Қазақстан Республикасында астық қызметін құқықтық реттеу мәселелері: объектісі, субъектілері, мемлекеттік реттеу механизмі, шетел тәжірибесі


Қазақстан Республикасында астық қызметін құқықтық реттеу мәселелері: объектісі, субъектілері, мемлекеттік реттеу механизмі, шетел тәжірибесі.
ЖОСПАР:
Кіріспе
- Қазақстан Республикасында астық қызметін құқықтық реттеудің объектілері мен субъектілері
- Астық рыногын мемлекеттiк басқару мен реттеудiң мақсаттары:
- Астық туралы зацдардыңталаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әр шаруашылықтағы адамдардың өмір сүруіне ең қажеттісі - астық өнімі болып келеді. Бұнымен ауыл - шаруашылығының әр салаға да өз ықпалын тигізетіні көрінеді. Шикізатқа байланысты туатын қиыншылықтар ауыл шаруашылығының қажеттілігіне және онымен қатарлас жұмыс істейтін салалардың, аграрлық қауымдастықтардың және аграрлық саясаттың қажеттілігіне көз жеткізеді.
Аграрлық саясат тек қана ауыл шаруашылығын, оның өнімдерін және агробизнестің түрлі салаларын дамытатын саясат емес, ол сонымен қатар халықтың санының өсуіне, елдің қоғамдық өміріне әсерін тигізеді. Аграрлық саясаттың жалпы елдің экономикалық саясаттан бөлек болуы, ауыл шаруашылығының өнімдерінің өзіндік ерекшеліктерінің болуында, аграрлық қоғамдастықтардың мамандануының бақылауында. Аграрлық саясат ауыл шаруашылығына және бүкіл агробизнеске, өнімнің бірқалыпты өсуіне, оның социалдық және өзіндік дамуына, болашақта үлкен өнім жетістіктеріне жетуге көз көздейді.
1. Қазақстан Республикасында астық қызметін құқықтық реттеудің объектілері мен субъектілері
Аграрлық құқықтық қатынастар ауыл шаруашылық өнімдерін ондіру, өңдеу, тарату нәтижесінде пайда болатын, аграрлық құқықтын немесе басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін қатынастар.
Астықты құқықтық редеудегі субъектілері ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, тарату саласында, сонымен қатар оларды өндірістік-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында құқықтар мен міндеттерге ие жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Астық туралы 2001 ж. 19 қаңтардағы N 143-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай тараптар субъектілер ретінде қатыса алады екен:
1) агент - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;
3) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;
4) астық рыногына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
5) уәкілетті орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іскe асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Астықты құқықтық редеудегі субъектілері сонымен қатар заңды тұлғалар да болады. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жөне сол мүлікпен өз міндеттемелері бойьшша жауап берстіп, оз атынан мүліктік және мүліктік семес жеке құқықтар мсн міндсттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым танылады.
Астықты құқықтық редеуде тек субъектілсрінің озгешслігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар арнайы объектілері мен де ерекшеленеді. Аграрлық құқықтық қатынастардың объектілері аграрлық қатынастардың қатысушыларының әрекеті бағытталған игіліктер.
Астықты құқықтық реттеудін жалпы объектісі ауыл шаруашылық қызметі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар ондағы астық өнімі болып табылады.
Объектілері болып мыналар есептеледі:
1) азық-түліктік астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;
2) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері;
3) жемдік астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық;
4) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық;
Аграрлық құқықтық катынастардыц өзінше объектілеріне астық шаруашылығын жатқызуға болады. Аграрлық құқықтық қагынастардың аталған объектілері осы қатынастардын ерекшелігін, қайталанбастығын көрсетеді. Бұл объсктілер, сонымен қатар аграрлық құқықтық катынастардын табиғи факторларға тәуелділігін көрсетеді.
2. Астық рыногын мемлекеттiк басқару мен реттеудiң мақсаттары:
Астық рыногын мемлекеттiк басқару мен реттеудiң мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауіпсіздігін, техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
2) астық бағасының демпингіне жол бермеу;
3) астық өткiзу рыногын кеңейту;
4) астық сапасын қамтамасыз ету;
5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау;
6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру;
7) жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою;
8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру;
9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады.
Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттiк реттеу: Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөнiндегi қызметтi лицензиялау; 2007. 26. 07. № 313-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды(2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу; астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау; астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу; астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті, сондай-ақ астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау; астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналысы мен өтелуі жөніндегі ережелердің сақталуын бақылау; астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау; мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы; заң актiлерiнде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi: Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады; астық өндiрудi мемлекеттiк қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады; мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi; астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келiсiмдер жасасады; астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi; астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметке лицензиялау ережелері мен біліктілік талаптарын бекітеді; астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 2007. 26. 07. № 313-III ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред . қара) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді бекітеді.
Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент:
1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу;
2) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау; 2007. 26. 07. № 313-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред . қара)
3) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік тұқым ресурстарынан және жемдік астықтың мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру; 2007. 26. 07. № 313-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру функцияларын жүзеге асырады.
ҚР 11. 07. 01 ж. N 231-11 ; 13. 10. 03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) ; 2006. 29. 12. № 209-III ( бұр. ред . қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуге тиіс. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;
2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау, соның ішінде:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақталуын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) болған кезде; өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) негізінде.
Астық тасу
Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темiр жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.
Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға (ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары мен аталған астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
Көліктің осы түрімен жүк тасу ережелеріне сәйкес келетін көліктің кез келген түрімен тасымалдануға тиіс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ілесіп жүреді.
Астықты тасу және тиеп жөнелту жөнiндегi көлiк қызметiне жеңiлдiктi тарифтер беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Астық туралы зацдардың талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңымен және қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 16 тамыздағы N2254 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасыньщ Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық және аудандық аумақтық басқармаларының мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережесімен Мемлекеттік астық инспекторларының құқықтық мәртебесі анықталды. Берілген актілерге сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының мемлекеттік астық инспекторы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының лауазымды тұлғасы және мемлекеттік қызметкер болып табылады. Уәкілетті органның басшысы қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына сәйкес "қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас астық инспекторы" және "Мемлекеттік астық инспекторы" деген қосымша арнайы атақтарды беруге құқылы.
Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторларының:
- астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
- қазақстан Республикасыньщ зандарында белгіленген тәртіппен астықты өндіру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына кедергісіз кіруге (қызмет куәлігін көрсете отырып) және астық рыногын мемлекеттік бақылауды және оған мониторинг жүргізуді жүзеге асыру үшін кажстті ақпарат алуға;
3) астық қабылдау кәсіпорындарыньщ астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астыктың сандықсапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
4) қазақстан Республикасыньщ әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілеріне сәйкес әкімшілік қүқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
5) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жәпе (пемесе) қайтарып алу, астық қабылдау кәсіпорньша уақытша басқаруды енгізу, астық қабылдау кәсіпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндіріп алу туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Облыстық мемлекеттік астық инспекторы лауазымын, егер заңдарда басқаша көрсетілмесе астықты сақтау және қайта өңдеу бойынша инжснер-технолог немесе агроном жоғары кәсіби білімі бар, 1 жылдан артық мамандық бойынша іскерлік стажы бар қазақстан Рсспубликасының азаматы бола алады.
Облыстық мсмлсксттік астық инспекторы лауазымына тағайындалады жәнс "Қазақстан Республикасының Мсмлекеттік қызмет туралы" әрекет стуші заңдарына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісе отырып, Ауыл шаруашылығы минисгрлітінің облыстық аумақтық басқармасының бастығымен лауазымынан босатылады.
Облыстық мемлекеттік астық инспекторының негізгі міндеттеріне берілгсн аумақта астықтың сақталуын және сапасын, соньщ ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық жәнс сапалық жағдайларын, астық ресурстары мониторингін мсмлексттік бақылау және қадағалауды жүзего асыру жатады.
Облыстық мемлскеттік астық инспекторы оған жүктслгеп міндеттермен коса келесі Функцияларды жүзеге асырады:
- астық нарығына қатысушылардың астық туралы заңдарды барлық жеке және заңды тұлғалардың астықты өндіру, қабылдау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және тарату бөлігінде сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- астық қабылдау кәсіпорындарында, олардьщ лабораторияларында астықтың сапасын анықтаудың дұрыстығын, олардың астыққа мемлекеттік стандарттарды сақтауын және астыққа байланысты сауда-саттық операцияларының, кабылдаудын, өңдеудін, сақтаудьщ және тасымалдаудың сапасын бағалау өдісгсрініц сақталуын жәнс астыққа сссп айырысудың дұрыстығына мсмлскеттік бақылауды жүзеге асырады;
- астық қабылдау кәсіпорындарында, сонымен қатар астық қолхаттары мен қамтамасыз етілген мемлекеттік рссурстардағы астыққа сандык-сапалық сссптің жүргізілуінің және сақталуыньщ дүрыстығына мсмлскеттік бақылауды жүзеге асырады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz