Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы. Құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электронды оқыту бағдарламасын құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
Дипломдық жұмыс қазақ тілінде жазылған. Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Белгілер мен қысқартулар
HTML - HyperText Markup Language -гипермәтін белгілеу тілі
ҚҚБ - Қашықтықтан білім беру
ЭЕМ - Электронды есептеуіш машиналары
SDI - Sіngle Document Interface - бірқұжатты интерфейс
MDI - Multіple Document Interface - көпқұжатты интерфейс
VCL - Vіsual Component Lіbrary - Визуалды компоненттер кітапханасы
КОҚ - Компьютерлiк оқыту құралы
PCM - Pulse Code Modulation - Импульстi-кодты модуляция
КДП - Компьютерлі к дидактикалық бағдарламалар
РБАО - Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы
КО - Компьютерлiк оқулық
БТКҚ - Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы
КП - Компьютерлiк практикум
Кіріспе
Қазіргі таңда ақпаратты пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста. Кез келген маман өз міндетін экономиканың өтпелі кезеңінде жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Бұл жаңа ғасырдың, бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы - халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет барлық деңгейдегі техникалық және технологиялық білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шараларды қолдауда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына осы жолдауы тың ойларға жетелейді. Президент өз Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне аса көңіл бөлуі еліміздің әлеуметтік экономикалық даму жолындағы тағы бір белестен асып, көздеген межеге жақындап келе жатқанымызды білдіреді .
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар жасалынып жатыр. Олар тауар-ақша қатынасына кіреді және материалдық, инновациялық, энергиялық және еңбек ресурстарымен қатар индустриялық үрдістерге де белсенді қатысады. Яғни ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзін ақпаратты қоғамға көшірумен басталды. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика, басқару салаларды ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі.
Біздің елде осы мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу керектігі тұралы жалпы түсінік бар. Мұның барлығы тек техникалық құралдарды көбейтуге емес, жоғары білікті мамандарды дайындауға да байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде әр бір маманның іс-әрекеті осы ақпараттандыруды талдай және жаңа ақпараттық технологияларды дұрыс пайдалана білуге көп тәуелді.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Арнаулы орта білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған информатикадан ең жақсы электронды оқыту құралын жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге бағдарламаларды қосу арқылы электронды оқыту бағдарламасын құру.
Дипломдық жұмыста Delphi бағдарламалау ортасы мен оның мүмкіндіктерін және принциптерін оқыту бағдарламасын жасауда қарастыру және жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасау.
Білім жүйесіне электрондық оқулықтарды енгізу мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- оқытудың сапасын арттыру арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін көтеру;
- компьютерді студенттің өз бетімен білім алу машығы мен қажеттілігін құрайтын, белсенді шығармашылық еңбегінің тиімділігін арттыруда пайдаланудың әдістерін көрсету;
- оқытудың міндетті мерзімін қысқарту, қалған уақьтты тиімді пайдалану;
- студенттердің Интернетпен практикалық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Интернеттің WWW қызметінен кеңінен пайдалану арқасында IT-технологияларды меңгеру қажеттілігімен қатар мультимедиялық электрондық оқулықтарды құру мәселесі туындады. Мұның барлығы, электрондық оқулық құрушылардың html-форматта контент дайындауды өңдеуге арналған қосымша топ тартуын талап етеді. Бұл жобаның мақсаты электронды оқыту құралын құруда бағдарламашының жұмысын автоматтандыру және оның аталған үрдісте қатысуын азайту болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электронды оқыту бағдарламасын құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстан Республикасы білім жүйесінің барлық сатылары үшін мультимедиялық электрондық оқулықтар қажеттілігі туындап отыр.
ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы, компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Ақпараттың таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының ақпаратты алу әдістерінің ескіруіне алып келді.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушы дәрістерін немесе дәстүрлі оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында мультимедиялық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Зерттеу жұмысының объектісі: Delphi ортасында оқыту-тексеру бағдарлмасын құру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде, электронды оқыту бағдарламалары туралы түсінік, электронды оқыту бағдарламаларын оқулықты пайдалану саласы, электронды оқыту бағдарламаларының құрылымдық жолдары, электронды оқыту бағдарламаларын жасау құралдардың топтастырылуы, электрондық оқулыққа қойылатын талаптар қарастырылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Дипломдық жұмыста қойылған тапсырманы шешу үшін бағдарламалық Екінші бөлімде Delphi бағдарламалау ортасымен танысу, оның принциптері мен мүмкіншіліктері туралы, сонымен қоса Delphi бағдарламалау ортасында жоба құру сипаттамасы қаралған. Информатикада компьютердің қолданылуы, компьютерлік оқыту жүйелерін пайдалану, Delphi бағдарламалау ортасында «Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру бағдарламасын құру технологиясы» атты компьютерлік оқыту құралын жасау қарастырылған.
1. Оқыту-тексеру бағдарламасында компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану
Қазақстан Республикасындағы бiлiмдi ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесiн оқып-үйренудiң ақпараттық ресурсы болып табылатын компьютерлiк оқыту құралын (КОҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерiнiң де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргiзетiн бағдарламалар, компьютерлiк ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Осы оқытуға арналған бағдарламалық құралдардың әр түрлі нұсқаларын әзiрлеу Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми әдiстемелiк орталығының негiзгi жұмысы болып табылады.
Қазiргi кезде негiзiнен бiлiм жүйесінiң барлық сатылары КОҚ жасаумен шұғылданып келедi. бiр -бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады олар: мотивациалы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.
КОҚ-ның мотивациалы-мақсаттық компонентi модульдердi құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз - жергiлiктi, жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол студенттiң өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “түйін” болып саналады.
КОҚ-ның мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жұзеге асырылады. Гипермәтiн - терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграмммалардан тұратын мәлiметтер базасы ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған.
КОҚ-ның операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. КОҚ-ның нәтижелiк бақылау компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. КОҚ-де тестердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауабы немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында студент өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тесттен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Студенттер үшін КОҚ - ЖОО ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ-да оқыған жылдардың барлығында да өздерi толықтырылып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. КОҚ-мен жұмыс iстеу әрбiр студенттiң өз мүмкіндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзуi болып саналады.
Мұғалiм үшін КОҚ бұл күнбе-күн дамытылып отыратын, ашық түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады.
КОҚ студенттердiң сыныптан тыс өз бетiмен жұмыс iстеуiне толық мүмкіндiк туғызады. Жүйенiң модульдiк жүйеге негiзделiп құрылғаны, осы құралдың тиiмдiлiгiн айқындай түседi. Модульдердi бөлуде грамматикалық заңдылықтардың лексикалық тақырыптарға сәйкес келуi негiзге алынған.
КОҚ - дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес, ол студентке өз жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп қажеттi бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасында өзiне тән етiп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндiк бередi. Оның гипермәтiнi нақты құрылымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы студент практикалық негiзде алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыта алады. Ал өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн қалыптастырады.
Модульдерде берiлген алгоритм студенттерге өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкіндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызуғушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды. КОҚ-нi пайдалану мұғалiмнiң де ғылыми-әдiстемелiк потенциалын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi.
Оқытудың әр сатысында компьютерлiк тесттер арқылы студенттi жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтiндер түрiнде, мультимедиялық, бейне және дыбыс бөлiмдерiнiң бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды iске асыруға көп көмегiн тигiзедi.
Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк түрде қарастыру оның мазмұнын бiрыңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Студенттердiң танымдық ерекшелiктерi мен жас өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық Ұғымдар жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу мұғалiмнiң бұрынғы ролiн өзгертедi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi әр жерден тауып керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға көмектесетiн кеңесшi әрi әрiптеске айналып кетедi.
Әлi де көп жұмыстар атқарылуы тиiс, мектептiң, кәсiптiк оқу орындарының, колледждердiң, жоғары мектептiң және қосымша бiлiм беретiн курстар пәндерiне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиiс.
КОҚ-рiнде ақпаратты бейнелеудiң көптеген түрлерi қолданылады: мәтiн, гипермәтiн, графика, гиперграфика, Бейне, анимация, дыбыс, интерактивтi үшөлшемдi бейнелер, т. с. с.
Пайдаланылатын формалар мен форматтарды келесi факторларға сүйене отырып таңдау қажет:
- КОҚ-сi қамтитын ақпараттық компоненттердiң көлемi мен сипаттамалары;
- ақпараттық компоненттердiң дидактикалық мәнi мен өнiмнiң дидактикалық және функционалдық сипттамалары;
- өнiмнiң көлемiне қойылатын шектеулер;
- жоспарланған өнiмнiң бағдарламалық және техникалық сипаттамалары;
- КОҚ-сiн жасауда қолданылатын инструменталдық құралдардың мүмкіндiктерi.
Мәтiн және гипермәтiн. Қазiргi уақытта барлық дерлiк КОҚ-де мәтiндiк және гипермәтiндiк компоненттер қолданылады. Ақпараттық компоненттердi бейнелеудiң Бұл түрін жасауда қосымшалар құрудың кез-келген инструменталдық құралдарының көмегiмен iске асыруға болады.
Ақпарат бейнелеудiң бұл түрі өте кең тарағандықтан бұған толық тоқталмасақ та болады. Дегенмен қолданылатын гипермәтiндер типтерiн анықтау мәселесiн қарастырып өтейiк. Олардың келесi негiзгi типтерi бар:
- ағымдық беттегi не кадрдағы ақпаратты бейнелеу формасын өзгерту;
- ағымдық кадрдағы не беттегi мазмұнға байланысты функцияны шақыру;
- ағымдық беттiң келесi фрагментiне өту;
- қосымша терезенi шақыру;
- тапсырмалар жүйесін шақыру;
- сыртқы қосымшаны шақыру.
Графика және анимация. Суреттi бейнелеу тәсiлi бойынша графикалық компоненттер матрицалық (растрлық), векторлы және функционалдық болып бөлiнедi.
Матрицалық сурет пикселдер деп аталатын нүктелерден тұратын екi өлшемдi массив. Пиксел матрицалық бейненiң “минимал”өлшемдегi элементi болып табылады. Оның атрибуттары басқа нүктелерден тәуелсiз болады. Векторлық бейнелер оның типтiк элементтерiне сәйкес келетiн векторлық графикалық примитивтер жиынтығы. Бейнелеуде қолданылатын графикалық примитивтер векторлық графиканың негiзгi сипаттамасы. Мысалы, түсi, ұзындығы, қалыңдығы берiлген белгiлi бiр бұрыш бойынша бағытталған және координаталары көрсетiлген нүктеден басталатын түзу, т. с. с.
Векторлық графика жазықтағы ғана емес кеңiстiктегi (үшөлшемдi) графикалық суреттердi бейнелей алады. Сонымен қатар векторлық бейнелер масштабтау кезiнде күрделі трансформацияларға (бұру, қисайту, созу, қысу, т. с. с. ) қиындықсыз түсе алады.
Функционалдық бейнелер графикалық қосымшалар арқылы салынады. Мысалы, КОҚ оқыту процесiнде кейбiр бақылау жұмыстарының нәтижелерiн диаграмммалар, графиктер түрінде бейнелеуi мүмкін. Осы кезде арнайы құрылған қосымшалардың көмегiмен оларды тұрғызу оңай әрi жылдам орындалады.
Графикалық ақпараттық компоненттердiң басқа түрлерi арнайы әрi терең зерттеудi талап ететiн болғандықтан, оның классификациялық схемасындағы басқа түрлерiне тоқталудың қажеттiлiгi шамалы. Дегенмен анимациялық графиканың КОҚ құруда пайдасы мол болғандықтан оған қысқаша тоқталып өтелiк.
Анимациялық графика екi түрге бөлiнедi: суреттiк және слайттық. Суреттiк және спрайттық анимацияға кадр терезесiнiң не беттiң шекарасында қозғалатын графикалық компоненттер кiредi. Қазiргi уақытта . jpeg, . gif, . png, . tiff форматтағы анимациялық файлдар көптеп қолданысқа енген.
Дыбыстық компоненттер. Дыбыстық сигналдардың цифрлық бейнеленуi үздіксіз аудиосигналдың уақытқа және деңгейге қатысты дискреттелiп берiлуi арқылы жұзеге асырылады. Цифрлық түрде сигнал амплитуда мәндерiнiң тiзбектерi арқылы сипатталады. Мұндай бейнелеу импульстi-кодты модуляция (PCM - Pulse Code Modulation) деп аталады.
Қазiргi заманғы технологияларда дыбысты цифрлық өңдеу үшін 2-ден 192 кГц аралығында жатқан жиiлiктiң өтуiн санау пайдаланылады. КОҚ-лерiнде 16-44 кГц аралығында жатқан жиiлiктi қолданған тиiмдi. Дыбыстық сигналдар едете аудиоплатаға орнатылған синтезатордың көмегiмен шығарылады.
Дыбысты сипаттайтын файлдар . midi форматта болғаны жөн. Бұл файлдар . mid типтi болып келедi. . midi форматтағы файлдардың артықшылығы олар, микрофон арқылы жазылған дыбыстық эффектiлердi орындағанда қатесiз, ауытқуы байқалмайтындай болады.
Windows жүйесінде цифрлық дыбыстарды сақтау үшін . wav форматы қолданылады. . wav форматтағы файлдарда дыбыстық жиiлiктен басқа қосымша қызметшi ақпарат да сақталады. Сондықтан оның көлемi едәуiр үлкен болып келедi.
Бейне және анимация. Дәстүрлі видекомпонент екi синхронды орындайтын құрылымнан тұрады: визуалды (Бейнежол) және дыбыстық.
Бейнежол қозғалыссыз графикалық бейнелерден тұратын кадрлар тiзбегiнен тұрады. Бейнекомпоненттер мен анимацияның арасындағы айырмашылық осы бейнелердiң сипаттамалары арқылы ажыратылады. Бейнекадрдағы бейнелер шынайы болып келедi. Оның бастапқы көзi ретiнде шынайы объектiлердiң фото - не бейне түсiрiлiмдерi алынады. Ал анимациялық компоненттердегi бейнелер жасанды болып келедi. Яғни олар графикалық редакторлар не геометриялық модельдеу жүйелерiнiң көмегiмен даярланады. Қазiргi кезде мұндай анимацияларды жасауда Autodesk фирмасының AutoCad, 3D Studio Max, т. с. с. бағдарламалық өнiмдерi кеңiнен қолданыс табуда.
Интерактивтi үшөлшемдi бейнелеу. Дәстүрлі графикалық компоненттердiң ортақ кемшiлiгi олардың интерактивтi мүмкіндiгiнiң төмендiгiнде болып саналады. Мұндай мүмкіндiк ретiнде бейненi масштабтау, орындалуды ұзу/қайта жалғау, анимацияның кадрларын, жылдамдығын басқару, кадрлап орындау, т. с. с. қабылданады. Ақпаратты бейнелеудiң мұндай мүмкіндiгiн iске асыру үшін КОҚ құрамына кiретiн барлық компоненттердi бастапқы қалпында қолдан жасап шыққан жөн. Ол үшін интерактивтi графикалық компонент құру үшін жоғарыда келтiрiлген ақпаратты бейнелеудiң түрлі компоненттерiнiң iшiнен функционалды құрылатындарын таңдап алған тиiмдi. Бұл КОҚ құруды күрделендiргенмен, оның ақырғы нәтижесiне үлкен оң әсерiн тигiзедi. Себебi сапалы КОҚ құру үшін оның құрамындағы ақпараттық компоненттер интерактивтi болуы тиiс.
1. 1 Компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы
Delphi курсының мазмұнын құрылымдау иерархиялық деңгейлерге бөлiнген құрылымдық бiрлiктерге жiктеу, олардың көлемдiк сипаттамаларын бағалау және пән мәселелерiнiң ашу т. с. с. оқу-әдiстемелiк жұмыстарды түрлендiрумен, жүйелеумен сипатталады.
КОҚ-ның құндылығы оның қолданыс аумағының көп бағыттылығына байланысты болады. Мазмұн тарапынан көп бағыттылық үш аспектiнi қамтиды:
- оқу материалының түрлі деңгейде жүргiзiлуi;
- түрлі мамандықтар мен пәнаралық байланыс;
- оқушының бастапқы дайындығының түрлі деңгейi.
Көп бағыттылықты аспектiлерiн жүзеге асыру үшін КОҚ-сiн пайдаланудың сәйкес деңгейлерiн енгiзу қажет. Бағдарламаны бөлшектеу осы деңгейлердi ескере отырып орындалады.
КОҚ мазмұнын құрылымдаудың базалық екi принципi бар:
- тақырыптық;
- уақыттық (оқу процесiнiң барысында шешiлетiн педагогикалық мәселелер бойынша) .
Бiрiншi принцип дәстүрлі оқулық мазмұнына ұқсас келетiн пәннiң иерархиялық құрылымы болып табылады. КОҚ құрамында ол мазмұн блогында жүзеге асырылады. Тақырыптық құрылым мазмұнның негiзгi компоненттерiнiң құрамы мен бағыныштылығын бейнелейдi.
Пән мазмұнын құрылымдаудың екiншi тәсiлi бойынша, ол құрылымдық бiрлiктердiң тiзбегiне бөлшектенедi. Бұл оқу сабақтарына ұқсас (лекциялар, жаттығулар, аралық бақылаулар, т. с. с. ) болып келедi. Мұндай құрылым оқытуды Ұйымдасқан түрде өткiзудiң әдiстемелiк бағытталған және дәстүрлі құрлымы болып табылады.
КОҚ-сiнде жоғарыда атап өтiлген принциптердiң екеуiн қатар пайдаланған тиiмдi. Яғни мазмұн алдымен тақырыптық негiзде құрылымданады, сонан соң бұл құрылымға әдiстемелiк бағытты бейнелейтiн уақыттық принцип iске асырылады.
Пән мазмұнын құрылымдауды бастау алдында келесi мәселелердi шешiп алу қажет:
- тақырыптық жiктеу деңгейiнiң тереңдiгiн, яғни оқу материалының иерархиялық деңгейлерiн анықтау;
- әрбiр деңгейге сәйкес құрылымдық бiрлiктердiң типтерiнiң атауларын анықтау;
- мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену формасын айқындау.
Тақырыптық жiктеу деңгейiнде, яғни оқу материалының иерархиялық деңгейлерi үш деңгейден аспауы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда оқу материалы өте күрделі болып, оқушыға оны пайдалану ауыр болады.
Құрылымдық бiрлiктер типтерiнiң атаулары түрлі болып келуi мүмкін. Бiрақ онда сабақ кезiнде қолданылатын шартты атаулар (лекция, практика, семинар, т. с. с. ) қолданылмауы керек.
Мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену формасын екi түрлі технологиялық бағытта болуы мүмкін: кадр - тақырып мазмұнына сәйкес мәтiн, графика, аудио, Бейне элементтер жиынтығы; модуль - көптеген кадрлардан және гиперсiлтемелер көмегiмен шақырылатын iшкi модульдерден тұратын құрылымдық компонент.
Қорыта айтқанда, пән мазмұнын құрылымдау оны тек тарауларға, тақырыптарға бөлiп қана қоймай, тақырыптар арасындағы байланыстарды айқындау, құрылымдық бiрлiктердiң ерекшелiктерiн анықтау, құрылымдық бiрлiктердiң бейнелену формаларын анықтау сияқты мәселелердi шешiп алуға келiп саяды.
Бiз даярлаған «Delphi» курсының жалпы құрылымы 2-схемада келтiрiлген. Схемадан көрiп тұрғанымыздай ол жалпы КОҚ-ның құрылымына сәйкес келедi. Ол келесi негiзгi құрылымдардын тұрады:
Курс мазмұнының оқыту жүйесінде «Delphi» курсының құрылымданған және ақпаратты-логикалық байланыстырылған оқу материалдары, тест тапсыру жүйесi, терминдер сөздiгi енгiзiлген.
Тапсырмалар жүйесінде “үлгiмен оқыту” әдiсiн жетекшiлiкке алып құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және “жеңiлден-күрделіге” принципi бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы тапсырмалар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма, әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi.
Бүгiнде жүргiзiлiп жатқан зерттеулер компьютерлiк оқыту бағдарламаларының тиiмдiлiгiн көпшiлiк жағдайларда оның интерфейстiк жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Бағдарламаның безендiрiлуi үйренушiлердiң ынтасына, материалды қабылдау жылдамдығына, т. с. с. маңызды көрсеткiштерге тiкелей әсерiн тигiзедi. Сондықтан оқыту бағдарламасының интерфейсiн жобалау мәселесiн ғылыми негiзде, әбден ойластырылған жүйелi түрде қарастыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz