Көк сөзінің семантикалық қызметі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
3: 3
Кіріспе: 1. Семантика туралы
3:
Кіріспе: 1. 1 Семантиканың зерттелуі
3:
Кіріспе: 1. 2 Семантикалық өріс
3:
Кіріспе: 2. Көк сөзінің семантикалық қырлары
3:
Кіріспе: 2. 1 Көк сөзінің мағыналары
3:
Кіріспе: 2. 2 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы көк сөзінің қолданыстық мағыналары
3:
Кіріспе: 2. 3 І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы көк сөзінің қолданыстық мағыналары
3:
Кіріспе: Қорытынды
3:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиет
3:

Аңдатпа

Дипломдық жұмыста қазақ тілінің семантикасы, семантикалық өріс мәселелері терең қарастырылып, ғалымдар пікіріне сүйенген. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан «көк» сөзіне байланысты мысалдар теріліп, талданған.

Аннотация

Дипломная работа посвящена к исследованию семантического поле, семасеологии казахского языка где приведены научные цитаты. Собран примеры касающиеся к слове «көк» (синий) от известных писателей, таких как М. Ауезова «Путь Абая», И. Есенберлина «Кочевники» и анализированы.

Annotation

The Diploma work is devoted to the study of the semantic field, semaseology (semantics) Kazakh language which gives the scientific citations. Compile examples related to the word «көк» (blue) from famous writers, such as M. Auezov «The way of Abai», I. Esenberlin «Nomads» and analyzed.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Сөздердің лексикалық мағыналарының түрлерін анықтауда тілші ғалымдар арасында әр түрлі ғылыми пікірлер, тұжырымдар айтылып келуде. Семантика - тіл немесе оның бірлігі арқылы берілетін мағына. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың танымын білдіретін түр-түс мәселесі төңірегінде де азды-көпті зерттеулер бар. Кеңестік қазақ тіл ғылымы кезінде зерттелген бірлі-екілі еңбектен басқа ғылыми тұжырымы бар кітаптар жоқтың қасы. Тек соңғы жылдары кейбір ғалымдардың түр-түстің семантикалық мағыналарына арналған мақалаларын атап өтуге болады. Осыларды ескере келе қазақ тіл біліміндегі түр-түстерді жаңа қырынан қарап, олардың қолданыстық ерекшеліктерін көрсетіп, мағыналарын аша отырып, жан-жақты талдау жүргізуді жөн деп таптық,

Тақырыптың өзектілігі. Түр-түс семантикасы халық өмірімен байланыста келіп, ұлттық психология, салт-сана, әдет-ғұрыппен ұласып келіп ұлттық танымды көрсетуде үлкен қызмет атқарады. Осы мақсатта көк сөзінің семантикалық мағыналары, оның тілімізде атқаратын қызметін қарастыру дипломдық жұмыстың көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Көк сөзінің тілде беретін мағыналары, тарихи шығу тегі, көркем шығармалардағы ролі талданып, ғалымдардың пікірлеріне сүйене отыра пайымдалады.

Көк сөзінің шығу төркініне қатысты айтылған ғалымдара арасындағы пікірлерде бірізділік жоқ. Міне, мұның өзі тақырыптың өзектілігін ашып көрсетеді. Осы жағынан келгенде көк сөзінің этимологиясында да үлкен құпия жатқаны анық. Осы құпияны нақтылай ашып көрсету осы дипломдық жұмыстың негізігі құндылықтарының бірі болмақ.

Зерттеудің нысаны. Түсіндірме сөздіктерде, қаламгерлердің туындыларындағы (М. Әеузов, І. Есенберлин) көк сөзінің қоланыстық қызметі қарастырылады.

Зерттеудің пәні. Қазіргі қазақ тілінің семасеолгиясы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - көк сөзінің семантикалық қырларына жаңаша сараптама жасау.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыстың бірнеше міндеттері айқындалды:

  • семантика мәселесінің қазақ тіл біліміндегі зерттеуіне шолып, ғалымдардың пікірлеріне талдау жасау;
  • семантикалық өріс және оның қазақ тіл ғылымындағы қарастырылуы;
  • көксөзінің семантикалық қырлары, оның беретін мағыналары, шығу тегіне байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жүгіне отырып өзіндік тұжырым жасау;
  • М. Әуезовтің «Абай жолы» роман- қолданыстық мағыналарын ашып көрсету;
  • І. Есенберлиннің «Көшпенділер» қолданыстық мағыналарын аша келе, қаламгердің өзіндік стилін таныту;
  • көксөзіне қатысты терілген мысалдарға статистикалық талдау жүргізу;

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Көркем шығармалардан, атап айтқанда, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан және І. Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясынан көк сөзіне байланысты мысал үлгілері терілді.

Зерттеудің тәсілдері мен әдістері. Жұмыс барысында салыстырмалы, жүйелеу, талдау, сараптау, есептеу (статистикалық), пайымдау, қорытындылау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

  1. семантикаға байланысты ғалымдардың пікірлері, тұжырымдары жиналқталып, жүйеленіп берілді; семантикалық өрістің қазақ тіл ғылымындағы зерттеуі, теориясы нақтыланып берілді; көксөзінің жеке қолданыстағы және жалпыхалықтық қолданыстағы үлгілері салыстырылды; көксөзіне байланысты терілген мысалдардың статистикасы жасалынды; көксөзінің адамға қатысты, заттарға, жан-жануарға, жер-су атауларын жасаудағы қезметі көрсетілді.

Жұмыстың әдістанымдық негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында М. Оразов, Ә. Қайдаров, З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбеков, Г. Сынасапова, Жарқынбекова, Э. Оразалинова, т. б. ғалымдардың ғылыми теориялық пікірлері мен тұжырымдарына сүйендік.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізген ғылыми және практикалық нәтижелері тіл ғылымының лексика-фразеология, семасеология, лингомәдениеттану, функционалды лингвистика секілді т. б. салаларында кейбір өзекті мәселелерді айқындауда және олардың теория-практикалық тұрғыдан әрі қарай дамытуға көмегін тигізеді. Сонымен қатар аталмыш зерттеу жұмысы «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Линговомәдениеттану», «Стилистика және тіл мәдениеті», «Семасеология» оқу пәндерінің тәжірибешілік сабақтарында көмекші құрал қызметін атқара алады.

Сонымен қатар студенттердің курстық жұмыстарын жазуда, ғылыми жұмыс жазу барысында, мектепте қосымша сабақтарда өзінің азды-көпті көмегін тигізеді.

Зерттеу бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  1. көксөзінің жеке қолданыста және жалпыхалықтық қолданыста өзіндік ерекшеліктері бар; көксөзі метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, т. б. көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдары арқылы жасалады; көк сөзінің адамға, малға, жер-су т. б. құбылыстардың атауын жасауда белсенді қызмет атқарады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бөлімдер іштей бөлімшелерден және қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі қолданылу реті бойынша берілген.

1. Семантика туралы

1. 1 Семантиканың зерттелуі

Сөз мағынасы - тіл білімінің еншісіне тиетін категория, сол үшін де оны жан-жақты талдау тіл білімінің үлесіне тиеді. Сөздердің лексикалық мағыналарының түрлерін анықтауда тілшілер арасында бірізділік жоқ. Егер тек кеңес тілшілерінің ғана сөздердің мағына түрлеріне байланысты айтқан пікірлерін санайтын болсақ, олардың санының өзі оннан асады. Ал мағынамен байланысты категориялардың саны болса, одан да көп. Мысалы, сөздердің дыбысталуы мен мағына арасындағы байланыс, сөз мағынасының құрылымы мен құрылымдық элементтері арасындағы байланыс, лексиканы белгілі бір заңдылықтар негізінде байланысқан жүйе деп санап, сол жүйе мүшелерінің өзара қарым-қатынасын анықтау сияқты толып жатқан мәселелер бар.

Семантика (грек. semantikos - белгілеуші) - 1) тіл немесе оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар; 2) Осы мағынаны, хабарды зерттейтін тіл білімінің бір саласы; 2) Семантиканың негізгі тарауларының бірі. Бірінші мағынада семантика - мағыналы сөз (мыс. зат есім, етістік, сын есім, үстеу), ол «семантикалық үшбұрышты» құрайды:

а) болмыс заты (зат, құбылыс, процесс, қасиет) - денотат (референт) ;

б) зат туралы ұғым не түсінік (ұғым, сигнификат, интенсионал, белгіленетін нәрсе) .

Семантиканың бұдан басқа да маңызды бөлігі - сөйлем. Онда да денотат (немесе референт) және сигнификат (немесе ұғым) болады. Лингвистикалық талдаулардың арқасында сөз таптарының (морфемалар мен сөйлем мүшелері) семантикасын анықтауға болады. Толық мағыналы сөздердің морфемалары - түбір мен аффикстер мағынаның екі түріне ие болады.

Түбірлер заттық мағынаға ие болады. Ол сөздің негізгі лексикалық мағынасы, мысалы, қызыл, қызғылт, қыздыр, қызару сөздері түсті береді, түбірі - қыз . Аффикстер грамматикалық мағынаны білдіреді. Бұл мағыналар екіге бөлінеді: категориялық (заттарды категорияға бөледі) және реляциялық не синтаксистік (сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстырып отырады) .

Семантика пән ретінде өзінің зерттеу нысаны етіп мағынаны алады. Бірақ мағына түсінігі өте кең, бірнеше бағыттағы зерттеуді талап етеді. Ең алдымен, тіл элементтерінің барлығы да мағынаға ие бола ала ма деген сұрауға жауап беру керек сияқты. Себебі соңғы кезде тілдің барлық элементтері (дыбыстар да, морфемалар да, сөздер де, сөйлемдер де) мағынамен байланысты болады деген пікір айтылып жүр (Гальперин) . Егер тіл элемнттерін толық талдап қарайтын болсақ, жеке дыбыстардың мағына білдірмейтіндігін жоққа шығарып болмайды. Сонымен бірге одағайлар бір ғана дыбыстан жасалынып та мағынаға ие болатыны анық. Мысалы: - Е, бәрекелді, тілінің шоғы, көңілінің оты бар ақын екен ғой . . . (Ел аузынан) . - О, Омеке, шаруаңыз болса айта отырыңыз (Ел аузынан) . Келтірілген мысалдарымыздағы е мен о одағай сөздер (тек дыбыстар ғана емес) адамның көңіл-күйімен байланысты эмоциялық мағына білдіріп тұр. Қазақ тілінде одағайдан басқа бір дыбыстан жасалған ( О не зат ) сөздер де бар. Сонымен бірге қазіргі ғылыми өмірде дыбыстық символизмдерге байланысты да әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мысалы, А дыбысы қара түспен, И дыбысы ақ түспен, У дыбысы көкпен, О дыбысы жасыл түспен байланыстырылып, түрлі мағына телініп жүр. Бірақ бұл мағыналар дыбыстың төл мағынасы болып саналмастан, оған таңылған, үстеме мағына болып есептеледі.

Дыбыстардың мағынамен байланысы туралы сөз болғанда, әсіресе түркологиялық еңбектерде еліктеуіш сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстар мағынаға ықпал жасайды делінеді. «Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жіңішке болуы да мағынаға әсер ететіндігі байқалады», - дегенде А. Ысқақов осы дауысты дыбыстарды есепке алған. Егер байыптап қарайтын болсақ, еліктеуіш сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың ашық не қысаң болып келуі де мағынаны ажыратады; түбір құрамында ашық дауысты дыбыс келетін еліктеуіш сөздер білдіретін мағына амал-әрекеттің не дыбыстың күшті балғандығын, ал қысаң дауысты дыбысты еліктеуіш сөздер білдіретін не тез орындалған амалды, не дыбысты білдіреді. Салыстырыңыздар: тарс-тұрс-тырс, жалт ету - жылт ету, шыңқ - шіңк т. б. (339-бет) .

Қазақ тілі (басқа түркі тілдерінің де) морфемаларының табиғаты үндіеуропа тілдері морфемаларының табиғатынан басқалау. Сондықтан олардың семантикалық қасиетінде, қолданылу заңдылықтарында өздеріне тән өзгешеліктері болатындығы сөзсіз. Мысалы, орыс тіл білімінде морфемаларға анықтама бергенде сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі екендігі және оның өайталанып тұратындығы ескеріледі. Қазақ тіл білімінде де морфемаларға осы типтес анықтамалар беріледі. Бірақ орыс тілшілері морфема сөздің бір бөлшегі, тіпті түбір морфемалар да сөзбен тең түсе алмайды деген пікірді қолдайды (Шанский) . Ал түркі тілдерінде болса, түбір морфемалар сөзбен тең түсіп жатады да мағынамен байланысады. Әрине, сөз мағынасын жалаң бір ғана лексикалық мағынамен шектеп тастау дұрыс болмайды. Ең алдымен ескеретін нәрсе сол - сөз лексикалық категория ғана болып қалмай, лексико-грамматикалық категория болып саналады. Түркі тілдеріндегі түбір морфемалар (санаулы түбірлерден басқа) сөзбен тең түседі, лексикалық мағынаға ие болады, грамматикалық жақтан формаланған болуы сөзсіз.

«Қазақ тіліндегі сөз мағынасы туралы жазылған еңбектерге сын көзбен қарайтын болсақ, онда қазақ тілі семасиологиясын жаңадан жазу қажеттілігі анық көрінеді. Тек бірен-саран еңбектер болмаса, бұл мәселе қазақ тіл білімі үшін тың нәрсе. Сондай-ақ оқулықтарда да семасиологиялық категорияларды талдау жасау толық емес. Оған басты себеп - қазақ тілінде семасиологияның негізгі түсініктерінің анықталынбауы, олардың терминдерінің қалыптаспауы», - дейді М. Оразов «Қазақ тілінің семантикасы» еңбегінде (32-бет) .

Қазақ тілшілерінің еңбектерінде сөз мағынасына берілген анықтамалар кездеседі. Мысалы, Ғ. Мұсабаев сөз мағынасына тікелей анықтама бермесе де: «Сөз формасына оралған ұғымның мазмұны сөздің мағынасына айналып, дыбысталу мен мағына бірлесе келіп, сөздің өзін қалыптастырады», - дейді (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев) . Бұл жерде автор сөз мағынасын ұғым арқылы анықтап отыр. Ал К. Аханов болса Е. М. Галкина-Федоруктың сөзге берген анықтамасын толық қабылдап: «сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз дыбыстық комплекстің ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір тілде сөйлесуші коллектив арқылы белгіленген байланысы болып табылады», - дейді (28-бет) . Соңғы кездерде жарық көрген жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарда да осыған жақын анықтамалар беріліп жүр. М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» еңбегінде «Сөз мағынасы - адамды қоршаған объективтік өмірдегі заттардың, құбылыстардың, болмыстың санадағы сәулесі, бейнесі; ал сөздердің лексикалық мағынасы деп әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы (статикалық күйіндегі) нақтылы негізгі мағынасын айтады » деп анықтама береді (14-бет) . Нақ осы анықтаманы ертеректе Т. Қордабаев та берген болатын. Бірақ Т. Қордабаевтың анықтамасында сөз мағынасын белгілеуде қажетті болған әлеуметтік шартты да қосып, дұрыс қорытынды шығарған болатын. Яғни «Сөздің лексикалық мағынасы - оның жеке тұрып та білдіретін өзіне тән қоғам таныған мағынасы», - дейді (12-бет) . Т. Қордабаев сөз мағынасына екінші бір анықтама да берген болатын. «Сөз мағынасы дегеніміз оның білдіретін түсінігі. Сөз нені білдірсе, нені байқатса, сол оның мағынасы болады» (62-63-бет) . Т. Қордабаевтың еңбектерінде сөздің мағынасына берілген үшінші және төртінші анықтамаларды да көруге болады. «Тілдік мағына - объектив дүниедегі заттардың, құбылыстардың, болмыстардың санадағы бейнесі» не «Мағына дегендегі атау мен сол атау болған мазмұнның арасындағы қатынас, бірлік деп түсінген дұрыс» (143-бет) . Т. Қордабаев берген төрт анықтаманың төртеуі де кеңес тіл білімінде ертеден бар анықтамалар.

Профессор Б. Сағындықұлы «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология» деп аталатын еңбегінде сөз мағынасының өте күрделі болатынын атап өтіп, «сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа, байланысқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсініктерін халық таныған логикалық-заттық ұғымы, лексика-сементикалық түсінігі лексикалық мағына деп аталады» деп жазады. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына екенін ескере отырып, сөздің өзге де мағыналарының тууына негіз болатынын көрсетеді (13-бет) .

Түркі тілдерінің мамандары да осы қазақ тіліндегі сөздерге берілген анықтамаларға жуық анықтама беріп жүр. Мысалы, өзбек тілшісі Я. Д. Пинхасов «Сөз зат не құбылыс, ұғым туралы алғашқы негізгі мағынасы яғни реал мағынаны білдіруі сөздердің лексикалық мағынасы болып табылады», - десе, Ш. Рахматуллаев «Сөздердің лексикалық бірлік есебінде бір нәрсені білдіруі (бір уақиғаны білдіруі, атауы, көрсетуі ) лексикалық мағына деп саналады», - дейді (124-бет) . Соңғы кезде жарық көрген лексикология оқулығының авторлары да (бұл тарауды жазған проф. А. П. Ходжиев) сөз мағынасына анықтама беріп: «Сөздің объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар, әрекет пен белгі сияқтылардан хабар (түсінік) беретін мазмұны лексикалық мағына болып саналады», - дейді. Азербайжан тілшісі Ә. Фәрәчев: «Лексикалық мағына сөздің жеке тұрғандағы мағынасы», - десе, қарақалпақ тілшісі Е. Бердимуратов: «Сөздің лексикалық мағынасы ол не бұл тілдің грамматикалық заңдылықтары бойынша қалыптасқан заттық-предметтік мағынадан құралады», - дейді (39-бет) .

Ғалым Н. Алиференко семантиканың басты көздерін: «Семантика 3 негізге сүйенеді, ойлау мен сөйлеуден тұратын тілдің үш бірлестігі мыналар деп көрсетеді: қоршаған шындық дүние, адам (индивид) миы және тіл. Осының негізінде тілдің үш құрамдас бірлігі шығады: тіл жүйесі - сөйлеу - сөйлеу қызметі», деп анықтайды (10-бет) .

Марксизм-ленинизм методологиясына негізделген совет тілшілері сөзді мағына мен дыбысталудың бірлігі деп қарайды да, сөз мағынасы (лексикалық мағынаны да, грамматикалық мағынаны да) объектив дүниедегі материалдық қабығы - дыбысталумен байланысып жататын категория деп қарайды. Сөздер бұл екі жағдайдан басқа грамматикалық жақтан формаланған болатындығын да баса айту керек. Тілде грамматикалық форма қабылдамайтын сөздер болса да, формасыз сөз болмайды. Жалпы сөзді мағына мен дыбысталудың біте қайнасқан бірлігі деп түсіну дұрыс түсінік.

Шет ел тілшілері арасында ғана емес, кеңес тілшілері арасында да сөздердің барлығы лексикалық мағынаға ие болады деген тезиске қарсы шығушылар табылады. Мысалы, В. А. Звегинцев сөз мағынасына берілген өзінен бұрынғы анықтамаларға шолу жасай отырып: «Тек лингвистикалық тұрғыдан сөз мағынасы оның басқа сөздермен байланысу қабілетімен, мүмкіндігімен анықталады», - деп түйіндеген. Сөз мағынасы сөздердің ішкі қасиеті емес, сөздердің арақатынасынан туады деу үстіміздегі ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдарының жемісі емес.

Жоғарыдағы пікірге жуық тіл білімінде екінші бір пікір бар. Оның негізін салушы - Ф. Де Соссюр және оның жолын қуушылар. Кеңес тілшілері арасында да ол бағытты қолдаушылар табылады. Ф. Де Соссюр: «Тілдік системаның мүшелеріне тек кез-келген дыбысталу мен мағынаның жай бірлігі деп қарау үлкен қателік болып саналады. Система мүшелерін бұлай анықтау - оны өзі мүшесі болып саналатын системадан ажырату болып саналады, бұл қате пікірге алып келеді», - деген еді (146-147-бет) . Автор пікірін ары қарай жалғастырып, «Тілдің барлық элементтері болғандығы үшін ғана байқалынады», - деп қорытынды жасайды. Алғашқы уақыттарды бұл пікір түрлі бағыттарда дамытылып, соңғы кездерде структурализм өкілдерінің негізгі қағидаларының біріне айналып қалды. Мысалы, «Сөз мағынасы, ең алдымен, оның басқа сөздермен қарым-қатынасынан, яғни лексикалық системадағы орнымен анықталады», - деп жазған болатын Прага тіл үйірмесінің тезисінде. 1931 жылы И. Трир өзінің өріс теориясын жасай отырып, «Сөз тек бір тұтас бүтіндік, және сол тұтастық арқылы ғана мағынаға ие болады», - деген еді.

Кеңес тілшілері арасында да сөз жеке тұрғанда лексикалық мағынаға ие болмайды, лексикалық мағына не сөздердің сөйлем құрамына енгенде ғана пайда болады, не жүйе құрамында басқа сөздермен қатынасы негізінде пайда болады деушілер кездеседі. Мысалы, Д. Н. Шмелев өзінің лексиканы жүйелі талдауға арналған еңбегінде: «Тілшілеріміздің бірде-біреуі сөздер лексикалық мағынаға басқа сөздермен байланысу нәтижесінде ғана ие болатындығына күмәнданбайды», - деп жазады. Автордың мұндай пікірге келуінде басқа да мақсат болуы мүмкін. Монографияда лексиканы жүйелі құбылыс дей отырып, әрбір сөз бір лексика-семантикалық топтың құрамына еніп, белгілі бір орын иеленетіндігін баса көрсетуге әрекет еткен. Бірақ кез-келген сөз белгілі бір лексика-семантикалық топтың құрамына енгенде лексикалық мағынаға ие болу үшін енбейді, керісінше белгілі бір лексикалық мағынасы болғандығы үшін, сол мағыналар арасында белгілі бір байланыс болғандығы үшін енеді. Сондықтан да тілдің даму тарихында белгілі бір лекика-семантикалық топтың құрамынан кей сөздердің қолданудан шығып архаизмдер қатарына өтіп отырғандығы, екінші бір сөздер жаңадан пайда болып, лексико-семантикалық топтың құрамына еніп байытып отыратындығы анық. Бірақ тілде пайда болған әр сөз не қолданылудан шыққан сөз сол лексика-семантикалық топты өзгертіп жібере бермейді. Салыстырыңыз: орыс тілінен енген самовар, трактор, тетрадь сияқты сөздер басқа сөздердің мағынасына ықпал етпей-ақ қолданылып жүр. Бірақ автор өз пікірін дәйекті түрде баяндайды. «Кез-келген мағына тілде өздігінен, басқа мағыналармен байланыспай өмір сүре алмайды», - дей отырып, орыс тіліндегі большой, хороший деген сөздердің мағынасы маленький, плохой сияқты сөздердің мағынасына қарсы тұрғандығы үшін ғана бар дейді. Д. Н. Шмелев екінші бір еңбегінде өз пікіріне қарсы шығады да: «Шындық болмыстың ерекше тілдік бейнеленуі лексикалық мағына деп анықталады», «Сөздің негізгі міндеті - заттар мен айналадағы құбылыстарды атау», - деп қорытынды жасайды (55-бет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалды-семантикалық өріс проблемасы
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы
Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні (зат есімдердің негізінде)
Түс концептісін (қызыл) ағылшын және қазақ мәдениеттерінде салыстырмалы түрде талдау
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі бір буынды көпмағыналы сөздер
Байырғы сын есімдердің танымдық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz