Құқықтық жүйелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.7
І ТАРАУ. РОМАН.ГЕРМАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
1.1 Роман.герман құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңдері ... ... 8.11
1.2 Роман.герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар
көздер жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11.17
ІІ ТАРАУ. АНГЛО.САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Англо.саксондық құқықтық жүйенің ерекшеліктері ... ... ... ... . 17.21
2.2 Жалпы құқықтың қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.27
ІІІ ТАРАУ. СОЦИАЛИСТІК ҚҰҚЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28.32
ІV. ДІНИ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
4.1 Дәстүрлі құқықтық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33.34
4.2 Мұсылман құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34.44
4.3 Индус құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44.49
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50.52
БИБЛИОГРАФИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53.54

Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы мен қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Әлемде қалыптасқан құқықтық жүйелерлер жалпы ұғым ретінде қабылданған болса, оны ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз - әр түрлі мемлекеттерде қалыптасқан құқықтық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы.
Диплом жұмысымыздың өзектілігі ұлттық құқықтық жүйесін қалыптастырып жатқан Қазақстан үшін әлем тәжірибесін оқып үйрену қажеттілігінен көрінеді.
Диплом жұмысының негізгі пәні қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер болып табылады. Қазіргі замандағы құқықтық жүйелерді бөліп қарастыру үшін ғалымдар ортақ белгілеріне сүйене отырып оларды топтастырады. Француз құқықтанушы компаративисі Р.Давид өзінің қазіргі компаративистиканың негізін қалаған атақты еңбегі “Основные правовые системы современности” деген кітабында идеологиялық фактор мен заң техникасын негізге ала отырып, құқықтық жүйелерді бірнеше топқа біріктіреді¹.

1. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының проблемалары. Оқу құралы. – Алматы. 2006. – 256 бет.
2. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности: Пер. с фр. В.А.Туманова.- М. 1996. – 400с.
3. Загрядский Г.В. Правовые системы современности. Лекция. - М. 1995.-42с.
4. Испания: Конституция и законодательные акты. – М. 1982.
5. Конституции государств стран Европейского Союза. – М. 2000.
6. Марченко М.Н. Сравнительное правоведение. Общая часть. Учебник для юридических вузов. М.: Зерцало. 2000. - 560с.
7. Марченко М.Н. Сравнительное правоведение. Общая часть. Учебник. – 2-е изд. – М.: Зерцало. 2010.
8. Марченко М.Н. Теория государства и права. Учебник. - 2-е изд., перераб. и доп.-М.Проспект. 2006.-640с.
9. Массе А. Ислам. - Москва. 1982.
10. Мусульманское право (внутренние и международно-правовые нормы): Учебник/ Под ред.М.А.Сарсембаева –Алматы: изд-во Института «Данекер». 1999.
11. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теорирясы. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы. 2006.-264б.
12. Проблемы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4-7
І ТАРАУ. РОМАН-ГЕРМАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
1.1 Роман-герман құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңдері ... ... 8-11
1.2 Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар
көздер жүйесі

... ... .. 11-17
ІІ ТАРАУ. АНГЛО-САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Англо-саксондық құқықтық жүйенің ерекшеліктері ... ... ... ... . 17-
21
2.2 Жалпы құқықтың қалыптасу кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-27
ІІІ ТАРАУ. СОЦИАЛИСТІК ҚҰҚЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28-
32
ІV. ДІНИ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
4.1 Дәстүрлі құқықтық жүйелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33-34
4.2 Мұсылман құқығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34-44
4.3 Индус құқығы

. 44-49
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... . 50-52
БИБЛИОГРАФИЯ

... 53-54
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне
тән ұлттық дамуы мен қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық
жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық
жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына,
этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты
болады. Әлемде қалыптасқан құқықтық жүйелержүйелерр жалпы ұғым ретінде
қабылданған болса, оны ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық
ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз - әр түрлі мемлекеттерде
қалыптасқан құқықтық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен
ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың,
ерекшеліктердің жиынтығы.
Диплом жұмысымыздың өзектілігі ұлттық құқықтық жүйесін қалыптастырып
жатқан Қазақстан үшін әлем тәжірибесін оқып үйрену қажеттілігінен көрінеді.
Диплом жұмысының негізгі пәні қазіргі замандағы негізгі құқықтық
жүйелер болып табылады. Қазіргі замандағы құқықтық жүйелерді бөліп
қарастыру үшін ғалымдар ортақ белгілеріне сүйене отырып оларды
топтастырады. Француз құқықтанушы компаративисі Р.Давид өзінің қазіргі
компаративистиканың негізін қалаған атақты еңбегі “Основные правовые
системы современности” деген кітабында идеологиялық фактор мен заң
техникасын негізге ала отырып, құқықтық жүйелерді бірнеше топқа
біріктіреді¹.
_________________
¹Давид Р., Жоффре–Спинози К. Основные правовые системы современности. М.
1996.-С. 20-28.
Р. Давидтің идеясы трихотомия, құқықтық жүйелерді үш топқа бөледі:
1. Роман – германдық құқықтық тобы. Роман-герман құқықтық жүйесі
Еуропада туындап, рим құқығы және оның рецепциясын жасау нормативтік
құқықтық кесімдердің қабылдануы негізінде қалыптасқан. Бұл құқықтық жүйеде
құқықтың негізгі қайнар көзі-заң. VI ғасырда дүниеге келген Юстинианның
Корпус Юрис Цивилис деп аталған құқықтық құжаты ерекше роль атқарады.
Сондықтан да бұл құқықтық жүйені Еуропада цивильдік құқық деп те атай
береді.
2. Англо-саксондық құқықтық жүйе. Қалыптасқан дәстүрге сай бұл
жетекші құқықтық жүйе англо-саксондық құқықтық жүйе деп аталғанымен жалпы
құқықтық жүйе деп атаған дұрыс деп есептейміз. Өйткені бүгін англо-
саксондық құқық жоқ, ол Англияның феодалдық дәуірінде қолданыста болған
құқықтық жүйе. Отандық ғалымдардың ішінен заң ғылымдарының докторы,
профессор Т.Ағдарбеков қана жалпы құқық деген терминді қолданады[1].
Жалпы осы құқықтық жүйені Жалпы құқықтық деп атаған дұрыс деп есептейміз.
Англия, АҚШ, Британия достатығына енетін 36 мемлекеттің және ағылшын
құқығының үлгісін ұстанатын елдердің құқықтық жүйесін қамтиды. Ол құқыққа
тән ерекшіліктің бірі - оны нақты дауларды шешкен судьялар құрған. Жалпы
құқық нормасы роман – германдық топқа қарағанда нақтырақ және болашақтағы
жалпы жүріп-тұру ережесін тұжырымдаудан гөрі нақты мәселелерді шешуге
бағытталған.
Жалпы құқықтық жүйенің ең негізгі ерекшелігі сот билігінің шешімдері
мен үкімдерінің сот прецедентіне айналып, болашақта ұқсас іс болғанда бұрын
қабылданған шешімдерді үлгі, норма ретінде пайдалануы.
Қазіргі замандағы екі жетекші топ-роман-германдық және жалпы құқықтық
жүйе ішінара өте тығыз байланыста дамиды. Олардың екеуі де Еуропада
туындап, христиандық моральдың ықпалына екеуі бірдей ұшырады, ал Қайта
өркендеу дәуірі индивидуализм, либерализм идеяларын, субъективті құқық
түсінігін алдыңғы қатарға көтерген философиялық ағымдарды туғызады.
3. Социалистік құқық тобы. Социалистік құқық роман – германдық
доктринаның бірнеше ерекшеліктерін сақтап қалған. Р.Давидтің пікірінше,
еркін білдіретін заң шығарушы бірінші кезекте жаңа экономикалық құрылымға
талпынады. Ол құрылымда өндірістік құралдар ортақ болатындықтан
азаматтармен арақатынас саласы тарылады да, құқық реттеуші ролін жеке
құқыққа емес, жария құқыққа ауыстырады. Бұл құқықтық жүйені ерекшелейтін
негізгі белгі құқықтың принципінде. Социалистік құқық жеке меншікті
мойындамайды. Сондықтан да социалистік құқықтың өмірі қысқа болды.
Діни және дәстүрлі – құқықтық топқа әлемнің 45 бөлігін қамтитын
құқықтық жүйе аталған үш топтың аясына жатқызылады. Бұл топқа жататындар
мұсылмандық құқық, Индус құқығы, иудейлік құқық жатады, оларға тән
ерекшелік – құқықтың дінмен немесе сол не өзге аймақтағы халықтың белгілі
бір дүниетанымымен, дәстүрлерімен тығыз байланыста болуы.
Р.Давидтің классификациясы заң ғылымында үлкен беделге ие. Франция
университеттерінде Основные правовые системы современности атты курс
Р.Давидтің классификациясы бойынша оқытылып келеді. Біздің елде, оның
ішінде біздің оқу орнында да Салыстырмалы құқықтану пәні ҚР білім және
ғылым министрлігі бекіткен Типтік бағдарлама негізінде оқытылады. Типтік
бағдарлама Р.Давидтің классификациясына сәйкес құрастырылған[2].
Еліміздің белгілі ғалымы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәкен
Өзбекұлының 2006 жылы жарық көрген, Ө.Қопабаевпен бірігіп жазған Мемлекет
және құқық теориясы[3] атты оқулығында қазіргі замандағы құқықтық
жүйелерді беске бөліп берген. Олар: мұсылмандық құқықтық жүйе, роман-
германдық құқықтық жүйе, англоарнгло-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі
құқықтық жүйе және көшпелі өркениетінің құқықтық жүйесі.
Жалпы ғалымдарымыздың аталған құқықтық жүйеге көзқарасын білдіріп,
талқылағаны дұрыс сияқты деп ойлаймыз. Соған қарамастан біз де жұмысымызды
әлемге кеңінен танымал классификацияны негізге алуды жөн көрдік.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Өзін демократиялық, құқықтық
мемлекет етіп жарияланған Қазақстан Республикасы ұлттық құқықтық жүйесін
қалыптастыруда. Сондықтан да әлемдік тәжірибе және оның тиімді жағын еліміз
жағдайына үйлестіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. ҚР ұлттық құқықтық
жүйесінің әлемдік құқықтық картадағы орнын анықтау болып табылады.
Диплом жұмысының әдіснамалық негізіне компаративистиканың қол
жеткізген табыстары мен жетекші компаративист ғалымдардың еңбектері алынды.
Олар: компаративистиканың негізін қалаушы француз ғалымы Рене Давид, неміс
Конрад Цвайгерт, кеңес дәуірінде ғылымның осы саласымен айналысқан, қазіргі
Өзбекстанның жетекші ғалымы, заң ғылымдарының докторы, профессор Ахмал
Холматович Саидов, россиялық белгілі заңгер-ғалымдар, компаративистер
Н.М.Марченко, Ю.Тихомировтар.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегідей
құрылымды ұсынуды жөн көрдік. Диплом жұмысы Кіріспе, үш тарау және
Қорытындыдан тұрады.
І ТАРАУ
РОМАН-ГЕРМАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. Роман-герман құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңдері
Роман-герман құқықтық жүйесіне континенталдық Европада рим құқығы,
канондық құқық және жергілікті құқықтық дәстүрлер негізінде қалыптасқан
қалыптасқан құқықтық жүйелер жатады.
Әлемде кең таралған және ежелгі құқықтық жүйе-роман-герман құқықтық
жүйесі. Р.Давид бірінші құқықтық жүйе деп есептейді, өйткені рим құқығының
жалғасы іспеттес. Соған қарамастан рим құқығының көшірмесі емес.
Қалыптасқан отаны-Европа, сондықтан да континентальдық құқық деп те атала
береді. Цивильдік құқық деген терминде синоним ретінде қолданыла береді.
Роман-герман құқықтық жүйесі дегеніміз-тарихи даму барысында рим
құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативтік құқықтық
кесімдердің қабылдануы. Бұл топты біріктірген құқықтың құрылымы, құқықтың
қайнар көздер жүйесі және құқықтық аппаратының ұқсастығы. Роман-герман
құқықтық жүйесіне Европа, Африка, Латын Америкасы, Қиыр Шығыс, Азия
елдерінің құқықтық жүйесі енеді.
Роман-герман құқықтық жүйесінің ұзақ тарихы бар. ХІІІ ғасырға дейін
Европа елдерінде әдет-ғұрып құқығы негізгі құқық болып келді. Рим
империясын 476 жылы жаулап алған варвар тайпалары жергілікті халықтың әдет-
ғұрпын ығыстырып, өз әдет-ғұрып құығының қағидаларын таратады. Юстинианның
кодекстері мен Дигестілердің қажеттілігі болмай, айналымнан шығады.
Антикалық мәдениеттің қайта өрлеу дәуірінде классикалық Рим құқығын
дамытуға мүмкіндік пайда болады. Италия және Францияның оңтүстік
аймақтарында рим құқығын оқып үйренуге үлкен мән беріледі.
Жалпы құқықтық жүйе деген терминнің қалыптасуы ХІІІ ғасыр болып
есептеледі. Бұл феодалдық қарым-қатынастардың жаңа капиталистік
қатынастарға икемделе бастау кезеңі. Роман-герман құқығы рим құқығы мен
канондық және жергілікті құқықтың негізінде қалыптасады.
Роман-герман құқықтық жүйесінің кеңінен таралуына екі себеп әсер етті:
біріншіден, рецепция; Орта ғасырларда товар-ақша қатынастарын реттеу үшін
нормалар, құқық қажет болады. Ондай нормалар рим құқығынан табылады, халық
ежелгі құқықтық нормалар мен құқықтық мәдениетке қайтадан артықшылық бере
бастайды.
Рим құқығын рецепциялау кеңінен танымал, біздің еліміздің құқықтық
жүйесі аталған құқықтық топқа жататындықтан рим құқығы элементтері азамттық
құқық саласында кеңінен қолданылады. Кей жағдайларда рим құқығы күштеп
енгізілген болатын. Оған мысалды жекелеген АҚШ штаттарының құқықтық
жүйесінен көруге болады. Өйткені АҚШ-тың құқықтық жүйесі жалпы құқық тобына
жатады. Ал Луизиана, Невада, Техас сияқты штаттар бұрын Испания, Франция
отары болғандықтан бойына жалпы құқық пен роман-герман құқығының
элементтерін бойына жинақтаған.
Екіншіден, отарлау саясаты. Континентальдық Европа мемлекеттері
отарлаушы мемлекет болғандықтан өз отарларында өз құқығын күштеп енгізген
болатын. Жалпы құқықтан ерекшелігі мемлекеттік биліктің қызметінің нәтижесі
емес, эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Товар-ақша қатынастарын
реттеу қажеттілігінен туындады. Рим құқығын рецепциялауға себеп
А.Х.Саидовтың[4] пікірінше, оның аяқталған құқық екендігінде.
Роман-герман құқығының ерекшелігі-дуализм, яғни құқықтың жеке және
жария болып бөлінуі. Жеке құқық индивидтер арасындағы қатынастарды
реттейтін институттар мен құқықтың салалары. Жария құқық-мемлекеттік
органдардың мәртебесі мен қызмет тәртібін және мемлкет пен индивиждиің
қарым-қатынасын реттейтін құқық салалары мен құқықтық институттар.
Роман-герман құқығының ерекшеліктері жеке құқықта көрініс тапқан,
сондықтан да бұл құқықтық жүйені цивильдік құқық деп атай береді. Роман-
герман құқығының негізі-азаматтық құқық, роман-герман құқығы және
азаматтық құқық деген терминдер синоним ретінде қолданыла береді.
Компаративистер роман-герман құқықтық жүйесінің даму кезеңін үшке
бөледі. Хронология жағынан бірінші кезең ХІІІ ғасырға дейінгі кезеңді
қамтиды. Бұл кезеңде құқық формальді түрде ғана қолданыста болды. Құқық
оқып үйретілген жоқ. Қоғамдық қарым-қатынастар әділдікке сүйеніп реттелген
тұста құқықтық реттеудің қажеттілігі болмағаны анық.
Жеке тұлға мен әлеуметтік топтар арасындағы даулар күштінің немесе
көсемнің еркімен реттелді[5].
Екінші кезеңі хронология жағынан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтиды.
Бұл кезең Қайта өрлеу дәуіріне сай келеді. Қоғам құқықтың қажеттілігін
түсінеді. Тек құқық қана тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ете
алатынын түсінеді. Қоғамның элитасы мен заңгерлер барлық қоғамдық
қатынастардың құқыққа негізделіп, құқықпен реттелуін талап етті.
Бұл кезеңде рим құқығын рецепциялауға ерекше мән беріледі. Құқық
тұжырымдамасы қалыптасады. Университтеттерде рим құқығы арнайы пән ретінде
оқытылады. Табиғи құқық доктринасы қалыптасады.
Роман-герман құқықтық жүйесінің үшінші даму кезеңі европа елдерінде
заңнаманың қарқынды күшпен дамып, құқықтың кодификациялануымен
ерекшеленеді. Хронология жағынан бұл процесс бүгінге дейін жалғасып келе
жатыр. Континентальдық Европада буржаузиялық революция нәтижесінде құқық
туралы түсінік өзгеріп, феодалдық құқықтың институттары өмір сүруін
тоқтатты, заң құқықтың басты қайнар көзіне айналады.
Мемлекет басшысы құқықты өзгерте алмайды, құқықты айналымнан шығара
алмайды деген қалыптасып қалған теория жоққа шығарылады. Құқық мемлекеттік
биліктен тыс дамып, әрекет етеді. Құқық кодификацияланады. Кодификация-
роман-герман құқықтық жүйесінің қалыптасу процесін аяқтады.
Аталған құқықтық жүйе іштей роман және герман болып бөлінеді. Роман
тобын рим құқығының элементтерінің басымдылығы ерекшелейді. Бұл топқа
енетін мемлекеттер: Франция, Италия, Испания, Бельгия, Люксембург,
Голландия. Герман тобына жататын елдер: Германия, Австрия, Швейцария,
Түркия, Қазақстан және т.б. Герман тобы жергілікті құқықтың басымдылығымен
ерекшеленеді.
Сонымен, роман-герман құқықтық жүйесі бастауын ежелгі Рим, рим
құқығынан алады. Бұл англо-саксондық және де басқа құқықтық жүйелерден
ерекшелейтін бірден-бір белгі және англо-саксондық құқықтық жүйеге қарама-
қарсы қойылатын беліг болып табылады. Роман-герман құқықтық жүйесінің
қалыптасып, дамуына VІ ғасырда дүниеге келген Византияның императоры
Юстинианнның Корпус юрис цивилис деп аталатын құқықтық құжаты ерекше роль
атқарады. ХІІ-ХVІІ ғасырларда Италия, Франция және Германия
университеттерінде Юстинианнның заңдар жинағын оқып үйрену нәтижесінде
қалыптасады.
1.2 Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздер жүйесі батыстың
заң әдебиеттерінде екіге-негізгі және қосымша болып бөлінеді. Роман-герман
құқықтық жүйесіне жататын барлық елдерде құқықтың негізгі қайнар көзі болып
нормативтік-құқықтық актілер болып табылады. Кейде құқықтың жалпы
принципінде негізгі қайнар көздер жүйесіне жатқызады.
Негізгі қайнар көзі болып заң танылады. Заң роман-герман құқықтық
жүйесі құқығының скелеті. Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын елдердің
құқықтық жүйесін біріктіретін бірден-бір басты белгі осы. Заң-барлық заңи
құқықтық жазбаша актілер. Заң деп аталатын актіні тек Конституция негізінде
құрылған заң шығарушы орган қабылдайды. Заңға қойылатын тағы бір талап-ол
Конституцияда қарастырылған формада ғана қабылдануы керек.
Заң роман-герман құқықтық жүйесі құқығының негізгі қайнар көзіне
айналады. Заң-ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыруда басты роль атқарады.
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бас кезінде континентальдық Европа мен АҚШ-та
Конституциялар мен салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болады.
Буржуазиялық кодекстерге рим құқығының нормалары еніп, жеке меншік құқығы
қасиетті, оған ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ деген қағида бекітіледі.
Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын барлық елдерде жазылған
Конституция бар. Конституция – мемлекеттің, қоғамның негізгі, басты
нормативтік актісі. Көптеген елдерде жай заңдардың Конституцияға
сәйкестігін соттық бақылауға алуы Конституцияның беделін арттырады.
Заңдардың Конституцияға сәйкестігін қатаң қадағалау институтына мысал
ретінде Германияны келтірсек болады. Соттық бақылау институты 1949 жылы
қабылданған, қазіргі қолданыстағы Конституцияда белгіленген. Федералдық
Конституциялық сот федералдық немесе земельдердің заңнамасы Негізгі заң
қағидаларына сай-сай еместігін Федералдық үкіметтің, земельдердің
үкіметінің немесе Бундестаг мүшелерінің 31 дауысымен берілген өтініштерін
қарайды.
Заңдардың Конституцияға сәйкестігін қадағалау институты Италия
Конституциясында да бекітілген. Конституциялық сот заңдар мен заңды күшіне
енген мемлекет пен областардың актілерінің Конституцияға сәйкестігі туралы
шешім қабылдайды[6].
Қазақстан Республикасында заңдардың Конституцияға сәйкестігін
қадағалайтын орган-Конституциялық кеңес болып табылады. 1993 жылғы
Конституцияға сәйкес Конституцияны қорғайтын орган-Конституциялық сот
болатын.
Заңдардың, басқа да құқықтық-нормативтік актілердің Конституцияға
сәйкестігін соттық бақылау институты барлық елдерде біркелкі емес. Жалпы
бұл институт АҚШ-та жақсы дамыған болып есептеледі. Ал Голландия мен
Францияда керісінше мұндай институттан бас тартқан.
Роман-герман құқықтық жүйесіне тән нәрсе: жай заңдардың үшке бөлінуі:
кодекстер, ағымдағы заңнама және нормалар тексінің жинағы[7]. Бұл құқықтық
жүйеге жататын барлық мемлекеттерде классикалық кодекстер бар. Кодекстердің
моделі 1804 жылғы Франция азаматтық кодексі және 1900 жылы заңды күшіне
енгізілген Германияның азаматтық кодексі болып табылады.
Роман-герман құқықтық жүйесіне жүйесіне жататын кейбір елдерде мысалы,
Франция, Греция және Швецияда құқықтың қайнар көзіне құқықтық доктрина мен
құқықтың жалпы принципі жатады. Әсіресе, Францияда құқықтың жалпы
принципіне ерекше мән беріледі. 1789ж. қабылданған Адам және азамат құқығы
туралы декларация және одан кейін қабылданған Конституциялар құқықтың
жалпы принципіне негізделген. Адамның құқыққа мойынсынуы, ұлт егемендігі
принципі, заңнамада адамның жалпы еркін білдіруі тұжырымдамасы, қоғамға
қауіп тудыратын әрекеттерге тыйым салу, басқаға зиян тигізбейтін
әрекеттердің бәріне рұқсат т.т. принциптер туралы айтып отырмыз.
Жалпы құқықтық принциптерді заңды түрде бекіту Испанияның
Конституциясында да көрініс тапқан. Конституцияда заңдылық тұжырымдамасын,
нормативтік актілердің иерархиясын бекіту тұжырымдамасы, санкция беретін
нормалардың кері күші жоқ деген тұжырымдама т.т. бекітілген[8]. Сонымен,
роман-герман құқығының қайнар көздер жүйесі біркелкі деуге де болады.
Әрине, бір актінің әр елдерде әр түрлі аталуы мүмкін. Францияда
регламенттік актілер де нормативтік-құқықтық актілер қатарына жатады.
Францияның қолданыстағы Конституциясының 38-бабына сәйкес Министрлер
кеңесі парламенттің рұқсаты және Мемлекеттік кеңестің қорытындысымен
белгілі бір мерзімде ордонанс қабылдай алады. Ордонанс-үкімет қабылдайтын
нормативтік-құқықтық акт. Ордонанс белгіленген мерзімде парламентте
бекітілуге тиіс. Содан кейін барып қана заңды күшіне ие бола алады және
Конституцияға сәйкес тек заң ғана оның күшін жоя алады. Ал егер ордонанс
заңмен бекітілген мерзімде парламенте оны бекіту туралы шешім қабылдамаса,
ордонанс заңды күшіне енгізілмейді.
Ордонанстар заңға сәйкес қабылданатын актілер, яғни заңнаманың
делегациялануы (делегирование закондательства). Заңнаманың делегациялануы
роман-герман құқықтық жүйесіне жататын барлық елдерде қолданылады деуге де
болады.
Сонымен қатар Францияда нормативтік-құқықтық актілердің қатарына
үкіметтің және президенттің декреттері де жатады. Үкімет пен президенттің
декреттерін қабылдау туралы Конституциялық кеңес шешім шығарады.
Францияда Министрлер кеңесі мен Мемлекеттік кеңеске заң шығаруда кең
өкілеттілік берілген. Заң шығаруға негіз қалайтын тұжырымдамаларды
қабылдайды. Жалпы бұл принцип Конституцияның беделін төмендетеді.
Италияда нормативтік-құқықтық актілер қатарына заңнамалық декреттер
жатады. Заңнамалық декрет-үкіметтің өз заң шығару функциясын жүзеге асыру
барысында қабылдайтын актісі. Ерекше қажет болғанда немесе актіні тез
қабылдау қажет болғанда үкімет Конституцияның 77-бабына сәйкес
жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, заң күші бар уақытша өкім қабылдай
алады[9]. Өкім сол күні бекіту үшін парламентке ұсынылуыға тиісті. Егер
парламент таратылған жағдай болса, ол бес күннің ішінде шақырылуға тиіс.
Италияда делегацияланған заңнама қатарына заң күші бар президенттің
жарлықтары мен регламенттер жатады. Контрассигнатура принципі сақталынбаса,
прездидент актілерінің күші жойылады. Сонымен бірге Министрлер кеңесінің
төрағасы қол қоймаған актелілер де заңсыз болып табылады[10].
Федеративтік мемлекеттер-Бельгия, Германия, Швейцарияда жергілікті
басқару органдары қабылдаған актілері де құқықтың қайнар көзі болып табылуы
мүмкін. Сонымен қатар федерация субъектілер қабылдаған актілер де құқықтың
қайнар көзі болып табылады.
Заң-құқықтың басты қайнар көзіне айналғандықтан кодификациялау
мүмкіндігі мен қажеттілігі пайда болады. Кодификация-нормалардың мазмұнын
бір жүйеге келтіріп, біріктіріп, салаға, тарауға, тақырыпқа және баптарға
бөліп, нормативтік актілердің пайдалануын, қолдануын жеңілдету болып
табылады. Кодификациялау жұмыстары белсенді жүргізіледі, бұл салада Франция
кодификациясы маңызды роль атқарады. Напольеон кезінде қабылданған бес
кодекс кодификацияның негізін қалады. Әсіресе, Францияның 1804 жылы
қабылданған Азаматтық кодексі буржуазиялық құқықтың қалыптасу процесіне
үлкен әсерін тигізеді.
Роман-герман құқықтық жүйесінде кодификацияның негізін қалаған
Азаматтық кодекстерге тоқталуды жөн көрдік. Бұл топқа жататын елдердің
Азаматтық кодекстері де әр түрлі. Олардың айырмашылығы Жалпы бөлімнің болу-
болмауына байланысты. 1896ж. қабылданып, 1900 жылы заңды күшіне енгізілген
Германияның Азаматтық кодексінде Жалпы бөлім бар. Онда азаматтық құқықтың
институттарына қатысты ережелер қамтылған. Ал Францияның классикалық
Азаматтық кодексінде Жалпы бөлім жоқ, тек Кіріспе титул бар. Кіріспе
титулда заңды қабылдаудың жолдары, жариялау және қолдану туралы айтылған,
яғни ережелер азаматтық-құқықтық аспектілерден гөрі кең аспектіде
қамтылған. Осы аталған екі кодекс басқа елдердің азаматтық заңнамасының
моделі болып табылады.
Германияның кодексі пандектілік жүйемен құрылса, Франция азаматтық
кодексі институциялық жүйемен құрастырылған. Сондықтан да ГАК француз
кодексіне қарағанда абстрактілі. Жалпыдан жеке ережелерге көшеді, тілі де
Напольеон кодексіне қарағанда қиын, кәсіби терми ндерге негізделген.
Франция азаматтық кодексінің тілі жеңіл, өйткені кодексті қабылдауға
Напольоенның өзі қатысып, тілінің барынша жатық, қарапайым халыққа
түсінікті болуын талап еткен.
Құқықтың қосымша қайнар көздері. Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының
қайнар көзі ретіндегі әдет-ғұрып заңға қосымша қолданылса да, қазірде де
құқықтың қайнар көзі болып табылмайды. Италияда Азаматтық кодекстен гөрі
теңіз әдеті нормаларына басымдылық беріледі.
Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының келесі қайнар көзі-сот
практикасы. Сот практикасының құқықтың қайнар көзі ретіндегі роліне
көзқарас әр түрлі. Бұл бірінші кезекте кассациялық прецедентке
байланысты. Кассациялық сот-соттың жоғары инстанциясы. Сондықтан
аналогияға немесе жалпы принциптерге негізделген сот практикасы кассациялық
этаптан өткен соң келесі сондай ұқсас істерді қарағанда перцедент ретінде
қолданылады. Сот практикасын құқықтың қайнар көзі ретінде Германияның
кейбір заңгерлері мойындамайды.
Индия, Латын Америкасы елдерінде сот практикасы құқықтың қосымша қайнар
көзі ретінде қолданылады. Оған әсер еткен аталған елдердің Англияның қол
астында болуы болып табылады.
Роман-герман құқығында доктрина үлкен роль атқарады, аталған құқықтық
жүйенің негізін салған. Құқықтық доктрина заң шығару процесінде үлкен роль
атқарады, заңнамаға түсініктеме беру кезінде де доктрина кеңінен
қолданылады. Құқықтық сана-сезімді көтеруге әсер етеді.
Сонымен, роман-герман құқықтық жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері:
- мемлекетте міндетті түрде ең жоғары күші бар жазбаша
Конституцияның болуы;
- құқықтық жүйе жеке (азаматтық, сауда, неке) және жария
(мемлекеттік, қаржы, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық) болып
бөлінуі;
- Мемлекетте Парламент қабылдаған заңдарды іс жүзіне асыру үшін заңға
сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы, заңнаманың
делегациялануы;
- Қоғамдық қатынастардың құқықпен реттелетін негізгі салаларды
кодекспен реттейді;
- Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік-құқықтық актілер
мойындалады, құқықтық әдет-ғұрыпты пайдалану жоққа тән;
- Судьялар мемлекет қабылдаған нормативтік – құқықтық актілер
негізінде ғана үкім, шешім шығара алады;
- Сот прецеденті құқықтың қосымша қайнар көзі болып табылды.
ІІ ТАРАУ
ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Жалпы құқықтық жүйенің ерекшеліктері
Жалпы құқықтық жүйе немесе әдебиеттерде қалыптасып англосаксондық
құқықтық жүйе деп аталып кеткен құқықтық жүйе әлемде кең таралған, ежелгі
және қазіргі кезеңде әсері күшті құқықтық жүйелердің бірі. Қазір әлемдегі
елдердің үштен бірі жалпы құқықтық жүйе тобына жатады. Жалпы құқықтық жүйе
Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия т.б. көптегенжәне басқа
да Англияның бұрынғы отары болған елдерде кеңінен дамыған. Көптеген
мемлекеттерде ұзақ ғасырлар бойы әрекет етіп келеді. Ол елдерде статуттық
құқық пен жалпы құқық қосылып, жергілікті құқыққа бейімделеді. Сондықтан
да біздің елде жалпы құқықтық жүйеге көшу туралы мәселе көтерілген
болатын.
Англо-саксондық құқықтық жүйенің ең негізгі ерекшелігі сот билігінің
шешімдері мен үкімдерінің сот прецедентіне айналып, болашақта ұқсас іс
болғанда бұрын қабылданған шешімдерді үлгі, норма ретінде қабылдануы.
Негізінде жалпы құқық Ұлыбританияда пайда болды.
Жалпы құқықтық жүйе бүгінге дейін англо-саксондық құқықтық жүйе деп
атала береді. Россияда және елімізде жарық көрген Мемлекет және құқық
теориясы пәнінен жарық көрген оқулық, оқу құралдарында да англо-саксондық
құқықтық жүйе деп берілген[11]. Бірақ бүгін саксондық құқық өмір сүріп
отырған жоқ, саксондық құқық Англия дамуының феодалдық дәуіріне сай
келеді. Сондықтан жалпы құқық және англосаксондық құқық деген
терминдер синоним ретінде қолданыла бергенімен құқықтық жүйені жалпы
құқықтық жүйе деп атағанды дұрыс деп есептейміз.
Жалпы құқық деген термин кең және тар мағынада қолданылады. Кең
мағынасында жалпы құқық дегеніміз роман-герман құқықтық жүйесіне қарсы
тұрған жеке дербес құқықтық жүйе.
Жалпы құқық тар мағынасында Ұлыбританияда қалыптасқан англосаксондық
құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі. Бұл мағынада Парламент қабылдаған
жазбаша актілерге қарсы тұрған құқық болып табылады.
Жалпы құқық немесе ағылшын-америка құқықтық жүйесі 2-ге жіктеледі.
Бірінші топқа жататын: Англия, Британия достастығының 36 мемлекеті,
Солтүстік Ирландия, Жаңа Зеландия, Шотландия, Канада (Квебектен басқасы).
Англия ірі отарлаушы мемлекет болғаны белгілі, сондықтан өз отарларында
ағылшын құқығын күштеп енгізген болатын.
2-топқа жататын АҚШ құқықтық жүйесі, негізі ағылшын құқығы болғанымен
француз компаративисі, Салыстырмалы құқықтануды ғылым саласы ретінде
негізін қалаушы Р.Давид және өзбек ғалымы А.Х.Саидов қазір жеке құқықтық
жүйе деп есептейді[12].
АҚШ аумағына қоныстанған ағылшындықтар өздерімен ағылшын құқығын алып
келді. 1607 жылы алғашқы отарлар пайда болса, ағылшын құқығы жергілікті
әдет-ғұрып нормаларын ығыстырып, отарлық құқықты күштеп енгізуге тырысты.
Дегенмен Англия мен отарлар арасында байланыстың болмауы заңгерлерді қажет
етпеді. Көптеген колонияларда, мысалы, Массачусетс пен Пенсильваниеде
билік діни қауымның қолында болып, барлық дау-дамай діни нормалармен
реттеледі.
ХVІІІ ғасырдан бастапжағдай өзгере бастайды. Колниялар мен шетелдер,
әсірес, Анлиямен сауда-саттықтың дамуы нәтижесінде діни ақсүйектер
биліктен ажырайды. Әрі метрополия мен колонияның әлеуметтік-экономикалық
даму деңгейі бірдей емес еді. Отарлардағы қарым-қатынастарды реттеу, сот
бмилігінің орталықтандырылмауы жүйеленген заңнаманы қажет етті. Заң,
заңгерлерге деген қажеттілік туындады, Лондонға арнайы адамдар жіберіліп,
арнайы мектептерде оқытылады.
Отарлық құқық күшттеушілеркүштеушілер құқығы болғандықтан тәуелсіздік
алғаннан кейін АҚШ алдында ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мәселесі
көтеріледі. Ағылшын құқығы сырттан келушілердің құқығы болғандықтан
Испания, Францияның отары болған штаттардың заңнамасы сол елдердің
заңнамасын үлгі етіп алады.
Нәтижесінде АҚШ-тың құқықтық жүйесі жалпы құқық мен роман-герман
құқығына негізделіп қалыптасады. АҚШ-та құқық кодификацияланған. ХVІІІ-ХІХ
ғасырларда жекелеген штаттар салалық кодекстер қабылдайды. Кейінірек
федерация субъектілері ғана емес, федеративтік заңнама да
кодификацияланады.
Жалпы құқықтық жүйенің ерекшеліктеріне келсек, роман-герман құқықтық
жүйесінен айырмашылықтарымен қатар ұқсастықтары да бар. Дегенмен бүгін
айырмашылықтары азайып, жетекші екі құқықтық жүйе өзара жақындасып келеді.
Екі құқықтық жүйенің ұқсастыратын өркениет ұқсастығы. Жалпы құқықты
қалыптастырған Англия мен роман-герман құқықтық жүйесі қалыптасқан
континентальдік Европада ғылым, техника мен өнердің, кейбір әлеуметтік және
саяси құқықтық теориялар мен принциптердің даму дәрежесі бірдей. Англия мен
Европа христиан дінін ұстанады, яғни діни негізі-христиандық. Орта
ғасырларда Рим шіркеуінің ықпалында болған Англия кейін ресми түрде
протестантизмді мойындады. Протестантизмді Батыс Европаның кейбір
мемлекеттері де мойындап, қазірге дейін Англия мен Батыс Европа елдерінің
аумағында протестантизм үстемдік еткенімен дін еркіндігіне кепілдік
берілген.
Жалпы құқықты жақсы түсіну үшін оның тарихын жақсы білу керек. Ал
жалпы құқықтың тарихы ағылшын құқығының тарихы. Англияның құқықтық жүйесі
жалпы құқық деп аталады. Сөйте тұра жалпы құқық деген терминді ағылшын
құқығы немесе британ құқығы деп қарауға болмайды. Ағылшын құқығы Англия
мен корона мұрасы-Уэльсте ғана әрекет етеді. Соған қарамастан ағылшын
құқығы жалпы құқықтық жүйенің негізгі ядросы, фундаменті[13]. Жалпы құқық
ХІІІғ. дейін Ұлыбританияда дамыды, сондықтан да ағылшын құқығы жалпы
құқықтың моделі болып табылады.
Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының негізгі қайнар көзі заңды
күшіне енген заң болса, жалпы құқықтың негізгі қайнар көзі-судьялар
қалыптастырған және сот процесінде көрініс тапқан нормалар. Ағылшын құқығы
рим құқығы сияқты қорғау бар жерде ғана құқық бар деген принциппен
қалыптасқан. Сондықтан ағылшын жалпы құқығы (Common Law) әділет құқығының
қағидаларымен толықтырылып жетілдірілген, соттар қалыптастырған құқық.
Статуттық құқықпен қатар өмір сүріп келе жатқанына қарамастан бүгін
статуттық құқықтың белсенділігі арта түскендігін байқауға болады.
2.2 Жалпы құқықтың қалыптасу кезеңдері
Жалпы құқықтың дамуы шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді:
• жалпы құқықтың пайда болуының алғышарттарының қалыптасуы
хронологиялық жағынан 1066 жылға дейін);
• жалпы құқықтың қалыптасып орнығу кезеңі (1066 жылдан 1485ж.
дейін);
• жалпы құқықтың дәуірлеу кезеңі (1485-1832жж. аралығы);
• жалпы құқықтың статуттық құқықпен қатар өмір сүруі; жаңа
жағдайларға бейімделуі (1832 жылдан бүгінгі күнге дейін).
Ағылшын құқығының даму кезеңдеріне сәйкес, оның құрылымы:
- англо-саксондық құқық (V-ХІғғ.);
- жалпы құқық (ХІ-ХVғғ.);
- әділет құқығы –жалпы құқықты толықтырып, реттеп отырды (ХV-
ХІХғ І жартысы);
- статуттық құқық-Парламент қабылдаған жазбаша актілер.
Англо-саксондық құқықтың ерекшелігі-құқықтың қайнар көзі-варвар
тайпаларының әдет-ғұрпы, корольдің актілері. Яғни жергілікті құқықтың
үстемдігі, барлығына ортақ заңнама болған жоқ. 4 ғасыр бойы Римнің үстемдік
еткеніне қарамастан рим құқығы Англияда құқықтың негізі бола алмады. Сөйте
тұра Рим мәдениеті ағылшын мәдениетінің дамуына әсер етпей қойған жоқ.
Римдік тер жергілікті халықпен араласып, сіңісіп кетпеген. Ал рим
құқығы жаулап алушының құқығы болғандықтан метрополия билігінің атрибуты
ретінде қабылданған.
Vғ. басында рим легиондарының Англиядан кетуіне байланысты рим құқығы
қолданыстан шығады. Өйткені рим құқығы жаулап алушылар құқығы еді.
Англо-саксондық құқықтың аз зерттелгеніне қарамастан герман
тайпаларының құқығы арқылы рим құқықтық мәдениеті англо-саксондық құқықтың
қалыптасуына әсер етті.
VІғ. соңында (696ж.) Англия христиан дінін қабылдауына байланысты
король билігі әділсот пен әділеттің жоғары қайнар көзі болғандықтан шіркеу
актілері мен сот шешімдерінің маңызы арта түседі. Заң актілері латын
тілінде емес, англ-сакс тілінді жазылып қабылданады. Алғаш қабылданған
жазбаша актілер-Этельберт заңдары (600ж.), Инэ заңдары (VІІғ.),
орталықтандырылған мемлекеттің алғашқы құқықтық ескерткіші-Альфред заңдары,
ХІғ. король Кнуттың заңдары жергілікті заңдар болып табылады.
Аталған заңдарда қоғамның әлеуметтік жіктелу, қоғамның феодалдану,
мемлекеттің қалыптасу, христиан дінінің әсері өз көрінісін тапты. Рим
шіркеуінің ықпалында болған Англия кейін ресми түрде протестантизмді
молйындайды.
ХІғ. құрылған англо-саксондық мемлекет-Англияға жеті корольдік
бірігеді. Ол корольдіктердің әдет-ғұрпы мен заңдары жинақталады. Король
актілері олардан жоғары тұрады. Король сарайы елді басқару орталығына
айналып, король жақындары мемлекеттегі жоғары лауазымдарға ие болады.
Мемлекетті орталықтандырдың алғышарттары пайда болып, бүкіл мемлекет
аумағына тарайтын құқықты қалыптастыру қажеттілігі туындады. Бірақ деректер
норманндар жаулап алғанға дейін елде ортақ заңнама болмағандығын
хабарлайды.
2-кезең-ағылшын құқығының қалыптасу кезеңі-Англияны норманндар жаулап
алғаннан кейінгі дәуір. Король Вильгельм І өзін жаулап алушы ретінде емес,
англсакстардың заңды мұрагері деп жариялап, бүкіл жерге иелік етеді.
Мұрагер ретінде англсакстық құқықты сақтап қалуға күш салады, Бүкіл жердің
иесі ретінде жерді бөліп беру құқығына ие болады. Үлестік жер алғандар
корольге адал болуға ант беріп, пайдалануға жер алғаны үшін корольге қызмет
етуге немесе алым-салық төлеуге міндеттенеді.
ХІІІғ. бастап Англияда феод (fee-меншікке абсолюттік құқық) деген ұғым
пайда болады. Феод-жер учаскесін пайдалану құқығы ұрпақтан-ұрпаққа
мұрагерлік жолмен көшіп отырады. Қазір де Англия да жер коронаның меншігі
болып табылады, сондықтан жерді пайдалану құқығы шектеулі.
Вильгельм І кезінде-ақ салық жинау жақсы жолға қойылған болатын.
Вассалдардың төлеген салық мөлшерін арнайы орган-король куриясы мұқият
тексеріп отырады. Ол органның құрамына король және оның көмекшілері енеді.
Король куриясы Генрих І (1110-1135жж.) тұсында жоғары казначействоға
айналады. Бірте-бірте король куриясы бақылаушы орган ғана емес, салық
жинауға байланысты құқықтық мәселелерді шешетін сот органына айналады.
Орталық король әкімдігі азаматтық-құқықтық істермен қатар қылмыстық істерді
де қарауына алады. Ауыр қылмыстарды қарау король сотының юрисдикциясына
көшеді.
Король соты Лондонда қоныс тепті. Жеке тұлғалар король сотына бірден
талап арыздарын бере алмайды. Ол үшін алдымен лорд-канцлерден рұқсат алуы
қажет болады. Лорд-канцлер азаматтың талап арызын король сотына беру туралы
бұйрық шығарады. Ондай бұйрықты кез келген азамат ала алмады, өйткені ол
үшін төлемақы төлеу қажет еді. Мұның өзі король сотының беделін көтереді.
Ірі жер иелері өздері үшін король сотына жүгінуді жоғары мәртебе деп
санады. Шағым, арыз берушілердің көбеюіне байланысты король сотының
қарауына істі беру туралы бұйрықтар көптеп шығарылады. Король сотының
құзыреті кеңейіп, соттық функциясы нығаяды. Король билігін нығайтып, король
соты жалпы юрисдикциялы сотқа айналып, графтықтар соттар, феодалдық соттар
мен шіркеу соттарының құзыреті шектеледі. Қаржы, жерге жеке меншік, ауыр
қылмыстық істерді тек король соты қарайды.
Король соттарының шешімдері арнаулы кітаптарға тіркеліп, төменгі соттар
үлгі ретінде қолдануға міндеттеледі.
Король соты (ХІ-ХІІІғғ.) өз шешімдерін ұқсас істерді қарауда үлгі
ретінде қолданады. Сөйтіп сот прецеденті қалыптасады. Басқа соттар (графтық
соттар, шіркеу соты) үшін міндетті түрде король сотының шешімін үлгі
ретінде қолдануға міндеттеледі. Заңға сілтеме жасағандай судьялар бұрынғы
шығарылған шешімдерге сілтеме жасайды. Сөйтіп Англияда сот прецеденті
қалыптасады.
Сонымен, жалпы құқық – Вестминстерлік соттар жасаған сот практикасы.
Англияда сот практикасы құқық нормаларын қолданып қана қоймайды, құқықтық
нормалар жасаумен шұғылданады. Өйткені король соттарыы іс қараған кезде
жергілікті әдет-ғұрып нормаларын негізге алып, Вестминстерге оралған соң
әдет-ғұрып нормаларын салыстыра отырып, тәуір деген нормамен шешім
шығарған.
ХІV-ХVғғ. король сотының қарауында істердің көбеюі, капиталистік
қатынастарды реттеуде лорд-канцлердің ролі арта түседі.
Континенталдық Европаға қарағанда король билігі күшті болады. Франция
мен Германияда феодалдар жеке дара билікке ие болып, үстемдіктерін заңмен
бекіткен болатын. Жерге байланысты даулар ХІІғ. дейін жергілікті әділсоттың
қарауына жатқызылса, енді король сотының қарауына көшеді. Король сотының
отырысы Вестминстерде өтеді. Бірте-бірте корольдің көшпелі соттары пайда
болады.
3-кезеңде король сотының қарауына істің көбеюіне байланысты ісі король
сотында қаралу үшін канцлердің өкімі қажет болады. Лорд-канцлер істі қарап,
белгілі формуладағы сөздерді жазып беріп, король сотының қарауына
жіберіледі. Рим құқығының әсері болмағанымен канцлер претор сияқты даулы
істерді сот қарауына дайындап отырды.
Лорд-канцлер әділдікке сүйене отырып, норма шығарады. Әділет құқығы
жалпы құқыққа қарама-қайшы болып, екі сот арасында қақтығыстар пайда
болады.
Ағылшын құқығының шешуші кезеңі - ІV кезең - құқықтық шығармашылық
кезеңі. Англияның мемлекеттік механизмі мен құқықтық жүйесінің
трансформацияға ұшыраған кезі. Сот және құқықтық реформалар жүргізіледі.
Нәтижесінде соттардың құқығы теңестіріледі. Соттар әділет құқығымен қатар
жалпы құқық нормаларын бірдей дәрежеде қолданады.
Дегенмен, 1832ж. сайлау реформасынан кейін Парламенттің заң шығару
функциясы күшейе түседі. Капитализмнің даму барысында қалыптасып келе
жатқан қарым-қатынастарды реттеуде прецеденттік құқықтан гөрі статуттық
құқық икемді болып шығады. Статуттық құқық дегеніміз-Парламент қабылдаған
жазбаша актілер.
Жалпы құқықпен қатар заң қоғамда үстемдікке ие бола бастайды. Король
ассиздері-заңның ролі өте зор болды. Құқықтың дамуына парламент актілері
үлкен әсерін тигізді. Судьялардың құқықтық шығармашылығы шектеліп, король
мен парламенттің келісімінсіз құқыққа өзгеріс енгізуге тыйым салынады.
Судьяларға заңға түсініктеме беру құқығы берілген.
Статуттық құқық король соттары үшін міндетті болып табылады. Жалпы
құқыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырды. Сөйте тұра статутық
құқық жалпы құқықты өмірге бейімдей алмады. Сондықтан ХІV ғасырда жалпы
құқықпен қатар әділет құқығы қолданылады. Әділет құқығы жалпы құқықты
толықтырып, реттеп отырды.
1866ж. белгілі заңгер Стифеннің бастамасымен Парламенттің кодификация
комиссиясы құрылады. Бұл бағытта жүргізілген алғашқы қадам Стифен
дайындаған Қылмыстық кодекстің жобасы болып табылады. Кодификациялау ісі
орта жолда тоқтап қалады, өйткені практик адвокаттар мен судьялар
кодификацияға қарсы шығады. Кодекстер орнына кодификация элементтері бар
біріккен статуттар пайда болады. Кодекстерден айырмашылығы жаңа нормалар
емес, мысалы (1811ж.) Жалған айғақ беру туралы акт, (1813ж.) Жалған
құжат жасау туралы акт.
Парламент статуттары ресми басылып отырады. 1810-22жж. аралығында
Парламенттің ХІІІ ғасыр мен 1711ж. аралықтарындағы статуттары 9 том болып
жарияланған. 1870-78жж. жаңа ресми басылым Қайта қаралған статуттар
жинағы жарық көреді. Бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасып, Парламент актілері
жыл сайын жүйеленіп, жарияланып тұрады.
Жалпы құқық ХV-ХVІ ғасырларда жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік
қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Сонымен, жалпы құқықтық жүйеге тән ерекшеліктер:
- жалпы құқықты қалыптастырған практик-заңгерлер;
- жалпы құқық нормаларын қалыптастырған нақты мәселелерді шешуге
тырысқан король соттары болғандықтан болашақты болып қалуы мүмкін
жағдайларды ескермейді. Сондықтан да бұл топқа жататын елдердің құқығы
кодификацияланбаған;
- ағылшын-америка құқықтық жүйесінде сот прецеденті гүлденіп, даму
үстінде. Соған қарамастан қазір кезеңде құқықтың қайнар көзі ретінде
заңнаманың ролі арта түсуде;
- жалпы құқықтық жүйеге жататын барлық мемлекеттерде присяжный соты
институты жақсы дамыған деуге болады. Аталған институттың АҚШ, Англия
құқығына тигізген әсері күшті.
.
Сонымен, жалпы құқықтық жүйенің өзіне тән төмендегідей ерекшеліктері
бар:
- жария құқық пен жеке құқық арасында үлкен айырмашылықтар жоқ;
- сот прецеденті кеңінен қолжданылады және оның құқықтың басты қайнар
көзі ретінде қолданылуы;
- судяьлар құқықтық шығармашылықпен айналысады;
- құқықтық жүйе жалпы құқық және әділет құқығы болып бөлінеді;
- заңнама кодификацияланбаған.
Заң сот практикасының әсерімен қалыптасады. Заң техникасының стилі де
казуистика. Парламент қабылдаған акт сот қолданып, тәжірибеден өткізіп,
түсініктеме бергеннен кейін ғана заң болып танылады. Прецедент пен заңның
ара қатынасы тепе-тең. Заң прецеденттің күшін жоя алады. Парламент актісіне
сот түсініктемесі қажет.
Роман-герман құқықтық жүйесінен ерекшелігі-үкімет заңдарды орындау үшін
акт қабылдмайды. Ондай қажеттілік туындайтын болса, Парламент ондай
өкілеттілікті делегациялайды.
ІІІ ТАРАУ
СОЦИАЛИСТІК ҚҰҚЫҚ
Социалистік құқықтың тарихы өте қысқа. Бастауын 1917 жылдың қазан
айынан алады. Россия және одан кейін пайда болған басқа да социалистік
мемлекеттер құқығының шығу, дамуына себеп болған ортақ идеология- маркстік-
лениндік теория.
Социалистік құқық дегеніміз-заңнамада марксизм-ленинизмнің идеологиялық
негізіндерінің қорғалуы. Бүгін социалистік құқық аясында қалып отырған
мемлекеттер-Куба, Корей Халық Демократиялық Республикасы және социализмді
қайта құрған-Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы
және Ливан Халық Демократиялық Республикасы. Және де күн тәртібінде тұрған
мәселе-социалистік құқық өмір сүріп отыр ма? Егер өмір сүріп отырса, қай
құқықтық жүйеге жатқызу керек? Әлде мүлдем социалистік құқықтың болғанын
және қазірде кей елдерде қолданыста екендігін жоққа шығару қажет пе? Соған
қарамастан социалистік құқық өмір сүрді, оны жоққа шығара алмаймыз. Орыс
заңгері В.В.Оксамытный социалистік құқықты қазіргі замандағы мемлекеттердің
құқықтық жүйесі типологиясында сақтауды дұрыс деп санайды[14].
Отандық зерттеушілер, заң ғылымдарының докторлары, профессорлар
Т.Ағдарбеков пен марқұм Сәкен Өзбекұлының еңбектерінде социалистік құқық
қазіргі замандағы құқықтық жүйелер тобына енгізілмеген[15].
Социалистік даму жолына түскен мемлекеттер Кеңестік құқық жүйесін
негізге алады. Сондықтан ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін
социалистік елдер құқығының тарихы Кеңес одағының құқығының тарихы болып
табылады.
Кеңес құқығының дамуы үш сатыдан тұрады:
1. Қазан төңкерісінен 1936 жылға дейін – социализм құру.
2. 1936 жылдан 1977 жылғы Конституция қабылданғанға дейінгі аралық –
социалистік мемлекеттің дамуы.
3. 1977-1991 жылдар аралығы –кемелденген социализм дәуірі. КСРО құлап,
социалистік құқықтың құлдырау кезеңі.
Бірінші кезеңнің өзі іштей бөлінеді: а) әскери коммунизм 1917-21жж.);
ә) жаңа экономикалық саясат (1921-28жж.); б) бесжылдықтар, ұжымдастыру
(1928-36жж.).
Әскери коммунизм дәуірінде КСРО-да қабылданған алғашқы Конституция-
РСФСР-дің 1918ж. Конституциясы. Ол Конституцияда мемлекет деген сөз жоқ.
Россия халықтарының құқығы туралы Декларация мен Еңбекші және езілуші
халықтардың құқығы туралы декларацияда өзінің мемлекеттік құрылысын өзі
шешу құқығы бекітіледі. Шіркеу мемлекеттен бөлініп, жер, баорлық өндіріс
орындары, банктер мемлекет қарамағына көшіп, саудаға тыйым салынады.
Бұрынғы сот жүйесі таратылады.
Әскери коммунизм кезінде қабылданған құжаттар, жүргізілген жұмыстар
өткенді бірден жойып, социализмді аттап өтіп, коммунизмге өту болған
сияқты. Олай болуы мүмкін емес екеніне көз жеткен коммунистер азамат соығыс
аяқталғаннан кейін елдің шаруашылығын қалпына келтіріп, социализм құруға
кіріседі.
Шаруашылықты қалпына келтіру - 1921-28жж.- жаңа экономикалық саясат деп
аталады. Бұл кезеңде құқық саласында көпртеген жұмыстар жүргізіледі.
Азаматтық және азаматтық іс жүргізу, Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу,
Жер туралы кодекс, Отбасы-неке кодекстеғрі қабылданады. Сот жүйесі қайта
құрылады. Прокуратура басқару органдары мен азаматтардың заңдылықты қатаң
сақтауын қадағалайтын орган болып құрылады. Мемлекеттік мекемелерді
басқаратын бір адам-директор, олар шаруашылық есепке көшіріледі.
Коммунистік партияның бағдарламасы индустрияландыру және ауыл шарушылығын
көтеру болып табылады. Кулактарды жою жұмыстары қолға алынады. Кулактардың
қолында жердің 93 пайызы болған, жер тартып алынып, шаруа қожалықтары
құрылады.
Ұжымдастыру маркстік доктрина негізінде жүргізіледі. Меншіктің екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz