Адам және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтары



Кіріспе
1. Адамның конституциялық.құқықтық мәртебесінің түсінігі.
2. ҚР Конституциялық құқықтары мен бостандықтары, міндеттерінің жүйесі.
3. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктерін жүзеге асыру.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін нышан, рәмізі, әрі кепілі деп Коституциямыздың 40б-2т айтылғандай заң шығарушы мен атқарушы билікті байланыстырушы ұлы тұлға – Президентіміздің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр»,- деп Қазақстанның әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерді атап көрсетті. Онда біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз деп, біз еркін, ашық, әрі демокркатиялық қоғам орнататынын айтты. Сондай-ақ V басылымдылыққа қатысты өз сөзінде Ел басы демократияға қатысты демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін, яғни деморкатияны дамытумен бірге оны қорғаудың жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керектігін, сайып келгенде, заңды бұзғаны үшін қатал тәртіп етуді жүзеге асырып, жалақорлық, ақшамен сатып алушылық пен зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік шараларын айқындауы тиіс,ал қажет болса, тиісті заңдарды қайта қарау керектігін ескертті.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Ата заңымыз – Конституциямыздың II бөлімінің «Адам және азамат» деп аталуы және де осы бөлімнің 2б-3т белгіленгендей: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсалютті деп
1. 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясы»;
2. 1998 жылы 7 қазанда « Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер»;
3. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан-2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан, 11.10.1997ж.
4. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 1 науырыз 2006 ж. // Егемен Қазақстан, 2 науырыз.
5. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А., 1998г.
6.Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.
7. Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право РФ. М., 1996г
13.Коваленко А.И. Конституционное право РФ. М., 1995г.
14. Амандыкова С.К. Конституционное право РК. Караганда, 1998г.
15. Амандықова С.К. ҚР Конституциялық құқығы. Астана, 2001ж.
16.Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А., 1998г.
17.Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.
18.Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право РФ. М., 1996г
19.Коваленко А.И. Конституционное право РФ. М., 1995г.
20. Амандыкова С.К. Конституционное право РК. Караганда, 1998г.
21. Амандықова С.К. ҚР Конституциялық құқығы. Астана, 2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Конституциялық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Адам және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтары

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2010

Жоспар:

Кіріспе
1. Адамның конституциялық-құқықтық мәртебесінің түсінігі.
2. ҚР Конституциялық құқықтары мен бостандықтары, міндеттерінің жүйесі.
3. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктерін жүзеге асыру.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
ететін нышан, рәмізі, әрі кепілі деп Коституциямыздың 40б-2т
айтылғандай заң шығарушы мен атқарушы билікті байланыстырушы ұлы тұлға
– Президентіміздің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына
жолдауында: Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен
саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр,- деп
Қазақстанның әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер
тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерді атап
көрсетті. Онда біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен
ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық
топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік
стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз деп, біз еркін, ашық,
әрі демокркатиялық қоғам орнататынын айтты. Сондай-ақ V басылымдылыққа
қатысты өз сөзінде Ел басы демократияға қатысты демократиялық
мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді
істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің
болашаққа арналған барлық жоспарымызды белінен басып, өзімізді алысқа
кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін, яғни деморкатияны дамытумен
бірге оны қорғаудың жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керектігін,
сайып келгенде, заңды бұзғаны үшін қатал тәртіп етуді жүзеге асырып,
жалақорлық, ақшамен сатып алушылық пен зорлық-зомбылық үшін
жауапкершілік шараларын айқындауы тиіс,ал қажет болса, тиісті заңдарды
қайта қарау керектігін ескертті.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Ата
заңымыз – Конституциямыздың II бөлімінің Адам және азамат деп аталуы
және де осы бөлімнің 2б-3т белгіленгендей: Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсалютті деп танылады,
яғни олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік
құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.,-
делінуі бүгінгі таңда адамдар мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының мәртебесінің қаншалықты жоғары, негізгі екендігіне көз
жеткізбестен бұрын адам, азамат, тұлға деген ұғымдарға тоқтала
кеткеніміз жөн болар. Әдеби шығармаларда, я болмаса ауызекі әңгімелерде
бұл ұғымдар бір мәндес сөз ретінде қолданылады. Сондай-ақ заңдар мен
өзге де нормативтік құқықтық актілерде бұл ұғымдардың бір-бірімен өте
тығыз байланыстылығын көреміз. Кез-келген адам тұлға болып табылады, ал
кез-келген азамат – ол адам болып табылады және ол табиғи, әлеуметтік
ерекшеліктерге ие. Оларды жеке–жеке қарастыратын болсақ, адам деген
ұғым жеке биологиялық, әлеуметтік табиғатты білдіреді және біз оны тірі
сүтқоректілердің жоғары сатыдағы өкілі деп танимыз.
Ал тұлға деген ұғымға тоқталар болсақ, ол нақты қоғамдық
-экономикалық қоғамның мүшесі. Ол әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамға
тән ортақ белгілерді қамтиды және Конституцияның 14б-2т жазылғандай:
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жеріне байланысты немесе кез-келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді
ешқандай кемсітуге болмайды,-делінгендей оларға: ұлты, тілі, діні,
кәсібі, әлеуметтік жағдайы, қоғамда алатын орны, жауаптылығы
белгіленген.
Ал енді осы тұлға ұғымынан келіп туындайтын азамат ұғымына
талдау жасайтын болсақ, ол публицистикалық мағынада жиі қолданылады,
яғни ол адам өз Отанының ұлы немесе қызы деген ұғымды білдіреді және де
басқа мемлекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста
екендігін көрсетеді. Азамат деген адам, ол дегеніміз адамға қатыстының
бәрі азаматқа қатысты деген сөз және де 12б-3т жазылғандай:
Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,
міндететр атқарады,- делінгендей мемлекет азаматтарға толық құқықтар
мен бостандықтар белгілеп берсе, ол азаматтар осы құқықтар мен
бостандықтарды тек заң шеңберінде ғана жүзеге асыра алады. Көріп
отырғанымыздай азамат терминінің Ата Заңымызда жиі қолданылуының
себебі Қазақстан Республикасында тұратындардың барлығы азамат бола
бермейді, олардың арасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар
да кездеседі, дегенмен олардың құқықтары мен бостандықтары сол мемлекет
азаматтарына қарағанда шектеулілеу: кейбір саяси және әлеуметтік-
экономиаклық құқықтардың, соның ішінде сайлауға немесе сайлануға, әскер
қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне болмайтындығы
болып табылады. Конституцияның 15б-1т бойынша әркімнің өмір сүруге
құқығы бар демекші, адамның өмір сүру құқығын іс жүзінде асырған кезде
оның туу фактісі ғана қажет, ал оның азамат пен тұлға қызметтеріне ие
болуы мүмкін емес, дегенмен құқықтарды іс жүзінде асыру үшін адамның
тұлға, азамат болуы шарт.
Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген
республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын
құрайды. Ол халық Конституцияның 3б-1т көрсетілгендей мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы.
Ата Заңымыздың 1б-1т : Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы – адам және азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандығы,-
демекші Конституция жеке адамның құқықтық мәртебесі адамдар мен
азаматтардың құқықтық тұжырымдамасына негізделген, яғни халықаралық –
құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Сұрақ 1. Адамның конституциялық-құқықтық мәртебесінің түсінігі
Адам бостандығы – бұл мемлекет киліге алмайтын адамның іс-әрекет
жөніндегі сферасы. Мемлекет құқықтық нормалар арқылы адамның өзі
қалауына сай іс-әрекеттерінің шегін, құқықтық ортасын ғана айқындайды.
Адам бостандығы – жазылған заң сферасында көрсетіліп адам іс-
әрекеттерінің мемлекеттің тағайындаған және кепілденген мүмкіншілігі,
өкілеттілігі.
Адам құқығы мен бостандығы (обьективтік мәнінде)-бұл жеке
тұлғаның құқықтық мәртебелігін тағайындайтын, оның жағдайын, адамдардың
өзара қарым-қатынастарының, тұлға (азамат) пен мемлекеттің
қатынастарының ережелерін бекітетін халықаралық және ұлттық құқықтық
нормалардың жүйесі.
Адам құқығы мен бостандығы (субьективтік мәнінде) – бұл
құқықтық нормаларда көзделген, әрі мемлекет қорғайтын белгілі бір
адамның құқықтылығы, іс-әрекеті, мінез-құлқы.
Адам - ұғымы жеке адамның биологиялық әлеуметтік табиғатын
білдіреді, ал тұлға - дегеніміз нақты қоғамдық- экономикалық құрылымның
мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді.
Тұлғаның қайталанбас даралығы адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының
өкілі ретінде адамға тән кейбір ортақ белгілерді де қамтиды.
Азамат - ұғымы публицистикалық мағынасында жиі қолданылады, ол адам-
өз Отанының ұлы немесе қызы деген ұғым білдіреді. Мемлекет азаматтарға
толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп берсе, ал азаматтар заңды түрде
белгіліенген салықтарды, алымдары және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
т.с.с. жүзеге асырады.
Мемлекет пен тұлғаның өзара қарым-қатынастарының қағидалары:
1. Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттары мен
қалыптарының ұлттық заңдардан басымдылығын мойындау-Қазақстан
Республикасында мемлекет пен тұлғаның өзара қатынастарының
негізгі қағидалараы болып табылады.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған,
олар абсолютті деп. танылады, олардан ешкім айыра алмайды,
заңдар мен өзге де норматив тік құқықтық актілердің мазмұны мен
қолданылуы осыған қарай анықталады, - деп белгіленген Қазақстан
Республикасы Конституциясының 12 бабының 2-тармағында.
Қазіргі заманда өркениетгің басты жетістігі адам құқығы мен
бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны
қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тэуелсіз
Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.
Қазақстан Ата заңының 1-бабында: "Қазақстан Республикасының ең
қымбат қазынасы — адам жэне адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары", - деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға
әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моралдық құқық береді.
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы зандарды дамыту жолында
Қазақстан басқа өркениетгі елдердің тэжірибесін қолдана бастады. Соның
бір айғағы ҚР Президентінің жарлығымен Президент жанында елдегі адам
құқығы мен бостандығын сақтауға бақылау жасайтын, өкілетгік қызмет
жөніндегі комиссияның құрылуы. Қоғамның өтпелі кезеңіңце еліміздегі
адам құқықгары жөніндегі заңцар қызмегін үйлестіріп, олардың осал
тұстарын ретке келтіріп, қалпына келтіруде қазақстандықтар комиссияға
зор үміт артады. Бұрынғы кеңестік дәуірде азаматтар өз құқықтарын
қорғау үшін жоғары билік орындарына, тіпті Коммунистік партияның Бас
хатшысына жүгінетін. Қазіргі уақытга адамдар өздерінің бұзылған
құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау орындарына, сотқа, Адам құқығы
жөніндегі комиссияға шағымданатын болды. Бұл біздің қоғамның құқықтық
мемлекет құруға бет бұрғандығымызды көрсетеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік
кауымдастық қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше
халықаралық конвенцияларға қосылды. Қазақстан ең алдымен 1949 жылы
қабылданған Женева конвенциясына (Конвенцияға қосылу ҚР Жоғарғы
Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989
жылы қабылданған Сәби қүқығы туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің
1994 жылғы 8-ші наурызындағы қаулысы) қосылды. Осы халықаралық
конвенцияларға қосылып, Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтары
басты қазынасы болып саналатын, демократиялық ел болуға деген ұмтылысын
бекіте түсті.
Адам құқығын қорғау бүгінімізге ғана емес, өткенімізге де қатысты.
Халқымыздың басынан өткен саяси қуғын-сүргіндер, ашаршылық, зұлмат
жылдары тек қазақстандықтардың ғана емес, республиканың басқа да ұлт
өкілдеріне қиянат, қайғы-қасірет әкелгені белгілі. 1993 жылдың 14-ші
сәуірінде осындай келеңсіз жағдайлардың салдарына душар болған
азаматгардың құқығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының
"Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңы қабылданды.
Бұл заң кезінде мемлекет саясатының нәтижесіңце құқығы бұзылған
азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге, оларды аттауға кепілдік
беретін құжат болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанға жер
аударылған және онан қуылған 1 миллионнан астам қазақстандықтарды ақтау
әлі жүзеге асырылмады. Бұған құқылық негіздердің жеткілікті дәрежеде
қалыптастырылмауы өзіндік қиындықтар туғызып отыр. Бас бостандығынан
айрылғандар да біздің қоғамымыздың толық заңды мүшелері, сондықтан
олардың азаматгық құқықтарын қорғау - маңызды мәселе. Адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ардақтау Б¥¥-ның 1945 жылы
қабылданған Жарғысында қатталды. Осы құжат шын мәнінде тәуелсіз
мемлекеттердің халықаралық құқық шеңберінде ынтымақ ұластырып,
жарасымдылыққа жетуіне түңғыш рет саяси, зандық негіз қалаған еді. 1992
жылы тәуелсіздіктің аспан-көк туын көтеріп, өзге мемлекеттермен
терезесі тең мүше ретінде табалдырығынан атгаған Б¥¥-ның жарғылық
қағидаларына адам құқығы - адамзаттың басты игілігі екендігі, сондай-ақ
ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығы, үлкен және ұсақ ұлттардың
теңдігі, бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау үшін күш біріктіру ұстаны
алатын арқау болып тартылған. Міне, сондықтан да Бас Ассамблеяның 1948
жылғы 10-шы желтоқсанда қабылданған Жарлығы бірдей адам құқықтарының
декларациясы негізінде мемлекеттердің ынтымақтастығын қалыптастыруда
халықаралық әдіске сай заңды міндетті сипатқа ие болып келеді. Осы
Декларация кейіннен тармақтала қосылып, жүйелене дамытылған әрі сан-
салалы мәселені, атап айтқанда, босқындардың мәртебесі (1951 ж.),
апартейд (1954 ж.), нәсілдік кемсітушілікті жою туралы (1965 ж.) және
басқа да халықаралық пактілерді қамтитын қайнар бастау іспетті. Осы
құжаттарда Адам құқығы жөніндегі декларацияны жүзеге асыру үшін
мемлекеттерде әрбір адам өзінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени,
сонымен қатар өзінің саяси-азаматтық құқықтарын емін-еркін пайдалана
алатындай жағдай жасауға тиістігі ерекше аталып өткен.
Б¥¥ Жарғысының аса маңызды ережесі дүниежүзілік қауымдастыққа адам
құқықтарына басым көңіл бөлуді мойындауды және адам құқықтары мен
негізгі бостандықтарын барша адамның нәсіліне, жынысына, тілі мен
дініне қарамастан құрметтеуді, халықаралық ынтымақтастықгы жүзеге
асыруды міндеттеуі болып табылады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей
декларациясы 200 тілге аударылып, көптеген елдердің Конституцияларына
енгізілген. Декларацияның басты мақсаты Қазақстан Конституциясынан да
кең орын алған. Әсіресе декларациядағы: "Барлық адам болмысынан тең
құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл-ой берілген, сондықтан
бір-бірімен бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс", - деген
қағиданың біздің мемлекетімізде қолдау тапқандығының бір айғағы -
жүзден астам ұлт өкілдерінің тіл табысып, тату-тәтті өмір сүруінде.
Бүкіл әлемнің миллиондаған жұртшылығы—үлкендері де, кішілері де осы
құжаттан демеу тауып, көмек алатын болды. Күні бүгінге дейін дүние
жүзіндегі барлық елдер бұл құжатты адам құқығын кастерлеудің ең жоғарғы
эталоны ретінде бағалап, оны үлгі етіп келеді.
ҚР—ның әділет министрлігінде әйелдер мен балалар мәселелерімен
айналысатьш 30-дан астам әртүрлі республикалық ұйым тіркелген. Б¥¥-ның
Баланың құқықтары туралы конвенциясын іске асыру үшін мемлекет бірқатар
заңды құжат қабылдады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Республикасы халқының денсаулығын қорғау туралы" (1997 ж.), "Еңбекті
қорғау туралы" (1993 ж.), "Мүгедектерді әлеуметгік қорғау туралы" (1997
ж.) заңдары солардың қатарына жатады. Республикамызда мүмкіндіктері
шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру үшін, сондай-ақ
мүгедек балаларды оқыту үшін жасауға көңіл бөлінеді.
Сонымен, қатар әрбір азамат өз пікірін білдіруге, ақпарат алу
бостандығына деген құқығы басқа құқықтар мен бостандықтарды іске асыру
үшін негіз болып табылады. Сөз бостандығы қоғамның демократиялығының
белгісі және кепілі. Ал Қазақстан үшін — оның демократия жолымен алға
басуының қаншалықты шынайы екендігінің және саяси реформалардың қандай
деңгейіне жеткенінің көрсеткіші болып табылады.

Сұрақ 2. ҚР Конституциялық құқықтары мен бостандықтары,
міндеттерінің жүйесі.

Жалпы мәселелер
Жеке адамның ҚР 1995 жылығы Конституциясында орнықтырылған
мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына
негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан
туындайды.
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұиастай
құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты
мемлекеттегі адам құқын тікілей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-
тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың,
қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе
бойынша: “Адам құқытарының жалпыға бірдей декларациясы” (1948 ж.),
“Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқытары туралы”,
“Адамдардың азаматтық және саяси құқытары туралы” (1966 ж.), “Балалар
құқы декларациясы” (1959 ж.), “Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция”
(1954 ж.) және басқа бір қатар құжаттар қабылданды.
Конституция жеке тұлғаның аса маңызды, әлеуметтік-құқықтары мен
бостандықтарын бекітеді. Адамның жеке азаматтық құқықтары мен
бостандықтары:
Сонымен конституциялық құқықтар мен бостандықтар мынандай
түрлерге бөлінеді.
Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесінің түп қазығы болып табылады, оларды шектеуге болмайды.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23 баптарында
аталған құқықтар мен бостандықтар беріледі.
1. Өмір сүруге құқығы-бұл әр адамды оның өміріне жасалған
қаскөйліктен қорғауға кепілдік беру міндетін м емлекет өз мойнына
алады дегенді білдіреді.
2. Мемлкет әркімнің қадір-қасиетін қорғауға міндетті екенін
Қазақстан Республикасының 17-бабынан көруге болады. Онда ешкімді
азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатігездік
немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не
жазалауға болмайды.
3. Жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық құқығы. Оған
мемлекеттік органдар тарапынан қауіп т өндіру әрекеттеріне жол
беруге болмайтындығында. ҚР Конституциясының 16-бабы.
4. Конституцияның 19-бабына сәйкес әркімнің өзінің қай ұлтқа
жататыннын өзі анықт ауға және оны көрсету көрсетпеуге құқығы
бар.
5. Конституция тұжырымдарының әр бір адамға қолайлы жерінің бірі ол
25-бапта көрсетілген ешкімнің т ұрғын үйге қол сұқпайтындығы.
6. Жеке адам құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы бұл әркімнің еркін
жүріп-тұруға және тұрақты м екенді қалауынша таңдап алуға құқығы.
7. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына құқығы бар.
8. Әркімнің ақпарат көздерімен танысуға құқығы.
Саяси құқықтар мен бостандықтар:
1. Саяси құқықтар мен бостандықтар көбінесе Қазақстан азаматтарына
ғана беріледі.
2. Саяси құқықтарының ішіндегі ең маңыздысы Қазақстан Республикасы
азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлкет ісін
басқаруға қат ысуға, мемлкеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ және ұжымдық
өтініштер жолдауға ие болатындығы.

3.Әлеуметтік-экономикалық құқықтар м ен бостандықтар.
1. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар ішіндегі ең м аңыздысы м еншік
құқығына и е болу.
2. Әлеуметтік саладағы өзекті қағида еңбек бостандығына еріктілік болып
табылады. Мәжбүрлеп еңбек еткізуге тек қана сотың үкімімен немесе
төтенше жағдай кезінде немсе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
3. Білім алуға құқық. 30-бап.
4. Тұрғын үйге ие болу құқығы. 25-бап, 2-тармақ.
5. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға және
медициналық көмек көлем ін тегін алу құқығы.

Азамат пен адамның құқығының, бостандығының және міндетінің
конституциялық негіздері.
Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиеті туралы.

ҚР Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын
қамтамасыз етуге айрықша назар аударады.
Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы - өмір сүру құқығы.
Әркімнің өмір сүру құқы бар.
Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен
бостандықтары.
Экономикалық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және
бөлініс саласындағы өз мүмкіндік иерін жүзеге асыру үшін қажет.
Шағын кәсіпкерлік – азаматтардың әр түрлі таурларға (қызмет,
көмек көрсетулерге) қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызметі.
Мұндай қызметі азаматтың өзі немесе оның атынан басқа адам атқарады.
Әріне, кәсіпкерлікпен айналысуға шешім қабылдаған адам оның тіпті жеңіл
жұмыс емес екендігін, тәуекелді қажет ететіндігін түсінуі тиіс. Өйткені
адам өз қызметіне, өз мүлкіне өзі жауап береді.
Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқықтарына жатады.
Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға
заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.
Азаматтардың демалыс құқығы. ҚР Заңы қызметкерлердің демалыс
құқығын жан-жақты реттейді, оның үстіне демалыс туралы заң мемлекеттік
сияқты ұжымдық және жеке кәсіпорындарды да қамтиды.
Азаматтардың тұрғын үйге құқығы. Гуманды болғысы келетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Пәндер