Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының ұғымы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Заңтану пәндер кафедрасы
Конституциялық құқық пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының ұғымы»
Орындаған:
Тексерген:
АЛМАТЫ - 2011
Жоспар:
Кіріспе
- Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының ұғымы
- Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиеті туралы
- Азаматтардың экономикалық және әлеуметгік құқықтары мен бостандықтары
- Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жеке адамның қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырьmған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (І-баптың З-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж. ), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж. ) «Балалар құқы декларациясы» (1959 ж. ), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), және басқа бірқатар құжаттар қабылданды1.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына күкылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушьmыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және тандауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халыкаралық-құқықтык кұжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп таньmады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ) . Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституцияның «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап, З-тармақ) . Сөйтіп, аталған бөлімде қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, «адам құқы» мен «азамат құқы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген2.
1. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының ұғымы
Алайда «азаматтын құқығы» адам құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «әркім», «ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол тура көрсетіледі. ІЗ-бапта: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» делінген. 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екенді гі айтылады. 17 -бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, қазақстан Республикасьгның азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (ІО-баптың 2-тармағы) . Конституцияда Республика азаматының әскери қызметті өтеудегі міндеті айрықша атап көрсетілді (Зб-бап) және т. б. қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның және азаматтың құқықтық мәртебесіне негіз боларлық принциптер орнықтырылды. Мұндай принциптердің қатарына мыналар жатады:
1. Адам құқы мен бостандығының айнымастығы, Табиғи танылған құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атайды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды3.
Не мемлекеттің, не оның органдарының, не лауазымды адамдарының, занмен көзделгеннен өзге жағдайда, одан айыруына, шектеуіне құқы жок.
2. Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тыйым салады. Адамның және азаматтьщ бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екіншісінің құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқы мен бостандығының теңдігі бұған олардың бәрінің де иелігін білдіреді. Әрине, адам құқы мен бостандығын екінші біреу (біреулер) бұзған жағдайда заңды қорғау, басқа адамдардың құқын, бостаңдығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзьшғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді4.
3. Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуі не тыйым салынады. Сонымен бірге Конституция шектеудің шегі мен негізін де көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқы мен бостаңдығын тек заң ғана шектеуі мүмкін. Бұл заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер арқылы (Президенттің нормативтік жарлықтарымен, Үкіметтің қаулысымен, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік актілерімен) адам мен азаматтың құқы мен бостаңдығын шектеуге болмайтындығын білдіреді. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостаңдықтары конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адам құқы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейінде шектелуі мүмкін. Бұл арада әңгіме, шын мәнінде адам мен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуден гөрі, мемлекет пен адамның мүддесін жекелеген адамдар тарапынан болуы мүмкін қол сұғушылықтан қорғау туралы болып отыр. Үшіншіден, азамат саяси құқықтар мен бостандықтарды шексіз пайдалана алады. Конституция саяси себептер бойынша адамдардың құқы мен бостандығын қандай да бір шектеуге жол бермейтіндігін анық көрсеткен. Конституция қағидасының тағы бір құндьшығы осында. Демек, саяси тұрғыдағы себеппен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайды. Әңгіме, бұл арада, адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік, экономикалық жеке құқықтары мен бостаңдықтары туралы болып отыр.
Конституцияда қайсысы екендігі нақты көрсетілді. Ол азаматтың тең бостандығынан азаматтықтың қандай негізде алынғанына қарамастан, азаматтығын айыруға болмайтын азаматтыққа қатысты (ІО-бап) . Мемлекет өз шегінде өз азаматтарын қорғауға және қорғаушылықка кепілдік береді және оны мұңдай қорғаушылықтан ешкім айыра алмайды. Мұндай шектеусіз құқыққа құқықтық, субъектілік, сот арқылы қорғалу құқығы, заң және сот алдында теңдік, өмір сүру құқығы (13, 14, 15-баптар), адамның жеке басының бостаңдығы (16-баптың l-тармағы), адамның қадір-қасиетіне қол сүғылмаушылық (І7-бап), ана тілін пайдалану құқығы (І9-бап), ар-ождан бостаңдығы құқығы (22-бап), меншікке кепілдік құқығы (26-бап, 2-тармақ) жатады.
4. Адам мен азаматтың құқы мен бостандығының тікелей қолданылуы принцип ретіңде онымен өзінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігі мен ақиқаттығын білдіреді. Мемлекеттік патернализм түрғындардың қорғалуы төмен қабатымен қамқорлықты шектеген жағдайда қабілетті адамнын өзі занда көзделген ережелер мен кепілдікке сүйене отырьш, өзінің күқы мен бостандығын жүзеге асыруға өзі қамқоршы болуы тиіс. Конституцияда әркімнің білікті заң көмегін алуға қүқығы бар екендігі жазылған. Занда көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.
5. Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі болып табылады. Конституцияда осы принцип адам мен азаматтың қызмет өмірінің барлық салаларына орай орнықтырьшды. Айталық, заң мен сот алдында бәрі де тең. Бұл заң талабының баршаға бірдей міндеттілік екенін, заң ережелерін бұзғаны үшін бәрінің де бір деңгейде жауапты екендігін білдіреді. Сот алдында бәрі де тең. Ол адам мен азаматтың жағдайының қандайлығына (лауазымына, мүліктік жағдайына, ұлтына, жынысына, тағы басқаларына) қарамастан, сот бәріне де бір деңгейде кызмет етеді5.
Сонымен бірге сот істі қараған кезде адамдардың жағдайларын, ерекшеліктерін емес, тек Конституцияны және занды ғана басшылыққа алуы тиіс. Адам мен азаматтың теңдігі конституциялық құқық пен бостаңдықтың ешқандай кемсітушілікке жол берместен, барлығына бір деңгейде қолданылуы тиістігін танудан да көрінеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, түрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсіту ге болмайды (қР Конституциясы І4-бабының 2-тармағы) .
6. Зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мазмұны мен қолданылуын қамтамасыз ету принципі. Конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығы осы құқық пен бостандықты жүзеге асыру жағдайы мен тәртібін белгілейтін зандар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ең басты негізге алынатындығын білдіреді6.
7. құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі болып табылады. Әркім де Конституцияны және қазақстан Республикасының зандарын сақтауы тиіс. Әр адам мен азамат адамдардың қоғамдастығында өмір сүреді. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймайды, сондай-ақ бір-біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.
2. Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиеті туралы
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, арнамысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға ешкімнің де қүқығы жоқ. Сондықтан, қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да зандары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айрықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір-қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге күкылы. Бірде-бір мемлекеттік орган, бірде-бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс екендігін білдіреді.
Ең маңыздысы, адамның табиғи күкығы - өмір сүру қүқығы ҚР Конституциясының 15-бабында орнықтырылған.
1. Әркімнің өмір сүру құқы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі». Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда қолданылады. 2007 жылғы 21 мамырдағы Занда өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасаған үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретіне заңмен белгіленеді. Өлім жазасын қолдану туралы үкім шығармас бұрын сот мұндай ең ауыр жазаны қолданудың мән-жайын жан-жақты дәлелдеп, өлім жазасына кесілген адамды мейлінше толық сипаттап көрсетуі тиіс. Сонымен бі рге сот сотталушының психикалық дертке ұшырамағанын да анықтауы керек. Мұндай дертке ұшырағандарға жаза мүлдем қолданылмайды,
Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуіне құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалған ба, жасы, отбасылық жағдайы және басқа мән-жайлары ескеріледі.
Президенттің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы «қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий жариялау туралы» Жарлығы. Мораторий өлім жазасын толық алып тастау туралы мәселе шешілгенге дейін енгізілді.
Жеке адамның өміріне қол сүкпаушылық Конституция арқылы қорғалады. І7-баптың 2-тармағына сәйкес «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды».
Конституцияның осы қағидасы, негізінен, лауазымды адамдарға қатысты. қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін, адамның қадір-қасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді-кесілді тыйым салады. Азаптау, ұрып-соғу, төбелесу, дене жарақатын салу түрінде көрінуі мүмкін.
Қорлау - жеке басын, үлттық қадір-қасиетін қорлау және басқа өрекеттер түрінде көрінуі мүмкін. Айыпталушыға, күдік келтірілушіге, куәгерге, сарапшыға қатысты мұндай әдістерді қолданған милиция, прокуратура қызметкерлері кылмыстык жауаптылыққа тартылады.
Заң адамның бостандығын басқа жеке адамдардың да зорлық-зомбылығынан қорғайды. Егер кімде-кім адамды өз бетімен бостандығынан айыруға әрекет етсе ол адам қылмыстық жауаптылыкка тартылады. Мұндай іс-әрекет күш қолдану (жеке бөлмеге қамау, психикалық ауруханаға жатқызу және басқалары) не күш қолданамын деп қорқыту жолымен жүргізілуі мүмкін. Егер адам қылмыскерді ұстау және оны күкык қорғау органдарына тапсыру мақсатында күш қолданса, әрине, ол жауаптылыққа тартылмайды. Өйткені ол өзінің азаматтық міндетін орындайды. Егер де лауазымды адам (милиционер, тергеуші) өзінің қызмет бабын пайдаланып, адамды бостандығынан заңсыз айырса, онда ол билігін теріс және асыра пайдаланғаны үшін жауаптылыққа тартылады. Оның үстіне айыпталушыдан, куәгерден күштеу жолымен алынған жауаптың зандық күші болмайды.
Куәгер - тергеушілік және сот ісі жүргізілуінде маңызды тұлға. Заң бойынша ол тергеу (алдын ала анықтама алу), сот процесінде куәлік беруден бас тарта алады. Ол кім кімге де түсінікті болуы тиіс. Егер адам жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің занды мүддесіне нұқсан келтірілген мән-жайға куәгерлік күйде болса, онда шындықты ашу үшін тергеу және сот органдарына көмектесу оның адами және азаматтық міндеті. Кылмыстылыктын өрісі кең жағдайында ақиқат жауап бергені үшін кылмыскерлер тарапынан болуы мүмкін кек алу әрекетінен сақтануды сот және тергеу органдары естерінен шығармауы тиіс. Куәгердің өзінің азаматтық міндетін орындауы үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Сондай-ақ ар-намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатысын өзі белгілеуге құқьrлы. Егер адам қайсыбір дінге сенетін болса, оның діни рәсімдерді, әдет-ғұрыптарды орындауына ешкімнің кедергі келтіруге құқы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа адамның, қоғамның заңды мүдделеріне кесел келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқы мен бостандығын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге тыйым салады. Конституция бірде-бір діннің артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқьrн бұзу болып есептеледі. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрьrлыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.
Заң ар-намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматгық міндетін орындауынан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың занды, атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқы жоқ.
Діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу ар-намыс бостандығынын басты кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдары діни бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды, қайсыбір дінге немесе дінге сенбеушілерге жеңілдіктер бермеуі тиіс. Сонымен бірге Конституция діннің қоғамдағы орнын белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 5-бабының 4-тармағына сәйкес «Республикада саяси партиялардың діни негіздегі кызметіне жол берілмейді».
Бұл ереже әр түрлі бағъггтағы дінге сенушілердің арасында бейбіт қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, көптеген діндер және діни бағыттар бар қоғамда қайсыбір дін идеологиясының мемлекеттік идеологияға айналып кетпеуіне кепілдік жасайды. Адамдардың өткен және бүгінгі ұрпағы «мөнгілію және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен, жеке басқа табынушылығымен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған. Коммунистік партия идеологиясының қатыгез үстемдігін басынан кешірді. Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да, адам да ұтқан жоқ. Айналып келгенде мұндай жағдай Коммунистік партияның өзінің басын жұтып тынды, Айта кету керек, тек діни идеология ғана емес, сондай-ақ қандай да болсын саяси партияның, басқа да кез келген қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология ретінде белгілене алмайды. Бұл арада ешқандай демократияны шектеушілік жоқ. Керісінше, қазақстанның мемлекет өмірін идеяландыру құрсауынан босату алуан пікірлі демократияның дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті - ар-намыс пен қадір-касиетті жоғары қояды. Арнамыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. «Басыңды арың сақтайды», «Ардан ақыл туады, ақылсыздық ең соңғыңды қуады», «Дуреленсең де арыңды сақта» дейді орыс мақалы. қазақ атамыздың да «Арым ушін жан пида», «Малы М жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қанатты сөздері ықылым заманнан бугінгі кундерге жетті. Ізгілікке негізделген қоғамда ар-намыс пен ар-ождан заңмен қорғалады. Сондықтан қазақстан Республикасы Конституция сының 7-бабында: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған. Бұл қағида қылмыстық және азаматтық заңдарда нақтыланады. Егер кімде-кім адамның ар-намысына, қадірқасиетіне нұқсан келтіретіңдей мәліметтер таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей алмаса, онда ол қылмыстық, муліктік жауаптылыққа тартылады.
Жәбірленуші, егер мұндай мәліметтер жалған деп есептесе, сот арқылы беделін қалпына келтіруіне, сондай-ақ келтірілген моральдық зардап ушін муліктік құн талап етуге құқылы7.
Заң адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін қылық ретіңде қорлауға тыйым салады. қорлау - жағымсыз, жалпы адамзаттық мораль принциптері тұрғысынан бұған жол берілмейтіндей нысанда көрінген іс-әрекет және сөз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz