Тұтынушылардың құқықтарын қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Заңтану пәндер кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау»
Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің
Ғылыми жетекші:
кафедра аға оқытушысы
« ___ » 2012 ж
(қолы)
Алматы - 2012
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
I-Бөлім. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғым
1. 1 Тұтынушылар құқығын заңдық жағынан қорғау.
1. 2 Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңның баптараралық мазмұны және осы заңда қолданатын негізгі түсініктер ұғымы.
II-Бөлім Тұтынушылар құқығын мемлекеттік және қоғамдық қорғау .
2. 1 Тұтынушылар құқығын сот тәртібімен қорғау.
2. 2 Тұтынушылар құқығын қоғамдық қорғау.
Қорытынды
Пайдаланған нормативтік актілер және әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 80 - жылдардың ортасынан бастап біз экономикалық қиыншылықтың болғанын білеміз, сол заманда-ақ «сатып алу» сөзі лексиконда жоғалғандығы сезілді. Тұтынушының алдында: қалай табуға болады? - деген сұрақ тұрды. Кейін нарықтық реформалар келді, одан соң тұтынушыларды қорғайтын түрлі заңдар шыға бастады. Былайша қарағанда, тұтынушы мен сатушы арасында проблема шешілгендей болды. Бірақ өмірдің өзі көрсеткендей, заңды ешкім қолданбаса керегі де жоқ секілді болып көрінді. Сатушы маман мен салыстырғанда тұтынушы дилетант болып әрқашанда саналды. Сондықтан да әр тұтынушы дилетант қатарына жатпас үшін олар өз құқықтарын білуге құқылы және өз құқықтарын қорғай білулері тиіс. Сонымен тұтынушы - маман емес екен, бұл деген сөз сатушымен болсын, өндіруші орындаушымен болсын қатынасқа түскен кезде оны заң және мамандар қорғаулары тиіс.
Негізгі тұтынушылардың негізгі құқықтары 15 наурыз 1962 жылы АҚШ Президенті Джон Кеннеди, осы жөнінде сөз сөйлеген болатын, айтуына қарағанда тұтынушының негізгі төрт құқығы бар деген екен.
Олар:
1. Таңдау құқығы
2. Қауіпсіздігіне құқығы
3. Айтуын тыңдауға құқығы
4. Мәліметтер алуға құқығы
Кейін 23 жыл өткен соң 9 сәуір 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «тұтынушылар мүддесін қорғайтын басты қағидалар резолюциясын » қабылдап, тұтынушылардың 8 негізгі құқықтарын белгілеп береді, яғни Кеннедидің айтқанына төртеуін қосады, олар:
1. Тұтынушының білім алуына құқығы
2. Тауар сапалығына құқығына
3. Зиянын өтеттіруге құқығы
4. Тұтынушының ұнамдылығына құқығы (тамақ, киім, тұрғын үй)
Сондықтан да тұтынушылардың құқықтары әрбір сала бойынша қорғалады. Мәселен оларға жекелей тоқтала кетсек,
Қазақстан Республикасының Конституциясына орай - азаматтар өмір сүруге қоғамдық ұйымдарға бірігуге, демалуға, денсаулығын күтуге, қолайлы қоршаған ортада тұруға, білім алуға және т. б. құқығы бар екені белгілі, мұндай құқық бұзылған жағдайда азамат сотқа жүгіне алады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне бұл заңның нормасына сәйкес тұтынушыларға кызмет ететін мекемелерге, құқығы бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелерін анықтайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі - тұтынушыларды алдағаны үшін, тұтыну сапасына жалған мәлімет беріп, оның қаржылық шоты мен тауарына қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі - жалпы бөлімінде кәсіпорын, заңды тұлға және азамат мәртебелері туралы, сондай-ақ меншікке және мәмілеге қатысты жалпы ережелер көзделсе, ерекше бөлімінде кәсіпкерлік қатынастарын, азаматтардың мүліктік қатынастарын, сонымен қатар жеке міндеттемелік қатынастарды реттеулері белгіленген.
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заң - бұл келесі қатынастар түрін реттейді.
Тұтынушы өз құқықтарын білу үшін заңды жаттап алу қажет емес. Әрине оның құқығы бұзылған жағдайда, кінәлі жақ зиянды өтеуі тиіс, оны заңмен шешіп реттеп отырады. Сол себепті тұтынушы мүддесіне қатысты заңды толық білмегеннің өзін де қарапайым ережелерді өмірде кездесетін жағдайларды біліп алуы қажет. Мәселен, тұтынушылардың өзін - өзі қорғауына айта кетсек, Өзін - өзі қорғау- тұтынушының әр жағдайдағы сауатты әрекеті.
Тұтынушымен сатушы арасындағы өзаралық қатынасты бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады:
- Таныстық .
- Шарт жасасу.
- Шартты орындау.
- Конфликт (дау) .
Біздің білетінімізше тұтынушы мен сатушы арасындағы қатынас шарт негізінде пайда болуын табады. Шарт дегеніміз - тең құқылы келісім, мұнда тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері көрсетіледі. Шарт нысанына байланысты ауызша да, жазбаша да жасалады.
Шарт жасасу кезінде тұтынушы келесі ережелерді ұстануы тиіс:
1. Шарт жасалу алдында, шартқа қойылатын талаптар мен асығыстық жасамай танысып шығу керек.
2. Ешқашанда шартқа бірінші кездесуден-ақ қол қоюға асықпау керек. Шарттың бір данасын үйге алып танысып шығу қажет. Түсінбеген жерлер болса астын сызып қою қажет. Егер таныс достарыңыз түсіндіре алмаса, заңгерге жолыққаныңыз жөн.
1. Егер шарт мазмұны сізге түсінікті болған жағдайдың өзінде, сізге келісімдегі маңызды жағдайларға көңіл бөлуіңіз керек.
2. Шартта көзделген тараптардың жауапкершілігі әділетті түрде құрастырылған ба? Егер онда сатушы тарапынан жауапкершілік көзделмесе, қол қоймауға құқыңыз бар.
1. Егер сізге маңызды деп есептелетін жағдайларды шартқа қосу жөнінде фирмаға хабардар етуіңізге құқыңыз бар.
2. Түсініксіз сұрақтарға жауап берулерін өтінуіңізге ұялмаңыз. Шарт дегеніміз тараптардың тең құқылы келісімі, әр тарап келісімде өз жағдайларын қосуға тырысады.
Тұтынушы мынаны ұмытпағаны жөн. Фирмаға сіз керексіз, фирмалар көп, ал клиенттердің саны шектелген, тұтынушы - жағдайдың қожайыны.
Сондықтан да Қазақстанда 1991 жылы 5 маусымда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңы қабылданды. Мыңдаған Қазақстандық тұтынушылар осы заң арқылы құқықтарын қорғап келеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау: теория және тәжірибе саласындағы мәселеге (ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ АВТОРЛАРДЫҢ АТЫ ЖӨНІН ЖАЗ) және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы Тұтынушылардың құқықтары мәселесіндегі құқықтық қорғауды мемлекеттік реттеу табылады.
Зерттеу пәні болып Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау ұғымына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау ұғымын Азаматтық-құқықтық негізде зерттеу;
- Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау жөніндегі заңдылықтарды қамтамасыз ету;
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.
Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге конституциялық және азаматтық заңдар, арнайы Тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.
Дипломдық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары Экономика және Құқық Академиясының Заңтану пәндер кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден төрт бөлімшеден құрылатын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен, сондай-ақ қосымшадан тұрады.
1 БӨЛІМ. Тұтынушылардың құқықтары қорғау туралы жалпы ұғымы
1. 1 Тұтынушылар құқығын заңдық жағынан қорғау
Қазақстан Республикасы адамның құқығына және бостандығына кепілдік, Конституцияда заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, әрі тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деп бекітілген.
Осыған сәйкес, құқықтық мемлекеттің және өркениетті қоғамның азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық азаматтардың заң алдындағы нақты теңдігін қамтамасыз етуге қабілетті қоғам жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Мұндай жағдай барлық азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиімді жағдай жасау, экономикалық қатынастардағы материалдардық игіліктерді өндіру саласында теңдікті қамтамасыз ету арқылы қалыптасады. Әрі бұл - құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Ал азаматтардың қажеттіліктерінің ауқымды бөлігі сауда саласында, яғни тауарға қатысты қатынастар арқылы қанағаттандырылады. Біз күнделікті өмірде азық-түлік, киім, тұрмыстық заттар және өзге де тауарлар сатып ала отырып, бұл қатынастардың құқықтық жағына көңіл аудармаймыз. Өкінішке орай, өз әрекетімізді «тұтынушы» әрекеті ретінде және сатушының әрекетін заң тұрғысынан бағалау қажеттігі, біздің жеке тауарға қатысты қандай да бір құқығымыз бұзылған кезден бастап қана пайда болады. Бірақ өз құқығымызды біле тұрсақ та, оны бүгінгі таңдағыдай күрделі экономикалық - құқықтық жағдайда қорғау қиынға соғады.
Сонымен қатар, еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып енуге ниет білдіріп, ұлттық заңнамамызды халықаралық нормалардың талаптарына сәйкестендіріп жатқан, әрі жеке тұлғаның құқығын қорғау мемлекет мүддесін қорғаудан жоғары тұрған бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі өзекті, әрі оны зерттеу де қызықты әрі пайдалы деп ойлаймыз.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың әр түрлі салаларын қамтиды. Бұл нормативтік құқықтық актілер Конституциядан бастау алады. Өйткені, Конституцияның өзінде біздің еліміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады деп көрсетілген. Сонымнен бірге Конституцияда әркімнің тынығу, денсаулығын, тұрғын үйін заңсыз қол сұғушылықтан қорғау, білім алу және өзге де құқықтары бекітілген. Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені қолданыстағы заңнамада тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптар жүйесі, мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау бекітілген. Ал тұтынушылардың құқықтарының бұзылуынан әкімшілік және қылмыстық құқықтық нормалар қорғайды.
Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтқанда, Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде азаматтардың және ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық - құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады.
Негізінен, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың құрамына Азаматтық кодекстен басқа әр түрлі дәрежедегі нормативтік құқықтық актілер енеді. Оларға 1991 жылғы 5 маусымда қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, әрі өзге де заң актілері мен заңға тәуелді актілер жатады.
Алайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық нормативтік базаның көлемі ауқымды болғанымен, олар әлі толығымен қалыптасып біткен жоқ, әрі қоғамдық қатынастар бір жерде тоқтап тұрмай, өмір талабына сай үнемі дамып және өзгеріп отыратындықтан, нормативтік базаны да үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Заң шығармашылығында тұтынушының қатынастарды реттейтін нормативтік актілердің екі тобын бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа тұтынушы тікелей қатысушы болып табылатын актілерді жатқызуға болады. Бұл топқа тұтынушының тауардың (жұмыс, қызмет) тиісті сапасына құқығын, олардың өмірге және денсаулыққа қауіпсіздігін орнататын актілер, сатып алу - сату, мердігерлік, тасымалдау және өзге де шарттарда көрініс алатын қатынастарды реттейтін, шарттарды орындамау салдарын, тауарды дайындаушының не сатушының жауапкершілігін айқындайтын актілер жатады.
Екінші топқа өз қызметі шегінде тауарларға (жұмыстар, қызметтер) қатысты талаптарды анықтайтын және осы талаптардың сақталуын қадағалайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін актілер жатады. Оларға «Сақтандыру қызметі туралы», «Сертификаттау туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Табиғи монополиялар туралы» және өзге де көптеген заңдар жатады, әрі олар тұтынушы үшін маңызды ережелерді орнатады.
Бұл жерде бір қатынасқа бірнеше нормативтік құқықтық акт қатысты болса, яғни барлығы бір қатынасты реттесе, әрі олардың арасында айшылық туындаса, қайсысы қолданылуы тиіс деген заңды сұрақ туады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормалардың ішінде маңызды рөл атқаратын «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда тұтынушыларың құқықтары мен оларды жүзеге асыру механизмі осы заңмен және Қазақстан Республикасының осы заңға сәйкес шығарылған басқа да заң актілермен ретеледі деп көрсетілген. 1
Осы орайда жалпы азаматтық құқықтарды қорғау ұғымына тоқтала кетсек, Құқықты қорғау . Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамт1амасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады құқықтары бекітілген. Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені қолданыстағы заңнамада тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптар жүйесі, мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау бекітелген. Ал тұтынушылардың құқықтарының бұзылуынан әкімшілік және қылмыстық құқықтық нормалар қорғайды
Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтқанда, Азаматтық кодекс нормалары басты рөл атқарады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде азаматтардың және ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық -құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады. (АК- 2-бабы)
Қатысушылардың қарауында субьективтік азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субьективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыдан профессор В. П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: «Құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субьективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді».
Демек кез келген субьективтік азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері. Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрі субьективтік құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдарың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзыреті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т. б. ) шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстің 9- бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесі мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.
Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағымбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағымданады.
Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзыретті органдарға бармай -ақ өз бетімен қорғануын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер «азаматтық құқықтардың өзін-өзі қорғауы» ұғымымен байланысты (АК-тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.
Азаматтық құқықтың өзін- өзі қорғауы өзінің заңдық табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікір де бар. Мәселен, профессор А. П. Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін- өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. Біздің де пікірімізше өзін-өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады.
Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесінен айыра білу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік -құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншік құқығын қорғаудың заттық- құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. Қазақстан Республикасының заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейді, бұл орайда шетелдердегі «талап қою бәсекесі» деп аталатын жағдайларды қолдамайды
Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттық- құқықтық, не міндеттемелікке жататын ерекше қорғау тобы белгіленген. Мысалы, хабар - ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-тің 29, 32- баптары), кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т. б. болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz