Алматы қ. көші-қон полициясының іід басқармасында өткен өндірістік тәжірибе есебі



Қаңтар айының 4-нен мамыр айының 18-ші жұлдызына дейін мен, Алматы қаласы көші қон полициясының ІІБда өндірістік тәжірибені өткіздім.
Тәжірибе барысында, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Органына қатысты іс-өндірісімен, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сондай ақ тергеу кеңсе жұмыстарымен, ондағы әкімшілік және қылмыстық құжаттарды есепке алу мен сақтауды қалай жүзеге асыратындығымен, оларды рәсімдеу, сондай-ақ іс-қағаздарын толтырулармен таныстым, және тәжірибе жетекшімен бірге оның өндірісіне келіп түскен қылмыстық материалдармен таныстым.
Жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында Ішкі Істер Органдары қызметін реттейтін түрлі нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ криминалдық полиция бөлімшесінің қандай міндеттерді жүзеге асыратындығымен таныстым.
Тұтастай алғанда, өндірістік тәжірибені құқыққорғау органдары ішінде Алматы қаласы көші қон полициясының ІІБда өткізу маған өте ұнады және өту барысында, оқу процесінде өткен теориялық базаны жетілдіруге нақты тәжірибеде өткізу танымдық және білімді көтеруге септігін тигізді.

Алматы қаласының ІІД Көші-қон полициясы Басқармасының кеңестері

Көші-қон полициясы Басқармасының қызметіне қатысты анықтамалық және алдын-алу сипатындағы ақпараттар. Қазақстан Республикасының шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы екендігіне дәлелі бар тұлғалар

Заңтану пәндері кафедрасы

Карасай батыр к-сі, д. 109а

Сырттай оқу бөлімінің 3 курс студенті
АЛМАТЫ Қ. КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ІІД БАСҚАРМАСЫНДА
өткен өндірістік тәжірибе
Е С Е Б І

өндірістік тәжірибенің басталу мерзімі
___ _________ 2012 ж

өндірістік тәжірибенің аяқталу мерзімі
___ _________ 2012 ж

Тексерген: кафедра аға оқытушысы

Алматы қ., 2012
Сырттай оқу бөлімінің 3 курс студенті
АЛМАТЫ Қ. КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ІІД БАСҚАРМАСЫНДА
өткен өндірістік тәжірибе
Е С Е Б І

Қаңтар айының 4-нен мамыр айының 18-ші жұлдызына дейін мен, Алматы
қаласы көші қон полициясының ІІБда өндірістік тәжірибені өткіздім.
Тәжірибе барысында, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Органына
қатысты іс-өндірісімен, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сондай ақ
тергеу кеңсе жұмыстарымен, ондағы әкімшілік және қылмыстық құжаттарды
есепке алу мен сақтауды қалай жүзеге асыратындығымен, оларды рәсімдеу,
сондай-ақ іс-қағаздарын толтырулармен таныстым, және тәжірибе жетекшімен
бірге оның өндірісіне келіп түскен қылмыстық материалдармен таныстым.
Жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында Ішкі Істер Органдары қызметін
реттейтін түрлі нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ криминалдық
полиция бөлімшесінің қандай міндеттерді жүзеге асыратындығымен таныстым.
Тұтастай алғанда, өндірістік тәжірибені құқыққорғау органдары ішінде
Алматы қаласы көші қон полициясының ІІБда өткізу маған өте ұнады және өту
барысында, оқу процесінде өткен теориялық базаны жетілдіруге нақты
тәжірибеде өткізу танымдық және білімді көтеруге септігін тигізді.

Алматы қаласының ІІД Көші-қон полициясы Басқармасының кеңестері 

Көші-қон полициясы Басқармасының қызметіне қатысты анықтамалық және
алдын-алу сипатындағы ақпараттар. Қазақстан Республикасының шетел
азаматтары болып Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын және
өзінің басқа мемлекеттің азаматы екендігіне дәлелі бар тұлғалар саналады.
Қазақстан Республикасының азаматы емес және басқа мемлекеттің азаматтығына
дәлелі жоқ тұлғалар, азаматтығы жоқ тұлғалар болып саналады. 
Қазақстан Республикасының визасын создыру және беру тәртібі Қазақстан
Республикасының жекелеген нормативтік-құқықтық актілеріне байланысты жүзеге
асады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы рұқсаттама
пункітінен өту кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Комитетінің Шекара қызметі шетел азаматтарының құжаттарына мемлекеттік
шекарадан өткендігі жайлы арнайы белгі соғады. 
Қазақстан Республикасына шетел азаматтарын шақырту: 
Жұмыс бабымен және туристік сапармен Қазақстан Республикасына шетел
азаматтарын шақырту үшін, мемлекеттік емес ұйымдар ішкі істер органдарына
азаматтың тұрғылықты жерінен және ұйымның орналасқан жерінен келесі
құжаттарды өткізуі керек:
1. үш дана белгіленген формадағы шақырту хаты (1 ереже);
2. мемлекеттік салымдардың төлегендігі туралы түбіртек.
Іскерлік қарым-қатынас мақсатымен және туристік жолмен мемлекеттерден
азаматтарды шақырту үшін мемлекеттік емес ұйымдар Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер Министірлігінің (СІМ) консулдық қызмет Департаментіне және
Қазақстан Республикасы аумағындағы оның өкілдеріне тікелей хабарласады,
оның қатарына әуежайдағы консулдық пункттен кірмейді.
Шетел азаматтарын жеке шаруалармен шақыру үшін жекелеген тұлғалар және
шақыртушы ұйымдар тұрғылықты жердегі ішкі істер органдарына келесі
құжаттарды өткізулері қажет:
1. еркін түрде жазылған өтініш;
2. белгіленген түрдегі екі дана арыз-сауалнама (2-қосымша);
3. мемлекеттік салымдардың төлегендігі туралы түбіртек.
Шетел азаматтарын уақытша тіркеу: 
Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарының
төлқұжаттарын тіркеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министірлігі,
оның өкілдері, ішкі істер органдары өз құзырларына сай жүзеге асырады.
Дінмен, уағыздаумен, қайырымдылық шараларымен айналысатын шетел
азаматтары ішкі істер органдарына жалпылама негізде тіркеуге алынады. Егер
Қазақстан Республикасының заңдарында басқа жағдай қарастырылмаған болса,
онда шетел азаматы ары қарай жергілікті атқару органдарының тізіміне
тіркеледі. 
Шетел азаматтарының төлқұжаттары тұрғылықты немесе уақытша тұратын
жерлерінде келген күннен бастап бес күнтізбелік күннің ішінде жергілікті
жердің ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс. 
Шетел азаматтары Қазақстан Республикасындағы уақытша тұрақтарын
ауыстырған жағдайда, шақыртушы заңды немесе жеке тұлғалар ол жайлы ішкі
істер органдарына жазбаша түрде мәлімдеуге міндетті.
Шетел азаматтарының келу мерзімін ұзарту шетел азаматтарының
төлқұжаттарының жарамдылық мерзімін ұзарту және виза беру арқылы жүзеге
асырылады.
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында жүру мерзімін ұзарту
туралы шешім жеке және заңды тұлғаның өтініші негізінде шетел азаматының
тіркелген жерінде қабылданады.
Шетел азаматтарының қалу мерзімі мынаған сай ұзартылады:
1. Қазақстан Республикасына жеке ісімен 90 күнге дейінгі уақытқа
келгендерге. Қазақстан Республикасына жеке ісімен келген шетел
азаматтарының мерзімін ұзартудың жалпы мерзімі 6 айдан аспауы керек.
2. Оқуға келгендерге - жыл сайын тұтас оқу жылына;
3. Емделуге келгендерге—медициналық мекеменің басшылары берген
медициналық сараптаманың негізінде емделу уақыты біткенше;
4. Жұмысқа келгендерге—құзырлы органдардың берген рұқсатының біткенінше;
5. Іскерлік мақсатпен келгендерге—бір жылға дейінгі уақытқа;
6. Тұрғылықты тұруға қалдыруға өтініш берген тұлғаларға, өтініш қарастыру
уақыты біткенше.
Шетел азаматтары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша, шетел
азаматтарына тиым салынған жерлерден басқа жерлерде емін-еркін жүре алады.
Республиканың басқа аймақтарына 10 күннен артық мерзімге шығуды
жоспарлаған уақытта, күтіп алушы заңды немесе жеке тұлғалар тұрған және
баратын жердің атын, мекен-жайын және мерзімін белгілеп, тұрған және
баратын жерінің ішкі істер органына хабарлауға тиіс. Шетел азаматтарының
Қазақстан Респуликасының аумағына кірген кезде шетел азаматтары үшін
уақытша жабық жерлерге өту үшін (7-ереже), қабылдаушы ұйым осыған сәйкес
ІІО-нан рұқсатнама қағаздарын алуы тиіс (8-ереже). 
Жеке немесе қызметтік автокөлікпен жүрген азаматтар, сонымен қатар
халқаралық жүк тасымалдаушы автокөліктер шетел азаматтарына ашық
автожолдармен емін еркін жүре алады. Қазақстан аумағынан өтетін шетел
азаматтарына жүруге тыйым салынған автожолдармен өту үшін Ұлттық
қауіпсіздік органдарымен келісе отырып ІІО берген рұқсатнамасы болуы
керек. 
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әуе, темір
жол, автокөлік жолдары және су жолдары арқылы үшінші бір мемлекетке өтуі
үшін Қазақстан Республикасының визасы болуы керек. Сонымен қатар, үшінші
бір елге кіруге рұқсат беретін құжаттары және Қазақстан Республикасы
аумағында орналасқан автобекетте, әуе бекетінде, темір жол бекетінде және
су жолы бекетінде 72 сағаттың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында
көлік ауыстырғанын растайтын жол жүру құжаты (билеті) болуы керек. 
Қазақстан Республикасы аумағы арқылы үшінші мемлектке өтетін
автокөліктер, соның ішінде халықаралық жүк тасымалдайтын аытокөліктер тек
қана халықаралық автоқатынасқа ашық жолдармен ғана жүре алады. Қазақстан
Республикасынан поезбен өтетін шетел азаматтары, поезд тоқтаған кезде
станцияға түсуге құқылары бар. Оларға станциядан ары қарай (темір жол
бекетінен, перроннан) шығуға тыйым салынады. 
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға рұқсат алу:
Қазақстан Республикасының тұрғылықты тұрғыны болып, осыған рұқсат алған,
сонымен қатар ІІО-ның тұрғылықты тұруға берген рұқсаты бар шетел азаматтары
саналады. Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға өтініш, Қазақстан
Республикасына уақытша келген шетел азаматтары үшін келген жеріндегі ІІО-на
тікелей өткізіледі. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға берген құжаттары толық
жиналғаннан кейін қарастырылады.
Тұрғылықты тұру үшін шетел азаматтары келген жерінің қалалық, аудандық
ІІО-на, ал Астана, Алматы және облыс орталығындағылар ІІД-не, ІІБ-на
мынадай құжаттар өткізеді:
1. Арыз-сауалнама (9-қосымша);
2. Тіркеуден шығу қағазының орнына жарайтын, бұрынғы мемлекетінің жазбаша
келісімі, немесе, шетелге тұрғылықты тұруға берген рұқсатын қуаттайтын
кез келген құжат;
3. Өмірбаян;
4. Азаматтығы жоқтығы туралы құжат немесе төлқұжаты;
5. Шетел азаматтарына берілген медициналық сараптаманың арнайы
анықтамасы;
6. Қазақстан Республикасына келген кезіндегі төлеу қабілеттілігі барлығын
растайтын құжат;
7. Мемлекеттік салықты төлегендігі туралы түбіртек;
8. 35x45 мм. көлемдегі 2 фотосурет;
Қазақстан Республикасына квоталық қоныс аудару негізінде тұрғылықты тұруға
келген шетел азаматтары рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Агенттігінің
бөлімдеріне мынадай құжаттар өткізеді:
1. Оралу туралы куәлік немесе жарамды төл құжат;
2. Арыз – сауалнама;
3. Өмірбаян;
4. Шетел азаматының және оның отбасының денсаулықтары туралы белгіленген
үлгідегі медициналық анықтама.
Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға рұқсат
және азаматтығы жоқ тұлғаларға куәлік шетел азаматтарының және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
«1с предприятие» программалық жүйесі
Көліктегі қылмыстар
Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ
Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы
АІІБ-ның тергеу бөлімінде өткен өндірістік тәжірибе есебі
Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі
Пәндер