Тасымалдау шарты


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3-5

1. ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1. 1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер . . . 6-16

1. 2 Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлерi . . . 17-22

2. ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

2. 1 Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк . . . 23-29

2. 2 Көлiк экспедициясы шарты . . . 30-34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35-37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 38

Кіріспе
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды. Көлiк - бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар - тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.
Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеуге болады дегендi бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады.
Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған:
- көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға;
- көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
- көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға;
- көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға.
Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекiту үшiн ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлiк инфрақұрылымын құратын болады және басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көлiктiк қызмет көрсету бойынша вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүрiс көпiрлерi мен тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектiлер құрылысын жүргiзу оны жеке кәсiпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Мұндай қызмет тасымалдауды жүзеге асыру үшiн айтарлықтай қосымша маңызға ие болады.
Мемлекеттiң әртүрлi аймақтарына, елдi мекендердiң iшiнде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздiксiз жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылатын көлiктiң қызмет етуiнiң тiкелей мақсаттарына тасымалдау шартының көмегiмен жетуге болады, оның өз кезегiнде тасымалдау процесiн қамтамасыз ететiн өзiмен тығыз байланысты бiрқатар түрлерi бар. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын, олардың қатысушыларының тиiстi тәртiбiн және т. б. қамтамасыз ететiн құқықтық құралдардың бiрi болып табылады.
Әрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрiнедi.
Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бұл мiндеттемелердiң ерекшелiктерi өздерi туындайтын салалармен байланысты. Сол себептi заңнамада көлiк түсiнiгi арнайы бөлiп қарастырылады, және қайсыбiр көлiк соларға сай болуға тиiс көптеген арнайы талаптар бар.
Көлiк түрлерi. Объективтi сипаттағы себептер бойынша бөлiнуi қажет болатын, көлiктiң бiрнеше түрi бар, олардың ерекшелiктерi мен қолданылу аясы пайдалану ерекшелiктерiне себеп болады және олардың қайсыбiрiмен тасымалдауға бекiтiлетiн шарттардың мазмұнына елеулi түрде ықпал етедi. Қазақстан Республикасының көлiгi - бұл оның аумағында тiркелген темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де Көлiктiң аталған түрлерi Қазақстан Республикасының көлiк∗жатқызылады. жүйесiн құрайды.
Құқықтық реттеудiң қайнар көздерi. Тасымалдау мен өзге де көлiк шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар (688-714-баптар) арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтiк актiлердiң маңызы аса зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын қауiпсiздiк бойынша және басқа да технологиялық сипаттары көп мөлшердегi арнайы талаптардың сақталуға тиiстiгiмен байланысты. Бiрақ, қазiргi таңда көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне, яғни олардың шарттық тәжiрибесiне де, мемлекеттiң араласпау торабы нақты бекiтiлген. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеудiң шектерi арнайы көлiк заңнамасында көрсетiлген.

1. ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ШАРТТЫҚ МІНДЕТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.

1. 1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер

Тасымалдаушылар қызметтерiн тұтынатындар үшiн тасымалдаудың бiрыңғай параметрлерiн қамтамасыз ету де (негiзiнен) аса зор маңызға ие. Осы саладағы құқықтық реттеудi бiр iзге келтiру үшiн 21 қыркүйек 1994 жылы “Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы “Заң қабылданды. Онда Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiмен байланысты жария сипаттағы қатынастарды реттейтiн нормалармен қатар тiкелей азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтiн нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария жəне жеке нормаларды орналастыру - басқа да көлiкқұқықтық актiлердiң ерекшелiк белгiсi. Бiрақ, бұл мұндай жағдайда қандай да бiр əкiмшiлiкқұқықтық “дақтары” бар шарт туралы айту қажет екенiн бiлдiрмейдi, алайда оларды мүлдем ескермеуге де болмайды. Көлiктiң кейбiр түрлерiнiң қызмет ету аясы табиғи монополияларға жатқызылған, сондықтан олардың қызметiне 9 шiлде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” заңы да қолданылады.

Қазiргi таңда тасымалдаудың жекелеген түрлерiн реттейтiн заңдар қабылданып əрекет етуде. Оларға мыналар жатады: 1) 8 желтоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының “Темiр жолкөлiгi туралы” заңы; 2) желтоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының “Азаматтық авацияны мемлекеттiк реттеу туралы” заңы; 3) 17 қаңтар 2002 жылғы Қазақстан Республикасының “Теңiзде жүзу саудасы туралы” заңы. Заңды тұлғалар мен азаматтардың тұрғындар үшiн жүк тасымалдаулармен айналысатын қызметiне Қазақстан Республикасының баға жəне антимонопольды саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 20 қыркүйек 1996 жылғы №9/7 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ережелерi қолданылады. Сонымен қатар 15 қазанда КСРО министрлер кеңесiмен бекiтiлген КСРОның iшкi су көлiгiнiң жарғысы (IСКЖ) да маңызды болып табылады. 18 маусым 1970 жылы Қаз ССР Министрлер Кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген ҚазССРдiң автомобиль көлiгiнiң жарғысы (АКЖ) да қолданылады. Заңнаманың соңғы аталған екi актiсi Қазақстан Республикасының аумағында, Азаматтық кодекстiң 3бабының 2тармағында көзделген ережелердi ескере отырып, əрекет етедi. 1 Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темiржол, əуе, автомобиль, теңiз жəне iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық байланыстар үшiн ашық жолдар, трассалар мен су жолдары бойынша жүктер мен жолаушылардың транзиттiк тасымалы жүзеге асырылуы мүмкiн. Олар Республиканың заңнамасына, сондайақ Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерi мен шарттарына сəйкес жүзеге асырылады.

Тасымалдау шартының сипаттамасы. Тасымалдау шартына тəн ерекше белгiлер жүктердi тасымалдау шартында неғұрлым айқын көрiнедi. Өзiнiң құқықтық табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзiне сенiп тапсырылған жүктi белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi. Осылайша, тасымалдау шартын бекiту тараптардан, тасымалдау шартының алғышарттары ретiнде бағалауға болатын, белгiлi бiр əрекеттердi жүзеге асыруды талап етедi. Кейбiр жағдайларда тасымалдауға мүдделi жүк жөнелтушi мəлiмдеме (тапсырыс) жасайды. Тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құралдарын (яғни олар дұрыс болуға тиiс беруге мiндеттi. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға беруге тиiс. Темiр жолдар мен жүк жөнелтушiлер (жүк алушылар) жүктердi тасымалдауға қысқа мерзiмдi жəне ұзақ мерзiмдi шарттар (келiсiмшарттар) бекiте алады. Ұзақ мерзiмдi тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте даулы болып табылады. Сөз, ҚР Азаматтық кодексi 692бабымен жəне ҚР “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 38бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жайында болып отыр. Ол ұзақ мерзiмдi жүйелi тасымалдаулар орын алғанда қолданылады. Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып табылады, өйткенi тасымалдаушы белгiленген мерзiмдерде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi келiсiлген көлемде тасымалдауға беруге мiндеттенедi.

Бiздiң ойымызша сөз алдын ала шарттың ерекше бiр түрi жайлы болып отыр. Заң шығарушы екi мағыналы тұжырымды қолданған. Ұзақ мерзiмдi шарт мəнiсi жағынан алдын ала шартпен көзделген жағдайларда тасымалдаудың негiзгi шарттарын (болашақта) бекiту туралы келiсiм болып табылады (ҚР АК 390б. ) . Оның алдын ала шарт екенiне қарамастан, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушiлер мүдделерiнiң маңыздылығын ескере отырып, тараптар үшiн оның мiндеттемелiк дəрежесi жоғары болуға тиiс. Осы айтылғанмен байланысты барлық өзектi мəселелердi оқу құралы аясында қамту əрине, мүмкiн емес, тек тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт қазiргi жағдайларда жоспарлаудың əкiмшiлiк актiсiне балама болып табылатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар ол тасымалдау шартында тiкелей бекiтiлетiн тараптардң құқықтары мен мiндеттерiн анықтау үшiн аса зор маңызға ие. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемi, мерзiмдерi, сапасы жəне тасымалдау үшiн көлiк құралдары мен жүктердi берудiң басқа да жағдайлары анықталады.

Тасымалдау шарты - екi жақты жəне ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерiн, соның iшiнде ерекше тұрғын жүктердi тасымалдау шартының мазмұнын, одан əрi қарастыру кезiнде көрiнетiн болады. Заңнама (жүктердi) тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлiк наклоднойын, коносаменттi, тауарлыкөлiк накладнойын немесе көлiк туралы заңды актiлермен көзделген, жүкке деген басқа да құжаттард толтырумен рəсiмделедi. Тауарлыкөлiк накладнойында (накладной мен коносаментте) шарттың негiзгi жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың құжаттарының) нысаны Қазақстан Республикасының көлiк жəне коммуникация министрлiгiмен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы жазбаша нысанда бекiтiлетiндiгi туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелiгi - оның қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiнiң көпшiлiгi тiкелей нормативтiк актiлермен реттелгендiгiнде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” заңының 11бабына сəйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк кодекстерiмен (жарғыларымен) көзделген жағдайлардан басқа. Жеке жəне заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес. Тасымалдау шартының тараптары. Жүктердi тасымалдау шартының бiр тарабы болып тасымалдаушы - заңды немесе жеке тұлға табылады. Тасымалдаушы - заңды тұлға ретiнде негiзiнен (мамандандырылған) көлiк кəсiпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкiн. Көлiк кəсiпорындары жүктердi жолаушыларды тасымалдау бойынша көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргiзу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады. Тасымалдауды дұрыс жүзеге асыру үшiн қызметтiң аталған түрлерiнiң барлығы да маңызды болып табылады. Тасымалдаушы меншiк құқығы немесе басқа да заңдық негiздер бойынша көлiк құралын иеленетiн, ақы үшiн немесе жалдау бойынша жолаушыларды, көтерме жүктi, жүктердi жəне почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн жəне оған белгiленген тəртiпте берiлген рұқсаты немесе лицензиясы бар тұлға ретiнде анықталады. 17 сəуiр 1995 жылғы Қазақстан Республикасының “Лицензиялау туралы” заңының 9 бабына сəйкес жолаушылар мен жүктердi темiржол теңiз, өзен, əуе жəне автомобиль көлiгiмен тасымалдау лицензиялауға жатады. Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы) яғни көлiк қызметтерiн тұтынушы - бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкiн. Жүк жөнелтушi ретiнде жүктiң иесi жəне ол жөнелтiлу үшiн сенiп тапсырылған тұлға да болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда жүк жөнелтушi мен жүк қабылдаушы бiр тұлға болуы мүмкiн. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткiзудiң азаматтыққұқықтық шарттары бойынша несие берушiлер, мүлiктi бөлу əкiмшiлiк актiсiне сəйкес мүлiк алатын субъектiлер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретiнде, əр уақытта көлiктiң қайсыбiр түрiне билет алған немесе ауызша тасымалдау шартын бекiткен жеке тұлға танылады. Тасымалдау шартының пəнi. Тасымалдау шартының пəнi болып тасымалдаушы көрсететiн қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзi мəнiсi жағынан қызмет көрсету шарты болып табылады, сондықтан оны реттеу кезiнде, белгiлi бiр шамада өтелмелi қызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескер қажет. Клiкте көрсетiлетiн қызмет (қызметтер) қандай да бiр заттық нысанға ие емес, жəне оларды тұтыну дер кезiнде жүзеге асады. Көлiк қызметi - бұл жүктердi (жолаушыларды) кеңiстiкте тасымалдау болып табылады жəне осы қасиетiне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы мiндеттеменiң жеке пəнi бар жəне бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негiзi де бар.

Тасымалдау ақысы. Жүктердi жолаушылар мен көтерме жүктi тасымалдағаны үшiн тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн тасымалдау ақысы төленедi. Автомобиль, əуе, су көлiктерiмен тасымалдау кезiнде еркiн шарттықбаға қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерiнiң бағалары мен тарифтерiн басшылыққа алады.

Орталықтандырыла белгiленген тарифтер жүктердi, жолаушылар мен қол жүгiн қоғамдық көлiкпен тасымалдау кезiнде қолданылады. Бұрын орталықтандырыла белгiленген бағалар темiр жол тасымалдаулары үшiн де көзделген болатын. Ендi Қазақстан Республикасының “темiр жол көлiгi туралы” заңының 12бабына сəйкес тасымалдаушының қызметiне бағалар, соның iшiнде тариф (тасымалдау ақысы) тасымалдаушымен белгiленедi. Заңнамаға сəйкес бұл бағалар реттелiнiп тұрады.

Тасымалдау процесi барысында қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуге тиiс. Клиенттiң көлiк қызметi нарығында көлiк таңдау еркiндiгi шектелмеуге тиiс. Тасымалдаушы жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сəйкестiгiн куəландыратын құжаттарды алуға, əлеуеттiк маңызды жəне қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыруға мемлекеттiк жəне жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi. (Егер осындай тасымалдаудың бағалары көлiк шығындарын өтемесе, онда тиiстi компенсациялық дотация жүзеге асырылуға тиiс) . Реттелетiн тасымалдаулардан басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелерiне сəйкес тасымалдаудың бағаларын еркiн белгiлеуге құқылы. Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша клиенттiң құқықтық жағдайы оған оның жəне тасымалдаушының арасында бекiтiлген шартты орындауды талап ету, тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сəйкестiгiн даулау, келтiрiлген зиянды, соның iшiнде ақша эквивалентiндегi уақыт шығынын, өтеудi талап ету мүмкiндiктерiн (құқықтарын) берумен сипатталады. Клиенттiң өзi де тасымалдаушымен бекiткен шарт жағдайларын сақтауға мiндеттi. Ол сондайақ жүктiң өз сертификатына сəйкестiгiн куəландыратын құжатты тасымалдаушыға беруге, тасымалдау ережелерiн орындауға, жүктер мен көтерме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде беруге тиiс. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн (жүктердi тасымалдау шартын мысалға келтiре отырып) қарастырайық. Жүктердi тасымалдау шартын орындау кезiнде тасымалдаушы тиiстi жүктi тасымалдау үшiн жарамды күйдегi көлiк құралын беруге мiндеттi. Яғни, тасымалдаушы қандай да бiр жағдайда, қажеттi көлiк құралының түрiн өзi анықтайды. Ол жүк пен қылқыбырдың қалдықтарынан таза, реквизиттерi алынған күйiнде, қажет болған жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйiнде бермедi. Жүк жөнелтушi жүктi жөнелтпеуге (тасымалдауға) бiрқатар талаптарды сақтай отырып бередi. Олардың бiр бөлiгi жалпы сипатқа ие жəне тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар жүктiң саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып түюiн анықтауға таралады. Сондайақ олар маркировка мен бағалығын хабарлауға қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктiң ерекше сипатымен немесе қайсыбiр талаптар қойылатын көлiк түрiне байланысты. Мəселен, жарылған, тез жанатын, радиактивтi, улы жəне басқа да қауiптi жүктердi жөнелтетiн жəне алатын жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар жəне темiр жолдар, олардың қауiпсiз тасымалданатына кепiл болуға, бұл жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда болған жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильдi бөлiмшелерде иеленуге мiндеттi. Қазақстанда темiр жолмен тасымалдау кеңiнен қолданылатынтан оларға қатысты жүктердi тасымалдауға беру мен қабылдау кезiнде туындайтын тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қарастырып өтейiк. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi көлiк құралының дайын екендiгi туралы алдын ала ескертедi. Мысалы, жүк жөнелтушiнiң құралдарымен тиеу үшiн вагондар мен контейнерлердiң берiлу уақыты туралыстанция жұмысшысы жүк жөнелтушiнi вагондар берiлгенге дейiн екi сағаттан кем емес мерзiмде хабарландыруға тиiс. Мұнай жүктерiн құятын мұнай битумы үшiн цистерналар мен бункерлiк жартылай вагондарды дайындау жол есебiнен шарт бойынша темiр жолмен немесе жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылады, ал мамандандырылған (жалпы тармақтағы парк цистерналарынан басқа) жалға алынған, өз цистерналарын - жүк жөнелтушiнiң өзi дайындайды. Жылжымалы составтың жарамдылығын анықтау жəне коммерциялық мағынада тиiстi жүктi тасымалдауға дайындауды жүзеге асыру: вагондар - жүк жөнелтушiмен, егер тиеу оның немесе темiр жолдың құралдарымен жүзеге асырылса, егер тиеу темiр жолдың құралдарымен жүзеге асырылса; контейнерлер, цистерналар мен бункерлiк жартылай вагондар - жүк жөнелтушiмен. Темiр жол кiрiс жолға тиелген вагондарды өткiзу кезiнде жүктердiң белгiлi бiр түрiн тиеуге олардың техникалық жапандылығын қосарланған операциялар тəртiбiмен анықтайды. Жүктердi вагондар мен автомобильдерге тиеу, сондайақ, оларды одан түсiру мыналармен жүзеге асырылады: а) жалпы пайдаланыс орындарында темiр жолмен, жүктердi тиегенi мен түсiргенi үшiн темiр жол жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан еркiн тарифтер бойынша алым алады; б) жалпы пайдаланыстағы емес орындарда жүк жөнелтушi мен жүк алушымен сондайақ, жалпы пайдаланыстан, орындарда қауiптi жəне тез бұзылатын заттарды, iшкi жануар өнiмдерiн, ауыр (бiр орында 0, 5 тоннадан артық) жəне габариттi емес жүктердi. Құю үйiндi жəне төгу арқылы мамандандырылған жылжымалы составпен тасымалданатын жүктердi жəне жүк жөнелтушi мен жүк алушылардың жолсерiктерiнен жөнелтiлетiн жүктердi де. Осылайша, аталған жүктердiң түрлерiн дұрыс тиеумен байланысты тəуекел қауiптерi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолаушы тасымалдау шарты
КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ
Жолаушы мен жүктерді халықаралық тасымалдау
Тасымалдау шарты жайлы
Тасымалдау шартының тараптары
Тасымалдау шартының түрлері
Тасымалдау шартының жалпы ережелері
Тасымалдау шартының сипаттамасы
Халықаралық көлік құқығы
Жүкті тасмалдау шартын жасау тәртібі.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz