Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы туындылары


Аңдатпа
Дипломдық жұмыста ұлы ақын Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы туындылары қарастырылған. Сондай-ақ абайтанушы ғалымдардың еңбектері қарастырылған. Абай шығармаларындағы діни-ағартушылық идея үлгілері теріліп, олардың мағыналары айқындалған.
Аннотация
В дипломной работе рассмотрена религиозно-просветительские произведении великого поэта Абая Кунанбаева. А также рассмотрена труды абаеведцев. Собранны образцы религиозно-просветительские идей в произведении Абая, изучены их идейное значение.
Annotation
In the Diploma work is considered religious-educational product of great poet Abai Kunanbaev. And also it is considered works researchers Abai. It is collected samples religious-educational ideas in product of Abai, are studied their ideological value.
Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы туындылары
Мазмұны
Кіріспе
1. Абайдың шығармашылық өмірбаяны
1. 1 Абайдың ақындық тұлғасы
1. 2 Абай шығармаларының ғылыми негізі
2. Абай туындарындағы діни имандылық мәселесі
2. 1 Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі дін тағылымы
3. Абай философиясындағы адамгершілік мәселесінің діни негізі
3. 1 Адам болмысының діни - исламдық мәні
3. 2 Абай шығармаларындағы арқылы азаматтықтың рухани қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Ақынның дүниеге келгеніне біржарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев та сондай данышпандардың қатарында. Бақытты өмір сүру үшін адамға жоғары мақсатқа жету керек екенін білдіреді ұлы ойшыл. Өмірдің жоғары мақсатына жету үшін салауатты өмір сүру керек. Ал салауатты өмір адамның өзінің негізгі болмыстарын, әркімнің өзін-өзі дұрыс танығаннан кейін ғана болуы мүмкін. Сонда ғана ол өзінің әлемнің бір бөлшегі екеніне көзі жетіп, жалпыға ортақ заңдылықтарды түсініп, өз өмірін бүкіл болмыспен үйлесімді ете алады.
Қазіргі кездегі діннің алғашқы мәні бұрмаланып, ұлттық дәстүрдің құлдырау шағында әркімге да бақытты өмір жолынан адастырмайтын тұрақты нысана керек. Оо нысананы Абай ілімінен таба аламыз. Осы туралы Н. Ә. Назарбаевтың ұлы ақынның 1995 жылы болып өткен 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде айтқан мына салихалы ойы кімге болса да бағыт бергендей болады: « . . . Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспеттті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштіңғ басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болаты еді. Сорлатанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ.
Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің бәріне жауап таба аласың». Бұл сөздер әрбір адамның дұрыс жетілуіне кепіл болатын, қоғам өмірінде басшылыққа алатын бағдарламалық ойлар тәрізді.
Абайтанушы академик Ғарифолла Есім былай дейді: «Абай шығармаларын бір рет қана оқып қоймақ түгілі, тіптен оның шығармаларын жаттап алу да аз, мәселе оны түсінуде. Абай адам санасы кемелденіп, толысқан сайын түсінікті бола бастады. Әр ұрпақ Абайдан өз түсінігін табады» [7, 14] . Бүгінгі таңда ұлы ақын, кемеңгер ойшылдың рухани мол мұрасына өткен атеистік заман тудырған біржақты саяз көзқарастан арылып, енді жаңаша оймен, оның тереңіне үңіле білу керек. Сонда ғана ұлы Абай мұрасын жеке адамдар, өз халқымыздың ғана емес, тіпті бүкіл адамзаттың игілігіне айналдыруға болады. Бұл - келешегі зор, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, ұлғая беретін қасиетті парыз, үлкен міндет.
Тақырыптың өзектілігі. Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, Ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол, халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт» деген имандылық ережесін әр кезеңнің жас ұрпағы санасына Абай қазынасының нәрлі бұлағынан сіңіретін болады. Азаматтықтың әрбір сұраққа ол тиісті жауапты ең алдымен Абай мұрасынан іздеп, Абай даналығынан табатын болады.
Абай өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сипат бар. Оның қаламынан туған қастерлі жыр, оның даналығынан туған ұлұғатты сөз халқымыздың рухани қажетіне өзінен кейін ғана жаратыла бастады. Оның алып тұлғасы ақын дүниеден өтіп кеткен күннің ертеңінде-ақ замандастарының күнделікті тіршілігінің деңгейінен биікке бірден көтеріліп шықты. Адам әлемнің бір бөлігі болғандықтан, оның түп негізі де екі болмыстан, яғни жан мен тәннен құралады. Сондықтан ұшқан құс екі қанатын қалай бірдей ұстайтын болса, адам баласы да бақытқа жету үшін осы екі болмысын, тән құмары мен жан құмарын, бірдей ұстап отыру. Болмаса жеке адамдар ғана емес, ірі мемлекеттердің, тіпті бүкіл адамзат қауымының тіршілігі заман ағысында тура бағыттан ауытқып оңға немесе солға соғып кетуі мүмкін. Қазіргі замандағы қоршаған ортаның залалданып былғануын, шөл мен шөлейт аймақтардың ұлғайып, жер бетін басып бара жатқанын, ішетін ауыз судың жылдан жылға азайып, кейбір елдерде тіпті халықтың оны сатып алып ішуге мәжбүр болып отырғанын, ауа райының өзгеріп табиғат апаттарының молаюын, халықаралық ахуалда ірілі - кішілі соғыс өрттері мен түрлі лаңкестік әрекеттердің өршуіне зер салсақ, бүгінгі күндерде адамзат қауымының бағыты ауытқып, келешегі бұлыңғырлана бастағанын сезу қиын емес.
Жалпы алғанда Абай шығармаларындағы діни-ағартушылық мәселесі аса көп зерттеу нысанына түсе қойған жоқ. Мұның өзі дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің нысаны. Ақынның дині-ағартушылық сарындағы шығармалары дипломдық зерттеу жұмысының нысаны етіп алынды.
Зерттеудің пәні. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы
Зерттеудің мақсат-міндеттері. Дипломдық жұмыстық басты мақсаты - Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы шығармаларына жаңа көзқараста, жаңа қырынан талдау жасау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыстың бірнеше міндеттері айқындалды:
- Абайтану төңірегіндегі ғалымдардың пікірлеріне сараптама жасап, бір-бірімен салыстыра келе, өзіндік тұжырым жасау;
- ақынның шығармалық өмірбаяны туралы жазылған әрбір әдебиеттерді жинақтап, қорытынды жасау;
- Абай шығармашылығындағы ағартушылық идеялардың маңызын ашып көрсету;
- Абайдың қара сөздеріндегі діни-ағартушылық сарыны мен философиялық мәнін ашып көрсету;
- Абай поэзиясындағы діни-ағартушылық бағытты талдау;
- ақын шығармаларын жалпы сараптама жасай келе, олардың тәрбиелік, ағартушылық мәнін көрсету.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Абай Құнанбайұлының әр жылдары шыққан шығармаларынан діни-ағартушылыққа байланысты терілген мысалдар.
Зерттеудің тәсілдері мен әдістері. Жұмыс барысында салыстырмалы, жүйелеу, талдау, сараптау, пайымдау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- Абай шығармаларындағы діни-ағартушылық сарын жинақталып бірізге түсірілді;
- Абайтану төңірегіндегі, әсіресе діни-ағартушылық бағыттағы шығармаларына қатысты айтылған ой-пікірлер, тұжырымдар тиянақталып, жинақталды;
- Абай шығармаларының тәрбиелік мәні ашыылды.
Жұмыстың әдістанымдық негізі. Дипломдық жұмыс барысында абайтанушы ғалымдардың, атап айтар болсақ, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Л. Фейербах, Ә. Ысқақов, М. Ғабдуллин, Ж. Ысмағұлов, Е. Тілешев, Б. Тазабек, Х. Сүйіншәлиев, Д. Мұхамадиев, К. Құнантаева, І. Халитова, Ғ. Есім, С. Жүнісов, Нысанбаев Ә., М. Орынбеков, Д. Омаров, Қ. Жұбанов, К. Борбасова, С. Әбединова, З. Ахметов, Ұ. Асылов, С. Қирабаев т. б. ғалымдардың ғылыми теориялық пікірлері мен ой-тұжырымдарына сүйендік.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізген ғылыми және практикалық нәтижелері әдебиетану ғылымының ХІХ ғасыр әдебиет, әдебиеттен арнаулы курс, абайтану курсы, діни-ағартушылық әдебиет секілді т. б. салаларында кейбір өзекті мәселелерді айқындауда және олардың теория-практикалық тұрғыдан әрі қарай дамытуға көмегін тигізеді. Сонымен қатар аталмыш зерттеу жұмысы «ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихы», «Абайтану», «Қазақ әдебиетінен арнаулы курс» оқу пәндерінің тәжірибешілік сабақтарында көмекші құрал қызметін атқара алады.
Сонымен қатар студенттердің курстық жұмыстарын жазуда негізгі көмекші сілтеме қызметін атқарумен қатар, мектеп қабырғасында өтілетін қосымша сабақтарда да қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, бөлімдер іштей бөлімшелерден және қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1. Абайдың шығармашылық өмірбаяны
1. 1 Абайдың ақындық тұлғасы
Адам баласының дұрыс өсіп, рухани жетілуіне түрлі себептер әсер етеді. Оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - адамның өзіне тағдырдың берген ата-тегі және оның өскен ортасы болып табылатын сыртқы себептер. Бұлардың болуы адамның өзіне байланысты емес, сондықтан оларды әркім өзбетімен қалауынша өзгерте алмайды. Екіншісі - адамның өзінің жан дүниесінің әсері. Бұл адамның ішкі дүниесі болғандықтан, жетілудің ішкі себебіне жатады. Адамның рухани жетілуі жан дүинесінің әсері болып табылатын оның өзінің ынта-жігері, әсіресе руханиятқа деген көңілі және туғанынан берілген жан қасиеттері. Бұларды адамның жетілу жолындағы барлық адамзат баласына ортақ себептер болады. Адамның жетілу жолын сараптау Абай ілімімен, әсіресе оның отыз сегізінші қарасөзімен үндесіп жатыр. Ақылмен оңай қабылдап, көңілге тез қондыру үшін оларды жүйе арқылы беріледі. Бұл жүйе - барлық жан иелеріне ортақ педагогикалық нұсқа. Сондықтан бұны кім болса да өзінің, не болмаса басқа біреудің өмірін зерттеу үшін қолдана алады.
Абай 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобық-
ты руында дүниеге келді. Шыққан ата-тегі әке жағынан да, шеше жағынан да, өз заманының белді, беделді, ауқатты адамдары болған. Абайдың өз әкесі -Құнанбай, атасы - Өскенбай, арғы атасы - Ырғызбай.
Абайдың әкесі Құнанбай, аталары Өскенбай, Ырғызбай - өз ортасының
ең беделді, бетке ұстар адамдары. Абай - осындай отбасында жарық дүниеге келген тектілердің тұқымы, олардың тәлім-тәрбиесін көріп, өнегелі сөздерін естіп, соны көкірегіне тоқып өскен жан. Оның ұлылығының, тектілігінің негізі, түп қазығы осында жатыр.
Адамның өсіп-жетілуіне әсер ететін сыртқы себептердің бірі - оның
алған тәрбиесі. Баланың тәрбиесіне оның өскен ортасы, қоршаған қоғам ықпал жасайды. Абайдың өскен ортасы болып табылатын қоршаған табиғат, отбасы, туған-туысқандары, жақын-жуық, құрбы-құрдастары, оқыған, білім-тәрбие алған ордасы тағы сол сияқты оның ішкі дүниесінен бөлек жағдайлар келешек өміріне үлкен әсер етті. Абай өскен ортасының барлық жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Бұл жақсы қасиеттер оның ерте есеюіне, айнала өмірде болып жатқан қуаныш пен қайғыны, жақсы мен жаманды жіті қадағалап, ой елегінен өткізуіне, белгілі бір қорытынды жасауына көмектесті. Кемелдену жолында Абай өмірдің сан қилы белестерінен өтті. Ақын өз ойын «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» деген өлеңінде былай дейді:
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Бұл жолдардан Абай албырт жастық шағында ретті жерінде айла-амал-
дарға да барып, ашуға да жол бергенін, ой жетегіне түсе қоймағанын көруге болады. Бірақ ол өзінің табиғи артықшылығы мен ынта-жігерінің арқасында өмір белестеріндегі шырғалаңдарға ұзақ бөгелмей, кемелденудің асқар биігіне көтеріле алған адам. Абай жасынан-ақ салмақты, пысық, әр нәрсеге қызыққыш, еліктегіш, жақсыға үйірсек, естігенін жадында сақтайтын зерек бала болып өседі. Олардың арасында әңгімеге, ән мен жырға шебер шешен-дер мен ақын жыршылар да аз болмайтын. Бала Абай осындай өнерлі адамдардың әңгімесін бар ықыласымен беріле тыңдап, құлағына құйып алатын болған. Өмірінің көпшілігін далада өткізетін көшпелі елдің баласы болғандықтан, Абайға қоршаған табиғаттың әсері де мол болды. Туған жерінің әсем табиғаты сезімтал жастың ақын боп қалыптасуына да елеулі ықпалын тигізген. Абай табиғат, қоғам, адам өмірінің бір-бірімен тығыз байланысын жасынан сезіп өсті. Бұл оның табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, кейінірек шығармаларында халқының сипатын, табиғатын жырға қосса да олардың ерекшеліктерін дөп басып, нағыз шындық бейнесін беруіне мүмкіндік жасады.
Абай он жасқа келгенде әкесі оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Медресе сол кездегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болған. Ол медреседе үш жыл оқиды. Ислам дінінің қағидалары Құран арқылы ғана емес, сонымен бірге сопылық ілімімен де үйлестіріліп отырады. Ал сопылық ілімдер - мұсылман ілімінің шыңы болатын. Абай медреседе сопылар өкілдері Бақырғани, Аллаяр, Ахмет Яссауидың рухани мұрасынан сусындайды, Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Фзули сияқты Шығыс ғұламаларымен танысады. Абайдың рухани кемелденуіне Шығыс мәдениеті-нің әсері осы кезден басталды. Абай арабша кітапты молдан оқып, түрікше аударып бергеннен соң естігенін кітапқа қарамай жатқа айтатын зерек болған. Сондықтан сабақты жадында сақтап, бос уақыттарын кітап оқумен өткізген. Араб, парсы, шағатай тілінде жазылған кітаптарды да еркін оқып, көптеген ақындардың өлең, газелдерін жатқа білген. Медреседе оқыған жылдары Шығыстың рухани байлығын бойына мол сіңірген. Ол өзіне сүйікті ұстаз болған Шығыс ақындарының аруағына былайша сыйынған:
Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
Қожа Хафиз - бу нәммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд.
(«Фзули, Шәмси, Сейхали»)
Абай пір тұтқан осы ақындардың барлығы да дерлік сопы ілімінен нәр алған ғұламалар. Абай Шығыс ғұламаларының рухани биігін түсіне біліп, олардың беретін білімдерін бойына сіңіруге ұмтылған. Сондықтан оларды пір тұтып, жетілу жолында осындай ой саңлақтарының мұрасынан өзіне тірек іздеген.
Ж. Ысмағұлов: «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ңұрын сеуіп қызмет етеді».
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек, қателеспеген болар едік. Ғажайып суреткер, нәзік лирик, көркемсөз шебері, ең алдымен - ойшыл ақын. Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне, әсіресе дінге, Алланың болмысы, имандылық туралы толғаныстарына қатысты. Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. «Абай шығармалары қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді», - деген академик З. Ахметовтың пікірі Абай шығармасына берілген әділ баға. Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады. Адамды сүйіп, адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі-адам, толық адам. Абай армандаған толық адам өнерлі, білімді, еңбекқор, адал, әділ, жылы жүректі, ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек. Ал махаббат пен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю Абай шығармаларының биік мұраты.
1. 2 Абай шығармаларының ғылыми негізі
Абай Құнанбаев қатардағы қарапайым адамдарды дәулетке жету үшін, имандылыққа, адал еңбекке, мал табуға, өзінің нәпсісін жеңуге, ал оған жеткендерді мал табудың соңына түсіп кетпей, одан әрі рухани сатыға көтерілуге, өмірдің одан да жоғары мақсатына - Құдайға сүйіспеншілікке жетуге шақырды. Қазақ халқы үшін Абай ілімі - рухани әлем қоймасының кілті. Сол кілтпен рухани дүниенің қақпасын ашса, көкжиегі шексіз, тереңі түпсіз жауһар әлемге енуге мүмкіндік береді. Ойшылдың рухани мұрасын саралап, оның шығармаларын пәлсапалық мағынасын аша отырып, ойшылдың өмірін жаңаша танып, данышпандылығына көз жеткізуге болады.
Заман өзгеріп, халқымыз егемендік алып, өмірдің енді жаңа жолға салып жатқан дәуірде Абай Құнанбаев мұрасын дұрыс түсініп, оны барынша дұрыс пайдалана білу үшін, данышпанның өміріне де, оның шығармашылы-ғына да жаңаша көзқараспен қарау. Өткен Кеңес заманында данышпан мұрасына түрлі көзқарастар болды. Абай мұрасын зерттеп, оны әрі қарай жалғастырушылар тобы Абай мектебін құрды. Абай мектебін зерттеуді бастаған және оның шәкірттерінің қатарынан орын алған ұлы жазушы М. Әуезов пен абайтанушы ғалым Қ. Мұхамедханов.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz