Қазақ паремияларындағы «Еңбек» концептісі


Динаева Бекзат Бегалықызы
Қазақ гуманитарлық заң университеті
филология ғылымдарының кандидаты
Қазақ паремияларындағы «Еңбек» концептісі
«Концепт» термині (латынша: conceptus - «ой», «ұғым», «түсінік») пәнаралық немесе Е. С. Кубрякованың анықтамасы бойынша «қолшатырлық» қызмет атқарады, яғни ой мен таным мәселелерімен айналысатын, ақпараттарды өңдеп сақтайтын бірнеше ғылыми бағыттардың пәндік саласын «қалқалаушы» болып табылады [1, 58] . «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде» оған былайша анықтама беріледі: «концепт ұғымы адамның ойлау үдерісінде пайдаланатын ой туралы түсінігінің және білімі мен тәжірибесі бейнеленетін, әлемді танудағы бүкіладамзаттық әрекеттердің нәтижесіне жауап беретін білім қоры» [1, 90] . Математикалық логиканың ұғымы ретінде пайда болған бұл термин психология, мәдениеттану, философия, когнитология салаларында орнығып, когнитивтік лингвистиканың негізі болып қаланды. Кеңес дәуірі тіл білімінің қолданысына ХХ ғасырдың 20 жылдарында ене бастады. Десек те, 1980 жылдары ғана ағылшын тілді авторлардың еңбектерін аударуға байланысты «концепт» ұғымы отандық ғылымда термин ретінде орнығып, 1990 жылдардың басында лингвокогнитологияда белсенді түрде қолданыла бастады [2, 14] .
Бүгінгі заманда кең қолданысқа енсе де, «концепт» термині әлі күнге дейін бір мағынада түсінілмей, түрлі ғылыми бағыттардың тұжырымдамаларында әртүрлі ұғынылады. «Себебі концепт - саналы, бақылауға көне бермейтін категория, ал бұл өз кезегінде оның түсіндірмесінің кең екендігін көрсетеді». Концепт категориясы қазіргі кезде философтардың, логиктердің, психологтардың, мәдениеттанушылардың зерттеулерінде қолданылады, сондықтан да одан лингвистикадан тыс түсініктің іздерін байқауға болады» [3, 21] .
З. Д. Попова мен И. А. Стерниннің пікірлерімен келісе отырып, концептуалды бағыттағы лингвистикалық мектептің теориялық және методологиялық ортақтығының болмауына байланысты аталған терминнің лингвистикалық түсіндірмесінің де бір мағыналы еместігін байқауға болады.
Ю. С. Степановтың «Орыс мәдениетінің константы сөздігінде» концепт ұғымының мәдениеттанымдық мәніне былайша анықтама беріледі: «бұл - адам санасындағы мәдениеттердің жиынтығы. Концепт - бұл адам баласының өзінің мәдениетке енуі, ал кейбір кездері оған ықпал да ете алуы . . . Концептілер тек ойланып қана қоймайды, олар уайымдайды. Олар - эмоцияның, ұнату мен жек көрудің, ал кейбір кездері қайшылықтың да негізі болып табылады» [4, 40-41] .
Н. Д. Арутюнова концептіні логикалық немесе логика-философиялық бағыттардың шеңберінде ұлттық дәстүр, фольклор, дін, идеология, өмір тәжірибесі, өнер бейнелері, түйсік пен құндылықтар жүйесі сияқты факторлардың өзара әсерінің нәтижесі болып табылатын практикалық философияның ұғымы ретінде түсіндіреді. Концептілер «әлем мен адамзат арасын байланыстыратын мәдени қабат» түзеді [5, 3] .
Психолингвистикалық бағыттың өкілі А. А. Залевскаяның пікірінше, концепт бұл - «адам өмірінің психикалық заңдылықтарына бағынатын және осындай параметрлері арқылы лингвистикалық теория ұстанымы тұрғысынан ғылыми сипаттағы өнім ретінде ұғым мен мағынадан ерекшеленетін динамикалық сипаттағы перцептивті-когнитивті-аффективті негіздегі индивидтің танымдық және қатысымдық әрекетінде қызмет ететін категория» [6, 39] .
В. И. Карасик (лингвомәдени бағыт) концептілерді белгілі бір мағынаға ие болып табылатын сөздің объективті мазмұнын білдіретін алғашқы мәдени бірліктер деп сипаттайды, сондықтан да олар адам өмірінің түрлі саласында, әсіресе, ұғымдық, бейнелік тұрғыдан әлемді тану үшін қызмет етеді деп сипаттайды. (Карасик, 2001: 102) .
Орыс тіл біліміндегі семантикалық-когнитивтік бағыттың негізін қалаушы Е. С. Кубрякованың анықтамасы бойынша, концепт дегеніміз - бұл «адамның білімі мен өмір тәжірибесі бейнеленетін біздің санамыздағы менталдық немесе психикалық ресурстардың бірлігі; жадтың, менталдық лексиканың, концептуалдық жүйе мен адам психикасында бейнеленетін әлемнің тілдік бейнесінің оперативтік мазмұндық бірлігі». (Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі, 1996: 90) .
концепті мен сөздің лексикалық мағынасының арақатынасы туралы мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Бұл екі ұғымның арақатынасы туралы мәселені алғаш көтерген С. А. Аскольдов болатын (Аскольдов, 1997: 271) . Ғылымның қазіргі даму кезеңінде аталған мәселе В. В. Колесов (1999), В. Никитин (1996), М. В. Пименова (2003), З. Д. Попова, И. А. Стернин (1999; 2002; 2003) және т. б. көптеген лингвистердің еңбектерінде зерттелуде.
Концепті мен мағынаның арасындағы айырмашылықтың бірі олардың ішкі көлемі мен мазмұнына байланысты. Концепті мен мағынаның арақатынасы олардың категориялық мәртебесі арқылы анықталады. Мағына - тілдің семантикалық кеңістіктегі бірлігі, нақты бір тілдегі мағыналар жүйесі. Мағынаға белгілі бір әлеуметке жалпы белгілі болып табылатын семантикалық белгілер (сема) енеді. Сөз семантикасы қатысым барысындағы халықтың өзара түсіністігін қамтамасыз етеді (Попова, Стернин, 2005: 8) .
Қазіргі тіл біліміндегі «концепт» терминіне бір ғана мағынада түсінік берілмейді. Лингвомәдени (Н. Д. Арутюнова, Т. В. Булыгина, С. Г. Воркачев, В. В. Колесов, Ю. С. Степанов және т. б. ) және психолингвистикалық (Н. И. Жинкин, А. А. Залевская, Е. С. Кубрякова, З. Д. Попова, И. А. Стернин және т. б. ) зерттеулерге сүйене отырып, біз «концепт» деп шындықтың белгілі бір үзігі туралы ұғым мен түсініктер жүйесін бейнелейтін ментальдық-когнитивтік құрылымды айтамыз.
Концепт деп тілдік оралымдарды да түсінуге болады. Тіл жүйесіндегі концептілердің барлық репрезентацияларын салыстыру арқылы тұйықталмаған және өзектік-шеткі құрылымы бар концептілердің өрістік құрылымын құруға болады. Концепт паремиялық топтарды біріктіруші болып та қызмет атқара алады.
Ұлттық тілде бейнеленген концептілер адамның жан-жақты әрекетін айқындайтын ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесі мен біліміне байланысты. Өйткені тілдік таңбалардың таңбалаушы қызметіне адамдардың өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені негіз болады. Концептіге ұғым енгенімен, ол ұғыммен ғана шектеліп қалмайды, сөзге қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге концептінің көрінісі сөз тіркесінде, түрлі дискурстарда, тұрақты тіркестерде, мәтіндерде жүзеге асады. Концепт мәдениеттің ментальдық ұясы болып саналады. Концептіні жасауға көмек беретін тілдік деректердің қатарына тіл бірліктерінің паремиология мен фразеологиялық қорда қолданылуын табу мен сипаттауды да жатқызамыз. Солардың бірі «еңбек» терминімен байланысты концептілерді паремиологиялық қордан тауып талдау осы мақаламыздың мақсаты болмақ.
«Еңбек» концептісінің тілдік негізін еңбектің күшті қажет ететін әрекет ретіндегі мағынасы құрайды. Дәл осы мағына «еңбек», «жұмыс», «іс» сияқты сөздерде кездескенімен, осылардың ішінде «еңбек» лексемасы доминант болып табылады.
«Еңбек» концептісі тірек болып табылатын мақал-мәтелдерді талдау барысында олардың мынадай концептуалдық белгілерінің бар екендігіне көз жеткіздік:
- Еңбектің адам өміріндегі орны:
«ер еңбегімен танылар» (Ерді еңбек жеткізер; Ердің атын еңбек шығарар; Еңбегіңнен ел таныр; Еңбек - ердің көркі, Ер - елдің көркі; Ер еңбегімен озады, еріншек езілумен тозады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz