Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I Тарау. Кәмілетке толмағандар жасайтын қылмыс түрлері.

1. 1 Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша

қылмыстық сот ісін жүргізу . . . 4

1. 2 Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың түрлері . . . 7

1. 3 Жасөспірімдер қылмыстарының көпшілігі - ұрлық пен тонау . . . 8

II Таурау. Қылмысқа бару себебі және жауаптылық.

2. 1 Қылмыс жолына түсуінің себеп-салдары

және оларға берілетін нұсқаулар . . . 12

2. 2 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы . . . 14

2. 3. Кәмелетке толмағанды жазадан босату мәселелері . . . 20

Қорытынды . . . 22

Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . 24

Кіріспе

Еліміздегі әрбір 14-қылмыс жасөспірімдердің қолымен жасалады екен. Аталған қылмыстардың әрбір 20-қылмыс адам өлтірумен, ал әр 8-шісі төбелеспен, әрбір 6-шысы ұрлық-қарлықпен тікелей байланысты. Бұған қоса, қару қолдану арқылы қылмыс жасау фактісі 17, 5 пайызға ұлғайыпты. Бұл - жаға ұстатып, шошытар көрсеткіш.

Курстық жұмыстың мақсаты. Ең алдымен еліміздегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстардың көршіп бара жатқандығы аландатады, сол себепті мен осы тақырыпты тандадым, кәмілетке толмағандардың қылмысқа бару себептері мен оған бару жолдарын қарастырдым, алдын алу жолдарын өз ойыммен айтуға тырыстым.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады, оның біріншісі жалпы кәмілетке толмағандардын қылмыстарының түрлері болса, ал екінші бөлімі оған бару себептері мен онын алдын алу жолдары.

2010 жылы жасөспірімдер мен балаларға түнгі сағат 10-нан кейін көшеге ата-анасыз шығуға тыйым салынса да, ел аумағында балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаяр түрі жоқ. Ай сайын еліміздің ірі қалаларында тазалау және тәртіпке шақыру шаралары жүргізілсе де, жеткіншектердің қылмысқа бой алдыруы жыл сайын үдей түспесе, кеміген жоқ. Мәселен, жыл сайын 1, 5 мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған бала топтасқан қылмысқа қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Статистикалық ақпараттарға сәйкес кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс түрлері бойынша 2012 жылдың 10 айы бойынша жағдай келесідей болып отыр:

ҚР ҚК бабы:

-96-бап (30)

-103-бап (69)

-104-бап (39)

-120-бап (20)

-178-бап (812)

-179-бап (140)

-181-бап (82)

-185. -бап (153) және т. б. [7]

Еліміздің бас прокуратурасының деректеріне сәйкес өткен жылы елімізде оқушылар 3580 қылмыстың «бас кейіпкері» атаныпты. 2010 жылғы деректерге жүгінсек, Еуропа елдерінің қатарында жасөспірімдер арасындағы қылмыс жағынан Ресей, Албания мемлекеттерінен кейінгі үшінші орынға табан тірепті. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында ауыр қылмыстардың және пайдакүнемдiк, зорлықпен ұштасқан қылмыстардың саны басым. Сондай-ақ, осы қылмыстарда тағылықтың, қатыгездiктiң орын алуы сирек емес. Қылмыстардың басым көпшiлiгi ортақ қатысу нысанында, әсiресе топпен жасалады, бұл құбылыс та жасөспiрiмдердiң психологиясына тән және әрбiр үшiншi қылмысты кәмелетке толмағандар ересектермен бiрiгiп жасайды. [7]

Кейбір ата-аналар балалары бірдеңе бүлдірсе, «Кәмелетке жасы толған жоқ, не істей қояр» деп, арқасын кеңге салып жайбарақат жүреді. Шынында, солай ма? Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы мән-жайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің VI бөлімінде кеңінен қарастырылған. Аталған заңның 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде жасы 14-ке толған, бiрақ, 18-ге толмаған адамдар танылады, яғни, қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.
Жасалған қылмыстың санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкiн немесе оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Ата заңға сәйкес қылмыс жасаған бала кәмелеттік жасқа толмаса, аталған қылмыс үшін ата-ана жауапты. Өткен жылы 100-ге арта ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Мәжіліс депутаттары баланың құқығын қорғау туралы заңға кәмелеттік жасқа толмағандарды 14 жастан емес, 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өзгеріс енгізуді ұсынған болатын. Қылмыстық-жауапкершілік заңнамаларының ізгілендірілуіне байланысты, сот шешімі бойынша тек кісі өлтірген немесе ұрлық жасап, зорлау әрекеттерімен айналысқан жасөспірімдер ғана темір торға тоғытылады. Бүгінде елімізде кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерді тәртіпке салатын төрт түзеу мекемесі бар. Әр мекемеде кем дегенде 50 бала жазасын өтейді. Қолына травматикалық қару ұстап, аула ішінде замандасына міз бақпастан оқ ататын жеткіншек көбейді. Психологтардың пайымдауынша, көбіне әлеуметтік жағдайы төмен жанұяда тәрбиеленген балалар қылмыс әлеміне аяқ басады екен. Десек те, киімі көк, тамағы тоқ бай-бағланның ұрпағы да қылмысқа қатысып, қолын қанға бояйды. Жеткіншектердің қылмысқа қол созуына ерте кезден есірткі мен ішімдікке еліру де әсер ететіні мәлім. Алайда жасөспірімдер есірткіні «шайтан суға» айырбастап жүр.

I Тарау. Кәмілетке толмағандар жасайтын қылмыс түрлері.

1. 1 Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша

қылмыстық сот ісін жүргізу

Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет. [3]

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құныдылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды. [5]

Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу, ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.

Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т. б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану нақты оң нәтиже береді.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеу және сот талқылауы кезіндегі бірінші әрі негізгісі - процесті кәмелетке толмаған құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.

Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.

Бұл тұрғыда қылмыстық істерді тергеумен сот талқылауы сапасын одан әрі көтеру өте маңызды. Бұл саладағы бірінші кезектегі мәселелер қатарына жасы 18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады. Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды жауапкершілік жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді. [1, 5]

Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г. М. Миньковский, К. К. Сперанский, В. Рыбальская, Л. Голубева5 А. Лиеде, т. б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К. Бегалиев, С. А. Шапинова . және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу қажет болып отыр. Мысалы, сот және тергеу органдарының кәмелетке толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау

шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардан ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдар жасөспірім-қүқық бұзушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері. Өкінішке орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылатын немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып жатады, ал бүның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра беру сензімдерін қалыптастыруы мүмкін. [5]

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді жүзеге асыруға байлаңысты мәселелер зерттелетін, ҚР қолданыстағы заңнамасында бекітілген істердің осы категориясын жүргізудің өзгешелігімен алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктеріне назар аударылатын, кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу заты туралы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін кепілдері туралы сұрақтар зерттелетін, жасөспірімдер қылмыстылығы мен онымен күрес мәселелері қозғалатын осы бір күрделі жұмыстың негізгі бағыттарын таңдауға себепші болды. [3]

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігін үш бөлімге бөліп қарастырамыз. Бірінші бөлімде - кәмелетке толмағандардың қылмыстық жазалардың сипаттамасы. Екінші бөлімінде - келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайына және оның еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктелуі. Үшінші бөлімде -кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі тақырыптарын толықтай қарастырдым. Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналасып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім - тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отырғандығы қоғамдағы әл-ауқат деңгейінің ахуалына байланысты, сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім - тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қуатты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретініміз белгілі жағдай. Осындай орны ойсырап көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарыстан көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен, ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзіндік ықпалан тигізетін негізгі факторларға айналып келеді. ҚР Қылмыстық Кодексінде аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық топқа бөліп жастық белгілерін анықтады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, ол қылмыстың алдын алудың ең басты міндеттерінің бірі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, қоғамға қауіптілігін азайту, болашаққа жаңа көз ашу. Жалпы айтатын болсақ, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктің мақсаты қазіргі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, кәмелетке толмағандардың қылмысын азайту, ондай қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. [5]

1. 2 Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың түрлері

Жалпы кәмілетке толмағандардың жасайтын қылмыс түріне кеңінен тоқталатын болсақ, ол ең алдымен ұрлық, тонау, топпен қосылып қылмыс жасау сияқты, айттатың болсақ осы қылмыстардың ең сорақысы кіс өлімімен шектесіп жатады. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында ауыр қылмыстардың және пайдакүнемдiк, зорлықпен ұштасқан қылмыстардың саны басым. Сондай-ақ, осы қылмыстарда тағылықтың, қатыгездiктiң орын алуы сирек емес. Қылмыстардың басым көпшiлiгi ортақ қатысу нысанында, әсiресе топпен жасалады, бұл құбылыс та жасөспiрiмдердiң психологиясына тән және әрбiр үшiншi қылмысты кәмелетке толмағандар ересектермен бiрiгiп жасайды. [1]

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жоғарыда аталып кеткен белгiлерi заң шығарушыны кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiгiн аса мұқияттылықпен регламентациялау қажеттiлiгiне итермелейдi, қабылдануға тиiстi нормалар қылмыстылық жауапкершiлiк пен жазалаудың жалпы ережелерiнен кей жағдайларда өзгеше болуы қажеттiлiгi туды. Заңдылықпен, кәмелетке толмағандар үшiн жаза түрлерi, жазаның жекелеген түрлерiн тағайындау, оларды жаза мен қылмыстық жауапкершiлiктен босату, сондай-ақ ескiру мерзiмiн санау және соттылықты жоюдың ерекше жағдайларын белгiленді.

Әрине, кәмелетке толмағандардың қылмыстарына қарсы күресуде қылмыстық-құқұқтық шаралар негiзгi болып табылмайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының өсуiне қоғамның қарқынды түрде әлеуметтiк бөлiнуi, халықтың басым көпшiлiгiнiң өмiр сүру деңгейiнiң күрт төмен түсiп кетуi, отбасылық қатынастардың өзгеруi, жасөспiрiмдерге деген қатыгездiктiң жоғарылауы жағдайында болып жатқанын ескермеуге болмайды. Осындай жағдайда маңыздылығы бойынша бiрiншi орындарда әлеуметтiк, экономикалық және тәрбиелiк алдын алу шаралары болуы жалпыға ақиқат заңдылық. Дегенмен, қылмыс жасалған жағдайда, кәмелетке толмағанды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі туындайды. [6]

1. 3 Жасөспірімдер қылмыстарының көпшілігі - ұрлық пен тонау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстың субъектісі бойынша саралау
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Қылмыстық заң субьектісі
Отбасы және кәмелетке толмағандаға қарсы қылмыстардың орын алуы
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz