Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері және тәртібі



КІРІСПЕ

§1. АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
§2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМЫ. ОНЫ АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ
§3. ҚР.НЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН АЛУ ТӘРТІБІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Азаматтықты әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде карастырған жөн, өйткені ол казіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құкықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың түтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлык сипатты белгілерімен, қырларымен түтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген кұбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтын мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен катысты болады.
Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен кұқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құкықтык, норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құкықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекетгің қүкықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ак, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін емес.
Біз көрсетілген екі құбылысты (кұкық және азаматтық) азаматтықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, кұкыктык, нормалармен белгіленетінін керсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жыл 20 желтоқсан
3. Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау ережелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 3120 Жарлығы
4. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А., 1998г.
5. Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.
6. Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право М., 1996г
7. Коваленко А.И. Конституционное право М., 1995г.
8. Амандыкова С.К. Конституционное право РК. Караганда, 1998г.
9. Амандықова С.К. ҚР Конституциялық құқығы. Астана, 2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Конституциялық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері және
тәртібі

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2011

ЖОСПАР:
КІРІСПЕ

§1. АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
§2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМЫ. ОНЫ АЛУ ЖӘНЕ
ЖОЮ

§3. ҚР-НЫҢ АЗАМАТТЫҒЫН АЛУ ТӘРТІБІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОСЫМША

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Азаматтықты әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде карастырған жөн, өйткені
ол казіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін
факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің
саяси және құкықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың түтастық
сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлык сипатты
белгілерімен, қырларымен түтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде өмір сүруін
тоқтатады және өзіндік жекелеген кұбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз
азаматтықтын мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі
жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның
үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы
қатынастардағы барлық көріністерімен катысты болады.
Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға
әкелу үшін құқық ұғымы мен кұқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына
сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құкықтык, норманы ұқсастыру ешкімнің ойына
келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма
ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құкықтың жеке нормасын алып, тіпті
оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекетгің қүкықтық
жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ак, жеке азаматтың құқын
сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну
мүмкін емес.
Біз көрсетілген екі құбылысты (кұкық және азаматтық) азаматтықты
жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып
отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай-ақ азамат мәртебесі құқықпен
емес, кұкыктык, нормалармен белгіленетінін керсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық
жүйемен белгіленген.

§1. АЗАМАТТЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Азаматтықты тұтас саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде
ғана, тек оның демократиялық мемлекет жағдайында объективті кажеттілігін
ғана емес, сондай-ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы
мәнін де түсінуге болады. Азаматгық қоғамның табиғи-тарихи даму процесінің
жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде
азаматтық мемлекеттің өз тұрғындарының саяси-құкықтық көрінісі болып
табылады. Ол мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның "меншігі" болып
табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті
кұратын факторлардың бірі болып табылады. Сондыктан азаматтыққа,
азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси-
құқықтык, маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтыққа осылайша ыкпал
етеді.
Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың
кеңестік кезендегі саяси-құқыктық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін
жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі
азаматтык институтына таптық көзқарас болып табылады. Азаматтық институты
да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол маркстік-
лениндік ілімге негізделген және социалистік емес мемлекеттерде танылған,
жалпыәлеуметтік көзкарастан түбірімен өзгеше жаңа көзқарас болды. Бұл
көзқарастың мәні неде?
Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи
қалыптасқан біртұтас әлеуметтік кауымдастық ретінде кай тапқа жататындығына
қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінді. Азаматтық
институтына мұндай көзқарас езіндік қана емес, прогрессивті, демократиялық
және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептелді. Кеңес мемлекетінің
азаматтық туралы зандары нак осындай идеялармен дамытылды. Алайда,
азаматтық институты жоғарыда аталған касиеттердің бір де біріне ие болған
жоқ. Біріншіден, азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның жартыкештігі
азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде: бір бөлігіне, яғни, еңбекшілерге,
формальды түрде құқықтар мен бостандықтардың бүкіл кешені берілді. Бұл
бөлік толыкқанды азаматтар деп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекші азаматтар
құқықтар мен бостандықтарды формальды түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял болды.
Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің қожайындары
деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін емес. Бұл
туралы кейін егжей-тегжейлі айтылады.
Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды
немесе құқықтары шектелді. Олар - қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық
саяси, көптеген әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан
айырылды. Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықган аласталған
жоқ, мемлекетгің азаматтары деп есептелді.
Азаматтық дегеніміз жәй саяси-құқықтық құбылыс емес, ол азаматтық
қоғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты
биік ұғымда көрінуі тиіс. В.Дальдың анықтамасы бойынша, — "білім ұғымы мен
деңгейі азаматтық коғам құру үшін қажет"[1]. Азаматтылық бір жағынан,
ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси-
құкықтық міндеттерді игеруден, екінші жағынан, оларды жүзеге асыру
қабілетінен көрінеді. Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған
кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан
мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне
қарсы тұрған кезде көрініс табады. Егер тұтас мемлекет, оның жекелеген
органдары мұндай қылықтарды ізгі ниетпен қабылдай алса, онда олардың
өміршең, болашағы болғаны. Егер де мемлекет, оның органдары "былғанған
беделін" корғаштаса, онда оның тарихи болашағының болмағаны. Сондықтан
азаматтылықгың жүйе негіздеушілік қасиеті бар. Азаматтылықтың мұндай
қасиеті мемлекет пен азаматтардың арасында қалыптасатын саяси және құқықтық
қатынастарда, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге
асырылады.
Кеңес мемлекетінің саяси және құқықгық қатынастары (байланыстары) ішкі
қарама-қайшылықта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер
етпеуі мүмкін емес еді. Бір жағынан, КСРО-ының жартылай құқылы азаматтары
өтпелі кезенде, барлық азаматтар 1936 жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті
органдарын қалыптастыру кезінде "жоғары" саяси белсенділік көрсетті. Бұл
процеске азаматтардың барлығының біртұтас ойлап, саясатын біртұтас
қолдануды ерікті түрде де, еріксіз түрде күштеу жолымен де жүргізген
Коммунистік партия басшылық етті. Мемлекеттің "халыктық" сипаты туралы
мықты идеялық теперіш пен насихат азаматтардың маркстік (пролетарлык) саяси
санасын қалыптастырды. Осы сананы өз "биігінде" қолдау үшін мемлекет
азаматтардың барлығын да "нысанада" ұстады, біресе азаматтардың үлкен
тобына, біресе олардың жекелеген мүшелеріне катысты саяси террор қолданды.
Осындай жағдайда азаматтар санасының қалыптасуы бұлталан сипат алды: отанды
сатып кету мен саяси оқшаулану ұштасып кетті. Бүкіл кұрылым (мемлекетгік,
партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық) саяси сананың тек жағымды жақтарын
ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және бірден-бір қасиеті деп
есептеді. Саяси оқшаулау туралы айтып қана қойған жоқ, оның мүмкіндігін де
қалт жібермеді. Өкілетті органдардың кез келген сайлауы (Кенестердің барлық
буындарында), әсіресе, 1936 жылдан кейін барлык уакытта сайлаушылардын
депутаттыққа кандидатка жүз процент дерлік дауыс беруімен етті. Бұл барша
өкімет билігінің "органдар жоғары азаматгылық көрсетудін нәтижесінде
қалыптасқанын" куәландыруы тиіс болды. Кеңестер формальды түрде басқа
мемлекеттік органдарды - үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекетгік
органдардың басшыларын сайлады. Сөйтіп, азаматтар мемлекеттік органдардың
бүкіл жүйесін төте немесе жанама түрде "қалыптастырып", "жоғары"
азаматтылық көрсетті. Алайда, іс жүзінде бұл мұндайды тарих бедерінен табу
қиынға соғатын бұлжытпайтын саяси алдау-арбау болды.
Жоғары азаматтылықты азаматтар емес, мемлекет, оның органдары
қалыптастырды. Құрылған мемлекеттік органдардың бірден бір саяси факторы
Коммунистік партия, дәлірек айтқанда, партиялық номенкулатураның партия
органдарына басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ, азаматтар осы
құбылыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде-ақ (Раскольниковтың Сталинге
жазған атакты хатын еске алсақ та жетеді) түсіне бастағанымен не айтуға, не
жазуға рұқсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан
кейін тарихта болып еткен кұбылыс ретінде, айтыла да, жазыла бастады. Кеңес
азаматтарының саяси санасынын шынайы болмысы туралы жазуға Кеңес мемлекеті
таратылғанға дейін рұқсат етілген жоқ. Саяси өмір туралы, Коммунистік
партияның диктатурасы туралы шындықты батыл айткан жекелеген азаматтар
"өзгеше ойлайтындар" "диссиденттер" аталып, елден қуыдды, азаматтығынан
айырылды. Жоғары, шынайы азаматтылық көрсеткен мұндай азаматтар мүндай
қасиеттен жұрдай адамдар ретінде көрсетілді.
Әрине, азаматтардың мүліктік жағдайы әркелкі қабатына бөлінген қоғамда
толық құқылық, тең қүқылық мүмкіндігі - шартты кұбылыстар. Ауқатты
азаматтар құқықтық мүмкіндіктерді көбірек пайдалана алады. Мұны жасыруға
болмайды. Мұндай ниеттің шынайылығына, нақ мемлекетгің қолдауына мұқтаж
адамдардың кез жеткізгендері жен. Біріншіден, мемлекет ниеті заң арқылы
жүзеге асырылады. Заң демократиялық, гуманды азаматтардың тұрмыс жағдайы
төмен, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды әлеуметтік тұрғыда қолдауды
кездейтін болуы тиіс. Осындай "нысандағы" занды әзірлеу мен қолдау ғаламат
күш жұмсауды талап етеді. Екіншіден, жалаң тендік жасау - жартыкеш іс, ең
бастысы - нағыз тепе-тендікті қамтамасыз ету. Сырткы белгілері бойынша
Кеңес заңдарының әлемдегі ең прогрессивті зандардың бірі болғаны белгілі.
Бірақ ол тап ойдағыдай жұмыс істеген жоқ. Сайлау женіндегі зандардың барлық
демократиялық алғышартгары болды, бірақ сайлаушылардың шын еркін
білдірмегендіктен сайлау көз бояушылықпен өтті. Кеңестердің "халық
өкілдерінен" тұрған барлық буындары бар биліктің иесі саналғанмен, іс
жүзінде партия органдарының айткандарыи орындайтын жалған органдар болды.

§2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМЫ. ОНЫ АЛУ ЖӘНЕ
ЖОЮ

Қазакстан Республикасының зандары азаматтықты азаматтардың жиынтығы
арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді. Қазақстан Республикасының
азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар
жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады[2].
"Азаматтық" ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1) адамның мемлекетпен
байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша
азаматтыкты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның
мемлекетпен байланысы саясиқұқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен қүкьгктық
байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы
арасында ғана орнай алады; 3) мемлекет пен азаматгың арасында өзара құқық
пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан
өз азаматгары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің
республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын
және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық түтастығын қорғауға, әдет-
ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тідді және оның аумағында тұратын басқа да
ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасынын, қуатының,
егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен
және Республиканыңазаматтықтуралы Заңымен реттеледі. Конституцияға
азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың тендігі туралы,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, қүқықтар мен
бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан
айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі
туралы кағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын,
олардын, құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-
аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың
балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік
органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен
ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық
мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу
тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық
сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де
наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән-
жайларына карамастан заң алдында тең.
а) Азаматгық туралы Заң күшіне енген күнге - 1992 жылдың 1 наурызына
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
ә) азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын
алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ
адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар
адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша ; 2) Қазақстан
Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде; 3) Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; 4)
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Занда қаралған өзге де негіздер
бойынша алынады.
Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген
кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты
тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген
келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген
кезде Қазақстан Республикасынын. азаматтығында болса, егер бала: 1)
Қазақстан аумағында туған; 2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-
аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты
түратын орны болса бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Бала өмірге келген кезде ата-аналарының біреуі Қазақстан Республикасының
азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде
туганына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.
Басқа мемлекеттің азаматы жөне азаматтығы жоқ адам олардың өтініштері
бойынша азаматтық туралы занда қаралған шарттарға сөйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Республика аумағында кем
дегенде он жыл тұракты тұратын, не оның азаматымен некелескен азаматтар
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа
толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер,
саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр болғандар және
олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына
қабылданады. Қазақстан Республикасы Презвдентінің 1993 жылғы 23
желтоқсандағы Жарлығымен азаматтық туралы Заңға біркатар өзгерістер
енгізілді. Бұл Жарлық бұрынғы Кеңес Одағының азаматгары арасындағы
катынастардың кейбір ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір
республикадан екіншісіне еркін қатынады. Туыс адамдардың өр түрлі
республикаларда тұруларына мүмківдігі болды, тұрып жатты да және Келісімде
ата-аналары азаматтығының өзгерілгеніне байланысты балалардың азаматтығы
өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген
кезде, соған орай екеуі де басқа тараптың азаматы болады не екеуі де
тараптардың бірінің азаматтығынан шығады, тиісінше олардың кәмелетке
толмаған балаларының да азаматгығы өзгереді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де
жеңілдетілген тәртібі кезінде кабылдауға қарсылық білдіру негізі
қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам:
• адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне
қарсы қылмыс жасаса;
• Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға
шакырса;
• мемлекеттік тәуелсіздікке, халыктың денсаулығына нұқсан келтіретін
заңға қарсы қызметті жузеге асырса;
• мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекетгік
тілдің қызметіне карсы әрекет етсе;
• террорлық әрекеті үшін сотталған болса;
• сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
• басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды.
Қазакстан Республикасының Конституциясы бойынша басқа мемлекеттің
азаматы Республика азаматы болып танылмайды, яғни, қос азаматтық
танылмайды.
Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рұксат
етпейді[3]. Қос азаматтық институты мемлекеттің мазмұнының өзіне кайшы
келеді. Өйткені мемлекетгің әлеуметгік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар
көзі халық, ол мемлекетпен саяси байланыста болады. Қос азаматгық алған
адамдар санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеуі
мүмкін.
Егемендік, төуелсіздік кез келген мемлекеттің бөлінбейтін қасиеті
болып табылады. Егемендік пен тәуелсіздік мемлекеттің бүкіл қуатымен, оның
осы мемлекеттің азаматтарына қызмет ететін Қарулы Күштерімен қорғалады. Қос
азаматтығы бар адамның, егер ол сонымен бір мезгілде дауласушы мемлекеттің
де азаматы болса, өзі түратын мемлекетті жан-тәнімен қорғайды деп толық
сеніммен айтуға бола ма? Әрине, жоқ. Адамның патриоттық сезімі бір елге,
бір мемлекетке ғана арналады. Одан әрі, кез келген мемлекеттің өзінің
мемлекеттік құпиясы, жасырын: әскери, ғылыми, техникалық, қызметтік және
басқа құпиялары болады. Бір елдің азаматы ретінде елдің құпиясын білуге
мүмкіндігі болған адамның, оны тап сондай азаматы болған екінші бір елге
таратып жібермейтіндігіне шексіз кепілдік жоқ. Бұл кұпиялардың "тонның ішкі
бауындай" сақталатынына 99,9 процент сенуге бола ма? Мұны Қазакстан
Республикасының азаматтық туралы Заңы да жанамалап таниды[4].
Жеке адамға қатысты алғанда қос азаматтык адамдар арасындағы
теңсіздікті білдіреді. Халықаралык құқық нормалары ретінде де[5], ұлтгық
заң нормалары ретінде де барлық адамдар үшін бірдей тең құқыктар мен
бостандықтар белгілейді. Алайда, қос азаматтығы бар адамдар азаматтығына
карай екі ел тарапынан да қорғалуға құкылы. Мұндай кепілдік кез келген
елдің Конституциялық зандарында қарастырылған[6]. Тиісінше, бір елдің
азаматтығын алғандар мен қос азаматтық алғандар арасында тепе-тендік болуы
мүмкін емес[7]. Жаппай қос азаматтық кезінде ол бір елдін, азаматтығын
алғандар санасына теріс әсер ететін болады. Екінші жағынан, азаматы болып
табылатын бірінші ел тарапынан басқа елге кысым жасаудың тұрақты факторы
болады.
Осы айтылғандар жеке азаматтықтың дұрыстығы және қос азаматтық ерекше
жағдайда ғана танылуы керектігін көрсетеді. Дегенмен, қос азаматтыққа
барлық мемлекеттің зандары рұқсат етеді. Мемлекеттердің азаматтық туралы
зандарындағы айырмашылық қос азаматтылықтың пайда болуының бір себебі болын
табылады. Әр мемлекетте азаматтық мәселесін реттейтін нормалар қайшылыгының
нәтижесінде азаматтың екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болып
танылатын жағдайлардың тууы мүмкін.[8] Қос азаматтық кеп жағдайда
халықаралық шарттар негізінде пайда болады.
Азаматтылықтың тоқтатылуы. Қазақстан Республикасының азаматтығы
Азаматтық туралы Занда қарастырылған жағдайда тоқтатылады.
Оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан
шығуға Азаматтық туралы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш
негізінде рұқсат етіледі. Азаматтықтан шығу жөнінде арыз Ішкі істер
министрлігі және Сыртқы істер министрлігі арқылы Президенттің атына
беріледі. Жасы 14-ке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға өтініш
берген кезде, ата-аналарының бірі Қазақстанның азаматтығында қалатын болса,
осы ата-анасының баланың Қазақстан азаматтығынан шығуына өзінің қатынасы
білдірілген арызы берілуі тиіс.
Заңмен белгіленген жағдайларда азаматтықтан шығуға рұқсат берілмеуі де
мүмкін. Егер азамат мемлекет алдындағы міндеттемесін немесе Қазақстан
аумағында орналасқан азаматтардың немесе ұйымдардың, қоғамдық
бірлестіктердің елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттемелерін
орындамаған болса оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға рұқсат
етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер
шығу туралы өтініш білдірген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылықка
тартылған болса немесе сот үкімімен жазасын өтеп жатса; егер адамның
азаматтықтан шығуы Қазақстан Републикасының мемлекеттік қауіпсіздік
мүддесіне қайшы келсе де рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарымен қарастырылған жағдайларды есептемегенде, адам басқа
мемлекеттің қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет немесе өзге де
мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке орналасуына байланысты;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу етірік мәліметтер
немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынған болса; 3) Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған негіздер бойынша
тоқтатылады.
Ата-аналардың екеуініңде Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығуына орай олардың азаматтығы да өзгереді.
Азаматтық мәселесі бойынша шешім шығарушы лауазымды тұлға — Қазақстан
Республикасының Президенті. Тұратын жеріне қарамастан басқа елдің азаматын
және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау; Қазақстан Республикасына азаматтығын қалпына келтіру; Азаматтық
туралы Занда қарастырылған, Қазақстан Республикасынын аумағынан тыс жерде
тұрақты тұратын жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару;
ерекше жағдайларда басқа мемлекеттің азаматтарына Қазақстан Республикасының
азаматтығын беру туралы шешімді Президент қабылдайды.

§3. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу тәртібі

Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша; 2) Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесiнде; 3) Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп
бойынша алынады.
Бала туған кезде ата-анасының екеуi де Қазақстан Республикасының
азаматы болса, ол туған жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады. Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде
олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала: 1)
Қазақстан Республикасының территориясында туса; 2) Қазақстан
Республикасынан тыс жерде туса, бiрақ, ата-анасының немесе олардың
бiреуiнiң бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты
тұрғылықты жерi болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлi болып, бала туған кезде олардың бiреуi
Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-
анасының екеуiнiң де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты
жерi болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы
ата-анасының жазбаша түрде бiлдiрген келiсiмi бойынша анықталады. Бала
туған кезде ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасы азаматтығында болып,
ал екiншiсi азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгiсiз болса,
бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылады. Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесi Қазақстан
Республикасының азаматы деп танылып, әкелiгi анықталған ретте 14 жасқа
толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының
азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты
тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
Ата-анасының екеуi де белгiсiз Қазақстан Республикасы территориясындағы
бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан
Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады. Шетелдiктер және азаматтығы жоқ
адамдар олардың өтiнiштерi бойынша Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы
азаматтығына қабылдануы мүмкiн. Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау туралы өтiнiштер бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының
Президентi қабылдайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негiзде кемiнде бес жыл
тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемiнде үш жыл
некеде тұратын адамдар қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабiлетiн
жоғалтқан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша
кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы
мүшелерiнен және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген
адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың
ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретiнде тұрақты тұру үшiн Қазақстан
Республикасына қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бiрiншi
абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi
- баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-
анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе
әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы
одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру
мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.
Мiндеттi әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында
орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан
Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш
жасаушы адам: 1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс
жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы
шықса; 2) Қазақстан Республикасы территориясының бiрлiгi мен тұтастығын
бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауiпсiздiгiне, халықтың денсаулығына нұқсан
келтiретiн құқыққа қарсы iс-әрекет жасаса; 4) мемлекетаралық, ұлтаралық
және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) терроршылдық әрекетi үшiн
сотталған болса; 6) сот ерекше қауiптi баукеспе деп таныса; 7) басқа
мемлекеттiң азаматы болса, оның өтiнiшi қабылданбайды.
Жүгiнген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған
жағдайда мұндай жүгiну фактiсi туралы ақпарат, олардың шетелдiк паспорттары
шет мемлекетке жiберiледi. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған
адамның өтiнiшi бойынша осы Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан
Республикасы азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Азаматтықты алудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығының ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтығы жайлы мәселелер
ҚР адамдардың және азаматтардың конституция негіздері
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Пәндер