Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу жолдары (кезеңдері)


Жоспары:

Кіріспе . . . 2-8

І - тарау Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу жолдары (кезеңдері)

  1. Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретіндегі орны . . . 9-13
  2. Алашорда өкіметінің тәуелсіздікті қалыптастырудағы атқарған ролі . . . 14-16
  3. Кеңестік автономиялық социалистік Қазақ Республикасының құрылуы және оның Одақтық Республикаға айналуы . . . 17-25

ІІ - Қазақстан тәеулсіз және егеменді мемлекет

  1. Тәуелсіздік жолындағы егемендік туралы Деклорацияның және Қазақстан Респуб- ликасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңының алатын орны . . . 26-32
  2. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялары . . . 33-39

3. Мемлекеттің құқықтық, азаматтық, демократиялық негіздерін қалыптастырудың алғашқы қадамдары . . . 40-44

Қорытынды . . . 45-46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47-50

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Егеменді және тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

ХХ ғасырдың аяғы бүкіләлемдік - тарихи маңызы бар оқиғалармен сипатталады. Солардың бірі кеңестік тоталитарлық жүйенің, орасан зор держава-КСРО-ның құлауы осы негізде тәуелсіз мемлекеттерін соның ішінде Қазақстанның пайда болуы. Одақтың құлауы объективті процесс. Бұл Одаққа кіретін республиканың халықтары, әсіресе Қазақстанның халықтары ғасырлар бойы өздерінің тәуелсіздігін аңсап келді. Бірақ, Одақтың барлық жүйесі, коммунистік идеология оларға өздерінің сан ғасыр бойы армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Өз кезегінде қоғамның саяси мәдениеті де, бір ғасырға таяу уақыт бойы қалыптасып қалған халықтың санасы да бұл Республиканың өз тәуелсіздіктерін жаулап алу қажеттігін сезіну деңгейіне көтерілуге мүмкіндік бермеді.

КСРО-ның 70-80 жылдарда басынан өткерген саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғалары оның құлауына (ыдырауына) объективті алғышарт болды. Оны республикалардың халықтары шынайы дұрыс қалпында қабыл алды. Олар түбегейлі саяси, әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу қажеттігін зор ұмтылыспен және түсініспендікпен қабылдады, сөйтіп, әлі КСРО-ның1 құрамында бола отырып, өздерінің егемендіктерін жариялады. Бұл тарихи дамудың заңды процесі болды.

1990 жылдың 25 қазаны Қазақстан тарихының жаңа, алтынмен қапталған беттерін ашты. Бүкіл еңбекшілер тарапынан қолдау тапқан ҚССР Жоғары Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың Мемлекеттік Егемендігі туралы Деклорацияны қабылдады. «Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация тәуелсіздік пен дербестікке жол салды», - деп жазды Н. А. Назарбаев.

Осы жерде, Қазақстан КСРО-ның құрамында болған кезде де оның өз Конституциясы болды және ол Заңдар шығару функциясына ие болды емес пе, сол уақытта ол егеменді мемлекет боп саналмады ма, деген сұрақ туады.

Қазақстан және өзге республикалардың саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өміріне талдау жасау КСРО құрамына кірген республикалардың барлығының да егемендік статусы тек формальды сипатта, яғни сөз жүзінде ғана болды деп айтуға мүмкіндік береді.

Тоталитарлық жүйе қоғам өмірінің барлық салаларына бақылау қойып отырды.

Кеңестік Кезеңдегі (1926, 1937, 1978 ж. ж. ) Қазақстан Конституциялары Одақтың Мемлекет Конституциясының тұп-тура көшірмесі болды және бәрін аузына қаратқан партиялық диктаттың, мемлекеттің қоғам мен адамды басып жаншуының, адам құқықтары мен билік бөліну принципінің мүлде естен шығарылуының көрінісі болды.

Декларация Қазақстанды Егеменді Мемлекет ретінде сипаттайды. Ол санжылдық тарихи, мәдениеті және қалыптасқан салт-дәстүрі бар Қазақстанның өмір сүруіне қажетті бірден-бір талаптарға сай жақсы өмірге деген құқығын, еркін дамуын ана тілін пайдалану құқығын жариялайды.

Жоғарыда атап өткендей, Декларация шынайы егемендікке жету жолындағы қозғалыстың стратегиясы мен тактикасын айқындап берді, іс жүзіндегі тәуелсіздік пен дербестікке жету процесіне бастау болды. Ол Қазақстанның қайда баратынына, оның нені қалайтынына айқын бағдар болды, шынайы мазмұны мен егемендікті толықтыра түсетін көптеген заң актілерінің жасалуына негіз болды. Бұл жағдай Қазақстан биліктің ескі құрылымын революция арқылы жою жолымен жүрмегендігін көрсетті. Н. А. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында «егемендікті шынайы мазмұны мен толықтыру, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін2 шешу - барлық адамдар үшін алғашқы кезектегі мәселе болып отыр. Бірінші кезеңде дамудың қандай да бір үлгісін, әлеуметтік-саяси құрылыстың белгілі-бір моделін қорғау емес, жалпы мемлекеттілік туралы болып отыр».

Мемлекеттілік экономиканы және қоғамды басқарудың әкімшілік жүйесін оның орнын жаңа жүйемен ауыстырғанша қиратып, бүлдірмей, керісінше эволюциялық сипатта болды. Шын мәніне келсек осы жағдай Республикадағы экономикалық және саяси құрақтылықтың негізгі бірден-бір себебі болды.

Егемендікті толықтыра, нығайта түсу мақсатында мемлекеттілікті орнықтыруға бағытталған конституциялық сипаттағы көптеген Заңдар қабылданды. Бұл 1990 ж. 20 қарашада шығарылған «Мемлекеттілік билікті және басқару құрылымын жетілдіру туралы» Заң болатын. Декларация жаңа Конституция жасаудың, егеменді мемлекет ретіндегі Республика статусын жүзеге асыратын Заң актілерінің қабылдануына негіз тасалды.

Егемендікті іс жүзінде зор маңызға ие қылып, оның мазмұнын толықтыра түскен 1991 ж. 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы болды. Ең алғаш рет осы заңда тәуелсіздік жарияланды. Осы орайда, тәуелсіздік мемлекеттік билік егеменділігінің маңызды белгісі болып табылатынын айта кету керек, ол мемлекеттің өзге мемлекеттермен қатынасындағы дербестікті білдіреді. Осы қадамы арқылы Қазақстан әлемдік Одақтастыққа дербес мемлекет ретінде кірді.

Сөйтіп, Декларация қабылданғаннан бері тәуелсіз мемлекеттік биліктің құқықтық қалыптарын айқындап, оны нақтыландарылған, Декларацияның мазмұнын байыта түскен көптеген заң актілері қабылданды.

1993 ж. 28 қаңтарда 12-шақырылған Жоғарғы Кеңестің Қазақстан Конституциясын қабылдауы қоғамның негізгі идеялары мен стратегиялық мақсаттарын, оларды Негізгі Заңда бейнелеу арқылы бекіту және жүзеге асыру болды. Бұл Республика өміріндегі ірі оқиғалардың бірі еді. 1993 ж. Конституцияға бірқатар жаңа ережелер енгізілді.

1995 ж. 30 тамызда жалпыхалықтық референдум жолымен тәуелсіз Қазақстан екінші Конституциясы қабылданды.

Азаматтардың абсолюттік көпшілік дауысымен қабылданған ел Конституциясы Мемлекетімізді нығайтуға қозғаушы күш болды. Қайта жаңғырған Қазақстан мемлекеттілігі демократия мен нарықтық экономика орналасқан берік тұғыр болды.

Бес жыл ішінде Қазақстан толыққанды тәуелсіз мемлекеттің барлық рәміздеріне ие болды. Мемлекеттілік, тәуелсіздік - бұл тарих сыйы емес, қазіргі ұрпақтың үлесі емес, бұл - өткеннің алдындағы қарыз, болашақтың алдындағы жауапкершілік. Қазіргі ұрпақ, осы мемлекеттілік пен тәуелсіздікті шынайы мазмұнымен толықтырылулары тиіс. Қазақстан тәуелсіздігін экономикалық, құқықтық, әскери, ақпараттық өлшемдерде мүмкін етуге қол жеткізу міндеті тұр.

Саяси-құқықтық жағдай 5 жыл ішінде түбірімен өзгерді. Қазақстан бүкіләлемдік одақтастық таныған мемлекетке айналды. Президенттік басқару нысаны берік қалыптастырылды. Жаңа Конституция қабылданды. Негізінен елдің жаңа құқықтық жүйесі қалыптастырылады.

«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде бекітеді» делінген Конституцияда. Оның демократизмі ең алдымен халық билігін, билік бөлінісін және идеологиялық, саяси көптүрлілікті қамтамасыз етуінен көрініс табады.

Еркін экономикасыз демократия болуы мүмкін емес.

Демократияның көрініс табатын және жүзеге асырылатын бірден-бір нысаны сайланбалы жүйені іске асыру, яғни оның барысында халық өкілділік және тікелей демократия жолымен өз құқықтарын жүзеге асырады, «Халық делінген Қазақстан Республикасының Конституциясында (3 бап 2т. ) билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттілік органдарға береді».

Республикада парламенттік, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда сайлау жүрді. Олар еркін және жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығымен жасырын дауыс беру арқылы өткізілді.

Қазақстанда демократия «идеологиялық және саяси әр алуандылық» принципі негізінде жүзеге асырылады. (5-бап) Конституцияға сәйкес елде көппартиялы жүйе құрылды, сол сияқты жүздеген қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар өмірге келді.

1992 ж. Желтоқсанда шынайы халықтық өкілділіктің органы болып табылатын Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды.

Қазақстан республикасында шын мәніндегі демократиялық мемлекет орнату әлі бірталай уақытты және демократия мемлекет құруды қарастыратын конституциялық нормалардың толықтай жүзеге асырылуына жағдай туғызуына халықтың көпкүш жұмсауын талап етеді. «Қазақстан батыстық өлшемдерге салып демократиялық немесе авторитарлық мемлекет деп қараттыруға болмайды» - деп жазды Н. А. Назарбаев. Неге? Өйткені, әлеуметтік, саяси, конституциялық жеткілікті негіздер жоқ. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы қайта жаңғырулар демократиялық сипат алып отыр деп есептейді. Демократия қалыптасу сатысында тұр. Ол тұрақтандырылуы үшін дамыған жеке меншік, парламентаризм дәстүрімен бірлескен пісіп-жетілген азаматтық қоғам керек. Біздің демократиямыздың негізі - саяси, әлеуметтік және ұлтаралық тұрақтылық.

Демократиялық қайта құруларды жүзеге асыра отырып, оны сан алуан актілеріен толықтырып егемендікті жариялау арқылы, Қазақстан құқықтық мемлекет орнатудың қажетті алғышарттарын жасауда.

Конституция Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп жариялады. Мемлекеттіліктің бастауларын нығайту құқықтық қоғам құрумен астасып жатыр. Ең алдымен Республикадағы құқықтық мәдениет және құқықтық реформа туралы мәселе көтерілуде, өйткені, онсыз қоғамда алға басушылық болмайды, ал тәуелсіздігіміз бүтіндей болмас еді. Жеткілікті құқықтық тәртіпті бекітпейінше экономиканы реформалау, қоғам өміріне демократиялық қалыптарды енгізу мүмкін емес.

Демократияны тек қана міндетті құқықтық процедураларды сақтау арқылы ғана қорғауға болады. Құқықсыз болуы мүмкін емес.

Құқықтық мемлекет ең алдымен құқықтық мемлекет идеясын іс жүзіне асырған конституциялық деп түсіну керек. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады.

Конституция негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық механизмі құрылады. Қазақстан Республикасының қызмет істейтін тек қана Конституциялық нормалар болуы керек. Ал олар заңдарға, өзге нормативтік актілерге, халықаралық шарттарға және Республиканың басқа да міндеттіліктеріне, Респупбликаның Жоғарғы соты мен Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларына сүйенеді. Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Респибликаның бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (п. 1, 2. 4-бап) .

Конституция кез-келген азаматқа және одақтарға мемлекеттілікке, территорияның тұтастығына қарсы шығуға ұлттар мен халықтар арасындағы кез-келген алауыздық отын жағуға тиым салады, ондай әрекеттер үшін қылмыстық жаза шаралары көрсетілген.

Демократияға және құқықтық мемлекетке өту Конституцияның біздің өміріміздегі ролі мен орнын дұрыс түсінуді талап етеді.

Конституция мен құқықтық мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы іс жүзінде әлі ондай мемлекет болып отырған жоқ. Бізге құқықтық мемлекет болып қалыптасу процесі енді ғана жандану үстінде. Онда әлі заң үстемдігі қамтамасыз етілмеген. Заңдардың орындалуы мемлекеттік-құқықтық мезанизмнің әлсіз звеносы болып отыр. Бұл міндетті жаңа заң актілерін қабылдаумен қатар, бұрынғы істе жүрген актілерге де өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы шешу керек. Бұған әрине үкіметтің Республиканың қос палаталы парламентінің қызметі бағытталған.

Қазақстанның болашақ мемлекеттілігін шеңбері 1995 ж Конституцияның бірінші бабында айтып көрсетілген. «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде қалыптасуын ғылыми тұрғыдан терең зерттеген, қазақ құқығы мен мемлекетінің өмір жолдарын ғылыми зерттеулердің объектісіне айналдырған белгілі тарихшыларымыздың М. К. Қозыбаев, К. Бейсенбиев, Б. Карибаев, заңгер ғалымдарымыз С. З. Зиманов, С. С. Сартаев, Ғ. С. Сапарғалиев, С. Ө. Созақбаев, Өсербаевтың еңбектерін атап өту аса қажет. Аталған ғалымдарымыздың қазақ хандығының дамуы, оның әр ғасырлардағы саяси, әлеуметтік, мәдени, этникалық дамуы, оның құқығының және мемлекеттілігінің ұлттық айрықша белгілері туралы еңбектері, қазақ елінің даму кезеңдеріне жеке-жеке тарихи, құқық теориялық талдаулар жасаған ғылыми жұмыстары біздің Қазақстан республикамыздың тәуелсіздігінің қалыптасу жолдары туралы ілімімізге іргетас болады.

І - тарау. Тәуелсіз Қазақ мемлекеттілігінің тарихи қалыптасу

жолдары (кезеңдері)

1. Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекеттілік құрылым ретіндегі орны.

Қазақ хандығы - шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ - қазақ халқы негізінде бірігуі арқылы ХҮ-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық3 территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарады.

ХҮ ғасырдың аяғынан қазақтардың жеке династиялық мемлекеттілігінің дәуірі басталады. Ол қазіргі Орталық Азия аумағында болып жатқан саяси және этноәлеуметтік процестердің көп ғасырлық өзара қайшылықты әсері мен араласуының нәтижесінде қалыптасып, 1470 жылы құрылған қазақ хандығынан басталады. 1459 жылы қазақ хандары династиясының көш басы болған Орыс ханның Жәнібек, Керей секілді ұрпақтарының өздеріне қарасты тайпалармен қоныс аударуын айтпай кетуге болмайды. Өйткені, ол көшпелі тайпалардың этнопогенезінде ерекше орын алды. Қазақстан тарихшыларының байқауынша, бұл оқиға ХҮ ғасырдың басында жалпы өзбек деген атпен белгілі болған халықтан, қырық құранды ру мен тайпалардан бөлініп, аражігін ажыратуы негізінде қазақ халқының қалыптасу процесін жеделдетті.

Өзбек халқынан бөлініп, Жетісуға қоныс аударған тек Әбілхайыр ханның саясатына наразы бытыраңқы тайпалар ғана емес, сонымен қатар Дешті Қыпшақ ұлысының 200 мыңға тарта халқын құрайтын Орыс ханның ұрпақтары да еді. Жалайыр, найман, алшын, қыпшақ және т. б. көне тайпалар қазақ халқын құрастурышы этникалық компоненттер болды. Кезбе, қашқын, ерікті деген мағынаны білдіретін немесе нақты бір билікке бағынбай оған қарсы шыққан көшпенділер тобын атайтын «қазақ»4 сөзі этносаяси мәнге ие болды. Орыс хан ұрпақтары билігінің қол астына біріккен түркі тілдес тайпалар өз аттарына ие болып, кейде кейбір субъективтік өзгерістерге ұшырап отырғанымен, тарихта қазақ деген атпен белгілі болды да, ал олар мекендейтін ел Қазақстан деп аталды. Жетісу жерінде орын тепкен далалықтардың этносаяси жаңа белгісі Қазақ мемлекеттігі дамуының бастауы болды, ал «қазақ» және «өзбек» терминдері саяси шекараларымен жіктелген адамдардың тұрғылықты жеріне қарай ажыратуды білдірді.

Қазақтың соңғы ханы Тәуекел - Мұхамед - батыр ханның (Тәуке) 1718 жылы дүниеден өтіп, қазақтық үш жүзінің мемлекет деп қарастыруға болатын дербес хандыққа айналуына дейін қазақ халқының орталықтанған этносаяси бірігуінің 300 жылдық кезеңі өтті (қазақ хандығы тарихта болғанымен, Кеңес тарихнамасының маркстік-лениндік түсінігінде ол мемлекет ретінде танылмайды) . Мәселен, осы кезеңде Жәнібектің ұлы Қасым хан хандығының (1511-1523ж. ж. ) қол астына 1 млн-нан аса қазақ бір елге бірікті. Сол уақытта жалпыға ортақ алғашқы заң түрлері де шыға бастады. Олардың қатарына қазақтың негізгі заңы «Ұлы жол, Қасым хан көрсеткен бастапқы жол» деген мағынаны білдіретін «Қасым ханның қасқа жолы» (ХҮІғ. ) немесе Тәуке ханның (ХҮІІғ. Екінші жартысы) «Жеті жарғысы» (Тәуке хан тұсындағы қазақтардың феодалдық құқықтары мен мемлееттік құрылыстың жеті ережесі) жатады.

Этнопогенездің осы кезеңінде Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты құқықтық сипат алды. Дәлірек айтқанда, оған Тәуекел ханның бастамасы бойынша 1586-1598 жылдары қазақ хандығының Москвамен дипломатиялық қатынасының орнауы жатады. «Орыс-қазақ ресми қатынастары, - деп жазды В. Я. Басин, - ХҮІ ғасырдың 90 жылдарына дейін-ақ басталғанға ұқсайды». Осы ғасырдың алғашқы ширегінде - қазақтар дербес халық ретінде Батыс Еуропада белгілі болды.

Қазақтың орталықтанған этносаяси кезеңіндегі мұраға қалдыратын хандық билік қазақ ұлыстарының бүкіл аумағы бойынша, жайлау мен көші-қон жолдарын, су көздерін5 бөлу және әскери қауіпсіздігін ұйымдастыру, жалпыға бірдей жарлық шығару, өлім жазасына кесу немесе кешірім жасау құқықтарына ие болды. 6 Ал хан өзге мемлекеттермен келіссөздер жүргізумен қатар, соғыс пен бейбітшілікті жариялар, бітімге келіп отырды.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ хандығы монархия мен аристократиялық республиканың элементтерінен тұратын далалық мемлекеттіктің дәстүрлерін бойына жинақтаған иерархиялық әлеуметтік саяси құрылым болды. Жыл сайын ханмен бірге жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу ру ақсақалдары мен билері, старшындар қатысқан құрылтай шақырылып отырды. Беделді ру басылары хан жанынан билер алқасын құрды. Бұл - заңды талқылайтын ұйым болды. Ру билері соттық және әкімшілік биліктің міндеттерін қатар атқарды, Шыңғыс ханның ұрпағы - ақ сүектерден бөлек, зиялы қауым - қара сүйекті құрады.

Қазақ хандығының әскері хан, сұлтан, билердің қаруланған қолынан, халық жасақшыларынан құралды. Әрбір жүз, рудың өз туралы, таңбалары мен әскери ұрандары болды, бірақ жалпы әскер ұрысқа аспан түстес ту астында, ханның ұранымен аттанды. Қоғамдық қатынастардың тәртібі хан жарлықтары қалыптасқан салт-дәстүрлер мен билер кеңесінің шешімдері арқылы жүйеленіп отырды.

ХҮІ ғасырдың аяғынан ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында дейінгі аралықта Ташкент және Түркістан қалалары қазақ хандығының саяси орталығы болды.

Осы кезеңдегі хандық билік белгілі бір дәрежеде олардың барлық саласын қамтитын жалпылық сипатқа ие болып, бірыңғай негізіне қарамастан, орталықтанған билік салыстырмалы түрде жүргізілді. Бұған әртүрлі ұлыс сұлтандарының билікке таласуы, өзбектермен және қалмақтармен болған үздіксіз соғыстар себеп болды. Осы факторлар аумақтақ принцип бойынша ұйымдастыру сияқты мемлекеттік биліктің қалыптасуындағы ең қажетті элементтің өсіп жетілуін тежеп, кедергі келтірді. Халықтың руларға7 бөлініп ұйымдасуы мемлекеттіктің негізі болып қалды. Мал шаруашылығымен байланысты көшпелі өмір салты хандық билік үшін қажетті тұрақтылық пен бірліктің қалыптасуына көп кедергі келтірсе, екінші жағынан қазақ халқының жалпы тұтастыққа ие болуын бәсеңдетті.

Қазақтардың далалық династиялық мемлекеттік дәуірінің келесі кезеңі әртүрлі сыртқы және ішкі нақты тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасты. Оларға ХҮІІІ ғасырдан бастап жоғарғы хандық биліктің әлсіреуі, жүздердің оңашалануы, соған орай хан ықпалының бірте-бірте әлсіреп, ал ХІХ ғасырдың ІІ жартысында тіпті жойылуы жатады. Қазақстанның Ресейге қосылуының басқа кезеңіне протектораттық-васалитеттік билік билік жүргізу тән болды. Мұнда патша грамотасына ие болған қазақ хандары салыстырмалы түрде болса да ішкі саясатқа өздері басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 20 жылдары хандық пен халық кеңестері институты жойылып, басқарудың сұлтандық - билік жүйесі енгізілді. Енді билік округтық аға сұлтандар, болыстық сұлтандар мен қазақтың байларынан сайланатын ауыл старшындары арқылы жүргізілетін болды. Бұған қоса құқығы шектеулі билер соты құрылды да, ішкі саяси дербестік онымен қоса қазақ мемлекеттілігінің элементтері бір мезгілде жойылды. 8

2. Алашорда өкіметінің тәуелсіздікті қалыптастырудағы

атқарған ролі.

Кеңестік тарихтану «Алаш» партиясы сияқты Алашорда үкіметінің да пайда болу себептерін тек қазақ «буржуазиялық-ұлтшыл» интеллингенциясының кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы қызметіне қарсы бағытталған әрекетімен байланыстырып, мемлекеттілік бірліктің белгілі бір таптың белсенді саяси қызметі нәтижесінде ғана емес, сонымен өмірге келіп, белгілі бір кезеңге дейін ұлттық пен жалпыұлттық мүддеге қызмет етуі мүмкін екендігін есепке алмады.

Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.

Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті озбырлығының өршей түсуі соның айғағы болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Құқықтық мемлекет жайлы мәлімет
Уақыт және тарих
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Кеңес тарихшыларының қазақ тарихын кезеңдеуі
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz