Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Динаева Бекзат Бегалықызы

Қазақ гуманитарлық заң университеті

жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының

доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Астана қаласы

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі

мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты

Өткен ғасырдың соңғы жылдарында дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам - тіл - мәдениет» және «адам - тіл - ойлау» триадасына сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің тығыз қарым-қатынасына жол ашты. Адамзат өркениетінің жетістігі болып табылатын әлемнің тілдік бейнесі антропоцентристік бағыттағы тіл білімінің түрлі салаларын қалыптастырды. Жер бетіндегі түрлі этностардың әлемге көзқарасының, салт-санасының, дүниетанымының көрсеткіші болып табылатын паремиялар - семантикалық, тақырыптық және семиотикалық тұрғыдан көп аспектілі мәселе. Ол - ойлау мен танымның, сананың бейнелі, эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне ие. Тіл қазынасындағы халық тұрмысынан хабар беретін, шаруашылық әрекетін танытатын алуан түрлі мақал-мәтелдердің шығу төркіні, жасалу уәжі, олардың тілдік заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Уақыттың тезінен өтіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан түрлі мақал-мәтелдердің мазмұн межесіндегі кодталған әртүрлі ақпараттарды айқындау қазіргі тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.

Ұлттық тілдің ең маңызды және күрделі құрамдарының бірі - мақал-мәтелдер. Шындықтың адам санасында қабылданып, ой елегінен өтіп, тұрақты тіркес болып айтылу үрдісі нәтижесінде әлем бейнесі тілде екінші рет тың көрініске ие болады. Әлемнің тілдік бейнесі таным категориясымен ұштасып жатқандықтан, ол адам ойлауымен, тілдік бірліктердің семантикасымен тығыз байланыста қарастырылады. Жалпы әлемнің тілдік бейнесі дегеніміз - ол адамның өзін қоршаған ортадағы құбылыстар, жағдайлар жайлы танымын тіл арқылы көрсету. Адам шындықты қалай көріп, қалай қабылдаса, солайша оның әлем туралы түсінігі қалыптасады. Тілдегі әлем бейнесі - адамзат санасы мен ойлау қызметі арқылы пайда болған, бір тілде сөйлеуші адамдар үшін шындық пен ақиқаттың үйреншікті көрінісі. Тілдегі белгілі бір этностың қалыптасқан эталондары, дүниені қабылдауы, түсінуі тілдегі ұлттық әлем бейнесі тұрғысынан қарастырылады. «Әлемнің ұлттық бейнесі» сол халыққа ғана тән түсінік категорияларынан тұратын тұрақты бейнелерге байланысты қалыптасады. Осыған орай кез келген тілдік құбылыстың, соның ішінде тұрақты тіркестердің табиғатын оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен бірге халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты да қарастырған жөн [1, 43] .

Жер бетін мекендеген халықтар мен ұлыс-тайпалардың қай-қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталған інжу-маржандай астарлы да асыл, ұлағатты да өнегелі даналық сөз үлгілері барлығы хақ. Атадан балаға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа екшеліп, іріктеліп, сұрыпталып жетіп отырған осындай асыл қазыналардың бірі - мақал-мәтелдер. Олар қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр логикаға (ойға) құрылады да, тыңдаушы көкейіне бірден қона кетеді.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі гендерлік қырын сипаттау «әйел» және «еркек» концептілерін талдау шеңберінде өрбиді. Әйел және еркек концептілері - кез-келген ұлт дүниетанымында айрықша орын алатын әмбебап концептілер. Әйел заты мен еркекке тән стереотиптік мінез-құлық ерекшеліктері жалпы әйелдік пен еркектікті айқындайтын әмбебап, ортақ сипатқа ие. Мысалы, әйелдер туралы сөз еткенде жұмсақтық, нәзіктік, мейірімділік, сезімталдық, күмәншілдік, аса сақтық, байқағыштық, құбылмалылық, тиянақтылық, отбасы ұйтқысы сияқты стереотипті бейнелері мен мінез-құлықтары ойға келеді. Ал, еркектер басшы, күшті, шешім қабылдаушы, қатал, мансапқұмар, жауынгер, отбасын асыраушы деген стеротипті бейнелерді ойға келтіреді.

Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол - шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілік те айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам - отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі, тұрмыс-тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым-қатынас т. б. барлығы әйел адамның құзыретінде. Ағылшын және қазақ тілінің паремиологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал-мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени-әлеуметтік орнын айқын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:

A good wife makes a good husband (сөзбе-сөз аудармасы: Жақсы әйел жақсы күйеу жасайды) . Қазақ тілінде тәрбиелік мәні зор тіркеске мағыналас келетін бірқатар мақал-мәтелдер бар:

Жақсы әйел жаман еркекті би етеді.

Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді.

Салғастыра қарағанда халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сәйкес ұғым-түсінік, біркелкі ұстаным байқалады.

Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді,

Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді.

Жоғарыдағы «алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы етер» деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген. Қазақ халқының когнитивтік санасында «төр» - тек қазақ үшін ең қастерлі, сыйлы орын.

Мақал-мәтелдердің гендерлік қырын қарастыру барысында олардың ұлттық-мәдени астарын, рухани мәдениетінің қайнар көздерін де ашу маңызды, өйткені әр мақал-мәтелдің астарынан халықтық дүниетаным, ұлттық философия, белгілі бір мәдени ақпаратты көре аламыз. Әйел затының қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік-мәдени рөлін екі халықтың мақал-мәтелдерінен анық аңғаруға болады. Әйелдің қай қасиеттерін жоғары бағалап, пір тұтып, оны неге теңегенін көреміз. Осыдан халықтық дүниетанымдағы әйел бейнесіне шығамыз. Қазақ халқының «әйел» затына деген көзқарасын төмендегі мақал-мәтелдерден анық байқай аламыз:

Жақсы әйел өміріңді ұзартады,

Жаман әйел үстіңе тұз артады;

Жақсы әйел жарының жақсысын асырады, жаманын жасырады.

Қазақ мақал-мәтелдерінен әйел затының ер адамнан бір саты төмендігі, бағыныштылығы көрініп тұрады. Мысалы, қазақтың төмендегі мақал-мәтелдері оған дәлел бола алады:

Астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе;

Бір қатынның айласы қырық есекке жүк болған;

Бұлттан шыққан күн ащы, Жаман қатынның тілі ащы.

Зерттеу барысында ағылшын және қазақ қоғамдастығында әйелдер дәрежесін ер адамдардан сәл төмендетіп көрсететін стеореотиптердің, пайымдаудың орын алғандығын білдіретін мақал-мәтелдердің жиі кедесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде The death of wives and the life of sheep make her husband rich (сөзбе-сөз аудармасы: Әйелінің өмірі мен қойдың өмірі ер адамды бай етеді) ; Women have no souls (сөзбе-сөз аудармасы: Әйелдердің жаны жоқ), қазақ тіліндегі « Байтал жүйрік парқы жоқ, қатын шешен нарқы жоқ », « Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа » мақал-мәтелдері белгілі бір заман кезеңіндегі әйел адам дәрежесінің көрсеткіші іспеттес. Көне заманнан қалыптасқан қазақтың ата дәстүріндей Англияда да орта ғасырларда балаларының үйлену, тұрмыс құру тәрізді мәселелерін ата-анасы шешетін, себебі текті жердің қызына үйлену, ұлына тұрмысқа шығу арқылы материалдық жағдайын түзеп, қоғамдағы алатын орнын жақсартуға мүмкіндіктер туындайтын. Жоғарыдағы The death of wives and the life of sheep make her husband rich мақалы өз заманындағы материалдық, рухани дүниенің тілдік бейнесі болып табылады, яғни көне дәстүрдің тілдегі көрінісі іспеттес.

Сондай-ақ, 1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан әйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқық берілді және ағылшын әйелдерінің басым көпшілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы, қатардағы қызметкер болды. Жоғары лауазымды қызметкер әйелдердің саусақпен санарлықтай болуы және оның биік дәрежеге көтерілуінің қисынсыз өрескел болып танылуы «Women in state affairs are like monkeys in glass shops» (сөзбе-сөз аудармасы: Үкімет басындағы әйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды) бейнелі оралымынан айқын көрінеді [2, 11] .

Байырғы ағылшын қоғамдастығында қалыптасқан әдептілік дағдысы бойынша тұрмысқа шыққан әйел ерін өзінің қожайыны ретінде қабылдауы тиіс болатын. Бұған бой ұсынбаған әйел соққыға жығылатын. 1891 жылға дейін ерлерінің «ер адамның бас бармағынан жіңішке таяқпен» әйелдерін ұруларына, егер қаласа, бөлмеге құлыптап қоюларына заңды құқықтары болған. « A woman, a spaniel, and a walnut-tree, The more you beat them the better they be » (сөзбе-сөз аудармасы: Әйел спаниель (иттің бір түрі) және жаңғақ ағашы ұрған сайын жақсарады), « A woman an asse and a walnut-tree Bring the more fruit the more beaten they be » (сөзбе-сөз аудармасы: Әйел мен есекті және жаңғақ ағашын ұрған сайын жемісті молырақ береді) тәрізді тұрақты тіркестер жоғарыда айтылған келеңсіз оқиғалардың орын алғандығы жөнінде бұлжытпас дәлел болып табылады. Қазақ арасында да мұндай жәбірлеулердің болғаны, әлі күнге дейін сирек те болса кездесетіні және оның әдеттегі отбасында болып тұратын елеусіз оқиға ретінде танылатыны мәлім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару тәсілдері
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі (адам, қоғам, табиғат) мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz