Ауылшаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалық және оларды жүзеге асыру мәселелері



Кіріспе
§1. Ауылшаруашылығын дамыту . мемлекетті дамытудың негізгі бағдарламасы
§2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
§3. ҚР.дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
“... Қазақстанда тарихи, әсіресі әміршіл экономика дәуірінде, адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да, әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді. Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды.
... Мемлекеттің күллі қаржы – экономикалық саясаты, соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс“ Н.Ә. Назарбаев. Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалды. Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай, мына мәселелерге аса көңіл бөлінді.
- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету.
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын, күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу.
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру.
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату.
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының, басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту. Осындай мәселелер қарастырылған. Және ҚР үшін әлі де болса ауылшаруашылық секторына қатысты бағдарламалар әзірлену үстінде. Бұндай шаралар мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр. Осы себепті кәзіргі таңда ең елеулі және өзекті болып тұрған тақырыбыма сәйкес проблемамды шамамның келгенінше жалпылама түрде зерттеуге тырысып көрдім, ауыл шаруашылықтың кәзіргі кездегі маңызды бағдарламасы болып есептелетін «Дипломмен ауылға» бағдарламасына назар аудара түстім.

Кәзіргі таңдағы даму бағдарламалары
• Дипломмен ауылға
• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
• Су ресурстарын сақтау және оңтайлы пайдалану, жануарлар әлемін және 2010 жылға дейін аса қорғалатын аумақтарды дамыту, жөніндегі бағдарлама
• «Ауыз су» бағдарламасы (жоба ретінде)
• «Жасыл ел» бағдарламасы (жоба ретінде)
1. ҚР Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2. Күлтелеев С.Т және басқалары. ҚР Аграрлық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2005.
3. Жетписбаев Б. Аграрное право РК: Учебник. Алматы 2002.
4. Веденин Н.Н. Аграрное право. М., 2000.

Көмекші сілтемелер
ҚазАгроМаркетинг - www.kam.kz
ҚР Статистика агенттігі - www.stat.kz
http://www.minagri.kz - ҚP Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚазАгроИнновация - www.at2.kz
ҚазАгроҚаржы - www.kaf.kz

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ауылшаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалық және оларды жүзеге асыру
мәселелері

ЖОСПАР:

Кіріспе
§1. Ауылшаруашылығын дамыту - мемлекетті дамытудың негізгі бағдарламасы

§2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат

§3. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

“... Қазақстанда тарихи, әсіресі әміршіл экономика дәуірінде, адамдарды
ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да, әлеуметтік
және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді. Нәтижесінде құлдырау
экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды. 
... Мемлекеттің күллі қаржы – экономикалық саясаты, соның ішінде
әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың
жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп
бағытталуға тиіс“ Н.Ә. Назарбаев. Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2014 жылдарға арналған
стратегиялық бағытында ауыл проблемалары  басымдық болып айқындалды. Осы
бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай, мына
мәселелерге аса көңіл бөлінді. 
- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету. 
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын, күмәнді жеке
шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу. 
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру. 
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді
арзандату. 
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының, басқа
ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын
кәсіпкерлікті дамыту. Осындай мәселелер қарастырылған. Және ҚР үшін әлі де
болса ауылшаруашылық секторына қатысты бағдарламалар әзірлену үстінде.
Бұндай шаралар мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық
мүмкіндік туғызып отыр. Осы себепті кәзіргі таңда ең елеулі және өзекті
болып тұрған тақырыбыма сәйкес проблемамды шамамның келгенінше жалпылама
түрде зерттеуге тырысып көрдім, ауыл шаруашылықтың кәзіргі кездегі маңызды
бағдарламасы болып есептелетін Дипломмен ауылға бағдарламасына назар
аудара түстім.

Кәзіргі таңдағы даму бағдарламалары
• Дипломмен ауылға
• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014
жылдарға арналған стратегиялық жоспары
• Су ресурстарын сақтау және оңтайлы пайдалану, жануарлар әлемін және
2010 жылға дейін аса қорғалатын аумақтарды дамыту, жөніндегі
бағдарлама
• Ауыз су бағдарламасы (жоба ретінде)
• Жасыл ел бағдарламасы (жоба ретінде)

§1. Ауылшаруашылығын дамыту - мемлекетті дамытудың негізгі бағдарламасы

Қазақстанның аграрлық саласы жыл өткен сайын қарқынына қарқын қосып,
дамып келеді. Ел халқын сапалы азық-түлікпен, ішкі нарықты отандық ауыл
шаруашылығы тауарларымен толық қамту бағытындағы жұмыстар өз жемісін
беруде. Сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мәселесінде де бірқатар
жоспарлар жүзеге асырылуда. Ауыл жағдайын жақсарту бағытында да жүйелі
жұмыстардың жатқандығын айтуға болады.
Мемлекетіміздің ауылға баса назар аударып, Қазақстан Республикасының 20
жылдығын тойлау күнтізбесіне сәйкес қазан айын Ауылды қайта түлету айы
деп атауында үлкен мән жатыр деуге болады. Қазіргі күні ел халқының
жартысына жуығы ауылда тұратынын ескергеніміз жөн.
Ел экономикасының дамуында ауыл шаруашылығының алатын орны ерекше. Осы
ай шеңберінде ауылдық жерлерде мемлекеттің тікелей қолдауымен жаңа ауыл
шаруашылығы нысандары, атап айтқанда: мал шаруашылығы орталықтары, сүт
комбинаттары, жылыжайлар, элеваторлар, көкөніс сақтау қоймалары ашылды.
Қазан айында еліміздің түкпір-түкпірінде 14 жаңа нысан іске қосылған болса,
жыл соңына дейін 39-ға жуық нысан пайдалануға берілетін болады. Сонымен
қатар республика бойынша Дипломмен ауылға аудандық жастар форумдары
өткізіледі. Ал республикалық Дипломмен ауылға форумы 9 желтоқсан Ауыл
күні аясында ұйымдастырылатын болады. 
Еліміздің барлық өңірлерінде министрліктің қатысуымен:
- ет-сүт, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмелері;
- спорттық-мәдени және елдің азық-түлік қауіпсіздігін насихаттауға және
ауылдық елді мекендердің әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын
дамытуға бағытталған басқа да іс шаралар өткізілетін болады. Дипломмен
ауылға бағдарламасы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн
әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24
желтоқсандағы №111-IV Заңына негізделеді. Заңның 8 бабына сәйкес,
әлеуметтік қолдау шараларын ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру
үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына ғана ұсыну қарастырылған.
Ауылдық елді мекендердің ауылшаруашылық және ветеринария мамандарымен
қамтамасыз етілуін талдау нәтижесі көрсеткендей, қазіргі уақытта агроном,
зоотехник, ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық санитар, ауыл шаруашылығын
механикаландыру және т.б. мамандықтарына сұраныс өте жоғары. Осыған орай
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан аграрлық
саланың мамандарын ауылдық елді мекендерге жұмысқа тарту мақсатында
әлеуметтік қолдау мен ынталандыру шараларын әзірлеуде және осы мәселелерді
реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар
енгізуді заңнамалық бекіту мәселелері қарастырылуда. Атап айтқанда, бірінші
кезекте мал шаруашылығы саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету
мақсатында, әлеуметтік сала мамандарына көрсетілетін әлеметтік қолдау
шараларына ұқсас қолдау шараларын 2012 жылдан бастап ветеринария саласының
мамандарына ұсыну мәселесі пысықталуда. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінде осыларды көздейтін Асыл тұқымды мал шаруашылығы
мәселелері бойынша Қазақстан Республи-касының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңының
жобасы қарастырылуда.  Осылайша Қазақстан Республикасының тиісті заңы
қабылданғаннан кейін аталған саланың мамандарына мемлекеттік қолдау
шаралары ұсынылатын болады.

§2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат

Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып
алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін (паритетін) сақтау,
яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері
құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі.
Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен
маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай
нарықтың ерікті ағысына жіберілмеген.
Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп
санайды. Бірақ, Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Стиглердің мемлекеттік
реттеу жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік
реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді
істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді. Бұл құбылыстар нарықтық
қатынастағы Қазақстанның аграрлық секторына да тән.
Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі
ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге
шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің
артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру
– мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын
құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік
орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету
құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен
ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу
түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.
Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін залогтық
(кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі
ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын өнімді
алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс
сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет.
Кепілдікті сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші
кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық
баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын
реттеуге жағдай жасалынады.
Мемлекеттік салық саясатында ауыл шауашылығына қатысты жеңілдікпен салық
салу арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек. Салық салудың
негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.
Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз
ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың және жеңіл
өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілер мен форвардты, фъючерстік
контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет.
Сонда тауар өндірушілералдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады.
Өйткені, форвардтық операциялар – бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату
бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар – белгілі бір
көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық
баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату – бұл пайызсыз несие алумен
қатар, ауыл шаруашылық бағалы қағаздар нарығын құруға, тұрақты сұраныс пен
өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді
жұмсауына және инфлияциялық процестердің төмендеуіне мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге
уақтылы есеп айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп
айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек. Қазіргі қиын нарық жағдайында
әртүрлі ауыл шаруашылық субектілеріне техника иемдену басты проблема болып
тұр. Осы қиыншылықтан шығудың бірден бір жолы лизингтік қаржыландыру. Мен
Қазақстан жағдайындағы лизинг туралы бірнеше мәселені талдап көрейін.
Лизингтік қаржыландырудың банктік несие жүйелерінен айырмашылығы бар ма?,
ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың, содан кейін
лизингтік қаржыландырумен қол жеткен техникаларды сақтандыру жүйесінің
қазіргі пәрмені қандай? деген сияқты бірнеше сұрақ туындайды. Мен осы
секілді бірнеше сұраққа жауап беріп көрейін.
Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған
техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Бұл бірқатар
компанияларда сыннан өтіп үлгерді. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп
кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі
арқылы жабудың теориялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Бірақ сақтандырудың бұл түрі әлі сұранысқа ие болған жоқ.
Әрине шаруалар үшін лизингтің ең қызықты жағы ол –пайыздық өсім. Алдағы
уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі
төмендету мәселесі тағы туындап отыр, Енді осыған тоқталып кететін болсақ:
Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт
болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік
компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін.
Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып
отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі
ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы
3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез
келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік
несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі.
Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар
еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды
қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2
жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады. Ауыл
шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың қазіргі мүмкіндіктері
туралы тоқталып кетейін. 2012 жылы елге лизингтік қаржыландыру арқылы
жеткізілетін бірқатар техникалар Үкімет қаулысымен қосымша құн салығынан
босатылған. Кейбір лизинг компаниялары ауылда, жеке меншігінде 5 гектардан
500 гектарға дейін жері бар кәсіпкер-шаруаларды құны 5-50 мың АҚШ доллары
тұратын ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг арқылы несиелендіруді бастады.
Енді ауылдағы кәсіпкерлер лизингтік жобамен қаржыландырылған лизинг мүлігін
кепілге қойып, оның бастапқы жарнасын төлеп, қажетті техникаға ие бола
алады. Ресей, Өзбекстандағыдай өнім арқылы лизингтік несиемен есеп айырысу
үрдісі бізге әлі енгізіле қойған жоқ. Бір айта кетер жайт – лизингтік
несиеге қол қойған шаруа банктердегідей ай сайын емес, жылына бір рет,
өзіне қолайлы мерзімде есеп айырыса алады. Банктер ауыл шаруашылығы үшін
консервативті жүйе болса, лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл
шаруашылығына жақындау. Банктік несие мен лизингтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Кәсіпорынның инвестицияны тартудың тиімділгінің теориялық негізі
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУДА САЛЫҚ САЛУ
Қазақстан Республикасындағы аграрлық салада қызмет атқарып жатқан «Қазагроқаржы» АҚ лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мен несиелендіру көздері
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы қызмет көрсету саласының ролі
Пәндер