Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі туралы түсінік


Мазмұны
І Кіріспе. ……. 3
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі туралы түсінік. …7
2. 2. Мұғалім әрекетіндегі педгогикалық шеберлік пен және стилінің қалыптасуы11
2. 3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің резервті мүмкіндіктері…. 21
ІІІ Қорытынды. 27
ІҮ Пайдаланған әдебиеттер. . 29
КІРІСПЕ
Мектепте білім алу-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады
Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы - оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.
Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. Өзінің аты бойынша балаларды сүйетін және өзнің тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отырады. Педагог- өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады.
Ғылымда сонымен бірге педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген түсінік бар. Педагогикалық түсінік дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру. Сонымен қатар әртістіктің кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің, мимиканың әдістерін білу.
Егер бала нашақормен, қылмыскермен немесе маскүнеммен бірге қиын жағдайға ұшырап қалса мұғалім олармен әңгімеде тіл таба білуікерек және жай ғана сөйлесіп қана қоймай оларды сендіріп, әсер ете білуі керек.
Педагогтың шеберлігі туралы А, С. Макаренко былай деп жазған: ! Мен бұндай шебер дәрежесіне тіпті шебрліктің бар екендігіне сенбей жеттім. !! Немесе педагогикалық талант жөнінде әңгіме айтуға болды ма? Бізде талантты тәрбиеленушілер қанша? Және талантсыз тәрбиелеушінің қолына түскен бала не үшін зардап шегуі тиіс. Біз балалардың тәрбиесін талапқа қарап жасай аламыз ба? Жоқ. Тек қана шеберлік туралы айтуымыз керек, яғни тәрбиелеу процесіндегі
Шын білім туралы, тәрбиелей алу туралы.
Бастаушы педагогты шеберлікке не алып келеді? Педагогикалық әдебиеттер бұл сұраққа бір мағанада жауап береді-педагогикалық техника және талпыныстар. Басқаша айтқанда тәрбиеленушіні түсіне білу, яғни қарым-қатынас психологиясын білу. сөйлеудің ерекшеліктерін білу, сенің сөзіңді оқушылардың қалай қабылдап жатқанын білу, өзн -өзі бақылай білу, өзін-өзі ұстау қабілетін білу.
Тәжірибе көрсеткендей, ешқандай сұрау салу және ешқандай сауалнама мұғалім мен оқушының, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің әңгімесінің орнын алмастыра алмайды. Бұл процесте мұғалім тарапынан ақпараттық әңгіме басым болады. Бұндай жағдайда әңгіме бұзылып, түсінбеушілік пайда болады. Мектептегі педагог өзінің оқушыға деген психологиялық ісерін ескермейді. Педагог әр балаға жол таба білуі керек. Мейлі ол бала тұйық немесе бұзық, жалқау немесе ештеңеге қызықпайтын бала болса да. Педагог өзінің балаға деген бір ауыз сөзі, яғни көңілге жететін сөзі баланың өмірінде маңызды роль атқарып, жадында мәңгі жатталып қалатындай есінде қалуы керек.
Ғалымдар педагог пен оқушының қарым- қатынасына қажетті аспектілерді қалыптастырды. Ол:
- сенім білдіру;
- баланы тыңдай білу;
- негіз ретінде өзара түсінік;
- іскерлік қатынас;
- әсер етуден өзара әрекетке көше білу қабілеті.
Бұл проблеманың маңызды аспектісі - педагогикалық қарым- қатынастың өзіндік стилі туралы сұрақ болып табылады. Бұл теориядан біз педагогикалық құарым -қатынастың өзіндк стилін, мұғалімнің оқушылармен өзара әрекетінің қамтамасыз етуші педагогикалық қарым- қатынас операциясының толық жүйесін түсінеміз.
Осылайша қарастыру педагогтың өзіндік деңгейінің минимум екі түрін талап етеді: темперамент және тұлғалық.
Е. А. Климов атап көрсеткендей, бұның маңыздылығы мамандықпен, алдаммен, топпен, ұжыммен әрекетке негізделген.
Мұғалімнің бір сарынды қарым-қатынасы педагогикалық қарым- қатынастың әртүрлі операциясының көмегімен көрінуі мүмкін. Және де керісінше, әртүрлі қарым -қатынастар бірсарынды операцияның көмегімен көрінуі мүмкін.
Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, педагогтар өзінің жұмысында әртүрлі ғана емес, сонымен қатар, қарым-қатынастың қарама-қарсы операцияларын қолдану арқылы да жақсы нәтищелерге қол жеткізеді. Сонымен қоса балалармен қарым-қатынасының кейбір тәсілдері де, жағымды бағалануы мүмкін. Кейбір кездері ашық эммоционалды сөйлеуі жағысыз бағалануы мүмкін. Мысалы, белгілі жағғдайларда дауыс көтеріп сөйлеуі, сөзінде мысқылдау болса.
Бірақ педагогикалық қарым-қатынастың тәжірибелік әрекеттерінде бұл операциялар өзара байланыспен педагогтар мен оқушылардың қызығушылықтарын толдықтырып отырады. Ал, дер кезінде қщолданылған әзіл-қалжыңдарды шатақ, ашулы және күлдргі сөздер толықтырады. Осы жерде айта кету керек, мұғалімдердің әртүрлі стильдегі жағымды қатынасының негізінде оқушыларға деген махаббат, адамгершілкке тәрбиелеу, мәдени дамыту бар. Олардың қарым-қатынасынан педагогикалық еңбекке берілгендігі байқалып тұрады.
Мұғалім қарым- қатынасының өзіндік стилі мұғалім өзі таңдаған коммуникативті операция негізінде қалыптасады. Әрекетінің талап етуіне сәйкес жасаған педагогтың таңдауы өзіне деген қанағаттанушылықты тудырады.
Керісінше егер ол индивидуалдық қасиеттерге қарсы тұратын болса, дискомфорттың кері тұсы туындайды.
2. 1. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік
Педагогикалық қарым- қатынастың маңыздылығын ескере отырып, ғалымдар « сыныпқа кіруші педагогқа өсиетті» енгізді.
1 Өзіңіздің балалармен қарым- қатынасыңыз жайында ойланыңыз, оларды тұрғызыңыз.
2 Педагогикалық әңгіме жүргізу барысында педагогикалық мақсат пен міндет шеңберінен шықпаңыз, баланың қызығушылығын жоғалтпаңыз.
3. Өз сөзіңізді мықты балаға немесе балалар тобына бағыттаңыз.
4. Жекеөзіңіздің ақпаратыңызбен шектеліп қалмаңыз, балалармен қарым- қатынас ұйымдастырып, белгілі бір дәрежеде әсер етіңіз.
5. Қарым-қатынастың «жоғарыдан төменге » түрін құрыңыз. Мынаны еске ұстаңыз, тіпті кішкентай бала да өзара әрекетте өз-өзімен болуға ұмтылады. Осы кездегі сіздің ахуалыңыз А. С. Макаренкорның мына сөзімен анықталады:
«керемет тұлға».
6. Балалар ұйымындағы психологиялық атмосфраны түсінуге тырысыңыз. Бұл сізге балалармен қарым-қатынаста қажет болады.
7. Балаларды тыңдай біліңіз.
8. Сізбен әгімеде балалардың көңіл-күйін сезе біліңіз.
9. Мынаны ұмытпаңыз: өзіңіздің педагогикалық пікіріңізбен қарсы тұрсаңыз, балаларда келіспеушілік туындауы мүмкін.
10. Баланың қателігін түсіндіруде тактикалы болуға тырысыңыз.
11. Тұйыққа тірелетін күрделі жауаптарды болдырмау үшін, сұрақтарды «не үшін?» «қалай?» «неге?»
дегеннен бастаңыз.
12. Әңгімеде бастамашыл болыңыз.
13. Әңгіме барысында қыздардың мінезінің ерекшелігіне назар аударыңыз. Олар эммоцияға берілгіш, өкпелегіш болып келеді.
14. Балалармен жұмыс жасағанда манерадағы жоспардан аулақ болыңыз.
15. Балалармен жұмыста жағымсыз қарым -қатынасқа жол бермеңіз.
16. Құрылымсыз бастамада тек сын айта беру пайдасыз.
17. Балаларға қарап жиі күлімдеңіз.
18. Сізді құптаушылардың, мақтаушылардың көп болуына тырысыңыз.
19. Сіздің балаларға қандай қарым- қатынас жасап жат қаныңызды балалар білуі керек. Сіздің олардың мінезіне берген бағаңыз олардың сізге деген қарым -қатынасын анықтайды.
20. Өзіңіздің әр балаға деген қарым-қатынасыңызды есте ұстаңыз . егер сіздің мінез -құлқыңыз өзгерсе, балалардың жағымсыз мінез-құлқын тудырады.
21. Әр әңгіме-дүкеннің стратегиясын жасап, алдын ала дайындалған дұрыс.
- Балалар өсіп, алғашқы мінез-құлқының өзгеріп отыратындығын естен шығармаңыз.
23. Мұғалім мен сынып, тәрбиелеуші мен топ арасында папйда болатын барьердің болуы мүмкін. Осы тұста топтың әлеуметтік психологиялық жағдайын, сыныптағы балалар арасындағы қарым-қатынасты есте ұстаған жөн. А. С. Макаренко жазған «Менде педагогикалық талант жоқ, мен педагогикаға кездейсоқ келдім. Бірақ мен үйрендім, мен өз ісімнің шеберіне айналдым. »
Педагог өзіне қажетті әрекетті анықтап алғаннан кейін ғана педагогиалық еңбектің құрылымын, оның ұйымдастырылуын дұрыс бағалауға болады. Педагогикалық әрекеттің шығармашылық тұсы оның объективті маңызды қасиеті болып табылады. Оның маңыздылығы сол, педагогикалық жағдайлардың көпүлгілігі, олардың бір мағаналық емесігі олардан шығатын тапсырмалардың шешілуіне және анализіне вариативтілікт і қажет етеді.
Педагогтың шығармашылық потенциалы оларда қордаланған әлеуметтік тәжірибенің психологиялық- педагогикалық және пәндік білім, жаңа ойлар, талаптар мен қабілеттер негзінде қалыптасады. Тәжірибе мынаны көрсетеді:
Шығармашылық -еңбекке деген қатынасы құнды болатын адамдарға тән, және ол кәсіби жіктелуін жоғарлатуға және алған тәжірибесін, білімін толықтыруға тырысатын адамға ғана келеді
Педагогтың шығармашылығының пайда болу аясына педагогикалық тапсырманың еріксіз түрде стандартсыз, нақты шешілуін жатқызады. Сонымен қатар педагогтың шығармашылығы коммуникативті тапсырмаларды шешуде де аз көрінбейді. В. А. Кан-Калик мұғалімнің шығармашылық әрекетінің логикалық -педагогикалық аспектісімен қатар эммоционалдықты бөле отырып, коммуникативті шығармашылықтағы педагог әрекетінің ерекшелігін атап көрсетеді жаңа коммуникативті тапсырмаларды табу және іздестіру, оқушылармен топтық жұмыста қарым-қатынастың жаңа формасын орнату. )
Педагогикалық шығармашылықтың жекелік аясында педагогтың өзін-өзі шығармашылық тұлға ретінде анықтауы жүзеге асады.
Батыс елдерінде білім беру жүйесінде қабылдаған ерекшеліктер бар. Ол культтехнологиялар тек білім саласында ғана емес. Мұғалім жұмысының нәтижелілігі балалар кірістірілген процестің алгоритмімен анықталады. Олжақта яғни батыс елдерінде нәтижеге кепілдік беретін технологиялар әлдеқашан жарияланған. Есесіне шығыста барлық уақытта мұғалімнің тұлғалық роліне басты назар аударған. Ол жақта білім алуға дайындық Гуруға сену деңгейімен анықталады. Бірақ біз Шығыс пен Батыстың ортасында қалып қойдық. Және де қазіргі таңда біздің білім жолайрықта. Біз барлық елдермен тату түрде білім беру жүйесмен олай-бұлай жүрміз.
Мұғалімнің педагогикалық өмірбаяны өзіндік ерекшелікке ие. Және де әркім бірден шебер бола алмайды. Кейбіреулердің бұған көп уақыты кетеді. өкінішке орай жеке педагогтар қатардағы разрядта қалып қоятыны да болады.
Шебер болып, бірдеңеі жүзеге асыру үшін мұғалім педагогикалық процестіің заңдылықтары мен механизмін игеруі керек. Бұл мұғалімге педагогикалық түрде ойлап әрекет етуге мүмкіндік береді. Яғни, педагогикалық құбылыстарды өзінше саралап, оларды құрылымдық элементтерге жіктеу, әр бөлктің тұтаспен байланысын негіздеу, оқыту теориясы мен тәрбиелеу ойларынан тұжырымдар ж-әне принциптер табу, құбылысты дұрыс анықтау, оның психологиялық- педагогикалық
Категорияның қай түріне жататындығын анықтау, негізгі педагогикалық тапрсырманы табу және оның шешілу жолдарын табу. Кәсіби шеберлік өзінің әрекетінде ғылыми теорияға сүйенетін мұғалімге келкді. Әрине, ол бұл жолда түрлі қиындықтарға ткездеседі. Біріншіден, ғылыми теория-бұл заңдар, принциптер мен ережделердің жиынтығы. Ал практика теорияның іс жүзінде қолданылуы. Бұл кезде мұғалімннен теориялық ойлау қабілет талап етіледі. Екіншіден, педагогикалық әрекет- бұл білім негізіне сүйенген біртұтас процес. Ол мұғалім білімінің квалификациямен орналасуы. Яғни педагогикалық процесті меңгеруге қажетті жалпылама қабілеттер деңгейіне жіктеу. Бұл мынаны білдіреді: мұғалім педагогикалық қабілеттерді теорияның әсерімен ғана емес, одан тәуелсіз меңгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz