Еңбекке жарамсыз азаматтарына әлеуметтік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу



Кіріспе
1. Еңбекке уақытша жарамсыздықтын жағдайлары
2. Еңбекке жарамсыз азаматтарына жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
3. Еңбекке жарамсыз азаматтарына жәрдемақының мөлшелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мемлекеттің өз азаматтары туралы реттелген, жүйелі қамқорлығы, ең алдымен, сол немесе өзге топтағы халықтың құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты халықаралық стандарттарды мемлекеттік сақтауға дайындығының деңгейін сипаттайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттардан көрінеді.
Кемтар адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесі, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша мемлекеттің міндеттері аса маңызды, өйткені мұндай адамдардың жағдайы мемлекет тарапынан сенімді кепілдің болуын талап етеді.
Кемтар адамдардың құқықтық мәртебесінің мазмұны мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қолданыстағы жүйесімен айқындалады. «Әлеуметтік қорғау» термині – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе ретінде ұғынылады.
Қазақстан Республикасында мүгедектерге қатысты ұлттық саясат нормативтік құқықтық актілер мен тұжырымды құжаттарда өз көрінісін тапты. Қазіргі кезде Қазақстанда мүгедектердің әлеуметтік жағдайы мен құқықтарын қорғау мәселелері «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақ КСР-інің 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асырау-шысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»1997 жылғы 16 маусымдағы ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі ҚР Заңы сияқты бірқатар нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Құқық қолдану тәжірибесі тұрғысынан қарағанда, қазіргі кезде қолданылатын, негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылатын «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақ КСР-інің Заңы (бұдан әрі - Заң) аса маңызды болып табылады.
Осы заңның кіріспесінде жазылғандай, оның мақсаты мүгедектердің тұрмыс тіршілігінде тең мүмкіндіктерді қмтамасыз ету үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау болып табылады.
Алайда, ондаған жылдар бойы мүгедектердің құқықтарының жиынтығын айқындай, мүгедектер мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттей отырып, мәнісі бойынша мүгедектер жөнінде ұлттық құқық қорғау стандартының көрінісі болып табылатын осы заң тиісті түрде халықаралық стандарттарға сай келмеді әрі мүгедектерге тең мүмкіндіктер мен құқықтарды ұсынуда мемлекеттік саясаттың дамуына ықпал етпеді.
1. Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылдың алдын-ала қорытындысы жөнінде ҚР Үкіметінің мүшелерімен кеңесте сөйлеген сөзінен. Астана, 24 желтоқсан 2004 жыл.
2. Бас Ассамблеяның 1982 жылғы 3 желтоқсандағы 37/52 қарарында қабылданған Мүгедектерге қатысты дүниежүізік іс-қимыл бағдарламасы
3. Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасы 2010
4. Жампеисов Д.А. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Астана 2007.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Еңбекке жарамсыз азаматтарына әлеуметтік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу

Жоспар:

Кіріспе
1. Еңбекке уақытша жарамсыздықтын жағдайлары
2. Еңбекке жарамсыз азаматтарына жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
3. Еңбекке жарамсыз азаматтарына жәрдемақының мөлшелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекеттің өз азаматтары туралы реттелген, жүйелі қамқорлығы, ең
алдымен, сол немесе өзге топтағы халықтың құқықтарын қамтамасыз етуге
қатысты халықаралық стандарттарды мемлекеттік сақтауға дайындығының
деңгейін сипаттайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық
құжаттардан көрінеді.
Кемтар адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан
реттеу мәселесі, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша мемлекеттің міндеттері
аса маңызды, өйткені мұндай адамдардың жағдайы мемлекет тарапынан сенімді
кепілдің болуын талап етеді.
Кемтар адамдардың құқықтық мәртебесінің мазмұны мүгедектерді әлеуметтік
қорғаудың қолданыстағы жүйесімен айқындалады. Әлеуметтік қорғау термині –
бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы,
асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді
бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін
табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті
игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге
арналған жүйе ретінде ұғынылады.
Қазақстан Республикасында мүгедектерге қатысты ұлттық саясат
нормативтік құқықтық актілер мен тұжырымды құжаттарда өз көрінісін тапты.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүгедектердің әлеуметтік жағдайы мен құқықтарын
қорғау мәселелері Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік
қорғалуы туралы Қазақ КСР-інің 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы, Қазақстан
Республикасында мүгедектігі бойынша, асырау-шысынан айрылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
туралы1997 жылғы 16 маусымдағы ҚР Заңы, Қазақстан Республикасындағы
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі ҚР Заңы сияқты
бірқатар нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Құқық қолдану тәжірибесі тұрғысынан қарағанда, қазіргі кезде
қолданылатын, негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылатын Қазақстан
Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы Қазақ КСР-інің
Заңы (бұдан әрі - Заң) аса маңызды болып табылады.
Осы заңның кіріспесінде жазылғандай, оның мақсаты мүгедектердің тұрмыс
тіршілігінде тең мүмкіндіктерді қмтамасыз ету үшін құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау болып табылады.
Алайда, ондаған жылдар бойы мүгедектердің құқықтарының жиынтығын
айқындай, мүгедектер мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттей отырып,
мәнісі бойынша мүгедектер жөнінде ұлттық құқық қорғау стандартының көрінісі
болып табылатын осы заң тиісті түрде халықаралық стандарттарға сай келмеді
әрі мүгедектерге тең мүмкіндіктер мен құқықтарды ұсынуда мемлекеттік
саясаттың дамуына ықпал етпеді.
Заң денсаулығын сақтау, еңбекке, білімге, тұрғын үйге құқық сияқты
мүгедектердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын реттей
отырып, азаматтық және саяси құқықтар, оларды іске асыру тетіктері жөнінде
ережелерді қамтыған жоқ.
Заң кемтар адамдардың ерекше құқықтары мен қажетілік мәселелерін де
қамтымады. Сол уақытта осындай нормативтік құқықтық актінің аясында бірінші
кезекте мүгедектердің барлық қызмет саласындағы аса мұқтаждықтары мен нақты
қажеттіліктері орын алуға тиіс.
Заңда мүгедекетердің негізгі құқықтарын іске асыру тәртібі айқындалса
да, олардың орындалмағаны үшін жауапкершілік көзделсе де, осы нормативтік
құқықтық актінің көптеген талаптары әлі күнге дейін түрле себептерге
байланысты мойындалмайды. Қойылған талаптарды, мысалы, мүгедектердің
көпшілік пайдаланатын орындарға, қалалық инфрақұрылым объектілері мен
қоғамдық көлікке кедергісіз кіруі үшін тиісті жағдай жасауға қойылған
талаптарды сақтамағаны үшін кез келген меншік нысанындағы субъектілерге
әкімшілік сипаттағы санкциялар болса да әлі күнге мүгедектер үшін қол
жетпейтін күйінде қалды. Осылайша, мүгедектерді құқығы тұжырымдамасының
негізгі қағидаты – құқықтарды пайдаланудағы тең мүмкіндіктерін қамтамасыз
ету бұзылады.
Заң ережелерінің тиімсіздігінің негізгі көрінісі - мүгедектердің
қоғамдағы тіршіліктің барлық салаларына бейімделуін ынталандыруға бағдардың
болмауында. Осыған байланысты, мүгедектердің жағдайын түбірімен жақсартуға
ықпал ететін мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау туралы бұрынғысынан
да жаңа, үздік құқықтық актіні әзірлеу қажеттігі де туындады.
Осылармен қатар мүгедектерге қатысты ұлттық саясатта жаңа амалдарды
көрсететін басқа да құжаттар бар. Бұл – Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен бекітілген Халықты әлеуметтік
қорғау тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29
желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005
жылдарға арналған бағдарламасы.
Қазақстанда қазіргі кезде іске асырылып отырған Халықты әлеуметтік
қорғау тұжырымдамасы әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың
қолданылып жүрген әлеуметтік қорғау жүйесін елеулі түрде жақсартуы тиіс
жаңа бағыттарының жиынтығын білдіреді.
Бүгінгі таңда қазақстандық әлеуметтік қорғау жүйесі ынтымақтастық болып
табылады әрі мемлекеттік кепілдіктерге негізделеді. Ол республикалық және
жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік көмектің шектелген жиынтығын
беруді көздейді: бұл мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы, заттай
жеңілдіктердің орнына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй
жәрдемақыларын төлеу. Мұндай жағдайда жүйенің жалпы реттеушісі мен негізгі
қаржыландыру көзі мемлекет болып табылады және осыған байланысты мұндай
жүйе мүгедектің болған уақыты мен себебіне қарамастан барлық мүгедектерге
әлеуметтік қорғаудың бірдей ең төменгі деңгейін көрсетеді.
Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде азаматтың еңбек үлесі
ескеріледі, яғни төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады.
Мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен
қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар
жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие
болады.

1. Еңбекке уақытша жарамсыздықтын жағдайлары

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы
ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға,
карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіптік ауру себебінен уақытша
басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында
және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды тағайындау және төлеудің
негізі 2000 ж. 29 желтоқсандағы N2859 "Азаматтарға еңбекке жарамсыздық
қағаздарын беру Ережелеріне" сәйкес еңбекке жарамсыздық қағаздары болып
табылады. Оны жоғалтқан жағдайда дубликат беріледі.
Еңбекке жарамсыздық парағы - еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын
құжат, жұмыстан босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүктілігі
мен босануы бойынша, әлеуметтік жәрдем ақы, бала асырап алған әйелдерге
(ерлерге) әлеуметтік жәрдем ақы алу ушін негіз болып табылады.
Еңбекке жарамсыздық парақтары кез келген жұмыста істейтін адамдарға
беріледі. Жұмыстан босатылған адамдарға еңбекке жарамсыздық парақтары
берілмейді.
Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағын оны беруге құқығы бар емдеу-алдын
алу ұйымдары береді.
Жеке медициналық практикамен айналысатын Заңды тұлғаларға еңбекке
жарамсыздық парақтарын беру құқығы тек медициналық және дәрігерлік
қызметпен айналысуға лицензиясының ішінде еңбекке жарамдылық сараптамасы
болған жағдайда ғана берілуі мүмкін.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын беруге рұқсатты республикалық
медициналық ұйымдар ушін қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын
қорғау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органы, тиісті аумақтың
жергілікті медициналық ұйымдары ушін аумақтық денсаулық сақтау органдары
береді.
Емдеуші дәрігерлер жоқ жерлерде еңбекке жарамсыздық парақтарын беру
құқығы аумақтық денсаулық сақтау органының еңбекке жарамсыздық парағын
беруге болатын қызметкерлердің тізімі мен мерзімдері белгіленетін бұйрығына
сәйкес орта медициналық қызметкерге берілуі мүмкін.

2. Еңбекке жарамсыз азаматтарына жәрдемақыларды төлеу мерзімдері

Мүгедектік бойынша жәрдемақы
Мүгедөк деген дене немесе ақыл кемшіліктері салдарынан тіршілік
әрекетінен шектеулі болғандықтан әлеуметтік көмек және қорғауға мұқтаж
адам.
Адамның тіршілік әрекетінің шектелуі өзіне қызмет көрсете алмау, дербес
түрде жылжу, бағытталу, қарым-қатынас жасау, өзінің тәртібін бақылау, және
еңбек қызметімен айналысуға толық немесе жартылай қабілеттігін немесе
мүмкіндігін жоғалтуда көрінеді. Мүгедектің әлеуметтік көмекке құқықтарының
көлемі мен сипаты тіршілік әрекетінің шектелуіне байланысты, тұлғаны
мүгедек ретінде тану кезінде мүгедектіктің тобын айқындауда көрінеді.
Тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне, соның ішінде еңбекке жарамдылығын
жоюына байланысты, мүгедектік үш топқа бөлінеді.
Мүгедектіктің себептері, топтары, еңбекке жарамдылығын жою дәрежесі және
мүгедектікті анықтау уақыты халықты өле-
умөттік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақты бөлімшелерімен
орнатылады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусым N2126І "Мүгедектігі
бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заңы мүгедектігі
бойынша және әскери қызметтен өткен тұлғаларға жәрдемақыны тағайындау жалпы
негіздерінен айырады,
Жалпы негіздерге: еңбекте мертігу , кәсіби ауру, жалпы ауру жатады.
Еңбекте мертігу - сыртқы күштін әсерінен және еңбек міндеттерін орындау
байланысты денсаулықтың аяқ астынан зақымдануы, немесе қызметпен байланысты
жазатайым оқиға.
Еңбекте мертігуге - егер ол қызметпен байланысты жазатайым оқиғамен
қатысты болса кез келген механикалық, термикалық, өлектрлік, химикалық,
радиациялық, психикалық және г.б. жатады.
Нақты өндіріске сипатты еңбек жағдайларына, белгілі кәсіпке тән фактордың
жүйелі және зиянды әсер етуімен дамыған ауруды кәсіби деп атайды.
Егер мүгедектіктің себебі еңбекте мертігу, кәсіби ауру, әскери зақым
немесе әскери қызмет кезінде пайда болған аурумен байланысты болмаса, онда
мүгедектік жалпы ауру дан болды деп есептеледі.
Әскери қызметкерлерге ескерілген негіздерде мүгедектік бойынша жәрдемақы.

Мүгедектік себептері ретінде заң әскери қызмет, соның ішінде шет елде
пайда болған әскери зақым немесе ауруды бөледі. Әскери зақымдарға Отанды
қорғау немесе әскери қызмет міндеттерін орындаған кезінде жараланулар,
зақымданулар жатады. Егер ауру зақым ның салдары болса, әскери міндеттерді
орындаумен немесе майданда болумен байланысты емес, онда ол әскери қызмет
кезінде пайда болды деп есептеледі.
Мүгедектік бойынша жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен
себебіне тәуелді.
Жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек
болғандар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, он илтыдан он сегіз жасқа
дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар, бала кезінен
мүгедектер, әскери қызмет міндеттерін (қызмет міндеттерін) атқаруға
байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери
және қызмет борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедектікке
душар болған жағдайда әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери
қызметшілерді қоспағанда), қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамыньщ
адамдары қатарынан шыққан мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы:

- бірінші топтағы мүгедектерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленетін 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі
- ең төмен күнкөріс деңгейі); - екінші топтағы мүгедектерге - 1,06 айлық
есептік көрсеткіш;
- үшінші топтағы мүгедектерге - 0,74 ең төмен күнкөріс деңгейі;
- он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,00 ең төмен күнкөріс
деңгейі;
- бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге -1,36 ең төмен күнкөріс
деңгейі;
- бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,11 ең төмен күнкөріс
деңгейі;
- бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 0,87 ең төмен күнкөріс
деңгейі;
- он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға -
1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
- он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға -
1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі;
- он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға -
0,87 ең төмен күнкөріс деңгейі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Әділет органдарының актілері
Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң.
Тұтыну Жеке тұтыну
Халықты жұмыспен қамту негізі
Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Жұмысшылардың еңбек төлемінің жылдық қорын жоспарлау
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер