Оқушылардың интернетте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе
І.Тарау. Internet желісі
1.1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Internet пен қатынас құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. World wide web. дүниежүзілік өрмек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.4 Электрондық пошта және Телеконференциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ІІ. Тарау. Оқушылардың интернетте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру
2.1. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Практикалық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

Зерттеудің өзектілігі
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады.
Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің Apranet компьютерлік жүйесі болып саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желілердегі компьютерлерден үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді, т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпараттарды ала аласыз.
Курстық жұмыс мемлекеттік білім стандартының 8-11 сыныптары бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Осы курстық жұмыстың материалдарын игеру барысында оқытушыға сабақтың теориялық және практикалық материалдарын таңдауда және сабақты өткізу әдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Біздің ойымызша, теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде бір мезгілде оны компьютерде көрсетіп, оқушылар оқытушының іс-әрекетін қайталауы өте тиімді. Біздің бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатымыз – оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясы негіздерін үйрету.
Зерттеудің мақсаты
• Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;
• Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.
Зерттеудің міндеттері.
1.Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
2.Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру.
3.Компьютерлік желілермен байланыс жасай алуды және ақпараттарды ала алуды, өңдеуді, сақтауды үйрету.
4.Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алуды, электрондық поштаны қолданып түрлі ақпарат алмаса алуды үйрету.
5.Оқушылардың өздігінен ізденімпаздық қабілетті арттыру және ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптастыру.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Б.. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ.» 242 – 380 бет. 2003 ж.
2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ., «Информатика». Астана, 2004.
3. Дмитриев В.М. Прикладная теория информации. М: Высшая школа 1989г.
4. Доннел Д. О., Лэдд. Э. Microsoft Internet Explorer 3 в подленнике.
5. Ермеков Н.,.Караев Ж., Стифутина Н. «Информатика 7,8 класс.» – Алматы: Жазушы, 2000, - 192 стр.
6. Информатика негіздері журналы, № 4, 2006 ж.
7. Информатика негіздері журналы, № 1, 2011 ж.
8. Информатика негіздері журналы, № 6, 2010 ж.
9. Информатика негіздері журналы, № 10, 2010 ж.
10. «Информатика и образование» журнал. № 6, 2006 ж
11. «Информатика и образование» журнал № 4, 2006г.
12. Коцюбинский А.О.,Грошев С.В. Современный самручитель работы в Интернет.
13. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
14. Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің
15. Симонович С. Евсеев Г. Алексеев А. «Специальная информатика». Учебное пособие.
16. Электрондық оқулық.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
І.Тарау. Internet желісі
1.1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ..5
1.2 Internet пен қатынас құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. World wide web- дүниежүзілік өрмек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.4 Электрондық пошта және Телеконференциялар ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ІІ. Тарау. Оқушылардың интернетте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру
2.1. Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Практикалық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір Интернет желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі ханшалардан күнделікті күніңізге айналып барады.
Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің Apranet компьютерлік жүйесі болып саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Интернетке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желілердегі компьютерлерден үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді, т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпараттарды ала аласыз.
Курстық жұмыс мемлекеттік білім стандартының 8-11 сыныптары бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Осы курстық жұмыстың материалдарын игеру барысында оқытушыға сабақтың теориялық және практикалық материалдарын таңдауда және сабақты өткізу әдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Біздің ойымызша, теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде бір мезгілде оны компьютерде көрсетіп, оқушылар оқытушының іс-әрекетін қайталауы өте тиімді. Біздің бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатымыз - оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясы негіздерін үйрету.
Зерттеудің мақсаты
* Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;
* Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.
Зерттеудің міндеттері.
* 1.Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
* 2.Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру.
* 3.Компьютерлік желілермен байланыс жасай алуды және ақпараттарды ала алуды, өңдеуді, сақтауды үйрету.
* 4.Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алуды, электрондық поштаны қолданып түрлі ақпарат алмаса алуды үйрету.
* 5.Оқушылардың өздігінен ізденімпаздық қабілетті арттыру және ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптастыру.
Зерттеу әдістері:
сұрақ-жауап, тест;
талдау - жинақтау;
салыстыру;
анықтау, қалыптастыру, тексеру экспериментері;
топтастыру, ой шақыру, эссе т.б.
Зерттеу болжамы.
Сабақ барысында оқушыларға интернет біздің өмірімізде алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Теория мен практиканы ұштастыра білуге үйрету. Ең бастысы - оқушының интернетте жұмыс істей алуын, өзіне керек ақпараттарды толық алуына ықпал жасау және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу кезеңдері:
1. Курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;
2. Әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;
3. Құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;
4. Курстық жұмыстың өзекті мәселелерін практикада эксперименттік деректермен анықтау.
Зерттеу орны: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ю.А. Гагарин атындағы орта мектебі.
Зерттеу нысаны: 8 б сыныбы.
Зерттеу пәні: Информатика
І.Тарау. Internet желісі
1.1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желігі біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Internet сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен - бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді.
Internet- дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райын туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағыда көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, комерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл теринді енгізген ағылшын тіліндегі REC құжаттына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер іnternet сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір - бірінен ажыратып жатпайды.
1957 жылы Кенес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Honeywell 516 компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды пошта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970 - жылдары интернет желісі негізінен электронды поштаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970 - жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCPIP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы Интернет термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда- ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс - Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет - бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996 - жылдан астап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел ІІ Бүкіләлемдік Интернет күнін 30 қыркүйек деп бекіттті. Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық - талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Соңғы кездегі Internet желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір - бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Internet желісін пайдаланушылар санының өсіп кетуі де бекер емес. Сол себепті Internet бізге даналық көзі болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
Internet желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70- жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желісінің жұмысы зерттелген.
Internet - тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығынла, Internet компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). Internet -ке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
Internet информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін Internet -тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұның кейін керекті жердегі (қала, мемлект) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
Internet желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Internet компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабіл құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Internet желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Internet - ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютермен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.
Internet - тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
Internet - пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді Internet -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
-қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
-тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
-пошталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың еркшеліктерін қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСРІР желісіне қосылған (Transmission Control Protocol Internet Protocol - жеткізуді басқару протоколы интержелі протоколы) түрінде болады, бұл Internet -тің бір шекті бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер- компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш Internet -ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютер) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, CSLIP немесе РРР деп аталады (Serial Line Inernet Protocol - тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip - тығыздалған Slip. Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс оратылған соң, SLIP пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.
Пошталық байланыс. Internet- пен қосыла алатын бірнеше пошталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген компьютерлер бірден Internet- пен пошталық байланысқа кіре алады. Олар өз поштасын Internet- ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде пошта адресі алдына Internet деп жазып қосылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді пошталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Пошталық қатынастық қолмен тірелетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек пошта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген пошталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.
1.2 Internet-пен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol-FTP). Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе пошталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мұмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз пошталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (named) жәненемесе паралін (password) білу қажет болады.
FTP- серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Open ftp.relcom.ru named password-FTP - серверге кірердің сұраныс тізбегі, мұндағы:
Open FTP-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relcom.ru - FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;
nomeid-пайдаланушының кіру аты немесе anonimous;
password-сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (E-mail) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда;
Open
Help-сервер командалары бойынша анықтама беру;
Quit-сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
cd каталог_аты-каталогты ауыстыру;
cd..- жоғарғы деңгейдегі каталогқа қайту;
get файл_аты-FTP-серверден файл алу;
binary-екілік файлдарды жіберуалу режиміне ауысу (типтері exe, com, arj, rar, tar, zip және т.б.)
dir-ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.
FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
cd pub-барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық PUB каталогын (директориын) пайдалану;
dir-сол каталог файлдар тізімін беру;
get ѳindex.txt-FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
binary-екілік файлдарды өңдеуге өту;
get far 140.zip-FTP-серверден екілік файл алу;
quit-FTP-серверден ажырау (байланысты үзу)
Осы мысалдан командалар интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.
Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Mirosoft Internet Explorer 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервер ftp:ftp.relcom.ru қатынас құру сеансын талқылап шығарайық.
Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Internet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, ышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
1-сурет. Internet Explorer кодын таңдау
Бұл мысал Internet Explorer жұмысын Wundows 95 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады (Windows 3.x ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезендері мен орындалатын әрекеттер бірдей).
Internet Explorer-ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндай үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс
Сіздін желідегі аты-жөніңіз және пароль (бұлар сізге провайдер-компания арқылы Internet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі ), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон номері. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (установить связь) батырмасын басу болып табылады.
Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған
программаның бірнеше терезелері шығады.Сеанс кезінде кез келген сәтте
"Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
2-сурет. Алыстан қатынас жасау программасының терезесі
3-сурет. Жүйелік хабарлар терезесі
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылғаннан сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
4-сурет. Internet Explorer терезесі
Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, бұл өрісте FTP адресі былай тіреледі: ftp:ftp.relcom.ru
Адрес тірелген соң, "Enter" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Адрес енгізілген сәттен бастап, Internet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer эмблемасына айналуы FTP-сервермен байланысты толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Internet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында FTP-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Құрал-сайман тақтасындағы "Тоқта" (стоп) батырмасын кез келген кезде басып қалып, FTP-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, "алға" және "артқа" батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. "таңдамалы" (избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақты өз бумаңызға сол күйінде сақтауға болады. Сонымен FTP-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай қарап шығуға болады.
"Баспа" батырмасы экранда көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге шрифт мөлшері ұнамаса, онда "Шрифт" батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде FTP-сервері мен өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Windows жүйесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі KOI8r кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары кодтау түрлендіру үшін басты меню пунктін пайдаланған жөн.
5-сурет. Кодтар сәйкес келмейтін мәтін фрагменті
6-сурет. Параметрлер терезесі.
Басты менюдің "Түр" (Вид) пунктінің "Параметрлер" жолын таңдап алсақ, сол команда сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі "Шрифт" батырмасын басу керек те, "MIME кодтары" параметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.
Мұның себебі кодтардың стандартты кестесінде кирилица әріптері (орыс, қазақ әріптері) жоқ, сондықтан әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы осыған өз "үлесін" жалықпай осы кодтау тәсілі қатар қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шарттаңбалар таңдап алынған соң, барлық ашық тарезелерді ОК батырмасын басу арқылы жауып қою керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.
Керекті файлды не каталогты алу (көру) үшін курсорды сол файл (каталог) атына алып бару керек, сол сәтте курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетуге бағытталған қол бейнесіне айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың (каталогтың) мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі (ал каталог болса, ашылып толық көрсетіледі). Жоғарғы деңгейдегі каталогқа өту керек болса, "Артқа" батырмасын басамыз немесе жоғарғы жақтағы "бір деңгей жоғары шығу" батырмасын басу жеткілікті.
Экранда көрінбей одан тысқары тұрған мәтін бөліктерін көру үшін көлденең немесе тік жылжу сызықтарын пайдалану керек, олар Internet Explorer терезесінің оң жақ және төменгі шеттерінде орналасады ("лифт" деп те аталады).
Браузер арқылы кез келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін "Адрес" деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Enter пернесін басу қажет немесе "Адрес" өрісінің оң жағында бағыттауыш тілсызық батырмаы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жөн. Керекті адресті "Таңдамалар" батырмасы арқылы да тізімдер ішіне тауып алуға болады.
Браузермен жұмысты аяқтау "Файл" менюінің "Жабу" пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы "X" батырмасын пайдаланса да болады.
1.3. World wide web- дүниежүзілік өрмек.
Internet ішінде керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік.
World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. Internet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипермәтін деген не? Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы (мазмұн арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе lynx сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.
7-сурет. Microsoft жүйесінің "үйдегі" компьютердегі беті
7-сурет. Microsoft жүйесінің "үйдегі" компьютердегі бет
Қолдаланып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графикті браузермен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator бірақ Windows 95 жүйесі өз Internet Explorer програмасының ішкі браузермен жабдықталады. Windows жүесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс ітсеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer - мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір - біріне ұқсас болады.
Сонымен FTP-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.
Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, "өз" серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәліметтер енгізілсе, ttp:www.home.microsoft.comintru nternet Explorer терезесі көрсетілгендей болады. Мұнан кейін "лифт" көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген мәтін бөлігіне алып барып, тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді.
8-сурет. Мәтіннің ерекшеленген бетін таңдау
Біздің жағдайда курсорды "Internet-те парақты іздеу үшін осы сілтемені таңдаңыз" (выберите данную ссылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компютеріңізге Internet-тегі информация іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация енгізіңуізді және "іздеу" батырмасын басуыңызды өтінеді.
Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар "Спорт", "Компьютерлер", "Ойындар" сияқты рубрикаларға жіктелген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web-тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.
Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпқа өту жолы (парақтағы емес) көрсетіліп тұрады.
Бірақ Web каталогтары мәтін парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал "дүние жүзілік өрнекте" (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot немесе Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларда серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.
Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу серверлері каталогтарға қарағанда көптеген мәліметтерді қамти алады. Бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған парақтан тұратын информация ішінен керектісін таңдауыңыз қажет.
Егер сіз жалпы сипаттағы информация іздейтін болсаңыз, іздеуді Web каталогтарынан бастағаныңыз жөн.
9-сурет. Internet-те мәлімет ізде
Ал, егер сіз нақты бір сөз тіркесін іздейтін болсаңыз, мысалы, "Little girl" немесе классификатордан жалпы атауын табу қиын түсінік туралы мілімет іздегенде, каталогтар да онша көмек бере қоймайды. Мұндайда іздейтін серверді пайдалану қажет шығар, мүмкін біреуін емес бірнешеуін қарап щығу керек болар, өйткені әртүрлі серверлер қойылған бір сұраққа әртүрлі жауап береді. Сіздің сұрағыңыз нақты болса, іздеу нәтижесі да табысты болатыны есіңізде болсын. Бір емес, сұрғыңызға сәйкес келетін бірнеше сөз тіркесін іздеген қолайлырақ болады. Көп сөзден қашпау керек, синоним сөздер іздеп табу ісін оңайлатады.
Егер іздейтін сервер сізге толық жауап таппаса (немесе тіпті ешқандай жауап таппаса), онда сұрағыңыздың нақты болмағаны немесе керекті сөз тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мұндайда басқа және қысқа сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын жүргізу керек.
Ал, егер табылған мәліметтер жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасып кетсе, онда мәселенің өте кең ұғымды, ауқымды болып кеткен. Қайта сұрақ қойып, нақты терминдер пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге талпынған жөн.
"Өрмек" ішінде қызықты, орыс тілінде жазылған мәтіндер көп, сондықтан орысша әртүрлі ақпарат іздеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бірақ тиімді жолмен керектісін жылдам іздеп табу орыс алфавитінің ерекшеліктері мен сөз таптарының айрықшалықтарына қарай қиынға соғады.
Орыс алфавитін қолдануға оның кодтарының да әртүрлілігі кедергі болады: бір мәтін КОИ-8 кодында жазылса, екіншісі Windows кодын қолдануы (1251) мүмкін. Бұған орыс сөздерін латын әріптерімен жазу әдісінің (Rudlish тәсілі деп те айтады) қосылатынын айтсақ, қиындықтың арта түсетіні өз-өзінен белгілі болады.
Осындай себептермен Желі бойынан, мысалы, Алматы туралы информация іздесек, серверге Алматы сөзін 1251 түрінде код арқылы енгізсек-бір түрлі жауап, ал КОИ-8 коды арқылы енгізе алсақ (ол жөнінде "Сол информбюродан" білуге болады, http:www.siber.comsibrussify)-е кінші түрлі жауап аласыз; латын әрпімен Almaty сөзін енгізсеңіз-үшінші түрлі жауап, ал төртінші түрлі Almati сөзі арқылы алуымызға болады. Ол жауаптардың кейбірі қайталанатын да шығар, бірақ айырмашылығы да жетіп артылады.
Кейбір келеңсіздіктен қашық болу үшін және орысша мәтіндер табу мақсатында CompTek фирмасының серверіне (http:www.cti:ruhtml) шығаруға болады. Ол фирма орыс тіліндегі мәтін ерекшеліктерін есепке алатын іздеу жүйесі (Яndex-тіл индексі) жасап шығарды және жарнама ретінде өздері арқылы сұрақтарды AtlaVista-ға жіберетін мәтін беттерін ашты. CompTek серверіне енгізілген сұрақтардағы сөздер автоматты түрде көбейтіліп, тек керекті информация түрінде келтіріліп AtlaVista-ға жөнелтіледі.
Керекті ақпарат табылса, ары қарай барлық жұмыс FTP-серверіндегі сияқты орындалады.
Internet-тегі хаттамалар. Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлер арасындағы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі керек. Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Түрлі-түрлі компьютермен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкес түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі.
Базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, олар көбінесе бірге жазылатын TCPIP (Transmission Control ProtocolInternet Protocol-тасымалдауды басқару хаттамасыжелі аралық хаттама) терминімен белгілейді
Интернет TCPIP хаттамасын пайдаланады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz