Құқықтың пайда болу негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Жоспары
Кіріспе . . . 3
1-тарау. Мемлекеттің пайда болуы
• 1. 1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар . . . 5
• 1. 2. Мемлекеттің пайда болуының
жалпы заңдылықтары . . . 18
• 1. 3. Мемлекеттің типтері . . . 23
М- тарау. Құқықтың пайда болу негіздері
• 2. 1. Құқықтуралы түсінікжәне оның белгілері . . . 29
• 2. 2. Құқықтың пайда болуы туралы теориялар . . . 45
• 2. 3. Құқықтың қалыптасу көздері және негізгі принциптері . . . 49
Қорытынды . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54
Кіріспе
Менің бұл дипломдық жұмысымда, «Мемлекет пен құқықтың пайда болуы» деген тақырыпты таңдап алу себебім: мемлекет пен құқықтың пайда болып, қалыптасуының себептері мен пайда болуына негіз болған факторларды оқып, тереңірек түсініп, зерделеу. Қазіргі кезде мемлекет пен құқықтың пайда болуы ғылымда қоғамның саяси ұйымы ретінде орталық орындардың бірін иеленеді. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы проблеманы дұрыс шешу адамзат қоғамында маңызды орын алады. Мемлекет пен құқық ғұмыр бойы өмір сүрген жоқ. Ол қоғамның тарихи, обьективтік дамуының өнімі.
Әдебиеттер мен оқулықтарды алып көз жіберіп қарайтын болсақ мемлекет пен құқықтың пайда болуына байланысты тақырыптарда әр автордың пікірі, көз қарастары, тұжырымдары әр қалай. Осыдан мемлекет пен құқықтың пайда болуына әсер еткен себептер мен факторлар да әр алуан, сан қилы екенін көруге болады.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы проблема тек қана ғалым, профессорларды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің ең бірінші байлығы халқы болғандықтан, кез-келген адамзат баласын осы қоғамда, мемлекетте өмір сүріп, тіршілік еткеннен кейін мемлекет пен құқықтың шығу тарихы, қалыптасуы толғандырады деп ойлаймын.
Менің де мақсатым мемлекет пен құқықтың шығу тарихымен қатар, олардың қоғамда алатын орны, маңызы және құқық қағидаларымен толық, жан-жақты оқып, танысу және осыдан тереңірек мағлұмат алу.
Қоғамда мемлекеттің дамуына байланысты құқықтың да орны мен ролінің жаңарып, жаңғырып отыруы заңды құбылыс. Бірақ құқық қоғамның қай кезеңі болса да қоғамдық тәртіпті және адамның іс-әрекетін реттеуді, негізгі міндеті ретінде ұстады. Тұлғаның құқықтық қорғалуы мемлекет пен құқық қызметінің басты мазмұнына айналды.
Еліміз тәуелсіздік алып. Ата заңымыз Конституция қабылданған күннен бастап құқық өз қызметін тиянақтылықпен жүзеге асырып келеді. Атқарылған істер де, алынған асулар да баршылық. Осыған орай қазіргі кезде қоғамда мемлекет пен құқықтың алатын орны орасан зор болуы тиіс.
І-тарау. Мемлекеттің пайда болуы • 1. 1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Адамзат дамуының белгілі бір сатысында мемлекет пайда болып қалыптасады. Мемлекет - қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекеттің дамуы:
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чиновниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында- абсолюттік монарх болды, одан төменгі- екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік- чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер- бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды.
Шығыс типті мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері: - ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру-біріктіру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға
дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай, Иран, т. б. )
2. Еуропалық елдерде- мемлекет жеке меншіктің шапшаң
күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде
экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз
қолдарына алып, өз мүдде - мақсаттарын орындайтын
мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбнесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Спарта аристократиялық республика болып қалыптасты. Мұнда
құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып,
жаңа мемлекеттік басқару аппараты құралды. Жергілікті
халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты
қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіп
орнады.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды мұнда құл
иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды,
феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін
Германия өзіне қаратып, федолдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы
типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде, Ресейде,
Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына қарамай сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізді.
2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде мақсатын орындау үшін қалыптасты. 3. Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.
Мемлекет қоғамды сол қоғам атынан басқаратын және оның интеграциялануын қамтамасыз ететін үстем таптың ерік ықтиярын білдіретін, арнайы басқару және күштеу аппараты бар бұқара көпшіліктің ерекше саяси ұйымы.
Мемлекет белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Осы заманғы мемлекет қоғамның бір қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғайтын мемлекеттің өзіндегі және одан тысқарыдағы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтың тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Осыған байланысты мемлекеттің пайда болуы көптеген әр алуан қарама қайшы пікірталастар туындайды. Лениннің "Мемлекет пен революция" деген еңбегінде мемлекет туралы былай делінген:
Есейген марксизмнің тұңғыш шығармалары, "Философия қайыршылығы" мен "Коммунистік Манифест" дәл 1848 жылғы революцияның қарсаңында жазылған. Осы жағдайлардың себебінен бұл шығармаларда, марксизмнің жалпы негіздерінің баяндауымен қатар, белгілі дәрежеде сол кездегі нақтылы революциялық ақуалдың әсері болған. Сондықтан да 1848-1851 жылдар тәжірибесінен өздері қорытынды шығарардың дәл алдында әлгі шығармалардың авторларының мемлекет туралы айтқанын қарастырып өткен дұрыс болар.
Жұмысшы табы -деп жазады Маркс "Философия қайыршылығында" даму үстінде, ескі буржуазиялық қоғамның орнына таптар мен олардың қарама-қарсылығын болғызбайтын бірлестікті қоюды: онда асылында ешқандай саяси өкімет те болмайды, өйткені саяси өкіметтің дәл өзі буржуазиялық қоғамның ішіндегі таптардың қарама-қарсылығының ресми көрінісі болып табылады.
Мемлекеттің таптар жойылған соң жоғалатындығы жөніндегі пікірдің осы жалпы баяндалуын Маркс пен Энгельс содан бірнеше ай өткен соң, атап айтқанда, 1847 жылы қараша айында жазған "Коммунистік Манифестегі" баяндалуымен салыстырып қарау сабақ боларлық нәрсе :
Жұмысшы революциясындағы алғашқы адам-пролетариатты үстем тапқа айналдыру, демократияны орнату болып табылады. Пролетариат өзінің үстемдігін буржуазиядан барлық капиталды бірте-бірте тартып алу үшін, барлық өндіріс құралдарын мемлекеттің, яғни үстем тап болып ұйымдасқан пролетариаттың қолына орталықтандыру үшін және өндіргіш күштердің жиынын мүмкіндігінше тезірек көбейту үшін пайдаланады.
Бұл жерде марксизмнің мемлекет туралы мәселедегі ең тамаша және ең маңызды идеяларының бірінің, атап айтқанда, "пролетариат диктатурасы" идеясының тұжырымы беріліп отырғанын көреміз, ал онан соң мемлекеттің өте қызғылықты анықтамасы беріліп отырғанын көреміз, бұл да марксизмнің "ұмытылған сөздерінің" қатарына қосылады. "Мемлекет, яғни үстем тап болып ұйымдасқан пролетариат 1 ".
Ресми социал-демократиялық партиялардың үстем болып жүрген насихат және үгіт әдебиетінде мемлекеттің осы анықтамасы ешқашан тек түсіндірілмей қалып қана қойып жүрген жоқ. Бұл анықтама тура ұмытылып қалған, өйткені ол анықтама "демократия бейбітшілік жолымен дамиды" деген кәдімгі оппортунистік соқыр сенімді де, мещандық жалған үмітті де бет қаратпайды.
Пролетариатқа мемлекет керек-деп барлық оппортунистер, социал-шовинистер мен каутскийшілдер қайта-қайта айтады, Маркс ілімінің өзі осылай деп нандырады; бірақ мынаны қосуды ұмытады біріншіден, Маркстің айтуынша, пролетариатқа құритын мемлекет қана, яғни дереу құри бастайтын болып, құрымай тұра алмайтын болып құрылған мемлекет қана керек. Ал, екіншіден, еңбекшілерге "мемлекет" керек, "яғни үстем тап болып ұйымдасқан пролетариат" керек.
Мемлекет-күш көрсететін ерекше ұйым, белгілі бір тапты басу үшін жұмсалатын зорлық ұйымы. Ал, пролетариатқа қандай тапты басу керек? Әрине, тек қанаушы тапты, яғни буржуазияны басу керек. Еңбекшілерге мемлекет тек қанаушылардың қарсылығын басу үшін ғана керек, ал мұны басуға басшылық ету, оны жүзеге асыру, бірден -бір ғана ақырына дейін революцияшыл таптың, буржуазияға қарсы күресте, оны әбден құлатуда барлық еңбекшілер мен қаналушыларды біріктіре алатын бірден-бір ғана таптың -пролетариаттың қолынан келеді.
Қанаушы таптарға саяси үстемдік қанауды қолдау мүддесі үшін керек, яғни халықтың адам айтқысыз көпшілігіне қарсы, ат төбеліндей ғана азшылықтың құлқын құмарлық мүдделерін қолдау үшін керек.
Қаналушы таптарға саяси үстемдік қанау атаулының барлығын толық жою үшін керек, басқаша айтқанда, осы замандағы құл иеленушілердің болмашы азшылығына қарсы, яғни помещиктер мен капиталистерге қарсы, халықтың адам айтқысыз көпшілігінің мүдделері үшін керек.
Ұсақ буржуазияшыл демократтар, тап күресін таптар келісімі туралы құрғақ қиялға ауыстырған осы бейне социалистер, социалистік өзгерісті де қиял жолымен түсінген, қанаушы таптың үстемдігін құлату түрінде түсінбей, қайта өздерінің міндетін ұғынған көпшілікке азшылықты бейбіт бағындыру түрінде түсінген. Тап тілегінен жоғары мемлекеттің болуын мойындаумен тығыз байланысқан осы буржуазиялық утопия практика жүзінде еңбекші таптардың мүддесін сатып кетуге әкеліп соқтырады, мұны, 1848жылғы және 1871жылдардағы француз революцияларының тарихы да көрсетті, мұны Англияда, Францияда, Италияда және өзге де елдерде ХіХ-ғасырдың ақыры мен ХХ-ғасырдың басында буржуазиялық министрліктерге «социалистік негізде» қатысудың тәжірибесі де көрсетті.
Бұл күнде Россияда эсерлер партиясы мен меньшевиктер партиясы қайта жаңғыртып отырған осы ұсақ буржуазиялық социализмге қарсы Маркс бүкіл өмірі бойына күрес жүргізді. Маркс тап күресі туралы ілімді дәйекті түрде жүргізіп, оны саяси өкімет жөніндегі, мемлекет жөніндегі ілімге дейін жеткізді. Маркстің мемлекет туралы және социалистік революция туралы мәселеге қолданған тап күресі туралы ілімі пролетариаттың саяси үстемдігін, оның диктатурасын, яғни ешкіммен бөліспейтін және тікелей бұқараның қарулы күшіне сүйенетін өкіметті сөзсіз мойындатады . Пролетариатқа мемлекеттік өкімет, күштің бір бағытқа бағынған ұйымы, зорлық ұйымы қажет, қанаушылардың қарсылығын басу үшін де, социалистік шаруашылықты «жөнге салу» ісінде халықтың орасан көп қалың бұқарасына, шаруаларға, ұсақ буржуазияға, жартылай пролетарларға басшылық етуі үшін де қажет.
«Мемлекет, яғни үстем тап болып ұйымдасқан пролетариат», -Маркстің бұл теориясы пролетариаттың тарихтағы революциялық ролі жөніндегі оның бүкіл ілімімен айрылмастай болып тығыз байланысқан. Ал, пролетариатқа керегі буржуазияға қарсы қолданылатын зорлықтың ерекше ұйымы ретіндегі мемлекет болса, онда бұдан өзінен-өзі мынандай қорытынды шығады: буржуазияның өзіне арнап жасап алған мемлекеттік машинасын алдын-ала жоймай тұрып, қиратпай тұрып, мұндай ұйымды құру мүмкін бе? «Коммунистік манифест» дәл осы қорытындыға әкеп тірейді және 1848-1851 жылдардағы революцияның тәжірибесін қорытқанда да Маркс осы қорытынды туралы сөз қылады.
Маркс социализмнің және саяси күрестің бүкіл тарихынан: мемлекет құруға тиіс, оның құруындағы өткелді (мемлекеттен мемлекетсіздікке өту) формасы «үстем тап болып ұйымдасқан пролетариат» болмақшы деген қорытынды шығарды. Бірақ осы болашақтың саяси формаларын ашуды Маркс қолына алған жоқ. Ол француздың тарихын өте қадағалап байқады, соны талдап тексерді де, 1851 жылдан туған қорытындыға келіп тоқтады, онысы: әңгіме буржуазияның мемлекеттік машинасын қиратуға жақындап келеді деген қорытынды еді.
Ал, пролетариаттың бұқаралық революциялық қозғалысы өршіген уақытта, бұл қозғалыстың болмағанына қарамастан, оның өмірінің өте қысқа болғандығына әлсіздігі бадырайып көрініп тұрғандығына қарамастан Маркс сол қозғалыстың туғызған формаларын зерттеп білуге кірісті.
Коммуна-пролетарлық революцияның «ақыр аяғында тапқан» формасы болды, бұл форманың тұсында еңбек экономикалық азаттық ала алатын болады.
Коммуна-буржуазияның мемлекеттік машинасын қиратуға тырысқан пролетарлық революцияның бірінші әрекеті болды, «ақыр аяғында табылған» саяси форма болды.
Ал, Энгельс Коммунаның тәжірибесін ескеріп, революцияның мемлекет жөніндегі міндеттеріне әлденеше тоқталып өтті. Бір тамаша жері нақтылы тақырыптан, бір жағынан, пролетарлық мемлекеттің қазіргі мемлекетпен ұқсастық белгілері, -екеуінде де мемлекет туралы сөз қылуға дәлел боларлық белгілері, - ал екінші жағынан, айырмашылық белгілер немесе мемлекетті құртуға көшу жөні айқын көрсетіледі.
Бланкистердің Коммунадан соң және соның тәжірибесінің әсерімен, марксизмнің принциптік позициясына көше бастағандығы туралы сөз қыла келіп, Энгельс ол позицияны жол-жөнекей былайша тұжырымдайды: «Таптарды, солармен бірге мемлекетті де жоюға көшу ретінде, пролетариат пен оның диктатурасының саяси қимыл жасауына қажеттігі ».
Қайдағыбір әріп санауға құмар сыншылар немесе «марксизмді қырушы» буржуазияшылдар, бәлкім, осы жердегі «мемлекетті жоюды» мойындатушылықтың және «Анти-Дюрингтің» жоғарыда келтірілген жеріндегі ондай формуланы анархистік формула деп бекерге шығарғандықтың арасында қайшылық бар деп білер. Оппортунистер Энгельсті де «анархистер қатарына қосып қойса, бұл таңданарлық нәрсе емес», -қазір социал-шовинистердің интернационалистерді анархизм жөнінде айыптауы барған сайын өріс алып отыр.
Таптардың жойылуымен бірге мемлекет те жойылады деп марксизм әрдайым үйретіп келді. «Анти-Дюрингтің» «мемлекеттің құруы» жайындағы жалпыға мәлім жері анархистерді айыптағанда мемлекеттің жойылуын тек жақтайтындығы үшін айыптамайды, мемлекетті «бүгін-ертеңнен қалдырмай» жойып жіберуге болады деп уағыздайтындығы үшін айыптайды.
Капиталистік қоғам мен коммунистік қоғамның арасында-дейді Маркс тағы да - революциялық жолмен алғашқысын екіншісіне айналдыратын дәуір бар. Осы дәуірге сәйкес саяси өту дәуірі болады, ал бұл дәуірдің мемлекеті пролетариаттың революциялық диктатурасынан бөтен ешнәрсе де бола алмайды. Коммунизмге қарай дамып отырған капиталистік қоғамнан коммунистік қоғамға «саяси өтпелі дәуірінсіз» өту мүмкін емес, ал бұл дәуірдің мемлекеті пролетариаттың революциялық диктатурасы ғана болуы мүмкін.
Ал, бұл диктатураның демократияға қатынасы қандай? «Коммунистік Манифест» « пролетариатты үстем тапқа айналдыру» және «демократияны жеңіл алу» деген екі ұғымды жай қатар қояды. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, капитализмнен коммунизмге өткенде демократияның қалай өзгеретінін дәлірек анықтауға болады .
Капиталистік қоғамда, оның дамуы аса қолайлы болса, демократиялық республикада азды - көпті толық демократизм болады. Бірақ бұл демократизм қашанда капиталистік қанаудың құрсауында қалып отырады, сондықтан қашанда, негізіне келгенде, азшылық үшін, тек дәулетті таптар үшін, тек байлар үшін тиімді демократизм болып қалады . Капиталистік қоғамның бостандығы қашанда ертедегі грек республикаларында құл иелеріне ғана берілген бостандықпен шамалас бостандық болып қалады . Қазіргі жолдама құлдар, капиталистік қанаудың жағдайларына сәйкес, жоқшылық пен қайыршылықтың қысымын көріп титықтағаны соншалық. олардың «демократиямен», «саясатпен» айналысар халі жоқ, оқиғалар дағдылы, бейбіт жөнмен өтіп жатқанда, халықтың көпшілігі қоғамдық - саяси өмірге қатысудан шеттетілген .
Бұл пікірдің дұрыстығын бәрінен де гөрі Германияның жағдайы айқын көрсететін болуы керек, өйткені бұл мемлекетте конституциялық жария жағдай ғажап ұзақ және жарты ғасырдай берік орнығып тұрды, ал социал-демократия сол уақыттың ішінде осы «жария жағдайды пайдалану» жолында өзге елдерге қарағанда анағұрлым көп жұмыс істей білді, жұмысшылардың едәуір бөлігін саяси партияға ұйымдастыру жолында дүние жүзінің ешбір жерінде болмаған дәрежеде жұмыс істей білді.
Пролетариат диктатурасы, байлардың демократизмі болмай, тұңғыш рет кедейлердің, халықтың демократизмі болатын демократизмді орасан ұлғайтумен бірге, езушілерге, қанаушыларға, капиталистерге келгенде, бостандыққа бірсыпыра шек қояды. Адамзатты жалдамалы құлдықтан құтқару үшін, бұларды біз жаншуға тиіспіз, бұлардың қарсылығын күшпен қирату керек, -әрине, жаншу бар жерде, зорлық бар жерде, бостандық болмайды, демократия болмайды. Энгельс Бебельге жазған хатында былай деген: «пролетариат мемлекетке мұқтаж болғанда бостандық үшін емес, өзінің дұшпандарын басып -жаншу үшін мұқтаж болып отыр, ал бостандық туралы сөз қозғауға мүмкіндік болған күнде, мемлекет те болмайды».
Тек коммунистік қоғамда, капиталистердің қарсылығы біржолата қиратылғанда, капиталистер құрығында, таптар жоғалғанда, сонда ғана мемлекет жоғалады және бостандық туралы сөз қылуға болады.
«Мемлекет құриды» деген сөз әбден тауып айтылған сөз, өйткені бұл сөз ол процестің бірте-бірте болатындығын да, стихиялылығын да көрсетеді.
Басқаша айтқанда: капитализм тұсындағы мемлекет-сөздің шын мағынасындағы мемлекет, бір тапты екінші таптың, онда да көпшілікті азшылықтың жаншып отыруына арналған айрықша машина екенін көреміз.
Сонан соң, капитализмнен коммунизмге өтерде жаныштау әлі де қажет болады, бірақ бұл жолы-қанаушы азшылықты жаныштайтын қаналушы көпшілік. Жаныштауға арналған айрықша аппарат, ерекше машина ретіндегі «мемлекет» әлі де қажет бола тұрады, бірақ енді бұл-өткінші мемлекет, енді бұл дәл өз мағынасындағы мемлекет емес, өйткені, азшылық болған қанаушыларды көпшілік болған кешегі жалдамалы құлдардың жаныштауы, салыстырып қарағанда, анағұрлым оңай, жеңіл және табиғи жұмыс, сондықтан бұл жұмысты жүргізгенде құлдардың, крепостнойлардың, жалдамалы жұмысшылардың көтерілістерін басқандағыдай қан көп төгілмейді, анағұрлым аз төгіледі, бұл жұмыс адам баласына анағұрлым арзанға түседі. Сөйтіп, бұл жұмыс демократияны халықтың басым көпшілігіне таратуға жағдай жасайды, сондықтан жаныштау үшін арналған айрықша машинаның қажеттігі жоғала бастайды. Әрине, қанаушылар халықты жаныштау міндетін күрделі машина болмаса атқара алмайды, ал халық қанаушыларды мүлде жай ғана «машинамен» де, тіпті «машинасыз», айрықша аппаратсыз дерлік жолмен де, қаруланған бұқараның жай ғана ұйымы арқылы да жаныштай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz