Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Кіріспе
1. ҚР Президентінің конституциялық.құқықтық мәртебесі.
2. ҚР Президенттін сайлау тәртібі.
3. ҚР Президентінің әкімшілігі.
4. ҚР Президентінің қарамағында консультативті және жиылыс органы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Мемлекеттің және атқарушы биліктін басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдірінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырлармен сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағындайды қызметінен босатады; Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған заңдарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығара алуға құқығы бар; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады және тб өкілеттігі өте көп. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.

жыл 21 желтоқсан.
17. “Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы” ҚР Президентінің Жарлығы 1995 жыл 1 науырыз.
18. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы” ҚР Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлығы, 1996 жыл 24 қаңтар.
19. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” ҚР-ның Заңы 1996 жыл 12 желтоқсан.
20. “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” ҚР-ның Заңы 1997 жыл 11 шілде.
21. “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” ҚР-ның Заңы, 1995 жыл 19 желтоқсан.
22. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы” ҚР Заңы, 1993 жыл 13 қаңтар.
23. “Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы” ҚР-ның Заңы, 1993 жыл 9 сәуір.
Оқу құралдары:
1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан-2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан, 11.10.1997ж.
2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 6 ақпан 2008 ж.
3. 2007 ж. Назарбаев Н.А. Обращение к студенческой молодежи Казахстана. Казахстанская правда, 06.01.1998г.
4. Назарбаев Н.А. На пороге ХХ1 века, Алматы, 1996г.
5. Назарбаев Н.А. Конституция служит народу: Доклад на торжественном собрании, посвященном дню Конституции 29.08.96г. Казахстанская правда, 30.08.1996г.
6. Назарбаев Н.А. Дух и суть нашего Основного Закона подчинены интересам человека. Обращение Президента к казахстанцам в связи с Днем Конституции. Казахстанская правда, 30.08.1997г.
7. Назарбаев Н.А. «Будущее благополучие страны - начинать строить сегодня». Казахстанская правда, 11.10.1997г.
8. С.А. Табанов, А.Ә. Оразова «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының» (конституцияларының) Алматы, 2005жг.
9. «Конституционное право РК» Акадеимческий курс. Сапаргалиев Г.С.
10. «Конституционное право РК» Копабаев О.К., Копабаева А.О. Электронды кітап
11. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А., 1998г.
12. Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.
13. Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право РФ. М., 1996г
14. Коваленко А.И. Конституционное право РФ. М., 1995г.
15. Амандыкова С.К. Конституционное право РК. Караганда, 1998г.
16. Амандықова С.К. ҚР Конституциялық құқығы. Астана, 2001 ж.
17. Толковый словарь Конституции РК. Алматы, 1995г.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Заңтану пәндер кафедрасы
Конституциялық құқық пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық
мәртебесі
Орындаған:
Тексерген:
АЛМАТЫ - 2010
Жоспар:
Кіріспе
1. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
2. ҚР Президенттін сайлау тәртібі.
3. ҚР Президентінің әкімшілігі.
4. ҚР Президентінің қарамағында консультативті және жиылыс органы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Мемлекеттің және атқарушы биліктін басшысы ретінде Президент
лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде көптеген
елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда
Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдірінің саяси
жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік
басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару
жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты
атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында
болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және
ерекше жағдайды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырлармен
сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін
Президент өз қалауымен қызметке тағындайды қызметінен босатады;
Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған
заңдарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз
қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығара алуға құқығы бар; Президент
лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады және
тб өкілеттігі өте көп. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген
мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда,
Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей
республикасында және басқаларында қызмет етеді.
1. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік органың Конституциясымен белгіленетін құқықтық
мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен
анықталады. ҚР 1993 ж. Конституциясында Президент туралы тарау
Жоғарғы Кеңес туралы тараудаң кейін орналастырды. Ол Жоғарғы
Кеңестін кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғарғы
уөкілетті орган ретінде танылғандығын белдіреді. Конституция
мемлекетті парламенттік республика құруға бағыттады. ҚР 1995 ж.
Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде 1 орынға
Президенттік қойды. Сүйтіп, ҚР-да президенттік басқару жүйесінің
орнық тырылғаны туралы конституциялық қағиданы бекітті.
Н.А. Назарбаев басқарудың президенттік жүйесін: “мемлекеттің
бүгінгі тандағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары
емес, объективті факторлар тудырды. Және бұл, біздің елеміз үшін
айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ ү.шін қажет” деп жазды. 12 –
шақырылған ҚР-ның Жоғары Кеңесі өзінен-өзі тарқағаннан және
Президентке заң шығару органының кейбір өкілеттігі уақытша
берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері
бойынша жедел және сапалық денгейі айтарлықтай жоғары Конституциялық
және жай заңдық күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды. Бұл заң
шығармашылық салада президенттік қабілеттілік пен мүмкіндікті
көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда
айтарлықтай мәні болды. Конституциясының Президентін мемлекеттік
билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40 бабы Президенттің
мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның
көрсетілген осы бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып
табылады. Президент халықаралық қатынастарды Президент атынан
бағыланады. Сонымен қатар Президент мемлекеттің жоғарғы лауазымы
болып табылады. Заң шығару бойынша Президенттің сипаттамасы оның
бірде- бір билік тармағына жатпайдығының және Қазақстанның
мемлекеттік билік органдар жүйесінде алатын орны ерекше. Конституция
Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік
биліктің барлық тармақтарының келсімді түрде жұмыс істеуін және
билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
ететіндігін орнықтырды.Бұл конституциялық қағида Президент
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарынан жоғары тұрады деуге негіз
бола ма ? Президентік мәртебені талдау мұндай пікірдің
негізсіздігін көрсетеді.Қазақстан Республикасында мемлекеттік
билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу
орнықтырылған. Сондықтан осы принципке сәйкес биліктің әр тармағына
өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде
қкілеттіктер берілген. Тек Парламент заң шығару өкілеттігін берген
жағдайда ғана шектелу уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот
билігін жүргізуге Президентінің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқару биліке
қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады.
ҚР-да Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-тендік жүйесі
Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына
мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің
қызметін бақылау құқығы берілмеген. Оның үстіне, мәртебесі бойынша
ол атқару билікке жақын. ҚР-ның 1993 ж. Конституциясында болғандай
Президент атқару билік жүйсін басқармайды. ҚР-ның 1995 ж.
Конституциясына сәйкес атқару билікті Үкімет жүзеге асырады және ол
атқарушы органдарды басқарады. Сонымен бірге өз қызмет үшін
Президент алдында Үкіметтің өзі жауап береді.
ҚР Президенті халықпен мемлекеттік биліктің, Конституцияның
мызғымастығының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттінің
халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет
басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің
бірлігін білдіреді. Президент халық атынан сөйлеуге құқылы.
Президенттің мемлекет билігінің кепілі болып табылатынының себебі,
ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпай, оны барлық тармақтарының
келісіммен қызмет етуін қамтамасыз ету тиіс.
ҚР Конституциясының 46-бабына сәйкес мемлекет басшысы ретінде
Президент тиіспеушілік құқығына ие. Президентке, оның абыройы мен,
қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика
Президенттінің абыройына, қадір-қасиетіне нұқсан келтірушілік заң
бойынша жауапқа тартылады.
Соңғы өзгертулер мен толықтырулар бойынша 46 - бабының 4
тармақшасына сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен
өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен
айқындалады
Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғылықты орны, оның
резиденциясы Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласы болып
табылады. Сонымен бірге Президенттің Алматы қаласында да
резиденциясы бар. Президент ресми тұратын ғимараттың үстіне
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріледі. Президенттік
биліктің рәміздері, айырым белгілері-Қазақстан Республикасы
Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болып табылады.
Сонымен бірге Республика Президенті лауазым бойынша Алтын қыран
орденінің иесі болып табылады.
Конституцияда Президенттің қызмет өкілдігі мерзіміне байланысты
бірқатар шектеулер көзделген. 43-бапқа сәйкес Президенттің өкілді
органның депутаты болуға, өзге де ақы т өленетін қызметтерді
атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Өз
өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси тұрақтылықты сақтау
ақсатында саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады.
Қазақстан республикасының Конституциясында Президентке оның
мемлекет басшысы ретіндегі жағдайымен байланысты кең ауқымды
өкілеттіктер шеңбері берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде
Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындады. Осыған байланысты Президент жыл сайын Қазақстан халқына
жолдау арнайды, онда елдегі жағдай сипатталып, ішкі және сыртқы
саясаттың стратегиялық бағыттары тұжырымдалады. М ұндай жолдау
бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің, мемлекеттік
биліктің және басқа орталық органдарының қызметінде көрініс табады.
Мемлекет басшысы ретінде Президент республиканың мемлекеттік
бағдарламаларын бекітеді.
Республика Президентi
1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi
және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде
және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең
жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк
бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының
келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы
жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу
құқығы берiледi.
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне
ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен
кадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге,
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi
мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа
ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi
анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда
Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы
Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы
Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында
көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн
өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн
қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi.
Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант
берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi
орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке
Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын
белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк
мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң
омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған
Республика Президентiнiң айырым белгiлерi
Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан
Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы
болады.
Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы
анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен
байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң
иесi болып табылады.
"Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң
негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
Сонымен, Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде
Президент лауазымы бірінші рет Америка құрама Штаттарында пайда
болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі
орнықтырылды. Президенттік қазіргі таңда Еуропаның, Азияның,
Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесінің элементі
болып табылады.

басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік
басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал
нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің
қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті
және ерекше жағдайды иеленеді. Президенттік Республика мынадай
қырларымен сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді,
Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағайындайды және
қызметінен босатады; Президент зандар бойынша ұсыныс енгізуге,
Парламент қабылдаған зандарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға
күқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар жарлықтар шығаруға
күқылы; Президент лауазымы бойынша қарулы Күштердің Бас қолбасшысы
болып табылады; Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын
шақьrруға, Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын Парламент
сайлауын тағайындауға қүқылы; Президент референдум өткізуге, төтенше
жағдай енгізуге және басқаларына құқьrлы. Президенттік Республика
дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АқШ-та,
Францияда, Италияда, Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда,
Филиппинде, Тайваньда, Корей Республикасында және басқаларында
қызмет етеді[1].
Қазақстан Республикасы Конституциясын талдау Президенттік
Республиканың жалпы сипаты онда бірқатар түрленуімен бейнеленгенін
көрсетті.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқыктық

анықталады. қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында
Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін
орналастырылды. Ол Жоғарғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-
бір заң шығарушы және жоғары уәкілетті орган ретінде танылғандығын
білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға
бағыттады, қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті
қойды. Сөйтіп, қазақстан Республикасында президенттік басқару
жүйесінің орнықтырьшғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті.
Н.Ә. Назарбаев басқарудың президенттік жүйесін: мемлекеттің
бүгінгі тандағы басшыларынын қайсыбір мүдделері мен амбициялары
емес, объективті факторлар тудырды. Және бұл, біздің еліміз үшін
айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет? деп жазды[2].
ХІІ сайланған қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзін-өзі
тарқатқаннан және Президентке заң шығару органының кейбір өкілеттігі
уақытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды
мәселелері бойынша жедел және сапалық деңгейі айтарлықтай жоғары
Конституциялық және жай зандық күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды.
Бұл заң шығармашылық салада президенттік қабілеттілік пен
мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін
нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституцияның Президенттің
Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40бабы
Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады.
Конституцияның көрсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы
болып табылады. Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халықаралық
қатынастарда да Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент
мемлекеттің жоғары лауазымы болып танылады. Заң шығарушының ойынша,
Президенттің осыңдай сипаттамасы оның бірде-бір билік тармағына
жатпайтыңдығын және Казақстаннын мемлекеттік бил і к оргаңдары
жүйесіңде ерекше орын алатыңдығын білдіреді. Конституция

биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және
билік оргаңдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
ететіндігін орнықтырды. Бұл конституциялық қағида Президент
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарына н жоғары тұрады деуге негіз
бола ма? Президентті к мәртебені талдау мұңдай пікірдің
негізсіздігін көрсетеді. қазақстан Республикасының Конституциясыңда
мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр
тармағына өз қызметтерін орыңдау үшін қажетті деңгейде жеткілікті
түрде өкілеттіктер берілген. Тек Парламент заң шығару өкілеттігін
берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай
алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Соңдай-ақ
атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана
қолдана алады. Одан әрі, қазақстан Республикасы Конституциясыңда
көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктін
барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді.
Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы
берілмеген. Оның үстіне, мәртебесі бойынша ол атқарушы билікке
жақын. Алайда, қазақстан Республикасынын 1993 жылғы Конституциясында
болғандай Президент атқарушы билік жүйесін басқармайды. қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес атқарушы билікті
Үкімет жүзеге асырады және ол атқарушы оргаңдарды басқарады. Сонымен
бірге өз қызметі ушін Президент алдыңда Үкіметтің өзі жауап береді.
Көрсетілгеңдерден басқа, қазақстан Республикасының Конституциясы
Президенттің мемлекеттегі авторитарлық басшыға айналуына тосқауыл
қоятыңдай басқа да кепілдіктер келтіреді[3].
Қазақстан Республикасы Президенті халық пен мемлекеттік
биліктің, Конституцияның мызғымастығыньщ, адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарынын рәмізі және кепілі болып табылады.
Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны
мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық
еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан
сөйлеуге құқылы. Президенттің мемлекет билігінің кепілі болып
табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпай,
оның барлық тармақтарының келісіммен қызмет етуін қамтамасыз етуі
тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының
сақталуыңда мемлекеттік билік оргаңдарының жауапкершілігін
қамтамасыз етуі тиіс.
Қадағалады Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын өткізу
жөніндегі науқан барысында сайлау туралы заңнаманы жекелеген заң
бұзушылықтар кездесті. Олар елеусіздеу заң бұзушылықтар болғанмен,
Президент мәлімдеме жасап, онда: Осыған байланысты мен мемлекет
басшысы және Конституция кепілі ретінде Заңның әр тармағының қатаң
сақталуына, сайлау процесіне заңсыз араласудың кез келген түріне жол
бермеуге, барлық кандидаттардың және оларды таныстырушы адамдардың
қызметіне тең жағдай жасалуына барлық мемлекеттік, әсіресе
жергілікті жерлердегі билік органдары назарын аударуды өзімнің
борышым деп есептеймін. Заң бұзушылықтың кез келген түрі
(кандидаттардың, сайлау комиссияларының, қадағалаушылардың, қоғамдық
штабтардың қызметіне кедергі келтіру) еркіндікке, қазақстан
азаматтарының құрамдас құқығына қол сұғушылық ретінде карастырылатын
болады Казахстанская правда. 1998. 18 желтоқсан. 2005 жылғы
Президент сайлауы кезінде де осылай болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің "қазақстан Республикасы
Президентінің мемлекеттің басқа органдарымен өзара қатынасы туралы"
1994 жылғы 12 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес Мемлекеттің басшысы және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Конституция мен
зандардың сақталуының кепілі ретінде Үкіметтің жұмысы туралы -
Премьер-Министр; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,
Конституцияның, зандылық пен әділеттіліктің үстемдігін қамтамасыз
ету жөніндегі жұмысы туралы - Жоғарғы Соттың Төрағасы; зандардың
орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы - Бас прокурор
Президентке жүйелі түрде хабарлап отыру практикасы енгізілді.
2. ҚР Президентін сайлау тәртібі.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы
Президенттiң кезектi сайлауы бес жылда бiр рет тиiстi жылғы
желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi
жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс
келмеуге тиiс.
Президенттiң кезектi сайлауын Парламент Мәжiлiсi қыркүйектің
екінші жексенбiсiнен кешiктiрмей жариялайды.
Бiр адам қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана
алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне
қолданылмайды.
Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-
тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ
Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы
Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң
қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы
өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының
кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа
түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес
күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл ретте
Президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл
тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың
мемлекеттiк тiлдi еркiн игергенiн анықтау рәсімі Республика
Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағына ресми
түсiндiрме беруi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының
қаулысымен анықталады.
Президенттiкке кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен
тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi
ұсыну жолымен - азаматтарда болады.
Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен
кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады.
Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың
жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық
бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа
ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат
ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм
республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы
санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады.
Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi:
1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;
2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы
өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.
Президенттiкке кандидаттыққа өзiн-өзi ұсыну олардың Орталық
сайлау комиссиясына тиiстi өтiнiш беруi арқылы жүргiзiледi.
Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке
екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы
кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге
ұзартады.
Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол
жинауы арқылы расталады.
Президенттiкке кандидатты сайлаушылардың Республиканың
облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының
кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн
сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауға тиiс.
Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенiм бiлдiрiлген
адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституциямен және осы
Конституциялық заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруден
кейiн бес күннен кем емес мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-
бабының 3 және 4-тармақтарында белгiленген оны ұсыну туралы құжаттар
негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен
ресiмделедi.
Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған
кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген
адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол
жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар
туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:
1) тегi, аты және әкесiнiң аты;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;
5) жеке қолы.
5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта
жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi
туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.
Орталық сайлау комиссиясы:
1) қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;
2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi
санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөнiндегi
толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына
тапсырылады, ол он күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн
қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге
асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау
комиссиясына жолдайды.
Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру, осы баптың 2-тармағына
сәйкес, Президенттікке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны
анықталғанға дейiн жүргізiледi.
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен
бес мың еседен артық аспауға тиiстi кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен
жетi мың еседен артық аспауға тиiс кандидатты ұсынған республикалық
қоғамдық бiрлестiктiң қаражатынан;
3) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен
он бес мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен
ұйымдарының өз еркiмен берген қайырмалдықтарынан құралады.
Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы
жүзеге асырады.
Президенттiкке кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция
мен осы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуi тексеруден
өткеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдарды тексергеннен
кейiн Орталық сайлау комиссиясының есеп-шотына заңмен белгiленген ең
төменгi жалақының елу мәрте мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi.
Кандидат сайлау қорытындылары бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz