Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1 Қ. Р ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (әдебиетке шолу) 1. 1. Мемлекеттік жер кадастрының жүргізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1. 2 Жер кадастрының құрам бөліктері, құжаттылығы және байламдары ... ... 11
1. 3 Халық шаруашылығын есепке алу және жер кадастрының негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2 ШҚО АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ.КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Шығыс Қазақстан облысының жер қоры және гидрографиясы ... ... ... ... .. 26
2. 2 ШҚО Аягөз ауданы жайлы қысқаша мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2. 3 Климаттық жағдайы, топырағы және оны өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3. 1 Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
3. 2 Жер кадастр ісінің құрамы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3. 3 №22 Мемстаткомның есеп беру формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45 4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4. 1 Аягөз ауданы жерлерінің экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
4. 2 Жерге төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенті ... ... ... . 68
4. 3 Жер теліміне жерге орналастыру жұмысы барысында кадастрлық
( бағалау ) құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
5. 1 Еңбек қорғау қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
5. 2 Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария бойынша шаралар ... ... 85
ҚОРЫТЫҢДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 87
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89
КІРІСПЕ

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи, шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі, оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер жүйесін құрайды.
Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыйм-дастыруға ықпал етеді.
Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекет-тік арнаулы өндіріс орындары атқарады.
Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғар-ғы дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі.
Қаңтардың 19-ы күні ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аталмыш ведомство мен Әділет министрлігіне жер кадастры мен жеке мүліктің автоматтандырылған жүйесін құруды тапсырды.
Мемжерғылөнорталығының өндірістік бөлімшелерін техникалық және бағдарламалық тұрғыдан жаңарту жүргізілуде, Мемжерғылөнорталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары құрылымының облыс орталықтарында жер кадастрының автоматтандырылған мәліметтері жиынтығы құрылымы (ЖКААЖ) жасақталуда, аудандық кадастрлық филиалдар құрылуда.[10]
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Сейфуллин Ж. Т., Сейтхамзина Г. Ж. Жер кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу. – Астана: “ Парасат Әлемі ” баспасы”, 2005. - [ 188 б ].
2. Есполов Т. И., Сейфуллин Ж. Т. Жер ресурстарын басқару: Оқулық. – Астана: “ Парасат Әлемі ” баспасы ”, 2005 [ 284 б ].
3. Генельман М. А., Қрықбаев Ж. Қ. Жерге орналастрыудың ғылыми негіздері: Оқулық. – Астана: Фолинат, 2004. [ 154 б ].
4. Указ Президента Республики Қазақстан, имеющий силу Закона “ О земле ” от 22 декабря 1995 г., № 2718 ./ Земельное законадательство Республики Казахстан. // Сб. нормативно-правовых актов. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. [ -7-77 с ].
5. Подольский Л. И. Научные основы оценки земель. / “ Веатник сельскохозяйственной науки Казахстана ”. Алматы, Ж., НИЦ “ Бастау ”, 1997. [ 29-36 с ].
6. Сейфуллин Ж. Т. Қазақстан Республикасының жер кадастры. – Алматы: КазНИИЭОАПК, 2000. [ 195 б ].
7. Временная методика по определению нормативной цены сельскохозяйственных угодий. – Алматы: Госкомзем, 1995.
8. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. [ 100 б ]
9. ШҚО Аягөз ауданының әкімшілігінің ресми сайты e-mail: dossym_84@mail.ru. akim.ayaguz @ mail.ru
10. Әлем ғаламшар: ШҚО электрондық поштасы http://kz.uzovko.gov.kz
11. Хакімжанов Т. Е. Еңбек қорғау. Жоғары оқу орындары үшін оқу құралы. Алматы: “ ЭВЕРО ”, 2008. [ 240 б ].
12. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2007 жылғы мамырдың 15-сі №251-III Алматы: ТОО Баспа LEM. 2007. [ 292 б ].
13. Г. И. Белянов. Охрана труда. Москва. Агропромиздат. 1990, [ 52-59 с ].
14. Папаев С. Т. Охрана труда М: ИПК Издательство стандартов, 2003. [ 400 с ].
15. Основы организации охраны и безопасности труда В РК / Сост. В. И. Скала, Алматы, ТОО “ Издательство LEM ” – 2005. [ 340 с ]
16. Шығыс Қазақстан Облысының ауыл шаруашылық ұсыныстары. Алматы. 2002. [ 258 б ].
17. Сейфуллин Ж.Т., Қазақстанның жер кадастры.2003ж
18. Гендельман М.А. Научные и методические основы землеустройства. М.: «Колос»1978
19. Абдильдина Л.И., Бельгибаев Экономика сельского хозяства. Алматы «Қайнар» 1996
20. Гендельман М.А. Землеустроительное проектирование. Агропромиздат. М.: 1978
21. Пркофьев Ф.И. Охрана труда в геодезии М.: «Колос»1981
22. Конарева Ф.М. «Охрана труда» М.: «Агропромиздат»,1988
23. Нормативтік анықатама. Курстық және диплом жобаларын орындауға арналған. Ақмола,1994
24. Қазастан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы. Астан 2003ж
25. Нормативы для проектирования сельского хозяйства
26. Техническая инвентаризация недвижимости: Сборник нормативных актов. – Алматы: Юрист,2004
27. Қала құрылыс салу және архитектуралық-қала құрылыс салуда қалалық жерлерді бағалау методикасын дайындау. Москва, 1996
28. Луковников А.В. Еңбек қорғау, 1991ж.
29. Дегтярев И.В. Жер кадастры, Москва. Колос,1979
30. Жер реформасын жеделдету реформасы, 6.06.1996ж №709 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
31. Нормативті анықтама курстық және дипломдық жобаларын орындауға арналған, Ақмола. 1994

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1 Қ. Р ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (әдебиетке шолу) 1. 1.
Мемлекеттік жер кадастрының жүргізілуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1. 2 Жер кадастрының құрам бөліктері, құжаттылығы және байламдары ... ...
11
1. 3 Халық шаруашылығын есепке алу және жер кадастрының негізгі
принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 20
2 ШҚО АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Шығыс Қазақстан облысының жер қоры және гидрографиясы
... ... ... ... .. 26
2. 2 ШҚО Аягөз ауданы жайлы қысқаша мәлімет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2. 3 Климаттық жағдайы, топырағы және оны өңдеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3. 1 Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... . 35
3. 2 Жер кадастр ісінің құрамы мен мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3. 3 №22 Мемстаткомның есеп беру формасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 45 4
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4. 1 Аягөз ауданы жерлерінің экономикалық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
4. 2 Жерге төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенті
... ... ... . 68
4. 3 Жер теліміне жерге орналастыру жұмысы барысында кадастрлық
( бағалау ) құнын анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
73
5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
5. 1 Еңбек қорғау қауіпсіздік техникасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
5. 2 Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария бойынша шаралар
... ... 85
ҚОРЫТЫҢДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 87
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 89

КІРІСПЕ

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи,
шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі,
оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті
мәліметтер жүйесін құрайды.
Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы
ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыйм-дастыруға
ықпал етеді.
Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер
ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті
органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке
жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекет-тік
арнаулы өндіріс орындары атқарады.
Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғар-ғы
дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы
әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық
деңгейде жүргізіледі.
Қаңтардың 19-ы күні ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2008
жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-
Министрі Кәрім Мәсімов аталмыш ведомство мен Әділет министрлігіне жер
кадастры мен жеке мүліктің автоматтандырылған жүйесін құруды тапсырды.
Мемжерғылөнорталығының өндірістік бөлімшелерін техникалық және
бағдарламалық тұрғыдан жаңарту жүргізілуде, Мемжерғылөнорталығының еншілес
мемлекеттік кәсіпорындары құрылымының облыс орталықтарында жер кадастрының
автоматтандырылған мәліметтері жиынтығы құрылымы (ЖКААЖ) жасақталуда,
аудандық кадастрлық филиалдар құрылуда.[10]

Дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданның жер
кадастрлық жұмыстарын жүргізу жайлы мәліметтер мен құжаттылығын қарастрады.
Барлық материалдар мазмұны, дұрыстығы және толықтығы жағынан талданады, жер
кадастры бойынша мәліметтерді алу үшін өңделеді және кейін пайдаланылады.
Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аулданының климаттық жағдайы
туралы мәліметтер жаздым, яғни оның климаттық жағдайы мен топырақ
жағдайлару туралы және т.б. мәліметтер еңгіздім, яғни ауданның жер қоры
экономикалық ағдай туралы жазылған.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы бойынша жылдық есеп жүргізу
тәртібі негізінен № 22 Мемлекеттік статистикалық есеп беру формасы арқылы
есептелінеді.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы бойынша жер кадастрлық жұмыстардың
атқарылған негізгі міндеттері, мынадай:
- кварталдардың кодын есепке алу мен шекараларын анықтау, жерді аймақтарға
бөлуде жер-кадастр бойынша жұмыстар жүргізу;
- жер-кадастр картасы, мемлекеттік жер-кадастр кітабы, жер-кадастр іс-
қағазы, осындай жер-кадастр құжаттарының жаңа формасы жасалды;
- стандарттау мен оның технологиясы базасында кварталдық есеп жүргізу мен
аудандарда жер-кадастр карталарының технологиясы жетілдірілуде;
- жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамту жетілдіруде:
- жер кадастрын енгізудің толық жүйесін қалыптастыру бойынша Қазақстан
Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі бірыңғай
технология бойынша мемлекеттік жер кадастрын енгізуде, Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу орталық-
тарымен, Мемлекеттік кіріс министрлігімен, өзге де мемлекеттік басқару
орган-дарымен өзара байланыс және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
[9]
Жер кадастрының объектісі - болып ең біріншіден жер болып табылады,
яғни жермен тығыз байланысты жылжымайтын мүліктін ( жер, тұрғын үй,
ғимарат, құрылыс кешені және т.б. ) барлығы жер кадастрының объектісі болып
саналады.
1. ҚР ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мемлекеттік жер кадастрының жүргізілуі

Материалдық игіліктің қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде
жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер
кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс
және арнайы салық объектісіне айналады.
Сондықтан қоғамның белгілі бір даму сатысында алдымен жерді есепке
алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын
жүргізу қажеттілігі туындайды.
“ Кадастр ” сөзі “ салық салынатын заттардың тізімі ” деген ұғымды
береді. Осыған байланысты әуелде кадастр деп салық-танатын заттардың тізімі
тіркелген кітап ( реестр ) аталды. Бұл кітаптар есепке, бағалауға алынған
объектіге байланысты жер, су, орман және т. б. Кадастры деп бөлінеді.
Сонымен, біржақты түсінікте жер кадастры – жер салығы салы-натын заттар
туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық салу үшін жер туралы
мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша
мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрдың басқа түрлері-нен жер
кадастры өзінің объектісімен ( жер өндіріс құралы және материалдық
игіліктердің қайнар көзі ) ерекшеленеді. Жер кадастры әдістемесінің
ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктер келесідей:
1) Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып табылады. Ол
қай болмасын өндіріс процесінің шарты. Бірақ оның ролі қоғам
өндірісінің әр түрлі саласында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және
құрылыста ол еңбек жасалатын орын ретінде көрінеді. Ауыл шаруашы-
лығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана
емес, еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылы-ғында
жер - өндірістің ең асты құралы.
2) Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыл-майды.
Өндірістің басқа құралдары өнімділіккүштер даму барысында сан жөнінде
өзгере алады, ескергендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда
ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.
3) Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның
тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайда-лануға
және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
4) Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл
шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып өсімдіктердің
өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлы-
ғымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді
керісінше жақсарады сөйтіп, оның құнарлығы жоғарлайды. [ 1. 51-52 ]
Жердің айрықша ерекшелігі – ауыл шаруашылық өндіріснде оны пайда-лану
сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жер кадастрының мәні мынандай: жер кадастрдың объектісі ретінде,
бәрінен бұрын, кеңістік өлшемдері және жағдайларынмен сипатталады. Оның
сандық және сапалық көрінісі үшін, кеңістікте есептелетін заттың тиісті
өлшемдерін жүзеге асыратын, яғни жергілікті жерде арнайы түсірістер мен
тексерулерді жүргізу талап етіледі. Қағазда тиісті масштабта, графикалық
тәсіл-дермен алынған нәтижелер негізінде, сол жергілікті жермен бірдей,
жоспарлы-картографиялық құжат ( жоспар, карта ) алынады. Бұл жоспарда
қандай мән-дер көрсетілгендігіне байланысты. Кешенді жоспарлы-
картографиялық мате-риалдарда мәліметтердің бәрі бейнелеп көрсетіледі
(кескінделеді ), жер кадастры үшін ( жер кадастрлық карта ) қажет болуы
мүмкін. Жоспарлардың масштабы кадастрландырылатын территориялардың ( жер
пайдалану, облыс, аудан территориясы және с.с. ) өлшемдеріне, атқаратын
қызмет жүгіне, маз-мұнына байланысты түрлі болуы мүмкін.
Жер кадастрының қазіргі түсініктегі қалыптасқан. Сондықтан салық салу
мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша айырылады.
Жер кадастры бойынша материалдар жер-құқықтық мәселелерді шешуде
кеңінен қолданылады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, басқа да
қажеттіліктер үшін ( жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топы-
рақтар эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау ) пайдаланылады. Жер
кадастрының негізгі міндеті жер иелері алатын пайданың бір бөлігінің
мемлекетте түсуі мақсатында тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала
береді. Бұл капиталистік жер қатынастарының мәнімен есептеледі - әр елде
және әр уақытта жүргізілген жер кадастры жұмыстарының мазмұны мен
әдістемелерінің ерекшеліктері болсада, жалпы оларға жер туралы мәліметтерді
алу тән болған. Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, оны
жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы түрде жер
кадастрына келесі әрекеттер тән:
1. Жерлерді есепке алу;
2. Жерлерді баяндау;
3. Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері,
құрамы және сапасы анықталады.
Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс – тарихи және экономикалық
қасиеттер анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және
пайдалылығы анықталады.
Жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір
сатысында пайда болған жер кадастрының зерттеу, есепке алу, бағалау,
алқаптарды түрлері және сапасы бойынаш топтастыру әдістері, тәсілдері
жетіле түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану арқаснда жүйелі түрде жер
кадастры ақпараттарының дәлдігі жоғарлады, құжатардың рәсімі, мазмұны
жетілді. Жер кадастры арнайы дайындықты, білімді талап ететін күрделі
шараға айналды. [1. 53 ]

1. 2 Жер кадастрының құрам бөліктері, құжаттылығы және байламдары

Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:
➢ Жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемаларын және жер
ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың бағдарлама-ларын
әзірлеу;
➢ Жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен
қазіргі қолданыстағыларын ретке келтіу жобаларын жасау, жер
учаскелерін орналасқан жерінде бөлу мен шекараларын белгілеу, жер
пайдалануға, иеленуге құқық беретін құжаттар жасау;
➢ Елді мекендердің жер шаруашылық құқрылысының, жеке жер
пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер
игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байла-
нысты басқа да жобалар әзірлеу;
➢ Жерлерді есепке алу, пайданылмай жатқан жерлерді анықтау,
топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геобота-
никалық және басқа іздеу мен зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
➢ Кадастрлық және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары
жөніндегі басқа да карталарды ізірлеу;
➢ Жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үлестіру, дерлерді пайдалану
мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де
функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің
жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді
анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.
Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер
қорының табиғи, құқықтық, шаруашылықтық жайы туралы мәліметтер қажет.
Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу,
бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспароларын, бағдарламаларын,
болжамдарын ғылыми негіз деп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу
керек. Осы жағдай адам қорын, материалдық, табиғи қорлардың ( соның ішінде,
әсіресе, жердің маңызы зор ) есепке алу қажеттілігін туындатады.
Кадастр мәліметтерін, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері
мемлекет тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддерісінде емес,
сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау
мақсатында, сондай – ақ жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын
қорғауда қолданады. Сондықтан жер кадастры мәліметтерінің құқықтық маңызы
да зор.
Жерді мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін бөліп берудің ең
қолайлы жолын негіздеуде кадастрлық мәліметтердің атқаратын рөлі зор. Осы
мақсаттар үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз
немесе аз жарамды, сондай-ақ пайдалануға, иеленуге берілмеген жерлер бөлі-
неді. Сондықтан жер қорын пайдалану, үлестіру, жердің нақтылы жай-күйі,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсаитындағы алқаптардың өнімділігі туралы
мәліметтер қажет.
Сонымен, қазіргі уақытта жер кадастрының міндеттері кең және жауапты.
Жер кадастрының міндеттерімен мазмұнын Қазақстандағы жер кадастрының
мақсаттары мен арналуы анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз кезегі
қолданылатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық деңгейде сәйкестті
тәртіпте жүргізілуін, әрбір жеке жер учаскесіненн бастап, жалпы мемлекеттік
дәрежеде болғанын қажет етеді. Мемлекеттік есепке алудың біыңғай жүйесін
ұйымдастыру мемлекеттік жоғары басқару органдарының міндеті болған-дықтан,
сол органдар жер кадастрының арналуын, міндеттерін, мазмұнын, құрамдық
бөліктерін және оны жүргізудің тәртібін анықтайды, жер кадастры
мәліметтерінің, құжаттарының мазмұның, кадастрлық есептін рәсімін, жер
кадастрының жүргізілетін бақылау және кадастрлық жұмыстарды орындауды ,
ұйымдастыруды белгілейді.
Жер кадастры ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің,
картографиялық проекциялардың классификатор, код, кіру және шығу формат-
тарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жылмен ақпаратты өзара
сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтері топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, карто-
графиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық,
бағлаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы
қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі, белгіленген
тәр-тіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық
шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.
Кадастрда әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалар келтіріледі.
Олар учаскенні кеңістікте бөліп көрсетеді оның орнын мөлшерін анықтауға,
сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүміндік береді. Жер учаскелері туралы
мәліметтер жер кадастры карталарында да келтіріледі оның калдастрлық номе-
рі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.
Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда
учаскенің кадастрлық номері, жеке немесе заңды тұлғаның ( жер учаскесінің
құқықтық субъектісінін ) аты, атқарушы органндардың хаттамалары, орны,
мөлшері, бағалық құны , нысаналы арналуы, бөлінуі-бөлінбеуі, сервитут , пай-
далану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәлі-
меттер меншіктеу түрлері, жер санаттары, аудандар, облыстар, қалалар,
респуб-лика бойынша жүйелендіріледі.
“ Жер кодексіне ” сәйкес Қазақстанда мемлекеттік жер кадастры келесі
құрамдық бөліктерден тұрады – жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу,
топырақтарды бонитеттеу, жерді бағалау және жер учаскелерімен мәміле жа-
сау. Бірыңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер
учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен, жерді пайдалану тәртібі
заңды түрде рәсімделіп, ал жер учаскесілері белгілі территория, жылжымайтын
мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметті жер
учаскелерінің мемлекеттік тіркеу өткізеді оның мәліметтер жердің белгілі
көлемін нақты немесе заңды тұлғаладың пайдалануы үшін негіз болып келеді.

Жер кадастрының құрамдық бөліктері:
➢ Мемлекеттік жер кадастры;
➢ Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
➢ Жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу (сан және сапалық),
жерлерді бағалау (топырақтарды бонитеттеу, жерлерді құндық бағалау ).
Есепке алуда жер мөлшері, кеңістік орналасуы, сапалы жай-күйі, пайда-
лану бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр нақтылы
пайдаланушының, иеленушінің жер учаскесінің өлшемдерін жазғанда негіз
болады. Мемлекеттік бос жерлері олардың орындары бойынша жеке орналас-қан
жер массивтері бойынша есепке алынады.
Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен
қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Топырақтың табиғи қасиеті бірдей
болмайтындықтан, олардың салыстырмалы түрде бағалау қажет, яғни
топырақтардың бонитеттеу керек. Жерлерді тіркеу, есепке алу жөніндегі
мәліметтер жеке учаскелердің топырақтары бонитеттеу бастапы ақпарт болып
келеді. Жердің сапасы табиғи фактормен шектелмейді, экономикалық жағдай-
ларға тәуелді болмайды. Сондықтан жердің өндіріс құралы ретінде экономика-
лық бағалау керектігі туындайды. Осы бағалаудың мәліметтерін тіркеу –
есепке алу және бонитеттеу мағлұматтарына сүйенеді.
Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланыс және жүзеге асыру ізділігі
осындай. Өз кезегінде, кадастрдың әр бөлігінің жүргізілуінің нақты арнаулы,
мазмұны, белгілі әдістемелері тәсілдері бар. Оның әрбіреуі белгілі жағдайда
жеке жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бір кезеңде жер тіркеуге, ал басқа уақытта
– жерлерді есепке алуға назар аударылады. Белгілі кезеңде оларды
топырақтар-ды бонитеттеу және жерлерді экономикалық бағалау мәліметтері мен
толық-тыру қажеттілігі туады. [ 1. 57-62 ]
Мағлұматтарды алу және кадастрлық құжатты толтыру үшін алғашқы
құжаттардың мәліметтері пайдаланылады.
Жер кадастры құжаты текстік және жоспарлы-картографиялық болып
бөлінеді. Текістік – кітап, ведомос, карточка, тізім, түсіндірме жазулар
түрінде болады. Жоспарлы-картографиялық – құжаттар жер учаскелерінің сызба
бейнелерін көрсетеді, жоспарлар, карталар, картограмалар. Жер кадастрының
басқа есепке алу түрлерінен айрықшылығы – оның тек жоспарлы-картогра-фиялық
негізде жүргізіледі. Қазақстанда жер кадастрын жүргізу автоматтан-дырылған
жүйеге салынып отыр, барлық мәліметтер компьютерге еңгізіліп, электрондық
жоспар-карта түрінде шығарылады.
Кадастр құжаттары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі құжат
рәсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын
басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс
жасайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “ Мемлекеттік жер кадастрын
жүргізу тәртібі ” туралы Қаулысы бойынша негізгі жер кадастрлық құжаттарға
мыналар жатады:
1. Жер учаскесінің жер кадастрлық ісі;
2. Аудандық ( қалалық ) мемлекеттік жер кадастрлық кітабы;
3. Жер кадастрлық карта.
Тиісті жазуларжың заңы негізі ретінде құжаттар жерлердің барлық
санаттары бойынша кадастрлық құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол
құжаттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, атқарушы органның
шешімдері.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік
құжатқа жатады. Оған қосымша картограмалар, диограммалар, жоспарлы-
картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында – жер
учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі
байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлық құжатта
негізгі жер кадастрлық құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсінікте-
мелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлық құжатты толтыру үшін
алғашқы құжаттардың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру және зерттеу,
жоспарларды түзету материалдары, түгендеу, жерді үйлестіру, орманды үйлес-
тіру, мелиорация және т. б. мәліметтер жатады. Жер кадастрының кейбір бөлік-
терін жүргізу үшін қажетті кадастрлық құжаттардың және материалдардың,
жұмыстардың түрлері:
1. Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер
учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі,
жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі,
ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картогра-
фиялық жұмыстар;
2. Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу және есеп беру
құжат-тары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау
мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері
бойынша есепке алуды жүргізу;
3. Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді
бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботани-
калық зерттеу, ізденіс материалдары;
4. Жер кадастрыныңавтоматтандырылған жүйесі – компьютерлік техни-камен
қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін
бағдарламамен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және кадастрын
ақпараттарын пайдалану. Белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер
кадастрының мәліметтері осы жер учаскесі есепке алынған орын бойынша үзінді
түрінде беріледі. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін құжаттау қағазға
түсіріліп және электрондық тасығыштарға жүзеге асырылады. Қағазға жазылған
мәліметтер мен электрондық тасығыштарда жазылған мәліметтер арасында
алшақтықтар болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында
өзгеше белгіленбесе, қағазға түсірілген мәліметтер басымдыққа ие болады.
Жер учаскелері туралы кадастр мәліметтері жер кадастр карталарымен
арақатынаста болады. Жер кадастрының мемлекеттік құпия мен өзге шектеу-
лерді қамтитын мәліметтерді баршаға қолжетімді болып табылады және заңды
тұлғаларға ақылы негізнде беріледі.
Жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті тіркеу
мақсатында есепке алу меншік құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ
жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін
қажетті шарт болып табылады. Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу
жұмыстарын жүргізу тапсырыс берушілердің қаражатын есебінен жүзеге
асырылады.
Жер кадастры ең алдымен жерді тіркеу кадастры мемлекеттің жер ре-
сурстарын басқаруды жүргізумен қоса, мемлекеттік жер меншігін қорғауды
жерді пайдаланушылар мен жер учаскелері иелері құқығын қорғауды жүзеге
асырады. Сондықтан жер кадастрының мәліметтері тек экономикалық қана емес,
құқықтық та мәңге ие.
Қазақстан Республикасында қалыптасып жатқан мемлекеттік жер
кадастрының жаңа құрылымын біздің ұсынуымыз бойынша осылай сипаттау жер
кадастрлық жұмыстардың халық шаруашылығы үшін маңыздылығын, күр-делілігін,
қомақтылығын, сондай-ақ кадастрды мемлекет басшылығы тарапы-нан
жүргізілуінің қажеттілігін әдістемелік тұрғыдан дұрыс көрсетуге мүмкіндік
берді. [ 1.64-65 ]
Қазіргі жер кадастрына оның міндеттерінің күрделігі мен объектісінің
айрықшалығына себептелген көп қызметтігі тән. Сондықтан Қазақстан Респуб-
ликасының мемлекеттік құрамын келесі өзара байланысты байламдарға бөлуге
болады: құқықтық, қаржылық, көп қызметтік.
Сонымен қатар мемлекеттік жер кадастры құрылымының жаңа схемасы қазір
Қазақстанда дамып келе жатқан жер кадастрының жүйесі бұрынғы Кеңес
жүйесіндегі жер кадастрынан түбегейлі басқа екендігі белгілі. Оның ең
басты ерекшелігі, айырмашылығы – кадастрдың құықтық және қаржылық байлам-
дары мәндерінің, қызметтерінің өсуі. Халық шаруашылығының барлық сала-
ларының нарықтық қатынастардың еңгізілуіне байланысты бір айырмашылық –
жер кадастрының барлық байламдарында ғарыштық, аэротүсіру негізінде жер
мониторингісін жүргізу, жер кадастрында автоматтандырылған ақпараттық
жүйені қолдану, жетілген өлшеуіш, талдаушы аспаптар, жаңа техникалық құр-
алдар, технологиялар қолданып, барлық процестердің автоматтандырылуы.
Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін түсіну және оның әрі қарай
дамуын болжау үшін, оның пайда болуы мен дамуының тарихын жақсы білу керек.
Ал жерлерді бағалау тек қана жеке жер мәселелері мен шаруашылық
міндеттерді шешуде ғана жүргізіледі. Алғашқы жылдары жер кадастры әдіс-
терінің және міндеттерінің қажеттілігі “ Жер туралы ” деректе кеңестік жер
өзгертулерін жүргізу қажеттілігімен негізделген. Деректің 3-бабына сәйкес,
помещик жерлерін таратып алу тәртібін қатаң сақтау, тәркіленген мүліктің
дәл тізімін жасау, халыққа өтеттін жерлерді қатаң қорғау ояздық шаруа
депутат-тарына жүктелді. [ 2.102-103 ]

Сұлба 1. Мемлекеттік жер кадастрының байламдары

Жер кадастрының құқықтық байламының негізін жер учаскелеріне құқықты
куәландырылатын құқжаттарды беру мен кейін тіркеу және жер құқығына қатысты
барлық мәліметтерді тұрақты өзгертуді пайдалануда оның бөлінуін,
бөлінбеуін, шектеуін, сервитут сияқты ауыртпалықтарды анықтау құрайды. Осы
байламға құқықтық механизм қолданылатын мемлекет мүдде- сіне жер
учаскелерін бөліп беруді, алып қоюды келісімдеу немесе сот шеші- мі бойынша
жүргізілетін жұмыстар мен әдістерді де жатқызуға болады.
Жер кадастрынан қаржылық байламы жер үшін төлемді ипотекалық
кредиттеу, жер учаскелерін және жерді пайдалану құқығын сату мөлшерін
анықтау үшін жүргізіледі.
Жер кадастрының көп қызметтік байламы жер учаскесін сипаттаушы
мәліметтер жиынтығымен ( құнарлық, топырақ және өсімдік жамылғысы, гео-
морфология, гидрология, орналасуы, экологиялық жағдайы және т. б. ) қоса
жерлерді сан және сапалық есепке алуды, сақтауды, беруді ( жер учаскелер-
інің, кварталдардың, аудандардың, қалалардың, облыстардың, республиканың
электрондық карталарымен қоса ) қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе
мен жер туралы есеп жасау және есеп беруден тұрады.
Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болып қалыптаспас бұрын,
жерді тіркеу, есепке алу, бағалу халық шаруашылғының ертеректегі даму
кезеңдерінен бастап, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ олардың
арасында әрқашан біелгілі өзгерістерден өтті. Бірақ олардың арасында
әрқашан бір белгілі байланыс болды. Сондықтан олардың дамуын, жетілу
тарихын шын мәнінде тұтас жүйе ретінде, Кеңестік жер кадастрының
қалыптасуы, даму тар-ихы деп қарауға болады.
Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін түсіну және оның әрі қарай
дамуын болжау үшін, оның пайда болуы мен дамуының тарихын жақсы білу керек.
Ал жерлерді бағалау тек қана жеке жер мәселелері мен шаруашылық
міндеттерді шешуде ғана жүргізіледі. Алғашқы жылдары жер кадастры әдіс-
терінің және міндеттерінің қажеттілігі “ Жер туралы ” деректе кеңестік жер
өзгертулерін жүргізу қажеттілігімен негізделген. Деректің 3-бабына сәйкес,
помещик жерлерін таратып алу тәртібін қатаң сақтау, тәркіленген мүліктің
дәл тізімін жасау, халыққа өтеттін жерлерді қатаң қорғау ояздық шаруа
депутат-тарына жүктелді. [ 1. 66 ]

1. 3 Халық шаруашылығын есепке алу және жер кадастрының негізгі
принциптері

Халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлері шаруашылық қызметіне
жатады және ақпаратты бақылау, жинау, өңдеу, талдау процесін жүзеге асыруға
бағытталған ( оларды бақылау және дамуына әсер ету мақсаты-мен процестерді
сапалық көрсету, сипаттау ). Халық шаруашылық есепке алу-дың тиісті
өлшемдер ( натуралдық, еңбектік, құндық ) абсолюттік және салыс-тырмалы
шамалары қолданылады.
Натуралдық өлшемдер ( сан, ұзындық, салмақ ) шаруашылық құрал-дарының
нақты түрлері мөлшерін береді. Мысалы, жер ауданын тек қана натуралдық
өлшемде ған акөрсетуге болады ( га ). Дегенмен, натуралды өл- шемдермен
тұтас өндірістік процестердің, әрекеті объектілер мен процестердің (аудан,
масса ) көрсеткіштері әр дақылдың тиімділігі бойынша бағланады да, тұтас
жер сапасын салыстыру мүмкін емес.
Еңбек өлшемдер шаруашылық өзгерістерді көрсету үшін жұмсалған еңбек
мөлшері, уақыт бірлігі ( сағат, жұмыс күні ) ретінде қоланыладжы.
Натуралдық көрсеткіштермен бірге олар еңбек төлемін, өндіру нормасын
есептеу үшін пай-даланылады.
Құндық өлшем талдауда кең қоланылады, ол бүкіл шаруашылық әрекет-тері
нәтижелерін қорытуға мүмкіндік береді. Жер кадастрында оның көмегімен жерге
жалпы баға береді.
Статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында кең
қолданылады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың пайдалануын сипаттада
дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдары,
жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы есепке алу құжаттарында болатын
мағлұматтарды жер кадастрында кеңінен қолданылады. Әсіресе алқаптар ауданың
алудың, өңдеудің, талдаудың статистикалық тәсілдері мәнді. Мысалы жерді
есепке алуд, бағлауда статистикалық топтау, бақылау және баанс әдістері,
сондай-ақ салыстырмалы, орташа шамалар, индексар, корреляциялық талдаулар
қолданылады. Өз кезегінде жер кадастры мағлұматтарын жер пайда- лануды
талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда
пайдаланылады.

Сұлба 2. Жер кадастрында есепке алудың тиісті мөлшері

Жер кадастрының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны
ерекше. Онда статистикалық және жедел есепке алу сәттері жанастырылады.
Статистика - әдетте қоғамдық өмір немесе құбылыстардың жанжағын
сипаттайтын сан көрсеткіштері жиынтығын айтады. Статистикалық есепке алуда
мәліметтерді алу, өңдеу, талдау бойынша айрықша тәсілдер қолдан-ылады. Ол
толық орта шамалық және т. б. әдістер. Бұл әдістерді жер кадастр-ында
қолданылады.
Бухгалтерлік есепке алу - өндіріс жүрісін, кіріс, шығысты, қаржылық
нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның объектісі шаруашылық процестер,
материалдық құндылықтар болып табылады. Ол кезең қатаң құжаттылыққа
жүргізіледі, оғагн есепке алынатын екі жақты тексеру тәсілі тән.
Жедел ( қолма- қол ) есепке алу – объектісі болып жеке шаруашылық
операциялар, сондай-ақ өндірістің жеке звенолары саналады. Жедел есепке
алуда натуралдық, ақшалық, еңбек өлшемдері қолданылады.
Жер кадастры жерді үйлестірумен өте тығыз байланыста. Олар жер
қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етеді. Екі жағ-
дайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жерді үйлес-
тіру арқылы мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтиже-сінде
халық шаруашылқ, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларда жақсы терри-ториялық
жағдайлар жасалынады.[ 6. 53-58 ]
Жерді үйлестіру мәселелерін шешу - республикамыздағы барлық жерлер
мен әр жер учаскесінің табиғи, шаруашылық және құқықтық жай-күйлері туралы
нақты мағлұматтар алу қажеттілігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл
мағлұматтарды мемлекеттік жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелио-
рация, рекультивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруды кадастр мәлімет-
тері бастапқы мағлұмат ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды
жүргізуде алқаптардың бір түрінен, екіншісіне көшу жобаларын іске асыру
тексерулері, зерттеулер кадастр үшін қажетті мағлұматтарды алуға және
бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.
Жоспарлы-картографиялық мәліметтер қашанда қазіргі заман дәрежесіне
лайықты болуы керек. Бұл мақсаттар үшін оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл
жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және
жоспарға еңгізеді. Жер кадастрының нақты талаптар ұсынылады. Олар жердің
кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдаланылуын сипаттайтын
жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек. Жергілікті жер-
дің барлық элементтері жоспарларда жеткілікті дәлдікпен және толықтықпен
бейнеленеді.
Қазіргі уақытта аэрокосмостық әдістер, соның ішінде оптикалық және
инфрақызыл диапазонда көп спектрлік түсірістер мен радиолакациялық түсіріс-
тер көмегімен жер ресурстарын жан-жақты зерттеудің нақты мүмкіндігі туады.
Бірінші әдіс әр түрлі жер учаскғелерінің жер бедері мен т.б. дымқылдану
және тұздалуы дәрежелері, топырақ және өсімдік жамылғылары туралы
мәліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін.
Мемлекеттік жер кадастрының негізгі принциптері сегіз белгілі дәрежеде
жүргізіледі, олар: жүйесінің бірыңғайлығы, мәліметтердің сенімділігі, мағлұ-
маттардың толықтығы, үздіксіздігі, құжаттылығы, мәліметтердің көрнектілігі,
анықтылығы, қол жетімділігі, үнемділігі, орталық мемлекеттік басқару деп
бөлінеді.

Сұлба 3. Жер кадастрының негізгі принциптері

Жер кадастры жүйесінің бірыңғайлығы. Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай
әдістемелік негізде жүргізіледі. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер
қорын табиғи, шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негіз-делінген
көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісім-ділік
тболу керек:
1. оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асуы;
2. екінші жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолар
( кәсіпорын, аудан, қала, облыс ) мен оларды алу тәсілінде;
3. Жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқ-
талатын мазмұнында.
Жер калдастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объек-
тивтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерін, үлестірілуін
және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты.
Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен
байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылық,
құқықтық, жай-күйлері туралы қажетті дәлдікті мағлұматтармен қамтамасыз
ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін
қолдану керек. Жерлер жай-күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша
топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстылығы кадастрлық жерлердің нақтылы жер
аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл
талап жерлерді зерттеуде жетілген қазіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана
орындалады.
Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық,
құқықтық жай-күйлері туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен
айқындалады. Кадастрлық мағлұматтарлдың дәлдік дәрежесі және оның
құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне ( аудан, облыс, респуб-лика )
тәуелді. Жер қорының мөлшері, жай-күйі, пайдалануы туралы дәл және толық
мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты
пайдалануы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынылуы керек.
Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері
кдастр құжаттарына есепке алынып жазылады. Өзгерістердің түріне байла-нысты
бір мағлұматта (есепке алу, тіркеу ) жүйелі түрде көрсетіліп отырса,
басқалар ( бағалық ) – оқтын-оқтын жаппай немесе тандау тәртібімен жаңар-
тылып отырады.
Жер кадастрының құжаттылығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық
жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиімсті құжаттар,
материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті
мемлекеттік органдар немесе олардың мәліметтер бойынша нотариалды
куәландырылған құжаттарға сүйенеді.
Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетімділігі.
Материалдарды кадастрлық құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастыруы-мен
қатар, әр түрлі картографиялық материалдарды, кадастрлық ақпаратты жинау,
талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды,
картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологияны қол-
данумен жетілді.
Жер кадастрының үнемділігі. Қазіргі өлшеу, зерттеу әдістерін, сондай-
ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағлұматтарды алу және
оларды қазіргі деңгейдің ең аз шығынымен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофото
түсіру және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық
аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының
үлестірілуі, жай-күйі және пайдаланылуында өтіп жатқан барлық өзгерістерді
ескеруге мүмкіндік береді.
Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару. Кадастр жұмыстарын бірдей
әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының жай-күйі, оның пайдаланылуы туралы
салыстырмалы сенімді мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Қазақстан
Республикасында мемлекеттік жер кадастрын басқару, жүргізу жер қорын бас-
қару жөніндегі агентігіне және оның территориалдық органдарына жүктелген,
бұл Агенттік пайдаланылатын, иеленетін жерлерді тіркеуді мемлекеттік есепке
алуды және жер кадастры бойынша басқа жұмыстарды басқарады. [ 2. 169- 170]
2. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЯГӨЗ АУДАННЫҢ
ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 2009 жылдың 1 қарашасына Шығыс Қазақстан облысының
жер қоры және гидрографиясы

Облыстың гидрографиясы көп бөлігі таулы келеді де Алтай және Суыр-
Тарбағатай тау жүйелерін құрайды. Ертістің оң жағалауының бәрін дерлік және
оның сол жағалауының едәуір бөлігін Алтай ( Қазақстан Алтайы ) тауының
жүйесі алып жатыр, осы арада Солтүстік Батыс Алтайдың көптеген жоталары (
Тигирец, Убинск, Иванов, Ульба, Холзун, Листвяга батыс сілем жоталары және
Бұқтырма таулыры ), Орталық Алтайдың көптеген жоталары ( Листвяга шығыс
сілем, Катон және үкі биік таулы үстірті ), Оңтүстік Алтайдың көптеген жота-
лары ( Оңтүстік Алтай, Алтай Тарбағатайы, Сарымсақты, Нарын, Күршім, Азу-
тау жоталарын және Қалба таулары ) және Батыс Алтайдың жотасы пайда болады.
Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 28322,5 мың.га, оның ішінде:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7733,8 мың.га ( облыс жер қорының 27,3 %
);
2. елді мекендер – 2903,8 мың.га (10,2 % );
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер – 173,3 мың.га ( 0,6 % );
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыруу мақсатындағы,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 1446,4 мың.га
( 5,1 % );
5. орман қорының жерлері - 2187,3 мың.га ( 7,7 % );
6. су қорының жерлері – 572,0 мың.га ( 2,0 % );
7. босалқы жерлер – 13330,2 мың.га ( 47 % ).

Сұлба 4. ШҚО бойынша 2009 жылдағы жер қорының диограмасы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Шығыс Қазақстан облысының жер қоры
құрылымының 9 млн. 361,5 мың га құрайды. 2008 жылмен салыстыр-ғанда осы
санаттағы жерлер, жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы
құрылымдарына қосымша жерлерді беру және жаңадан ұйым-дастыру есебінен
688,9 мың га ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылық алқаптары 9
млн. 208,8 мың га (98,4 %) құрайды, соның ішінде 1 млн. 228,8 мың га (13,3
%) егістік, 2,2 мың га (0,02 %) көп жылдық екпелер, 237,5 мың га (2,5%)
тыңайған жерлер, 437 мың га (4,6 %) шабындық, 7 млн.303,0 мың га (78,0 %)
жайылымдық.
Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 17 мың 944 құрады, олар 7 млн.
522,6 га ауданды алып жатыр. 2008 жылмен салыстырғанда шаруа (фермер)
қожалықтары 25-ке, жерлердің ауданы 647,7 мың-ға азайды.
1 млн. 662,7 мың га ауданда мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды
тұлғаларының саны 525 құрайды, соның ішінде 1371,5 мың гектары шаруашы-лық
серіктестіктерінің пен акционерлік қоғамдардың, 203,7 мың гектары ауыл
шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің, 87,5 мың гектары басқа мемлекет-
тік емес кәсіпорындарының жерлері. 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік
емес агроқұрылымдардың саны 40-қа,  жері 39,7 мың гектарға ұлғайды.
169,6 мың га ауданда мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғалары-ның
саны 183 құрайды. 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік агроқұры-лымдардың
саны 33өке, жері 1,5 мың га-ға ұлғайды..
Елді мекендердің жері 2 млн. 913,0 мың га немесе облыстың барлық жер
қорының 10,3 % құрап отыр. 2009 жыл ішінде елді мекендер саны 9-ға азайып,
бұл санаттағы жерлердің көлемі 5 мың га-ға азайды.
Елді мекендердің жері құрамында  қалалар мен кенттердің жері 166,4 мың
га (5,7 %), ауылдық елді мекендер 2 млн. 746,6 мың га (94,3 %) алып жатыр,
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жерлер 186,0 мың га, облыстың жалпы ауданының
0,6 % құрайды, соның ішінде:
- өнеркәсіп жерлері 43,6 мың га (23,4 %);
- автомобиль көлігінің жерлері – 33,5 мың га (18,0 %);
- темір жол көлігінің жерлері – 14,0 мың га (7,5 %);
- байланыс жерлері – 1,3 мың га (0,7 %);
- басқа ауыл шаруашылығынан өзге кәсіпорындардың жері – 93,6 мың га
(50,3 %).
2008 жылмен салыстырғанда осы санаттағы жерлердің көлемі, өнеркәсіптік
кәсіпорындарына қосымша жерлер берілгендіктен 1,5 мың га-ға ұлғайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi. Осы санаттағы жерлердің
ауданы 2009 жылы рекреациялық мақсаттар үшін жер беруіне байланысты 5 га-ға
өзгерілді және 1 млн.504,1 мың га (5,3 %) құрайды, соның ішінде емдеу-
сауықтыру мақсатындағы жерлер - 0,5 мың га,  қорықтардың, ұлттық
парктердің, дендрологиялық және зоологиялық парктердің, ботаника-лық
бақтардың жері – 839,1 мың га.
Сонымен қатар, Бесқарағай ауданы мен Семей қаласы арасында шекара
орнатылғанына байланысты Семей Орманы МОТР жерлерінің көлемі өзгерді.
Орман қорының жерлері.   Есептік жылда орман қоры  жерлерінің жалпы көлемі
 2 млн 140,9 мың га (7,7 %) құрайды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы № 1278 қаулының негізінде құрылыс үшін өнеркәсіп
жерлерін ауыстырудың себебінен 3 га-ға азайды (2 га), 1 га анықталған
аудандар.
Су қорының жері 2009 жылдың 1 қарашасына 0,3 мың га-ға көбейіп 572,3
мың га (2,0 %) құрады. Есепті жылда су қоры жерлерінің көлемі Алаколь
көлінің су қорғау аймағын орнатуына байланысты  өзгерді.
Босалқы жерлер 11 млн. 669,0 мың га (41,2 %) құрап отыр, 2008 жылмен
салыстырғанда жерлерді басқа санаттарға ауыстыру есебінен 685,7 мың
гектарға азайды. [ 10 ]
Облыстың солтүстік шығыс шекарасын Кенді Алтайдың жоталары алып жатыр,
бұл жоталар Обь және Ертіс өзендерінің су айырығында жатыр.
Алтай және Суыр-Тарбағатай тау сілемдерінің аралығында кең байтақ
Зайсан ойпаты созылып жатыр. Облыстың бүкіл солтүстік-батысын Солтүстік-
Батыс Алтай мен Қалба тауларының адырлы құламалы белесті және ұсақ шоқы-лы
тау бөктеріндегі жазықтары алып жатыр.
Обь өзеніне барып құятын Ертіс өзені облыстың сумен жабдықтайтын басты
күре тамыры болып табылады.
Алтай және Сауыр-Тарбағатай тау сілімдерінің аралығында кең байтақ
Зайсан ойпаты созылып жатыр. Облыстың бүкіл солтүстік-батысын Солтүстік-
Батыс Алтай мен Қалба тауларының адырлы құламалы белесті және ұсақ шоқылы
тау бөктеріндегі жазықтықтары алып жатыр.
Суырдың, Шығыс Тарбағатайдың, Оңтүстік Алтайдың шатқалдарынан құлап
ағатын өзендер құрғап қалған үлкен Зайсан ойпатында ирелендеп барып әлсін-
әлсін тартылып кетеді немесе толық жер суландыруға пайдаланылады. Шығыс
Қазақстан облысы мынадай табиғи аймақтарға бөлінеді: Мәңгілік қар жамылған
және шатқалды биік таулы аймақ Суыр, Орталық және Оңтүстік алтай
жоталарының ең биік ( 2800-3200 м астам ) бөліктерін алып жатыр. Жер бедері
биік таулы альпілік болып таңбалы. Климаты қатты суық. Орташа жылдық
температурасы теріс таңбалы. Топырақ болмайды. Биік таулы аймақ өзен суын
бойына тартып реттеп тұрады.
Қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес Басқармамен облыстың қалалары
мен аудандарының жер қатынастары бөлімдері ұсынылған мәлімет-тердің
негізінде Жерлердің баржоғы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік
иелері, жер пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінуі туралы жыл сайынғы
жер балансын құру жөніндегі жер есептік жұмыс жүргізіледі.
Соңғы 7 жылда болған өзгерістер талдасақ меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың жерлерді пайдалануының өсуі байқалады.
Бүгінгі күнде жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді алу үшін ЖерҒӨО
ЕМК филиалынан ақпаратты сұрау, жер қатынастары бөлімдерінде болып өткен
өзгерістерді нақтылау қает, одан кейін ғана өтінім жасаған жеке немесе
заңды тұлғаға жауап береді. Осыған байланысты мемлекеттік жер кадастры-ның
мәліметтері жедел берілмейді.
Барлық мүдделі тұлғалармен байланысқан ақпараттық жүйені құрған
жағдайда, жер кадастрлық мәліметтерді беру проблемасы шешілуі мүмкін
Соның ішінде біздің қарастырып отырғанымыз Аягөз ауданының климаттық
жағдайы, табиғат жағдайларының өте алақұлалығымен ерекше көзге түседі.
Мұнда климат, өсімдіктер мен топырақ тік аймақта көрінеді, бұған жер
бедерінің қатпар таулы болып келуі және жалпы климат жағдайының тұтас
бірқатар құбылыстары, сондай-ақ ауа толқының бөлуге болып жатқан тау
жоталарының әсері себеп болады. [ 16. 8-12 ]

2. 2 Аягөз ауданы жайлы қысқаша мәлімет

Аягөз ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы Аягөз қаласы
статусын 1937 жылы алды. Жер көлемі 49558,03 шаршы километр.
Аягөз ауданы облыстың оңтүстік жағында орналасқан. Батыста - Қарағанды
облысымен, оңтүстікте - Алматы облысымен, солтүстікте - Абай, Жарма
аудандарымен, шығыста - Үржар және Тарбағатай аудандарымен шекараласады.
Ауданның халық саны 74290 мың адам, оның 49,4%-ы қалада, қалған
50,6%-ы ауылда тұрады. Қазақтар бүкіл халықтың 98,6%-ын құрайды. Ауданда 22
селолық және 1 кенттік округ бар. Ауданның шекарасы бірқалыпсыз
қоныстанған. Халықтың ең көп қоныстанған  жері солтүстік-шығыс және
шығыста. Ал ең аз қоныстанған жері оңтүстік-батыс ауылдық округтер.
Аягөз ауданына 24 ауыл ауыл елді мекен округі бар, соның ішінде 65
ауылды жерлер мен 3 станциялы жерлер бар:
1. Аягөз қалалық әкімшілік территория бірлігі - Аягөз қаласы, Айғыржал
ауылы, Егізқызыл ауылы, Жілағды ауылы, Көшкентал ауылы.
2. Актоғай поселкесінің әкімшілік территория бірлігі - Ақтоғай поселкесі.
3. Ақшатау ауыл округі - Дөненбай ауылы, Ақкелет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу
Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалануы
Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Аягөз бірталай желді қала
Ауыл шаруашылығындағы жер пайдалану жұмыс жобасы
Жер кадастрының құқықтық мағынасы
Ауыл шаруашылық жер иелену,пайдалану жұмыс жобасы
Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Жер кадастры
Пәндер