Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді Азаматтық-құқықтық қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: «Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді Азаматтық-құқықтық қорғау»
Ғылыми жетекші:
Кафедра аға оқытушысы,
« ___ » 2012 ж
(қолы)
Алматы - 2012
М А З М Ұ Н Ы:
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел - құқықтық санат ретінде
1. 1. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделдің түсінігі бойынша жалпы шолу 8
1. 2. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделге құқық ұғымы 15
ІІ БӨЛІМ. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау тәртібі
2. 1. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 21
2. 2. Моральдық зиянды өтеу мәселесі 30
ІІІ БӨЛІМ. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді халықаралық құқықтық қорғау және сот тәжірибесінде реттеу негіздері
3. 1. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді халықаралық құқықтық қорғау 37
3. 2. Сот тәжiрибесiнде ар-намысты, абыройды және iскерлiк беделдi қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану 44
3. 3. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот тәжірибесіне шолу 50
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР ТІЗІМІ 67
ҚОСЫМША 69
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам құқығын қорғау - кез келген мемлекеттің маңызды және негізгі алға қояр міндеттерінің бірі болып келеді. ҚР Конституциясы: мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адмның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетеді.
Ар - намыс, қадір қасиет және іскерлік беделге деген құқық азаматтар мен заңды тұлғалардың субъективтік құқықтары жүйесінде ерекше орын алады1.
Адам құқығы жөніндегі жалпы декларацияның артынан (10 желтоқсан 1948ж. БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген 12 бап) 2 ҚР Конституциясы «Адамның қадір қасиетіне қол сұғылмайтындығы жөнінде және әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройы атының қорғалуына құқықтары бар екенін» - келтіре кетеді.
Қазіргі кезде ҚР-да ар-намысты, қадір қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқық салаларының бірнеше нормаларын қолдану арқылы кешенді түрде жүргізіледі.
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы істер дәстүрлі тұрғыда қарағанда қоғам үшін үлкен мүддені құрайды. Сондай-ақ бұл проблемаға қатысты мүддеге ҚР ғалымдары тарапынан, біздің ойымызша әлі күнге дейін жетілмеген, мәселені теориямыз талдау қажеттілігі негізінде пікірлері кездескеннің өзінде жеткіліксіз күйде болып тұр. Сот тәжірибесін зерттеу кезінде бұл санаттағы істерді қарау мен шешу барысында судъялар үшін үлкен қиындықтар туғызуда. Оған себеп болып ең алдымен ар-намыс қадір-қасиетті және іскерлік беделді реттейтін нормативтік құқықтық актілер мазмұнында қайшылықты баптық нормалары кездеседі. Оларды тиянақты түрде талдау жүргізуді сондай-ақ құқық реттеудегі қайшылықтарды жойып, кемшіліктерді толықтыру жұмыстарын қажет етеді.
Жалпы айтқанда ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау мәселесі азаматтық және шаруашылық сот өндірісінде өзекті болып тұр, сондықтан бұл санатты ғылыми және тәжірибелі тұрғыда терең зерттеуді қажет етіп тұр.
Кәзіргі таңдағы жағдайларға байланысты адам құқығын қорғау қоғамдық прогресс үшін жалпы адамзаттық мүддені негіздейтін доминанттардың бірі болып табылады. Шынайы прогресс адам құқықтар мен бостандықтарын, оның ішіндегі ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге деген құқықтарды дұрыс қамсыздандырмай еш уақытта дами алмайды.
Қай мемлекет болмасын адам құқығын қорғау проблемасын қозғаған кезде назардан тыс қалмайтындығы белгілі. Онсыз болашақтың адамгершіліктік және саяси негізін салу мүмкін емес. Қоғамда, егер адамның құқығы мен бостандығын құрметтемесе оның болашағы болмайды. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделге деген құқық кез келген қоғам мен мемлекеттің маңызды әлеуметтік-құқықтық құндылығы мен қажеттілігі болып табылады. Ондағы ең керектісі нағыз құқықтық мемлекетті құру, ал құқықтық мемлекет - адам құқығымен ажырамас ұғымдар: құқықтық мемлекет - адам құқығын кез келген бұзушылықтардан қорғауды жүзеге асыру кепілі болса, адам құқығы - құқықтық мемлекеттіліктің өзіне тән гуманистік, адамзаттық өлшемі.
Адам құқығы мен бостандығын мемлекеттің Негізгі Заңында және адам құқығы жөніндегі басқа да негізгі қайнар көздерінде бекітілуі оларға деген барлық мемлекеттік органдардың қамтамасыз ету міндетін көздесе, қоғам үшін - биліктің кәзіргі тәжірибелі өмірде бұл құқықтар мен бостандықтар қалай қамтамасыз етіліп жүзеге асырылатынына басты бақылай жүргізуге мүмкіндік береді.
Адам құқықтары туралы Жалпы Декларацияның (1948 ж) 1 бабында айтылғандай: «Барлық адамдар ар-намысы мен құқығы жағынан тәуелсіз және тең болып туылады. Олар сана мен ұжданмен бөленген, бір-бірімен туыстық рухында қарам-қатынас жасаулары тиіс»3.
Осы айтылғандардың барлығы бітіруші үшін ғылыми тұрғыда зерттеуге негіз болып табылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел саласындағы мәселеге Ғ. С. Сапарғалиевтың, А. Л. Анисимовтың, Е. А. Сухановтың, Ю. К. Толстойдың, А. А. Ерошенконың, А. М. Сергеевтың, М. Н. Малеинаның, Л. А. Соловьеваның, О. М. Романовтың және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел мәселесіндегі құқықтық қорғауды мемлекеттік реттеу табылады.
Зерттеу пәні болып ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымын конституциялық құқықтық негізде зерттеу;
- ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел жөніндегі заңдылықтарды қамтамасыз ету;
- ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.
Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге конституциялық және азаматтық заңдар, арнайы ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделге арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.
Дипломдық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары Экономика және Құқық Академиясының Заңтану пәндер кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған. Одан басқа автордың ғылыми конференцияларында өткізген мақалаларынан байқауға болады.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден жеті бөлімшеден құрылатын үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен, сондай-ақ қосымшадан тұрады.
І БӨЛІМ. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел - құқықтық санат ретінде
1. 1. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделдің түсініктеріне жалпы шолу
«Ар-намыс», «қадір-қасиет», «бедел» - ұғымдары өз алдына бір-біріне жақын әрі ұқсас түсініктерден құралған адамгершіліктік санаттардан шығатындығын білдіреді.
Ар - бұл жеке тұлғаның моральдық және оның сапалық қасиетін білдіретін әлеуметтік бағасы.
Қадір-қасиет - жеке тұлғаның өзіндік ішкі бағасы, өзінің жеке сапалық қасиеттерін түсінуі, қоғамға пайдалы қызмет көрсетуінен туындайтын көзқарастары мен ішкі қабілеттілігі жатады.
Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің өзінде ар-намыс пен қадір-қасиетті жеке тұлғаны құрметтеумен салыстырып, мораль және құқықпен байланыстырған. Ар-намыс этика саласында маңызды орын алып көптеген ойшылдарды, саясаткер мен философтарды толғандырған4.
Философиялық-құқықтық тұрғыда қарағанда, ар-намыс ұғымы адамдар және халықтар қатынастары тарихынан көрініс табатын үлкен билікті және үлкен күшті білдіреді екен. Ар-намыс пен қадір-қасиет түсінігі сондай-ақ нақты бағыттылықты да көрсетсе керек. Оның объектісі болып ең алдымен адамның өзі, адамдар тобы немесе ұжым, кең мағынада келтіргенде ұлттар ары туралы айтады екен.
Ар-намыс туралы сөз қозғағанда, оның екі аспектісі ажыратуға түсетіндігі айқындалады:
- объективті және субъективті;
- жеке.
Ар-намыс - басқаша айтқанда өз қадірін бір қалыпта ұстау үшін тырысу көрінісі болып келсе, екінші жағынан қоғамның мойындауы мен қоғамның бағасы болып табылады. Оның мазмұны - әлеуметтік болып келеді, сондықтан адамның ар-намысына қоғам баға бергендіктен бағалау санатына жатқызылады5.
Ар - тұлғаның өзін-өзі моралъдық бақылауына қабілеттілігінің формасы ретінде көрініс беретін әдептік санат. Парыз бен мотивке қарағанда ардың өзгешелігі адамның коғам алдындагы жауапкершілігін түсіну негізінде істеген әрекеттерін өзі бағалауды қоса қамтуынан керінеді. Ар адамның намысын, абыройын кетірмеуге тырысуы сияқты, адамды өз әрекетімен езін сыйлаттыруды кездейді, сонымен қоса, тұлғаның қоғамдық қызметке толық берілуін міндеттейді. Қоғамның объективті кажеттіліктерінен туындайтындыктан, ар адамды өзінің де, өзгенің де пікіріне сын көзбен караттырады, адамды өз әрекетіне ғана емес, айналада болып жатқанның бәріне жауапкершілікпен қарауға итермелейді.
Ар - адамның қоғамдық тәрбиемен жетілдіруге болатын қабілеті. Ол қоғамның тарихи даму өлшемімен, сонымен коса, оның белгілі объективтік жағдайлардағы әлеуметтік ұстанымдарымен айқындалады. Қоғамның прогресс жолымен даму талаптарына адамның белсенді жауабы іспетті болып келетін ар тұлғаның адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруінің ішкі қозғаушысы және оның айналадагы нағыздыққа әрекеттік қатынасының стимулы болып табылады. Арлылық адамның өзінің әрекеттерінің адамгершілік мәнін тануының тиімді формасы ретінде немесе келеңсіз кылығы үшін эмоциялық күйзелісі ретінде көрініс беруі мүмкін. Арлы болуға тырысу - әр адамның адамгершілік мұраты.
Намыс - моральдық сананың кең таралған үғымдарының бірі. Ар сияқты, бұл да әдептік санатқа жатады, жеке адамның өзінің қоғамдағы мәртебесін тұщынуын және қогам тарапынан оның мойындалуын көрсетеді. Өзінің мазмұны мен сипаты жағынан намыс ұғымы абырой ұғымына жақын. Жеке адамның өзіне-езінің және қоғамның жеке адамға қатынасының формасы ретінде көрініс беретін намыс, кадір сияқты адамның өзін ұстауын және айналасындағылардың оған қатынасын ретке келтіреді. Абырой - моральға қатысты алғанда, адамдардың теңдігін негізге алса, намыстың өлшемдері әр адамның әлеуметтік жағдайларына сәйкес ажыратылады. Әркімнің намысының және оны қорғау мүмкіндігінің деңгейі әр түрлі болады.
Мысалы, моральдық тұрғыдан алғанда, қоғам үшін адамның бәрінің абыройы бірдей - академик пен спортшының, президент пен жұмысшының, инженер мен аула сыпырушының айырмасы жоқ. Олардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері қаншалықты бірдей болса, сол сияқты олар азамат ретінде, тұлға ретінде де бірдей абыройлы. Ал намысқа қатысты жоғарыда аталғандардың мүмкіндіктері бірдей емес6.
Намыс жекенің немесе адамдар тобының (ұжымдық, кәсіптік, ұлттық, т. б) намысы түрлерінде көрініс береді. Намыстың өлшемдері коғам алға басқан сайын тарихи өзгерістерге ұшырап отырады. Жеке адамның намысы оның өзінің жеке басының абыройын сақтауға тырысуымен байланысты. Ұжымның немесе коғамның намысы жеке адамдардан кұралған топтың әлеуметтік жағдайларымен және мүмкіндіктерімен қорғалады.
Намыстың ең басты ерекшелігі - оның асқактығында, касиеттілігінде. Сондықтан адамдар бар мүмкіндіктермен оны қорғауға тырысады.
Абырой - тұлғаның өзінің жеке басын бағалауын көрсететін, адамның өзіне өзінің және қоғам мен жеке адамның моралъдық қатынасын бейнелейтін моралъдық сана ұғымы, әдептік санат. Адамның өз абыройын тұщынуы оның өзіне-өзі қоятын талаптарына негізделіп, тұлғаның өзін-өзі бақылау формасында көрініс береді. Адам өзінің абыройын кетірмеуді көздей отырып, бұл тұрғыда коғам жағынан қойылып отырған талаптарды тыңғылықты орындауға тырысады.
Тұлғаның абыройы оның өзін қоршаған адамдардың және тұтастай алғанда, қоғамның сол тұлғага деген қатынасын реттейді, оны сыйлай отырып, оның кұқықтарын тануды қамтамасыз етеді.
Қадір-қасиет - адамның сапалық болмысын айқындайтын қасиет. Қадір-қасиет адамның өзіне айрықша адамгершілік қатынасы мен оған өзгелердің сыйлау деңгейін көрсететін этикалық категорияға жатады. Қадір-қасиет ұғымы абырой-атақ, сый-құрмет, мәртебе даңқ ұғымдарымен үндес. Қазақ дәстүрлі қоғамында құрметті, ел арасында беделі жоғары адамды Қадір-қасиеті мол, Қадірлі кісі деп айтады. Қадір-қасиет адамның өзі айналысатын кәсібіне, қабілет-қарымына байланысты. Адамның қадір-қасиеті оның шыққан тегі, білімі немесе әлеуметтік жағдайымен емес, оның жеке тұлға және азамат ретіндегі қасиеттерімен айқындалады. Бұл қасиеттер әр адамда өз мүмкіндіктерін пайдалануына орай әр түрлі дәрежеде көрінеді. Адамның өз қадір-қасиетін арттыруы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында жүзеге асады. Ол өзінің еркі мен ұмтылысы нәтижесінде және өзгелерден артықшылығын көрсетуі арқылы қадірлі болып, халық арасында құрметке ие болады. Адамның өз қадір-қасиетін білуі - кез келген тұлғаның өзін-өзі бағалау және тану сипаты болғандықтан, ол адамның өзіне талап қоюына және өз алдындағы жауапкершілігін сезінуіне негізделеді7.
Адамның ары мен абыройы. Конституция адамның өнегелі сапасы - оның ары мен абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықтарда да ар мен абырой кісінің жоғары бағалайтын кұндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының "малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деген мақалы да арды аса қастерлеуінің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады. Бізде де сондай, ҚР Конституциясы адамның ары мен абыройына кол сұғуға жол бермейді. Ар мен намысты қастерлеу жағдайы азаматтық және қылмыстық заңдарда да анық айтылған.
Мысалы, егер біреу адамның ары мен абыройына кір кептіретін мағлұмат таратып, ол мағлұматтың растығы дәлелденбесе, онда теріс мағлұмат таратқан адам қылмыстық және материалдық жағынан жауапқа тартылады. Жәбір шеккен адам өзі туралы айтылған мағлұматты жалған деп тапса, онда ол сот арқылы өзінің мәртебесін қалпына келтіріп, кінәлі жақтан өзіне келтірілген зиянды материалдық түрде өндіріп алуға құқылы.
Заң бойынша, біреуді қорлау - қылмыс деп танылады. Тіл тигізу - жалпы адамзаттық ұстаным кағидасынан алып карағанда, адамның қадірін қорлау болып табылады. Заң жеке адамның арын, ұжданын және абыройын қорғаумен бірге, оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына да жол бермейді.
Мәселен, біреудің сыртынан мәлімет жинау үшін, оның өзінің келісімі керек, оның ұстіне, мұндай мәліметті сақтаудың және пайдаланудың реттілігін білу қажет. Тек қылмысты болып, жауапқа тартылған жағдайда, азаматтың келісімінсіз ол туралы мәліметті тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері - полиция, прокуратура, сот органдары жинауы мүмкін.
Егер азамат заң бойынша жауапқа тартылмаған болса, жоғарыда көрсетілген орган адамдарының да оның сыртынан мәлімет жинауға құқығы жоқ. Заң жеке адамның өміріне ешкімнің араласпауын қамтамасыз етеді. Бұл қағиданы бұзған адам жауапқа тартылады. Қолындағы билігін пайдаланып, үйге басып кіру, прокурордың мақұлдауынсыз үйге заңсыз тінту жасау жайлары да заңсыздық деп саналады.
Абырой - қазақтарда бұл сөз кең мағынасында - ар - ұят, бедел, құрмет, қадір - қасиет ұғымдарының жиынтық мазмұнын білдіреді, тар макғынасында - сәттілік, істің көңілдегідей, ойдағыдай шығуы, пайда, тиімділік ұғымдарының баламасы ретінде қолданылады. Абыройдың ауызекітілдегі «әбүйір тұлғасы» көбінесе осы соңғы мәндерін білдіреді. Абырой философиясында моральдық ұғым, этика категория тұрғысынан қарастырылады. Абырой - адам бойындағы ең асыл құндылықтардың бірі; кісілік, адамгершіліктің тірегі.
Құқықта - жеке немесе заңды қорғалатын мүліктік емес әрі ажыратылмайтын игіліктері, абырой - азаматтың немесе ұйымның жағымды әлеуметтік бағасы, ар-намыс тұлғаның өзін-өзі бағалауы. ҚР Конституциясына (18 - бап) және Азаматтық Кодексіне (43 -бап) сәйкес адамның Абыройы мен ар-намысын мемлекет қорғайды. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, Абыройы мен Ар-намысының қорғалуына құқығы бар. Азамат өзінің абыройыы мен ар-намысына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мағлұматтарды, егер таратушы ондай мағлұматтардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды, сондай-ақ моральдық шығынның орнын өтеуді талап етуге құқылы. Абырой мен ар-намысты азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, т. б. қорғаудың тәртібі арнаулы заңдарда көзделген.
Сонымен, біздің пікірімізше, ар-намыс - тарих санаттарына кіреді, ол адамзат қоғамның пайда болысымен қалыптасқан. Қай жеке тұлға болмасын бұл адамгершілік санатты тоқтатуға шамасы келмейді. Бұл деген сөз, адамзат ұжымы өмір сүрген сайын, олардың бөлек мүшелері айналадағы тараптарынан бағалауға жатады.
Ар-намыс пен қадір-қасиет азаматтар үшін бірдей емес. Әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің мазмұны әр қашанда өзгеріп отырады, оған негізгі себеп болып оның қоғам алдында қызметінің дамуы мен өсуі жатады.
Ар-намыс пен қадір-қасиет ұғымдарымен бірге іскерлік бедел түсінікте өз көрінісін көрсетеді. Іскерлік бедел ұғымы қадір-қасиет түсінігімен объективтік тұрғыда қарағанда ұқсас болып келеді. Іскерлік бедел адамның өзіне байланысты жүзеге асырылады екен, себебі ол оның жүріс-тұрысы негізінде құрылса керек. Адамның іскерлік беделін оның қылықтарынан бағалайды екен. (Гегель жазғандай, - «Адам - қылығымен сыйлы . . . ») . Іскерлік бедел - жағымды және жағымсыз болып келеді. Сондықтан, біздің ойымызша жоғарыда талқылаған ар-намыс, қадір-қасиет ұғымдарын іскерлік беделден дұрыс асырата білу қажеттілігін көрсеткіміз келеді. Ажыратудың үш түрін келтіруге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz