Мүгедектерді әлеуметтіндіру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
I.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
§1. Мүгедек ұғымына сипаттама беру. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
§2. 2002.2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
II. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ РОЛІ
§1. Мүгедектерді әлеуметтендірудегі көкейтесті мәселелер туралы ... ... ...26
§ 2. Педаготардың мүгедектермен жасайтын жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... 32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
КІРІСПЕ.
Зерттеудің көкейтестілігі. Халыққа білім беру жүйесін қазіргі кезеңде қайта құру бүкіл қоғамның дағдарысты жағдайынан туындайтыны еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастырдың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етеді.
Университет түлектеріне әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру дүниежүздік кеңістікте зор мәні бар проблемаға айналып отыр. Осы проблемаға байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіру әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде.
Мемлекеттің стратегиялық қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы принциіттерін жасап шығаруды, мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық аспектілеріне әсер беруіне арттыруды талап етеді. Қазақстан Ресиубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы кейбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам.Қазіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен шиеленесуі, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, еңбек етуге мүмкіншіліктің жоқтығы, жеке адамның, қоғамның, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеу жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде. Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие ден біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық. қүқықтық, экономикалық экологиялық моральдық-этикалық бөімдерін,
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Маллер А.Р. Социально-педагогические аспекты работы в семье по реабилитации ребенка с глубокими нарушениями интеллекта. // Социальная педагогика. –М. ВЛАДОС, 2002.- С.178-185.
2.И.М.Бгажнокова. Проблемы социально-педагогической реабилитации детей-сирот с умственной отсталостью в школах. // Социальная педагогика. –М. ВЛАДОС, 2002.- С.190-195.
3.О.Е.Буланова. Педагогические принципы и формы социальной реабилитации детей с недостатками в умственном и физическом развитии в специализированных учреждениях. // Социальная педагогика. –М. ВЛАДОС, 2002.- С.199-204.
4.Маллер А.Р. Ребенок с ограниченными возможностями. –М., 1996.
5.И.М.Бгажнокова. Обоснование изменения структуры и содержания обучения детей с нарушением интеллекта. –М., 1995.
6.Социальная работа с инвалидами. –М., 1995.
7.Қ.Тұрғанбекова. Әлеуметтік ғылымдар құрылымдағы әлеуметтік жұмыс. //Ізденіс,№1, 2002. - 189 –194 б.
8.С.Піралиев.Болашақ мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби бейімделуінің өзара байланыстығының мәселесі.//Ұлт тағлымы, 2/2001. – 56-64 б.
9.Социальная педагогика: Учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений /Под редак.В.А.Никитина. –М.: ВЛАДОС, 2002. –272 с.
10.Ю.В.Василькова, Т.А. Василькова. Социальная педагогика: Курс лекций: Учеб.пособие для студ. высш. учеб. Заведений.-М.:Академия, 2000.- 440 с.
11.А.Н.Тесленко. Социализация молодежи:педагогика отношений в социуме.-Алматы-Астана, 2002.-236 с.
12.Биекенов К.Ү, Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс:Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті, 2003 ж. –133 б.
13.Қ.Тұрғанбекова. Әлеуметтік ғылымдар құрылымдағы әлеуметтік жұмыс. //Ізденіс,№3, 2001. - 128 –134 б.
14.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Оңтүстік Қазақстан облысыың 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдараламасы. - Шымкент, 2002.
15.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған Аймақтық кешенді бағдараламасы. - Шымкент, 2000.
16.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру. Шымкент, 2000.
17.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментіні. Халықты әлеуметтік қорғаудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдараламасы. - Шымкент, 2002.
18. Ж.Шалабаева. Әлеуметіміз жақсарып келеді. // Оңтүстік Қазақстан, 26 тамыз, 2004 ж.
19.Ә.Ағыбайдың. Қайырымдылық – халықтық қасиет. // Оңтүстік Қазақстан, 1 қантар, 2005 ж.
20.Республика Президентіің 2004 жылғы Қазақ халқына Жолдауы. // Оңтүстік Қазақстан, 11 Қантар, 2005 ж.
21.Ж.Жайлаубекқызы. Облысқа 250 қоларба келді. // Оңтүстік Қазақстан, 11 Қантар, 2005 ж.
22. Протез алуға – 33 миллион теңге. // Оңтүстік Қазақстан, 10 ақпан, 2005 ж.
23.Қызметкерлер әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы керек.// Оңтүстік Қазақстан,15 ақпан, 2005 ж.
24.Кешегі кемелі істер – кемел келешек кепілі.// Оңтүстік Қазақстан,17 ақпан, 2005 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
001034ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

Педагогика және психология кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІНДІРУДЕГІ ПЕДАГОГТЫҢ РОЛІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
I.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
§1. Мүгедек ұғымына сипаттама беру.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...7
§2. 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
II. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ РОЛІ
§1. Мүгедектерді әлеуметтендірудегі көкейтесті мәселелер
туралы ... ... ...26
§ 2. Педаготардың мүгедектермен жасайтын
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ..32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 45

КІРІСПЕ.
Зерттеудің көкейтестілігі. Халыққа білім беру жүйесін қазіргі кезеңде
қайта құру бүкіл қоғамның дағдарысты жағдайынан туындайтыны еліміздің
қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастырдың енуіне байланысты
өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар
жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етеді.
Университет түлектеріне әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-
тәрбие беру дүниежүздік кеңістікте зор мәні бар проблемаға айналып отыр.
Осы проблемаға байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың
рухани байлығын одан әрі жетілдіру әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде.
Мемлекеттің стратегиялық қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы
принциіттерін жасап шығаруды, мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар
саясатының барлық аспектілеріне әсер беруіне арттыруды талап етеді.
Қазақстан Ресиубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі
кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен
салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға
еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы
адамзаттық бастауы кейбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде
іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз
халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын,
өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті
адам.Қазіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен
шиеленесуі, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтардың кемуі,
білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, еңбек етуге мүмкіншіліктің
жоқтығы, жеке адамның, қоғамның, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін
шектеу жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде. Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе,
азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы
болады. Азаматтық тәрбие ден біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп
жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық. қүқықтық, экономикалық экологиялық
моральдық-этикалық бөімдерін, тәжірибелік іс-әрекет адамдарын қалыптастыру
жүйесінің процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы
білімдер стандарттары азамат тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа
тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға
интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет
субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік
қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекетте өсіп жатқан алам оның
әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен
ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке
адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.
Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық-құқықтық
қарастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі
мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл
салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып
қала қоймай, адамның мемлекеттік және қоғаммен қатынастарнның басқа
аспектерін де жандандыра түседі. Бұл біздің республикамыздың азаматтық
тәрбие жуйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы
салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажет ереекше көкейтесті мәселе.
Осындай кезеңде жас жеткіншектерге әлеуметтік тәрбие берудің маңызы
зор болып отыр. Әлеуметтік тәрбие беруде мүгедектер туралы білу,
мемлекеттің мүгедектерге көрсетіп отырған көмегі қандай болып жатқанын,
қандай мекеме әлеуметтік мәселесімен айналысатынын білу, педаготардың
мүгедектерді әлеуметтендірудегі ролін анықтау – зерттеудің көкейтестілігін
анықтауға жол береді деп есептейміз.
Зерттеудің мақсаты:
1.Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып танысу, талдау;
2. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек, халықты жұмыспен қамтамасыз ету
және әлеуметтік қорғау департаментінің жұмыс жоспарымен және әлеуметтік
жұмыс өткізу үшін жасалған бағдараламамен танысу жинақтау, талдау;
3. Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектерді әлеуметтік қорғау
мақсатында өткізіліп отырған жұмыстар туралы газет бетіндегі материалдарды
жинақтау, танысу, талдау;
4. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында өткізіліп отырған
жұмыстарда педагогтің роілн анықтау
Зерттеудің міндеттері:
1.Әлеуметтік тәрбие беруде мүгедектер туралы білу;
2. Мүгедектердің санат түрлерін анықтау;
3.Мемлекет тарапынан мүгедектерге көрсетіліп отырған көмектің қалай
жүзеге асырылып жатқанын анықтау;
4. Қандай мекеме әлеуметтік мәселесімен айналасып жүргенін анықтау, осы
мекеменің мүгедектерге арналған жұмыс жоспарымен танысу;
5. Мүгедектерді әлеуметтендірудегі педагогтың ролін анықтау.
Зерттеу нысанасы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүгедектер және
мүгедектерді оңалтуға арналған мемлекет тарапынан өткізілетін жұмыстар.
Зерттеу заты: Әлеуметтік педагогтың мүгедектермен атқаратын қызметінің
жолдары.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы:
1.Мүгедектері бар отбасыларына әлеуметтік педагог өз білімділігі мен
біліктілігін пайдалана отырып, көмек берсе, мүгедектердің өмір сүруіне көп
әсері болар еді;
2. Мүгедектерді мемлекет тарапынан қорғайтын заңнамалары жүзеге асырылса,
олардың көкейтесті мәселелері шешілген болар еді.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, төрт параграфтан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері айқындалды және зерттеу нысанасы
таңдап алынып, зерттеу заты, ғылыми болжамы көрсетілді.
Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады.
Бірінші Қазақстан республикасында мүгедектерді әлеуметтендіру
мәселелері атты бөлім екі бөлімшені қарастырады. Олар: Мүгедек ұғымына
сипаттама беру, 2002-2006 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту
бағдарламасы туралы
Екінші Мүгедектерді әлеуметтендірудегі педагогтардың ролі атты бөлім
екі бөлімшені қарастырады. Олар:
Мүгедектерді әлеуметтендірудегі көкейтесті мәселелер туралы,
Педагогтардың мүгедектермен жасайтын жұмыстары туралы
Зерттеудің методологиялық негізі. Мүгедектермен жұмыс жасау, әлуеметтік
көмек көрсету, тәрбиелеу, оқыту проблемаларын анықтау мәселелері көптеген
ғалым-педагоктар мен психологтар айналысуда. Атап айтқанда: А.В. Маллер –
мүгедек, Дауан синдромымен ауырған балалармен жұмыс істеуін зерттеген 1;
И.М.Бгажнокова – мүгедек балаларды мектепте оқыту мәселесін қарастырған
2; О.Е. Буланова - мүгедек балаларды арнайы мекемелерде тәрбиелеу
проблемалармен айналысқан 3;

I.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

§ 1.Мүгедек ұғымына сипаттама беру

Мүгедек — бұл тіршілік әрекеті шектелген және оны әлеуметтік қорғау
қажеттілігі тумысынан, жарақат немесе ақау салдарынан сырқатқа ұшыраған,
организм қызметінің қалпы бұзылған, денсаулығында кемістігі бар тұлға.
Тіршілік әрекеті шектелгендік бұл - тұлғаның өзіне өзі қызмет
көрсетуге, өз бетінше қозғалуға, жөн табуға, өтініш жасауға, өзінің
тәртібін бақылауға, еңбек қызметімен айналысуға және оқуға қабілеттілігін
немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтуы.
Жарымжан, соқыр, саңырау, мылқау, яғни өздерінің белгілі ауытқу
күшіне байланысты адамның қалыпты күйіне келе алмайтын адамдар мүгедек деп
танылады.
Мүгедектер әр түрлі негіздемелер бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Жасы
бойынша: мүгедек балалар, ересек мүгедектер.
Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: жас кезінен мүгедектер, соғыс
мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы аурулар мүгедегі.
Еңбекке қабілеттілік дәрежесі бойынша: еңбекке қабілетті және еңбекке
қабілетсіз мүгедектер, І топтағы мүгедектер (еңбекке қабілетсіз), II
топтағы мүгедектер (уақытша еңбекке жарамсыз немесе шектелген аймақтарда
еңбекке қабілетті), III топ мүгедектері (қорғайтын еңбек жағдайларында
еңбекке қабілетті).
Сырқат сипатына қарай мүгедектер мобильді, аз мобильді немесе
кимылсыздыққа жатқызылуы тиіс.
Отбасы үшін ең қиыны отбасында төсекке таңылған қозғалмайтын мүгедектің
болуы. Бірақ мәселенің барлығы отбасымен шешіледі. Ал егер ол жалғыз болса?
Оларды тауып алған арнайы қызметкерлер оларға тапсырыс алуға, келісім-шарт
жасауға, қажетті тауарлар сатып алуға, тауардың өтуіне және т.б.
көмектесіп, олардың қабілетін анықтайды.
Облысымызда 16 жасқа дейінгі 8727 мүгедек бала және бала кезінен 7418
мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектікке ұшырауына итермелейтін факторлардың
ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- БИОЛОГИЯЛЫҚ – ата-анасының созылмалы, туа біткен және генетикалық
аурулардың жоғары деңгейде болуы;
- МЕДИЦИНАЛЫҚ – ауруды кеш анықтау;
- ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтік
жағдайы нашар отбасылар.
Мүгедектіктің өсе түсуі жағдайында мүгедек балалардың және олардың
отбасыларын әлеуметтік проблемалары өткір сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге
келегеннен бастап отбасы оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. Жағдайды
өзгерту және мүгедек балалармен олардың отбасыларына көмек көрсету үшін
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат
органдарының ынтымақтастығы мен күш-жігерін біріктіру қажет.
Заңда тиісті түрде жабдықталған кезектен тыс үй алуға жеңілдік
қарастырылады. Мүгедек балалары бар отбастарына пәтерақы және коммуналдық
қызмет төлеміне, ал орталықтан жылынбайтын үйлерге отынның құнымен жеңілдік
көрсетіледі.
Өзінің құрамында мүгедектері бар отбастарына жер учаскелерін алуға, үй
салуға, бақ өсіруге кезектен тыс құқық беріледі.
Әлеуметтік қызметкер мүгедек балалары бар отбастарына ерекше
қамқорлық жасайды. Баланы есепке койып қана қоймай,
отбасындағы жағдайды талдау да маңызды. Мүгедек балалар үнемі күтімді
және бақылауды қажет етеді, бұл олармен күнделікті қарым-қатынаста,
олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде (тамақтандыру, киіндіру,
шомылдыру және т.б.) ата-анасына біраз қиындық туғызады.
Әлеуметтік қызметкердің міндетіне мүгедектердің үйіне немесе стационарлық
жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру кіреді.
Қоғамда экономикамен, саясатпен және мәдениетпен қатар кепілдік пен
әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметі бар, оған бүгінгі күндері көп көңіл
бөлінбейді. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік институт кепілдік беруде, көмек
көрсетуде және қорғауда адамдардың мұқтажын қанағаттандыру үшін
пайдаланылады.
Әлеуметтік кепілдік, жеңілдік және төлем жүйесі заң
нормаларының жинағын құрайды. Олар:
1) ең төменгі еңбек төлемін және қосымша төлемді;
2) әлеуметтік төлемді (еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы,
стипендия, қартайған шағы және мүгедектігі бойынша зейнетақы, демалыс
төлемі);
3) жұмыс істейтін аналарға, жеткіншектерге, мүгедектерге
жеңілдіктерді, сондай-ақ, балаларға жәрдемақыны;
4) асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақыны, халықтың басқа
категориясына берілетін зейнетақыны;
5) еңбекті қорғау және жағдай саласындағы кепілдікті;
6) жұмысбастылық саласындағы кепілдік;
7) денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениеттің тегін және жалпы
қолданылатын қызметінің әң төменгі жиынтығын анықтайды.
Әлеуметтік көмек көрсету - әлеуметтік қорғау
институты қызметінің негізін құрайды.
Әлеуметтік қорғау институтының функциясы төмендегі іс-әркеттерді
қарастырады:
- теңдік, жалпылық, қол жетерлік принциптері мен білім беру,
денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтандыру жалпы ұлттық жүйесін
қамтумен негізделген әлеуметтік кепілдікпен;
- халықтың әлеуметтік неғұрлым нашар, ең алдымен, еңбекке жарамсыз
жігіне әлеуметтік көмекпен;
- әлеуметтік сақтандырумен: міндетті түрі - жұмыс беруші мен
қьізметкерлердің жарнасы есебінен елдегі барлық еңбекке жарамды
халықтың өз еркімен - жұмыс беруші мен қызметкердің өз ықыласы
тәртібімен халықтың еңбек ететін бөлігін қамтамасыз етеді.
Енді біз мүгедектерге мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке
тоқалайық.
Әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік сақтандыру қажеттілік
дәрежесімен байланысты емес. Әлеуметтік көмек мекен-жайлық сипатта болуы
керек, ол үшін:
- әрбір азаматтың материалдық қамтамасыз етілу дәрежесіне катаң есеп
жүргізу;
- отбасының жеке мүшелеріне емес, мекен-жайлық көмек көрсетуге ауысу;
- жердемақы тағайындаудың өтініш жасау принципін сақтау;
- көмек қажеттілігінін себептерін, жұмыс істеу мүмкіндігі бар, бірақ
ынтасы жоқ еңбекке жарамды азаматтардың мемлекеттік көмектен бас тартуын
айқын бөліп қарау;
- мекенжайлық көмек көрсету жөніндегі ауыртпалық орталығын
жергілікті өзін-өзі басқару органдары дәрежесіне ауыстыру қажет.
Бірақ көмек қажет ететіндерге мемлекеттік әлеуметтік көмек
көрсетудің адамның базалық мұқтажын қанағаттандыруға мүмкіндік берсе ғана
мәні болады. Сондықтан, аумақтық айырмашылықты есептей отырып, ең төменгі
еңбек төлемін күнкөріс минимумына ауыстырып, оның әлеуметтік төлем
дәрежесін реттеуші ретінде пайдаланудан бас тарту қажет.
Индустриялы елдердегі әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйелерінің құқықтық
базасы адам құқығы саласындағы жалпыға танылған халықаралық нормалар мен
стандарттарға (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт, Әйелдерге
байланысты кемсітушіліктің барлық түрлерін (нысандарын) жою туралы
Конвенция, Балалар құқықтары туралы Конвенция, Мүгедектер үшін тең
мүмкіндіктер қамтамасыз етудің стандартты ережелері және т.б.) сүйенеді.
Сол себептен Қазақстан Республикасыда әлеуметтік қорғаудың ұлттық
жүйелерінің құқықтық базасы адам құқығы саласындағы жалпыға танылған
халықаралық нормалар мен стандарттарға сүйенуі қажет.
Мүгедектерге әлеуметтік көмек жәрдемақы түрінде, протез-ортопедия
бұйымдарымен және аяқ-киіммен, арнаулы қаупі бар баспа өнімдерімен, дыбыс
күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен компенсаторлық техникалық
құралдармен қамтамасыз ету түрінде беріледі.
Облыстың барлық мүгедектері мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы
алады. Жалпы аурудан еңбек жарақатынан, кәсіби аурудан, бала жасынан
мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде төленеді:
I топтағы мүгедектерге – 6 айлық есептік көрсеткіш, II топтағы
мүгедектерге – 4 айлық есептік көрсеткіш, III топтағы мүгедектер мен
мүгедек балаларға – 3 айлық есептік көрсеткіш, ал бұл 2002 жылдың 1
қаңтарында тиісінше 4938 теңгені, 3292 теңгені, 2469 теңгені құрады.
Әскери қызметін өтеу кезеңде алған жаралану, контузия алу, мертігу,
ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзімді әскери қызметшілер
қатарындағы мүгедектерге, азаматтық, немесе әскери нысандағы ядролық
объектілердегі апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегі
апатты жағдайлар салдарын мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше
жағдайлар салдарын, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткізу
кезіндегі радиацияның әсер етуі себебінен немесе осылардың салдарын мүгедек
болған адамдарға себеп-салдар анықталған жағдайда:
I топтағы мүгедектерге – 8 айлық есептік көрсеткіш, II топтағы
мүгедектерге – 6 айлық есептік көрсеткіш, III топтағы мүгедектерге – 5
айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы төленеді, ал бұл 2002 жылдың 1 қантарында
тиісінше 6589 теңгені, 4938 теңгені, 4115 теңгені құрады.
Әскери қызметін өтеу кезеңде алған жаралану, контузия алу, мертігу,
ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер қатарындағы
(мерзімді әскери қызметшілерден басқа) мүгедектерге, қызмет міндетін атқару
кезінде ішкі істер органдары қызметкерлері қатарындағы мүгедектерге:
I топтағы мүгедектерге – 15 айлық есептік көрсеткіш, II топтағы
мүгедектерге – 10 айлық есептік көрсеткіш, III топтағы мүгедектер мен
мүгедек балаларға – 7 айлық есептік көрсеткіш, ал бұл 2002 жылдың 1
қантарында тиісінше 12345 теңгені, 8230 теңгені, 5761 теңгені құрады.
1999 жылғы 1 сәуірден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан,
кәсіби аурудан болған I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі
мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға
жәрдемақылардың өзге түрлерін қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын
және тұрғын үйді ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
төленіп келеді.
I және II топтардағы мүгедектерге берілетін арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы мөлшері 1,4 айлық айлық есептік көрсеткішті немесе 1152,2
теңгені, III топтардағы мүгедектерге берілетін арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы мөлшері 0,6 айлық айлық есептік көрсеткішті немесе 493,8 теңгені,
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 0,9 айлық айлық есептік көрсеткішті
немесе 740,7 теңгені құрайды.
Жеңілдікпен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне
теңестірілген адамдарға 5,7 айлық айлық есептік көрсеткішті немесе 4691,1
теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар тиісті бюджеттердің
қаражаты есебінен өз құзіреті шегінде:
- тұтыну бағасы индексінің өсуіне қарамай мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларға қосымша ақы;
- бөгде адамның көмегіне мұқтаж жалғызлікті мүгедектерді күту үшін
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
- санаторлық-курорттық емдеу жеңілдіктерін белгілейді.
Қазіргі уакытта қолданылып жүрген әлеуметтік көмектің
міндеттері қатаң түрде кайта ұйымдастыруды талап етеді, оның негізгі
бағыттары:
- отбасына және балаларға, егде азаматтарға, мүгедектерге,
жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелерді дамыту
және олардың қызметтерін жетілдіру үшін қаржылық және
ұйымдастырушылық ресурстарын жинақтауға мүмкіндік беретін әлеуметтік
қызметтің дамуының экстенсивті түрінен қаркындысына ауысу;
- қартайған адамдар мен мүгедектерге айналған үй ретінде жеке
мекемелерді, пансионаттар мен демалыс үйлерін пайдалану;
- халықтың аз қорғалған тобына қатысты мекенжай бойынша әлеуметтік
көмекті күшейту және халықтың осындай тобына көрсетілетін әлеуметтік
көмекті көбірек қамту мүмкіндігі больш есептеледі.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы 1991
жылғы 21 маусымдағы Заңына, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы
Заңына, Қазақстан Республикасындағы арнаулы жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5
сәуірдегі Заңына, басқа да заңнамалық кесімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Одан да басқа мемлекеттік тарапынан халықты әлеуметтік қорғау
жүйесіндегі қолданыста болатын заңнамалар жарық көрген. Осы заңнамаларлы
мүгедектерге қатыстысын кесте ретінде беріп көрсетпекпіз.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қолданыста болатын заңнамалар.

Рс Заңнамалар Қабылда
ған уақыты
1. Қазақстан Республикасының мүгедектердің 21 маусым
әлеуметтік қорғалуы туралы 1991 жыл
2. Қазақстан Республикасының денсаулық қорғау 24 мамыр
Министрлігінің Алдын ала және мезгілді медицина 1999 №278
лық тексеру және қызметкерлердің кәсіптік
жарамдығын анықтау тәртібі туралы бұйрығы
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Оңтү 19 қантар
стік Қазақстан облысының халқын әлеуметтік қор 2002 ж.
ғау жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған облыс
тық кешенді бағдарлама туралы қаулысы
4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Мүгедек 2002 ж.
терді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
облыстық бағдарламасы туралы қаулысы
5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету 17шілде
туралы заңы 2001ж
6. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекет 5 сәуір
тік жәрдемақы туралы Заңы 1999 ж.
7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау 24 желтоқ
және төлеу ережесін бекіту туралы Заңы сан
2001 ж
8. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету 17 шілде
туралы Заңы 2001 ж
9. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекет 5 сәуір
тік жәрдемақы туралы Заңы 1999 ж.
10. Қазақстан Республикасының Семей ядролық 18 желтоқ
сынақ полигондағы ядролық сынақтардың салдарынан сан1992 ж.
зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау
туралы Заңы
11. Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды 11 шілде
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 2002 ж.
түзеу арқылы қолдау туралы Заңы.
12. Қазақстан Республикасының Үкімітінің 29 желтоқ
Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға сан 2001 ж.
арналған бағдарламасы туралы қаулысы
13. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Қазақ 17 мамыр
стан Республикасының Үкімітінің 29 желтоқсан 2001ж2002 ж.
ж. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы туралы 1758 қаулысын
жүзеге асыру туралы қаулысы

Біз Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын болғаннан кейін барлық
назарымызды осы облыста мүгедектерді әлеуметтіндірудегі жасалынып жатқан
жұмыстарға тоқталамыз.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық-
саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең
мүмкіндіктері мен қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының
Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары
мен номаларында кепілдік береді.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мен қорғау шараларының бірі ағзаның
бұзылған немесе жоғалған қаракетін, өзіне өзі қызмет ету, кәсіби қызметтің
әр түріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған
мединициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-
шаралар кешеніне тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмір сүруіне
мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет мүмкіндіктерін іске
асыруын қамтамасыз ететін оңалту болып табылады.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы №1758 Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы туралы қаулысына сәйкес әзірленді.
Қазақстанда мемлекет тарапынан мүгедектерге әлеуметтік көмек
көрсету мәселесіне көп көңіл аударылып отыр. Мемлекетімізде Қазақстан
Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі құрылған.
Осы Министрлік тарапынан мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы
жасалған. Осы бағдарламаға сәйкес біздің Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек
және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті “Оңтүстік
Қазақстан облысының 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту
бағдарламасын” жасаған.
Бағдарламамен танысайық.

Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағадарлама Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға
ның аталуы арналған бағдарламасы
Бағадарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29
ны әзірлеү үшінжелтоқсандағы №1758 Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005
негіздеме жылдарға арналған бағдарламасы туралы қаулысы
Бағадарлама Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек және халықты
ның бастамшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті
Бағадарлама Бағадарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері –
ның мақсаты менмүгедектердің оңалту жүіесін құру, олардың қоғамға
міндеттері жан-жақты кірігіуіне мүмкіндіктер беру, кіріптарсыз
тұрмыс-салтын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау,
мүгедек деңгейін азайту
Негізгі Еңбек және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
орындаушы қорғау, денсаулық сақтау, білім, спорт және
лар денешынықтыру департаменттері, мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім басқармалары, аудан, қала әкімдері
Бағадарлама Мүгедектерді оңалтудың бағдарламасы 2002-2005 жылдарға
ны іске асыру арналып жасалған
мерзімдері
Қаржыланды Бағадарламаны қаржыландыру облыстық және жергілікті
ру көздерінің бюджеттер қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасыың
көлемі заңнамасы тыим салмайтын басқа да қаржы көздерінен
жүзеге асырылады. Бағадарламаны іске асырудың 2002
жылдан 2005 жылға дейінгі барлық кезеңіне қаржыландыру
үшін облыстық бюджеттен 575 миллион теңге қажет болады.
Бағадарлама Бағадарлама мүгедектерді медициналық, әлеуметтік,
ның негізгі кәсіби оңалту мекемелерінің желілірен дамыту мен
іс-шаралары олардың материалдық-техникалық базасын нығайту,
мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және
олардың оңалтудың теникалық құралдарымен қамтамасыз
ету, мүгедектердің әлеуметтік инфрақұры
лым объектілірін кедергісіз пайдалану мүмкіндігін
жасау, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау,
білім беру жүйелерінде мүгедектерді оңалту
мәселелерімен айналысатын қызметкерлерді даярлау мен
біліктілігін арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-
шараларын жұзеге асыруды көздейді.
Қаржыланды Бағадарламаны қаржыландыру облыстық және жергілікті
ру көздерінің бюджеттер қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасыың
көлемі заңнамасы тыим салмайтын басқа да қаржы көздерінен
жүзеге асырылады. Бағадарламаны іске асырудың 2002
жылдан 2005 жылға дейінгі барлық кезеңіне қаржыландыру
үшін облыстық бюджеттен 575 миллион теңге қажет болады.
Бағадарлама Бағадарламаны іске асыру оңалту іс-шараларының көле
ны іске мін ұлғайтуға, мүгедектерді жеке мұқтаждарын ескере
асырудан күте отырып, техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге
тін нәтижелер мүмкіншілік береді, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық,
кәсіби қызметінде қабілетін қалпына келтіруге
конституциялық құқтарын толық көлемде іске асыруға және
олардың қоғамға кіругуін жылдамдатуға көмектеседі.

Осы бағдараламаны жүзеге асыру мақсатпен Оңтүстік облысындаға мүгедектердің
жай-куйін талдау жасалған.
Облыста барлығы түрлі санаттардағы 60 мың мүгедек, соның ішінде:
- мүгедек әйелдер саны – 27 мың;
- 16 жасқа толмаған мүгедек балалар саны – 8,5 мың;
- бала кезінен мүгедек болып туалғандар саны – 7,4 мың;
- басқа мүгедектер саны – 17, 1 мың.
Осылардың ішінен еңбек салдарынан болған мүгедектерді анықтаған кезде
төмендегідей жәйіт мәлім болды:

Мүгедектердің негізгі себептері:

Мүгедектік себебі 1998 1999 2000
Жалпы аурудан 6650 5877 4586
Еңбек жарақатынан 35 31 25
Кәсіби аурудан 14 4 2
Бала кезінен мүгедек 919 937 773

Қазіргі кезеңде еңбек жарақатынан аурулар саны азайған себебі - кәсіп
орындарының азайю. Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектердің
көбеюіне әлеуметтік және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық
қызметтер құнының жоғары болуы әсер етеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2,3 мыңнан астам еңбек мүгедектері тұрады.
Мүгедектер осы санаттары үшін қолданыстағы заңда кәсіпорындар мен
ұйымдардық тарапынан еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығымен өміріне
зиян келтірген кезінде еңбек ақысын өтеуі, сондай-ақ денсаулығын түзеуге,
протездеуге, бөтен кісінің күтіміне, дәрі-дәрмек алуға, арнаулы көлік
құралдарын алуға, басқа кәсіпке даярлауға өтемақы шығындарын және егер
зардап шегушіге мұқтаж деп таныса, шығынды өтеудің қосымша басқа түрлерін
өтеуі қарастырылған.
Қазіргі кезде кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек мүгедектерінің шығындарының
өтемі жөнінде 400 миллион теңгеге жуық берешек жинақталып қалған, оның көп
бөлігін банкрот деп танылған кәсіпорындардың осы мақсатқа жинақтаған
қарыздары құрайды.
Іс жүзінде кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан олардың еңбек жарақатын
алуына немесе кәсіби аурумен ауратындарды еңбекке орналасуына кететін
қосымша шығындарды өтеу құқығы іске асырылмайды.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген I және II топтағы
мүгедектердің, олардың денсаулық жағадайын ескергенде, өздерінің отбасы
тұратын жерде жұмысқа тұратын мүмкіндігі бола бермейді.
Мүгедектердің еңбегін дәстүрлі пайдаланатын көптеген кәсіпорындар
жабылып қалды немесе өндіріс тоқтатылды. Мүгедектер үшін жаңа жұмыс орны
құрыла бермейді. Кәсіпорын әкімшілері еңбек рыногында еңбекке жарамды
адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетіндіктен түрлі сылтауларды желеу етіп,
жұмыс істейтін мүгедектерді қысқартады.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек беріледі. Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін пайдалануы мүмкін болатын жұмыс орындарының есебі
жүргізілмейді. Осыған байланысты ұйымның қағидаттары, инвестициялау көздері
туралы мәліметтерді қоса алғанда, мүгедектер үшін жұмыс орындарды есепке
алуды ұйымдастыру түрінде (бар болуы, сақталуы, өзгеруі, жаңаларын құру)
жұмыс орындары банкін құру қажет.
Өздерінің өнімдеріне мемлекеттік сатып алудың тоқталуынан, мүгедектердің
қоғамдық бірлестіктерінің арнаулы кәсіпорынның жағдайы қиындап кетті.
Өткізу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап кетуіне бұл
кәсіпорындар бәсекестілікке жарамай қалды.
Жергілікті өкілдер мен атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты
есебінен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың
тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған басқа да шешімдерді қабылдайды.
Облыста 1500-ден астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 300 астам
құлағы нашар еститін мүгедек сурдотехникаға, 1800- ден астам көзі нашар
көретін мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж.
2001 жылы 260 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 540 мүгедек есту
аппараттарымен, 155 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етілді.
Мүгедектерге протез-ортопедиялық бұымдармен қамтамасыз етудің
практикасын талдау, бұымдардың сапасының төмендігі ғана емес, бірқатар
ұймдастырушылық проблемаларын да көрсетіп отыр. Қазақстанда протездеу мен
протез жасау проблемаларын зерттеу жасайтын бірде-бір ғылыми-зерттеу
институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық деректер негізінде
ғана жүргізіледі және негізінен екі факторға: сезінуіне және протез
жасаушының сауатты әрекетіне тәуелді.
Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай протез-
ортопедиялық құралдарымен мейлінше толығырақ қамтамасыз ету, республикалық
мемлекеттік протез-ортопедиялық кәсіпорындарын басқарудың құрылымын
оңтайландыру, протез салу мен протез жасауды зерттеу және жобалау-
конструкторлық жұмыстарын жүргізу, қол және аяқ буындары протездеуіне
қажетті түйіндер мен бөлшектер өндірісі бойынша импорт алмастырушы жаңа
конструктруциялар мен әзірмелерді еңгізу мақсатында жұмыс істеп тұрған
протез-ортопедиялық кәсіпорындарын қайта құру көзделуде.
2001 жылғы “Ардагер -2000” лотореясын ойнатудан түскен қаражаттарға
облыстық еңбек және соғыс мүгедектері үшін 70 кресло-қораптар алынды, ал
2002 жылдың басында 20 мүгедек кресло-қораптар алды, облыстық бюджеттен бұл
үшін арнайы қаржы бөлінді.
“Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы”
Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе
өзге де құралдар беруге қатысты бөлігі толық көлемінде орындалмай келеді”,
- дейді Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы, экономика ғылымдарының кандидаты
Жеңісбек Мауленқулов.
“Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы”
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы заңының мүгедектрдің
тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне
көтеріліуін қамтамасыз етуді көздейтін 8 бабы бар, бірақ Оңтүстік Қазақстан
облысы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің
қызметкерелірінің айтуы бойынша, олар жүзеге аспай отыр. Бірінші кезеңде
ғимараттардың есігі мен көшелерінің жерасты өткелдеріне қойылатын
пандустарға қатысты.
Мүгедектердің демалысы мен спортпен айналысын ұйымдастыру бойынша
оларды нақты кепілдіктеріне қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды
шешуді, аталған бағытта мүгедектер мен жұмыс істейтін кадрларды даярлаудың
тәртібі мен шарттарын анықтауды нормативтік тәртіпте жүргізген жөн.
Мүгедектерді әлеуметтендіру мәселесі баспасөз беттерінде көп орын
алады. Осларға қысқаша тоқталып өтейік.
2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасының
орындалуы туралы газет беттеріндегі мәліметтер.

26 тамыз, 2004 ж.
Ж.Шалабаеваның Әлеуметіміз жақсарып келеді мақаласында: Облыстағы
Халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Жеңісбек Мауленқуловтың
журналистермен кездесуінде әлеуметтік қорғау үшін 3 бағдарлама жасалғанын
айтып өтті, - деп хабарлайды. Оның ішінде мүгедектерге арналған мынадай
бағдарламаны қамтыған:
2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы;
1 қантар, 2005 ж.
Ә.Ағыбайдың Қайырымдылық – халықтық қасиет мақаласында Арыс қаласының
әлеуметтік қорғау бөлімінде көмекке мұқтаж 264 мүгедек бала есепте
тұратынын мәлімдейді. Оның 72-сіне бөлім қызметкерлер тарапынан тікелей
үйіне барып жәрдем берілуде.
Жаңа жыл қарсаңында қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі акция
өткізіп, 96.000 теңге ақшалай-заттай қор жинады.
8 қантар, 2005 ж.
Республика Президентіің 2004 жылғы Қазақ халқына Жолдауындағы
тапсырмасына байланысты дайындалған әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетуге арналған бағдарлама жақында ғана Үкімет мәжілісінде мақұлданды.
Бағдарламада 2005-2007 жылдар аралығында әлеуметтік салада еңгізілетін
өзгерістер белгіленген:
1.Әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесі ендіріледі. Әлеуметтік
қамсыздандырудың:
Бірінші деңгейі (базалық деп аталады) мемлекет тарапынан төмеңгі мөлшері
кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер (республикалық бюджет)
Екінші деңгейі (міндетті) - әлеуметтік қауіп бойынша міндетті әлеуметтік
сақтандыру есебінен жүргізілетін әлеуметтік төлемдер (әлеуметтік қорынан
болатын төлемдер).
Үшінші деңгейі (қосымша) – ерікті түрдегі аударымдар есебінен
жүргізілетін әлеуметтік төлемдер.
2. 2006 жылдан бастап барлық әлеуметтік төлемдер әлеуметтік базалық
индикатор – күнкөріс деңгейін негізінде төленеді. Күнкөріс деңгейінің 20
пайызы мөлшерінде базалық қосымша зейнетақы тағайындау ендіріледі.
3.2006 жылдан бастап төменгі зейнетақы мөлшері базалы зейнетақыны қоса
есептегенде 8046 теңгені, орта зейнетақы - 11266 теңгені, жоғарғы зейнетақы
- 13036 теңгені құрайды.
4.Мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақысы 2005 жылдың
қантарынан бастап:
I топқа - 2895 теңге
II топқа- 2412, 5 теңге
III топқа-1930 теңге, ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2895 теңгеге
артады.
5.2006 жылдан бастап мұқтаж отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларына ай
сайынғы жәрдемақы ендіріледі.
Үш жылда орын алатын игілікті өзгерістердің дені мүгедектерге, ана мен
балаға, зейнеткерлерге тікелей байланысты болып отыр.
Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне көрсетілер қамқорлық кең
көлемде болып отыр. Облысымызда бұл орайды атқарылатын игі шаралардың
жоспары түзіліп отыр Жеңіс мерекесі құрметіне соғыс ардагерлері үшін
республикалық бюджеттен 30.000 теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек
беру көзделуде. Облыс бюджетінен 10.000 теңге материалдық көмек
көрсетілуде. Бұл іс аудан, ауылдық әкімшілік тарапынан ұйымдастыруда.
11 Қантар, 2005 ж.
Ж.Жайлаубекқызы Облысқа 250 қоларба келді деп мәлімдейді. Облыста 65000
мүгедек тіркеуде тұрады, оның 8650 – 16 жасқа толмаған балалар. Жыл өткен
сайын мүгедектерге көрсетілір қамқорлықтың аясы кеңейіп жатыр.
Бұл орайда Петро-Қазақстан компаниясы көп жұмыс атқарып отыр.
Америкадағы мүгедектің қоларбасын жасаушы бүкіләлемдік Әлемге қызмет
етеміз қоры арқылы биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысына 250 қоларба
алдырылды. Олардың 130 –ересектерге, 120 балаларға арналған. 50 қоларба
Сарыағаш ауданына жіберліді.
27 Қантар, 2005 ж.
Протез алуға – 33 миллион теңге. Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен
қамтасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне
қарасты 4 психикалық жүйке аурулары интернат үйінде 800 астам адам, қарттар
мен мүгедектерге арналған үйінде 278 жалғызбасты қарт және I – II топтағы
мүгедектер, жарымжан балаларға арналған интернат үйлерінде 440 мүгедек
бала, мүгедектердің кәсіби мектебінде 150 мүгедек, үй-жайсыз адамдарға
арналған әлеуметтік оңалту орталығында 120 мұқтаж азамат толық мемлекет
қамқорлығына алынған.
Облыс бюджеттен әлеуметтік мемлекеттік мекемелерді ұстап тұру үшін 470
миллионнан астам қаржы бөлінуде.
Түркістан психикалық жүйке аурулары интернатта мүгедектер мектебінде I –
II топтағы 150 мүгедектер есепші және тігінші мамандықтары бойынша дәріс
алуда.
Мүгедек балаларға 9 сынып беру үшін мектеп жұмыс істейді.
Қазір облыста протез бұйымдарына, ортопедиялық аяқ киімге мұқтаж 1392
мүгедек, тифлоқұралдарға мұқтаж 1859 зағип мүгедектер, есту қабілеті нашар
450 мүгедектер есепке алынуда.
Облыс бюджет есебінен протез, ортопедиялық аяқ киім алуға 33 миллион
астам, сурдоқұралдар алу үшін 16 миллион астам, және тифло бұйымдар сатып
алу үшін 6 миллионнан астам теңге қаралған.
I бөлімге тұжырым
1. Мүгедектер әр түрлі негіздемелер бойынша бірнеше топқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастық шақ кезеңдері
Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер. Дәріс және тәжірбиелік сабақтар
Жастардың саяси белсендік деңгейі
Отбасында тұлғаның қалыптасуы
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөл
Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-күйі
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Пәндер