Неке және отбасы құқықтарының негізі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
1тарау
1. Қазақтардың неке және отбасы құқықтарының қалыптасу кезеңдері . . . 6-21
2. Неке және отбасы құқықтарының қайнар көздері . . . 22-38
2. тарау
1Қазақтардың неке құру түрлері . . . 39-48
2 Неке және отбасы құқықтарының негізі институттары . . . 49-68
Қорытынды . . . 69-70
Әдебиеттер . . . 71-72
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік жүйеде қазақ хақының да басқа халықтар секілді алар орыны ерекше. Өйткені, , , Қазақ,, деген этноним соңғы ғасырларда қалыптасқанымен ( бізді ғасырларда орыстар, , киргиз-қайсақ,, немесе, , киргиз,, деп атаған), қазақтардың тарихы үш жарым мыңжылдық дәуірлерге барып тіреледі. Оның үстіне қазақтардың басқа халықтарды былай қойғанда, өз туыстары - түркі тектес халықтардың өзгешеленетін әрі ежелден келе жатқан әдемі дәстүр - салттары бар. Бұл дәстүр - салттарды, қағида - ережелерді мықты қоғамдық құрылысы болмаса, ата - бабаларымыз ұрпақтан - ұрпаққа сақтап қалуы екі талай екені даусыз. Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейкесті сұрақтары - ұлттық үндестігіміздің мән - мағынасы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда, , мен,, дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтауға болады ? - деген келелі сұрақтарды Елбасшымыз тектен - текке қойып отырған жоқ . Оның үстіне, , Қазақтар - ұлы өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан - сапалық құз - қияларынан өзінің ұлттық, , мен,, дегізерлік қасиеттерін алып шыға алады . Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді,, - деп, өткен дәуірлерден келе жатқан жақсы қасиеттерімізді де естен шығармауды ұсынып отыр. Президентіміздің айтып отырған басты қасиеті, қазақтар ұзақ жылдар бойы не діни, не этникалық біртектестігінен айнымағаны. Мұның негізін біз тереңнен іздегеніміз мақұл .
Кез-келген қоғамның негізі - отбасы . Біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс - тіршілігінде отбасы ең маңызды тіршілік буыны саналып, оны мықты ұстауға өмірдің өзі мәжбүрлегендей аламыз.
Адамзаттың жаратылысының басты мақсаты - адамзат ұрпағының үздіксіз жалғасуының, болашақ ұрпақ болуының қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыру. Ол қарама - қарсы жыныстағы адамдардың жұптасып, некелесіп отау құруымен қамтамасыз етіледі . Екеуі некелесіп құрған шаңырағын отау, отбасы дейді. Ата-бабаларымыз бұл екеуін жарты деп ұтып, екі жарты қосылып, бір бүтін болды дейді. Сол үшін бүтінге айналған бұл екі зат, әманда бірге болып, ыстық пен суықты, жақсылық пен қиындықты бірге бөліседі. Адам деген атқа ие болғаннан соң, адамгершілік қасиеттерін сақтап, ұрпақтарын да пәктікке тәрбиелейді. Будда діні де, ислам діні де некесіз жыныстық қатнасқа тиым салады. Өйткені, жұптасу, некелесу - адалдық, тазалықтың көрінісі. Ал, некесіз жыныстық қатнасқа түсу жабайылық, дінсіздік, тазалықты бұзу болып табылып, жезөкшелікке, зинақорлыққа, бұзылғандыққа жетелейді.
Отбасы мықты болмаса, қоғам берік болмйтынын терең ұғынған ата-бабаларымыз отбасын әлсіретіп күйретпейтіндей қағида-ережелерді қалыптастырып, оны көздің қарашығындай сақтаған. Негізгі отбасы институттары (қалыңмал, жасау, әмк\еңгерлік, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау, мұрагерлік, енші беру, жетімдерді жат жұртқа бермеу, рулық қабырстандарының болуы, т. б) тым ертеден-ақ қалыптасып, әр дәуірде сомдалып, ширатыла түскен . Әрине, бұл отбасы заңдары қатаң қорғалғандықтан отбасы күйреуі, ажырасу секілді кінәраттар өте сирек кездескен. Өйткені орай, ата-баьаларымыздың отбасы және некеге қатысты қағида-ережелерін егжей-тегжей зерттеу әлі күнге мықтап қолға алынбай отыр. Сонымен нәтижесінде қазіргі кезде отбасы мен неке заңдары солғын тартып, отбасылар жиі күйреуде. Қаракөз қыздарымыз жатжұрттықтарға тұрмысқа шығуда. Қазақ халқының демографиялық өсіп-өнуі мәз емес, бұл ата-баба заңдары тұрмыс-тіршілігімізді нығайтып, жақсартуда да алар орны ерекше. Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы біраз жылдар өтті. Қазақстан мемлекетінің мығым болу-болмауы осы-неке мен отбасы құқықтарының реттелуіне байланысты. Кешегі кеңес өкіметі бұрыннан мызғымай келе жатқан неке және отбасы заңдарымыздың тамырына балта шауып, іріткі салғаны әмбкгк аян. Сол себепті де, бұл тақырыптың маңыздылығы өте үлкен. Бұл мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарап, еш уақытта да маңызын төмендетуге әсте болмайды.
1. Тарау
1. ҚАЗАҚТАРДЫҢ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазіргі Қазақ халқы атанған жұрттың тарихы сағымданып, үш жарым мың жылдық дәуірлерге сіңіп кетеді. Ол кезде балаларымыз қандай атақ-даңқымен белгілі бола білгені әзірге беймәлім, тек қытайдың ұлы қоғанынан Еуропадағы Балқан тауына дейінгі, Евразия аталған, ұлан-асыр кең даланы мекендеп, көшіп қонғаны талассыз.
Археологтарымыз бен тарихшы ғалымдарымыз, осынау кең далада көшіп-қонған тайпалардың тұрмыс - тіршілігін анықтау жолында аянбай тер төгіп, жер қыртыстарына байыппен зерттеу жүргізуде . Әлбетте, қыруар еңбек пен төзілімдікті талап ететін бұл жұмыс, ұзақ жылдарға созылары белгілі . Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаны бұл жұмыстың маңыздылығы арта түсері анық . Әрине, егеменді ел болған соң, өткеніне үңіліп, қажеттілерін қоғам кәдісіне жарату өркениеттіліктің көрінісі болмақ . Бұл орайда тек тарихшыларымыз ғана емес, заңгерлеріміз де, тілшілеріміз де, психологтарымыз да, философтарымыз да, жалпылай айтқанда, ізгілік пәндері комплексті түрде ат салысып, бірге жұмылып, өз тарихымызды жолға қойғанымызға не жетсін .
Осы ретте, халқымыздың әдет-ғұрып заңдарын егжей-тегжей зерттеу, қазақ халқының болмысын танып-білуде алар орны ерекше .
Қашан да болмасын қоғамның кейпін анықтауда отбасы мен неке құқықтық нормаларының берері көп . Өйткені, қандай қоғам болмасын, оның ең кішкентай бөлшегі - отбасынан құралады . Отбасы мықты болмай, қоғам оңалмайды.
Бүкіл дүние жүзі халықтары секілді қазақ халқының да өзіне тән отбасылық тарихы бар . Әзірге қалыптасқан пікір бойынша, алғашқы қауымдық құрылыстағы ең алғашқы отбасы түрі-топты некеге негізделген . Былайша айтқанда адамзат баласы жақын туыс, бауырлас бола тұра, некелескен . Ислам тарихында да бұл жайт айқын айтылады . Адам ата мен һауа анадан туылған Әбіл мен Қабыл, бауырлас қарындастарына таласып, өлтіргені сөз болады . Сөйтіп: Алғашқы заманда, қарындастары ағасының әйелі болған, мұның өзі әдепсіздікке жатпайтын еді» - деген К. Маркстің сөзінің жаны бар. Мұндай жайттен біздің бабаларымыз да қалыс қалмаған сықылды . Сондықтан да, кейіннен жеті атаға дейін жақын туыстарға өзара үйленуге тыйым салынған. Сөйтіп, бабаларымыз тағылық, топтық некеден біртіндеп арылып, жұпты неке дүниеге келсе керек . Өндіргіш күндердің дамып, еңбек бөлісінің пайда болу нәтижесінде ортақ меншік орнына жеке меншік келіп шықты . Бұл моногаммалық отбасына жол ашып берді.
Қалай десек те, біздің бабаларымыз үлкен патриархаттық отбасынан ада болмаған . Үлкен патриархаттық отбасы көне дәуірлерден басталып, тіпті кейінгі замандарға дейінгі созылған. Үлкен патриархаттық отбасының көптеген сипаттары ұзақ сақталған . Бұл жайлы өзара керағар пікірлер де болғанымен, біздің дәуірдің зерттеушілері үлкен патриархаттық отбасы жайлы келелі пікірлер айтады . Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесінде үлкен патриархаттық отбасы орнына шағын отбасы келіп шықты . Ал, В. Батраков, П. Погорельский секілді ғалымдар: - үлкен патриархаттық отбасы тек егіншілікпен айналысқан отырықшы еддерге ғана тән, экономикалық тұрғыдан қарағанда көшпелілер үшін оның қажеті жоқ, сондықтан қазақ, қырғыз сияқты халықтар өз дамуына үлкен патриархаттық отбасына соқпай, рулық құрылыстан шағын отбасына бірден өтті, - деген пікірлері талас тудырары хақ . Рас, көшпелілер шағын отбасына « енші беру» дәстүрі енуі нәтижесінде бет бұрған . Енші беру дәстүрі аңыз әңгімелерге қарағанда Алаша ханға тиісті . Алаша хан Ғ. Мұсабаев секілді қазақ ғалымдарының пікірінше мұнан 2500 жыл алдын өткен . Сол Алаша хан ұлдарына енші беріп, бір үлесін келген қонақтар үшін қалдырған көрінеді. Сондықтан да қонақтың ішер асы, жататын төсегі, көлігіне жем тегін болған. Бертінге дейін келген қонаққа тиесілі сыбағасы берілмесе, кез-келген қонақ биге шағымданса, үй иесі айып төлеген. Әліге дейін қазақтарда қонаққа деген пейілдері тарылмағанын айта кеткеніміз орынды.
Дегенмен, шағын отбасы пайда болғанымен, «қара шаңырақ» үлкен патриархаттық отбасы сипаттарын сақтап, құқықтарына ие болған.
Бірте-бірте үлкен патриархаттық отбасының ыдырауына көптеген себеп-салдарлардың әскрі болған. Ең алдымен, қоғамдағы таптық жіктелудің күшеюі, патриархаттық-феодалдық тәртіптің әлсіреуі болса керек. Феодалдық қарым-қатынас өз дегенін істегенімен қазақ қауымы рулық-патриархаттық құрылысты жан-тәнімен сақтауға тырысты. Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыспен күнелткен бабаларымыздың үлкен патриархаттық отбасын ұстап тұруына мал мен мүлік теңсіздігі, қалыңмал төлеу, эгзогамиялық табу ( яғни, 7 атаға дейін қыз алыспау ) әсерінен, келіндер арасында туыстық нышандар болмауы қатты кедергі жасады . Мұны тежеу жолында «көп әйел алу» дәстүрі де әлсіздік етті. Әр әйелден туған бала, керісінше сол үлкен патриархаттық отбасының күйреуіне жол ашты. Сол үшін де халық : «Екі қатынның баласы екі ру ел», - деп текке айтпаған. Міне, осыдан келіп, сыйыспаған ұлдарына енші бөліп беру дәстүрі амалсыз пайда болғаны хақ.
Үлкен патриархаттық отбасында әке құқығы шексіз болды «Әкелі ұлкүл» дегендей, үлкен патриархаттық отбасы ыдыраған кезде де қара шаңырақ иесі әкенің, ықпалы өте күшті болды. Бөлек отырған ұлдары мен немерелері үшін әке үкімін заң санап, оны екі етуге жол берілмеген . «Үкен үй» мәніне ие қара шаңыраққа алдымен келіп сәлем беретін, арнайы көмек көрсетіп, сыбағаларын әкелетін. Сөйтіп, қара шаңырақты қадірлеу, үй қожасы қайтыс болғанда да жалғасып, қайта аруақты қастерлеу дәстүрі күшейе түскен. Әр балаға үлес бөлгенде, қара щаңырақ үшін екі үлес қалдырылған. Оның бірі-кенже бала үшін, екінші - қара шаңырақ - үлкен үй үшін берілетін. Қашанда, қара шаңырақты бәйбішеден туылған кенже бала басатын. Әлі күнге дейін бұл дәстүр күшін жоя қойған жоқ. Қазақтарда үйленген ұлы мен немересі бірге тұра беру, әрине, үлкен патриархаттық отбасының бір көрінісі. Қайта мұндай отбасының ауыз - бірлігі мықты, бір қазаннан дәм жеген жандар өзара мейрімді болып өседі, тәртіптері де жақсы болады. Ежелден-ақ бабаларымыз « үлкенге құрмет, кішіге ізнт» көрсету қағидасын берік ұстанып, үлкен патриархаттық отбасының қожасы әкеге (ата) көп құқықтар берген. Ол көш-қонды реттеуден бастап, отбасына қатысты барлық мәселелерді шешкен.
Қазақтар үлкен патриархаттық отбасының сиппаттарын мығым ұстанғаннан жоғарыда ескертіп өткенбіз. Өйткені, ежелден көшпелі, мал шаруашылығымен айналысқан ата - бабаларымыз бірнеше үйелмелі ұрпақтардан құралып, бірге еңбек етпесе, туысқандық қарым - қатынастарды жеті атаға дейін сақтамаса, онда табиғат дүлейін былай қойғанда, ішкі қақтығыстар мен тартыстардың өзінен қатты күйзелген болар еді . Бұған сыртқы жауларды қосыңыз . Сондықтан жеті ата ғана еиес, бүкіл руластарының ауызбірлігіне нұқсан түссе, қағида - ережелерін сақтап, тәртіпті өз дәрежесінде ұстап тұра алмас еді . Сондықтан да, бірлік бастауын « ата балалары» құраған . Ата баласын жасы үлкен, ақыл мен парасатқа бай, көпті көрген көне ақсақал басқарған . Бір атадан тарап, енші алып өз алдына жеке отау құрған ұлдары мен немерелері қандай шаруа болса да сол ақсақалмен ақылдасып, шешкен . Өз алдына жеке ауыл болып, түтін түтеткеніне қарамай бір жерге жиналып, өлі - тіріге қатысты нәрселерді ақылдасып жүзеге асырған . Бәрі де бір атадан өрбігендігін естен шығармай, бір - біріне жәрдем беріп, өзара көмегін аямаған . Туысқандықты ұмытпау зиялылықтың, көргенділіктің белгісі, ауызбірліктің дәлелі . Үлкен патриархаттық отбасындағы әкеден кейіегі орында ана тұрған . Сондықтан болса керек, әдет - ғұрып заң ережелерінде әйел құқығына ерекше көңіл бөлінген . Өйткені, әйел отбасының ұйытқысы, босағаның алтын діңгегі, ұрпақ жалғастыру көзі .
Қазақ халқы ұлына да, қазыны да бірдей қарап, оларды ешқашан алалмаған . Олардың арасындағы туыстық сезімге ерекше көңіл бөлген. Қыздардың ұрпағы - жиен иен нағащылар қарым - қатынасы тіпті ерекше. Міне, осыларды реттеп, жөнге салуда әйелдердің атқарар рөлі тіпті ересен . Қазақ : « Абысын тату болса ас көп », - деп текке айтпаған. Қашанда бір елмен екінші елдің арасындағы құда - жекжаттық қарым - қатынас қыз алып, қыз беруден баствлады . « Күйеу жүз жылдық, құда
мың жылдық », - деп екі ел туыстасып, жақындасып кетеді. Нәтижесінде, қуаныш - қайғыларын бірге бөлісіп, « қарға тамырлы қазаққа » айналады .
Қазақтар « ұлын ұяға, қызын қияға » деген мағыналы ұғымға үлкен мән береді . « Он бесте отау иесі » деген қағиданы бетке тұьып, өздері жақсы білетін, аралас-құралас жүрген текті де көргенді жерге құда түсіп, ұлдарын үйлендірген, қыздарын ұзатқан .
Қазақтар құдалықты қыз бен жігіттің қосылуы деп емес, екі отбасының, қала берді екі рудың туыстасуы деп ұққан . Қазақтар ажырасу үшін үйленбеген .
Әрине, отбасылық құқық нормалары құда-жекжат, нағашы-туыс - бауыр принциптеріне орай құрылып, ең алдымен тектес өмір заңдарының шындалуына, біртұтас, біркелкі моральдік-этникалық нормалардың қалыптасуына жағдай жасады . Әрине, бұл ұзақ мерзімді алды . Томаға-тұйық, оқта-текте болмаса, жат жұттықтармен етене араласпаған ата-бабаларымыз, тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімі аумақтағы өздерінің мәдениетін жасау жолында үш жүзге тым әріден-ақ бөлінген .
Бұл жайлы Тарақты Ақселеу Қазақтың үш жүздік құралымы байырғы Тәңірлік наным-сенімнен бастау алып, кейін клакссикалық көшпелі өмір салт бел алған кезде, сол көшпелілер қоғамының табиғи-географиялық,
әкімшілік-территориялық және шаруашылық-мәдени крекшеліктеріне орай қалыптасқан құрылым деп білуіміз керек », - деген сөздерінің жаны бар.
Міне, осылайша ақылмен үшке бөлінген ата- бабаларымыз өздерінің этно - мәдени тұтастығын сақтай білді. Оның үстіне бірыңғай тұрмыс- тіршілік тудырған салт- дәстүр мен әдет - ғұрып заң нормаларының қарапайым да орнықтылығының да маңызы зор болды . Сондықтан да ұлан-асыр кең даланың шетімен, бұл шетіне жылдап сапар шеккен ата-бабаларымыз жолға көлігінен басқа ештеме алмаған . Кез-келгенүй оның жатын орны, кез келген ұшырасқан адам өз туысындай бауырмал себеп салдарларын орнықтырған осы әдет-ғұрып заң нормалары . Ата-бабаларымыз өмір сүру салтына ғана емес, шаруашылықта да қағида-ережелер қалыптастырған . Малды жайып - бағудың өзін төрт маусымға текке бөлмеген. Әр маусымды үштен бөліп, қазіргі қалыптасқан жылды он екі айға бөлу ережесін ықылым замандарда-ақ қалыптастырған . Өйткені, көшпелі тұрмыс адамдарды бір-біріне арқа сүйеп өмір сүруге
Мәжбүр етті. Оны жеті атаға болуға итермеледі . Нәтижеде «қрға тамырлы қазақ» ұлан-асыр даланың кез-келген жерінен кездескен адамдармен сүйек-шатыс болып шыға келеді . Осындай жақындастықты тудырушы «адам күні адаммен» деген ережені ата-бабаларымыз анық ұстады . Жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау тереңнен ойластырылған,
текті таза сақтап қана қоймай, алысты жақындастыратын құрал, мәңді заң болған . Тіпті, (ұлдың өзін айтпағанда) қыз ұзатылғанда, түскен жеріне өз ортасының тілін, дәстүр-салтын, қағида-ережелерін, моральдық-этникалық халықтарын бірге алып барып, таратушысы болған. Бұл бір. Екіншіден, барған жерінің де заң-ережелері екі жақты байыта түскен . Бұл жай тарату емес . Үштік одақтық жүйе ата-бабаларымыздың демократиялық үлгі - моделі болған . Бұл үлгі - модельдің мақсаты да үщеу : бірлесе қорғаны, материалдық және рухани мұқтаждарын қамтамасыз ету . Осындай алғырлық пен білгірліктің туындаған заңдар ортада адамды жалғыз қалдырмайды,
берісі өз руынан, арасы нағашы - жиенінен арқа сүйер сүйеніш табарына сенім береді . Бұдан артық қандай тағлым қажет?
Отбасынан басталған моральдік-этникалық нормалар осылайша үш
жұртқа ұласып, одан әрі бүкіл қазақтың бұлжымас заңына айналған. Мұны бұзу «ата салтын аттаған», «аруаққа аса болған», «қара бет», «жетесіз» деген айдарға ие етіп, халық қарғы-сына ұшыратқан. Осындай бейәдеп, бейтәртіп иелерін етегін кесіп, елден қоғамнан қуған. Елден қуылғандарды ешкім қабылдамаған. Ең ауыр жаза осы саналған. Мұның да түп-төркіні ата-баба, өмір салтына айландырған заңдар адамдық нормаларға негізделген, оған қарсы шығу-еліне, жұртына қарсы шығу деп ұғылған. Татулықтың басы ауызбірлік екенін отбасынан сақтаған ата-бабаларымыз ұл-қыздарын еңбекке ерте жасынан баулыған. ״ Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер ״ деген қағиданы берік ұстанып, ұлын әке, қызын шеше тәрбиелеуге тырысқан. Балаларын қорқытып, ұрып - соқпаған. Оларға отбасы беріктігін көз алдарына көрсетіп, үлгі бола білген. Әрине, отбасы болу оңай емес, отбасы беріктігі, дәулеттілігі, көңіл-күйлерінің жақсы болуы-бәрі «отбасы-ошақ қасынан» басталады. Сол отбасына деген сүйіспеншілік, туысқанға деген мейрімділік, қонақ күту, т. б. -бәрі де бала тәрбиесінен тыс қаламаған, әсіресе, «қызға қырық үйден тыю» деп, қыз тәрбиесінен ерекше мән берген. «Анасын көріп қызын ал» деген қағида қыз тәрбиесіне көп мәселелер жүктеген. Өз кезегінде әйел өте нәзік, ерлердің қорғауы мен көмегімен зәірулігін де түсіне білген. «Ақ сүт берген» ана еңбегі қасиеттелген. Жауынгершілікке ерімен бірге жауға шапқан аналар, бейбітшілікке үй тұтқасын берік ұстаған. Сол себепті де ежелден аналар құқығы ерлерден кемшін болмаған. Мұндай тең құқықтар әйелдерге батыста да, шығыста да бұрын мүлдем берілмеген көзде тұтсақ, ата-бабаларымыздың әйелдер құқығын аяққа басқан дәуге арымыз қалай жетеді? Рас, ислам діни әйелдерге ата-бабаларымыздан соң ғана барып, тең құқықтар берді. Былайша айтқанда, мәнін өзгертпей, қайта екі қағида - ережелер қабысып, бірін-бірі толықтырып сомдала түсті . Оны біз өткенімізге үңіле отырып, әңгімелейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz