканы жақсы меңгерген тамаша педагог
болатын. Ол жаңа бокс мектебін ашты. Оның жекпе-жекті жүргізу тәсілі сол
кездегі боксты жақсы білетін адамдар арасында түсінбеушілік туғызды. Ол өз
техникасының негізіне қозғалыс жылдамдығын, сарапталған техниканы алды.
Мендоза күшті боксшылармен 32 жекпе-жек өткізді. Сол кездегіөлшеммен
алғанда бұл үлкен жетістік. Жалаң жұдырықпен бокстасу жекпе-жектері әдетте
20-дан аспайтын. 1795 жылы Мендоза өз шенін Джон Джексонға ұтқызып алды.
Джон Джексонның атымен бокс тарихында алтын ғасыр атағына ие болған үлкен
дәуір байланысты. Қарапайым халықтан шыққан ол өзінің төбелесу өнерінің
арқасында қоғамдағы жоғары беделгеқол жеткізді. Мендозаны жеңгеннен кейін
ол үш жыл бойы өзіне тең келетін қарсылас таппады. Ол бар-жоғы үш жекпе-жек
өткізіп рингтен жеңілместен кетті. Ұстаздық жұмысымен де көзге түскен. Ол
ескі ағылшындық бокс жүйесінің негізі – тікелей соққыны ойлап тапты. Ол
жекпе-жекті қолғаппен өткізуді ұсынған болатын, бірақ боксшылар арасында
қолдау таппады.1838 жылы жаңа тәртіптер қабылданып енгізілді. Олар Браутон
тәртіптерінің дамытылған түрі болды және қолғапты енгізуден бұрын орын
алды. Англияның жаңа чемпионы – Бенджамен Коунт сол уақыттағы стильмен
бокстасатын спортшылар өкілі болатын. Ол күш пен қуатқа көп көңіл бөліп
қорғануды білмейтін. Ол 1841 жылы ақпанда Уордпен өткізілген 35 раундтық
жекпе-жекте чемпион атағына ие болған. Осы кезден бастап бокс тарихында
дәстүрлі қолдан қолға өтетін сый чемпиондық белбеу енгізілді. Сый
чемпионда кезекті жеңіліске дейін сақталды. Алғашқы белбеу бокс сүйер
қауымның ақшасына жасалған болатын. Былғарымен қапталған қызыл барқыт
матаға күмістен жасалған қалқандар тағылған және оған чемпиондардың аты
жазылған белбеу болатын. Қолғапсыз бокстасуда 1857 жылдан 1860 жылға дейін
чемпион болған Том Сойерстің атын атап өту керек. Сойерс 1849 жылдан бастап
12 жыл бойы рингте өнер көрсетіп 16 жекпе-жектің 14-інде жеңіп шыққан. Оның
заманында жаңа чемпиондық белбеу қабылданды. Шарт бойынша ол чемпиондық
атауды үш рет дәлелдеген жеңімпаздың иелігінде қалатын болды. Ал чемпион
болса өз дәрежесін кез-келген боксшы жекпе-жекке шақырған жағдайда
дәлелдеуге міндетті болды. Сойерс бірінші халықаралық матчты Америка
чемпионы Хинэнменөткізумен атақты болды. Хинэнмен кездесу 2 сағат 6 минутқа
(42 раундқа) созылып теңбе-тең нәтижесімен аяқталды. Бірақ бұл Том Сойерс
үшін соңғы жекпе-жек болды. Бокс тарихындағы ең ұзақ уақытқа созылған жекпе-
жек 6 сағат 15 минутқа созылды. 1855 жылы Келли мен Смит осылайша ұзақ
уақыт бойы күш сынасқан болатын. Ал ең қысқа жекпе-жек Солтүстік Америка
құрылығында 1886 жылы бар-жоғы 30 секундқа созылған. Сондай-ақ қолғапсыз
соңғы жекпе-жектің өткен уақыты да белгілі. Ол 1889 жылы 8 шілдеде өткен
Ричбург қаласында Салливан мен Кильрейн арасындағы жекпе-жек.1867 жылы жаңа
тәртіптер пайда болды. Оны журналист, Әуесқойлардың атлеттік клубының
мүшесі Джон Грэхэм Чемберс ойлап шығарды. Оны Маркиз Куинсберри ережелері
деп атады. Онда:
– Қыры 24 фут құратын төртбұрышты алаңда жекпе-жек өтеді;
– Боксшылар екеуінде де бірдей салмақтағы былғары қолғапта өнер
көрсетеді; қолғаптар жаңа және сапалы болуы керек; егер қолғап
жыртылса немесе жарамсыз болып қалса оны арбитрдың талабы
бойынша ауыстыру қажет;
– Шеге қағылған бәтеңкелерге тиым салынды;
– Қапсыра ұстаулар, қылқындырулар, денемен итерулер, шалулар,
лақтырулар, баспен соғулар, шынтақпен ұрулар, тіземен тебулерге
тиым салынды;
– Секунданттар да өзге ешкім де раунд кезінде ринг ішіне енуіне
рұқсат етілмеді. Боксшылардан басқа ринг ішінде тек арбитр
(рефери) бола алады
– Әрбір раунд 3 минутқа созылады, арасында 1 минуттық үзіліс
беріледі;
– Егер де қарсыластардың бірі құласа, онда ол өзге біреудің
көмегінсіз 10 секунд ішінде тұруы керек, ол оның қарсыласы бұл
уақытта рингтің өз бұрышына барып тұрады. Боксшы тұрған бетте
жекпе-жек жалғасады. Егер де 10 секунд ішінде боксшы тұра алмаса
және жекпе-жекті жалғастыра алмаса, арбитр оның жеңілгендігін
жариялауға құқы бар;
– Канаттарға сүйенген боксшы құлағанға теңеледі;
– Тізесі рингке тиген боксшы құлағанға теңеледі;
Матч қарсыластардың бірінің жеңісімен аяқталады (егер сайысқа ақшалай
бәс тіккендер келісім берсе теңбе-тең нәтиже де қабылдана алады).
Біздің күнімізге дейін аз ғана өзгерістермен жеткен Куинсберри
ережелері боксқа қатаң талаптар қойды. Боксшылардың бәрі түгел бұл
ережелерді қабылдай қоймады. Ұлыбританияның өзінде оны ресми түрде 1901
жылы қабылдады.Кәсіби бокс. Қазіргі кездегі кәсіби бокстың ресми туған жылы
1892 жыл болып есептеледі. Тап осы жылы Джон Лоуренс Салливан мен Джеймс
Джон Корбеттің атақты жекпе-жегі өткен еді. Оның нәтижесінде Салливан
Корбеттен 21-ші раундта нокаутпен жеңілген болатын. Матчты өткізу үшін
қаржылай және ақпаратты демеу берген арнайы атқарушы комитет құрылған
болатын. XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында кәсіби бокс ұйымдасқан
түрге ие болды. Уақыт келе АҚШ-та, содан соң басқа елдерде коммерциялық
турнирлер өткізетін көптеген ұйымдар пайда болды. 1921 жылы Ұлттық бокстық
ассоциация (ҰБА) құрылды, ал халықаралық дәрежеге ие болғаннан кейін ол
атауын WBA-ге өзгертті. 1963 жылы WBC құрылды. 1976 жылы WBA-ның
басшыларының саясатымен келіспейтін біраз қызметкерлері өздерінің
Ассоциациясын құрып, 1984 жылы бірталай өскен ол IBF атауына ие болды.
Кейінгі кездері Дүниежүзілік бокстық ұйым (WBO) үлкен беделге ие болып келе
жатыр.Кәсіпқой боксшылардың (әсіресе ауыр салмақтағы) ішінде аты аңызға
айналған спортшылар аз емес. Джо Луис 12 жыл ішінде (1937 жылдан 1949 жылға
дейін) 25 рет чемпиондық атағын ақтаған. Рокки Марчиано кәсіпқой рингте 49
жекпе-жектің бірінде де жеңіліп көрмеген. Мохаммед Али Въетнамдағы соғысқа
қатысудан бас тартқаны үшін чемпиондық атақтан айырылғанымен, одан кейін
екі мәрте чемпион атағын қайтарып алған. Майк Тайсон кәсіпқой каръерасының
ұзақ жылдарының ішінде өзіне тентек бала атағына қоса бірнеше чемпиондық
атақтарға да қол жеткізген.Атақты кәсіпқой боксшылардың ішінде әуесқой
рингте жетістіктерге жетіп аты шыққан боксшылар да аз емес. Мохаммед Али
1960 жылы Рим қаласында өткен XVIIОлимпиадалық ойындардың жеңімпазы
болғаннан кейін кәсіпқой боксқа өткен болатын. Оның ізін кейін Джо Фрезер
мен Джорж Формен басты. 1992 жылғы Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы Оскар
Де Ла Хойя, сондай-ақ 1996 жылғы Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы
қазақстандық Василий Жировты да атап өту керек. Жалпы алғанда бокстан 30
Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы
атағына ие болды.

БОКСТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛАРЫНА СИПАТТАМА

Бокс техникасы дегеніміз — үзбей жаттығу арқасында қорғаныс пен
шабуылдың бір-бірімен сабақтасып, боксшының жекпе-жектеп дағдысына айналуы,
рингте тез әрі шапшаң қимылдау, жекпе-жек кезінде туатын көптеген қиын
жағдайларда қорғанып қана қоймай, шабуыл жасай алатын қолайлы сәттер
туғызу, қорғаныстан шабуылға кешу әдістерін жете меңгеру және оны дағдыға
айналдыру, шабуыл кезінде әр түрлі соққыларды үйрену, қарсыласының шабуылы
кезінде берік қорғанысқа көшіп өзіне соққы дарытпау, түрлі жағдайларда
езіне пайдалы әдіс-айлаларды толық пайдалану. барлық қимылды бір мақсатқа
жұмылдыру.
Тактикалық есептерді басшылыққа алып отыратын жекпе-жек кезіндеп
негізгі қару — боксшының техникасы болып есептелінеді. Сондықтан боксшы
техниканы жете меңгеріп, оны рингте сенімді және еркін пайдалана білуі
қажет. Рингте, жекпе-жек кезінде боксшылардың жағдайы жиі өзгеріп түрады.
Бірақ қандай жағ-дайда болсын, спортшы өзіне ең пайдалы әдісті таба білуді
үйренуі қажет. Техниканы жете меңгерген боксшылар ғана кез келген жағдайда
дұрыс шешім таба алады. Боксшының жекпе-жек кезіндегі әр қимылы екіншісінен
туындап, соны жалғастырып жатуы керек. Шабуыл мен қорғаныс бірімен-бірі
сабақтасып жатпаған жерде бсксшы озіне аса қажет екі тізгінді де
қарсыласына беріп қояды.
Жалпы жанжақты қозғалыс қимылын үйрене отырып, әдетте он жетілдіріп
меңгеруге ұмтылыды. Жетілдіріп мегеру кошті аз жұмсап, алға қойылған
мақсатқа жету. Тек қана осы жағдайда үйренген қимылды еңбек, қоғаныс және
спорттық қызметке дайындау үшін табысты пайдаланылмақ. Бірақ өз қимылын ер
кін игеру қабілеттілігі оның орындалуында дағды белгілері болса ғана
қалыптасады.
Қалыптасқан дағды жағдайында қимыл құрамына енетін әрбір қозғалыстың
орындалуын қадағалау қажеттігі керек болмай қалады. Бұл ретте қимылдың
нәтижелеріне көмектесетін жағдайларға және т.б. зейін аудару мүмкіншілігі
туындайды. Ойын кезінде футболшы доп соғарда тірейтін аяқты қалай қоюды,
аяқты қалай сілтеуді және соғуды қалай жүгіре асыруды ойламайды. Оның
назары ойын жағдайына толық ауған. Мұндай қозғалыстардың міндетті түрде
саналы орындалуын қадағалау керек.
Дағды өмірлік тәжірибеден және үйрену нәтижесінен жинақталады.
Арнаулы білім дер негізінде және үздіксіз жаттығу нәтижесінде дененің
қайсыбір бөліктерінің қозғалысын басқару сипати өзгереді. Қимыл қозғалысын
меңгеру деңгейі үйретудің бір інші кезеңіндегі қимылды орындаудың шектелген
мүмкіншіліктерінен келесі кезеңдегі жетілдірудің шексіз болашағына дейін
біртіндеп артады. Дағдыны жинақтау процесі қозғалыс қимылына үйретудің
әрбір кезеңінің мазмұны дағдыларды қалыптастырудың психофизологиялық
заңдылықтарын бейнелейтін болса ғана тиімді болмақ.
 Боксшының бастапқы қалпы ең алдымен оның дайындығына, мінезіне де
байланысты. Бірақ боксты үйрене бастаған сәтте өзіндік ерекшелікті көрсету
қиын. Сондықтан бұл шеберлікпен бірге келетін қасиет деуге болады.
Егер боксшының оң қолы күштірек болса, онда ол сол аяғын алға жіберіп,
қарсыласына сол жақ қырымен тұрады. Мұндай тұрыс оң жұдырығымен басын, ал
сол иығымен бүкіл кеудесі қарсыласының соққыларынан қорғауға мүмкіндік
береді. Оның үстіне, ол сәті келген жағдайда оң қолымен қарсыласына ауыр
соққылар да бере алады.
Бокстың ережесі бойынша соққы жасаған кезде былғары қолғап ішіндегі
жұдырық қатты түйілуі қажет. Қолдың саусақтары мен олардың буындары дененің
басқа мүшелерімен және буындарымен салыстырғанда әліздеу болады. Ауыр
соққылар кезінде немесе он буындары жарақат алу мүмкін. Жұдырықтың соққы
кезінде түйілу керектігі де сондықтан. Саусақты жарақаттау немесе буынды
тайдырып алу жиі кездесетін жайлар. Бокспен әуестенушілердің көбі алғашқы
сәттерде көбі алғашқы сәттерде осындай жарақаттар алады.
Саусақтың немесе буынның жарақат алуының басты себебі соққы жасаған
кезде жұдырықтың дұрыс түйілмеуіне байланысты. Он үстіне ол соққылардың өзі
де көздеген нысанға емес, қарсыластың денесінің ең қатты жерлеріне –
шынтаққа, маңдайға, кейде жамбас сүйекке тиеді.
Боксшы жекпе-жек кезінде түрлі арақашықтықты сақтайды. Олар — алыс, орта
және жақын арақашықтықтар деп үшке бөлінеді. Боксшы бұл арақашықтықтардың
өзіндік ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс Себебі әр қашықтықтағы жекпе-жек
тәсілі әр түрлі болады (1-сурет).

1-сурет.

Алыс арақашықтықтағы соққыларға сипаттама.
Боксшылар техникалық жетілдірілу кезінде алыс арақашықтарда жекпе-жек
өткізуге машықтанады. Бұл — боксшының бір қадам ілгері аттап, қарсьшасына
соққы дарыта алатын арақашықтығы болуы тиіс.
Мұндай қашықтықты жекпе-жек кезінде сақтау боксшы үшін өте қиын Бұл
жаттығу кезінде көп кеңіл бөлінетін, әбден дағдыға айналған әдіс болуы
керек Арақашықтьңты дұрыс анықтап, оны үнемі сақтай алатын боксшының
қарсыласын дәл және ауыр соққылардың астына алуына мүмкіндігі де мол
болады. 
Бір, қадам ілгері аттап, қарсыласына соққы дарыта алатын боксшы үнемі
шешуші шабуыл жасайтын кезді күтіп жүреді. Мұндай кезде қарсыласының
назарын аударатын әдіс-айлаларды көбірек қолданады. Қарсыласының назарын
сол немесе оң қолмен жасайтын алдамшы соққыларға аударған жөи. Оңқай
қарсыласка соққы негізінен сол қолмен жасалғаны дұрыс Оңқай боксшы шабуылды
үнемі сол қолмен бастайды. Сондықтан мұндай алдамшы соққылар қарсыластың
шабуыл жасау мүмкіндігін жояды.
Сол аяқты алға басып тұрған бастапқы қалыпта оң қолмен соққы беру сол
қолдың соққыларына қарағанда төзімді. Ал егер жұдырық тимей кетсе, онда
боксшы ашық, қорғаныссыз қалады. Сондықтан оң қолмен соққы беру үшін біраз
дайындық жасау керек. Алдамшы қимылдармен қарсыласты алдап, оның қорғанысын
әлсірету қажет. Бұл арада өзінің де қорғаныссыз қалуы мүмкін екенін естен
шығармағаны жөн.
Боксшы өзінің қорғанысын жеңілдету мақсатымен көп жағдайларда
қарсыласының жүдырығын дарытпау үшін немесе өзінің жылдамдықтағы басымдығын
пайдалану үшін алыс арақашықтықты қалайды. Қарсыласын алыс арақашықтықта
ұстауға да боксшы көп дайындалуы қажет. Жекпе-жекті осындай қашықтықта
өткізетін спортшының бойы да, қолы да ұзын болуы және адымы кең болуы
керек. Сондай-ақ боксшының жылдамдығы, қарсыласының ерекшелігі мен
тактикасы да естен шықпағаны жөн.
Орта арақашықтықтағы соққыларға сипаттама.
Ілгері қарай қадам жасамай-ақ, боксшының қарсыласына, кең құлаштап
жұдырық дарыта алатын қашықтығын орта арақашықтық дейміз. Бұл жағдайда
қарсыласына тым жақындамай-ақ шабуыл жасауға болады. Мұнда жекелеген және
қосарланған соққыларды, тіпті үздіксіз бірнеше соққы тізбегін де
пайдаланады. Бірақ бұл қашықтықтың да өзіндік ерекшелігі бар. Боксшы бұл
сәтте де ете сақ болуы керек. Себебі кез келген жағдайда ауыр соққылардың
астында қалады
Алыс немесе жақын арақашықтықтарға қарағанда бұл жағдайда қорғану да
қиындау. Орта арақашықтықга жүруге қалыптасу үшін боксшы өзіне-өзі
өте сенімді, шабуыл мен қорғанысты дұрыс құра білгені және жекпе-жек
тізгінін уысынан шығармағаны еді.
Боксшы соққы беруге үнемі дайын болғаны жөн. Мұнда аяқтың қозғалысы
алыс арақашықтықтағы сияқты әдіс-айла қолдануға, сондай-ақ, арақашықтықты
сақтауға және соққының күшін арттыруға жұмылдырылады Сондықтан орта
арақашықтықтағы боксшы негізінен жеке қадамдар немесе сүйретпе қадамдар
жасайды. Бұл боксшының өзіне үнемі сенімді болуына мүмкіндік береді. Мұндай
әдіс-айла және алдамшы қимылдар көбіне денемен ғана жасалады
Боксшылардың көбі орта арақашықтықты өте аз. Шабуылды үдету немесе
қарсы шабуыл кезінде соққылар тізбегін жасау үшін ғана пайдаланады Сонан
кейін олар алыс арақашықтыкқа немесе жақын қашықтыққа ауысады. Сондықтан
бұл қашықтықты көбіне жартылай арақашықтық деп те атайды. Соған
қарамастан орта арақашықтықты жақын көретін боксшылар да баршылық.

БОКСШЫНЫҢ ҚАБЛЕТТІЛІГІМЕН, ӘРЕКЕТТІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫМЕН ТӘСІЛДЕРІ

Боксшының жекпе-жек кезінде өзіне сенімділігі ғана оның тәсілдік ойын
жүзеге асыруына жол ашады. Шыдамды және әдіс шеберлігі жетілген боксшы ғана
жекпе-жек үстінде ез қисындарына бақылау жасай алады. Жекпе-жектің әр
кезеңіндегі жағдайды дүрыс бағалап, езінің әр қимылын бір жүйеге
бағындырып, қарсыласының шабуылын тойтара отырып, жекпе-жек тізгінін өз
қолынан шығармайды.
Қарсыластың дайындығының қандай деңгейде екеніне қарамастан әр жекпе-
жекте өте сақ болған дұрыс. Қарсыластың мүмкіндігін дәл анықтай білу керек.
Рингке шыққан қарсыласты әлсіз деп менсінбеуге немесе күшті деп қорғауға
болмайды. Қандай жекпе-жек болмасын тыңғылықты дайындалып, күшті және әдіс-
айлаларды дұрыс пайдалана білу қажет. Сонда ғана боксшы көздеген мақсатқа
жетеді.
Бокс тәсілі дегеніміз рингтегі жекпе-жекте бар шеберлікті көрсетіп.
жеңіс үшін барлық мүмкіндікті барынша пайдалана білу. Боксшының әдісқойлық
шеберлігі қаншама жетілген болғанымен жекпе-жекті дұрыс ұйымдастыра білу,
қарсыластың ерекшелігіне қарай тактикалық дұрыс шешім табу ғана оны жеңіске
жеткізеді. Бокста әдісқойлық тәсілқойлықпен тығыз сабақтасып жатуы керек.
Сонда ғана боксшының болашағына үлкен үміт артуға болады.
Бокс тәсілі жекпе-жектің ерекшелігіне байланысты. Шаршы алаңда екі
боксшы сынға түсіп жатыр делік. Олардың екеуі де жарысқа жақсы дайындықпен
келген, екеуі де жылдам, епті, күшті, шыдамды. Әдісқойлық шеберліктері де
шамалас. Соққылары дәл, қорғаныстары берік. Екі боксшы да рингтегі жекпе-
жек үстінде тәсілдік дұрыс шешім тауып жүр. Сонда бұлардың қайсысы жеңіске
жете алады?
Жекпе-жектің жүргізу тәсілі боксшының жалпы дайындығына, оның
әдістерінің әртүрлілігіне, спортшының жігерлігіне, шыдамдыпығына, өзіне
сенімділігіне, жекпе-жек үстіндегі тездігіне, соққыларының дәлдігіне және
күшіне тығыз байланысты.
Жігерлілік
Боксшының жекпе-жек кезіндегі мінез-құлқы оның жігерлілігіне байланысты.
Бірдей дайындықпен келген және шеберлігі де бір-бірімен тең қарсыластардың
жекпе-жегінде, жеңіске деген жігері басым боксшы ұтады.
Өз күшіне және шеберлігіне сенімділік үздіксіз, ұзақ жаттығулардан
кейін ғана келеді. Әдістік және тәсілдік шеберлігі, уақытты және
арақашықтықты дұрыс есептей білу, жігерлілік, сенімділік жекпе-жекті
табысты өткізуге мүмкіндік береді .
Бәсеке үстінде жекпе-жек тізгінін өз қолына алу және қарсыласын өз
ыңғайына бағындыру боксшының ең негізгі міндеті. Рингтегі жекпе-жекте
қарсыласын бас көтерпеудің, сөйтіп оның өзіне сенімсіздігін туғызудың
маңызы зор. Рингтегі әр қимылдың жетілгендігі, қарсыласының шабуылға шығар
кезін дәл анықтап, оған қарсы әдістер қолдану, күтпеген жерден және батыл
шабуылға шығу боксшының айқын басымдылыққа ие болуына жағдай жасайды.

ӘДІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әдіс-айла ерекшеліктері, әр түрлі жан-жақты қимыл боксшыны жеңіске
жеткізетін ең дұрыс жол. Мұндай кезде боксшы уақытты дәл есептей білуі
керек. Шабуыл және қорғаныс әдістерін қолданғанда бір сәт кешігуге
болмайды. Оның үстіне бүкіл жекпе-жек бойы өзіне ыңғайлы арақашықтықты
ұстап жүрген жөн. Бұл да шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыруда басты міндет
атқарады. Әдіс-айлалардың кемшілігі жекпе-жек кезінде туған жағдайға
байланысты ең дұрыс шешім таба білу әрбір қимылды дұрыс пайдаланып,
пайдасыз қимылдарға күшті босқа жоғалтпау боксшының ең басты міндеттері
болып есептеледі.
Бокстасу тәсілдерін әдіс негіздерімен бір кезде үйренген дүрыс. Боксшы
арнаулы қимылдарды (соққылар мен қорғанысты) үйренген сәтте уақыт пен
арақашықтықты дұрыс анықтай білуге дағдыланғаны жөн. Боксты үйретуді
бастаған алғашқы қадамдардан-ақ әдіс пен тактиканы бірге пайдалануды
ұмытпау керек. Бұл жаттықтырушы үшін де, боксшы үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бернард шоу
Жалпы психологияның даму тарихы
ОҚЫТУ КЕЗЕНІНДЕГІ ДОПТЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ КОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУЫН ЖЕТІЛДІРУ
Қабдеш Жұмаділов шығармалары
Темперамент және мінездің теориялық негіздері
Темперамент түрлері
Ұлыбритания мемлекеті
Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті
Боксшының айналмалы жаттығу кешенін қолдану әдістемесі
Күшті дамытуға арналған жаттығулар
Пәндер