Мұрагерлік құқық, одан бас тарту. Түрлері



ЖОСПАР

Кіріспе
Негізігі бөлім
I.Мұрагерлік туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.Мұрагерлік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6
1.2. Мұрадан бас тарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.9
I I. Мұрагерліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Өсиет бойынша мұрагерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.15
2.2 Заң бойынша мұрагерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Кіріспе.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.Қайтыс болған азаматгың мұрасы басқа адамдарға әмбебап қүқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.Мұрагерлік Азаматтык Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтык Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Жалпы мұрагерлік құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.
Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқық институтының даму тенденциясын білу болып табылады, яғни қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі мұрагерлік туралы заңнамаларды салыстыру және мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Мұрагерлік құқықты зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың өзекті мәселелерін анықтау;
Әдебиеттер

- Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі жалпы бөлім, 151-155,378-397 баптар,
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ерекше бөлім 688-707,803-841 баптар,
- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы ҚР-ның заңы, 1995ж. 5 шілде,
- Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы ҚР-ның заңы маусымның 4-і 1992ж.,
- Сақтандыру қызметі туралы ҚР Заңы,2001ж.,
- ҚР-ғы көлік туралы Заңы, 21 қыркүйек 1994ж.
- Тұрғын үй қатынастары туралы ҚР-ның заңы сәуірдің 16-і 1997ж.
- Обязательственное право О.С.Иоффе Москва 1975г,
- ҚР-ның Азаматтық құқығы, оқулық Г.Н. Түлеуғалиев 1-2 том А 1998ж.,
- Егемен Қазақстанның құқы, оқу құралы З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов
А. 1997ж.,
- Гражданское право курс лекций, М.Н. Брагинский М. 1996г.
- Сборник типовых договоров В.И. Прудников , 1994г.
- Хозяйственное право Н.Ю.Круглова М. 1997г.
- Гражданский Кодекс РК-толкование и комментирование
Выпуск-4 А. 1997г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы

КУРСТЫК ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мұрагерлік құқық, одан бас тарту. Түрлері.

Пән: Азаматтық құқық
Мамандығы: 5В030100- юриспруденция

Курстық жұмыс
__ ________2013ж. қорғалды
Бағасы____________________

Қостанай 2013 ж

ЖОСПАР

Кіріспе
Негізігі бөлім
I.Мұрагерлік туралы жалпы
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1.Мұрагерлік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5-6

1.2. Мұрадан бас тарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-9
I I. Мұрагерліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 10
2.1. Өсиет бойынша
мұрагерлік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 10-15
2.2 Заң бойынша
мұрагерлік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .16-19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...21

Кіріспе.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа
адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.Қайтыс болған
азаматгың мұрасы басқа адамдарға әмбебап қүқық мирасқорлығы талаптарымен,
егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе
ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.Мұрагерлік Азаматтык Кодекспен, ал
тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен
реттеледі.Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ
Азаматтык Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша
орын алады.Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық,
азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және
азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік
ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша
мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге
тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-
сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасының
азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай
алады. Жалпы мұрагерлік  құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық
мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-
тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың
басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.
Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты
мұрагерлік құқық институтының  даму тенденциясын білу болып табылады, яғни
қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі мұрагерлік туралы
заңнамаларды салыстыру және мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты
талдап зерттеледі.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Мұрагерлік құқықты зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша
мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың
өзекті мәселелерін анықтау;
- Кез келген қайтыс болған адам мұра қалдырушы болмайды, яғни азаматтың
тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне ауысуын қарастыру;
- Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;
- Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын мәселелеріне
талдау жүргізу,
- Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

I.Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
1.1.Мұрагерлік түсінігі.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа
адамға (адамдарға) - мүрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматгың мұрасы басқа адамдарға әмбебап қүқық
мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше
туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік Азаматтык Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда
өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ
Азаматтык Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша
орын алады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен
міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар
болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндетгер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру
туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның
құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа
да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы
мүмкін.
Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі
үлесін айқындау жэне ортақ мүлікті бөлу не АК-тің 218-бабында белгіленген
тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз
болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі
үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде - үлестің құнына
қатысты ашылады.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау
салдарынан ашылады.
Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп
жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты
қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу
уақыты болып табылады.
Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс
болса, олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың
әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері
мұрагерлікке шақырылады.
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса -
мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны
болып табылады.
Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі
кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет
және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған
заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.
Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана
өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша
да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның
өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған
адамдар кірмейді.
Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған
және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке
шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін, көбейтуге ықпал жасаған
адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде
бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардын балаларынан қалған мұраны,
сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген
міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және
кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға
құқығы жоқ.
Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-
жайларды сот белгілейді.
Осы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады.
Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске құқығы бар
мұрагерлерге де қолданылады.

1.2. Мұрадан бас тарту.
Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа
арыз беруімен жасалады.
Егер сенімхатта бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкіл арқылы
бас тартуға болады.
Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға немесе қайтарып алуға
болмайды.
Мұрагер өзіне сол үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас
тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлікті іс жүзінде
иеленуге кіріссе не оған билік етсе, не оның осы мүлікке құқықтарын
куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзім
өткенге дейін де жоғалтады.
Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немесе кез
келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың
пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас
тартуға жол берілмейді.
Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлікке шақырылса,
ол осы негіздемелердің біреуі бойынша немесе екі негіздеме бойынша өзіне
тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.
Мұрагер мұраның басқа бөлігі мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу
құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы (АК-тің 1079-бабы).
Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бір бөлігінен бас
тартуға, мұрадан ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол
берілмейді.
Бас тартылушы өсиеттік бас тартудан бас тартуға құқылы. Ішінара бас
тартуға, ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас
тартуға жол берілмейді.
Осы бапта көзделген құқық бір мезгілде мұрагер болып табылатын бас
тартылушының мұрадан бас тарту құқығына байланысты емес.
Егер бас тартылушы осы бапта көзделген құқықты пайдаланса, өсиеттік
бас тарту жүктелген мұрагер оны орындау міндетінен босатылады.
Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлуді талап
етуге құқылы.
Мұраны бөлу мұрагерлердің келісімі бойынша оларға тиесілі үлестерге
сәйкес, ал келісімге кол жетпеген кезде - сот тәртібімен жүргізіледі.
Осы баптың ережелері барлық мұра немесе оның бір бөлігі мұрагерлерге
нақты мүлік көрсетілмеген үлеспен өсиет етілген жағдайда, мұрагерлердің
арасында мұраны өсиет бойынша бөлуге қолданылады.
Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері белгісіз адамдар болса,
қалған мұрагерлер, өсиетті орындаушы (мұраны басқарушы) және нотариус
олардың тұратын жерін анықтауға және оларды мұрагерлікке шақыруға қисынды
шаралар қолдануға міндетті.
Егер тұратын жері анықталған, мұрагерлікке шақырылып, болмай қалған
мұрагер АК-тің 1074-бабында көзделген мерзім ішінде мұрагерліктен бас
тартпаса, қалған мұрагерлер өздерінің мұраны бөлісуді жүргізу ниеті туралы
хабардар етуге міндетті.
Егер осының алдындағы бөлікте көзделген хабардар ету кезінен бастап үш
айдың ішінде болмай қалған мұрагер мұраны бөлу туралы келісімге қатысу
тілегі туралы қалған мұрагерлерді хабардар етпесе, қалған мұрагерлер
болмаған мұрагерге тиесілі үлесті бөлек шығарып, өзара келісім бойынша
бөлісті жүргізуге құқылы.
Егер мұра ашылған күннен бастап бір жылдың ішінде болмаған мұрагердің
тұратын жері анықталмаса және онын мұрадан бас тартқандығы туралы
мәліметтер болмаса, қалған мұрагерлер бөлісті жүргізуге құқылы. Қалған,
бірақ әлі тумаған мұрагер болған кезде мұраны бөлу тек мұндай мұрагер
туғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Егер іште қалған мұрагер тірі туса, қалған мүрагерлер оған тиесілі
мұралық үлесті бөліп шығару арқылы ғана мұра бөлуді жүргізуге құқылы. Жаңа
туған баланың мүдделерін қорғау үшін бөліске қатысуға қорғаншылық және
қамқоршылық органның өкілі шақырылуы мүмкін.
Мұра ашылғанға дейінгі бір жыл ішінде, мұра қалдырушымен бірге тұрған
мұрагерлер тұрғын үйді, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-іші тұрмысы заттарын
мұраға алуға басым құқыққа ие болады.
Мұра қалдырушымен бірге мүлікке ортақ меншік құқығы бар мұрагерлер
ортақ меншікте болған мүлікті мұраға алуға басым құқыққа ие болады.
Егер өздеріне тиесілі үлестерді беру үшін мұраны құрайтын мүлік
жеткіліксіз болса, басым құқықты жүзеге асыратын мұрагер оларға тиісінше
ақшалай немесе мүліктік өтемақы беруге тиіс.
Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол АК-те аталған мән-жайлар бойынша
шығып қалған жағдайда мұраның мұндай мұрагерге есептелуге тиіс бөлігі
мұрагерлікке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседі және олардың
арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар бөлінеді.
Егер мұра қалдырушы барлық мүлікті өзі тағайындаған мұрагерлерге өсиет
етсе, мұрадан бас тартқан немесе шығып қалған мұрагерге тиесілі мұра бөлігі
өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседі және өсиетте өзгеше
көзделмегендіктен, олардың арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар
бөлінеді.
1) егер бас тартқан немесе шығып қалған мұрагердін орнына мұрагер
қосымша тағайындалса;
2) мұрагер белгілі бір тұлғаның пайдасына мұрадан бас тартқан кезде;
3) заң бойынша мұрагерлік кезінде мұрагердің бас тартуы немесе шығып
қалуы келесі кезекті мұрагерлерді мұрагерлікке шақыруға әкеп соққан
жағдайларда қолданылмайды.
Мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетті
шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға,
басқаруға, өсиетті орындауға, сондай-ақ өсиетті орындаушыға немесе мұраны
сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы
талаптар ол мұрагерлер арасында бөлінгенге дейін мұра есебінен
қанағаттандырылуға тиіс. Бұл талаптар барлық басқа, оның ішінде кепілмен
қамтамасыз етілген талаптардың алдында мұраның құнынан басымдықпен
қанағаттандырылуға тиіс.
Мұра қалдырушының кредит берушілері өздерінің мұра қалдырушының
міндеттемелерінен туындайтын талаптарын өсиетті орындаушыға (мұраны
сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлік құнының
шегінде ортақ борышқорлар ретінде жауап беретін мұрагерлерге қоюға құқылы.
Шаруа (фермер) қожалығының мүшесі қайтыс болған жағдайда мұра жалпы
ережелер бойынша ашылады. Мұрагердің осы мүлікке жалпы меншіктегі оның
үлесіне мөлшерлес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса не
мүрагерлердің ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрі
мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған деп танылады.
Иесіз қалған мұра мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке
ауысады.
Мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер
бойынша жергілікті атқарушы органның арызы негізінде сот мұраны иесіз
қалған деп таниды. Егер мұраны қорғауға және оны басқаруға байланысты
шығындар оның құнынан асып түссе, мұра аталған мерзім өткенге дейін иесіз
қалған деп танылуы мүмкін.
Иесіз қалған мүлікті қорғау және оны басқару АК-тің 1071-бабына сәйкес
жүзеге асырылады.

I I. Мұрагерліктің түрлері

2.1. Өсиет бойынша мұрагерлік

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету
жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.
Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша
мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ
заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.
Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді.
Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін,
бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше
туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру онын ұсынылу құқығы бойынша
мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды.
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға
құқылы.
Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген
уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе
өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес.
Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға,
олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір
түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.
Өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды
белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы.
Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге
енгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де
объективті себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар
мұрагердің талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетілген мұрагер мұра ашылғанға дейін
қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе АК-тің 1045-
бабындағы тәртіппен лайықсыз мұрагер ретінде мұрагерліктен шеттетілген
жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет
бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагерді
қосымша тағайындау).
АК-тің 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша
тағайындалған мұрагер болуы мүмкін.
Өсиет бойынша мұрагердің қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы
тимейтін бас тартуына жол берілмейді.
Мүліктің өсиет етілмей қалған бөлігі АК-тің 1061-1066-баптарындағы
тәртіппен мұрагерлікке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлінеді.
Бұл мұрагерлердің қатарына заң бойынша мүліктің басқа бөлігі өсиет
арқылы қалдырылған мұрагерлер де кіреді.
Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда
жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс.
Мыналар:
1. нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше
рәсімделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе
сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша
оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен
өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып,
басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.
АК-тің ережелеріне сәйкес өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру
кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам,
оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-
ақ өсиет қалдырушының зан бойынша мұрагерлері;
3) толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
4) сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-
ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Нотариатта куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет
қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. Өсиет
қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған
техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т. б.)
пайдалануы мүмкін.
Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті өсиетке қол
қойылғанға дейін нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық
оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе
сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның
мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді, ол туралы өсиет
қалдырушының өсиетгі өзі оқи алмауының себептері көрсетіліп, өсиетте тиісті
жазба жасалады.
Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте
куәның тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетілуге тиіс. Осындай
мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да
енгізілуі тиіс.
Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен
таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупімен, өсиет қалдырушының өз
қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысуымен
куәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс. Куәлар қол қойған
конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол
қоятын басқа конвертке салынып желімденеді.
Нотариус жоқ елді мекендерде тұратын адамдардың өсиетін заң
актілерінде нотариат әрекетгерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды
адамдар куәландырады.
Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу алдын алу
мекемелерінде емделіп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған
үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердің, өзге де
емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері,
сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердің директорлары, бас
дәрігерлері куәландырған өсиеттері;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу
мекемелерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьектілері
Мұрагерлiк құқық жайлы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.
Өсиет қалдырушы жабық өсиет жасауға құқылы
Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мәні
Мұраның қабылдау мерзімі
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
Мұрагерлік құқықты рәсімдеу
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқық және оның қалыптасу кезеңдері
Пәндер