Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі



Кіріспе
1. Төтенше жағдайлардағы құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
2. Құқыққорғау қызметіндегі мақсат пен құралдардың арақатынасы жəне моральдық таңдау мəселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Құқыққорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күшқұралдарды қолдануы нəтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелініс жағдайына жиі алып келеді. Аталған шиеліністер себептердің қарамақайшылық бағыттылығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда болған көзқарастарын, алыс жəне жақын мақсаттың біреуін, үлкен жəне одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.
Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі мынада — белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген əрекеттің басқа біп норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды орындағысы келмейтінінде де емес, мəселе — осы талаптардың бірбіріне қайшы келмеуін болдырмаудың қажеттігінде.
Мысалға, құқыққорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пəтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.
Нормативтік актілер.

1. Адам құықтары туралы жалпы Декларация (1948г): Права человека и судопроизводство. Собрание международных документов. М., 1996.
2. Минимальные стандартные правила, касающиеся отправления правосудия в отношении несовершеннолетних «Пекинские правила» - Права человека и судопроизводство. Собрание международных документов. М., 1996.
3. ҚР-ның Конституциясы - 30.08.1995 Алматы: Казахстан, 2012.

Оқу әдебиеттері, аралық басылымдар:

1. Ғабитов Т.Х.Заңгер этикасы. Оқу құралы, Алматы, 2003 г.
2. Гусейнов А.А. Введение в этику. - М. МГУ, 1985
3. Бойков А.Д. Этика профессиональной защиты по уголовным делам. - М., 1978
4. Барщевский М.Ю. Адвокатская этика М., Профобразование – 2000

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі

Жоспар:

Кіріспе
1. Төтенше жағдайлардағы құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
2. Құқыққорғау қызметіндегі мақсат пен құралдардың арақатынасы жəне
моральдық таңдау мəселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құқыққорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күшқұралдарды
қолдануы нəтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелініс жағдайына жиі
алып келеді. Аталған шиеліністер себептердің қарамақайшылық бағыттылығы
жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан
көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда
болған көзқарастарын, алыс жəне жақын мақсаттың біреуін, үлкен жəне одан
азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.
Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі мынада — белгілі бір жағдайдағы
моральдық нормаға негізделген əрекеттің басқа біп норманы бұзуы. Бұл
жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі
салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды
орындағысы келмейтінінде де емес, мəселе — осы талаптардың бірбіріне қайшы
келмеуін болдырмаудың қажеттігінде.
Мысалға, құқыққорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе
айыпталушының пəтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас
адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын
орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау
немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.

1. Төтенше жағдайлардағы құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер

Құқыққорғау органдары қызметкері үшін кəсіби мəні бар шиеліністердің
қатарынан сыртқы жəне ішкі шиеліністерді атауға болады. Сыртқы шиеліністер
адамдар арасындағы адамгершілік шиелінстер ретінде көрініс табады
(тұлғақоғам, тұлғатоп, тұлғатұлға, топтоп, топқоғам). Олар жеке
тұлғалардың, əлеуметтік топтардың жəне қоғамның құндылықты бағытбағдарының
қайшы келуін білдіреді.
Ал ішкі шиеліністердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып
тұлғаның жүрістұрысының бірбіріне бағынышты себептерінің күрделілігі,
əртүрлі сипатта болуы табылады.
Бірқатар жағдайларда ішкі шиеліністі шешу сыртқы шиеліністің пайда
болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқыққорғау органдарымен құпия
негізде одақтасуы, оның ішкі шиелінісін жеңудің негізінде жүзеге асқанымен,
осы құпия көмекші мен оның қызмет ету саласының (егер бұл сала моральға
қайшы қызметпен айналысса) арасында сыртқы шиелініс туындауы мүмкін.
Құқыққорғау органдары қызметкерінің тағы бір ерекшелігі — кей кездері
өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық
ортада жұмыс істеуге тура келеді.
Мұндай жағдайларда адам санасында бір мезетте екі адамгершілік жүйелер
қалыптасады:
біріншісі — ол өзі қабылдаған көзқарастар жүйесі; екіншісі — қылмыстық
ортада негізге алынған көзқарастар, ал қызметкер өз жүрістұрысын осы екінші
жүйеге негіздеп, оңтайландыруы керек. Мұндай жағдайларда адамның санасында
моральдық құндылықтардың əртүрлі жүйелері бір мезетте шиелініске түседі.
Бұл көзқарас тұрғысынан аталған шиеліністі ішкі деп те атауға болады.
Алайда, ішкі шиеліністің ерекшелігі мынада — оған тұлға өзі дұрыс деп
санайтын құндылықтардың, нормалардың күресі тəн. Ал сыртқы шиелініске
өзінің көзқарастарына қайшы сенімдердің, көзқарастардың, құндылықтардың,
идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тəн. Бөтен салада жасырын жүрген
қызметкер осы салада үстемдік құрған моральдық құндылықтарға қатысты өзінің
шиеліністі қарымқатынасын жасыруға мəжбүр болады. Мұндай жағдай моральдық
таңдаудан емес, жеделіздестіру қызметінің ерекшеліктерінен туындайды. Сол
себепті де, мұндай шиеліністі сыртқы шиеліністің жасырын нысаны деп атауға
болады.
Құқыққорғау қызметіндегі моральдық шиеліністердің көрініс табу
нысандары түрліше. Олар осы қызметтің белгілі бір бағытының нақты
ерекшеліктеріне, осы қызмет жүзеге асатын ерекше жағдайларға, шиелініске
қатысушылардың əлеуметтікпсихологиялық мінездемелеріне жəне басқа да
жағдайларға байланысты.
Шиеліністің дамуы оны шешуге, яғни, жүрістұрыс немесе əрекеттің
белгілі бір түрін таңдауға алып келеді. Мұндай жағдайда адамға өзі
қабылдайтын шешімнің негізінде жатқан дұрыс бағытты анықтауға көмектесудің
маңызы зор. Бұл бағыт адамның өзі қабылдайтын моральдық талаптары сенімге
айналған сайын берік бола түседі. Аталған мəселе құқыққорғау қызметі үшін,
нақты айтқанда, құпия көмекшілермен жұмыс үшін тəжірибелік мəнге ие. Құпия
көмекші өзінің құқыққорғау органдарымен бірігіп қызмет ету туралы
қабылдаған шешкімінің дұрыстығын сезінсе де, бұл шешімнің моральдық маңызы
зор екендігін түсінсе де, жедел іздестіру өкілінің тапсырмаларын саналы
жəне ерікті түрде орындаса да, өз əрекетіне субъективтік, психологиялық
түрде іштей қанағаттанбауы мүмкін. Өз жүрістұрысынды түсіну, сезіну
сенімге, əдетке, тұрақты сезімдерге айналмауы мүмкін. Құпия көмекші дұрыс
əрекеттер жасап, оларды негіздей алса да, бұл негіздеу сеніммен жүзеге
асырылмауы мүмкін. Өзінөзі мəжбүрлеу, борыш сезімі — бұлар да оң əрекеттің
жоғары негіздері, алайда оларды адамгершілік жүрістұрыстың жоғары түрін
сипаттайтын сеніммен бір қатарға қоюға болмайды.
Əдебиеттерде адамгершілік шиеліністердің алдын алуға жəне оларды
шешуге жəрдем беретін ұсыныстарды жасау ұмтылыстары біршама. Бұл жағдайда
ортақ қағида ретінде адамгершілік құндылықтардың үстемдігі туралы ереже
ұсынылады (мысалы, қоғамдық борыш жеке борышқа қарағанда жоғары, маңызды
деп саналады).
Моральдық шиеліністерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден
үстемдігі туралы ереже көп жағдайда орын алады. Өкінішке орай, шын мəнінде
көп жағдайда бұл ереже қате, дөрекі түсініліп, жүзеге асырылады. Шиелініс
жағдайды көбінесе жеке мүдделерге зиян келтіре отырып шешу орын алады.
Əрине, қоғамдық мүдде жеке мүддеге қарағанда əлдеқайда маңызды. Алайда, кей
кездері жағдайды дұрыс түсіну нəтижесінде жеке мүддеге ешбір зиян
келтірмейақ, қоғамдық мүддені қанағаттандыруға болады. Жеке мүддені
қоғамдық мүддеге бағындыру — шешімі қиын жағдайларда жиі кездесетін мəселе.
Шиеліністі жағдайдан ең жақсы, оңтайлы жолмен шығу үшін тұлғаның өз
мүдделерін ескермеуге талпынысы ғана емес, сонымен қатар, қоғамның тұлғаның
мүдделерін қанағаттандыруға деген ұмтылысы да қажет. Осындай, тұлғаның
қоғамға, қоғамның тұлғаға дұрыс қатынасы жағдайында ғана дұрыс моральдық
таңдау жүзеге асырылады.
Таңдау жағдайында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін қойылған
мақсатқа жетудің белгілі бір құралдары қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан,
құралдар таңдау мен мақсаттың ортасында аралық буын ретінде көрініс табады.
Моральдық таңдаудың бұл кезеңі мақсат пен оған жету құралының өзара
қатынасының мəселесі ретінде сипатталады. Құқыққорғау органдарының
қызметкері үшін бұл мəселені шешудің ғылыми да, тəжірибелік те маңызы зор.
Адамдардың өз алдарына қойған мақсаттары мен оған жетуде қолданылатын
құралдардың арақатынасы туралы мəселе көптеген ғасырлар бойы дау туғызуда.
Басқаша айтқанда, мақсат кезкелген құралды пайдалануды ақтай ала ма? Əрине,
бұл жерде адал ниетті мақсат туралы айтылып отыр.
Этикалық ой тарихы мақсат пен құралдардың өзара байланысы туралы
мəселеге қатысты екі баламалық жауап ұсынған. Олар макиавеллизм
концепциясынан жəне абстрактілі гуманизмнен көрініс тапқан.
Бірінші бағыт “мақсат кезкелген құралды ақтайды” қағидасы түрінде
белгілі. Бұл бағытқа сəйкес, құралдар мақсатқа тəуелді, оған бағынады, ал
мақсат құралдардан тəуелсіз. Құралдарды таңдаудың негізгі талабы ретінде
олардың мақсатқа жетудегі тиімділігі ұсынылады, ал олардың адамгершілік
жағдайы есепке алынбайды.
Екінші концепция жоғарыдағы концепцияға қарамақарсы бағытты ұстанған,
бұған сəйкес, ешқандай мақсат оған жету құралдарын ақтай алмайды. Құралдар
мақсаттан толығымен тəуелсіз жəне өзіндік оң немесе теріс құндылыққа ие.
Мысалы, бірінші концепцияның өкілдері ретіндегі иезуиттер “егер ол мақсатқа
тезірек жетуге жəрдемдессе, кезкелген зорлықты ақтауға болады” деп санаған,
ал екінші концепцияны жақтаушылар зорлықты абсолюттік зұлымдық ретінде тани
отырып, оны мақсатқа жетудегі құрал ретінде қолдануға тыйым салған.
Соңғылардың пікірінше, құралдар қандай болса, мақсат та сондай болады:
адамгершілік сипаттағы құралдар адамгершілік сипаттағы мақсатқа алып келсе,
арам ниетті сипаттағы құралдар арам мақсатқа алып келеді.
Басқаша айтқанда, бұл концепцияның негізі мына анықтамада бекітілген:
мақсат құралдарды ақтамайды, керісінше, құралдар мақсатты анықтайды.
Əрине, иезуитизм немесе абстрактілік гуманизм таза күйінде сирек
кездеседі. Тіпті, есімін “мақсат кезкелген құралды ақтайды” қағидасымен
байланыстыратын Макиавеллидің өзі де мақсатқа жету барысында қолданатын
құралдардың адамгершілік мазмұнын толығымен есепке алмауға қарсы болған.
Құқыққорғау қызметі мақсат пен құралдардың арақатынасы мəселесін
ғылыми шешуді қажет етеді. Көп жағдайда бұл қоғамдық көзқарастың осы
қызметте қолданатын құралдарға қатысты, кейбір жағдайда мақсаттардың
өздеріне де қатысты теріс бағалауымен байланысты. Тіпті, адамның,қоғамның
жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауға байланысты адал ниетті мақсаттардың
болуы да құқыққорғау органдары қолданатын құралдар мен əдістерді қоғамдық
пікірдің теріс бағалауынан құтқармайды. Аталған мемлекеттік органдардың
қызметкерлері макивеллизмнің концепциясын да, абстрактілік гуманизм
концепциясын да толығымен қолданысқа енгізе алмайтыны белгілі, себебі
жоғарыдағы концепциялардың екеуі де мақсат пен құралдардың арақатынасы
мəселесін шешуде тым қатты көзқарастарды (біреуі — қатаң, екіншісі —
жұмсақ) ұстанған. Мейлінше дұрыс деп мақсат пен құралдардың объективті
түрдегі байланысын, диалектикалық əрекеттесуін танитын көзқарасты атаған
дұрыс болар.
Бұл көзқарасқа сəйкес, адамдардың алдында тұрған мақсаттардың оларға
жетудегі құралдармен өзара тығыз байланысы танылады. Сонымен қатар,
құралдардың мақсатқа кері əсері де жоққа шығарылмайды, яғни, кейбір
құралдардың адал ниетті мақсатты бұрмалау мүмкіндігі танылады. Құралдар
алдыға қойылған мақсатқа сай болуы тиіс. Бұл сəйкестікте мақсат басты рөлді
иеленуі тиіс. Мақсат құралдардың құрамын анықтап, олардың адамгершілік
мазмұнына мəн береді.
Мақсат пен құралдардың сəйкестігінің біртұтастығы əрекет немесе
жүрістұрысқа негіз болады.
Бұл əрекет немесе жүрістұрыс мақсат пен құралдардың дербес құбылыстар
ретінде теріс бағаланғанына қарамастан адамгершілікоң сипатта деп бағалануы
мүмкін. Яғни, жүрістұрысты бағалау мақсат пен құралдардан тəуелсіз жүзеге
асырылады. Мысалы, қылмыстылықпен күрес өз бетінше адамгершілікоң сипаттағы
құбылыс ретінде бағаланғанымен, оған жету жолындағы адамды мəжбүрлеу
мəселелері теріс бағаланатыны сөзсіз. Алайда, біз қылмыстылықпен күрес пен
мəжбүрлеуді мақсат пен құрал түрінде қарастырсақ, мұндай теріс бағалау
жоғалып кетеді.
Егер сот біреуді тонағаны үшін қылмыскерді бас бостандығынан айыру
жазасына кессе — бұл əділ жаза, мұнда құрал (мəжбүрлеу түріндегі түрмеде
қамау) мен мақсаттың (қылмыстылықпен күрес) сəйкестігі көрінеді. Ал,
керісінше, көшені тыйым салған жерден кесіп өту үшін бас бостандығынан
айыру əділетсіз жаза ретінде қабылданады, себебі, бұл жағдайда мақсат пен
құралдың сəйкестігі қағидасы бұзылады.
Əрекеттің немесе жүрістұрыстың оң немесе теріс құндылығын анықтаудың
негізі мынадай:
адамгершілік сипаттағы болып, оны жүзеге асыру жүзеге асырмауға
қарағанда мейлінше аз материалдық, адамгершілік жəне басқа да шығындарды
алып келген əрекет саналады. Немесе басқаша айтқанда, аталған құралдардың
көмегімен жеткен нəтиже өз мəні бойынша осы құралдарды пайдаланудан келген
зияннан жоғары болса.
Өз мəні бойынша осы негіз аса қажеттілік жағдайындағы заңды
жауапкершіліктің негізінде жатыр, бұдан адамгершілік жəне құқықтық
нормалардың тұтастығын байқауға болады.
Құқыққорғау қызметінде адамгершілік мақсатқа жету үшін тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірумен байланысты құралдарды
пайдалану жиі орын алып жатады.
Алайда, барлық құралдардың ішінен ең тиімді болса да, көрінеу теріс
құралдарды пайдаланумен сипатталатын əрекеттердің жағымсыз сипатты
иеленетіні сөзсіз. Күрделі жағдай тек теріс құралдар болған жағдайда ғана,
солардың біреуін таңдауда туындайды. Егер қолданатын құралдардан келетін
моральдық шығындар мақсаттың адамгершілік құндылығын жауып кетсе, онда
мақсатқа жетуден бас тарту қажет. Мысалы, аса қажеттілік шегіндегі
əрекеттер қажетті жəне рұқсат етілген ретінде болып танылса, ал осы шектен
асып кету қылмыстық жазаланатын əрекет ретінде сараланады. Бұл жағдайда
құралдарды дұрыс таңдамау əрекетті теріс бағалауға алып келеді.
Мақсат пен құралдардың сəйкестігін анықтау жағдайында сол құралдарды
мақсатқа жету барысында қолданудан туындайтын мүмкін салдарды да ескеріп
өту қажет. Мұндай мəселенің таңдау үдерісінде де, таңдаудың нəтижелерін
бағалауда да маңызы зор. Айырмашылық тек мынада: бірінші жағдайда салдар
мүмкін, болжамды болып табылса, екінші жағдайда олар шынайы сипатқа ие.
Сонымен, мақсатқа жету құралдарын таңдау мына жағдайларды ескергенде
ғана дұрыс деп танылуы мүмкін:
— мақсатқа жетуден жəне əрбір құралды пайдаланудан туындайтын мүмкін
салдарды толығымен, жанжақты қарастыру;
— осы салдардың пайда болу мүмкіндіктерін талдау;
— таңдалған құралды пайдаланудан болуы мүмкін салдарды басқа
құралдарды пайдаланудан немесе мақсатқа жетуден бас тартудан туындайтын
салдармен салыстыру.
Таңдау дұрыс деп танылғанымен, болжаған нəтижелер оны шын мəнінде
жүзеге асыруда əрқашан бола бермейді. Бұл əртүрлі кездейсоқтықтардың,
таңдауды жасаушы адамның еркінен тыс объективтік жағдайлардың болуымен
байланысты. Сөйтіп, аталған жағдайлар соңғы нəтижеге əсер етуі мүмкін. Бұл
кезде осы адам жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, оның əрекеті одан
тəуелсіз жағдайлар негізінде дұрыс емес деп танылғанымен, жалпы алғанда,
əрекетті таңдауды ол дұрыс жүзеге асырған.

2. Құқыққорғау қызметіндегі мақсат пен құралдардың арақатынасы жəне
моральдық таңдау мəселелері

Құқыққорғау қызметіндегі мақсат пен құралдардың арақатынасы жəне
моральдық таңдау мəселелерін қарастыруда құқықтық мəжбүрлеу шараларын,
қылмыстылықпен күресте арнайы құралдарды қолданудың шектері жəне рұқсат
етілуі туралы мəселе қаншама рет орын алды. Бір жағынан, бұл құралдарды
құқыққорғау қызметінде қолдану объективтік жағдайлармен байланысты екені
күмəнсіз. Құқықтық мəжбүрлеуді, жедел іздестіру құралдарын қолданбай
қылмыстылық сияқты əлеуметтік зұлымдықпен күресу мүмкін емес. Ал екінші
жағынан, бұл шаралардың, сезікті немесе қылмыс жасаған болса да,
азаматтардың жеке бостандықтарына нұқсан келтіретіні белгілі. өз бетінше
азаматтардың бостандықтарын шектеу фактісі оң деп танылуы мүмкін емес.
Алайда, əрбір бағалау абстрактілік емес, нақты жағдайларға беріледі.
Нақтытарихи тəсіл азаматтардың жеке өміріне араласуды, олардың бостандығын
шектеуді теріс деп танығанымен, азаматты, қоғамды жəне мемлекетті қылмыстық
əрекеттерден қорғау мақсатында мұндай қол сұғушылықтарды қажет деп санайды.
Сонымен қатар, ескеріп өтетін бір мəселе, құқықтық мəжбүрлеу шараларын
қолдану құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өздеріне де теріс əсер
етеді. Нақты айтқанда, моральдық сананың өзгеруі, тіпті, кейбір жеке
қасиеттерінің өзгеруі де орын алуы мүмкін. Мысалы, кезкелген мəжбүрлеуді
қолдануға, азаматтардың жеке жəне қоғамдық өміріне қол сұғушылыққа дағдылар
пайда болуы мүмкін, адам бостандығы құндылығының төмендеуі орын алуы
мүмкін. Сол себепті, “зұлымдыққа күшпен қарсы тұру” мəселесіне ерекше көңіл
бөлген орыс ойшылы И.А.Ильин “тек ең жақсы дамдар ғана осы қызметті
өзгермей жүзеге асыра алады” деп ескерткен. Олар өздерінің қызметі қай
жерде, неден жəне неліктен шындық жолынан мүлт кеткенін білуі жəне мұны
зұлымдықпен күрес қажет ететін шекте ғана болдыруы керек.
Сонымен, мəселе құқықтық мəжбүрлеу шаралары мен жедел іздестіру
құралдарын қолдану мүмкіндігі туралы ғана емес, əрбір нақты жағдайдағы
оларды қолданудың негізіділігі мен шегі туралы болуы керек.
Құқыққорғау органдарының қызметін бағалауда “адамгершілікадамгершілік
емес” екіжақты формуласы жиі қолданылады. Бұл терең тарихи тамырға ие.
Ежелгі стоиктердің өздері таяқтың түзу немесе қисық болатыны сияқты,
əрекеттер де əділетті немесе əділетсіз болады деп тұжырымдаған. Бұл
көзқарасқа сəйкес, моральға қандай да болмасын есептеулер тəн емес:
банктан алтын ұрлаған адам мен дүкеннен нан ұрлаған адамның
əрекеттерінде ерекше айырмашылық жоқ. Аталған көзқарасқа сəйкес,
адамгершілік нормалары жоғарыдағы екі əрекетті де сынға алады. Шын мəнінде,
абсолюттік ақ немес абсолюттік қара деген болмайды. Осы екі абсолюттің
арасында орын алған реңдердің үлкен реті ғана бар. Дəл осы сияқты, əрбір
əрекеттің өзінің адамгершілік “реңі” болады. Жоғарыдағы тұжырымдарға
сəйкес, бір адамға келтірілген зиян мен қоғамға келтірілген зиянның; адамды
сыйламау мен оны аяққа таптаудың арасында айырмашылық жоқ. Адамгершіліктің
“сандық” градациясы терминінің болуы да бекер емес.
Екеуінде де моральдық талаптардың бұзылуы орын алғанымен, бір
əрекеттерді ол “этикаға қайшы əрекет жасады” деп бағаласақ, енді келесі
бірін “оның жасағаны адамгершілік емес болды” деп жатамыз. Мысалы, бандылық
топтың оғына қарсы, олардың ізіне түскен құқыққорғау органдарының
қызметкері мен өз жақындарынан, таныстарынан жұмысының шынайы сипатын
жасыруға мəжбүр болған жедел іздестіру қызметкерінің əрекеттеріне бірдей оң
баға бере отырып, олардың əртүрлі адамгершілік құндылығын ескермеу мүмкін
емес. Бірінші жағдайда шынайы адамгершілік əрекет, ал екіншісінде
адамгершілік емес əрекетке жақын əрекет орын алған.
Яғни, “адамгершілік” жəне “адамгершілік емес” түсініктерінің ауқымы
өте кең. Тіпті, шартсыз түрде адамгершілік оң немесе теріс бағаға ие
құбылыстардың өздерінде əрқашан қарамақайшылық бағалау элементі болады.
Мысалы, жоғарыда келтірілген мысалдардың бірінші жағдайында қызметкердің
басқа адамдардың өмірі үшін өзін аямауы оның жарақаттану немесе қайтыс болу
мүмкіндігімен, оның жақындары мен достарының қайғысымен көлеңкелі сипатты
иеленеді, бұлар осы құбылыстың кері мағынасын аша түседі, дегенмен аталған
факт қызметкердің əрекетінің оң құндылығын күшейте түседі. Осыдан
адамгершіліктің диалектикасы көрінеді: əрекет мейлінше зор зұлымдықты
жеңген сайын, оның адамгершілік мазмұны да жоғары бола түседі жəне
зұлымдыққа қарсы тұрған адамға мейлінше мол зиян келген сайын, оның əрекеті
де соншалықты құнды бола түседі.
Адамдардың барлық əрекеттері бір тізбектің бойындағы екі бағытқа
бағытталған: абсолюттік адамгершілік сипаттағы əрекеттер жəне абсолюттік
адамгершілік емес сипаттағы əрекеттер. Бұл тізбекте жүрістұрыстың əртүрлі
түрлері көрініс табады, олардың ішінен идеалды, рұқсат етілген, қалаулы
əрекеттер оң (тиісті) жүрістұрысты құраса, оған қарамақайшы болып теріс
(рұқсат етілмеген) жүрістұрыс орын алған. Құқыққорғау органдары қызметінің
ерекше сипатын ескере отырып, адамгершілік рұқсат етілген жүрістұрысқа олар
үшін ерекше маңызды құбылыс ретінде мəн беру қажет.
Идеалды жүрістұрыс жалпыадамдық құндылықтарға сүйенеді. Бұл адамдар
арасында шын мəнінде адамдық нысандағы қарымқатынастарды қалыптастырудың
объективтік қажеттігінен жəне адамның мəндік негіздерінен туындайтын
нормаидеал, императив. Мысалы, “өтірік айтпа” қағидасын қандай да болмасын
шектеусіз түрде басшылыққа алатын адамның жүрістұрысы осындай. Алайда, шын
мəнінде, адамдық қарымқатынастардың негізі болып табылатын жүрістұрыс көп
жағдайларда адамгершілік емес сипатты иеленеді, себебі, олар өмірдің
шиеліністі қарамақайшылықтарын, моральдық таңдаудың əлсіз жақтарын,
моральдық нормалардың бірбіріне қайшы келуін ескермейді. Мұндай
нормаидеалды басшылыққа ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі, этикалық ережелерді бұзған үшін соттың жауапкершілігі
Қарым-қатынастың адам өміріндегі психологиялық маңызы
Қарым - қатынас ақпарат алмасу ретінде
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
Әдістер топтамасы
Әскери әуе авиациясы
Әскери қызметкерлердің жұмысын атқару кезеңіндегі кездесетін эмоционалды ауыртпалықтарының психологиялық мәселелері
Қақтығыстардың түрлері
Қарым қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Пәндер