Қазақстан Республикасы біртұтас, зайырлы мемлекет



Кіріспе
§1. ҚР құрылымына байланысты мемлекеттің біртұтастығы мен зайырлығы жөніндегі жалпы ұғым
§ 2. Қазақстан . демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет (Конституциялық және тарихи тұрғыда түсінік беру)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Конституциялық құрылыс қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық ұйымын, мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл ұғым Конституцияны, конституциялық және жай заңдарды жоғары санайтын мемлекеттерге ғана тән болмақ. Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негізгі қағидаттарға жататындар: 1) Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі); 2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; 3) Мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы пікір алуандығы; 4) Конституцияның үстемдігі мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдылығы; 7) Мемлекет тіл саясатының кепілдігі және өзгелер.
Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жалпы ережелер» деп аталатын І бөлімінде баяндалған. Азаматтық қоғам мемлекетті адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының мазмұнына саяси, экономикалық негіздер, әлеуметтік саясат негіздері, ішкі саясат негіздері енеді. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1,3,4,6,7,8,12,14 және 26-баптарында тұжырымдалған. Мысалы, Ата Заңның 1-бабының 1- тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демокркатиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», - деп жарияланған. Мұның өзі Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігінен туындайды. Демек, мемлекеттің басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етеді,-деген сөз. Біртұтас мемлекеттің тағы бір ерекшелігі сол, оның ұлттық пәтерлерге ыдырап кетпей, әкімшілік-аумақтық құрылысқа бөлінуінде.
Нормативтік құқықтық актілер:
1. “Қазақ Советтік Социалисттік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы”Жалпы Декларация, 1990 жыл 25 қазан.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, 1991 жыл 16 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.
4. “Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 1998 жыл 7 қазан
5. “Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының «Егемен Қазақстан» Астана, Ақорда, 2007 ж. мамырдың 21-і. №254-III ҚРЗ.
6. Сборник законодательных актов «10 лет Конституции РК» Алматы, 2005 г.
Оқу құралдары:
1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан-2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан, 11.10.1997ж.
2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 6 наурыз 2009 ж.
3. С.А. Табанов, А.Ә. Оразова «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының» (конституцияларының) Алматы, 2005жг.
4. «Конституционное право РК» Акадеимческий курс. Сапаргалиев Г.С.
5. «Конституционное право РК» Копабаев О.К., Копабаева А.О. Электронды кітап
6. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А., 1998г.
7. Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.
8. Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право РФ. М., 1996г
9. Коваленко А.И. Конституционное право РФ. М., 1995г.
10. Амандыкова С.К. Конституционное право РК. Караганда, 1998г.
11. Амандықова С.К. ҚР Конституциялық құқығы. Астана, 2001 ж.
12. Толковый словарь Конституции РК. Алматы, 1995г

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Конституциялық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасы біртұтас, зайырлы мемлекет

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2011

Жоспар:

Кіріспе
§1. ҚР құрылымына байланысты мемлекеттің біртұтастығы мен зайырлығы
жөніндегі жалпы ұғым
§ 2. Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
(Конституциялық және тарихи тұрғыда түсінік беру)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Конституциялық құрылыс қоғам мен мемлекеттің саяси және
әлеуметтік-экономикалық ұйымын, мұндағы жеке адамдардың Ата Заң
нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл
ұғым Конституцияны, конституциялық және жай заңдарды жоғары санайтын
мемлекеттерге ғана тән болмақ. Конституциялық құрылысты айқындайтын,
мемлекет пен жеке адамдардың азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан
туындайтын негізгі қағидаттарға жататындар: 1) Қазақстан халқының
толық билігі (егемендігі); 2) Қазақстан Республикасы аумағының
тұтастығы; 3) Мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы пікір
алуандығы; 4) Конституцияның үстемдігі мен бостандықтарының мемлекет
мүдделерінен басымдылығы; 7) Мемлекет тіл саясатының кепілдігі және
өзгелер.
Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының Жалпы
ережелер деп аталатын І бөлімінде баяндалған. Азаматтық қоғам
мемлекетті адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны
мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы
өзара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырудың қатаң
талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының
мазмұнына саяси, экономикалық негіздер, әлеуметтік саясат негіздері,
ішкі саясат негіздері енеді. Олар Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1,3,4,6,7,8,12,14 және 26-баптарында тұжырымдалған.
Мысалы, Ата Заңның 1-бабының 1- тармағында Қазақстан Республикасы
өзін демокркатиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, - деп жарияланған. Мұның өзі Қазақстан
Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
екендігінен туындайды. Демек, мемлекеттің басында заңды түрде
сайланған Президент тұрып, басшылық етеді,-деген сөз. Біртұтас
мемлекеттің тағы бір ерекшелігі сол, оның ұлттық пәтерлерге ыдырап
кетпей, әкімшілік-аумақтық құрылысқа бөлінуінде.
Еліміздегі саяси демократиялық режим болып жариялануына орай
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабы халық егемендігінің
конституциялық қағидатына арналған. Мемлекеттік биліктің бірден-бір
бастауы-халық, онда былай баяндалған: Халық билікті тікелей
республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады,
сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды.
Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет
атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің
конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Мұнан
келіп біз, халықтық биліктің екі нысанының тікелей және өкілді
демократияға бөлінгендігін аңғарып отырмыз. Өкілді демократия мен
тікелей демократияның арасында орасан зор алшақтық болғанымен халық
осы екі нысан арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі
жүгінуге, сондай – ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы
бар. Және де Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға,
сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға, бірлестіктерге
бірігуге құқығы бар.
Халық конституциялық құрылысты өзгертуге, оның тұтастығын
бұзуға бағытталған күштеу әрекетінің кез-келгеніне қарсы тұра алады.
Бұл жеке дара билікті орнатуға қайта оралмастың кепілі болып
табылады. Конституцияның 2-бабының 2-тармағында Республиканың
егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының
тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді,-
делінген.
Мемлекеттің бүкіл экономикалық саясаты бәсекелестікті, еркін
экономикалық қызметті қолдауға бағытталған. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 26-бабы: Әркімнің кәсіпкерлік еркіндігіне, өз
мүлкін кез келген заңды, кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға
құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі.
Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады (4 тармақ) деп баяндалған. Мұның
барлығы, яғни мемлекет иелігінен айыру, жекешелендіру және
акционерлік қоғамға айналдыру инвестициялық бәсекелестікті арттыра
түспек.
Сөйтіп, қорыта айтатын болсақ, Қазақстан Республикасында ең
қымбат қазына адам және адамның өмірі, денсаулығы, абыройы мен ар-
намысы, қадір-қасиеті, жеке басына ешкімнің тимеуі, оның
қауіпсіздігі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады және олардың
танылуы, сақталуы мен қорғалуы мемлекеттің ең басты, негізгі міндеті
болып саналады, оған ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Өйткені,
мемлекет тек жеке адамға емес, бүкіл қоғамға қызмет атқарады және ол
адамның, азаматтың алдында жауапты. Оны бір жақты түсінбеуіміз керек,
себебі жеке азаматтың, адамның өздері де мемлекеттің алдындағы
жауаптылығын ұдайы сезініп тұруы тиіс және оны іс жүзіне асыруға
белсенділік көрсетулері қажет. Осыған байланысты айта кететін бір
жайт-жеке адамның, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін барлығына біркелкі
және әділетті жағдайларды мемлекет тудыруға міндетті. Әркімнің еңбек
ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, олардың
қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі
үшін нендей бір кемітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғалуға кепілдік беруге мемлекет міндетті. Мұнымен
мемлекеттің міндеті доғарылмайды. Олар өте көп. Ондай топтың келесі
жұбы - Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған,
мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды
негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне,
әлеуметтік қамсыздандыруларына кепілдік берілуіне, сондай-ақ неке мен
отбасы, ата-анамен балаға ұдайы көмек көрсетуге, қорғауға негізделген
әлеуметтік қызметтің жүйесін дамытып, өзге де әлеуметтік, қорғалудың
кепілдіктерін, қайырымдылық көтермелерін іс жүзіне асыруға мемлекет
алдындағы тұрған күнделікті шешілуге жататын міндеттердің бірі
екендігіне әрдайым күмәнданбауымыз қажет.
Жоғарыда сөз етілгендей, мемлекетте конституциялық құқық
саласының қабырғасы (құрсауы) болып табылатын ең жоғарғы заңдық күші
бар Конституция саналады. Онда саяси, экономикалық құрылыстың және
Қазақстанда құқық жүйесінің негіздері қаралады; ол басқа құқық
салаларында дамиды, заңдарда және заңға тәуелді актілерде
нақтыланады. Қазақстандық құқықтың базисі ретінде Конституциялық
құрылыстың негіздерін түсініп, білу өзекті мәселенің бірі.

§1. ҚР құрылымына байланысты мемлекеттің біртұтастығы мен зайырлығы
жөніндегі жалпы ұғым

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі
кезеңдегі қоғамның жағдайы мен мемлекеттіліктің дамуын көрсетеді, ол
преамбуладан және 9 бөлімнен тұратын жаңа Конституцияның құрылымында
көрініс таптық.
Преамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді және
оны қабылдаған ерекше субъект — Қазақстан халқына сілтеме жасайды.
"Жалпы ережелер" деп аталатын I бөлім Қазақстан Республикасы
қызметінің түбегейлі принциптеріне арналған. Жалпы алғанда ол
қағидалар мемлекеттік құрылымның негіздерін құрайды. Ең алдымен
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді (1-б.). Қазақстан
Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп
жарияланады. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық деп
атап керсетіледі. Осы бөлімде мемлекеттік билікті заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөлу Конституциялық түрде бекітілген.
4-бапта Қазақстан Республикасында қолданылатын құқыққа
анықтама берілген және Конституцияның ең жоғары заңдық күші барлығы
және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатыны
бекітілген.
Конституция қоғамның саяси өмірінің негіздерін белгілейді. 5-
бапқа сәйкес Республикада идеологиялық және саяси әр алуандылық
танылады. Қоғамдық бірлестіктердің заң алдында бірдейлігі
бекітілген. Мемлекеттің экономикалық негіздерін анықтай отырып
Конституция мемлекеттік меншік пен жеке меншікті бірдей қорғауға
алады (6-6.)
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында
мемлекет ұғымы әр қырынан қаралады. Конститутцияның 1-бабында;
„Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы -
адам жэне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп жазылған.
Біріншіден, Конститутция бойынша мемлекет өзін қоғамды
құрудың белгілі бір саяси нысанасы ретінде көрсетеді. Қоғамды
бұлайша құру онда тұратын халықтың белгілі бір аумағының болуымен
сипатталады.
Екіншіден, Конститутцияда орныққан мемлекетті демократиялық,
яғни, халық билігіне негізделген мемлекетті сипаттайды. Қазақстанның
мемлекетті халықтық дей отырып, оған таптық рең берген 1978 жылғы
Конститутциясынан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конститутциясының ерекшелігі ол мемлекетті бір таптың қаруы ретінде
қарамайды, халық біртұтас әлеуметтік саяси құбылыс деп есептейді.
Мұндай түсінікте демократия халық билігі ретінде формальды түрде
бастапқы мәнге ие болады.
Үшіншіден, Конститутция мемлекетті мемлекеттің жоғарғы және
жергілікті органдарының жүйесі ретінде бейнелейді. Сондықтан да
Конститутция мемлекеттік биліктің барлық негізгі буындарына
сипаттама береді. Бірақ, Конститутция барлық мемлекеттік механизімді
сипаттайды. Ол оның негізгі сұлбасын бейнелей отырып, өмір сүреді
және түрақты қызмет етеді және оның құрамы, басқару нысандарын
сипаттайды.
Төртіншіден, Конститутция мемлекетке құқықтық норма
шығармашылық қызметті бқліп береді. Халық мемлекеттік биліктің
бастауы болып табылғанымен және тиісінше маңызды биліктің нормативті
актілер қабылдай алғанымен , құқықтық ұлттық жүйесін тек мемлекет
қана қалыптастырады. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
құқығы тек референдум арқылы халық қабылдаған Конститутциядан ғана
емес, сондай-ақ заңдардан және мемлекет органдары қабылдайтын
басқада нормативтік актілерден тұрады. Басқа ешбір қоғамдық
бірлестіктер, Кеңес мемлекеті кезінде болғандай, енді дербесте,
мемлекеттік органдармен бірлесіпте нормативтік құқықтық актілер
қабылдай алмайды. Сөйтіп, мемлекеттің дербес мертебесі бекітіледі
және бір саяси партияның үстемдігін белгілеу жолы кесіледі.
Бесіншіден, Конститутцияға мәжбірлеу шарасын тек мемлекеттің
ғана иелігіндегі, биліктің мәжбүрлеушілік сипаты тек мемлекетке ғана
тән екендігі туралы қағида айтылады. Қоғамның басқа ешбір саяси
институты мәжбүрлеу қызметін жүргізе алмайды. Мақсаты мен әрекеті
Конститутциялық құрылысты және басқаларын күштеп өзгертуді көздейтін
ұйымдар құруға тек мемлекет ғана тиым салады. Қандай әрекеттің қоғам
үшін, адамдардың өмірі, денсаулығы, ар-намысы мен қадыр-қасиеті үшін
қауіпті болып табылатындығын тек мемлекет қана белгілейді. Тек
мемлекетке ғана мәжбүрлеу шараларын қолдануға өкілеттік берілген .
Мемлекет көздеген мақсатын өзінің қызметі, яғни, белгілі бір
қызмет бағыттары арқылы жүзеге асырады. Оған мынадай дәлел келтіруге
болады, Қазақстан мемлекеті экономикалық қызметті жүзеге
асырады.Конститутцияда бұл қызметтің құқықтық негізі бекітіледі.
Біріншіден мемлекетке мемлекеттік меншікпен бірге жеке
меншікті қорғау жүктеледі. Меншіктің барлық нысандарын кімнің
тарапынын заңсыз араласуынан болсын қорғай отырып, мемлекет оларды,
пайдалану кеңейту үшін қолайлы жағдай жасайды.
Екіншіден, Мемлекеттік органдар заңдарда меншіктің
субьектілері мен обьектілерін, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге
асыру көлемімен шегін белгілейді.
Үшіншіден, мемлекет мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық
қызметін тура және тікелей реттейді, мемлекеттік меншік обьектілерін
пайдаланудың құқықтық режимдерін айқындайды. Жер және оың қойнауы,
өсімдіктер мен жануар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады. Мемлекет аталған экономикалық қатынас саласын
тікелей басқару мен реттеуді жүзеге асырады.
Сонымен бірге, Қазақстан мемлекеті құқықтық негіздері
Конститутцияға енгізілген әлеуметтік қызметті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес адам оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең құнды қазынасы болып
табылады. Қатал экономикалық дағдарысқа қарамастан мемлекет өз
қызметін бірте-бірте жолға қойып келеді. Білім беру денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет және басқа
салалардың мемлекеттік бағдарламалары жасалуда. Қоғам үшін қолайсыз
жағдай қалыптаспауы үшін Қазақстан Республикасы әр түрлі ұлттық
топтардың, еңбек пен капиталдың арасындағы қатынастарды реттеуге
үлкен назар аударады.
Қазақстан Республикасының қызметіне негіз болатын маңызды
принциптердің бірі - елде саяси тұрақтылықты орнату болып табылады.
Қоғамдық келісім сияқты, саяси тұрақтылық та мемлекеттің, қоғамның,
олардың, иниституттардың үздіксіз, жүргізген жұмыстарының нәтижесіде
жүзеге асырылады. Саяси тұрақтылық қоғамда саяси, құқықтық мұраттар
және әлеуметтік саяси құндылықтар бірлігі нәтижесінде белгіленеді,
Қазақстан Республикасының Конститутциясы қоғамның барлық мүшелерін
біріктіре алатын және саяси тұрақтылық, әлеуметтік – мәдени
құндылықтарды. Алайда, мұндай факторлар саяси тұрақтылықты жеке
өздері қамтамасыз ете алмайды.
САЯСИ ДАМУ - идеялық емес, стихиялық процесс. Саяси жанжалды
тудыратын себептер де аз емес.
Саяси жанжалда әлеуметтік факторлар жетекші орын алады. Ол
топтардың, әлеуметтік қабаттардың арасындағы экономикалық міртебенің
алшақтығы.
Адамдардың әр түрлі әлеуметтік топтарының саяси мұратындағы
алшақтықтың болуы, қоғамның саясатқа деген әртүрлі қөзқарастың
болуынан туындайды.
Қазақстан - демократиялық мемлекет
Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Конститутциясының көптеген бөлімдерінің
мазмұнынан туындайды. Сонымен бірге, формальды демократияның да,
нақты демократияның да яғни мүмкіндігі жан-жақты кепілдіктермен
қамтамасыз етілген демократия да болуы.
Демократиялық мемлекет қызметінің негіз боларлық
принциптерінің бірі – мемлекет өміріндегі маңызды мәселерді
демократиялық әдістермен шешу болып табылады. Бұған, атап айтқанда,
референдум өткізу, Парламентте дауыс беру тәртібі жатады. Қазақстан
мемлекетінің демократиялығы Конститутцияның, тұтас алғанда халықтың,
әлеуметтік және ұлттық мүдделерін, жекелеген адамдардың заңды
мүдделерін қорғауға тілек білдірген, ынталы және қабілетті өкілдерін
өкілетті органдарға ұсынып, сайлауға мүмкіндік беретін демократиялық
нормаларды белгілеумен көрінеді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялығы азаматтар мен олардың
бірлестіктері арқылы мемлекеттік органдардың басқарушылық шешімдер
шығаруына ықпал ету, сөйтіп, оны өз мүдделері тұрғысынан жүзеге
асыру мүмкіндігінен де көрінеді. Ол үшін Конститутция белгілі бір
жағдайлар қарастырады. Оның маңыздылығының бірі демократиялық режим
болып табылады.
САЯСИ РЕЖИМ – қоғамда саяси билікті жүзеге асырудың
тәсілдерінің, әдістерінің, нысандарының жүйесі.
Саяси режим мемлекеттің мәні, оның қоғаммен, жекелеген
адамдармен, ең бірінші кезекте конститутциялық құқық нормаларымен
реттелген нысандары ретінде сипатталады. Саяси режим конститутциялық
нормалар қызметінің нақты деңгейін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы демократиялық
саяси режимді көздейді.
Біріншіден, ол өкілетті және тікелей демократия
институттарының орнықтырылуынан көрінеді. Әңгіме, әрине, бұл
институттардың заңмен бекітілуі тұрғысынан да ғана емес, мәселе
мынада: олар азаматтардың мемлекеттік органдардың қалыптасуына,
мемлекеттің саясатын белгілеугн оны жүзеге асыруын қатысуын
қамтамасыз ету мақсатында қызмет істей алуында.
Екіншіден, демократиялық саяси режим азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының кең ауқымда нығайтылуынан және оны жүзеге асыру
кепілдігінін қамтамасыз ету мақсатымен көрінеді.
Үшіншіден, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының
қалыптасуына кең жол ашылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының
тәуелсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың қызметіндегі
келеңсіз жайттарды, лауазымды адамдың заң бұлушылығын анықтауға және
белгілі бір деңгейде заңдылықты нығайтуға игі ықпал етеді.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының Конститутциясы саяси
таныған пікір ал ондығы әртүрті ұйымдарды, оның ішінде оппозициялық
ұйымдарды құруға мүмкіндік береді. Бұл сөз жоқ қоғамды басқарудың
демократиялық әдістерінен бұлтармаудың бірден-бір жолы.

ҚАЗАҚСТАН-ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы қалыптасу
процесінде.
Әлеуметтік мемлекет ұғымы соғыстан кейінгі жылдардағы саяси
ілімде адам құқығы жөнінде, еңбекке қабілеттерді жұмысқа орналастыру
жөнінде, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру жүйелерін
құру жөнінде, тұрмысы төмендерді қолдау, қылмыскерлікпен және тағы
басқалармен күрес жөнінде қамқоршы болуды білдіретін әлеуметтік
саясатты жүзеге асыруға қабілетті шартты түрде тұрақты және дамыған
экономикасы бар қазіргі демократиялық үлгідегі мемлекетті білдіреді.
Сондықтан да қалыптасушы мемлекетті әлеуметтік мемлекет деп толық
сеніммен айтуға болады. Мемлекеттік органдардың барлық жүйесінің
саналы, батыл әрекеттінің нөтижесінде әлеуметтік мемлекет құруды
жүзеге асыруға болатын саяси құқықтық талпынысын бірдіреді.

ҚАЗАҚСТАН—ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1- ші бабында
Қазақстанның зайырлы мемлекет болып танылатындығы айтылған.
Қазақстан мемлекеттінің зайырлық сипаты онда ресми,
мемлекеттік дінін болмайтындығынан — көптеген діни уағызды бір де
бірінің міндетті немесе басым болып танылмайтындығынан көрінеді.
Конституцияға сәйкес канондары мен парыздары, Қазақстандағы
діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына мемлекеттік құрылысқа
мемлекеттік органдардың және оның лауазымды адамдарының қызметіне
ықпал етпеуі тиіс Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты діни
бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуімен сипатталады. Оның үстіне
мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы тиіс. Одан әрі,
Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты саяси партиялардың діни
негіздегі қызметіне жол бермеуден көрінеді. Сондықган біз Қазақстан
Республикасын толығымен зайырлы мемлекет деп атай аламыз.

ҚАЗАҚСТАН - БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТ

Кез-келген мемлекеттің аумағы жиналып келіп мемлекеттің ішкі
құрылымын құратын белгілі-бір құрамды бөліктерге бөлінеді. Осындай
ішкі құрылым аумақтық құрылым деп аталады. Аумақтық құрылым
шеңберінде әкімшілік — аумақтық бірліктер қалыптасады. Аумақтық
бірліктерді басқаратын жоғары мемлекеттік органдар арасында
қатынастар мен байланыстар жүйесі қалыптасады. Осы қатынастар мен
байланыстардың сипаты тұтас алғанда мемлекеттің мәртебесіне және
аумақтық бірліктердің мәртебесіне тәуелді болады. Мемлекеттің жоғары
мемлекеттік органдары мен аумақтық бірліктер органдар арасындағы
белгілі бір құқықгық қатынастар мен байланыстарды сипаттайтын
аумақтық ұйымдастырылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтау
Қазақстан Респубикасы - демократиялық мемлекет
Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Қазақстан Республикасының конститутциялық құрылымының негіздері:ұғымы,қағидалары,негізгі элементтері.
Қазақстан Республикасы-егеменді, унитарлы мемлекет
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы
Қазқстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Пәндер