Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдардың моральдық климаты және кәсіби ізгілік әлеует



Кіріспе
1. Құқық қорғау орган қызметкерлерінің мінез.құлық ережесі мен талаптары мазмұндалған заңдық және локальдық актілердің жалпы сипаттамасы
2. Құқыққорғау қызметінің адамгершілік мазмұны
3. Мемлекеттік қызметкердің этикасының негізгі қағидалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды таныпбілуге деген ұмтылыс күнненкүнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пəндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам.
Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық жəне т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты жəне əлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мəні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нəтижесінде жəне қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дəрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тəн бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия əртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау əрқашан жекелік сипатқа ие жəне іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, əділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мəн беретін (объектоцентристік) жəне субъектіге зор мəн беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды.
Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы — субъектінің мүдделері (бұл мəселеге ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның ролін атауға болады: адвокат əрқашан сотталушының мүддесін білдіреді).
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тəуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүрістұрыс еркіндігі “берілетін” немесе ”берілмейтін” объект ретінде түсіндіріледі.
Нормативтік актілер.

1. Адам құықтары туралы жалпы Декларация (1948г): Права человека и судопроизводство. Собрание международных документов. М., 1996.
2. Минимальные стандартные правила, касающиеся отправления правосудия в отношении несовершеннолетних «Пекинские правила» - Права человека и судопроизводство. Собрание международных документов. М., 1996.
3. ҚР-ның Конституциясы - 30.08.1995 Алматы: Казахстан, 2012.

Оқу әдебиеттері, аралық басылымдар:

1. Ғабитов Т.Х.Заңгер этикасы. Оқу құралы, Алматы, 2003 г.
2. Гусейнов А.А. Введение в этику. - М. МГУ, 1985
3. Бойков А.Д. Этика профессиональной защиты по уголовным делам. - М., 1978
4. Барщевский М.Ю. Адвокатская этика М., Профобразование – 2000

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдардың моральдық климаты және кәсіби
ізгілік әлеует

Жоспар:

Кіріспе
1. Құқық қорғау орган қызметкерлерінің мінез-құлық ережесі мен талаптары
мазмұндалған заңдық және локальдық актілердің жалпы сипаттамасы
2. Құқыққорғау қызметінің адамгершілік мазмұны
3. Мемлекеттік қызметкердің этикасының негізгі қағидалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды таныпбілуге деген ұмтылыс
күнненкүнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пəндер ретінде
қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам.
Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде
құқық философиясы немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке
құқық, жергілікті құқық жəне т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну —
қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық
философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты жəне əлеуметтік негіздері
туралы ғылым, құқықтың мəні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның
қандай себептердің нəтижесінде жəне қандай мақсаттар үшін құқықты
орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дəрежеде құқық философиясының сипатына ие.
Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тəн бірқатар ерекшеліктері де
бар. Философия əртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға,
барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін
қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек
бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды
қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан
құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай
бағалау əрқашан жекелік сипатқа ие жəне іштей еркін бола тұрып,
адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, əділдік, жақсылық пен
жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз
байланысты болады.
Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мəн беретін
(объектоцентристік) жəне субъектіге зор мəн беретін (субъектоцентристік)
бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды.
Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоққа
шығарады: бұл жерде ең маңыздысы — субъектінің мүдделері (бұл мəселеге
ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның ролін
атауға болады: адвокат əрқашан сотталушының мүддесін білдіреді).
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге
тəуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүрістұрыс еркіндігі “берілетін”
немесе ”берілмейтін” объект ретінде түсіндіріледі.

1. Құқық қорғау орган қызметкерлерінің мінез-құлық ережесі мен
талаптары мазмұндалған заңдық және локальдық актілердің жалпы сипаттамасы.
 
       Әр түрлі құқық қорғау органы қызметкерлерінің қызметін реттейтін
нормативтік актілердің қабылдануы. (ІІМ, ҰҚҚ, жол полициясы, кеден
органдары және т.б.), өкілеттіліктерінің ұлғаюы не шектелуі,
жауапкершіліктің артуы, қандай да бір құрылымдардың қайта құрылуы – бұның
бәрі кәсіпкерлік этика нормаларында көрініс таба алмайды.  Сонымен қатар
оларға бірден құқық қорғау қызметінің ерекше құндылықтарын қорғау және
бекіту үшін қызмет ететін, екіншіден құқық қорғау қызметінің ерекшелігіне
қолданылатын нақтыланған жалпы азаматтық моральдік талаптар қамтылған
негізгі этикалық құндылықтар тән.
Моральдік еркшелігі оның өмірдің барлық аясында соның ішінде құқық
қорғаушылық және құқық қолданушылық қызметте адамдардың санасы мен мінез-
құлқын реттеу болып табылады. Мораль осы қызметті жүзеге асыратын органдар
қызметкерлер топтар арасында және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарға
тарайды. Моральдік қағидалар барлық заңгерлер үшін жалпы маңызға ие.
Адамның барлық мінез-құлқы, іс-әрекеті әр түрлі мағынада болады.
(құқықтық, саяси, эстетикалық және т.б.). Бірақ оның өнегелік жағы
моральдік мазмұны бірдей өлшем бойынша бағаланады. Моральдік нормалар
көпшіліктің пікірінен қолдау тауып, күнделікті қоғамдағы дағдыдан
қалыптасады. Олардың орындалуы барлық адаммен бақыланады. Моральдік
жауапкершілік рухани, идеалдық сипатта (іс-әрекетті қолдау не
талқылау)  болады. Яғни, адамның түйсініп, ішкі қабылдауы  және мінез-
құлқын іс-әрекетін жөндеуге бағытталуы. Мораль қоғамдық және жеке
сана  дәрежесімен анықталады. Адамның мінез-құлқын реттейтін басқа
формалармен қатар мораль белгілі бір анықталған әлеуметтік заңға бағынып
көпшілік қызметінің келісімі болып табылады. Әр түрлі қызметтегі заңгерлер
өздерінің лауазымдық міндеттерін іске асыра отырып, моральдік реттеушілік,
тәрбиелеушілік, танымдық, бағыттаушылық, коммуникативтік, болжаушылық және
т. б. функцияларын іске асырады. Олардың ішінде маңызды орынды реттеушілік
және тәрбиелеушілік функция алады.
Мораль басқа тұлғалардың, қоғамның мүддесін іске асыра отырып, адамның
практикалық қызметін бағыттайды және жөндейді.  Бұнда моральдік қоғамдық
қатынастарға белсенді әсер етуі жеке тұлғалардың мінез-құлқы арқылы жауапқа
алынады. Бұдан реттеуші фукцияны көруге болады.
Моральдік тәрбиелеушілік фукциясы жеке тұлғаның және оның санасының
қалыптасуында көрінеді. Мораль өзінің, басқа тұлғалардың қадір-қасиетін,
құқықтарын құрметтеу қажеттілігін, басқа адамдар мен қоғам
алдындағы  борышын ұғынуға, өмірдің мәні мен мақсатына көзқарасын
қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл фукцияны гуманистік сипатта қабылдау
қалыптасқан. ¤негелік таным кәсіпкерлік этикадағы аса маңызды орынды алады
және моральдың бір элементі болып, оның идеалдық субъективтік жағын
сипаттайды.
Өнегелік таным (сана) заңгерлердің борышы ретінде белгілі бір мінез-
құлық, іс-әрекетті қалыптастырады. Ол моральдік талаптар көзқарасына сәйкес
әртүрлі әлеуметтік шындыққа баға береді.  ¤негелік сана (сознание) қоғамдық
сананың формасы ғана емес сонымен қатар өнегелік сезімдермен байланысты
адамның өзін бағалауында маңызды орын алатын тұлғаның жеке санасының аясы.
Моральдік норма - әлеуметтік топқа, қоғамға тән белгілі бір жағдайда
қандай іс-әрекет жасауы керектігін және мінез-құлқының мазмұнын анықтайтын,
адамдардың мінез-құлқын реттейтін әлеуметтік нормалар.  Олар қоғамдағы
реттеушілік фукциясын атқаратын өзге де нормалардан (экономикалық, саяси,
құқықтық, эстетикалық және т.б.) нормадан ажыратады. Олардың негізінде
жақсылық және зұлымдық және т.б. идеалдар, түсініктер, қағидалар
қалыптасқан. Моральдік нормалар ерікті түрде орындауға бағытталған. Бірақ
оны орындамау рухани түрде әсер ететін мінез-құлықты талқылау және теріс
баға беруден тұратын санкцияға                 алып келеді. Олар нақты бір
тұлғаға сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған болашақта сондай іс-
әрекеттерді жасауға өнегелік тұрғыда тиым салуды білдіреді. Бұл санкцияның
мақсаты моральдік нормалары мен қағидаларында мазмұндалған өнегелік
талаптарды бекіту болып табылады. Моральдік нормаларды орындамау моральдік
санкциялардан  басқа (қоғамдық ұйымдардың нормаларында қарастырылған немесе
тәртіптік) өзге де санкциялардың  қолдауына алып келуі мүмкін.

2. Құқыққорғау қызметінің адамгершілік мазмұны

Құқыққорғау органдары қызметінің негізгі мəні олардың атауынан айқын
көрінеді: бұл мемлекеттің маңызды конституциялық міндеті — адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жəне сақтауды жүзеге
асыру.Олардың басқа да қалған функциялары — қоғамдық тəртіпті сақтау,
меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған
құбылыстардың алдын алу жəне т.б.— осы маңызды міндеттің элементтері.
Құқыққорғау органдарының өзі де мемлекеттің элементі, оның негізгі
құрылымдарының бірібелгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұйымдастыратын,
əлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі
қызметін атқаратын билік құрылымы — болып табылады.
Құқыққорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі
əдістерді қолданады:
құқықбұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тəрбие жұмыстарын
жүргізу) жəне ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мəжбүрлеу
санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай,
“биліктік күш” түсінігі (яғни, мəжбүрлеуге, зорлауға негізделген əрекет)
құқыққорғау органдары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Бұл мəселеден мынадай сұрақ туындайды: мəжбүрлеу, тікелей зорлық
адамгершілік сипатта бола ала ма? Олардың қазіргі кездегі қоғамға қажет
екеніне ешбір күмəн жоқ; даулар оның қолдану саласына, зорлықтың дəрежесіне
қатысты ғана туындауда. Ал зорлықтың моральдығы мəселесіне келетін болсақ,
бұл мəселенің позитивтік жəне негативтік шешімі ұзақ уақыт бойы, тіпті,
қазіргі күннің өзінде де ғалымдарды екі бағытқа бөлген: моралистік жəне
реалистік. Бірінші бағыт барлық адамдарға мектеп қабырғасынан белгілі. Біз
Лев Толстойдың шығармашылығынан “зұлымдыққа зорлықпен қарсы тұрмау”
концепциясымен таныстық (дінге сенушілер бұнымен одан да ертерек танысады,
себебі, ол Исаның өсиеттерінде айтылған). Бұл концепция гуманизм қағидасына
негізделген пацифистік жəне басқа да қозғалыстардың негізінде жатыр. Осыған
ұқсас көзқарастарды қазіргі кездегі көптеген ғалымдар да білдіруде. Олардың
қатарынан ХХ ғасырдың ірі философы, əлеуметтанушысы жəне тарихшысы Макс
Веберді атауға болады. Ол “моральдық тұрғыдан мəжбүрлеу əрқашан кері
бағаланған, тіпті, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы
Психологиялық ахуал түсінігі. Балалар ұжымындаы психологиялық ахуал
Қарулы Күштердің ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Құқық қорғау қызметі туралы
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Заңгерлердің кәсіби этикасын зерттеу
Заңгер этикасы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
Құқық қорғау қызметінің мәні, мазмұны
Пәндер