Мемлекеттік жер кадастры



Жоспар

Мемлекеттік жер кадастры

Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесі
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу
Жер.кадастр құжаттамасы
Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi
Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи, шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі, оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер жүйесін құрайды.
Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыймдастыруға ықпал етеді.
Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік арнаулы өндіріс орындары атқарады.
Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі.
Республикада соңғы 10 жыл ішінде осы сала инфрақұрылымының негізі қалыптасты, яғни мұнда мынадай басты-басты жұмыстар атқарылды:
- кварталдардың кодын есепке алу мен шекараларын анықтау, жерді аймақтарға бөлуде жер-кадастр бойынша жұмыстар жүргізу;
- жер-кадастр картасы; мемлекеттік жер-кадастр кітабы; жер-кадастр іс-қағазы; осындай жер-кадастр құжаттарының жаңа формасы жасалды;
- стандарттау мен оның технологиясы базасында кварталдық есеп жүргізу мен аудандарда жер-кадастр карталарының технологиясы жетілдірілуде;
- жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамту жетілдіруде;
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Жер кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу. – Астана: “ Парасат Әлемі ” баспасы”, 2005. - [ 188 б ].
2. Есполов Т. И., Сейфуллин Ж. Т. Жер ресурстарын басқару: Оқулық. – Астана: “ Парасат Әлемі ” баспасы ”, 2005 [ 284 б ].
3. Генельман М. А., Қрықбаев Ж. Қ. Жерге орналастрыудың ғылыми негіздері: Оқулық. – Астана: Фолинат, 2004. [ 154 б ].
4. Указ Президента Республики Қазақстан, имеющий силу Закона “ О земле ” от 22 декабря 1995 г., № 2718 ./ Земельное законадательство Республики Казахстан. // Сб. нормативно-правовых актов. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. [ -7-77 с ].
5. Подольский Л. И. Научные основы оценки земель. / “ Веатник сельскохозяйственной науки Казахстана ”. Алматы, Ж., НИЦ “ Бастау ”, 1997. [ 29-36 с ].
6. Сейфуллин Ж. Т. Қазақстан Республикасының жер кадастры. – Алматы: КазНИИЭОАПК, 2000. [ 195 б ].

Жоспар

Мемлекеттік жер кадастры

Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесі
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу
Жер-кадастр құжаттамасы
Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi
Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын
пайдалану

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи,
шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі,
оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті
мәліметтер жүйесін құрайды.
Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы
ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыймдастыруға
ықпал етеді.
Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер
ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті
органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке
жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік
арнаулы өндіріс орындары атқарады.
Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғарғы
дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы
әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық
деңгейде жүргізіледі.
Республикада соңғы 10 жыл ішінде осы сала инфрақұрылымының негізі
қалыптасты, яғни мұнда мынадай басты-басты жұмыстар атқарылды:
- кварталдардың кодын есепке алу мен шекараларын анықтау, жерді
аймақтарға бөлуде жер-кадастр бойынша жұмыстар жүргізу;
- жер-кадастр картасы; мемлекеттік жер-кадастр кітабы; жер-кадастр іс-
қағазы; осындай жер-кадастр құжаттарының жаңа формасы жасалды;
- стандарттау мен оның технологиясы базасында кварталдық есеп жүргізу
мен аудандарда жер-кадастр карталарының технологиясы жетілдірілуде;
- жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамту
жетілдіруде;
Мемжерғылөнорталығының өндірістік бөлімшелерін техникалық және
бағдарламалық тұрғыдан жаңарту жүргізілуде, Мемжерғылөнорталығының еншілес
мемлекеттік кәсіпорындары құрылымының облыс орталықтарында жер кадастрының
автоматтандырылған мәліметтері жиынтығы құрылымы (ЖКААЖ) жасақталуда,
аудандық кадастрлық филиалдар құрылуда;
Жер кадастрын енгізудің толық жүйесін қалыптастыру бойынша Қазақстан
Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі бірыңғай
технология бойынша мемлекеттік жер кадастрын енгізуде, Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу
орталықтарымен, Мемлекеттік кіріс министрлігімен, өзге де мемлекеттік
басқару органдарымен өзара байланыс және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз
етеді. Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи
және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы
пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер
пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы
мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады.
Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы
ақпарат та енгiзiледi.
Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң
мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық
жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды
пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң
мелиорациялық кадастры болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды
орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры (республиканың,
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) жер кадастры) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын мамандандырылған
республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүргізеді, орталық уәкілетті орган
оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi мемлекеттiк ақпараттық pecуpc
болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-
геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын,
топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер
мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды
жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр
карталары мен жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат дайындаумен
қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды
жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау
және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге
асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн
қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем
мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын
және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып
табылады.
Мемлекеттiк жер кадастрының деректерiн есепке алу мен оларды сақтау
бiрлiгi тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы
қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi болып табылады.
Жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатына және
оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi мемлекеттiк кадастрлық
есепке алуға жатады.

Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны

Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
2) жердің саны мен сапасын есепке алуды;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер учаскелерінің меншік иелері
мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да
субъектілерін есепке алуды;
4) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін,
сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық
түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін
жүргізуді;
7) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен
жүргізуді;
8) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін
жүргізуді;
9) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды;
10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесі

Осы ереже ҚР-ның Жер кодексіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастры туралы
Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жер кадастрының принциптері
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
Жер кадастры жайлы мәліметтер
Жерді пайдалануды есепке алу
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Жер кадастры құжаттамасы
Пәндер