Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу

Жоспар:

Кіріспе

1. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша халықаралық құқық нормаларды ҚР әрекет ететін құқығы жүйесінде, материалдық-қамсыздандыру қатыныстарын дамыту үрдісіндегі олардың орны және ролі

2. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша халықаралық стандарттар және оларды мемлектаралық байланыс аясында іске асыру

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру Елбасының үнемі назарында. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен мүгедектерді оңалту бағдарламасының нәтижелілігін арттыру жұмысының бағыттары ұсынылған Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілгені бәрімізге мәлім. Өзінің 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Президенті еңбекке жарамсыздығы бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды арттыру қажеттігіне назар аударды. Ол жалпы 680 мыңнан астам соманы қамтып, 15, 8 миллиард теңге сомасындағы шығысты талап етеді. Осылайша, 2012 жылдың қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы бір жарым есеге көбейеді.

Қазіргі кезде мемлекет объективті себептерге байланысты өзін дербес қамтамасыз ете алмайтын адамдар туралы үнемі назарда ұстау және қамқорлық жасау қажеттігін түсінді. Әлеуметтік саясатты одан әрі дамыту еңбекке қабілетсіз адамдарды қолдауды, сондай-ақ оларға тұрмыс тіршілігінде қолайлы жағдай жасауды білдіреді. Әлеуметтік салада қойылған міндеттерді орындауға еліміздің бюджеті бағдарланған. Мемлекет Басшысы Н. Ә. Назарбаев өзінің сөзінде халықтың мұндай санатын әлеуметтік қамтамасыз ету әрбір өркениетті мемлекеттің тікелей міндеті болып табылатындығын атап өтті.

Адамдық қадір-қасиетті кемсітпеу және құрметтеу - адамның құқық тұжырымдамасының негізгі қағидаттары. Қазақстан қоғамындағы бүгінгі байқалып отырған мүгедектердің жағдайы: мүгедектердің қоғам өміріне бейімделуінде жеке, экономикалық және әлеуметтік кедергілердің болуы, мүгедектердің институционалдық сепарациясы, олардың енжарлығы мен функционалдық тәуелділігі, қоғамның мүгедектерге осал, кем ретінде қарауы - мұның барлығы кемсітудің әр түрлі көріністері.

Экономикадағы, мемлекеттік-саяси және демократиялық қайта құруларда қол жеткен оң нәтижелер әлеуметтік саланы да олармен сәйкес келтіру қажеттігін туындатады. Көптеген мемлекеттер енді мүгедектерге көқарастың патерналистік моделін мүгедектермен серіктестік, оларға қатысты жеткілікті әрі қажет деп тану моделіне ауыстырды, мүгедектер туралы қамқорлық жәрдемақыларды көбейтуден емес, мүгедектерге қатысты олардың қоғамға кірігуіне бағытталған әлеуметтік саясатты өзгертуден көрінеді.

Мұндай өмір салтын сүруге мәжбүр еткен, олардың оқшаулануы мен қадір-қасиетін төмендетуге соқтырған ахуал, БҰҰ-ның пікірі бойынша, «мүгедектік белгілері: ақ таяқ, сүйеніштер, есту аппараты, арбаны ғана көріп, ал адамның өзін көрмеуімізден»2біртіндеп қалыптасты.

Еңбекке қабілетсіздігі, функционалдық шектеулігі емес, олардың қабілеті, әлеуметтік, кәсіпқойлық әлеуеті үнемі назарда болуы тиіс. БҰҰ жан-жақты қолдаған және мүгедектердің резервтік мүмкіндіктерін кеңірек түсінетіндіктерін көрсететін осы тұжырымдама барлық әлемде дамып, бүгінде мүгедектерге қатысты халықаралықаралық стандарттардың тұтас жүйесін ұсына алады.

Мүгедектер жөніндегі халықаралық стандарттар тұрғысында ұлттық заңдарды талдау, кездесіп отырған мүгедектердің проблемасын өзектендіру және оларды шешу жөнінде ұсыныстар беру - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасының негізгі мақсаты. Баяндама адам құқықтары жөніндегі уәкілге жолданған өтініштердегі ақпараттардың мазмұнына, интернат-үйлерді, мектептерді, ауруханалар мен мүгедектер орналасқан өзге де ұйымдарды аралау нәтижелері бойынша талдау есептеріне, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың материалдарына, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларына, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың материалдарына және басқа да ақпараттық деректерге негізделген.

БҰҰ Бас хатшысының «Мүгедектерге қатысты Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасына шолу және оны бағалау» баяндамасында мүгедектердің проблемасын есепке алу тұрақты әрі адам құқықтарына негізделген даму процесіне тәсілдерді ойдағыдай әзірлеу және жүзеге асыру үшін алдын ала маңызды шарты болып табылатындығын мойындайды. Қазақстанда да барған сайын әлеуметтік және құқықтық мемлекеттің идеяларын іске асыру ретінде мүгедектерге қатысты оң саясаттың қажеттілігі сезілуде.

1. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша халықаралық құқық нормаларды ҚР әрекет ететін құқығы жүйесінде, материалдық-қамсыздандыру қатыныстарын дамыту үрдісіндегі олардың орны және ролі

Халықаралық қоғамдастық мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жақында ғана назар аударды. 70-жылдардың аяғына дейін арнаулы қорғау шараларынсыз мүгедектердің барлық негізгі құқықтарын мойындау тұжырымдамасы басты орын алды. Адам құқықтары туралы халықаралық биллде жария етілген адамгершілік қадір-қасиетті кемсітпеу және құрметтеу қағидаттары мүгедектер үшін жеткілікті деп саналды. Алайда мүгедектік проблемасын зерделеу және мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі практикалық іс-әрекет олардың құқықтарын қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттігін анықтады.

Мүгедектердің құқықтарына арналған халықаралық құжаттардың тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ақыл-есі кем адамдардың құқықтары туралы декларацияны қабылдаған (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының
1971 жылғы 20 желтоқсандағы 2856 (XXVI) Қарарымен бекітілген)
1971 жылдан басталады. Мүгедектердің қанағаттарлық өмірге құқықтарын, сондай-ақ барлық азаматтық және саяси құқықтарын таныған жалпы сипаттағы халықаралық-құқықтық құжат БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1975 жылғы
9 желтоқсандағы 3447 (XXХ) Қарарымен бекітілген Мүгедектердің құқықтары туралы декларация болды.

1976 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылды Халықаралық мүгедектер жылы, ал 1983 жыл мен 1992 жылдың аралығындағы кезеңді - БҰҰ мүгедектерінің онжылдығы деп жария етті. Халықаралық мүгедектер жылын өткізудің аса маңызды нәтижесі 1982 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.

Осыдан 1993 жылға дейін қабылданған мүгедектердің құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық құжаттар мүгедектердің жекелеген проблемаларын шешті, бірақ мүгедектердің құқықтарын тұтас қорғаған жоқ: Мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Конвенциясы (№ 159, 1983 жыл), Мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Ұсынымы (№ 168, 1988жыл), Мүгедектерге қатысты адам ресурстарын дамыту саласындағы қызметте басшылыққа алынатын Таллин қағидаттары (1991 жыл), Психикалық ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары (1991 жыл) . Тек 1993 жылы мүгедектердің құқықтарына арналған негізгі жан-жақты құжат - Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерге қамтамасыз етудің стандарттық ережелері қабылданды.

Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конференцияда: білім беруге және оның сапасына қол жеткізгенСаламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 жылғы 7-10 маусым) және ерекше мұқтаж адамдардың қарапайым мектептерге құқықтарын растаған Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру бойынша іс-қимылдар негіздемесі қабылданды.

1993 жылы 14-25 маусымда Венада өткен Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік конференцияда қабылданған Іс-қимыл бағдарламасының «Теңдік, қадір-қасиет, шыдамдылық» деген тарауында адам құқықтарының әмбебаптығы және мүгедектерге әдейі немесе абайсыз көзқарасы бойынша кемсітушілікке тыйым салу қағидаты ерекше атап өтілді.

Мүгедектердің жағдайын жақсартуға бағдарланған дамыту мәселелері БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі конференциялар мен кездесулердің күн тәртібіне жиі енгізіле бастады. Мәселен, 1995 жылы 15 қыркүйекте Әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданған Пекин декларациясы мен Іс-қимылдар платформасында мүгедек әйелдерге қатысты ережелер, бағдарлар мен шаралар толық мазмұнда берілген.

Сонымен бірге халықаралық қауымдастықтың күш-жігері жеткілікті шамада тиімді болған жоқ: БҰҰ екі рет жүргізген мониторинг (1987, 1992) барлық өзгерістерге қарамастан, мүгедектердің тең мүмкіндіктер алмағанын, ал көптеген елдерде қоғамнан оқшауланған күйінде қалғанын көрсетті. Осыған байланысты 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүгедектерге қатысты Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасын одан әорі жүзеге асырудың ұзақ мерзімді стратегиясын мақұлдады. Оның негізгі мақсаты ретінде түрді адамдық ресурстарды қамтитын және әрбір адамға оның әлеуетін барынша дамытуға мүмкіндік беретін «барлығына бірдей қоғамды» құру жария етілді.

Алайда қалыптасқан ахуал, мүгедектердің құқықтары туралы бірыңғай ресми халықаралық шарттың жоқтығы, МОТ-тың түрлі ұсынымдарындағы, басқа да нормативтік актілердегі мүгедектердің құқықтары туралы нормалардың шашыраңқылығы - халықтың осы тобының құқықтарын толыққанды қорғауға кепілдік бермейтінін анық көрсетті. Мексика Президенті Висенте Фокстың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 56-шы сессиясында ұсынған бастамасы бойынша Мүнедектердің құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау және көтермелеу туралы жан-жақты бірыңғай халықаралық конвенцияның жобасын дайындау басталды.

Арнаулы конвенцияны қабылдау қажеттігі негізгі конвенцияларда мүгедектердің құқықтарымен тікелей байланысты нормалардың жоқтығынан туындады. Мүгедектердің құқықтары мүгедектердің құқықтары жөніндегі осы конвенцияларда тек жанама ғана қозғалды. Тек Баланың құқықтары туралы конвенцияның бір бабында ғана мүгедек балалар туралы сөз болды. Қолданылып жүрген, мүгедектердің құқықтарына қатысы бар халықаралық-құқықтық құралдар заңдық тұрғыдан міндетті болып табылмады.

2004 жылдың тамызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Арнаулы комитетінің мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны әзірлеу бойынша төртінші сессиясы өтті. Конвенция жобасын ағымдағы талқылаудың негізгі қайшылығы осы құжаттың мақсатын айқындауда түрлі тәсілдердің кездесуі болды. Бір елдер адам құқықтары саласындағы қолданылып жүрген халықаралық-құқықтық құжаттарда жазылған құқықтарды қайтадан растайтын және бір мезгілде қосымша мүмкіндіктерді бекітетін конвенцияға қол қоюды талап етті. Екіншілері құқықтарды қамтамасыз ету тұратын елдің экономикалық ресурстарына байланысты және конвенцияның ережелерін орындауға байланысты қаржылық ауыртпалықтар дамушы елдер үкіметінің осы құжатқа қол қоюын алыстатады деп есептеді.

Мүгедектердің құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар

Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы мүгедектердің проблемаларын шешуде тәсілдерді өзгерткен бірінші құжат болды. Оны қабылдағанға дейін мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясат тек медициналық сипаттағы шараларды, оңалтуды және мүгедектіктің жекелеген себептерін болдырмау жөніндегі алдын алуды ғана қамтыды. Бағдарламада жария етілген мүгедектердің қоғамдық өмірдегі теңдігі мен толық қатысуын қамтамасыз ету мақсаты халықаралық қауымдастықтың мүгедектіктің жай-күйін өзгертуді түсінгендігін, мүгедектік проблемасын шешуге тұтас амалдар қолдану қажеттігін мойындағанын айғақтайды.

Бағдарлама «мүгедектік» ұғымының өзін елеулі өзгертті: мүгедектерді халықтың әлсіз тобына жатқызуды тоқтатты. Сарапшылар түсінік бергендей, мүгедектік өмірдің қалыпты қыры болып табылады; сол немесе өзге де себеппен кез келген адам қалыпты өмір ағысының кез келген кезеңінде мүгедек болуы мүмкін. 1

Мүгедектердің «осалдығы» қағидатына негізделген тәсіл «қарапайым» әлеуметтік және экономикалық құрылымдарда мүгедектердің бейімделуіне жағдай жасау іс-шараларын қамтитын мүгедектердің әлеуметтік жеткіліктілігін дамыту тұжырымдамасына орын берді.

Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау Бағдарламада қоғамдық өмірдің барлық салаларында қол жетімділікті қамтамасыз ету процесі ретінде қаралады. Құжатта жазылғандай, қол жетімділікті қамтамасыз етудің негізгі құрамы шешім қабылдау процесінде мүгедектердің толық әрі тиімді қатысуына жәрдемдесу шаралары болып табылады.

Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері Дүниежүзілік бағдарламаның идеяларын дамыту шеңберінде қабылданды және түріне қарай мүгедектердің құқықтарына арналған шарттық құжат болды.

Стандарттық ережелер ұсынымдық сипатқа ие, алайда мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында халықаралық құжат болмаған жағдайда олар мүгедекетердің құқықтарын танитын және кепілдік беретін бірден-бір әмбебап құжат болып табылады. Стандарттық ережелер мемлекеттің мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларын қабылдауда моральдық және саяси адалдықтарын көрсетеді. Мәнісі бойынша, олар - мемлекеттердің мүгедектік проблемаларын шешу шеңберіндегі саяси-құқықтық, экономикалық және техникалық ынтымақтастығының жалғыз негізі.

Стандарттық ережелердің құқықтық және моральдық негізі, құжаттың өзінде жазылғандай Адамның құқықтары туралы халықаралық билль, Баланың құқықтары туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция, сондай-ақ Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.

Стандарттық ережелер төрт салада тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдарды келтіреді: тең қатысу үшін алғышарттар, тең мүмкіндіктер жасауға мақсатты салалар, оларды жүзеге асыру шаралары және бақылау тетігі.

Мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында МОТ-тың арнаулы құжаттарының ішінде аса маңыздысы Мүгедекттерді кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕ¦ конвенциясы (немесе № 159 Конвенция. Конвенция 1985 жылы 20 маусымда күшіне енді) болып табылады. № 159 конвенция барлық санаттағы мүгедектердің мүддесі үшін кәсіптік оңалту саласында тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуға байланысты еңбек нарығында мүгедектердің мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

2. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру бойынша халықаралық стандарттар және оларды мемлектаралық байланыс аясында іске асыру

Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық жағдайын өзгерту бойынша бірінші кезектегі шара - Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық бағдарлама. Мүгедектердің құқықтарын көтермелеу және қорғау жөніндегі, олардың тұрмыс тіршілігінің барлық қырын қамтитын жаңа мемлекеттік саясатты әзірлеу еліміздегі мүгедектіктің негізгі проблемасын - толық қатысу және мүмкіндіктердің теңдігі жағдайында мүгедектердің қоғамға кірігуіне ықпал ететін болады.

Әсіресе отандық заңнамадағы кемшіліктерді жою және оған бірдей мүмкіндіктерді іске асыруға ықпал ететін шараларды енгізу маңызды:

мүгедектік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізу;

мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың ұлттық заңнаманың нормаларына имплементациясын жүзеге асыру;

оларды халықаралық-құқықтық ұсынымдарға сәйкес келтіре отырып, «мүгедектік», «еңбекке қабілетсіздік» терминдерін нақтылау;

қарттар мен мүгедектерге арналған үйге мүгедекті орналастыруды жеңілдеті үшін еңбекке қабілетсіз адамды жалғыз деп тану өлшемдерін қайта қарау;

ауруының дәрежесіне қарамастан ІІІ топтағы мүгедекке жататын есту және сөйлеу қабілеті бұзылған мүгедектердің мәртебесін қайта қарау;

нормативтік құқықтық актілердег мүгедектердің тәуелді жағдайының тұжырымдамасын және әлеуметтік және экономикалық құқықтарына назар аударылуын өзгерту.

Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым субъектілеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуін материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған бірдей мүмкіндіктер саясатының практикада ілгерілеуі мынадай шараларды жүргізуді талап етеді:

мүгедектер тұратын жерден бастап, қоғамдық сипаттағы барлық мекемелерге дейін арнайы қондырғылар, көмекші құралар, пандустер, съездер, кең лифттер, скаттар мен басқаларын құру;

мүгедектіктің түрі нысанында, ы адамдар үшін тиімді әрі ыңғайландырылған қоғамдық көліктің жұмыс ітсеутін қамтамасыз ету;

жергілікті материалдар мен өндірістік базаны пайдалана отырып, мүгедектерге арналған көмекші құрылғылар мен жабдықтарды өндіру. Мұндай құрылғыларды өндіруге мүгедектердің өздерінде тартуға болар еді.

мүгедектерге арналған өнім шығаратын баспалардың қызметін қалпына келтіру арқылы ақпарат пен коммуникацияларға қол жетімділікті қамтамасыз ету, мүгедектерге арналған бағдарламалар мен қызмет көрсетулер туралы ақпарат ұсыну;

титрлер жүйесін енгізу, теледидар бағдарламаларын дыбыстау арқылы теледидарлық қызмет көрсетулерге қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Тең мүмкіндіктер саясатының соңғы нәтижесі мүгедектердің дербес өмір сүруін қамтамасыз ету болуға тиіс, осыған байланысты елде көмекші қызмет көрсету жүйесімен қатар,

мүгедектігі бойынша жәрдемақыны тағайындау, оны уақытында индекстеу тетігін жетілдіруді;

ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақыны есептеу үшін деректер базасын келтіруді талап ететін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де дамуы тиіс. Еліміздің Президенті бастамашылық еткен ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесіе\н жетілдіру осы процеске оң әсерін тигізеді.

Осымен қатар дербес қамтамасыз ету дегеніміз жұмысқа орналасуға мүмкіндіктің болуын білдіреді, ол үшін мүгедектерге қатысты ұтымды экономикалық саясатты жүргізу көзделеді, онда мыналар қамтылады:

мүгедектік тобына қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігін ұсыну тәжірибесінен бас тарту, соған сәйкес ІІ және І топтағы мүгедектер медициналық көрсеткіштер бойынша еңбекке қабілетті адамдар тобынан көрінеу шығарылған;

мүгедектердің жұмысқа орналасуын тәжірибеге енгізген мамандандырылған өндірістік кәсіпорындар үшін кәсіпкерлік саласында аса қолайлы режимді қалыптастыру;

әлеуметтік бағдарланған жұмыс орындарын құру жөнінде тиімді бағдарламалар әзірлеу, кез келген меншік нысанындағы барлық кәсіпорындарда квоталанған жұмыс орындарын құру;

ыңғайлы және барабар жұмыс жағдайын енгізуге әрі реттеуге ықпал ететін, мүгедектердің мұқтаждары мен мүмкіндіктерін ескеретін шаралар кешенін әзірлеу;

шағын несиелер беру және басқа да шағын және орта бизнес бағдарламаларын дамыту арқылы мүгедектердің кәсіпкерлік қызметін көтермелеу.

Дербестікті қамтамасыз етуге білім беру және кәсіби даярлау саласындағы шаралар да ықпал етеді, олардың ішінде:

мүгедектердің, әсіресе ауылдық аудандарда тұратын кемтар балалардың, сондай-ақ мамандандырылған мекемелердегі балалардың білім беруға барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету;

оқытушыларды, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды, заңгерлерді даярлау, мүгедек балалардың ата-аналарын тиісінше қолдау;

мүгедектік проблемасы жөнінде халықты ақпараттық таныстыру;

жас шамасындағы мүгедектерді кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, талап етілген мамандықтарға мақсатты түрде даярлау.

Мүгедектіктің алдын алуға және мүгедектерге медициналық көмек көрсетуге ерекше назар аударған жөн:

мүгедектерге көрсетілетін тегін медициналық көмек көлемін айқындау, білікті медициналық қызмет көрсетудің деңгейін, жеңілдіктерді қамтамасыз ету;

міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және оның қорларының қаражаты есебінен медициналық оңалтуды жүргізу;

мүгедектікке әкеп соқтыратын аурудың өршуін болдырмас үшін тұрақты негізде кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізу, халықтың психикалық жағынан денсаулығы дұрыс адамдарына ерекше көңіл бөлу;

мүгедектікті анықтау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген ақаулықтардың, мүгедектіктің және еңбекке қабілетсіздіктің халықаралық топтамасын медициналық көрсеткіштердің ұлттық жүйесіне ендіру;

мүгедектерді, әсіресе кемтар балаларды оңалту үшін инновациялық тәсілдерді дамыту.

Мүгедектер туралы қамқорлықтың институционалдық жүйесі де қайта қарауды талап етеді, ол үшін жүйенің дамуына байланысты мүгедектердің дербес тірішік әрекетінен біртіндеп тас тартуы керек:

қазақстандық әлеуметтік мекемелерді ұйымдастыру тәжірибесін қолдаған орынды (мысалы, Петропавл қаласындағы Ш. Т. Шақшақбаевтың басшылығындағы тірек-қозғалыс аппараты зақымданған баларға арналған интернат, немесе Алматы қаласындағы зейнеткерлерге арналған әлеуметтік үй) ;

мүгедектерге арналған мамандандырылған мекемелердің менеджмент жүйесін реформалау, олардың халықтың өте әлеуметтік-әлсіз тобын ұстау жағдайын халықаралық стандарттарға одан әрі жақындатуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын дамыту қажет;

бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және одан босатылған мүгедектерді ұтымды жұмысқа әрі тұрмыста орналастыру тәсілдерін әзірлеу талап етіледі;

аумақтық еңбек және әлеуметтік қорғау органдары қажетті мамандардың лауазымдарын көздеуі, сондай-ақ тұрақты негізде интернат мекемелерінде жұмыс істетйтін қызметшінің біліктілігін арттыруды жүзеге асырғаны жөн. Кадрларды даярлау біртұтас республикалық әдістемелік орталық құруға жәрдемдеседі.

мүгедектердің лайықты ұсталуына ғана емес, сондай-ақ мамандандырылған мекемеде болған уақытында олардың медициналық дәне еңбек жағынан оңалуына назар аудару керек.

Мүгедектердің кіріптарсыз өмір сүру идеясын іске асыру үшін белгіленген мақсаттарға жетудең бірлескен шараларын іздестіру үшін қоғамдағы барлық күштерді үнемі шоғырландырып отыру қажет. Ол үшін:

мүгедектер мәселесімен айналысатын қоғамдық бірлестіктердің, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, мамандардың пікірлерін ескеріп, «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау туралы» Заңды қабылдау;

мүгедектер мәселелерімен маманданатын ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен және институттармен ынтымақтастық нысандарын дамыту;

жас мүгедектермен жұмыс істеу үшін жастардың қоғамдық бірлестіктерін тарту, тұрақты негізде мектепте оқитын мүгедектердің өз құрбыларымен кездесуін ұйымдастыру, мүгедектер мен дені сау дамдардың және басқаларының қатысуымен мәдени немесе спорттық сипатта бірлескен іс-шаралар өткізу қажет.

Жоғарыда санамаланған ұсыныстарды өтірде қолдану үшін мемлекеттік органдардан аса белсенді, мағынасы жағынан мазмұнды және үйлестірілген жұмысты талап етеді. Сонымен бірге үлкен кәсіпқойлықты, жүйелілікті, жеделдікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың қызметін де жетілдіру қажет:

кез келген мемлекеттік реформаларды, жүйелі өзгерістерді өткізген кезде кемтар адамдар сияқты халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының мүдделерін де ескеру қажет;

мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың іске асырылуын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілеттігін, әкімшілік және құқықтық жауапкершілігін неғұрлым нақты айқындау, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мүгедектердің құқықтарын бұзу фактілеріне жауапты лауазымды адамдардың ықпал ету жүйесін енгізу қажет;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі
Қоғамға қауіпті және оған қарама-қарсы іс-әрекеттер
Азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекеттесуі
Азаматтық қоғам және құқықтық тәрбие
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын ҚР еңбек заңнамаларында имплементациялау
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz