Адам құқықтарын қорғау механизімі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Адам құқықтарын қорғау механизімінің бастамасы.
1. Адам құқықтары туралы заңдардың тарихына кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
2. Қазақстан тарихындағы адам құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
II тарау. Адам құқықтары қорғау жөніндегі құқықтық жүйе
1.Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы Еуропа Конвенциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2. Еуропа әлеуметтік Хартиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
3. Еуропа және БҰҰ шеңберінде адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
III Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан адам құқықтары мен еркіндіктер саласындағы ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Қазіргі кезеңде рухани құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің алатын орны ерекше. Әлбетте, адам құықықтары мен негізгі еркіндіктері оларға мемлекет немесе басқа біреудің тарпынан сыйға тартылмағандықтан, оларды адамның табиғи құқықтар деп атады. Дәлірек айтатын болсақ, табиғи құқықтарына даамның өмір сүруі, еркіндікке жету, жеке басының еркіндігі жатады. Сол себепті де адам қандай да бір күш немесе үкімет алдында өздерінің табиғи құқықтары үшін мәңгі қарыздар емес екендігі айқын. Табиғи құқықтар мен негізгі еркіндіктердің азаматтар несібіне жазылғандығы, ол адам, яғни осының өзі жеткілікті. Тек қана, осы табиғи заңдылыққа қол жеткізу үшін де орасан зор күш жұмсау қажет болды. Ал адамның мемлекет пен өзара әрекеті нәтижесінде туындайтын құқықтары, яғни еңбек ету, білім алу, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, салауатты өмір сүру, еркін жүріп тұру, мүліктерге ие болу құқықтары үшін әлі де толастамай келеді. Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай.
Адам құқықтары мәселесі – бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Адам құқықтарына, негізгі бостандықтарына, демократияға және заңдық үстемдікке қатысты мәселелер халықаралық мәнге ие, өйткені бұл құқықтар мен еркіндіктері қамтамасыз ету халықаралық құқықтық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекеттердің (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздігінің ынтымақтастық Ұйымы ) халақаралық институттар көлемінде қабылданған адам құқықтары төңірегіндегі міндеттемелері, жеке мемлекеттердің тек ішкі ісі болып қана қоймай, барлық қатысушы мемлекеттердің көздеген мүддесіне айналды. Бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайту түсуге септігіе тигізетін маңызды халықаралық келісімдерге жетуге осындай негізде ғана мүмкін болыд. Мысалы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесіне Қорытынды Актісін айтуға болады. Бұл Қортынды Актіні қабылдау

1. Қазақстан Републкасы Конституциясы Алматы 1995
2. Мемелкет және құқық теориясы. С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев Алматы 2007
3. Ж.Д. Бусурманов. Евразийская концепция прав человека Алматы 2006
4. Б.Ж.Жунусов ПРоблемы уголовной политики Каарганды 2005
5. Т. Агдарбеков Мемлекет және құқық теориясы Алматы 2003
6. С.А.Табанов Салыстырмалы құқықтану негіздері Алматы 2003
7. А.А.Матюхин Содержание гепотезы правовых норм./ В кн: Проблемы теории и право гоударства, истории политико-прововой мысли Алматы 2005
8. Сарсембаев М.А. Права человека в международных документах. Часть 1-2 Алматы 1999
9. Европейская интеграция я права человека Алматы 1998
10. Развитие национальных учреждений по правам человека в Казахстане. На основе материалов международного семинара 2-4 сентября 1997 Астана 1999
11. Устав ООН и Статут международного Суда ООН 1994 С. 13
12. Устав ООН и Статут международного

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I тарау. Адам құқықтарын қорғау механизімінің бастамасы.
1. Адам құқықтары туралы заңдардың тарихына кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... . 7
2. Қазақстан тарихындағы адам құқықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
II тарау. Адам құқықтары қорғау жөніндегі құқықтық жүйе
1.Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау туралы Еуропа
Конвенциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2. Еуропа әлеуметтік Хартиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3. Еуропа және БҰҰ шеңберінде адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар

... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
III Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан адам құқықтары мен еркіндіктер
саласындағы ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
Қорытынды

... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
Кіріспе
Қазіргі кезеңде рухани құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен негізгі
еркіндіктерінің алатын орны ерекше. Әлбетте, адам құықықтары мен негізгі
еркіндіктері оларға мемлекет немесе басқа біреудің тарпынан сыйға
тартылмағандықтан, оларды адамның табиғи құқықтар деп атады. Дәлірек
айтатын болсақ, табиғи құқықтарына даамның өмір сүруі, еркіндікке жету,
жеке басының еркіндігі жатады. Сол себепті де адам қандай да бір күш немесе
үкімет алдында өздерінің табиғи құқықтары үшін мәңгі қарыздар емес екендігі
айқын. Табиғи құқықтар мен негізгі еркіндіктердің азаматтар несібіне
жазылғандығы, ол адам, яғни осының өзі жеткілікті. Тек қана, осы табиғи
заңдылыққа қол жеткізу үшін де орасан зор күш жұмсау қажет болды. Ал
адамның мемлекет пен өзара әрекеті нәтижесінде туындайтын құқықтары, яғни
еңбек ету, білім алу, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, салауатты өмір
сүру, еркін жүріп тұру, мүліктерге ие болу құқықтары үшін әлі де толастамай
келеді. Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен
тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі
туғандай.
Адам құқықтары мәселесі – бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Адам құқықтарына,
негізгі бостандықтарына, демократияға және заңдық үстемдікке қатысты
мәселелер халықаралық мәнге ие, өйткені бұл құқықтар мен еркіндіктері
қамтамасыз ету халықаралық құқықтық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігінің
бірі болып табылады. Мемлекеттердің (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа
Қауіпсіздігінің ынтымақтастық Ұйымы ) халақаралық институттар көлемінде
қабылданған адам құқықтары төңірегіндегі міндеттемелері, жеке
мемлекеттердің тек ішкі ісі болып қана қоймай, барлық қатысушы
мемлекеттердің көздеген мүддесіне айналды. Бүкіл әлем халықтарының
қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайту түсуге септігіе тигізетін маңызды
халықаралық келісімдерге жетуге осындай негізде ғана мүмкін болыд. Мысалы
ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесіне Қорытынды
Актісін айтуға болады. Бұл Қортынды Актіні қабылдау Еуропалық құрлықтағы
мемлекеттер арасындағы тығыз қатынастың дамуына ықпал жасайтын тарихи оқиға
болды.
Қортынды Акт бұл бейбіт және бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылған
мемлекеттер арасындағы қатынастар парқын қалыптастырып қана қоймай, сонымен
бірге мемлекеттердің дамуы мен ынтымақтастығының бағытын айқындайтын
бірыңғай құжат деуге болады. Қорытынды Акті Еуропа мемлекеттері арасындағы
жаңа келісімдер мен келісім-шарттардың дайындалуы мен қалыптасуын, жалпы
Еуропалық мәжілістердегі қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруды
ескереді.
Жалпы адам құқықтары туралы сөз қозғағанда 1948 жылы 10 желтоқсанды
қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Деклорациясына назар
аудармауға мүмкін емес. Адам құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын
жасап, жүзеге асыру мәселелері халықаралық қатынастарда көптеген ұйымдар
мен мемлекеттердің басты мақсаттарына айналып, олардың заңдарында, кейбір
ұймдардың бірқатар құжаттарында орын алып келеді. Алғаш рет бұл салада
қабылданған басты құжат Адам құқықтарының басты Деколрациясы. Ал Еуропа
аймақтары арасында адам құқықтары байланысты құқықтық реттеу тек Екінші
Дүниежүзілік соғыцс аяқталғаннан кейін ғана қолға алына бастады. Осы орайда
1950 жылы Римде Адам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясы қабылданып, өз
жұмысын жүзеге асыра бастады..
Адам құықықтарының жалпыға бірдей Деклоратциясының бірінші тармағында:
адам баласының құндылығы: бостандықтың, әділеттіктің жалпы бейбітшіліктің
негізі болып табылады - деп көрсетілген.
Адам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясының алғы баптарында Жоғарыда
Келісуші Тараптар өз юрисдикциясында табылатын әрбір адамның құқығы мен
еркіндігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Ешкім адам баласына қарсы
әдейі қасақана қылмыс жасай алмайды, егер қылмыс пайда болған кезде ол сот
шешімі мен өлім жазасына тартылады делінген. Конвенцияның 4-бабына сәйкес,
ешкім басында еркі жоқ біреудің құлы болмау керек; ешкім мәжбүрлеп немесе
міндетті түрде жұмысқа тартылмауы керек;
Әрбір адам еркіндік және дербес құқығына ие. Өз құқықтарынан жәнее
еркіндіктерінен адамды ешкім ажырата алмайды, тек заңмен бекітілген келесі
жағдайлар да ғана:
- компететнтті сот оны айыпты деп тану негізінде;
- заңмен көрсетілген, заңды сот шешімін орындамаған немесе кез-келген
міндеттемені орындауды қамтамасыз ету мақсатында заңды түрде тұтқындай
немесе тұлғаны ұстау;
- компетентті орган алдында кәмелетке толмаған тұлғаны заңды ұйғарым
негізінде тәрбилеушілік қадағалау үшін немесе оны заңды түрде ұстау;
- заңды түрде инфекциялық ауруларды таратушы, жанауруларын,
алкоголиктерді, наркомандарды ұстау;
- бір елден екінші елге заңсыз өтуге әрекеттенген тұлғаларды заңды түрде
ұстау. Барлық ұсталғандарға оның ұсталғандығы туралы өзіне түсінікті тілде
хабардар етеді. Ұсталған әрбір айыпталушы әділ сотқа жүігініп, құқықтарына
негізделіп қылмыскер атауынан ақтау құқықғына ие.
Құқық саласында адам құқықтары ертеден келе пайда болып, дами бастаған
салардың біріне жатады. Жалпы адам құқықтарының қалыптасуы мен дамуына
ертеден бері ұлы ғұлама ойшылдар өз пікірлерін ұсынған. Айта кететін болсақ
Ежелгі Грецияда адам құқықтарын дамуына әсер еткен Гесиод пен Солонды,
Сократты айтатын болсақ, ал Ежелгі Рммде Аврелий, Цицерон және Ульпиндар
әрі қарай дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңестік ғалымдардан Блищенко И.П,
Дмитриева Г.К, Черниченко С.В, Лукашева Н.И, Бекяшев сынды зерттеушілер
кірді.
Қазақстан заң ғылымында адам құқықтары жөніндегі құқықтық мәселелер
белгілі бір аяда зерттелгенімен де, бұл мәселе туралы құқықтық аспектілер
толық зерттелмеген.
Қазақстан ғылымында осы саланы зерттеу жұмыстары жөніндегі бастамалар
тарихтан белгілі Тәуке ханның Жеті жарғысында орын алған. Мемлекетіміз
тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап, адам құқықтарын қорғауды басты міндет
деп біліп халықтың хал-ахуалын жақсартуға көп күш шығармақта. Елімізде
құқықтың бұл саласының терең жол алып дамуына ықпал еткен Қазақстан
републикасы Президенті жажандағы адам құқықтары жөніндегі комиссяның мүшесі
М.А. Сарсембаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
халақаралық қатынастар және Қазақстан республикасының сыртқы саясатының
кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.У.
Ибрашевтің Адам құқықтары саласындағы жинағын, соынмен қатар С.К.
Жүрсімбаевтің адам құқықтары мен еркіндіктердің қамтамасыз ету мәселесін
ғылыми тұрғыдан айқындап; Қазақстандық арнада көрсетуге ұмтылған
еңбектірінің маңызы өте зор.
Жұмысының мақсаты адам құқықтарының қалыптасуы мен дамуын қарастыра
отыра, Қазақстан Републикасындағы адам құқықтары мен Еуропа аумағындағы бұл
құқық саласының жүйесін анализ жасау.
Осы аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады.
• Халақаралық құқық ғылымындағы адам құқықтарының пайда болуы мен
дауының құқықтық механизмдерін анықтау;
• Халықаралық адам құқықтарында қалыптасқан халықаралық
Конвенцияларды қарастыра отырып ашу;
• Адам құқықтарының Еуропа Қауіпсіздігі ынтымақтастығының Ұйымы,
Бірікке Ұлттар Ұйымы және Қазақстан адам құқықтары мен еркіндіктері
саласындағы ынтымақтастығының құқықтық аспектілерін талдау.

Әрбір адам тұлғасынан бастап белгілі бір мөлшерде (материалдық және
рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам
мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да бұл игіліктердің мөлшері
материалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымында
алатын орны мен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы күрт
өзгерістер, өркениет өзгешелігі, формальді теңдік қағидасына негізделген
адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ. Адам
құқықтары – халықаралық құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын
қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен
бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық –ұйымдастыру тетіктері.
Халықаралық құқықтың бұл саласының өзгешелігі – дүние жүзі
өауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда
мемлекеттің ішкі жұмысына араласа алуы.
Әмбебап сипаттағы көп жақты келісімдер, аймақтық келісімдер, екі жақты
келісімдер әдеп-ғұрыптар мен адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
ету мәселесі бойынша ұйымдардың шешімдері халықаралық құқықтың қайнар көзі
болып табылады.
Халықаралық іс қағаздарға белгіленген адам құқықтары каталогы ұзақ тарих
и қалыптасудың этолондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі
демократияның нормасы ретінде қалыптасты. Тұлға мен билік арасындағы қарым-
қатынастардың әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болды. Қоғам пргресі
мен адамның дамуы, бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін жетеу
талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік
әрекетінен адамдарды сақтау, тұлғаға барынша өз тағдарын өзі шешу кең түрде
мүмүкіншілік беру айқын көріне бастады.
Дегенмен V-IV ғасырларда ежелгі полюстерде демократия идеясы мен
азаматтық алғаш рет дүниеге келген жерде адам құықықтары тұжырымдамасының
пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкенн қозғалыс болды.
Ежелгі полюстерде шектеулілігіне қарамастан, мұндай институт тек
мәдениеттің жұмыс істеуі мен дамуының бір құралы болып табылады.
Алғашқы кезде заңның құынына, заңдылыққа ерекше көңіл бөлген азаматтық
туралы, адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске дешен қамқорлық
теория жүзінде пайда бола бастады. Келесі қоғамның дамуы адам құқықтары мен
заңның үстемдігі бір – бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Бұл ежелгі
ойшылдардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы үдемелі
дамуының белгісі болды. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтары үшін,
бостандықтары үшін кеңеюі және баюы үшін болған күрестің нәтижесі еді.
Гуманистік иігіліктің алтын қорына енген адам құықықтары тұңғыш рет Ұлы
бостандық хартиясында (1215 ж.) мамұндалып, ағылшындардың құқықтары туралы
билльмен (1689 ж.), Егемендік деклорациясымен (1776 ж.), американдықтардың
Құқықтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары
деклорациясымен дамытылды. 212 бап бұл игіліктердің генезисін көре тұра,
адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі
гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен теңдіктің жорамалдарын
қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске
түсірмеуге болмайды.
1919 жылы Ұлттар Лигасының жарғысы адам құқықтарын жинайтын жалпы
ережелерді қосқан жоқ. Ол кезде адам құқықтарын халықаралық түрде қорғау
туралы ойды Ұлттар Қауымдастығы мойындаған жоқ еді, сонымен қатар ол
келісімнің құрастырушылары оған үлкен мән берген жоқ. Бірақ ол келісімде
адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына әсер ететін екі ереже
болды. (22 және 23 баптар).
22 бапқа сәкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі
құрылды. Бұл ереже тек бірінші динежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар
мемлекеттеріне ғана қолданылды. Бірақ қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер
Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құрылып, ол мемлекеттердің басқаруын
жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың
міндеттері қалай орындаған жөінінде баяндайтын.
Лиганың ыдырауы мен бұл мандарттар жүйесі де жойылды.
Ұлттар Лигасы жарғғысының 23 бабы әйелдерге, ерлергежәне бабалларға
әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге
арналған. Соымен қатар, бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халақаралақ
ұйымдарыд құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта
құрылған Халықаралық еңбек ұйымы өзіне алды. Халақаралық еңбек ұйымының заң
шыау міндеті және оның құрған халықаралық еңбек шарттары мен адам құқықтару
туралы халықаралық заңдардың дамуына үлкен үлес қосты.
Сонымен қатар, Ұлттар Лигасы азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйенің
дамуына үлкен рөл атақарады. Бұл өкілеттікті Ұлттар Лигасы бірінші
Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қол қойылған келісімдер арқылы алды. Сол
соғыстың салдарының бірі, Еуропа мен Таяу Шығыстың саяси картасының өзгеруі
болды. Жаңа мемлекеттер пайда болып, көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздігін
алды. Көпшілікте олардың құрамына этникалық, тілдес мәдени азшылықтар
кірді. Жаңа саяси тәтіптің болуы олардың мәдени өмір сүруіне қауіп-қатер
туғызады деген байсалды, тарихи күмән болды. Сол үшін жеңуші державалар
одағының өкілеттіктері, жаңа мемлекеттердің өздерінің этникалық тілдік,
діни құқықтарын қорғайтын арнайы келісім шартқа қол қоюды кеуделеді. Бұндай
келісім шарттарға қол қойылды. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйені
қолданатын мемлекеттер азшылық жөніндегі кемсітушілікке жол бермеуге,
азшылықтың этникалық, діни, тілдес бірлестігін сақтап қалу үшін ерекше
құқықтар беруге міндеттенеді.
Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттемелерін орындауына
кепіл береді.
Азшылық құқықтарын қорғайтын жүйе Ұлттар Лигасымен бірге жойылды.
Сонымен, халықаралық құқықтардығ ішінде түрлі топтардың құқықтарын
институттар мен докториналар пайда болды. Халықаралық құқықтардың бұл
аспектілердің теория мен іс жүзінде қолданылуы, адам құқықтарының дамуына
концептуалды және институционалды негіздер қалды.
Бұл құқық саласының дамуына ежелгі гректік көзқарас бойынша адам
құқықтарын қалыптастыру жалпы мифалогиялық арнада ұсынылып, полис (қала-
мемлекет) және оның заңдары діни шындыққа сүйенуі еді. Құқық жалпы алғанда
әр адамның құқығы полсиқа мүшеліктен шығу, тиімді ұсыныстарға сүйене күште
емес, ал діни шындық тәртіпте деген.
Гемерлық греция кезеңінде (б.з.д. 2000 мыж жылдық аяғы) жллиндер
төмендегі түсініктерге сүйене келген, мысал, дике (шындық, әділдік),
темис (әдет-гұрып, әдеттегі құқық), тиме (жеке, намыс) номас(заң).
Құдайшылық өзінің табғи әділдігі Гомерға құқықтық критерия және
объективті негіз сапасында еді. Сол кездегі көзқарас бойынша әділдік құқық
сияқты қабылданған еді. Тек лигитемациялық контекстің ұсыныумен әділдік
туралы (дике) немесе басқа да талаптар құқықпен танылап және әдеп-ғұрыпттан
шыққан (темис).
Бірдей әділдік идеясы, полис және звң Гесиодтың (Б.з.д. VII ғасыр).
Теогония және Труды и дни поэмаларында айқын көрініс табады.
Гесиодтың пікірінше әдлідік (дике) және ізгі заңдылық (эвномия) – бұл
әпкелі - әйел құдай Фемида деп көрсеткен. Осы діни анықтау бойынша,
Гесидоттың ойынша шындықты кулак алмастырады, күш өқайда болса құқықта
бар.
Гесиодтың поэмасында сол уақыттағы қоғамдық-әлеуметтік индивуалдық-
адамдық бастаудың күшеюі куәландырылған. Құқық әрқашан және әрбір жерде
адам құқық субъектілігіне, тұлға еркіндігіне ұйғарылады. Әйгілі Антикалық
философияны және әлеуметтік-құқықтық ойды зерттеуші Эрист Кассиер бұл бағыт
бойынша өзінің көзқарастарын ұсынған.
Құқық жалпы алғанда әрбір адамның құқығы жалпы норманың болуымен әрекет
етеді. Бәріне субъективті шамада тыйым салынған және рұқсат етілген,
еркіндіктің тең шамада болуы өз құқықтарын қорғаудағы негіздердің бірі
ретінде қарастырылған. Осы орайда елеулі құқықтық мағынаға ие пікір жеті
данышпанды ондағы әрбір істегі шама және ортаны нақты керекті
мәнділігін сақтау болып табалады.
Жеті данышпанның бірі Солон (б.з.д. 638-559 ж.ж.) Ол белгілі Афины
мемлекетінің қайраткері және заң шығарушысы болған. Өз ұсыныстары аясында
Солон ұзақ уақытқа созылған құлдықты жоқ етіп, Афиныда біркелкі цензоварлық
демократияны құруды басты мақсат етті.
Ежелгі гректік ойылдарының барлық адамның еркіндігі мен теңдігі жайлы
ойларын ары қарай Ежелгі Римде өз жалғасын тапты. Ежелгі Римде Табиғи
құқықта мемлекет туралы оқу бойынша көзқарастарды адам құқықтары және сол
салада заңды тұрғыда қарасытырған Цицерон (б.з.д. 106-43 ж.ж.)
Құқықтың негізінде Цицеронның айтуынша, құқықтық шындық орын алды.
Оның айтуы бойынша құқық адам шешімімен ұйғаруынан емес, табиғат пен
орнатылды. Егер қолданылатын құқық халық қалауы бойынша орнатылса,
сот ұйғарымдарының бәрі тегі шындықта, әділдікте болуы керек деген.
Халықпен орнатылған заң заңсыздықтан заңды құру немесе мейірімділік пен
өшпенділік, шындықтан масқара болу сияқты табиғи құқықта орын алмаған
жәйттердің өз алдына бет алуына жол бермеуі керек.
Рим заңгерлерінің негіздеуінше шындық мемлекеттер мен индивиттер арасында
жөні бар және дұрыс қатынастар құқық болып табылады, ал мемлекет бұл жерде
құқықтың жалпы барлық талаптары үшін құқық тыңдаушылық субъект болып
табылады.
Сонымен, римдік заңтану, бірдей құқық түсінігінде мемлекетке таралып ішкі
арақатынасты түсіндірді.
Орта ғасырларда бұл бағыттың дамуында орта ғасыр ойшылдары ойдың
еркіндігін, барлығының теңдігін заң алдында қорғаған. Антикалық ойлардың
мағынасы хрестианствада орын алды. Құл иеленушілік бет ала бастағанда
хрестианстова адам құқықтарын қорғау жөнінде әмбебапты түсініктерді берді.
Хрестианстваға сәйкес халықтың бәрі тең деп көрсеткен.
Келе келе құқықтың бұл тармағы бойынша бірнеше актілер қабылданып, адам
құқықтары құқықтық реттелуге ие болды. Айта кететін болсақ: Еркіндіктің Ұлы
Хартиясы (1215 ж.); Құқық туралы Петиция (1628 ж.), Habeas Corpus Act (1679
ж.), құқық туралы Билль (1689 ж.), Вирджинии құқықтары туралы американдық
Деклорация (1776 ж.), АҚШ тәуелсіздік Деклорациясы (1776 ж.), адам
құқықтары мен азаматтық туралы Француз Декларациясы (1789 ж.), адам
құқықтары туралы Жалпы Декларация
(1984 ж).
2. Қазақстан тарихындағы адам құқықтары
Қасиетті қазақ елі көнеджен көксеген өз тағдырын өзі шешуге мұрсат
ететін егемендік пен тәуелсіздіктің төбесіне жеткелі бері ұрпақтан ұрпаққа
мұралық тарихи құндылықтарымызды зерделеуге, жар салып жариялауға
мүмкіншілік туды. Әсіресе, зұлмат кеңес үкіметі тұсында үстемдік дара да
соқыр идеологияға нақақтан-нақақ бұрмаланып, тұспа-тұстандырған ұлттық
мұрағатымызды қайта жаңғыртуға қолайлы жағдайлардың орайы келді. Осындай
жаңа леп пен үрдістің нәтижесінде отандық ғылым атаулы салалар дерлігін
зерттеуші-ғалымдардың қосқан үлесі ауызға толтырып айтарлықтай. Десек те,
қоғамдық құбылыстардың төрінде орын алған өзекті мәселелердің саны көбейіп,
кезек күттірмейтін сапалық ғылыми тұрғыдан да зер салудың артық болмастығы
даусыз жағдай.
Мемлекеттің террриториясы – кез-келген мемлекеттің материалдық базасы.
Ол мемлекеттің өмір сүруі мен әрекет етуінің табиғи, тіпті, қоғамдық шарты.
Сол себепті елдің аймақтық біртұтастығын, шекарасын қорғау және ішкі
құрылыс тәртібінің мызғымастығын қамтамасыз ету қазіргі заманда көбінесе
мемлекет функцияларының біріне, ал дәстүрлі қазақ қоғамында мемлекеттік
(хандық) биліктің құрылымдық, дәнекерлік сипаттағы басымдық көрсететін
әскери билігіне жүктелген. Жалпы дәстүрлі (көшпенді) ортада әсер атушә
сырты және ішкі факторларға байланысты әскери биліктің өзге функциялардын
әрқашан да үстем болуы өзінің заманына лайықты қоғамдық құбылыстардың
заңдылығына, дәстүрлі үрдісіне айналған.
Заң ғылымының докторы, профессор З.Ж. Кенжалиев: Әрине көпелілер
қоғамында мемлекеттік билікке қазіргі заман түсініктерін және ұғымдарын
тұтастай қолдану мүмкін емес, олар мінсіз методологиялық қағтидалар талабын
орындай алмайды. Бұл мәселеде аса сақ болған, аяқты аңдап басқан жарасады.
Өйткені, жалпы қоғамдық өмір сияқты мемлекеттік билік салаларында бұл
кезде және сол қоғамды жымдасқан түрде, ажырамаған тұтас қалыпта болатын.
Олар бір-бірімен араласып, бірін-бірі жалғап және жалғастырып қызмет
істейтін деп жөн көрсетеді. Дегенмен де көпелі қазақ жұртында мемлекеттік
билік салалары арасында әскери биліктің бойшаңдығы мен пәрменділігі
қоғамдық санадағы құрметтілік көзқарастан бастап дәлелді екені айқын.
Дәстүрлі қоғамның өзі саяси, әлеуметтік жәнее мәдени дамуы дәстүрлі
құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен
ерекшеленетін әлеуметтік орта деп танылса, аталған құндылықтардың біріне
көшпелілікке тән қоғамдық факторлардың әсер етуінен туындайтын әскери
билікті, тіпті соған байланысты халық психологиясында жартылай тұрмыстық
сипатқа ие болған әскери саладағы жетістіктерді де (әскери іс, өнер,
ұйымдастыру және т.б.) жатқызуға болады.
Халық бірден-бір қайнар көзі болып таблатын сан-салалы, өзара
үйлесімді биліктер (хандық, сот, халық т.б.) табиғатының мақсаты – қоғамдық
тұрақтылықты қамтамасыз ету болса, әскери биліктің маңызды да қосымша
мақсаты – сырты қауіпсіздікті қамту. Демек, әскери билікті мемлекеттік
биліктің бір құрамдас, дәнекер бөлігі ретінде толық іс жүзіне асыратын
бірден-бір тетігі, құралы деп қарастыру керек.
Әскери биліктің халық санасына, саяси болмысына, әлеуметтік тұрмысына
әсер етуі соншалықты, әскери саладағы тәжірибелер жетістіктерге,
құндылықтарға (рухани, материалдық) иек артып жаңа қоғамдық құбылыс,
мәдениет саласының ерекше нысаны – дәстүрлі әскери мәдениеттің қалыптасуына
себепкер болды. Мәдениет ұғымына мейлінше кең көзқарас оны жалпы адамзат
дамуының ішкі мазмұны, жетістігі және мақсаты деп қарастыруға саяды. Яғни,
бұл тұрғыдан алғанда Адам және Мәдениет екеуі егіз ұғым, бірінен-бірі
бастау алып және біріне-бірі сіңіп жатқан құбылыстар. Тіптен адам және оның
іс-әрекеті Мәдениет ұығымының негізгі компоненті боп есептеледі. Осы
контекст аясына дәстүрлі қоғам, мемлекет әскери жүйесінде адамзаттың
этникалық-моральдық, физикалық-эстетикалық іс-әрекеттерді рухани (әскери
тәртіптілік; туған жерге, халқына сүйіспеншілік (патриоттық) сезім; ерлікті
батырлықты құрметтеу, марапаттау (жыр, өлең, аңыз, ертегі, дастан т.б.))
және материалдық (әскери құрал-сайман, қару-жарақтарды әшекейлеу, өнерлеу;
бастапқы объектілердің (қамал, қорған) кейін мәдениет ошақтарына (қалаға
қыстаққа) айналуы) мәдениеттің қалыптасуына біршама ықпал етті деп
қарастыру абзал.
Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқық нормаларының нысандары –
жолдар, жарғылар, ережелер, яғни заңдар әскери билік, жүйе аясына
жауапкершіліктік көзқарасты қалыптастыру үшін қоғам мүшелерінің жүріс-
тұрыс, мінез-құлықтарын реттеуші міндеттер мен құқықтарын белгілеген.
Айталық, Қасым ханның қасқа жолы (1511-1523) мен Есім ханның ескі жолы
(1598-1645) құқықтық құжаттарында қамтылған бес саланың бірі әскери заңға
(аламан міндеті, қосын жасау, қарақазан, ердің құны,тұлпар ат) ал мән-
мазмұны жағынан бай, құрылымы тарапынан сан-салалы, көлемі жағынан мол,
жоғарыда айтулы Тәуке хан тұсында қабылданған Жеті жарғы жеті саласының
бірі әскери бағытқа арналған. Өз кезінде әскери билік қызметі әр салаға
қатысты қоғамдағы дәстүр құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында
әлсіздеу болса да қосымша ішкі үйлесімдікті сақтау (полициялық) функциясын
атқаратын хандық және халық жасақтарының қосқан үлесі зор болған.
Адам құқықтары Тәке ханның жеті жарғы заңында реттелген. Заңда
жоғарғы жеткілікті деңгейде қазақ қоғамының құқық танымдылығы туралы
айтылған. Қазіргі заманға сай тілде өмір сүруге, мүлікке отбасы мәселеріне
қатысты құқықтар орын алған.
Қазақ әлеуметтік құқығы хандар институтын таңдауда пайда бола
бастаған. Атап өтетін жай, хандар билігі ұрпақтан-ұрпаққа емес, ал таңдауға
негізделмей, хан немесе басқа да құрылымдық биліктің бекітуінсіз адам би
атанған еді. Би атағын алу үшін соттық әдет – ғұрыпты тең тану мен қатар
орталық қабілетке ие болуы керек.
Билер институты ұжымдық және индивидуалды құқық бұзушылықтан туындаған
дауларға байланысты әкімшілік және соттық билігін жүзеге асырған.
Билер сотының демократиялылығы адам құқықтарын қоғау институты сияқты
пайда болған. Егер істі шешуде биге байланысты қандай да бір күмән
тудырылса талапкер мен жауапкер басқа биді таңдап алуға құқылы болды.
Кеңестер одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан басқа мемлекеттер сияқты
жалпы адамзаттық құндылықты және демократиялық институтына өтеуге
байланысты өз мақсатын жария етті. Қазақстан бұл жайында өз
Колнституциясының бірінші бабында біз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
мемлекетпіз, бдіздегі негізгі байлық адамның өмірі, құқығы және еркіндігі
деп айтып өткен.
Қазіргі таңда Қазақстан Републикасы адам құқықтарын негізгі орында 10
желтоқсан 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы юолып
саналады. Қазақстан Републикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде бұл
құжат зор маңызға ие.
Қазіргі таңда Қазақстан Републикасында Адам құқықтары мен негізгі
еркіндіктеріне халықаралық негізде талдау жасаған, осы счалада қабылданған
халықаралық құжаттарды ғылыми түрде терең және жан-жақты зерттеуге басшылық
көрсеткен, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Републикасы
Президенті жанындағы адам құқықтары жөгніндегі комиссия мүшесі М.А.
Сарсембаев.

Конвенциясы
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, жеке адамның мәртебесін
айқындайтын институттар мен нормалар, ұйымдар құрыла бастады. 1950 жылы
құрылған Еуропа кеңесі осындай ұымның бірі болып табылды. Осы айтақтық
ұйымның аясында адамның құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропа Кеңесінің
қыцзметтері негізделетін негіз қалаушы құжаттар қабылданды, олар: Адам
құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа әлеуметтік
Харитясы.
Құжаттардың болашақтағы жобаларын талқылаған кезде келісімге
қатысушылар Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында аталып өткен
кейбір құқықтарды да жүзеге асыру үшін алғышқы қадамдарды жасауды
өздерінің алдына мақсат етіп қойды. Еуропа Конвенциясында Жалпыға бірдей
Декларация мен адам құқықтары туралы Фактілерде бекітілген құқықтары
Еуропалық құжаттардың ұдайы жаңа құжаттар мен дамытылып және толықтырып
отыратыны олардың талас тудырмайтын артықшылықтары болып табылады. Мәселен,
конвенциялардың қосымша хаттамаларында азаматтық және саяси құқықтардың
барлық жүйесі толық қамтылған деуге болады.
Еуропа Конвенциясы имплементация тетігін жасап шығарды, яғни
халықаралық – құқықтық нормалар жүзеге асуы үшін халықралық-құқықтық және
ұлттық нормаларды жүзеге асыру керек, сондай-ақ жүзеге асыру үшін белгілі
бір жағдайларды жасау қажет. Имплементация тетігін жүзеге асыру екі органды
құрудан көрінеді – Адам құқықтары жөніндегі Еуропа комиссиясы және адам
құқықтары жөніндегі Еуропалық сот.
Бұл органдарға мемлекеттің де, жеке адамдардың да шағымдарын қарау
үшін өкілеттік берілген. Дегенмен, шағымдарды қарау рәсімі күрделі болып
келеді. Мысалы, Комиссия құқықтық қорғаудың барлық ішкі мемлекеттік
құралдары толықтайә қолданылған және ұлттық деңгейде шешім қабылдаудың алты
айлық мерзімі өтіп кетпегенін анықтауы тиіс. Еуропа Кеңесіне қабылданатын
кезде оның Еуропалық Конвенцияға қосылуы, сондай-ақ прецеденттік құқықтан
келіп шығатын ұлттық заңдарына қажетті өзгерістер негізуі керек болды.
Прецеденттік құқық Еуропа кеңесі қабылданған құжаттардың негізі болып
табылады.
Адам құқықтары туралы Еуропа Конвенциясы және Еуропа әлеуметтік
Хартиясы Еуропа адам құқықтарының жоғарғы деңгейде қорғалуын қамтамасыз
етеді, олардың қорғалуының аймақтық және әлемдік стандарттарын айқындайды.
Адамының балалық шағында болашақ азаматтыңі ең жақсы адами және
психологиялық мінездемелері қалыптасатындықтан, халықаралық қауымдастық
балалардың ерекше құқықтарының қорғалуына көңіл аударды. Біріккен Ұлттар
Ұйымы 1959 жылы Бала құқығы туралы Декларация қабылдады, ол жоғарыда айтып
өткеніміздей ұсыныстық сипатта болды. Онда балалардың жағдайын жақсарту
жөніндегі негізгі идеялар көрініс тапқан. Кейінірек атап айтқанда, 20 жыл
өткен соң бала құқығы туралы Конвенцияның жоюасымен жұмыс істеу басталады.
Адам құқықтары туралы Еуропа Конвенциясының 19-бабына сәйкес екі түрлі
бағыт бойынша өз қызметін жүзеге асырады:
- Адам құқықтары бойынша Еуропалық Комиссия;
- Адам құқықтары бойынша Еуропалық Сот;
Адам құқықтары бойынша Комиссия құрамы Жоғарыда Келісуші Тараптар
санымен тең болады. Бір мемелекеттің екі азаматы Комиссия мүшесі бола
алмайды.
Комиссия пленарлық отырыс аясында жұмыс істейді. Ол өз алдына
құрамында жеті адаманан кем болмайтын Палаталардан құра алады. Құрылған
Палаталар осы Конвенцияның 25-бабына сәйкес, аса күрделі сұрақтарға
байланысты емес осы Конвенциямен талқыланатын сот тәжірибесінде
петицияларды қарастыра алады.
Сонымен қатар Комиссия құрамы үш адамнан кем болмайтын комитеттерді
құруға мүмкіндігі бар. Палата немесе комитет кез-келген уақытта өзінің
юрисдикциясынан комиссияның пленарлық отырысы пайдасында бас тарта алады.
Тек комиссияның пленарлы отырысы келесі:
- Осы Конвенцияның 24-бабына сәйкес арыздарды қарау;
- Осы Конвенцияның 48-бабына негізделіп істі сотқа беру;
- 36- және 21баптар негізінде орындалу ережесін құру
өкілеттіліктерді жүзеге асыра алады.
Комиссия мүшелері тізімнен абсолютті дауыстың көпшілігі мен Министрлер
Кабинетімен сайланады. Әрбір жоғарыда келісуші тараптар Парламенттік
Ассамблечяда өзінің үш кандидатын олардың ішінде осы топ таныстыратын
мемлекет азхаматтары болады.
Ұсынылған кандидаттар жоғары моральды сапаға және талаптарды
қанағаттандыратын, жоғары соттық қызмет барысында немесе ішкі я болмаса
халақаралық құқықта танылған беделді тұлға болуы керек.
Комиссия мүшелері алты мерзімге сайланады. Олар қайта сайлау құқығына
да ие. Бірінші сайлауда таңдалған жеті мүше өкілеттілігі таңдалған сәттен
бастап үш жылдан кейін тоқтатылады.
Еуропа Кеңесінің Бас Хатшысына әр қандай тұлғадан келіп түскен
петицияларды қабылдайды. Бұл петициялар мазмұны жағынан Жоғары Келісуші
тараптар арасындағы құқық бұзушылық салдарынан туындауы мүмкін. Келіп
түскен арыз Еуропа Кеңсеніңс Бас хатшысында сақталып, көшірмесі Жоғары
Келісуші Тараптарға беріледі және жария етіледі.
Барлық қарыстырылған істер комиссиямен достық қатынаста шешіліп жақсы
жетістікке жеткен жағдайларда ол баяндама жасап, қызығушы мемлекеттерге
жолдайды ал Министрлер Коммитеті мен Еуропа Кеңесі хатшысына жария етуге
жібереді.
Адам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясының тағы бір бағыты Адам
құқықтары бойынша Еуропалық Сот.
Адам құқықтарын қорғаудағы Еуропа Сотының құрамындағы судьялар саны
Еуропалық Кеңес мүшелерінің санымен тең болуы керек. Соттың мүшелері
Еуропалық Кеңес ұсынған тізімдегі тұлғаларды басымды дауыспен Парламенттік
Ассамблеяда сайланады. Әр кеңестің мүшелері үш кандидатын ұсынады, олардың
ішінде кем дегенде екеуі сол мемлекеттің азаматы болуы керек.
Ұсынылған кандидаттар жоғары моральды сапаға және талапты
қанағаттандыруға ие болып, жоғарғы судьялық қызметті немесе әйгілі заңгер
болуы керек. Соттың мүшелері тоғыз жылдық мерзімге сайланады. Бірінші
құрамдағы соттың төрт мүшесінің құзіреті үш жылдан кейін аяқталады, ал
қалған төрт мүше алты жылдан кейін ауысып тұрады. Олар қайта сайлана алуға
мүмкіндігі бар.
Бірінші сайлау аяқталғаннан кейін қай судьяның құзіретіне үш немесе
алты жыл болып, өкілеттілігінің аяқталуына Еуропалық Кеңестің Бас Хатшысы
анықтайды.
Басқа мүшесінің орнынан ауыстырылуы үшін таңдалған Сот мүшесі,
өкілеттілігі әлә аяқталмаған жағдайда оның ізашарының қалған мерзімі
барысында бұл постты иеленеді. Сот мүшелері Сот жұмысы барысында өзінің
жеке сапасымен қатысады. Сот бірінші Төрешіні және бір немесе екі Төреші
орынбасарын үш жылдық мерзімге сайланады. Олар қайта сайлау құқығына ие
бола алады. Сот мүшелері әр күніә орындалған функцияларына Министрлер
Коммитеті тарапынан бекітілген сыйақы алады.
Шешім, соттық және Жоғарғы Келісуші Тараптардың ұйымдарымен
қабылданған жағдайда, толық немесе ішінара қайшылық міндеттемеле,рін егер
Сот бекітсе, осы Конвенцияға негізделіп залал келген тарпқа әділ шешімнің
бет алуына көмектеседі. Соттың шешімі дәлелді болуы керек. Егер Сот
шешіміне толығымен немесе бір бөлігінде судьялардың бір ауыздылығы пікірі
болмаса, олардың ішінен біреуі өзінің ерекше пікірін ұсыну құқығына ие.
Сот шешімі аяқталмаған болып табылады.
Сот Министрлер Каммитетіне қадағалау және орындалу үшін жіберіледі.
Сот өзінің жеке қағидалары мен өзінің жеке сот жүргізу барысын анықтайды.
Сот және Коммитет шығындарын Еуропа Кеңесі өз мойындарына алады.
Комиссия және Сот мүшелері Еуропа Кеңесінің Статусының 40-бабына
сәйкес өз қызметтерін жүзеге асыру барыснда артықшылар мен иммунитететрге
ие болады.
Конвенцияның әрекет етуі қатысушы мемлекеттер территорияларында
көрсетілген хабарлама негізінде, отызыншы күненн бастап Еуропа Кеңесінің
барлық мүшелеріне Конвенцияның күшіне енуін, Жоғарғы Қатысушы тараптар
туралы, оны бектікендерге, оны бекіту грамотасы туралы хабарлайды. Бұл
конвенцияның 1950 жылы қарашаның төртінші күні Римде ағылшын және француз
тілдерінде қабылданды. Екі тілде Конвенцияның текстінің аутентикасы тең
болып саналды. Бір ғана түпнұсқа мен Еуропа кеңесінің архивінде сақталуда.
Бас хатшылық Конвенциға қатысушы әрбір мемлекетке аяқталған көшірмесін
жібереді.
2. Еуропа әлеуметтік хартиясы
Еуропа Кеңесінің алдындағы негізі мақсаты, адам құқықтары мен
негізгі бостандықтарын одан әрі жақсарту, оның экономикалық және әлеуметтік
прогресмін жңілдету болып табылатындығы бәрімізге анық.
Жоғарыда атап өткеніміздей 1950жылы Римде қабылданған Адам құқықтары
бойынша Еуропа Конвенциясына барлық мемлекеттер қатысуға және құжатқа
негізделіп өз халқының құқығын қорғауды мақсат тұтып, оған қосылған мәлім.
Ескере отырсақ Еуропа әлеуметтік Хартиясында да, тұрғылықты халықтың
әлеуметтік құқықығын қамтамасыз ету мәселелері тікелей бет алып отыр.
1990 жылы Римде болып өткен адам құқықтары бойынша министрлер
Конференциясында Хартияда қажетті көңіл аударатын мән-жай бір жағынан адам
құқығының бөлінбес мазмұнынын, әлеуметтік, экономикалық азаматтық және
мәдени құқықтарын сақтап қалу, ал екінші жағынан Еуропа әлеуметтік
Хартиясына жаңа импульс беру деп көрсетті. 1991 жылы 21-22 қазан туринде
болып өткен министрлер Конференциясында Еуропа әлеуметтік Хартиясының
мәтінін қайта өзгертуді ұсынды. Тараптар өзінің саяси мақсаттарын
халықаралық және ұлттық жолмен пайдалануды төмендегі көрсетілген құқықтар
мен принцптер арқылы таниды:
- Өз мамандығын еркін таңдау жол бойынша таңдап, өміріне қажетті
жұмыс ақын алуға ие;
- Барлық жұмысшылар жұмыс шарт шындық құқығына ие;
- Барлық жұмысшылар жұмыс шартында денсаулық пен қауіпсіздік
құқығына ие;
- Балалармен жас өспірімдер моральді және дене туекелдерінен арнайы
қорғау құқығына ие;
- Жұмыстағы әйелдер мен аналар ерекше қорғау құқығына ие;
- Әректке қабілерсіз тұлғалар тәуелсіз, әлеуметтік интеграция және
қоғамдық өмірге қатысу құқығына ие болады.
Хартия бойынша жұмыс істеуге деген құқық жұмысы мен жұмыс беруші
арасында заңға сәйкес, жұмысшының денсаулығына зиян келмейтін, оның
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болуы тиіс. Жұмыс барысының шектен тыс
шықпауы, егер жұмысшы жұмыс істеп жүрген кәсіпорын банкротқа ұшыраса,
жұмысшы кәсіпорын иесінен шартта көрсетілген құқықтары бойынша талаптар қоя
алады. Ал кәсіпорын бұндй жағдайларда жұмысшсның құқығын кепілденген
институттар мен немесе қорғаудың басқа да нысандарымен қамтамасыз етеді.
Барлық қарастырылған істер Комиссиямен достық қатынаста шешіліп жақсы
жетістікке жеткен жағдайларды ол баяндама жасап, қызығушы мемлекеттерге
жолдайды, ал Министрлер Комитеті мен Еуропа Кеңесі хатшысына жария етуге

құқықтары бойынша Еуроплық Сот.
Адам құқықтарын қорғаудағы Еуроплық Соттың құрамындағы судьялар саны
Еуроплық Кеңес мүшелерінің санымен тең болуы керек. Соттың мүшелері
Еуроплық Кеңес ұсынған тізімдегі тұлғаларды басымды дауыспен Парламенттік
Ассамблеяда сайланды. Әр Кеңестің мүшелері үш кондидатын ұсынады, олардың
ішінде кем дегенде екеуі сол мемлекттің азаматы болуы керек.
Ұсынылған кандилаттар жоғары моральді сапаға және талапты
қанағаттандыруға ие болып, жоғары судьялық қызметтегі немесе әйгілі заңгер
болуы керек. Соттың мүшелері тғы жылдық мерзімге сайланды. Бірінші

қалған торт мүше алты жылдан кейін ауысып тұрады. Олар қайта сайлана алуға
мүмкіндігі бар.
Бірінші сайлау аяқталғаннан кейін қай судьының құзіретіне үш немесе
алты жыл болып, өкілеттілігінің аяқталуын Еуроплық Кеңестің Бас Хатшысы
анықтайды.
Басқа мүшенің орнына ауыстырылуы үшін таңдалған Сот мүшесі,
өкілеттілігі әлі аяқталмаған жағдайда оның ізашарынаң қалған мерзімі
барысындабұл постты иеленеді. Сот мүшелері Сот жұмысы барысында өзінің жеке
сапасымен қатысады. Сот бір Төрешіні және бір немесе екі Төреші орынбасрын
үш жылдық мерзімге сайланады. Олар қайта сайланы құқығына ие бола алады.
Сот мүшелері әр күні орындалған функцияларына Министрлер Комитеті тарапынан
бекітілген сыйақы алады.
Әлеметтік остракоизм мен кедейлікті қорғау құқығын
қорғауда.Тараптар: Әлеметтік остракоизм мен кедейлікте өмір сүріп
жатқандарға тұрғын үймен, медициналық көмек көрсету және мәдени
құндылықтарын құрметтеуде, олардың оқып білім алуы үшін жағдайлар жасаумен
міндеттенеді.
Хартия Еуропа Кеңесінің барлық мүшелріне қосылуға және оны
ратификкациялауға ашық. Бекітілген грамоталар немесе қабылданған туралы
актілер Еуропа Кеңесінің Бас Хатшылығы депозитариясында қолданылады. Кмінле
екі жылдан кейін Тараптар Хартияны демонсациялай алады.
3. Еуропада және Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде адам құқықтарын
қорғау жөніндегі ұйымдар
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, жеке адамның
мәртебесі айқындайтын әмбебап инситуттарымен қатараймақтық инситуттар мен
нормалар, ұйымдар құрыла бастады. 1950 жылы құрылған Еуропа Кеңесі осындй
ұйымның бірі болып табылады. Осы аймақтық ұйымның аясында адам құқықтарын
қорғау жөніндегі Еуропа Кеңесінің қызметтері негізделетін негіз қалаушы
құжаттар қабылданды, олар: Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау
туралы Еуропа конвенциясы және Еуропа әлеуттік Хартиясы.
Құжаттардың болашақтағы жобалрын талқылаған кезде келісімге
қатысушылар адам құқықтарын жалпыға бірдей Деклорациясында аталып өткен
кейбір құқықтарды жүзеге асыру үшін алғашқы қадамдары жасауды өздерінің
алдына мқсат етіп қояды. Еуропа конвенциясында жалпыға бірдей Декларация
мен адам құқықтары туралы Пактілерде бекітілген құқықтары Еуропалық
құжаттарды ұдйы жаңа құжаттармен дамытылып және толықтырып отырылатыны
олардың талас тудырмайтын артықшылықтары болып табылады. Мәселен,
ковенцияладың қосымша хаттамаларында азаматтық және саяси құқықтардың

Еуропа конвенциясы имплементация тетігін жасап шығарды, яғни
халықарлық – құқықтық нормалар жүзеге асуы үшін халықаралық – құқықтық және
ұлттық нормаларды жүзеге асыру керек, сондай – ақ жүзеге асыру үшін белгілі
бір жағдайларды жасауға қажет.
Бұл органдарға мемлекттердің де, жеке адамдардың да шағымдарын
қарау үшін өкілеттілік берілген. Дегниен, шағымдарды қарау рәсімі күрделі
болып келеді. Мысалы, Комиссия құқықтық қорғаудың барлық ішкі мемлекеттік
құралдарды толықтай қолданылған және ұлттық деңгейде шешім қабылдаудың алты
айлық мерзімі өтіп кетпегенін анықтау тиіс. Еуропа Кеңесіне мүше болу үшін
адам құқытары мен мүдделерін қорғаудың тиімді тетігін, сондай – ақ олардың
кепілдік жүйесін қалыптастыру талап етіледі.
Мемлекет Еуропа Кеңесіне қабылданатын кезде оның Еуропалық
Конвенцияға қосылуы, сондай – ақ прецеденттік құқықтан келіп шығатын ұлттық
заңдарына қажетті өзгерістер енгізуі керек болды. Прецеденттік құқық
Еуропа кеңесі қабылдаған құжаттардың негізі болып табылады.
Ұлттар лигасының жалғасы болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының
одан басты айырмашылығы да, осы адам құқықтарын қорғау мәселесіндегі
құрылысынан де ерекше көрінеді. Әсіресе өте маңызды ерекшелігі көп
жақтылығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің табиғи қозғалмалылығы .
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы осы халықаралық ұйымның көптеген институттары
мен мекемелеріне адам құқықтары саласында тікелей немесе қосымша рөлге ие
болуда. Осы негізгі мекемелерге қосымша ретінде тек адам құқықтары мен
негізгі еркіндіктері жөніндегі мекемелер мен институттардың көптігіне қарай
күрделене түсуі, адам құқықтары мәселесінің жан-жақтылығынан туған
қажеттілік.
Бас Ассамблея. Осы беделді халықаралық ұйымның құрылымына
тоқталатын болсақ, адам құқықтары мәселесін естен бір сәт шығармайтын
мекемелерінің ішіндегі ең басты да беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы екенін бәріміз білеміз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы – оның барлық мүшелерінен
тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы. 1944 жылы Думбартон-Оксте
өткен Кеңесте бас Ассамблеяның рөлі мен өкілеттіліктеріне көп назар
аударылды. Көптеген қызу таластан кейін, Ассамблея бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдау жөніндегі мәселелерді дербес қорғауға құқылы деп
шешілді. Сөйтіп, Қауіпсіздік Кеңесі ғана Бірікен Ұлттар Ұйымының Барлық
мүшелері үшін міндетті шешім қабылдауды және мәжбүрлеу шараларын қолдануға
құқылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының құқықтық
жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының IV тарауының 9-22 баптиарында
айқындалған. Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшесі болып табылатын әрбір мемлекет 5
өкіл, 5 орынбасар және кеңесшілер мен сарапшылардың қажетті санан ұсынады.
Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының шегінде көрсетілген немесе
Біріккен Ұлттар Ұйымының кез-келген мәселелер мен істерді талқылауға
уәкілетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің назарын халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп тқөндіретін жағдайларға, тек
Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына жататын жағдайларды қоспағанда аудара алады.
Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі және көмекші органдарының
жылдық және арнайы баяндамаларын қабылдайды және қарайды. Мұнан басқа, Бас
Ассамблея Ұйымының бюджеттен мамандандырылған мекемелердіәң кез-келген
қаржылық және бюджеттік келісімдерін қарастырады және бекітеді, мұндай
органдарға ұсынынс жасау үшін олардың әкімшілік бюджеттерін тексереді.
Бас Ассамблея жұмысын 17 орынбасары бар төраға басқарады. Бас
Ассамблеяның құрамында сессиялық және қосалқы органдар, бас комитеттер
болады. Мәселе, сессия және қосалқы органдарды Бас комитет және
өкілеттіктерді тексеру жөніндегі комитет ұсынады. Қосалқы органдар құрамына
комиссиялар және комитеттер кіреді. Мысалы, адам құқықтары комиссиялары,
отарсыздандыру жөніндегі, ғарыштық кеңестікті пайдалану жөніндегі,
қарусыздану жөніндегі Комитеттері. Бас Ассамблеяның құзіретіндегі 6 бас
комитеттің зор маңызы бар: саяси мәселелер және қауіпсіздік мәселелері
жөнінде, экономикалық және қражылық мәселелер жөніндегі, әлеуметтік,
гуманитарлық және мәдени мәселелер жөнінде, қорғаншылық және өзін-өзі
басқара алмайтын аумақтар жөнінде, әкімшілік және бюджеттік мәселелер
жөнінде, құқықтық мәселелр жөнінде.
Бас Аасамблея – сессиялық орган. Сессиялардың 3 түрі бар: кезекті,
арнаулы және төтенше. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының кезекті
сессиясы жыл сайын қыркүйек айының үшінші сейсенбісінде шақырылады. Арнаулы
сессия – егер Қауіпсіздік Кеңесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының көпшілік
мүшелері немесе арнаулы сессияны шақырту туралы талапқа Біріккен Ұлттар
Ұйымының бір мүшесінің қосылғандығы туралы ұйымның көпшілік мүшелері
хабарлаған кезде кез-келген мәселелер бойынша шақырылады. Мұндай сессиялар
сессияны шақырту туралы талапты бас хатшы алғанан кейін 15 күн ішінде
шақырылады.
Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде бойынша өзіне тән жұмысты жүзеге
асырады. Ал қандай да болмасын мәселені қарап талықылауда ол қашанда
жарғының 10 бабына сүйенеді. Жарғының 13 бабының 1 тармағына сәйкес,
баршаны нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан бірдей адам
құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда Бас Ассамблея жан-жақты зерттей
отырып, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.
Техникалық деңгейде Бас Ассамблеяның ұсыныстары мемлекеттерді заңды
түрде міндеттей алмайтындығына жоғарыда сараптама жсап өткен болатынбыз,
соған қарамастан, Ассамблеяның қаулы – қарарының күшін бағалауда, мүше
мемлекеттердің Біріккен ұлттар Ұйымы Жарғысының 55 және 56 баптарына сәйкес
негізгі міндеттемелерін, яғни Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықта іс-
әрекет жасау керектігін ұмытпаған жөн. Осы орайда Бас Ассамблеяның
ұсыныстарының мәтіні бұлтарыссыз, консенсус арқылы немесе ешқандай ала
ауыздықсыз қабылдаған сәтте әсері күшті. Бұған мысалы ретінде 1948 жылы
қабылданған Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей деклорацияны еске сала
кетуге болады.
Қауіпсіздік Кеңесі. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының келесі негізгі
мекемесі Қауіпсіздік Кеңесі туралы айтатын болсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының
бас органы, оның құрамында 15 мүшесі бар оның ішінде бесеуі тұрақты
мүшелері – Ресей, АҚШ, ҚХР, Франция, Ұлыбритания; оны тұрақсыз мүшелер,
олар екі жыл мерзімге мынадай квотаға сай сайланады: 3-орын Африка
мемлекеттері, 2-орын Азия мемлекеттері, 2-орын Латын Америка елдері, 2-
Батыс Еуропа, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия мемлекеттері, 1-орын Шығыс
Еуропа мемлекеттері. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негіздері
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының V тарауында айқындалған. Біріккен Ұлттар
Ұйымы Жарғысына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдау үшін басты жауапкершілік жүктелген әркет ететін орган болып
табылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz