Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
“ ___” 2010 жыл
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “ Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы ”
Мамандығы 050301 - Заңтану
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Алматы 2013
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе 3
І БӨЛІМ. Жалпы сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы
ретіндегі мәні мен маңызы
1. 1. Сот билігі түсінігі және оның маңызы
1. 2. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің Конституциялық негіздері -
1. 3. Сот әділдігінің конституциялық қағидалары және Жоғарғы соттың нормативтік құқықтық актілері
ІІ БӨЛІМ. Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелері және
сот билігінің даму тенденциясы
2. 1. Судьялардың құқықтық мәртебесінің ұғымы
2. 2. Сот билігінің алдағы даму тенденциясы
2. 3. Қазақстан Республикасы конституциясындағы сотпен қорғану құқығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады.
Соттар және сот төрелігі Конституцияда 7 бөлім берілген жәнеде конституцияның 75 баптан 85 баптар аралығында қарастырылады.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен занды мүдделерінің қорғалуы заңнын үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетге ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей алуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.
Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың дербестігін, олардың өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір ықпал-кедергісіз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы орасан зор. Осы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Казақстан халқына Үндеуінде былай деп көрсеткен болатын " . . . тәуелсіз, гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтың экономикалық жайлы жағдайын қарастырумен байланысты"1.
2001 ж. 6 маусым күні Астанада болып өткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті IIІ съезінде Мемлекет басшысы бұдан кейін бүкіл сот жүйесі шешуге тиісті мынадай міндеттерді атап көрсеткен: "Бірінші - сот сатылары арасында соттылықты шектеу процесін түбегейлі қисынына жеткізу керек. Сотта көпе-көрінеу қылмыс туралы қылмыстық істерді тергеу мен қарау тәртібін бұрынғыдан да қаншалықты мүмкін болғанынша оңайлату керек. Екінші - сот қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты түбегейлі жақсарту қажет. Үшінші - Конституцияда көзделген сот әділдігін алқа заседательдерінің қатысуымен атқару принципін іс жүзіне асыру. Төртінші - мамандандырылған соттар жүйесін бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын. Бесінші - дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу кажет. Алтыншы - сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін жасау шаралары қолданылсын. Бұл ретте сот әділдігінің біздің қоғамның ең лайықты мүшелері ғана атқаруы үшін судьялардың адамгершшік жөне этикалық болмысына деген талаптарды күшейту қажет. Жетінші - соттардың жүмысын халық үшін барынша ашық және ұғынықты ету керек. Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы түбегейлі өзгертуді талап етеді"2.
Осы міндеттерді шешу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері мен занды мүдделерін қорғау, ел Конституциясы мен заңдарының орындалуын қамтамасыз ету женіндегі өзінің конституциялық функциясын толыққанды жүзеге асыруға кажетті тәуелсіз сот жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Ендеше судьяның (соттың) тәуелсіздігін қамтамасыз ету қоғамның және мемлекеттің міндеті болып табылуға тиіс. Оның тек қана Конституция мен заңдарға бағыныштылығын мойындап, басқа мәселелеріне, әсіресе, сот төрелігін іске асыру қызметінде тәуелсіз болуын елдің Ата Заңы, басқа да зандары мен нормативтік құқықтық актілері баянды етуінде орасан зор заңдық қана емес, саяси да мән бар.
Себебі, конституциялық ереже сот терелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады деп бекітеді. Ал судьяның сот төрелігін іске асыру кезінде Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуы, басқадай айтқанда, оның тек заңға тәуелді болуы сот әділдігінің шынайы корінісін айқындайды3.
Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек заңға бағындырылуы мүндай мақсаггы іске асыруға жетелейтін басқарушы қағида (норма) болып саналуға тиіс. Өйткені, сот төрелігінің тәуелсіздігі оны жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.
Бұл принциптің маңызын түсіндіретін басты бір мәселе, сот билігінің дербестігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап шешетін судьяның тәуелсіздігінің бастамасында атқарылуы қажет.
Тәуелсіздіктің басты бір қолдаушысы - кепілдіктерінің де орасан зор мағынасын, алатын орны мен мәнін ашу керек нәрсе.
Бұл ұғымның мызғымас, бір-бірінен ажырамайтын құнды жақтары судья (сот) мәртебесін нақты әрі нығайтылған түрде көрсетеді. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан, әсіресе Елбасының бастамасымен қарастырылып отырған шараларды атап өту өте қажет. Өйткені, еліміз тәуелсіздікке ие болған 10 жыл уақыт ішінде бүкіл мемлекеттілікті, соның ішінде сот билігін қалыптастыру мен дамытудың рөлі орасан зор екендігінде дау жоқ. Осылардың қатарына, 2000 ж. 1-қыркүйек күні қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын, 2000 ж. 12 қазан күнгі "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлығын, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" 2000 ж. 25 желтоқсан күнгі Конституциялық заңын, т. б. енгізуге болады4.
Зерттеудің нысаны - жұмыс Азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелеріне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен өзектілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Судьялардың құқықтық мәртебесінің ерекшелігін белгілеп, олардың Азаматтық іс жүргізу заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Конституциялық және Азаматтық іс жүргізу зерттеулер тұрғысынан Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелерінен туындаған негізгі мақсаттарын анықтау.
2. Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелеріне ғылыми тұрғыда сипаттама беру.
3. Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелеріне қатысты қазақстандық заңнамаларына анализ жүргізіп нормаларының мәнін ашу.
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі - диалектика заңдары, социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық және Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі - Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелері, сондай-ақ оларға қатысты заңнамалар болып табылады.
Зерттеудің нақты заты - Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелерін Азаматтық іс жүргізу заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру мен қолдану жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет арнайы түрде Судьялардың құқықтық мәртебесінің мәселелерін зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі - дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 үлкен бөлімнен, 4 тараудан, қорытынды мен пайдаланған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
І БӨЛІМ. Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі мәні мен маңызы
1. 1. Сот билігі түсінігі және оның маңызы
Сот билігінің түсінігін қарастыру жалпы билік ұғымымен байланысты түрде зерттелуге тиіс. Билік түсінігінің талдануын орыс тілінің сөздігі - "бұл құқық және өкім ету мүмкіндігі, т. б. " - деп керсетеді5.
Жалпы билік феномені, оның бөліну теориясы ежелгі уақыттан зертгелініп келген мәселе. Мысалы, Аристотель мемлекет құрылысы мен ондағы биліктің ұйымдасуын қарастыра келе, биліктің түрлі жақтарын және олардың мақсаттарын көрсете білетін органдарын: жалпымемлекеттік мәселелерді талқылаушы және шешуші билік; үкімет билігі; сот билігі - деп талдаған6.
Ұлы француз ағартушысы, ғалым Ш. Л. Монтескье үш билікті атай келе, олардың әрқайсысының қызмет саласын да былай деп анықтаған: "Біріншісі зандарды шығарады, оларды өзгертеді және күшін жояды. Екіншісі соғыс пен бейбітшілік және мемлекет қауіпсіздігі мәселелерін шешеді. Ал, үшіншісі қылмыстар үшін жазалайды және жеке тұлғалардың арасындағы дауларды шешеді"7.
Осы теорияның тарихын, мәні мен маңызын зерттеушілер оның ірге тасын қалаушы деп Ш. Л. Монтескьені атайды. Ол өзінің әйгілі еңбектерінде бұл биліктердің өзара тежемелік деңгейде қызмет жасауын, яғни бір-біріне сіңіспей, әрқайсысы өз алдына тиесілі функциясы мен өкілеттіктерін атқаруын және осы мәселелерге байланысты құзіреттеріне араласпай, тендік принципі арқылы байланысуын анықтап көрсеткен8.
Атақты ағартушы-ғалымның бұл идеялары көпшілік өркениетті батыс мемлекеттерінің конституцияларында құқықтық бекуін тапты.
Осылайша, ІП. Л. Монтескье негізін қалаған адамның құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз етуді көздейтін биліктердің бөліну концепциясы классикалық теорияның түбірі болып танылды.
Кеңес Одағы дәуірінде сот билігі үғымы жөнінде сирек айтылатын. Тіпті, біздің саяси, заңи және ғылыми сөздіктерімізде "сот билігі" термині мүлде қолданылмай келген9.
Бұл мәселе кеңес мемлекеті саясатының деңгейінде биліктің біртұтас, бөлінбейтіндігі және оның жалпыхалықтық екендігі туралы теориялық концепцияның мызғымастығымен түсіндіріліп келінген.
Сонымен, бүкіл мемлекеттік билікті иемденуші және оның басты тұлғасы - халық билігінің бірлігі доктринасы ресми құпталып, қолдауын тапқан еді10.
Тоталитарлық режим құлдырағаннан кейін Қазақстанда шынайы демократйялық, құқықтық мемлекетті қалыптастыру басты мақсат етіп қойылды. Оның қызметі тек заңның шеңберінде құқықтың бекітулеріне бағыну арқылы, халық билігі мен демократияның конституциялық негіздеріне сәйкес іске асырылуы керек.
Қазақстанда бұл теорияны біздің мемлекеттілігімізге қолдану мүмкіндігі мен қажеттілігі жөнінде тұңғыш рет, Қазақ ССР-нің 1990 жылы 25 қазанда қабылданған "Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Декларациясында көрсетілген болатын. Онда мемлекеттік биліктің біртұтастығы, оның үш тармақтан: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінен таратындығы баянды етілді11.
Декларациямен уағыздалған билік түсінігі кейіннен еліміздің тұңғыш (28. 01. 1993ж. ) Конституциясына, қазіргі (30. 08. 1995ж. ) Ата заңымызға енгізілді12.
Қазақстанда 1992 жылы Конституциялық Соттың құрылуы мен қызмет етуі, әрине басқа да факторларды қоса ескергенде, сот билігінің мәртебесін өсіруге пайдалы әсерін тигізді13.
Конституциялық деңгейде былай деп баянды етілген: Сот билігі тек қана сотқа тиесілі және басқа ешқандай орган, лауазымды және езге тұлға сот билігінің функциясын иемденуге құқылы емес14. Осының бәрі, яғни "құқықтық мемлекетті құру мен биліктердің бөлінуі принципін іске асыру соттың бұрынғы "төмендетілген" жағдайын өзгерту, оның аброй-беделін көтеру мақсатымен ұштасты"15.
Биліктердің бөлінуі теориясын қабылдаған, құқықтык мемлекетті құруды мақсат етіп қойған қоғамда сот билігінің мәнін зерттеу басталды.
Сондағы неғұрлым маңыздысы сот билігіне түсінік беру болды. Мысалы, В. П. Кашепов сот билігін "мемлекеттің сот арқылы, заңда бекітілген процедуралық нысандарда, адамдардың мінез-құлқы мен әлеуметтік процестерге әсер ету қабілеті мен мүмкіндіктері" - деп түсіндіреді16.
Мұндай пікірді К. Ф. Гуценко, В. М. Ковалев, В. И. Шевцов, Н. А. Бекбергенов құптайды17.
Профессор В. П. Божьев "сот билігі құқыққа негізделеді және соттың араласуын қажет ететін, ол құқықты қолданып шешуге тиісті жағдайлар үшін арналады" - деп көрсетеді18.
Ал, Р. А. Беленков "сот билігі деп мемлекеттің өкілетті органы соттың өзіне тән мүмкіндіктерімен мемлекеттік органдардың, жергілікті органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың мінез құлықтарына әсер ете алу қабілетін" айтады19. Осындай көзқарасты В. В. Вандышев пен В. А. Лиманский де білдіреді20.
Кеңес Одағы кезінде сот билігінің орнына сот әділдігі деп аталатын. Алайда, мұндай ұғым сот билігіне тән түсінікті толыққанды аша алмайтын. Себебі, сот әділдігі сот билігін жүзеге асырудың бір (ерине басты және ерекше) нысаны болып табылады және сот билігінің мәнін толық көрсете алмайды. Бұл мәселе сот билігінің нысандары мен функцияларына байланысты тағы қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4-бөлігіне сәйкес, республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына беліну, олардың тежемелік өрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады21.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі Конституциялық заң деп аталады) 1 бабының 2 бөлігіне сәйкес, сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, зандарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге
қызмет етеді22. Осылайша, Конституциялық занда сот билігінің мәні айқындалады.
Профессор К. Х. Халиков Қазақстан ғалымдарының ішінде сот билігі феноменін алғашқы зерттеуші ретінде мынадай, біздің пікіріміз бойынша әділ де дұрыс анықтау берген: "Сот билігі деп мемлекет атынан, заңның үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатында, бұзылған құқық пен бостандықты, әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсатында сот құзыретіндегі жауапты биліктік өкілеттіктердің жиынтығын айтамыз" деген23.
Ал сот әділдігі деп - заңда белгіленген ерекше кұқықтық нысанда мемлекеттің арнайы құрылған органы - соттың азаматтық және қылмыстық істерді қарап шешуі арқылы жүргізілетін мемлекетпк қызметінің айрықша бір саласын атайды24.
Демек, сот билігі мен сот әділдігі сабақтас ұғымдар. Сот әділдігі сот билігі түсінігінен туындайды. Яғни, сот билігінің түсінігі сот әділдігінен әрқашан кең және көлемді.
Дегенмен, кейбір авторлар сот билігінің түсінігі мен мақсатын мұнда тек қана сот әділдігін (төрелігін) жүзеге асырумен түсіндіреді. У. Жекебаев пен В. К. Бобров сот билігінің негізі сот әділдігін іске асырумен түсіндіріледі - деп корсетеді25. К. Х. Халиқов сот әділдігін (төрелігін) оның тар жөне кең мағыналарында қарастырып, сот билігінің ұғымымен ұштасады, - деп атайды26.
Әрине, сот әділдігі сот билігінің басты да ерекше нысаны. Яғни, сот билігі сот әділдігін жүзеге асыру арқылы атқарылады. Алайда, сот билігін В. М. Савицкийдің айтуынша "тек сот өділдігін ғана іске асырумен тусіндіру ескірген ұғым, себебі құқықтық мемлекеттің кұрылымы - сот сапалы әрі жаңарған функцияларға ие болуда"27.
Жоғарыда көрсетшген пікір-көзқарастармен толық. кейбір жағдайда ішінара (Жекебаев пен Бобровтың) келісе отырып, сот билігіне байланысты анықтауды былайша қүрастырсақ дейміз.
Демек, біздің ойымызша, сот билігі деп мемлекет атынан, оның өкілетті органы сот арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және занды мүдделерін қорғау, республика Конституциясы мен заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңның негізінде және ол орнықтырған тәртіптер мен процессуалдық нысандарда, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, өз алдына дербес әрі тәуелсіз мемлекеттік биліктің тармағы ретінде түсіну дұрыс болар еді.
Мемлекеттік биліктің бұл тармағының өзіне тән, басқа тармақтардан ерекшеленетін белгілері мен функцияларын қарастыру оның мазмұны мен мәнін толықтыра және көркейте түседі.
Сот билігін ерекшелендіретін белгілер келесі ережелерден туындайды:
1. Сот билігін іске асыру мемлекетгік қызметтің ерекше саласын қолданумен ұштасады. Мұнда адам мен азаматтың заң мен сот алдындағы фактілі және құқықтық теңдігінің негізі бекітіледі. Мемлекеттік қызметтің дербес түрі бола тұра, бұл билік, конституциялық кұрылыстың негізін, Конституцияның үстемдігін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және занды мүдделерін, мемлекетгік және жеке меншікті қорғауды мақсат етіп қояды.
Айта кетерлік бір жағдай, сот билігінің басты нысаны сот әділдігінің құқық шығармашылығынан, сондай-ақ, басқа да қүқық қолдану, құқык қорғау түрлерінен (нысандарынан) айырмашылығы, оның тиянақты фактілерге, даулар мен құқықтық қатынастарға заң нормаларын қолдану мәселелерін қарастыруы мен шешуінде28.
Өзінің қызметін атқару, сондай-ақ, сот өндіргіш іске асыру барысында сот билігі құқық нормасын шығармайды. Ол тек іс жүзінде бар, қолданылуға арналған материалдық және процессуалдық нормаларды қолданады.
2. Сот билігін жүзеге асыру мемлекеттегі сот саясатын амалға асыру бағытымен байланысты болады. Сот саясатын заң шығарушы билік бекітеді және бағыттайды. Яғни, ол соттар колданатын, сондай-ақ, сот кызметінің процессуалдық тәртіптерін белгілейтін, соттардың қузыреттіктерін, судьялардың құқықтық мәртебесін, судьялар корпусын құру тәртіптерін реттейтін заңдар шығарады.
3. Сот билігін мемлекеттің сол үшін арнайы құратын органдары соттар ғана жүзеге асырады. Конституциялық заң соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салады29. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілетгігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Бұл тыйымға көнбеу, немесе оны бұзу занда көрсетілген жауаптылыққа әкеліп соктырады.
4. Сот билігі мемлекеттік қызметтің ерекше әрі сапалы нысанына ие болады. Себебі мемлекеттін тиісті органдары сот жүйесі арқылы іске асырылады. Казақстанның сот жүйесін ерекше сипаттайтын белгілерінің біреуі - оның бірлігінде. Яғни, барлық соттардың мақсаттарының біркелкілігімен, соттар мен судьялар үшін ортақ жоне бірыңғай сот төрелігі принциптерімен, сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарда белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен, Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстаты құқықты пайдалануымен, заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен, заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен, барлық соттарды тек қана республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі30.
5. Сот билігі процессуалдық заңды мүлтіксіз, қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сот өндірісі процессуалдық құқықтың нормаларымен бекитін нысандарда және ерекше тәртіптердің шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік қызметтін дербес саласы31.
6. Соттың занды талаптары мен шешімдерін (үкімдерін) орындау мемлекет күшімен іске асырылады. Қажетті болған жағдайларда оның органдары мен лауазымды тұлғалары сот шешімдері мен талаптарының жүзеге асырылуын мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
Сот үкімдерін орындау Әділет органдарынын қылмыстық атқару жүйесіне тапсырылған. Ал үкімінің залалды өндіруге қатысты бөлігі мен сот шешімдерін сот орындаушылары атқарады32.
7. Сот билігінің соңғы ерекше белгісі - оның дербестігі, жеке даралылығы мен тәуелсіздігі. Мемлекеттік биліктің жеке тармағы бола тұра, оның басқа тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік принципі арқылы іс-қимыл жасау барысында өзінің қызметіне, әсіресе сот әділдігін іске асыру кезіндегі қызметіне араласуға жол бермеуінде. Енді сот билігше тән функцияларды қарастырайық. Жалпы "функция" термині түрлі мағынаны білдіреді. Оның неғұрлым кең таралған мазмұны: "қызмет", "міндет", "жұмыс", "міндеттер шеңбері" дегенді білдіреді.
Мемлекетгің функциялары ретінде оның қызметінің негізгі бағыттарын түсінуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz