Құқық және саясат



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Құқықтың ұғым және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.7
1.1Құқық теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.11
1.2 Құқықтық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.17
II.Саясат түсінігі. Оның шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.20
2.2Саясат кұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.25
2.3 Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... .26.31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Қазіргі ғылым және қоғам дамуындағы тәжірибе дәлелдегендей өркениетті қоғамда Құқық мемлекеттің үстінен "билік етеді", қарайды, оның құрылысын және қызмет нысанын белгілейді, қоғамды біріктіру мақсатында тұрақты түрде, обьективті құралдарға сай орындайды. Құқықтың реттсуінсіз қоғам өмір сүре алмайды.Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз олардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады: Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі. Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді. Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды. Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады.
Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.
Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.
Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.
Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.
Құқық әр түрлі қоғамдық құбылыстармен қарым-қатынаста болады: экономикамен, саясатпен, моральмен, мәдениетпен, дінмен.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану – ғылым//Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы.- Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001, №2. 71-79б.
2. Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәсселеге жалпы көзқарас// Хабаршы. Тарих және саяси- әлеуметтік ғылымдар сериясы. Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002, №2.-104-123 беттер.
3. Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе // Хабаршы. әлеуметтану және саяси ғылымдар серисы.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004, №1,2.- 64-82, 81- 104 беттер.
4. Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Алаш,2003.
5. Балғымбаев А.С.Саясаттану . оқу құралы.-Алматы, 2003.- 302б.
6. Бөкейхан Ә.Таңдамалы.-А.: Қазақ энциклопедиясы, 1995.-478б.
7. Джон Локк. Басқару туралы екі трактат /Ауд.М.Ө.Иманбаев,- Алматы: Раритет, 2004.- 280б.
8. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы: “Мектеп”, 2003.
9. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 288 б.
10. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. – Алматы: Жеті жарғы, 1999, -160 б.
11. Жандаулетов Т.Қазақ ұлттық идеологиялық мәселелер.- Алматы: ХКАА “ЖШС”, 2004.-164 б.
12. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы, 1995.
13. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы”. –Алматы, 2004.
14. Введение в политологию: словарь-справочник / Под ред. В.П. Пугачева – М.: Аспект Пресс, 1996
15. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Козелецкая Г.В. Политология: курс лекций – А.: ИПК, 1998

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

КУРСТЫК ЖҰМЫС

Тақырыбы: Құқық және саясат

Пән: Мемлекет және құқық теориясы
Мамандығы: 5В030100- юриспруденция

Орындаған: 1курс, күндізгі
Ғылыми жетекші: аға оқытушы

Курстық жұмыс
__ ________2012ж. қорғалды
Бағасы____________________

Қостанай, 2012ж
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Құқықтың ұғым және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 -7
1.1Құқық теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-11
1.2 Құқықтық саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-17
II.Саясат түсінігі. Оның шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-20
2.2Саясат кұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-25
2.3 Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... 26-31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32



Кіріспе

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Қазіргі ғылым және қоғам дамуындағы тәжірибе дәлелдегендей өркениетті қоғамда Құқық мемлекеттің үстінен "билік етеді", қарайды, оның құрылысын және қызмет нысанын белгілейді, қоғамды біріктіру мақсатында тұрақты түрде, обьективті құралдарға сай орындайды. Құқықтың реттсуінсіз қоғам өмір сүре алмайды.Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз олардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады: Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі. Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді. Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды. Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады.
Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.
Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.
Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.
Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.
Құқық әр түрлі қоғамдық құбылыстармен қарым-қатынаста болады: экономикамен, саясатпен, моральмен, мәдениетпен, дінмен.

I.Құқықтың ұғым және оның мәні

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық -- нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек -- субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын" негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз -- мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде. Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -- халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі -- мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны -- олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.
Интернационализм -- барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз -- адамдык, адамгер-шілік) -- адамның жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі -- оның игіліктеріне қамқорлык, жасау. Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.
Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі -- мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі -- функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
-- мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция -- орган
-- аппарат -- мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде -- мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады; Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
Конституциялық құқық дегеніміз -- Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Конституциялык құқық, -- кұқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру аясында калыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады. "Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз" деген жолдармен Конституциямыздың қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін нығайта түсті.

1.1Құқық теңдігі

"Құқық түсндігі" Маркстің айтуынша, шын мәнісінде бар екені рас. бірақ ол әлі "буржуазиялық құқы", басқа құқықтар сияқты теңсіздікті белгілейді. Қай Құқық болмасым қолданылғанда әр түрлі адамға бірдей мөлшерде болады, шын мәнісінде бірдей емес, бір-біріне тен болмайды. Сондықтан "құқық теңдігі" теңдікті бұзу және әділетсіздік. Мұндай тенсіздік адамдардың физиологиялық және әлеуметтік жағдайларында бұрыннан болған. Ал адамдар басқалармен қатар өз бөлігінде қоғамдық нәтиже үшін қызмет жасаған кезде. экономикалық пайдасыз жағдайда адамдар қалады, өйткені өзінің физикалық не психикалық жағдайларына байланысты тең Құқықтағы қоғамдық өндірісте қатынасушысы бола алмайды және оның нәтижесін пайдалана алмайды. Осыған байланысты мынандай қорытынды жасауға болады - қоғамдық. тұтынушы қоры үшін бірдей қатынасып, бірдей еңбек сіңірсен де бірсулері шын мәнісінде көп алып, басқасына қарағанда, баи түседі. Оның барлығын болдырмау үшін, құкық барлығына тең болмай. тенсіздікте болуы қажет, адамдардың табиғи теңсіздігін есептеу керектігі уағыздалды.
Маркстің идеяларын анықтай отырып Ленин былай деп жазған: "коммунистік қоғамның бірінші фазасында "буржуазиялық Құқық" толық жойылмайды. тек біртіндеп жойылады, яғни өндіргіш күштердің қатынасына сай экономикалық төңкерістің жеткен мөлшеріне байланысты. "Буржуазиялық Құқық" оларды жеке адамдардың меншігі ретінде біледі, ал социализм оларды қоғамдық меншіктілікке айналдырады және осы жерде ғана "буржуазиялық Құқық" жоқ болады. Бірақ ол өзінің басқа бөлігінде қалады: еңбекті бөлудегі реттеуші және Қоғам мүшелерінің арасында табысты бөлуші сипатында болады. Маркстік-лениндік теория бойынша коммунізмнің бірінші фазасында (капптализмді құлатқаннан кейін) ондай "жетімсіздік" қашып құтыла алмайтын құбылыс, себебі қажетті экономикалық жағдайлар болмағандықтан "буржуазиялық құқықтан" басқа нормалар жоқ болғандықтан адамдар Құқықсыз қоғамға жұмыс істеуді тікелей менгере алмайды. Құқық толығымен жойылады, егер қоғам мынандай ережелерді орындайтын болса: "әркімнің қабілеттілігіне қарай, әркімге қажеттілігіне қарай", яғни адамдар, бірігіп өмір сүрудің негізгі ережелерін сақтауға сондай жоғарғы дәрежеде үйренгендіктен, олардың еңбектері соншалықты өнімді болады, әрі өз еріктерімен қабілеттеріне сай қызмет істейтін болады.
Сондықтан, маркстік-лениндік тұжырымдамалардың негізінде құқықтың пайда болуын, оның қызметі және еріксіз жойылуы (өшуі) топтық-экономикалық себептерге байланыстылығын байқаймыз.
Дүние жүзілік қоғамдардың ғылымында, тәжірибесінде мемлекеттік-құқықтық өмірдегі, әлеуметтік және экономикалық факторлардың құқықтың пайда болуындағы және дамуындағы белгілейтін рөліне күмән келтірмейді, бірақ бұл проблемалар басқа жағынан, басқа көзқарастарға сай қаралады. Егер марксизм-ленинизм құқықта ерікті бекітуді және экономикалық үстем таптықтың мүддесін қорғайтынын көрсе, басқа ғылыми салалардың өкілдері өздерінің назарларын мемлекет пен құқықтың және құқық пен жеке адамдардың қатынастарына аударады. Олардың түсініктері бойынша, құқықтық реттеуде таптардың қарама-қайшы мүдделері емес, маңызды орынды өзінің әр түрлі мүдделеріне және қажеттіліктеріне сай адам алады.
Таптық экономикалық теория, қоғам таптарының тарихи қалыптарына сай құқықтың өмірін тежейді (мемлекет сияқты). Оларша, құқық - тарихи ауыспалы құбылыс, қоғамға қажеттілігі тек оның белгілі даму кезеңі ғана. Таптардың жойылуына байланысты ол өзінің әлеуметтік бағасын жояды.
Маркстік-лениндік теорияның тұжырымдары бойынша, құқық -мемлекеттен шығатын құбылыс, толығымен оның еркін белгілейді. Мемлекеттің Құқықтан жоғарылығын жариялап, марксизм құқықтық мемлекет теориясымен қайшы келеді, себебі, ол құқықтық шығармашылықта оның рөлін жоққа шығармайды, дегенмен де мемлекеттің өзінің, заңға оның үстінде тұрмай бағынуының қажетті екенін мойындайды. Маркстік теорияның сөзсіз жетістігіне оның, құқық, қоғамның экономикалық және мәдени құрылымынан жоғары болуы мүмкін емес - деген қорытындысы дәлел болады. Оның құқықты түсінуі топтық қоғаммен шектелген, онда мемлекет жалғыз ғана құқықты туғызушы, адамның табиғи құқығын және оның қоғамдағы құқықтық өмірінің құрылуындағы белсенді қатынасушы екендігін жоққа шығарушы.
Қазіргі ғылым және қоғам дамуындағы тәжірибе дәлелдегендей өркениетті қоғамда Құқық мемлекеттің үстінен "билік етеді", қарайды, оның құрылысын және қызмет нысанын белгілейді, қоғамды біріктіру мақсатында тұрақты түрде, обьективті құралдарға сай орындайды. Құқықтың реттсуінсіз қоғам өмір сүре алмайды.
Құқық индивидтердің экономикалық еріктерін қамтамасыз ететін қажетті құрал ретінде көрінеді. Адамгершілік, діни, ұлттық және басқа факторлар құқықтың реттейтін аясына қосылып, қоғамның экономикалық дамуын нұсқайды, көп жағдайда бағытын белгілейді. Соған байланысты, құқықтың экономикамен қамтамасыз етілуі "бағынышты фактор" адамдардың жекелеген мүдделерін іске асыратын, оған қоса экономикалық фактор ретіндс көрінеді.
Құқыққа әр түрлі көзқарас, оның арнайы белгілерін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу есебінде бөліп қарауға мүмкіндік еді. Қоғамдық қатынастардың құқықтық емес реттеудегіден өзгешелігі, құқық мынандай формалды белгілермен сипатталады:
Біріншіден, құқықтық нормалар мемлекетпен ресми актілер арқылы белгіленеді. Әлеуметтік нормалардың басқа түрлері мемлекеттен шықпайды. Олар не қоғамдық ұйымдар арқылы, не болмаса біртіндеп қоғамдық пікірдің қабылдауы арқылы пайда болады, адамдардың дағдыларына айналып сіңісіп кетеді (моралдік нормалар, әдет-ғұрып нормалары, дәстүрлер).
Екіншіден, құқық нормалары қажетті кездерде мемлекеттік аппараттың мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Егер құқық нормаларының талабы еріктерімен орындалмаса, мемлекет заңды жауапкершілікті қолданады. Басқа сөзбен айтсақ, құқық нормаларының талаптарын орындамағандарға құзырлы мемлекеттік органдар, оны орындататын қажетті шараларды қолданады (тәртіпке шақыру, әкімшілік, қылмыстық). Сонымен, мемлекет құқықтық нормалардың бәріне бірдей міндеттілігін камтамасыз етеді. Егер, құқықтық емес әлеуметтік нормалар бұзылса, ол бұзушыларға қоғамдық ықпал жасау мөлшері қолданылады, оны қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары, адамдар жасайды. Мемлекет тек қоғам мүдделеріне сай әлеумсттік нормаларды қорғайды, ал басқалары мемлекеттік аппараттың күшімен қорғалмайды.
Үшіншіден, құқық белгілі мемлекеттің аумағындағы өмір сүретін тұрғындардың бәріне бірдей міндетті бірден-бір нормалар жүйесі. Құқықтық емес әлеуметтік нормалар тек тұрғындардың бөліктеріне міндетті: қоғамдық ұйымдардың, кәсіби ұжымдардың мүшелері және басқа да адамдардың қосылымдары. Төртіншіден, құқық мемлекеттің жалпы және жекелеген азаматтардың еркін олардың үйлесімді қарым-қатынастарын көрсетеді. Басқа әлеуметтік нормалар сол мемлекет көлемінде тұратын белгілі топтағы, қосылымдағы адамдардың ерікті мүдделерін айқындайды. .
Көрсетілген құқық белгілері қоғамдық қатынастардың реттеушісі болғандықтан жеке адамдардың ерікті дамуын, ұйымшылдықты және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді.
Сонымен, құқық дегеніміз бәріне ереже - тәртіп жүйесі, олар мемлекетпен белгіленеді, қорғалады, елдің жалпы және жекелеген тұрғындардың мүдделерін есепке ала отырып, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде көрінеді.
Құқық әр түрлі қоғамдық құбылыстармен қарым-қатынаста болады: экономикамен, саясатпен, моральмен, мәдениетпен, дінмен. Құқық және экономика. Құқық пен экономиканың қарым-қатынастары қоғамдық даму заңдылықтарына бағынады. Бірінші жағынан, қоғамның экономикалық қажеттігі белгілі экономикалық қатынастарды реттеуге және әр түрлі меншік формаларын қорғауға, өндірушілердің еркіндігін қолдауға, құқықтық нормалардың керектігі объективті түрде туады (мысалы, меншік туралы кәсіпкерлік, салық туралы заңдар). Екінші жағынан, құқықтық формадағы экономикалық қатынастар жәй ғана қажеттілік емес, ол ұйымдастырушылық қызмет әрекетін де орындайды және сондықтан қоғамның өміріне экономикалық процестер тетігінің маңызды компоненті ретінде кіреді.
Құқық және саясат. Құқық пен саясаттың қарым-қатынастары құқық нормаларының мемлекеттен шығуына байланысты және оның қоғамдағы саяси ұйымы болғандықтан. Сондықтан, әрбір адамдардың мүдделерімен қажеттіктері, алдымен құқыққа айналып мемлекет саясатына сай болуы қажет (заң шығаратын және басқа да құқықтық шығармашылықтағы органдарды айтамыз). Саяси талаптар құқыққа тек сол жағдайда айналады, егер жалпыға бірдей мемлекет қорғайтын нормаларды бекітсе. Құқық халықтың саясаты көрініс табады. Егер халықтың өзі, референдум арқылы заң актілерін қабылдаса, олардың еріктері құқықтық сипат алып, қоғамдық қатынастарды реттеудегі жалпы міндеттіліктің нормативтік нысандарына айналады.
Құқықтың пайда болуы (нысандары). Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады. Көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, кұқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тыйым салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның негізінде қоғамдық қатынастарды әр түрлі деңгейде тәртіпке келтіруге мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың қиындауының қайшылықтың артуының нәтижссі, алғашқы қауымдық нормалардың оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.
Құқықтық нормалар көп жағдайда үш негізгі жолдармен құрылды:
1) мононормалардың (алғашқы әдет-ғұрыптардың) әлеуметтік нормаларға айналуы, соған байланысты оларға мемлекеттен рұқсат беріліп бекітілуі:
2) мемлекеттің құқықтық шығармашылығы арқылы заңды нормалары бар арнайы құжаттар жасалуы - нормативтік актілер (заңдар, қаулылар т.с.с);
3) прецеденттік құқық, соттардың нақты шешімдерінен тұрады (соттардың және әкімшілік органдарының қабылдаған шешімдері, сондай істерді шешуге үлгі ретінде қабылдануы).
Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. "Құқықтың шығу жолдары" заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтың жалпы қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілетін арнайы мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң, президенттің қаулысы, үкіметтің қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі, сот тәжірибесі. Көрсетілген актілерге белгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларда бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа ие болады.
Құқықтың негізгі нысандарына мыналар жатады: құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот тәжірибесі), нормативтік-құқықтық акт.
1. Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен рұқсат етілген тәртіп ережесі, ол ертеден қалыптасып, ұзақ жылдар бойы қайталанған, адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма ретінде бекітілгсн. Мемлекеттің рұқсат беретіні барлық әдеттерге бірдей емес, тек өзінің мүдделеріне сай ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары.

1.2Құқықтық саясат

ХХ ғасырдың соңында Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, рухани және басқа салаларда орын алған түбегейлі өзгерістер, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті құру бағытына бет бұру секілді жағдайлар жаңа жағдайда кез-келген мемлекеттік саясат құқықтық болуы тиіс деген байлам жасауға түрткі болды. Сонымен қатар нақты саясат түрлерінен басқа, жоспарлы өзгертулер мен жаңартуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей жалпыұлттық құқықтық саясатты құру қажет екендігі түсінікті болды. Осыған байланысты, аталмыш саясаттың қоғамның әлеуметтік - құқықтық және саяси өміріндегі рөлін түсіну және түйсіну үшін оның теориялық әдістемелік аспектілерін толықтай қарастырып, оның Қазақстандағы жаңа жағдайларда қалыптасу және әрекет ету мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру қажет. Осыған орай, құқықтық саясат ұғымын теориялық және әдістемелік тұрғыдан білу керек.Құқықтық саясатты зерттеуге қатысты аса маңызды теориялық әдістемелік мәселелер қатарына мыналарды жатқызуға болады: саясатты құқықтық саясатты қалыптастырудың тамырлық негізі ретінде түсіну; ғылыми түрде негізделген құқықтық саясаттың басты шарты және маңызды негізі ретіндегі құқықтың қызмет ету заңдылықтарын анықтау; құқық пен саясаттың өзара әрекет ету механизмін қарастыру, олардың бір-біріне жанасуы және құқықтың саяси мазмұнын және саясаттың құқықтық мазмұнын жаңа қырынан ашу; құқықтық саясаттың құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасу және даму стратегиясы және тактикасы ретінде ғылыми талдау жасау, олардың кепілдерін, әлеуметтік-саяси тұрақтылық пен орталық және аймақтардың арасындағы байланыс жіптерін күшейту.
Осы тұрғыдан құқықтық саясат: ең алдымен, қоғамды саяси-құқықтық жағынан дамытуға, құқықтың саясатқа құқықтық деген лауазым беру үшін саясатқа енуі ретіндегі саяси-құқықтық басқару механизмін жасап шығаруға бағытталған мемлекет қызметінің концептуалды заңдық негізі ретінде орын алады. Осы тұста саясаттың өзі бұған кедергі жасамауымен шектеліп қоймай, жақсы жағдайлар жасап, тиісті саяси ерікті көрсетуі басты мәселе болып табылады; екіншіден, әлеуметтік тәжірибенің бір түрі ретінде, құқықтық шынайылықтың өзгеше феномені, мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен тактикалық тапсырмаларына кепілдендірілген қол жеткізу ретінде саясаттың нақты салалары мен түрлері бойынша қолданылуы арқылы жүзеге асырылатын саяси-құқықтық шаралар кешені; үшіншіден, құқықтың өріс аясынан шығуға жол бермейтін саясатқа тиісті ықпал ету.
Құқықты құқықтық саясаттың негізі ретінде сипаттауға мүмкіндік тудыратын маңызды аспекттер қатарына осы объект туралы білімді дамыту, бір жағынан саяси-құқықтық әрекетті қамтамасыз ету негізі ретінде қарастырылатын осы үрдісті аспаптандыру ықпалымен жүзеге асса, екінші жағынан, білімді құқықты оңтайландыру құралы ретінде қарастырылатын ұстаным ықпал етеді. Бұл құқықтық саясат теориясы мен тәжірибесі мәселелерін түйсінуде аса үлкен маңызға ие, себебі, билікке ықпал етудің жаңа жолдарын іздеумен байланысты.
Саясатты құқықтық саясаттың теориялық негізі ретінде сипаттай отырып, құқықтық саясат зерттеудің күрделі объектісі болып табылады деген байламға келдік. Атап айтқанда, оның субъектілері өте көп, көптеген қарама-қайшы бағдарлары бар, адам қалауы мен ықпалының рөлі үлкен. Сондықтан, танымдық ақпаратты бағалауда маңыздылығы зор жағдайларды бөліп көрсету қажет, олардың құндылығын, саяси пайдалылығын анықтау және шындықты білу, яғни білімдер мен әрекеттер тәжірибемен расталатындығын білу қажет. Ол үшін арнайы критерийлерді қолданған дұрыс: аспаптылық - мақсаттарды жасау және анықтау қабілеті, қолайлы жолдарды және оларды жүзеге асыру құралдарын іздестіру, халықтың басым бөлігінің әрекеттерінің бағытын өзгертуге ықпал ету; биліктік саяси әрекет жүзеге асырылатын жағдайлардың нақты күйін тура көрсету қабілеті; ақпаратты қолдану және жіберу қабілеті.
Құқықтық саясаттың теориялық әдістемелік негізі туралы айта отырып, оның мәнінің тереңірек түсінігін, оның маңыздылығын көрмеуге болмайды, себебі, бұл шынайылықтың толықтығы мен күрделілігі тек қана әртүрлі әдістер мен танымдық тәсілдерді белсенді түрде қолданғанда ғана қол жеткізіледі. Осыған байланысты зерттеушілердің басым бөлігінің басты назары қарастырылып отырған пәннің объективтік тарапына шоғырланғанын айта кету керек: мемлекеттік органдардың өзара әрекеттері, құқықтық саясаттың алуан түрлерінің сипатталуы, жүзеге асыру нысандары, түрлі салалардағы тиімділік және оңтайлылық бағалауы. Басқаша айтқанда, ең алдымен құқықтық саясаттың объективті параметрлері және әрекеттер нәтижелелері көзге түсетін. Алайда, саясат құқықтық бөлімін қамти отырып, тек әрекеттер арқылы емес, сөздермен де жүзеге асырылады. Сондықтан атап өтейік, құқықтық саясат танымның объективті әдістерімен зерттелетін фактілерден және оның субъектілерінің өзара әрекеттері барысында көрініс алатын білімдер мен мағыналардан қалыптасатын шынайылық болып табылады, сол үшін осы саясатты құрушыларда қолданысқа ие тұрақталған тәсілдер мен әдістерді қолдану талап етіледі .
Осы арада атап өтетін жайт, құқықтық саясат теориясы мен әдістемесінің маңызды аспектісі оны түсінудің шектері, межелері мен мүмкіндіктерін қарастыру маңызды болып табылады. Сонымен қатар түсіну деген термин екі мағынаға немесе түрлерге ие. Біріншіден, ол зерттеушілердің назарын заңдылықтарды іздеуге бағыттайтын әдістерге, статикалық ақпараттарға және т.б. аударатын тәсілдерден ерекшеленетін гнесеологиялық процедура. Бұл жағдайда, құқықтық саясат оның ұстанатын құндылықтарын, маңызын мен мазмұнын қарастыру тұрғысынан зерттеледі. Екіншіден, құқықтық саясат субъектілерінің өздері әрекет ететін шынайылық саласын түсінудің онтологиялық үрдісі.
Жоғарыда көрсетілген құқықтық саясатты түсіну түрлеріне ортақ белгі - оның мәні және құрылымы болып табылады; ол зерттеу және интерпретация объектісінің белгілерін анықтау және оны осы саясат субъектілерінің ішкі әлемімен теңестіру де қамтылған. Бұл ортақтық идеялар мен әрекеттердің ішкі байланыстарының болуымен, құқықтық саясатты түсінудегі тілдің маңыздылығымен байланысты. Қандай жағдайда да түсіну түсіндірумен байланысты, алайда олардың бірін-бірі толықтырғыштығы осы процедуралардың түрлі мәндерімен анықталады.Түсіндіру өткенге бағытталған, қандай да бір құбылыстың себебін табуға бағытталған. Түсіну болса келешекке бағытталған, ол танушы субъектінің басты бағдары болып табылады.
Осылайша, саясат шынайылық секілді өзінің күрделілілгімен және қарама-қайшылығымен құқықтық шынайылықтың құқықтық саясат секілді құбылысының теориялық әдістемелік жағынан негіздеуде аса маңызды рөл атқарады. Ол құқықтық саясаттың қалыптасуының тамырлық негізі болып табылады, өз кезегінде саясат квинтэссенциясының өнімі болып табылады.
Осыған байланысты зерттеліп отырған феноменнің теориялық әдістемелік жағынан негіздеудегі маңызды мәселе - құқықтың құқықтық саясаттың мәндік негізі ретіндегі әріқарай дамуының аса маңызды тенденциялары мен заңдылықтарының талдауы болып табылады. Талдау растап отырғандай, құқықтың бірегей қасиеттерін осы қырынан ашу құқықтық саясаттың мәнін, оның мемлекеттік саясаттың басқа түрлері арасындағы орны мен рөлін түйсінуге мүмкіндік береді. Алайда бұл арада көп жағдай құқықтың қалайша түсіндірілетіне байланысты.Құқықтық саясат теориясын құру үшін, оның жалпы теориялық аспектілерін ғылыми түрде дәйектеу үшін құқық танымы туралы теория бойынша шынайы ғылыми теорияға сүйену қажет, ол өз кезегінде объективті-ақиқат білімдер жүйесін құрауы тиіс және де ұғымдар, санаттар, ғылыми заңдылықтар, қағидалар және басқа теориялық білімдер нысанындағы құқықтың қалыптасу және әрекет етудің жалпы заңдылықтарын көрсетуі тиіс.
Құқықтың мәндік сипаттарын білу құқықтық саясаттың теориялық әдістемелік негіздерін дәйектеуде маңызды рөл атқаратынын айта кеткен жөн. Алайда, қазіргі таңда құқықтық танымға қатысты алуан түрлі (қарама-қайшы) теориялар мен әдістемелердің болуы, өкінішке орай, ғылыми дәйектелген құқықтық саясаттың қалыптасуын тежеп тұр. Зерттеушілерге абстрактылы түрде қабылданатын еркіндік пен теңдік туралы теориялар бойынша бағдар табу қиын, себебі олардың бастапқы негіздері туралы ешқандай түсініктері жоқ. Сонымен қатар бірқатар жағдайларда жан-жақты қарастырылмаған ұғымдардың құқықтың негіз құраушы қағидаларына айналу ұмтылыстарымен немесе олардың жинақтауымен (синтезімен) жоғарыдағы жағдай одан да күрделене түседі.
Құқықтық саясаттың қалыптасуының теориялық әдістемелік талдауын жасай отырып, тұрақты құрылымдар мен белгілі бір қоғамдық топтардың мүддесін білдіретін саяси институттарды құқықтық реттеу үшін мемлекеттік және құқықтық құбылыстардың тығыз да үзілмес байланысы қолайлы мүмкіндіктер тудыратынын айта кеткен дұрыс. Бұл жағдайда, құқық әкімшілік, ұйымдастырушылық және басқа да шаралармен және құралдармен бірге нақты нәтижелерге жету және басқару аспабы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, егер саясатты жүзеге асыруда қоғамға ықпал етудің репрессивті, жазалау тұтқаларын қолдану талпыныстары жасалса, ал құқықтық саясат ретінде танылған құқық ондай шараларды қолдануға қарсылық танытуы қажет. Олай болмаған жағдайда, міндетті және саналылық туралы жалпы ойларға қарама-қайшы келеді немесе қоғамдық қатынастардың бұл тұстарын қарастырмайды.
Қандай саяси режим жағдайында құқықтық саясаттың қалыптасып, жүзеге асырылатыны есепке алу аса маңызды. Сонымен, тарату үрдістері авторитарлық режим жағдайында да нормативтік қабыршаққа енуі мүмкін, алайда, ғылыми дәйектелген құқықтық саясат әрекет ететін құқықтық мемлекетте бұл үрдістер басқа ережелер бойынша мемлекеттік органдардың дөрекі түрде араласуынсыз, заңдылық пен әділеттілік қағидаларын ұстана отырып, жүзеге асырулары мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, егер құқық саясат құралы ретінде қарастырылса және сол кезде саяси билікті қамтамасыз ету тәсілі ретінде оған саяси қысым көрсетілетін болса, онда мұндай саяси режимде құқықтық саясат термині қолданыла алмайды және әрине өз мәнін жоғалтады
Алайда, қазақстандық қоғам тарихында тәуелсіздікті алғанға дейінгі кезеңде құқықтың рөлі үнемі прогрессивті болмағандығы туралы мысалдар мен құқықтық құралдардың аз ұлттың, халықтың мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайлар көптеп кездеседі. Сондықтан, құқықтың қандай әлеуметтік реттеуіштің мүддесін қорғайтынына және онымен қалай өзара әрекетке түсетініне және оны қалай жүзеге асырылатынына байланысты ол бейтараптық, прогрессивті немесе реакциялық рөл атқаруы мүмкін. Бұл арада кейбір жағдайларда қарапайым құқық нормаларының қоғамға тым артық консервативтік сипат беретіндігі, ал басқа жағдайларда - нәтижесінде әлеуметтік қобалжулар немесе дауласуларды туындатуы мүмкін және қоғамда бәрі бірдей қабылдай бермейтін жаңа заңдар биіктіктеріне дейін қоғамды көтеру талпыныстарды жасайтындығы туралы сөз болып отыр.
Қорыта келе, барлық тарихи дәуірлерде көптеген ойшылдар - барлық салада құқық бұқаралық билік құзырында болғандықтан, құқықтың осы бұқаралық билікпен қалай байланысу керектігі туралы мәселені анықтауға талпыныстар жасаған. Тек ХХ ғасырда құқық дегеніміз басқару және саясатты жүзеге асыру құралы деген ой нақты айқындалды. Бұл жағдайды құқық легитимдік саяси билікті жүзеге асыратын механизм екендігімен күшейтуге болады, сонымен қатар, оның басқарушылық және әлеуметтік сипаттамаларына; құқықта қолданылатын нормалардың ашық және айқын сипаттарына сілтеме жасалады, құқық аясында қолданылатын санкциялардың алуан түрлілігі қоғамдық өмірді реттеудің анағұрлым қолайлы тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді; құқықтық қатынас қатысушыларының құқықтары мен міндеттері нақты бөлінген және тура бекітілген; құқықтық нормалардың салыстырмалы тұрақтылығы, олардың тағдыр мен билік иелерінің жеке қасиеттерінен тәуелділігінің төмен деңгейі; барлығына бірдей, жалпы шара болып табылатын заңның бірөлшемділігі. Осы байланыста құқықтың саясатты басқару және жүзеге асыру құралы; билікті заңмен шектеу құралы екендігі туралы идея барған сайын көкейкесті бола түсуде. К.К. Айтқожин Құқықтық саясат мемлекет саясатының қоғамдық өмір құқықтық саласындағы міндеттерін орындауға бағытталған негізгі құралдарының бірі болып табылады. Соның нәтижесінде, құқықтық саясат басты бағыттардың мемлекет тұрғысынан көрінісін, елдің қолданыстағы құқық жүйесін дамыту және құқық қолдану қызметінің шараларын жетілдіру бойынша басты механизмді көрсетеді, - деп әділ бағалады. Сонымен қатар, Қазақстанда да, жалпы әлемде де мемлекеттік билік легитимдігін құқықтық саясат биік тұғырынан ғана қамтамасыз етуге болады.
Сонымен, құқықтық саясат қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық субъекттердің өзара әрекеттерінің негізінде жасалып, жүзеге асырылады және жалпұлттық мақсатты бағдарламаларда, даму концепцияларында, елдің халықаралық келісімшарттарында, заңдары мен басқа нормативті-құқықтық актілерінде, сондай-ақ басқа да ресми құжаттарда шоғырланған көрініс алады.

II. Саясат түсінігі. Оның шығу тегі

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс-ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады. Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Қылмыстық саясаттың мазмұны мен оның қағидалары
Қылмыстық саясат
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері
Республикасының қылмыстық саясатын ізгілендіру бағыттары
Құқық социологиясы мен саяси социология мәселелері
Еуропалық Одақтың институттары
Пәндер