Ұйымдасқан қылмыстық


М А З М Ұ Н Ы


Кіріспе

1. Ұйымдасқан қ ылмыс нысанының түсінігі

2. Қылмыстық құқық теориясындағы ұйымдасқан қылмыс нысандары түсінігінің дамуы

2. 1. Ұйымдасқан қылмыс нысандары жөніндегі теориялық
негізгі ағымдарға және ұйымдасқан қылмыс нысандарын бөлу критерийлеріне шолу

2. 2. Ұйымдасқан қылмыс нысандарын топтастыру

2. 3. Ұйымдасқан қылмыс нысандарын ажыратудың негізгі критерийлері

3. Ұйымдасқан қылмыс нысандарын талдау

3. 1. Топ адамдардың қылмыс жасауы

3. 2. Әр түрлі рольдер орындау арқылы қылмысқа қатысушылық

3. 3. Ұйымдасқан топ

3. 4. Қылмыстық қауымдастық

Қорытынды

Белгілеулер және қысқартулар

Анықтамалар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3

12

18

28

31

34

40

49

53

59

63

64

66

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде ұйымдасқан түрде жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. ұйымдасқан түрде қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің статистикалық мәліметтері бойынша Республикада 1998 ж -142100; 1999 ж - 139431; 2000 ж - 150790; 2001ж - 152168; 2002 ж - 135151; 2003ж - 118485; 2004ж - 143550 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, бүкіл Республика көлемінде соңғы 7 жылда 1998ж-18529; 1999ж-19798; 2000ж-20528; 2001ж-21129; 2002ж-18741; 2003ж-15790; 2004ж-13808 топ адамдардың жасаған қылмыстары тіркелген. Егер, осы топ адамдар қылмыстарының жалпы қылмыстылықтың ішіндегі үлес салмағын анықтасақ, онда 1998 жылы тіркелген қылмыстарда топ адамдардың қылмыс жасауы 13, 0%; 1999 ж-14, 1%; 2000 ж-13, 6%; 2001 ж-13, 8% 2002ж-13, 8%; 2003ж-13, 3%; 2004ж-9, 6% алады.

Ал, топ түрінде жасалған қылмыстарға қатысқан адамдардың саны мынандай түрде байқалған. 1998ж-26735; 1999ж-26825; 2000ж-26833; 2001ж-28097; 2002ж-22825; 2003ж-19080; 2004ж-17296.

Бұл мәліметтер бойынша жалпы қылмыстылықтың динамикасы 2002 жылға дейін өсіп, кейінгі жылдары қарқыны сәл төмендеген. Топ адамдардың қылмыс жасауы да 2002 жылға дейін өсіп, одан кейінгі жылдары азайыңқыраған.

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделері қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді.

1995-нші жылы 30 сәуірде бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-нші бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тікелей тыйым салады [1. 1] .

Конституцияның 5-нші бабының 3-нші тарауында "Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметтеріне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тиым салынады"-деп заңды мүдделерге ұйым болып, қарсы әрекет жасауға да тиым салған [1. 5] Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте 3

қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұнды баяндамасында "еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады", -деді [2. 3] . Бұл бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағаланды. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық-саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды. Бұл мәселе туралы профессор Ү. С. Жекебаев "жаңа, әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайға бейімделудің күрделілігі, барлық күшіндегі заңдардың өзгертілуін талап етті. Бірақ 1994 жылғы сот-құқық реформасы айтарлықтай нәтиже бере алмады, оның объективтік және субъективтік себептері де болды", - деді [3. 9] .

Профессор Е. Л. Қайыржанов "Социалистік қағидадан аяқ астынан бас тарту және елде нарықтық экономиканы жариялау сөзсіз, қалыптасып қалған құқықтық жүйені түпкілікті реформалауды талап етеді", - деген [4. 42-45] . Соның бір көрінісі ретінде қылмыстық заң да 1997 жылдан бастап үнемі қазіргі әлеуметтік-қоғамдық, экономикалық жағдайларға сәйкестікке келтірілуде.

Ж. А. Тұяқбаев "нарықтық қатынастардың басталуы қоғамның келбетін, азаматтардың психологиясын түпкілікті өзгертіп жіберді. Бұл қатынастарды реттейтін заң толық жасалмай, ол заңдар күш алмай ұйымдасқан қылмыстылық пен жемқорлықты басу туралы айтып та керегі жоқ", - деді [5. 4] .

Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен Қаулылары шықты. Мемлекет басшысының осындай Жарлықтары мен Қаулыларының ішінен атап айтар болсақ: "Коррупциямен және ұйымдасқан түрдегі қылмыстылықпен күресуді күшейтудің шаралары жөніндегі" 1992 жылғы 17-нші наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес жөніндеғі Кеңес құру туралы" 1994 жылғы 11 ақпандағы Президенттің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы" 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1994 ж. 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия құру туралы" 1994 ж. 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндеғі шұғыл шаралар туралы" 1995 ж. 17-нші наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1995-нші жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша қылмысқа қатысушылық нысандары анықталып және алғашқы рет арнайы жеке бапта көрсетілді [6. 1. ] . Сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен құқық қорғау органдарының жетекшілері ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу туралы арнайы заң қабылдау туралы ұсыныстар да білдіруде [7. 49 . ] .

Сонымен бірге осы Қазақстан Республикасының Президентінің 1995-нші жылғы 17-нші наурыздағы №2122 Жарлығы бойынша Қазақстан 4

Республикасының Қылмыстық Кодексінде қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық ұйымдастырғаны немесе оларға басшылық еткені, қылмыстық қауымдастыққа қатысқандығы үшін қылмыстық жауаптылық жүктейтін 63-2-нші бабы дүниеге келді. Бүған заңды негіз туындады. Себебі елдің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты ұйымдасқан қылмыстылықтың әртүрлі көріністері пайда болып, қарқын ала бастады. Н. М. Әбдіров осы мәселе туралы "соңғы кезде ұйымдасқан және маманданған қылмыстылықтың нашақорлық және наркобизнес саласында өзінің бақылау жүргізуге тырысуы күшейгенін байқауға болады" деген болатын [8. 19 . ] . 1997 ж. 5-қарашадағы ҚР Президентінің "Ұлттық қауіпсіздікті күшейту, ұйымдасқан қылмыстылықпен және нашақорлықпен күресті әрі қарай күшейту шаралары туралы" Жарлығында бұл қауіпті құбылыспен күресті қарқындатудың алғашқы кезектегі шаралары анықталған.

Қылмысты бірлесіп жасаушылық немесе қылмысқа қатысушылық қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзінде күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде 1940 жылдардан бері даулы болып келе жатыр. Сондықтан қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелеріне осы күнге дейін көптеген ғалымдардың арнайы монографиялық еңбектерінде зерттеу жасалынды. Атап айтқанда А. Н. Трайнин, М. И. Ковалев, Ф. Г. Бурчак, П. И. Гришаев, Г. А. Кригер, М. А. Шнейдер, П. Ф. Тельнов, Р. Р. Галиакбаров, А. М. Царегородцев, В. С. Прохоров, Н. Г. Иванов, А. И. Гуров, Ү. С. Жекебаев, Ғ. Ы. Баймурзин, Р. Н. Судакова, Н. Г. Угрехелиндзе, Р. Д. Сабиров, Л. Д. Гаухман, Б. М. Нұрғалиев, М. Д. Шаргородскийдің арнайы монографиялық еңбектерінде, . А. Куринов, А. А. Пионтковский, Ю. М. Ткачевский, Ю. А. Красиков, И. М. Карпец, В. А. Владимиров, Д. О. Хан-Магомедов, А. Ф. Зелинский, Н. А. Беляевтардың оқулық құралдарында, Р. Д. Сабиров, А. Н. Телеченко, Н. В. Володько, У. Лыхмус, П. К. Франгополов, А. Ф. Ананьин, И. А. Ребане, В. Н. Чернов, О. К. Галикрелидзелердің журналдық мақалаларында қылмысқа қатысушылықтың әр жакты мәселелері қарастырылды.

Осы аталған және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және практикалық маңызы зор екендігі күмәнсіз. Бұларда берілген шешімдер мен бағыттар, қоғам үшін қауіпті құбылыс болып табылатын бірлесіп қылмыс жасаушылыққа қылмыстық-құқықтық тұрғыдан күресті дұрыс, әрі ұтымды ұйымдастыруға бағытталған. Әйтсе де осы мәселені зерттеген ғалымдар бір тектес шешімдерден гөрі, әр түрлі немесе кейде бір-біріне қарама-қарсы пікірлерді көптеп келтіреді. Қылмысқа қатысушылық мәселесін зерттеген авторлар қанша ой, тіл шешенділігімен қарастырса да қылмысқа қатысушылықтың қоғамға қауіптілік дәрежесі, нысандары, түрлері, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы, олардың әрекеттерін саралау тәрізді мәселелері әлі де даулы болып қалып бара жатыр. Осы жоғарыда аталған қылмысқа қатысушылықтың даулы мәселелерінің бірі қылмысқа қатысушылықтың нысандары болып табылады. Зерттеуші ғалымдар еңбектерінде әр түрлі атаудағы біркелкі емес нысандарды келтірген.

Бір байқайтынымыз қылмысқа қатысу нысандарының біркелкі шешілмеуінің бір себебі, ол бұл мәселенің толық, жеткілікті зерттелмеуінде болып табылады. Авторлар еңбектерінде қылмысқа қатысудың нысандарын топтастыру мәселесін 2-3 бет көлемінде ғана қарастырған. Олар өз 5

нысандарын топтастырғанда басқа авторларға ұқсамайтын өзгеше атаумен атай отырып, осылай атауының себебінде келтірмейді. Сонымен қатар, авторлардың қылмысқа қатысу нысандарына берген анықтамасынан да кейде алшақтық кездестіруге болады.

Қылмысқа қатысу нысандарының ең даулы тұсы, ол нысандарды топтастыру негізіне алынатын бөлу критерийі болып табылады. Жұмыстың тиісті бөлігінде көрсетілгендей ғалымдар әртүрлі белгілерді бөлу негізі ретінде ұсынады. Ұсынылған бөлу критерийлері мағынасы жағынан анық емес және нысандарды бөлу негізі талабына төтеп бере алмайды. Осы баяндалған жағдайлар тақырыптың өзектілігін көрсетеді, оның теория және практика жүзінде маңыздылығы, тақырыпты таңдаудың себепшісі болып табылады. Осы дипломдық зерттеудің объектісіне, бірлесіп қылмыс жасаушылық түрлерінің ерекше белгілеріне қарай пайда болатын, қылмысқа қатысу нысандары алынып, сонымен бірге қылмысқа қатысу нысандарын бір критерийде ажырату мәселесі енеді. Зерттеудің затын қылмысқа қатысушылықтың нысандарын қарастырылған және қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі табиғатынан тек бірнеше адамдардың қатысуымен ғана жасала алатын қылмыстарды қарастыратын нормалар, сонымен қатар заңдылықпен құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдірудің амалдарын құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, қылмыстық құқықтық заңдылықты және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру үшін осы тақырыпқа байланысты пайда болған теориялық мәселелерді толығымен зерттеу және ол үшін ұтымды, әрі дұрыс бағытта шешім көрсету болып табылады. Қойылған мақсаттар жұмыстың міндеттерін де білдіреді және олардың қатарына мыналар жатады: - Қылмысқа қатысушылық нысандарын анықтау. - Ол нысандарға қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі қандай қылмысқа қатысушылық түрлері жататындығын анықтау.

- Қылмысқа қатысу нысандарын тек бір критерийде бөле алатын белгіні анықтау. - Қылмысқа қатысушылық нысанына арнайы түсінік беру.
- Қылмысқа қатысушылықтың әрбір нысанына түсінік беріп және объективтік, субъективтік тұрғыдағы ерекшеліктерін көрсете отырып сипаттама жасау.

- Мәселенің даулылығын жою мақсатында бізге дейінгі осы тақырыпты зерттеген ғалымдардың берген пікірлерінің күмәнді тұстарын, оныңсебептерін анықтау.

- Қылмыстық заңның 31-нші және 235-нші баптарының теориялық және практикалық тұрғыда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, сәйкес келмеген жағдайда оны көрсетіп, заң шығарушылық ұсыныс
жасау.

Осы мақсаттарды орындау үшін қылмысқа қатысушылық нысандарын қарастыратын өткен және бүгінгі уақыттардағы заңдылықтардың қүрылысы және осы бағыттағы қылмыстылықпен күресу бойынша жүргізілген сот -тергеу тәжірибесі материалдары, сонымен қатар осы мәселе бойынша бүрын жүргізілген теориялық ойлар, пікірлердің қүндылығы мен кемшіліктері бағаланды және жүмыстың жазылуы барысында қүнды пікірлер еленіп, кей пікірлердің күмәнділігі ескерілді.

6

Зерттеудің әдістемелік жәпе теориялық негізін , нақты шындықты танудың жалпы негізі ретіндегі диалектикалық және қисындық заңдылықтар құрайды. Жұмысты жазу кезінде осы мәселені зерттеген ғалымдардың пікірлерін салыстыру, заң сөзін барынша халыққа түсінікті тілде келтіру, статистикалық талдау, әлеуметтік, қисынды-заңдылық, сараптамалық бағалау әдістері кеңінен қолданылды.

Осы жүмыстың теориялық негізі ретінде осы тақырыпқа тікелей қатысты жазылған монографиялық еңбектер мен оқулық әдебиеттер алынды. Сонымен қатар психология, әлеуметтану, дүниетану, философия ғылымдары бойынша жазылған еңбектерде қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы , ол қылмысқа қатысушылық нысандарын топтастыру мәселесінің Қазақстан Республикасы көлемінде бірінші рет жеке монографиялық зерттелуімен анықталады. Сонымен бірге осы мәселені зерттеу 1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген қылмыстық заң негізінде орындалды. Еліміздің экономикалық жүйесінің өзгеруіне, жалпы қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты жүмыстың жекелеген мәселелерін қарастыруда, дәлірек айтқанда қылмысқа қатысушылықтың түрлерін келтіруде жаңа қылмыстар түрлері де қамтылды.

Жұмыста, қылмысқа қатысушылық нысандарын анықтау және оларга сипаттама беру кезінде, атап айтқанда қылмыстық үйым және қылмыстық қауымдастық тәрізді нысандарды ендігі жерде жаңа бағытта зерттеу керек екендігі дәлелденді. Оның дәлелі, қазіргі экономикалық қүрылыстың өзгеруі, коммерциялық немесе жеке кәсіпорындардың көбеюі, олардың қылмыстылығы болып табылады. Елдің мұндай қогам түрі өзгеруі кезінде, заңдылық тәртібінің де бірқалыпқа келмеуі кезеңінде қылмыстылыққа, оның ішінде үйымдасқан түрде жасалатын қылмыстылыққа бой беруі және олардың қүрылысы күрделілене беретіндігі күмәнсіз жәйт. Диссертант қарастылылган мәселе бойынша бір қатар теориялық даулы пікірлерді қайта қарап, өз шешімін келтіреді және көз-қарасын білдіреді, сонымен қатар қылмыстық заңның қатысу нысандарын қарастыратын нормаларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар келтіреді.

Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:

1. Дипломдық зерттеуде, қылмысқа қатысушылық нысандарының
теориялық мәселелері қаралғандықтан, онда қылмысқа қатысу
нысандарының бөлу критерийі кеңінен қаралып, жаңа бағыттағы шешім жасалып, ол дәлелденді. Бұл мәселені жаңа бағытта зерттеуге итермелеуші бірден-бір себеп, ол қылмысқа қатысушылық нысандарына ғалымдардың ұсынған бөлу критерийіне бір-бірінің қанағаттанбауы еді. Өйткені, ол ұсынылған бөлу критерийлері, барлық қылмысқа қатысу нысандарын бөле алатын сапада емес еді. Жұмыста нысандарды сырт белгіде, яғни нақты қылмысқа қатысу нысанында жоқ, бірақ осы мәселеге тікелей қатысы бар«қылмыстық ниетін қылмысқа қатысушылық түрінде іске асыру тәсілі» деген белгі арқылы бөлу ұсынылды.
2. Жұмыстың келесі жаңашылдығының бірі, ол субъективтік белгілернегізінде қылмысқа қатысу нысандары бөлінбейтіндігін дәлелдеу

7

болып табылады. Субъективтік белгі болып табылатын келісім дәрежесі, тек қана келісім түрінде ғана жасала алатын ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастықты бөле алмайды. Бізге дейін осы мәселені қарастырған зерттеушілердің көпшілігі, белгілі бір белгінің дәрежесіне қарай яғни, "аз немесе көп келісім", "үлкен немесе кіші дәрежедегі тұрақтылыққа" қарай бөлуді ұсынып келді. Қылмыстық құқықта мұндай белгілерді бөлетін нақты өлшем жоқ.
3. Дипломда, қылмысқа қатысушылық нысаны ретінде нені түсінуіміз керек деп мәселе қойылып, нысанды философияның объективтік категориясы ретінде танып, жаңа түрдегі анықтама берілді. Біздіңше, қылмысқа қатысушылықтың нысандары дегеніміз, екі немесе одан да көп адамдардың қасақана бірлескен әрекеттеріне сай келетін, қылмыстық ниетін қылмысқа қатысу түрінде іске асыру тәсілі бойынша және өзара субъективтік және объективтік белгілеріне қарай ерекшеліктері бар қылмысқа қатысушылықтардың сыртқы көрінісі болып табылады.

4. Дипломдық жұмыстың жаңашылдығының бірі ҚР. ҚК 28-нші бабында қарастырылған қылмысқа қатысушылар түрлерінің (мысалы, көмектесуші) алдын-ала келісімсіз түрде жасалатын қылмысқа қатысушылықтарда да кездесетіндігі анықталады. Мысалы, әртүрлі рольдер орындау арқылы қылмысқа қатысудың алдын-ала келісімсіз жағдайда да кездесетіндігін сот-тергеу материалдарын келтірумен дәлелденді. Осыдан барып, алдын-ала келісімсіз қылмысқа қатысушылықтың көріністері тек топ болып қылмыс жасауда ғана емес, роль бөлу арқылы қылмысқа қатысуда да бола алатындығы дәлелденді. Бұрынғы зерттеушілер тек алдын-ала келісімсіз қылмысқа қатысушылық ретінде, тек топ адамдардың қылмыс жасауын ғана таныған болатын.

5. Көпшілік авторлар келісімнің мазмүнын анықтап, оған қылмыстың
түрін, орнын, уақытын, әдісін жатқызады. Сонымен бірге кейбір жағдайларды
екі немесе одан көп адамдардың объектіге келтірген зиянының уақыты, орны
бірдей болғанымен қылмысқа қатысуды қүрамайтыны белгілі жәйт. Бірақ біздің
ойымызша келісім мазмұнына кіретін жағдайлар мысалы, уақыты, орны, әдісі,
келісімсіз жасалған қылмыстарда да кездесе алады. Яғни бүл белгілерді
қылмысқа қатысушылыққа жатқызатын, анықтаушы түйін немесе кілті келісім
емес, қылмысты бірлесіп орындау болып табылады. Демек, алдын-ала
келісіммен жасалған қылмыстарда қылмыстың түрі, уақыты, орны тәрізді
белгілер келісіммен анықталса, ал алдын-ала келісімсіз жасалған қылмыстарда
бүл белгілер қылмыс бірлесіп атқарылғанда ғана қылмысқа қатысушылық
болып табылады.

6. Алдын-ала келісіммен әр түрлі рольдерді орындау арқылы қылмысқа
қатысушылықтың жасалуына субъективтік белгілерден келісім әсер етсе,
келісімсіз түрде әр түрлі рольдер орындалатын қылмысқа қатысушылықта
объективтік белгі болып есептелетін шартты жағдайлар әсер етеді. Мысалы:
таныстық, туыстық және т. б.

7. Жұмыстың келесі жаңашылдығы, ол қылмысқа қатысушылықтағы кінә

8

түрін зерттеуде әдеттегіден басқаша қарастыруды қажет ететіндігі. Қылмысқа қатысушылықтағы екі жақты байланыстың бұл мәселені зерттеудегі ерекшелігі, ол қылмысқа қатысушылар қылмыстың жасалуына тікелей мүдделі болғанда ғана кінә түрі тек тікелей қасақаналық болады да, ал қылмысқа қатысушылардың барлығы бірдей мүдделі болмаса жанама қасақаналық орын алуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдасқан қылмыстың криминологиялық сипаттамасы
Ұйымдасқан қылмыстың түрлері
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері жайында
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау мәселелері
Ұйымдасқан қылмыстылық
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz