Мемлекет және саяси партиялар



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3 бет
І . МЕМЛЕКЕТ АНЫҚТАМАСЫ
1.1 Мемлекеттің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.9 бет
1.2 Мемлекеттің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.11 бет
1.3 Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.14 бет
ІІ. САЯСИ ПАРТИЯ
2.1 Саяси партия ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.19 бет
2.2 ҚР.дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ..19.21 бет
2.3 ҚР.дағы саяси партиялар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.22 бьет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24 бет
Кіріспе
Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі».
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
-мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
-мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан,…) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
-мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
-мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
-мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
-мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады; Мемлекеттің типтері.
Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз
Пайдаланған әдебиеттер
1. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы: “Мектеп”, 2003.
2. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 288 б.
3. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана.–Алматы: Жеті жарғы,1999, -160 б
4. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
5. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі

мемлекеттік университеті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

КУРСТЫК ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекет және саяси партиялар

Пән: Мемлекет және құқық теориясы

Мамандығы: 5В030100- юриспруденция

Орындаған: ,
күндізгі

Ғылыми жетекші: . аға
оқытушы

Курстық жұмыс

__ ________2012ж. қорғалды

Бағасы____________________

2012ж

Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...2-3 бет

І . МЕМЛЕКЕТ АНЫҚТАМАСЫ

1.1 Мемлекеттің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5-9 бет

1.2 Мемлекеттің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 9-1 1 бет

1.3 Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-
14 бет

ІІ. САЯСИ ПАРТИЯ

2.1 Саяси партия
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
-19 бет

2.2 ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ..19 -
21 бет

2.3 ҚР-дағы саяси партиялар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 21-22 бьет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23 бет

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 24 бет

Кіріспе

Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады.
Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар
тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі
көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.Ежелгі грек философы
Демокрит: Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек,-
деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен
тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол
құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі.
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет –
қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке
түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып
табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
-мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған
заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
-мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан,...)
бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
-мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
-мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі,
егемендігі;
-мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет
істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
-мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың
көмегімен қоғамда тәртіп орнатады; Мемлекеттің типтері.
Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына
дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан
мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік
жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды.
Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады.
Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси
билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз
3
монархия.Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп,  ел болғалы 20-
жыл  уақыт  өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық
принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының
диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты,  Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-
экономикалық қатынастарда терезесі  тең мүше болуымен  көрінеді
Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдары өз кезегінде бірқатар
факторларға тәуелді болады. Партиялардың өзіндік ерекшеліктері, олардың
тарихи және ұлттық ерекшеліктері де бар. Ұйымдық құрылымдарына қарай
партиялар: ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған партиялар болып
екіге бөлінеді.Бірінші топқа жататын партиялар әдетте сан жағынан аса үлкен
емес. Мұндай партия мен мүшелері арасында ұйымдық байланыс бар, партия
нақты ұйымдастырылуымен және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның әрбір
мүшесі партия билетіне ие болып, мүшелік жараналарын уақыттында төлейді,
партия жарғысында қарастырылған барлық тәртіп талаптарына қатаң түрде
бағынады. Мұнай партияларды кадрлық партиялар деп те атайды.Саяси партия
мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға
бағытталған, ортақ мүдде, бір негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы;
қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді
және ұйымдастырылған бөлігі.. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік,
бұқаралық партия бола калған жоқ
Курстық жұмыстың мақсаты:  мемлекеттің анықтамасына  жан-жақты тоқталып
оның белгілерін ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін  төмендегідей міндеттер орындалады:
-мемлекеттің түсінігін анықтау;
-мемлекеттің  түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық  негіздерді зерттеу;
-мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функцияларына тоқталу;
-мемлекеттің әлеуметтік мақсатын қарастыру;
-саяси партиялардың түсінігін анықтау
-саяси партиялардың жүйесін қарастыру
- ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.

4

І . МЕМЛЕКЕТ АНЫҚТАМАСЫ

1.1 Мемлекеттің түсінігі

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін
дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді
атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік
ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және
қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын
қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық
институты.

Мемлекеттің белгілері
• мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады,
оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
• мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,
аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
• мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
• мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде
қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
• мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады,
солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Мемлекет түрлері
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
• Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір
орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға
жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір
болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.
Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
• Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси
тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық
жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің
міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен
реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы,
атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге
5

• АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Мемлекет басқаруы бойынша
• Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және
конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған
тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша
дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ
мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға
дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға
мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің
сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық
ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді.
Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
• Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге
бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың
көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы —
премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен
бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент
жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре
алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-
министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек
заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық
басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде
президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы
билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де
басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ ты
келтіруге болады
• Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің
жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет
басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше
көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында
ұшыраса береді.

6
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік)
мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу,
адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы
басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы
бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де,
сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған
орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше
органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
• 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты
азаматтық тұрғыда біріктіреді;
• 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа
мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз
қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
• 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана
тән;
• 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару
ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау
үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан
қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
• 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын
арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық
белгілейді және жинайды;
• 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және
оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге
асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
• 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды
реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық
нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады.
Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық,
буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге
дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени
белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу
негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған
табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-
орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің
пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді,
7
сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі
болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.
Тарихта
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау,
басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық
қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны
байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді
күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол
кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет
дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп,
оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті
Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп
түсіндірді.
Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі,
ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген
адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің
нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен
аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол
аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың
кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет
дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер
еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі
себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай
себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта
немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика),
өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және
басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-
қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға
мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы
бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану
мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы
күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде
жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп
жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі
адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан
8
топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы
басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда
басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне
әсер етеді.
Даму сатылары
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз
аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
• полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым
протомемлекет);
• бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған,
басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған,
ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас
құрылым);
• орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-
қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап
кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп
аталады);
• империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын
басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі
қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады,
нәтижесінде империя пайда болады.
1.2 Мемлекеттің пайда болуы

1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде)
мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты.
Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

1) Ірі су каналдарын жасау;

2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;

3) Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік
қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар,
корольдер мен императорлар болды. Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру,
тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан
алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия
9
типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей,
сақталып келді.Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі
дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.Афины мен Римде алғашқы
қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік
билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік
аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси
бірлестік болып қалыптасты. Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша
болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде,
Ирландияда және т.б. қалыптасты.
Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін
қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік
дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл
иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың
мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік
мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм
ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен:
құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.Марксизм
мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті
деп сипаттайды. Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері
бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың
барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.Марксизм-лининизм капиталистік
мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің
пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге
тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының
басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік
социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өиір сүрді.Мемлекеттің
тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы
саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге
асырады деген сөз.Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді,
бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.Мемлекетте қоғамды
басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады.
Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік
қызметкерлер жұмыс істейді.Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет
заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды
реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады. Марксизм
мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін қорғау үшін
жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл
иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол

10

құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың
мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік
мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм
ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен:
құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.
Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің
мемлекеті деп сипаттайды.

1.3 Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы

Құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен)
жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы –
демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің
негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу
жолында, қоғамның әрбір мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін
заңды түрде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы
кеңеюіне ұмтылады.Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің
жоғары болуы - әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы
мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі
төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы
ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес
деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың
мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі
әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді
жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы
негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқықтар санын мейлінше азайтып,
мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты
ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын
адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті
материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін
қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке
өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік және құқықтық
принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте, құқықтық
мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік,

11

экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да
мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан
қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға
міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда
болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің
қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық
көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз
бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.Мемлекет адам
қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы
ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің
қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ
меншіктілік негізінде қалыптасты.Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси
ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери
демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан,
жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам
баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен
өзгешеленеді:Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет
өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз
қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.Мемлекеттің халқы әкімшілік-
аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері
ескерілмейді.Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір
дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен
иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді. Қоғамның өмір сүріп,
тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар
арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті
қалыптастырады. Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының
мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл
иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол
құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың
мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік
мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм
ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен:
құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.Марксизм
мемлекеттің осы аталған үш түрін де

12

қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.Алайда мемлекет
жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы
үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген
жоқ.Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа
тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін
теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында
Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция
жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам
астам уақыт өиір сүрді. Құқық дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Саяси сананың функциялары мен формалары
Қазіргі кезеңнің саяси институттары
Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу
Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстармен ұйымдар
Пәндер