Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы



Кіріспе
1. Қазақстан ұлттық банк аясында басқару
2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Сондықтан коммерциялық банктердегі басқару бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты Банк менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық 1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел 14 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты «Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады.
Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банктерді мемлекеттік басқару табылады, Бірінші бөлімде Қазақстан ұлттық банк аясында басқару қарастырылады. Екінші бөлімде «Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы» зерттеледі.
1. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж.
2. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2006 ж.
3. Бердалиев К. Менеджмент: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2005 ж.
4. Указ Президента РК, имеющий силу Закона «О банках и банковской деятельности в РК» от 31 августа 1995г.
5. Финансовый анализ: Учебник /Под ред. Ефимовой О.В.- М.: Бухгалтер, 2002г. — 528с.
6. Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы – Алматы: 2009
7. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ 2011
Банковское дело. Под ред. О.И.Лаврушина. Издание второе, переработанное М., 2010

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік
органдардың құқықтық жағдайы

ЖОСПАР:

Кіріспе 
1. Қазақстан ұлттық банк аясында басқару

2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе 

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға
тигізетін әсері зор. Сондықтан коммерциялық банктердегі басқару бүкіл
банктің дамуын, оның болашақтағы Дамыған елдерде банктік менеджментті
өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға Шетел банктердің
тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз Қазақстан
Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты
Банк менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық 1991
жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел 14 жыл
ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты Бүгінгі таңда
көптеген қиыншылықтар артта қалды деп қанағатпен айтуға болады.

Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банктерді
мемлекеттік басқару табылады, Бірінші бөлімде Қазақстан ұлттық банк аясында
басқару қарастырылады. Екінші бөлімде Коммерциялық банктердің басқару және
функционалдық құрылымы зерттеледі. 

1. Қазақстан ұлттық банк аясында басқару

Ұлттық банкінің құрылымы, басқару органдары. Ұлттық банкінің басқару
құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері Қазақстан
Республикасының Ұлтгық банкі туралы Заңы және Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас
аумақгық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық
бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6-сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық
банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан
тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет
пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі
өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма
мынадай сұрақтарды шешеді:
- мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
- Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар
мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік
пішінін бекітеді;
- Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан
Республикасының бюджетімен операциялар бойынша
пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас баға-
мын анықтау тәртібін белгілейді;
- сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер
типтерін бекітеді;
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
- Ақша, несие, банктер
- Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк кұрылымын бекітеді және Ұлттық
банк департаменттерінің директорларын тағайыңдайды;
- банктер және олардың филиалдары үшін
экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулыдары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектең тыс мәжіліртер Ұлттық банк төрағасының немесе баскарманың уш
мұшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық баңк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралык және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі
бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк
атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірак, бұған басқармаға берілген
өкілеттіктер кірмейді. Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар
қеңесінің қызметің басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін
жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне
жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жок кезде, онын
қызметін орыңбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке еқі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан
босатуын сұрай алады. Ол ІІрезиденттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы
арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын
сұрай алады. Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар қеңесі
(директорат),ол Ұлттык банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес
Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қараундағылардан басқа
барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат кұрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент
директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей
(1997жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік
қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-қассалық операциялар,
ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет,
зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу
жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және
дербес басқармалар бар. Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті
жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге
асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан
қызмет етеді.

2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және
одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін –
Ұлттық  банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан  басқа бір банктік операцияларды
орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға
болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% — нан астамы бас банкіге тиесілі,
заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады.
Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі)  республиканың барлық аумағында
өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де
сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында
болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі
иерархиялық   құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер
бағынышты болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде
тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға  мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді
жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу,
бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің
басқарылуы құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым –
қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды,
олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және
өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы
тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару
құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде
шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды
немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам
формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады.
Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің
жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді,
банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен
төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін  сайлайды. Яғни
банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір
рет, жылдық есепті, жылдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқытық жағдайы
Қазақстан Республикасының кеден саясаты
Мемлекет механизмінің құрылымы
Ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтарудың объективті белгілері
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері, мемлекеттің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын жеңілдіктері және мемлекеттің осы саладағы саясатының бағыттары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР
Екінші деңгейлі банк
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Пәндер