Мультимедиалық технология


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

1. 1 Мультимедиалық жүйе - адам-машина жүйесі

1. 2 Мультимедиа құралдары және ақпарат қабылдаудың тиімді
жолдары

2 БІЛІМ БЕРУДЕГІ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

2. 1 Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқыту үрдісін

жетілдіру

2. 2 Мультимедиалық өнім дайындау бағдарламасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

XXI ғасырға бүкіл әлем жаңа технологияны меңгеріп қадам басып отыр, ол білім беру саласында да күннен-күнге қарыштап дамып келеді.

Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік білім беру саясатының басым бағыты ретінде білім беруді ақпараттандыру мәселесі анықталған болатын.

Ақпараттық технологияның дамуына байланысты білім берудің жаңа түрлері де дамып келеді. Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі - мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдалану болып отыр.

Осыған орай курстық жұмыстың мақсаты: Білім беру жүйесіндегі мультимедиалық технологияның мүмкіндіктерін ашып көрсету, оқыту үрдісін жетілдіруде оларды пайдаланудың теориялық-дидактикалық негіздерін қарастыру, мультимедиалық технологияның бір элементі ретінде слайд-дәріс әзірлеу.

Өзектілігі: Үздіксіз білім беру жүйесін жетілдірудің перспективалық бағыттарының бірі ретінде мультимедиалық технологияларды қолдану - бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және дидактикалық құрамын дамыту маңызды болып саналады.

Оқытуда мультимедиалық технологияны пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілері Досжановтың, дидактикалық аспектілері Салийдің, орта мектеп пәндерін оқытуда мультимедианы пайдалану әдістемесі Селевконың, студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде мультимедиалық технологияны пайдалану даярлығын қалыптастыру Устемировтың еңбектерінде зерттелінді.

Келтірілген ғылыми еңбектерден ұсынылып отырған курстық жұмыста мультимедианы әртүрлі жаңа ақпараттық технологияның жиынтығы, кешені ретінде оқыту процесінде қолданудың негізгі талаптары айқындалды және мультимедиалық оқыту құралдарының дидактикалық ерекшеліктері қарастырылды.

Оқушылардың білімін жетілдірудің және олардың ғылыми-танымдық іс-әрекетін дамытудың жолдарын мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы шешудің негіздемесі ретінде 7 сыныпқа арналған слайд-дәріс әзірленді.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Көлемі 21 бетті құрайды. Курстық жұмыста 1 кесте, 2сурет, 1 диаграмма берілген.

1 МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

1. 1 Мультимедиалық жүйе - адам-машина жүйесі

Нарықтық қатынастың дамуы компьютер мамандарының бағдарламалық-техникалық жүзеге асырылуына қызығушылықтарын арттыра түседі. Сондықтан компьютер өндірушілер мынадай сұрақ қойған: олардың өнімдері кімге керек, кім сатып алады, не үшін және бұл сатылымнан оған қандай пайда түседі?

Стандарттық, бәріне белгілі, басқа өндірушілермен ойлап шығарылған қолданылуларды қайталаудың пайдасы жоқ екені анық. Ал қандай да бір жаңа, сатып алушылардың назарын бірден аударатын, қайталанбас қолданылуларды жасау үшін ЭЕМ-нің түпкі, әлі ешкім қолданбаған мүмкіндіктерін білу қажет. Бұл мүмкіндіктер мультимедиалық жүйенің қолданылуымен, оларды жасау технологиясымен байланысты.

«Технология» ұғымы көздеген мақсатқа жету әрекеттер тізбегі, әдістері және оларды қолдануды біріктіреді.

Мультимедиалық технологиялар - бұл қоршаған ортаға қолданушылардың өзара тіл табысуынамүмкіндік беретін мәтінді, графикті, дыбысты, анимацияны қолданатын технологиялар.

Мультимедиалық құрылғыларды жасаушылардың алдарына қойған ең басты мәселе - есептеу жүйесінің мамандарынан басқа қолданушылардың ЭЕМ-де жұмыс істеу қызығушылығын арттыру.

Дербес компьютермен бірге, мультимедиалық жүйе ЭЕМ-нің төртінші сатысында пайда болды. Ең алғаш олар компьютерлік ойындарда қолданыла бастады, одан соң маңызды кәсіптік қосымшаларда қолданылды. Бірақ, барлық жерде ЭЕМ мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету міндеті тұрды. Сондықтан, мультимедиалық жүйе - бұл ерекше түрде ұйымдастырылған ЭЕМ деп санау қате ұғым. Мультимедиалық жүйе - бұл құрамдық бөлігі қолданушы болып табылатын адам-машиналық жүйе.

Осындай жүйенің көмегімен келесі мақсаттарға жетуге болады:

  • қандай да бір жұмыстың орындалуында адамның қызығушылығын арттыру;
  • адамға жұмыстың орындалуына жеңілдіктер жасау;
  • адамға арналған қарапайым жұмыстың орындалуына жаңа мүмкіндіктер беру;

ЭЕМ саудасының кеңеюі, көбінесе мультимедиа жүйесінің құрылуына міндетті, олардың негіздерінде қолданушының достық қарым-қатынасы дами бастады. Дәлірек айтқанда, адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасы емес, екі адамның өзара қарым-қатынасы, яғни қолданушы мен бағдарламашының қарым-қатынасы. Бағдарламашы өзінің бағдарламасын құруда, сол бағдарламаға бар өзінің психологиялық қырларын салады және оны өзі сезбейді. Дәл осындай мағынада «адам-машина қатынасы» термині қолданылады.

Осылайша, ақпараттық жүйені жасау үшін міндетті түрде 3 нәтижеге жету керек:

-ол қызықтыруы тиіс;

-бұл қызығушылықтың ұзақ болуы;

-бұл жүйеге қайтып оралатындай қызығушылық тудыру;

1. 2 Мультимедиа құралдары және ақпарат қабылдаудың тиімді жолдары

Қызығушылықтың тұрақты болуына мағына арқылы қол жеткізуге болады, негізгі тасушылары - мәтін, графика, дыбыс, анимация. Ал жүйеге қайта айналып келу үшін бұл жүйені қажетті, жаңа, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.

Бағдарламаға салынған психологиялық тілдесу маңызды роль атқарады, сол арқылы бағдарламашы өз өніміне қатынау орнатады. Адамдарға әртүрлі психологиялық әсер етуге болады, яғни, әртүрлі ақпарат түрлерінің көмегімен. Мысалы, дәрістерде студенттер ақпараттың 70% қабылдайды, кітап оқығанда шамамен 70%, ал егер бұл екеуін біріктіретін болсақ, яғни әртүрлі ақпараттың бірігуінен 70% артық ақпарат қабылдайды екен.

Сонымен, мультимедиа - бұл адамның психологиялық күйіне, ақпарат қабылдау қабілеттілігіне, жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер ететін мәтін, дыбыс, графикалық бейнелер және анимацияларды компьютерлік жүйеге біріктіретін ақпараттық технология.

Мультимедиалық жүйенің негізгі ерекшеліктері болып табылады:

1) Бір бағдарламалық өнімде әртүрлі ақпарат түрлерінің бірігуі (интеграциясы) ;

2) ЭЕМ құрамындағы енгізу-шығару және әртүрлі ақпаратты өңдеу құрылғыларының өзгешелігі;

3) Ақпараттың динамикалық түрін қолдануға байланысты, мультимедиалық жүйенің ауқымды уақыт ішіндегі қызметі;

4) Адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасының жаңа деңгейінің пайда болуы. Соның арқасында адамның ақпаратты қабылдау деңгейі көтерілуде.

Мультимедиалық жүйенің пайда болуына байланысты, адам үшін жаңа ақпарат көздері пайда болды: электрондық оқулықтар, музейлік және туристік сілтемелер, оқыту жүйелері, консультация және диагностикалық жүйелер, жарнама роликтері, бейне-клиптар, әртүрлі презентациялар.

2 Білім берудегі мультимедиалық технологияның мүмкіндіктері

Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезеңінде ақпараттар ағынынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, екшеп пайдалана білуі - бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақтың санасын сан алуан ақпараттармен улап, ой-өрісінің дамуын дүбара күйде қалдырмаудың басты шарттарының бірі. Осыдан келіп туындайтын мәселелердің бірі - жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беретін орта мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру; оқытудың жаңа технологияларын іздестіру; оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық, мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.

Мультимедиалық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.

«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, «көпорталы» деген мағына береді, яғни көп көлемдегі ақпарат түрлерін қолдану.

Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектерді саралай келе мультимедиа терминіне « ақпараттық орта » деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған үрдіс деп қабылдауымызға болады.

Зерттеуші ғалымдар мультимедиаға мынадай анықтамалар береді:

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология ( D. Little ) .

Мультимедиа - екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру ( D. H. Jonassen ) .

Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешені (И. И. Косенко) .

И. Вернердің пікірі бойынша мультимедиа - «графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешені».

Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға анықтама бере кетейін.

Мультимедиа - компьютерлік графикамен, суреттермен, қозғалыстағы бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтіндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін интерактивті жүйе.

Мультимедиалық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Білім берудегі мультимедиа - таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.

Мультимедианың бағдарламалық құралдары - интерактивті режимде әртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өңдеу, ұсыну, біріктіру секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиялық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі - басқаруды қамтамасыз ету. Яғни, қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігінің болуы.

Мультимедиялық өнімдер - мультимедиялық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат.

Көптеген шет елдік зерттеушілер «мультимедиа» және «гипермедиа» ұғымдарын бір мағынада қарастырады. Мысалы, I. Brown «гипермедиа мультимедианың сызықтық емес түрде ұсынылған жиынтығы» деген пікір айтады. Негізінде, мультимедиа пайдаланушыға әртүрлі типті ақпараттарды біріктіріп ұсыну технологиясы, ал, гипермедиа - пайдаланушының түрліше типті ақпараттардың бірінен екіншісіне оңай ауысуын жүзеге асыру технологиясы. Мультимедиалық ақпарат түрлерін (мәтін, графика, анимация, дыбыс, бейнеақпарат т. б) өзара байланыстыру нәтижесінде гипермедиа технологиясы пайда болды.

Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқыту әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал, мультимедиалық интерактивті оқыту бағдарламалары көмегімен берілген материалдың 75%-ы есте сақталады екен. Америка ғалымдары Флетчер, Макнейл, Нельсон, дәстүрлі оқыту әдісі мен мультимедиалық технологиямен оқытуға салыстыру анализін жүргізген. Жеке ойларын қорыта, ортақ бір шешімге келген: мультимедиалық технология дәстүрлі оқыту әдісінен анағұрлым тиімді.

Мультимедиалық технологиялар мен дәстүрлі оқыту әдістерін оқытуда пайдалану арасындағы айырмашылықты М. Кирмайэрдің келтірген диаграммасынан (диаграмма 1) көруге болады.

Диаграмма 1 - Мультимедианың оқытудағы тиімділігінің көрсеткіші.

Жалпы, оқыту процесіндегі мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктерін 1-ші кестеден көре аламыз.

2. 1 Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіру

Мультимедианың ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше маңызға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.

Әлемнің атлас картасы, жекелеген қалалардың картасы сияқты әртүрлі картографиялық жүйелер, адамның ой-өрісін дамытуға бағытталған ойын түріндегі оқытушы бағдарламалар, қажетті дағдыны қалыптастыруға,

жетілдіруге негізделген тренажерлік бағдарламалар оқыту процесінде қолданылуда.

Кесте 1 - Оқыту процесіндегі мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері

Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар
Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері
Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер
№: 1
Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар: Объективті күрделі материалдарды оқыту
Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері: Оқу материалын бөлшектеп ұсыну
Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер:

Студенттер мен

оқушылардың оқу материалына қызығушылығы артады

№: 2
Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар:

Түсінік-ұғымдардың абстрактылығы, жалпылау,

салыстыру қажеттілігі

Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері:

Нақты ұғым қалыптастыру,

салыстыру, жалпылау кезіндегі иллюстрациялау

Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер: Нақтыдан абстракцияға, жекеден жалпыға ауысу жеңілдігі
№: 3
Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар: Эксперимент жасаудың күрделілігі
Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері: Зертханалық аудиторияларда өткізуге мүмкін емес тәжірибелерді демонстрациялау
Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер: Зертханалардағы құрал-жабдықтардың жеткіліксіз мәселесін біршама шешу
№: 4
Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар: Құбылыстар мен процестердің механизмін оқыту
Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері: Құбылыстарды, процестерді модельдеу, динамикада көрсету
Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер: Құбылыстар мен процестердің табиғатын ашып көрсету
№: 5
Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар: Тез немесе жай өтетін процестерді оқыту
Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері: Проекциялық құрылғылар көмегімен табиғаттағы процестердің жүруін бақылау
Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер: Құбылыстар мен процестерді оқыту кезінде уақытты тиімді пайдалану
№: 6
Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар: Обьектінің көрінбейтін бөлігінде
Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері: Коммуникациялық құрылғылар, WEB-камералар мүмкіндіктерін пайдалану.
Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер: Бақылау кеңістігінің шекарасын үлкейту
№: 7
Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар: Негізгі заңдылықтар мен құбылыстарды техникада қолданудың көпсалалығы
Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері: Табиғаттағы заңдылықтардың техникада қолданылу аясымен танысу
Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер: Заңдылықтардың қолданбалы сипатын, ғылым мен техника жетістіктерін бейне- материалдармен түсіндіру

Мультимедиа интернет-технологияның да дамуына тікелей әсер етіп отыр. Интернетте бейнеконференциялар ұйымдастыруда дыбыстық және бейнелік хабардың сапасын төмендетпей ұсыну, байланысқа түскен адамның бет-бейнесін компьютер мониторынан көріп отыру мультимедианың жемісі. Мультимедиалық технологиалардың көмегімен бүгінгі таңда кез келген адам өзі жөніндегі мәліметтерді, фотосуреттерді, тіпті, өз дауысын интернет желісіне шығаруға мүмкіндік алып отыр.

Оқыту процесінде мультимедианы пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері, оқытудың коммуникациялық аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Атап көрсетілген аспектілер негізінде мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі 1- суретте бейнеленген.

Сурет 1 - мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі

Мультимедиалық технологияларды белгілі бір оқыту жүйесінің мазмұны мен әдістеріне негізделген жағдайда пайдалану тиімді. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдістерінің өзара байланысы біркелкі болмайды, яғни, бір мультимедиалық құрал бірнеше оқыту әдістерін қамтыса, ал керісінше, бір оқыту әдісінде бірнеше мультимедиалық технологиялар кешені пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі заманғы мультимедиалық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқыту әдістерін талап етеді.

Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің модельі 2-суретте ұсынылған.

Сурет 2 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің модельі

Мультимедиалық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.

Жаңа мультимедиалық технологияларға байланысты компьютерлік бағдарламаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тесттер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т. с. с жасау мүмкін болып отыр.

Интерактивті негіздегі мультимедиалық технологиялар интернет желісі және CD-курстар арқылы ауыл мектептерінің «оқшау қалып қою» мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Мультимедианы білім беруде және оқытуда қолданудың жалпы білім үшін және өздік білім үшін де, сондай-ақ, бизнес және маманның әуесқойлық дамуы үшін де болашағы зор.

Мультимедиалық технологияларды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

-оқу материалын терең түсінуге;

-оқу мотивациясының артуына;

-алынған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;

-білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т. б.

Мультимедиалық технологияларды қазіргі білім беру саласында дер кезінде игеру және тиімді пайдалану өз дәрежесінде жүргізілмеуде. Мұның себептері: 1) мультимедиалық технологияларды педагогикалық іс-әрекет ретінде тиімді пайдалана алатын мұғалімдердің аз болуы; 2) оқу орындарының материалдық-техникалық базасын үнемі жаңа технологиялармен жабдықтап отыру қажеттілігінің ескерілмеуі; 3) оқу-әдістемелік жұмыстардың жаңаша сипатта жүргізілмеуі т. б жағдайлар себеп болып отыр.

Аталған мәселелерге жекелей тоқталатын болсақ, біріншіден, мультимедиалық технологиялардың орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері мен оны өз дәрежесінде пайдалана алатын мұғалімдердің аз болуы арасында шешімін күтіп тұрған мәселелер жетерлік. Себебі, елімізде 2005-2007 жылдарда 6230-ға жуық мектептер (жалпы мектептің 80%-ға жуығы) мультимедиа кабинеттерімен жабдықталады деп жоспарланған. Ал, қазіргі таңда жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарына жүргізілетін «Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар» (НИТО) курсының бағдарламасында тек компьютерді оқытуға ғана мән берілген, мультимедиа технологиясы ескерілмеген. Бұл, жоғарғы оқу орнын бітірген маман мультимедиалық технологияларды өз дәрежесінде пайдалана алмайтындығын аңғартады.

Екіншіден, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңа технологиялармен толықтырып, жаңартып отыру қажеттілігінің ескерілмеуінен орта мектептердің көпшілігіндегі компьютерлердің техникалық мүмкіндігі жаңа бағдарламалық жабдықтармен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ете алмауда. Мұнымен қатар, 2005 жылдың соңына қарай республикадағы мектептердің 75%-ы интернет желісіне қосылады деп жоспарланған. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру және білім беруде ақпараттвқ-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін орта мектептерде компьютерлік технологияларды жаңартып иотырудың, мультимедиалық технологиялармен жабдықтаудың қажеттілігі байқалып отыр.

Үшіншіден, оқу-әдістемелік жұмыстарды жандандыруды, жаңаша сипатта ұйымдастыруды білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет. Елімізде орта мектептерді ақпаратты-коммуникациялық тұрғыдан жабдықтау мақсаты іске асырылып келе жатқанымен, сол мақсат-мүдденің қандай қажеттіліктен туындағанына мән берілмей келеді. Атап айтқанда, орта мектептерді интернет желісіне қосу міндеттері біртіндеп жүзеге асуда, бірақ, сол әлемдік желі арқылы мультимедиалық технологияларды, интерактивті бағдарламаларды тиімді пайдаланып, оқытуды жаңаша формада жүргізу жолға қойылмаған.

Еліміздегі орта мектептерде, колледждерде, университеттерде мультимедиалық технологиялар оқыту процесінде ішінара пайдаланыла бастады. Бірақ, қазіргі таңда жоғары оқу орындарындағы « Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар » ( НИТО ) пәнінің типтік оқу бағдарламасында мультимедиалық технологиялар қарастырылмаған.

Білім беруде мультимедиалық технологиаларды тиімді пайдалана алуы үшін болашақ мамандар мынадай білімдерді меңгеруі қажет:

-пәндік, пәнаралық, арнаулы курстарды жүргізуде мультимедиалық технологияларды қай жерде, қандай мақсатта және қалай пайдалануы керектігін білуі;

-мультимедианы әртүрлі оқыту модельдеріне ( сызықтық, сызықтық емес, ізденушілік, аралас т. б. ) сәйкесті қолдана білуі;

-оқыту құралдарының жүйесін құру;

-мультимедиалық технологияларды пайдаланудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкесті іс-әрекет мазмұнын таңдау.

2. 2 Мультимедиалық өнім дайындау бағдарламасы

Презентация деп айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді, осы тектес құжаттарды арнаулы бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындайды.

Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі -Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point қолданбалы бағдарламасы. Бұл бағдарлама кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді.

Бұл презентация мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады. Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез-келген кезеңінен ұсынып, көрсетуге болады.

Power Point бағдарламасы тапсырмалар тақтасындағы іске қосу бамырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады. Microsoft Power Point бағдарламасының әр түрлі текті обьектілерді құруға арналған өз құралдары бар. Сонымен қатар қолданушы Microsoft Оffice дестесінің кез -келген компонентінде дайын тұрған материалдарды пайдалана алады

Power Point-тағы кез-келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтардың саны көп бола береді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді.

Құжаттағы слайдтар сызықта тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрамын бұзбайды. Слайдтар әртекті нысандардан тұрады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиалық окыту деген не Қандай түрлері бар
Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Мультимедиалық технологиялар
Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Мультимедиялық технология» бойынша электронды оқу құралын құрастыру
Мультимедиялық құралдар сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz