Қаржы нарығындағы ЕДБ ролін арттыру бағыттары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1 Коммерциялық банктердің мәні және ролі . . . 9
1. 2 Екінші деңгейлі банктердің құрылымы . . . 12
1. 3 Екінші деңгейдегі банктердің шетел тәжірибесінің қызметтерін талдау . . . 17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ
2. 1 Бағалы қағаздар нарығының дамуындағы екінші деңгейлі банктердің қызметін талдау . . . ……… . . . 25
2. 2 Қаржы нарығындағы екінші деңгейлі банктердің жүргізілетін инвестициялық саясатының нәтижелерін талдау . . . 44
3 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РОЛІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1. Қаржы нарықтарында екінші деңгейлі банктердің инвестициялық жобаларды жетілдіру мәселелері . . . 50
3. 2 Ұтымды инвестициялық жобаларды жасау және банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы банктер жүйесінде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда нарыктық экономика жолына баяғыда түсіп, зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесін үйрене отырып, банк жүйесін халыкаралық стандарттарға көшіру ел экономикасы үшін маңызды болып табылады.
Банк жүйесін реформалау қажеттілігі - Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуінің қажеттігінен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалы өзгерістер болды деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7, 5 процентке өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» компаниялары басым активтері мемлекет иелігінде болады. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз» деп айта кетті [1] .
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы қаржы секторын дамыту концепциясында анықталған бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларында белгіленген мақсаттарға сəйкес, нарықтық экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде дамып келеді.
Қаржы нарығының ғаламдық тұрақсыздығының соққысын өзіне қабылдаған негізгі сектор болып елдің банк секторы табылды. Əлемдік қаржы нарығында тұрақсыздық туындатқан АҚШ-дағы ипотекалық дағдарыс дамушы нарықтардың барлық қаржылық институттарына қатысты шетелдік инвесторлардың көңілдерінде бейнеленді, ол бірінші кезекте отандық банктердің сыртқы нарықтардан қаражатты қарызға алудың талаптарын қатаңдатуға əкелді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек. Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек. Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс» деп айта кетті [2] .
Осы тұрғыдан алғанда қазіргі таңда ҚР қаржы нарығының инфрақұрылымын дамытудың экономикалық тетіктері және оны іске асыру мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып келеді.
2011 жылы тəуекелдерді бағалауға негізделген қаржы нарықтарын реттеу жүйесін құру мақсатында банктік қадағалау бойынша ең озық халықаралық тəжірибені, Еуропа одағының жəне Базель комитетінің стандарттарын ескере отырып, Агенттіктің тəжірибесі мен рəсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Қаржы нарығында жүйелі тəуекелдер өскен кезде шұғыл іс-əрекет схемасын жетілдіру (Сontingency Planning) . Күллі əлемдік қаржы жүйесінің қызметінде елеулі үйлесімсіздік тудырған АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс салдарынан көп елдердің реттеуші органдары өз қызметтеріне қатысты көзқарастарын өзгертті, қаржы нарығының қатысушылары өз тəуекелдерін қайта бағалады. 2010 жылы біршама босаңсыған ғаламдық қаржы нарықтарындағы жағдай əлемдік экономиканың экономикалық өсуінің қарқыны бəсеңдеген перспективасында бұдан былай шиеленісу үрдісін иемденіп, тұрақсыз болуда жəне белгілі дəрежеде шиеленісуде. Халықаралық қаржы нарықтарындағы соңғы оқиғалар қаржы жүйесінің тəуекелдері мониторингінің тиімді құралдарын жəне қаржы жүйесінің осалдығы факторын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесінде жүйелі дағдарыстың пайда болуын болдырмау үшін қажетті шұғыл (төтенше) шараларды қолдану қажеттілігін тудырды.
Қазақстанда банк жүйесін реформалау ісі ең алдымен коммерциялық банктерді құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бірге бүкіл КСРО аумағындағы бірінші болып құрылған банк, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан "Союз" кооперативтік банкі болатын. Банк операцияларын жүргізу құқығын беретін лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бірақ, аталмыш банктің қызметі небәрі 7 жылға ғана созылып, қызметіндегі айтулы елеулі кемшіліктері үшін 2005 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргізу үшін берілген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегінде құрылған екінші деңгейдегі банкке Алматы Орталық кооперативтік банкі жатады. Қазіргі кезде аталмыш банк "ЦентрКредит" ААҚ болып, банк қызметі нарығында өз қызметін тиімді атқаруда.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банк жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылдан бері бірқатар зандар қабылданды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығы, көбіне екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен банктерге деген сенімсіздік көптеген банктердің қызметіне тосқауыл болып, банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырады. Ел экономикасында бірлескен және шет ел банктерінің, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді. Нәтижесінде, банктердің несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті. Жұмысты жазу барысында қарастырып отырған мәселелер Қазақстанның банк жүйесінің дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүргізу барысында банктердің қаржы нарығындағы қызметін қалыптастыру мәселелерін ашып көрсету үшін, біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиімді де пайдалы әдістерін қарастырып, банк қаржы нарығындағы саясатын қалыптастырудағы тәуекелден "қорғану" үшін қажетті әдістемелерді саралап отырмыз. Осы кешегі күнге дейін отандық банктер үшін банктерді тарату саласындағы басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келді. Бүгінде өзінің өзектілігін жоғалтпай, бұл проблема өзінің орнын басқа проблемаға береді - ол ел экономикасына екінші деңгейлі банктердің қаржылық операцияларының әсері, оны қалыптастыру әдістемелерін одан әрі жетілдіру проблемасы.
Сонымен, коммерциялық банктердің қызмет аясы кеңейген сайын, банк қызметін басқару тәуекелі де ұлғая бермек. Бірақ, отандық коммерциялық банктер әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема отандық банк жүйесі үшін жаңа болып табылады, сондықган да банктердің қызметін жүргізу әдістері бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда банктердің қаржылық операцияларын ұйымдастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның банк жүйесін реформалау кезіндегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын тандауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға негіз болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметін зерттеу және талдау болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықгайды:
1. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметін қалыптастырудың теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың құрылымын анықтау, "қаржылық операциялар" түсінігінің мазмұнын нақтылау және анықгама беру;
2. Ел экономикасында коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметіне талдау жасап, оның себептері мен саддарын анықтау;
3. Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін коммерциялық банктердің қаржылық операцияларын ұйымдастырудағы практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмысытың пәні ретінде коммерциялық банктердің қаржылық операцияларын ұйымдастыру құралдары және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің қаржылық операциялары болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1 Коммерциялық банктердің мәні және ролі
Банк жүйесі - бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерін орындайтын банктер мен банк институттарының әр алуан түрлерінің жиынтығы[3] .
Кез келген мемлекеттің банк жүйесі жалпы алып қарағанда экономиканың үлгісіне байланысты болады. Орталықтандырылған экономикадағы банк жүйесі нарықгық экономикасы дамыған банк жүйесінен ерекшеленеді. Экономикадағы банк жүйесінің маңызын дәлелдеп жатудың өзі артық. Банк жүйесі арқылы мемлекет экономиканың салалық және аумақгық даму саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында жүргізілген реформалар барысында елімізде классикалық екі деңгейлі банктер жүйесіне өту кезеңі аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіне жатады. Өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (Ұлттық) банкі мемлекеттің негізгі банкі болып табылады. Олардың қызметі өкілетті және атқарушы өкімет органдарынан тәуелсіз. Қазақстан Республикасының орталық банкі - экономикалық дербес мекеме. Ол өзінің қызметін меншікті табыстары есебінен жүзеге асырады.
Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның ішінде негізгілері[4] :
- ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
- мемлекеттің алтын валюта қорын сақтау
- басқа несие беретін мекемелердің резервтік қорларын сақтау
- экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету
- банктердің сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметін реттеу және қадағалау т. б.
Қазақстан Республикасы орталық банкінің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізгі құралдары мен әдістеріне: Қазақстан Ұлттық банкінің сыйақы ставкалары, резервтік талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тікелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесінің аса маңызды буыны болып есептеледі. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы-несие
мекемелерінің әмбебап сипаттағы түрі. Коммерциялық банктер қызметінің мәселелері оку құралының кейінгі тарауында кеңірек қарастырылады.
Нарықтық экономикада банктермен қатар банк жүйесіне сақтандыру компаниялары, қаржы банктер, қарыз сақтау ассоциациялары, зейнетақы қорлары және т. б. осы сияқгы арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсенді қатысады.
Банк жүйесін жоғарғы дәрежедегі макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды құрал ретінде қарастыруға болады.
1990 жылы "Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы" Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттік болып табылатын Ұлттық банктің негізгі міндеттерімен қатар, экономикадағы ақша-несиелік реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерінің түрлері, коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасау принциптері мен әдістері анықгалған болатын[5] .
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасқан алғашқы кезеңдерінде сауатты, кәсіпкерлік деңгейі жоғары, білікті мамандардың болмауы, банк саласының қызметін реттейтін заңнамалардың толық жетілмеуі банк қызметін жүзеге асыруда көптеген қателіктер жіберіп, банктердің жабылып қалуына тікелей себебін тигізді.
Реформаның құқықгық қамтамасыз етілуі және банк жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 2005- жылдың наурыз айында "Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықгырулар енгізу туралы"; 1998- жылдың 28- сәуірінде "Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы"; 2005- жылдың 11 шілдесінде "Банк қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" бірқатар заңдары қабылданды.
2005 ж. Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегі орта мерзімді бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен міндеті тұтастай алғанда 1990- жылы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банкі ретінде атқарған қызметі барысында жинақгалған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықгық экономикаға сай келетін ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің түрақгылығы, көбіне екінші деңгейлі банктердің тұрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен банктерге деген сенімсіздік көптеген банктердің қызметіне тосқауыл болып, банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бірлескен және шет ел банктерінің, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді. Нәтижесінде, банктердің несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдің жоғары деңгейімен бетпе-бет кездесіп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да біз бүгінгі таңдағы әлемдік тәжірибеде қалыптасқан банк қызметін тарату әдістемелерін оқып біліп, осы алған білімді еліміздің банк жүйесінің практикасында қолданғанымыз абзал[6] .
Кесте 1
Қазақстан Республикасы аумағында екінші деңгейлі банктердің сандық өзгерісінің серпіні, [18]
ЕДБ
барлығы
Лицензия
алған
банктер
Лицензиясынан
айрылған
банктер
*** ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені 2011 ж. №3
Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау барысында жаңадан ашылған банктердің басым бөлігі өз қызметін осы және басқа да көптеген себептерге байланысты тоқгатуға мәжбүр болды. 2007-2011 ж. ж. аралығында банктердің сандық өзгерісінің динамикасын кестеден көруге болады (кесте 1) .
01. 01. 2011 ж. банктердің жалпы саны 34 болып отыр.
Бүгінгі таңда әмбебап сипаттағы коммерциялық банктер банк қызметінің жан-жақгы қамтитын қызмет түрлерін жүргізеді.
Республиканың коммерциялық банктері қаржы, несие, есеп айырысу операцияларының барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес, коммерциялық банктер келесі қаржы операцияларын жүргізеді:
- заңмен белгіленген тәртіпте өз меншігіндегі бағалы қағаздар шығару (вексель, аккредитив, депозиттік сертификат, акция және басқа да қарыз міндеттемелері)
- факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығына ие болу
- форфейтингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының берешек міндеттемесін сатып алушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу
- сенім (трасттық) операциялары: сенім білдірген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен ақшаларын басқару
- жалға берушінің жалға берілетін мүлікке меншік кұқығын сақтай отырып мүлікті шарт (лизинг) қолданылатын бүкіл мерзімге жалға өткізу
Ұлттық банктің арнайы лицензиясы болған жағдайда коммерциялық банктер басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде:
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
- ақшаларды инкассациялау және басқа жаққа жіберу
- тұрғын халықгың ақшалай салымдарын тарту
Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банктерге және басқа тұлғаларға лицензияны Ұлттық банк қана беруге құқылы.
1. 2 Екінші деңгейлі банктердің құрылымы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы басшылыққа алады[7] .
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады. Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990-жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 19-жылдық тарихы бар.
1990-жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың эксентивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазақсан Республикасындағы екінші деңгейлі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандарты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді. Мысалға: инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б.
Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы. Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа Қазақстан Республикасының Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі лицензия береді.
1995-жылдың 31-тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкесҚазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады[8] :
1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу;
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz