Көркем шығарма атауларындағы сөздер тіркесімі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6
1 СИНТАКСИСТІК ТІРКЕСІМДІЛІКТІҢ НЕГІЗДЕЛУІ
1.1 Сөз тіркесімділігінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.24
1.2 Сөз тіркесіндегі тіркесімділік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.29
1.3 Тіркесімділік қабілетті тілдік құбылыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.45
2 КӨРКЕМ ШЫҒАРМА АТАУЛАРЫНДАҒЫ СӨЗДЕР ТІРКЕСІМІ
2.1
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46.49
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50.55
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз тәуелсіздік алғалы тіліміздің мәртебесін арттыруда игілікті шаралар көптеп атқарылуда. Бұған тіл білімі саласы зерттеулерінің қосар үлесі өте зор. Әсіресе, соңғы кезде тіл білімінің жаңа салаларына жаппай бет бұрушылық аңғарылуда.
Қазақ тіл білімі үшін жаңаша дүние саналатын лингвистиканың түрлі ілімдерінің көптеп зерттелуі заңды нәрсе. Алайда, қазақ тіл білімінің дәстүрлі тақырыптары да зерттеу нысанынан тыс қалмағаны жөн. Осы орайда жүйелік-құрылымдық тұрғыдағы зерттеулер жалғасын табуды әлі де болса қажет етеді.
Тіл қарым-қатынас құралы. Ойымызды сыртқа шығаруда тіл бірліктері қызмет етеді. Осы бірліктерді тіл заңдылықтарына сәйкес қолдана отырып, сөйлеу әрекетін жүзеге асырамыз.
Тілдік бірліктердің бір-бірімен байланыса отырып сөйлеуді қалыптастыруда тілдегі тіркесімділік заңдылығының орны ерекше. Тілдегі сөздер сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сынды синтаксистік бірліктерді құрау үшін тілдің лексикалық, синтаксистік тіркесімділік ережесіне сүйенеді. Сөз тіркесін құрайтын сыңарлар мағыналық әрі тұлғалық жақтан үйлесуі керек.
Қазақ тілі синтаксисіндегі тіркесімділік мәселесі ғылыми зерттеуді қажет етеді. Тілде қолданылып жүрген сөз тіркесі, тіркес сөздер және т.б. ұғымдарды айырып тану керек. Сондай-ақ тіркесімділік қабілетті тілдік құбылыстардың да аражігін ажыратып қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркестерінің зерттелу тарихы профессор М.Балақаевтың еңбектерінде қаланғаны белгілі. Шынында, М.Балақаевтың сөз тіркесіне арналған ізденістері қазақ тілі тұрмақ, түркі тілдері зерттеулері үшін бастау бұлақ болғандығы анық. Осы ғалым зерттеуінде-ақ сөз тіркестері басыңқы сыңардың сөз табына қатысына қарай есімді және етістікті болып жіктелген болатын. Бүгінгі таңда сөз тіркесі түрлері жекелеген зерттеу нысандарына айналып үлгерді. Десек те, сөз тіркесінің әлі де болса шешілмеген түйіндері баршылық. Екі сыңары да етістік сөз табынан құралған сөз тіркестері жан-жақты қарастырылып, ғылыми айналымға енбеген. Сондықтан етістік+етістік құрылымды сөз тіркестерінің табиғатын ашу дипломдық жұмысымның негізгі арқауы болмақ.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіркесімділік - тіл бірліктерінің өзара байланысын іске асыратын құбылыс. Ол тілдің барлық саласында қызмет етеді. Фонема мен фонеманың, морфема мен морфеманың, сөз бен сөздің байланысу мүмкіндігі тіркесімділік негізінде жүзеге асады. Соның ішінде, синтаксистік тіркесімділік сөздердің лексикалық және грамматикалық жақтан үйлесуі барысында жасалады. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесімділігі мәселесі зертеу нысанына ілінбей жүр.
Тіл жүйесіндегі сөздердің бір-бірімен байланысуы үшін олар мағына жағынан да, тұлғалық жағынан да ыңғайласып жұмсалуы шарт. Қалыптасқан заңдылықтар бойынша сөздердің бір-бірімен тіркесе алу ыңғайына байланысты кез келген тұлғалар бір-біріне жалғана алмайды. Сөздердің тіркесуі олардың құрамындағы сыңарларының семантикалық тұрғыда теңдесіп, бірін-бірі сабақтап тұруы семантикалық тіркесімділік қасиеті шеңберінде іске асса, ал олардың грамматикалық жақтан тіл заңдылығына сай тұлғалануы синтаксистік тіркесімділік аясына жатпақ.
Тілде тіркесімділік ұғымына қатысты валенттілік, дистрибуция, потенция, конфигурация сынды ұғымдар қолданылады. Көптеген ғылыми еңбектерде осы құбылыстардың аражігі ашылмай жүр, тіпті бірінің орнына екіншісі қолданылады. Сондай-ақ сөз тіркесімділігінің түрлеріне де қатысты біржақты тұжырымдар орын алмай жүр.
Қазақ тілі зерттеулерінде етістіктің сөз тіркестерін жасауда жиі жұмсалатындығы айтылуда. Соның ішінде, екі сыңары да етістіктен болған сөз тіркестері зерттеу нысанына ілікпеуі тақырыбымыздың өзектілігін байқатады. Етістік+етістік құрылымды сөз тіркестері жасалуының негізі модельдері, модельдерді құраушы тұлғалар, олардағы мағыналық қатынастар теориялық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Етістік сөздердің сөз тіркесін құраудағы жұмсалу мүмкіндіктерін айқындау оның синтаксистік өрісін кеңейте түсетіні сөзсіз.
Зерттеудің нысаны. Етістік+етістік құрылымды сөз тіркестері.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Синтаксистік тіркесімділік және етістікті сөз тіркестерінің құрылымдық модельдері.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Лингвистический энциклопедический словарь. Гл. ред. В.Н.Ярцева. –Москва: Советская энциклопедия. 1990. -685 с.
2.Кан Е.Н. Действие закона валентности (внутренний и внешний) в разговорной речи (на материале префиксоидных коллоквиальных глаголов)// Семантические вопросы микро- и макросинтаксиса. Отв. ред. Ф.Г.Гагаркина. Хабаровск, 1980. Хабаровский гос. пед. институт. -153 стр.
3.Никитин М.В. Лексическое значение в слове и словосочетании. Владимир: Владимирский гос.пед. институт. 1974. -224 стр.
4.Нұрханов С.О. Тіркесім және оның түрлері. Қазақстан мектебі. 1965. №12. 71-74-беттер.
5.Аблақов Ә., Исаев С, Ағманов Е.. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. –Алматы: Санат, 1997. -319 бет.
6.Қазақ тілі энциклопедиясы. –Алматы: IDK-TIPO. 1998. -509 бет
7.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі тіркесімділіктің кейбір мәселелері. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. -95 бет.
8.Арутюнова Н.Д. О Синтаксической сочетаемости слов в испанском языке. ФН, 1962. №2. 31-40-беттер.
9.Медникова Э.М. Сочетаемость слов и соотношение «норма языка – норма речи» (на материале русского и английского языков). Проблемы сочетаемости слов. Сборник научных трудов. Вып. 145. Московский гос. Педагогический институт иностранных языков им. Мориса Тореза. Отв. ред.Г.Ю.Князева. –Москва, 1979. -144 стр.32-37-стр.
10.Коваленко Ю.В. Основные типы сочетаемости речевых единиц в современном русском языке// Сочетаемость языковых единиц. Сборник статей. Отв. ред.: Е.В.Олесеюк. Ростов на Дону. Изд-во Ростовского университета, 1968. -151 стр.
11.Теньер Л. Основы структурного синтаксиса. –Москва, Прогресс. 1988. -656 стр.
12.Виноградов В.В. Вопросы изучения словосочетаний (на материале русского языка). ВЯ, 1954, №3. стр. 3-24.
13.Новиков Л.А. Учебный словарь сочетаемости слов, его лингвистические основыи структура// Вопросы учебной лексикографии. Сб.статей. Под ред. П.Н. Денисова и Л.А. Новикова. –Москва: Изд-во Московского университета. 1969. -188 стр. 39-53-стр.
14.Котелова Н.З. Значение слова и его сочетаемость (к формализации в языкознании). –Ленинград: Наука, 1975. -164 стр.
15.Смольянинова Е.Н. Основы синтаксической связности (словосочетания). Диссертация на соискане ученой степени доктора филологических наук. –Ленинград, 1982. -393 стр.
16.Гак В.Г. Глагольная сочетаемость и ее отражение в словарях глагольного управления./ Сочетаемость слов и вопросы обучения русскому языку иностранцев. Сб. статей. Под ред. В.В.Морковкина. –Москва: Русский язык. 1984. -168 стр.
17.Райхштейн А.Д. О взаймодействии факторов сочетаемости слов/ Проблемы сочетаемости слов. Сборник научных трудов. Вып. 145. Московский гос. Педагогический институт иностранных языков им. Мориса Тореза. Отв. ред.Г.Ю.Князева. –Москва, 1979. -144 стр. 38-43-стр.
18.Сирота Р.И. Лексико-синтаксическая сочетаемость глаголов движения и глаголов перемещения предмета в пространстве в современном русском языке. Автореферат диссертации на соискане ученой степени кандидата филологических наук. –Москва, 1968. -19 стр.
19.Лобанова Н.А. Синтаксическая сочетаемость возвратных глаголов в современном русском языке. Автореферат диссертации на соискане ученой степени кандидата филологических наук. –Москва, 1966. -17 стр.
20.Тотавар В.С. Обязательная сочетаемость имен прилагательных в современном русском языке. АКД. -Москва, 1977. -25 стр.
21.Адмони В.Г. Завершенность конструкции как явления синтаксической формы. ВЯ.1958.№1. 111-117-стр.
22.Найманова Ч.К. Лингвистический статус валентности и сочетаемости в разносистемных языках (на материале английского, кыргызского и русского языков) АДД. Бишкек, 2006. -49 стр.
23.Кубрякова Е.С. Лексическая и синтаксическая сочетаемость слова и ее отражение в процессах словообразования// Проблемы сочетаемости слов. Сборник научных трудов. Вып. 145. Московский гос. Педагогический институт иностранных языков им. Мориса Тореза. Отв. ред.Г.Ю.Князева. –Москва, 1979. -144 стр.
24.Бертагаев Т.А. Сочетания слов и современная терминология (на материале монгольского и бурятского литературного языков). –Москва: Наука, 1971. -152 стр.
25.Нұрханов С. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір жаңа сөз тіркестері жайында. Қазақстан мектебі. 1963. №3.
26.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1966. -341 бет.
27.Балакаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казахском языке. Алма-Ата, 1957. -123 стр.
28.Балакаев М.Б. Современный казахский язык. Синтаксис словосочетания и простого предложения. –Алма-Ата, Изд. АН Каз ССР, 1959, -235 стр.
29.Қордабаев Т.Р. Тілдің структуралық элементтері. –Алматы, 1975. -109 бет.
30.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі тіркесімділіктің кейбір мәселелері. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. -95 бет.
31.Р.Амиров. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. –Алматы: Наука, 1972. -180 стр.
32.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы: Рауан,1991.-216 бет.
33.Исаев С. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. –Алматы: Мектеп, 1973. -195 бет.
34.Сайрамбев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. –Алматы: Мектеп, 1981. -202 бет.
35.Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. –Алматы, 1987. -272 бет.
36.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. –Алматы, Санат, 1998, -192 бет.
37.Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы: Санат, 2003. -240 бет.
38.Телия В.Н. Семантический аспект сочетаемости слов и фразеологическая сочетаемость// Принципы и методы семантических исследований. Отв. ред. В.Н.Ярцева. –Москва: Наука, 1976.
39.Аханов К.Тіл білімінің негіздері. –Алматы, 2002. -664 бет.
40.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. –Алматы, 1940. -153 бет.
41.Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологияық сөздігі. Алматы, 1977
42.Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис. –Алматы: 1953, -220 бет.
43.Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1954. -270 бет.
44.Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологяисы. –Алматы: Мектеп, 1988. -146 бет.
45.Қожахетова Х. Мұстафин шығармаларындағы фразеологиялық оралымдар. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация –Алматы, 1972, -227 бет.
46.Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер қатарының грамматикалық құрамы мен құрылымы туралы. –Алматы: Ғылым, 1998. -196 бет.
47. Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты.ДД, 1997. -260 бет.
48.Сарбасова Қ.Б. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация –Алматы, 1999, -114 бет.
49.Мамаева М. Фразеологизмді сөз тіркестері. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация, Алматы, 2004. 127 бет.
50.Смағұлова Г. Қазақ фразеологиясының терминдері жайлы// ҚазҰУ хабаршысы, филология сериясы, 2002. №9(60), 11-14-беттер.
51.Молотков А.И. Фразологический словарь русского языка. Москва, 1978. -543 стр.
52.Байтелиев А., Бодықова А. Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы мен паремиологиясы және аударма. –Алматы: Қазақстан, 1997. -257 бет.
53.Виноградов В.В. Русский язык. 2 изд. –Москва: Наука, 1972. -614 стр.
54.Бабайцева В.Б. Русский язык. Синтаксис и пунктуация. –Москва: Наука, 1979, -269 стр.
55.Фоменко Ю.В. Русский язык. - Москва: Наука, 1978. -156 стр.
56.Моисеев А.И. Русский язык. –Москва: Наука, 1988. -149 стр.
57.Ильясова Н.Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен даму үрдісі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация –Алматы, 2003, -123 бет.
58.Рысбай Б.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шектеулі тіркестер. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация –Алматы, 1998, -152 бет.
59.Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка. –Москва-Ленинград, Изд-во АН СССР. 1950. -305 стр.
60.Баскаков Н.А. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. –М: Изд АНН СССР, 1961, - стр.
61.Баскаков А.Н. Словосочетания в современном турецком языке. –М: Наука, 1974. –185 стр.
62.Закиев М.З. Синтаксический строй татарского языка. Издательство Казанского университета, 1963. -464 с.
63.Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы А: Ана тілі, 1992. –448 бет.
64.Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы Синтаксис. -: Қазмембас, 1939. –213 бет.
65.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. –Алматы, 1940. -153 бет.
66.Балақаев М. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі, 1971.-Алматы:
67.Камынина А.А. О подчинительных связях слов в простом предложении. Изд-во Московского университета, 1970. -44 стр.
68.Брагина Н.Г. Метаязыковая функция сочемаемости русского слова в общелингвистическом и прикладном рассмотрении. Диссертация на соискане ученой степени кандидата филологических наук. –Москва: 1991. -144 стр.
69.Газизова Р.Ф. Синтактика частей речи. –Уфа, Башкирский государственный университет им. 40-летия октября. 1984. -85 стр.
70.Попова Н.П. Историческое развитие словосочетаний с зависимым инфинитивом (на материале памятников письменности 11-17 вв.). АКД. –Новосибирск, 1965. -21 стр.
71.Ермоленко И.Н. Глагольные словосочетания с наречными предлогами в современном русском литературном языке. АКД–Москва, 1956. -15 стр.
72.Голуб И.Б. Стилистика русского языка. –Москва: Айрис Пресс. 2004. -148 с.
73.Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы. ІІ бөлім.Синтаксис. –Алматы, Қазақстан мемлекеттік оқу-педагогика баспасы. –Алматы, 1953. -160 бет.
74.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы: Рауан,1991.-216 бет.
75.Құрманова Н.Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің жүйелік құрылымдық сипаты және оны талдау жолдары. –Алматы, 2001. -70 бет.
76.Сыздықова Г.О. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 2006. №4 (94).
77.Болатов Ж. Есімшелердің синтаксистік қызметі. Халық мұғалімі. –Алматы: 1956, №6.
78.Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы: Қазақ университеті, 2003. -192 бет.
79.Салқынбай А.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі –у тұлғалы қимыл есімінің семантикасы мен функциясы. Филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. –Алматы, 1991. -169 бет.
80.Зуева Н.Ю. Окказиональная лексическая сочетаемость в ее отношении к языку и речи (На материале произведений Л.Леонова). Диссертация на соискане ученой степени кандидата фил. Наук. –Алма-ата, 1990. -189 с.
81.Қарағойшиева Д.А. Етістіктердің семантикалық және синтаксистік валенттілігі. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. –Алматы, 2005.
82.Кацнельсон С.Д. О грамматической категории. Вестник Ленинградского университета. Ленинград, 1948, №2.
83.Локштанова Л.М. О валентности глагола в современных лингистических исследованиях. ИЯШ, 1971. №1.
84.Степанова М.Д. Проблемы теории валентности в современной лингвистике. ИЯШ, 1973. №6.
85.Степанова М.Д. Валентность существительных и «потенциальные слова» (на материале немецкого языка) // Проблемы сочетаемости слов. Сборник научных трудов. Вып. 145. Московский гос. Педагогический институт иностранных языков им. Мориса Тореза. Отв. ред.Г.Ю.Князева. –Москва, 1979. -144 стр.
86.Степанова М.Д. О «внешней» и «внутренней» валентности слова. ИЯШ, 1967. №3.
87.Теньер Л. Основы структурного синтаксиса. –Москва, Прогресс. 1988. -656 стр.
88.Абрамов Б.А. Синтаксические потенции глагола (в сопоставлении с потенциями других частей речи). ФН, 1966, №3. 34-44-стр.
89.Зиндер Л.Р. О лингвистической вероятности. ВЯ, 1958, №2
90.Олшанский И.Г. Сочетаемость слова как проблема лексикологии и лексикографии// Вопросы учебной лексикографии. Сб.ст. Под. ред.П.Н.Денисова и др. –Москва: Изд. Московского университета. 1969. -188 стр. 53-72-стр.
91.Локштанова Л.М. О валентности глагола в современных лингистических исследованиях. ИЯШ, 1971. №1.
92.Засорина Л.Н., Берков В.П. Понятия валентности в языке. Вестник Ленинградского университета. Серия истории, языка и литературы. 1961. №8. 133-139-стр.
93.Адмони В.Г. Грамматический строй как система построения и общая теория грамматики. –Ленинград: Наука, 1988. -240 стр.
94.Есемкулов Б.Н. Синтагматические отношения глагольных полисемантов и их текстовая реализация. Диссертация на соискане ученой степени кандидата филологических наук. Санкт-Петербург, 1995. -154 стр.
95.Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. –Москва: 1969, -608 стр.
96.Словарь иностранных слов. –Москва: Русский язык. 1979. -624 стр.
97.Қарағойшиева Д.А. Етістіктердің семантикалық және синтаксистік валенттілігі. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. –Алматы, 2005.
98.Тулина Т.А. Функциональная типология словосочетаний. Киев: Вища школа, 1976. -176 стр.
99.Елшанова М.Д. О валентности и сочетаемости глагола voir в современном французском языке// Семантические вопросы микро- и макросинтаксиса. –Хабараовск, 1980. -51-55-стр.
100. Салқынбай А.Б., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы, 1998. -304 бет.
101.Әлиева М.Б. Басыңқы сыңардағы есімдіктің валенттілігі. Фил.ғыл.канд.... дисс. –Алматы: 2000. -150 бет.
102.Саевич С.Т. Локативно-валентные глаголы в системе средств выражения пространственных отношений. Диссертация на соискане ученой степени кандидата филологических наук. –Ленинград, 1986. -164 стр.
103.Морковкин В.В. Семантика и сочетаемость слова./ Сочетаемость слов и вопросы обучения русскому языку иностранцев. Сб. статей. Под ред. В.В.Морковкина. –Москва: Русский язык. 1984. -168 стр. 5-15-стр.
104.Чеснокова Л.Д. Классификация слов на основании их пассивной сочетаемости. // Сочетаемость языковых единиц. Сборник статей. Отв. ред.: Е.В.Олесеюк. Ростов на Дону. Изд-во Ростовского университета, 1968. -151 стр. 82-110-стр.
105.Мразек Р.Синтаксическая дистрибуция глаголов и их классы. ВЯ, 1964. №3.
106.Навозова Л.М. Закономерности точечной сочетаемости и дистрибуции грамматических и лексико-грамматических категорий в современном русском языке. АКД. Томск, 1969. -26 стр.
107.Большая советская энциклопедия. -Москва: Наука, 1978. -579 стр.
108.Молошная Т.Н. Вопросы различения омонимов при машинном переводе с английского языка на русский// Проблемы кибернетики. Сб.ст. Под ред. А.А.Ляпуновой. Выпуск 1. –Москва: Гос. изд-во физико-математической литературы. 1958. -268 стр.
109.Чейф У.Л. Значение и структура языка. –Москва: Едиториал УРСС, 2003, -424 стр.
110.Кулагина О.С. Составление при помощи машины алгоритма анализа текста/ Доклады на конференции по обработке информации, машинному переводу и автоматическому чтению текста. Выпуск 9. –Москва: 1961. -14 стр.
111.Холодович А.А:Опыт теории подклассов слов.ВЯ, 1960. №1. 32-43-стр.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Аңдатпа
Тілдік бірліктердің бір-бірімен байланыса отырып сөйлеуді
қалыптастыруда тілдегі тіркесімділік заңдылығының орны ерекше. Тілдегі
сөздер сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сыңды синтаксистік бірліктерді құрау үшін
тілдің лексикалық, синтаксистік тіркесімділік ережесіне сүйенеді. Сөз
тіркесін құрайтын сыңарлар мағыналық әрі тұлғалық жақтан үйлесуі керек.
Бүгінгі таңда сөз тіркесі түрлері жекелеген зерттеу нысандарына айнадып
үлгерді. Десек те, сөз тіркесінің әлі де болса шешілмеген түйіндері
баршылық. Екі сыңары да етістік сөз тобынан құралған сөз тіркестері жан-
жақты қарастырылып, ғылыми айналымға енбеген. Сондықтан сөз тіркесінің
табиғатын ашу дипломдық жұмыстың негізгі арқауы болды.

Аннотация
В формирование речи, связов друг с другом языковые единицы, имеет
очень важное значение. Слова в языке чтобы составить синтаксические единицы
как словосочетание, предложение, текст, опираются на лексические,
синтаксические правила и закону сочетаемости. Пары слов, которые образуют
словосочетание должны соответствовать как по значению, так и по строению.
На сегодняшний день виды словосочетаний являются отдельными объектами
исследования, но в месте с тем есть и нерешенные стороны словосочетаний.
Словосочетания, пара которых состоит из глагола была рассмотрена и не вошла
в научные круги. Поэтому раскрыть сущность словосочетаний является основной
целью дипломной работы.

Annotation
In the formation of speech, communication with each other linguistic
units, is very important. The words in the language to form syntactic units
as phrase, sentence, text, based on the lexical, syntactic rules and the
law of compatibility. Pairs of words that form the phrase must comply with
both the value, as well as the structure. To date, types of phrases are
separate objects of study, but in place so there are unresolved by phrases.
Phrases, a couple consisting of a verb has been reviewed and was not
included in the scientific community. Therefore, to reveal the essence of
combinations is the main purpose of degree work.

мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6
1 Синтаксистік тіркесімділіктің негізделуі
1.1 Сөз тіркесімділігінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 7-24
1.2 Сөз тіркесіндегі тіркесімділік
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-29
1.3 Тіркесімділік қабілетті тілдік
құбылыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..30-45
2 КӨРКЕМ ШЫҒАРМА АТАУЛАРЫНДАҒЫ СӨЗДЕР ТІРКЕСІМІ
2.1
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..46-49
Пайдаланылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 50-55

1

2 КІРІСПЕ

3 Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз тәуелсіздік алғалы тіліміздің
мәртебесін арттыруда игілікті шаралар көптеп атқарылуда. Бұған тіл
білімі саласы зерттеулерінің қосар үлесі өте зор. Әсіресе,
соңғы кезде тіл білімінің жаңа салаларына жаппай бет бұрушылық
аңғарылуда.

Қазақ тіл білімі үшін жаңаша дүние саналатын лингвистиканың түрлі
ілімдерінің көптеп зерттелуі заңды нәрсе. Алайда, қазақ тіл білімінің
дәстүрлі тақырыптары да зерттеу нысанынан тыс қалмағаны жөн. Осы орайда
жүйелік-құрылымдық тұрғыдағы зерттеулер жалғасын табуды әлі де болса қажет
етеді.
Тіл қарым-қатынас құралы. Ойымызды сыртқа шығаруда тіл бірліктері
қызмет етеді. Осы бірліктерді тіл заңдылықтарына сәйкес қолдана отырып,
сөйлеу әрекетін жүзеге асырамыз.
Тілдік бірліктердің бір-бірімен байланыса отырып сөйлеуді
қалыптастыруда тілдегі тіркесімділік заңдылығының орны ерекше. Тілдегі
сөздер сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сынды синтаксистік бірліктерді құрау үшін
тілдің лексикалық, синтаксистік тіркесімділік ережесіне сүйенеді. Сөз
тіркесін құрайтын сыңарлар мағыналық әрі тұлғалық жақтан үйлесуі керек.
Қазақ тілі синтаксисіндегі тіркесімділік мәселесі ғылыми зерттеуді
қажет етеді. Тілде қолданылып жүрген сөз тіркесі, тіркес сөздер және т.б.
ұғымдарды айырып тану керек. Сондай-ақ тіркесімділік қабілетті тілдік
құбылыстардың да аражігін ажыратып қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркестерінің зерттелу тарихы профессор
М.Балақаевтың еңбектерінде қаланғаны белгілі. Шынында, М.Балақаевтың сөз
тіркесіне арналған ізденістері қазақ тілі тұрмақ, түркі тілдері зерттеулері
үшін бастау бұлақ болғандығы анық. Осы ғалым зерттеуінде-ақ сөз тіркестері
басыңқы сыңардың сөз табына қатысына қарай есімді және етістікті болып
жіктелген болатын. Бүгінгі таңда сөз тіркесі түрлері жекелеген зерттеу
нысандарына айналып үлгерді. Десек те, сөз тіркесінің әлі де болса
шешілмеген түйіндері баршылық. Екі сыңары да етістік сөз табынан құралған
сөз тіркестері жан-жақты қарастырылып, ғылыми айналымға енбеген. Сондықтан
етістік+етістік құрылымды сөз тіркестерінің табиғатын ашу дипломдық
жұмысымның негізгі арқауы болмақ.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіркесімділік - тіл бірліктерінің өзара
байланысын іске асыратын құбылыс. Ол тілдің барлық саласында қызмет етеді.
Фонема мен фонеманың, морфема мен морфеманың, сөз бен сөздің байланысу
мүмкіндігі тіркесімділік негізінде жүзеге асады. Соның ішінде, синтаксистік
тіркесімділік сөздердің лексикалық және грамматикалық жақтан үйлесуі
барысында жасалады. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесімділігі мәселесі зертеу
нысанына ілінбей жүр.
Тіл жүйесіндегі сөздердің бір-бірімен байланысуы үшін олар мағына
жағынан да, тұлғалық жағынан да ыңғайласып жұмсалуы шарт. Қалыптасқан
заңдылықтар бойынша сөздердің бір-бірімен тіркесе алу ыңғайына байланысты
кез келген тұлғалар бір-біріне жалғана алмайды. Сөздердің тіркесуі олардың
құрамындағы сыңарларының семантикалық тұрғыда теңдесіп, бірін-бірі сабақтап
тұруы семантикалық тіркесімділік қасиеті шеңберінде іске асса, ал олардың
грамматикалық жақтан тіл заңдылығына сай тұлғалануы синтаксистік
тіркесімділік аясына жатпақ.
Тілде тіркесімділік ұғымына қатысты валенттілік, дистрибуция,
потенция, конфигурация сынды ұғымдар қолданылады. Көптеген ғылыми
еңбектерде осы құбылыстардың аражігі ашылмай жүр, тіпті бірінің орнына
екіншісі қолданылады. Сондай-ақ сөз тіркесімділігінің түрлеріне де қатысты
біржақты тұжырымдар орын алмай жүр.
Қазақ тілі зерттеулерінде етістіктің сөз тіркестерін жасауда жиі
жұмсалатындығы айтылуда. Соның ішінде, екі сыңары да етістіктен болған сөз
тіркестері зерттеу нысанына ілікпеуі тақырыбымыздың өзектілігін байқатады.
Етістік+етістік құрылымды сөз тіркестері жасалуының негізі модельдері,
модельдерді құраушы тұлғалар, олардағы мағыналық қатынастар теориялық
тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Етістік сөздердің сөз тіркесін құраудағы
жұмсалу мүмкіндіктерін айқындау оның синтаксистік өрісін кеңейте түсетіні
сөзсіз.
Зерттеудің нысаны. Етістік+етістік құрылымды сөз тіркестері.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Синтаксистік тіркесімділік және
етістікті сөз тіркестерінің құрылымдық модельдері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты
– қазақ тіліндегі етістік пен етістік құрылымды сөз тіркестерінің алатын
орнын, етістік пен етістік құрылымдардың негізгі модельдерін анықтау,
жасалу жолдары мен мағыналық топтарын ажырату.
Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылды:
- тіркесімділік қабілетті құбылыстардың мәнін ашу, олардың аражігін
ажырату;
- сөз тіркесімділігі түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын нақтылау;
- етістіктерден болған сөз тіркестерінің қазақ тілі синтаксисінен алатын
орнын анықтау үшін етістікті сөз тіркестері жөніндегі деректерді
жинақтау, сараптау, жүйелеу;
- қабыса байланысқан көсемше+етістік құрылымды сөз тіркестерінің негізгі
модельдерін анықтау, мағыналық топтарын ажырату;
- жанаса байланысқан көсемше+етістік құрылымды сөз тіркестерінің негізгі
модельдерін анықтау, мағыналық топтарын ажырату;
- меңгеріле байланысқан етістік+етістік құрылымды сөз тіркестерінің сипатын
анықтау.
- түркі тілдеріндегі көсемше, есімше тұлғаларының қызметін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Дипломдық жұмыста алғаш рет
қазақ тілі синтаксисіндегі етістік пен етістік құрылымды сөз тіркестері
құрылымдық тұрғыдан жүйеленіп зерттелді. Соның нәтижесінде мынадай
мәселелер ғылыми тұрғыдан жаңа шешімін тапты:
- сөз тіркесімділігі мәселесінің тіл білімінде зерттелу деңгейі белгілі
болды;
- қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесімділігі, сөз тіркесі, тіркес сөздердің
аражігі ашылды;
- тіркесімділік қабілетті құбылыстардың аражігі анықталды;
- екі сыңары да етістіктен болған сөз тіркестерінің табиғаты тұңғыш рет
қарастырылды;
- етістік+етістік құрылымды сөз тіркестерінің негізгі модельдері анықталды;
- қабыса және жанаса байланысқан етістік+етістік құрылымды сөз тіркестеріне
қатысты шашыраңқы мәселелер шешімін тауып, олардың жасалу жолдары
анықталды;
- меңгеріле байланысқан етістік+етістік құрылымды сөз тіркестерінің
табиғатын ашу.
Аталған тұжырымдарды қорытындылай келе, қазіргі қазақ тілінде тұңғыш
рет етістіктерден болған сөз тіркестерінің табиғаты толық тұжырымдалып,
олардың өзіндік ерекшеліктері, тұлғалық, мағыналық қырлары, жасалу жолдары,
байланысу формалары айқындалды.
Зерттеу материалдары. Дипломдық жұмыста түркітанушылар Е.И.Убрятова,
Г.А.Абдурахманов, Ю.Д.Джанмавов, Н.А.Баскаков, А.Турсунов, Н.З.Гаджиева,
А.Н.Дыренкова, Н.К.Дмитриев, А.А.Юлдашев, А.Н.Кононов, М.Томанов,
М.З.Закиев, А.Н.Кононов ғалымдардың, қазақ тіл білімі еңбектерінің ішінде
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев,
Т.Қордабаев, Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев,
Б.Сағындықұлы, Б.Шалабай, Г.Смағұлова, Б.Момынова, А.Салқынбай,
Д.Әлкебаева, С.Нұрханов, М.Оразов, Н.Құрманова сынды ғалымдардың, орыс тіл
білімінде С.Кацнельсон, Л.Теньер, Ю.Коваленко, Н.Котелова, И.Олшанский,
Л.Чеснокова, В.Адмони, Н.Брагина, Н.Филичева, Е.Кубрякова, Л.Локштанова,
М.Степанова, В.Бахтина, Г.Золотова, Т.Тулина, А.Камынина, Б.Абрамов,
Н.Арутюнова, Т.Молошная, О.Кулагина, А.Холодович, Л.Чеснокова, Л.Навозова,
В.Гак, Г.Король, Т.Зотова, В.Телия, Ю.Апресян т.б. ғалымдар зерттеулерінің
бағыт-бағдар беру ретінде маңызы жоғары болды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеудің негізгі
нәтижелері қазақ тілі синтаксисін толықтыра түсіп, осы бағыттағы ғылыми
зерттеулердің жүргізілуіне көмек бере алады. Зерттеу жұмысы қазақ тілі
синтаксисінің маңызды теориялық мәселелерін шешуге ықпал етеді.
Етістіктерден болған сөз тіркестері жөніндегі сабақтарға пайдалануға
болады. Сонымен бірге жоғары оқу орындарында синтаксис пәндерінің
дәрістік, практикалық сабақтарында қолдануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста ғылыми сипаттама әдісі,
дәстүрлі құрылымдық-мағыналық талдау, салыстырмалы әдіс, пікірлерді қорыту
әдісі қолданылды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының
әдіснамалық және теориялық негізі ретінде қазақ тіл білімі, орыс тіл
білімі, шет тілдері, түркі тіл біліміндегі синтаксистік жүйеге қатысты
тұжырымдар, соңғы ғылыми зерттеулерде кездесетін пайымдаулар басшылыққа
алынды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- сөз тіркесімділігі сөз тіркесіне қарағанда кең ұғым, оның құрамына
тұрақты тіркестер, түйдекті тіркестер, тіркес сөздер енеді;
- тіркесімділік, валенттілік, дистрибуция, конфигурация ұғымдары бір емес,
әрқайсысы өз алдына жеке құбылыс, оларға ортақ тән қасиет –
тіркесімділік;
- етістік пен етістік құрылымды сөз тіркестері бір-бірімен қабыса, жанаса
және меңгеріле байланысады;
- қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері көсемше+етістік,
есімше+етістік, шартты рай+етістік құрылымды болып келеді;
- жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестері көсемше+көмекші сөз+етістік,
есімше+көмекші сөз+етістік, қимыл есімі+көмекші сөз+етістік құрылымды
болып келеді;
- меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестеріне есімше, қимыл есімі
қатысады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Дипломда етістік пен етістік құрылымды
сөз тіркестерінің сипатын ашу үшін пайдаланылған тілдік деректер Абай,
Шәкәрім, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Майлин, І.Есенберлин, Ғ.Мүсірепов,
Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, Ә.Нұрпейісов, М.Мағауин,
З.Шашкин, О.Шипин, т.б. қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының
шығармаларынан, І.Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен,
және Жұлдыз, Жалын, Қазақ әдебиеті т.б. сияқты республикалық мерзімді
баспасөз беттерінен алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жүмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Синтаксистік тіркесімділіктің негізделуі
1. Сөз тіркесімділігінің теориялық негіздері

Тіл – қатынас құралы. Тілдік қатынас жасау тіл бірліктерінің бір-
бірімен тіркесуін, жалғасуын талап етеді. Фонема мен фонема, морфема мен
морфема, лексема мен лексеманың тіркесуі заңды. Бұл заңдылық іске аспай,
тіл қарым-қатынас қажетін өтей алмайтындығы айдан анық. Тілдік бірліктердің
бір-бірімен тіркесуі, селбесуі олардың өз бойындағы белгілі қасиеттерге
негізделетіні сөзсіз. Сол себепті, тіл бөлшектерінің басын құрап, оларды
бір-бірімен тіркестіріп тұратын ерекше қабілеті – олардың тіркесімділігі.
Тіркесімділік тіл салаларына терең тамыр жайған. Тіл білімі ілімі
тәжірибесінде аталмыш құбылыстың тілдің бар қабатынан орын алатындығы жайлы
ғылыми пікірлер орын алған.
Орыс тілінің лингвистикалық энциклопедиялық сөздігінде тіркесімділік
ұғымы тілдің барлық саласына тән екендігі айтылады, яғни фонетикалық,
морфологиялық, синтаксистік құбылыс ретінде қарастырылады [1,483].
Тіркесімділіктің тілдің барлық саласына қатыстылығын зерттеуші Е.Н.Канн
да сөз етеді, ол кез келген сөйлеу әрекеті тіл бірліктерінің (фонема,
морфема, сөз) бірігуінен, тіркесуінен жасалады дейді [2,65], ғалым
М.В.Никитин болса всякое синтагматическое соединение значимых единиц
любого уровня есть сочетание, и всякое синтаксическое соединение слов есть
сложное выражение [3,93] деген ой білдіреді. Әр деңгейдегі тіл
бірліктерінің өзара байланысып жұмсалуынан тілдің қызметтік мүмкіндігі іске
аспақ.
Тіркесімділіктің тілдің салаларына қатыстылығын қазақ тілі ғылыми
тұжырымдар да құптайды.
Қазақ тіл біліміне тіркесім терминін алғаш енгізген ғалым С.Нұрханов
болатын. Ол тіркесімнің ең кемі тілдік екі элементтен құралатын тілдік ең
кіші контекст (фон) болып табылатындығын, ол тек сөзге ғана тән қасиет
емес, сонымен бірге фонема мен морфеманың да басты қасиеттерінің бірі,
тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік қабаттарының (ярус)
барлығының да негізінде жататын құбылыс екендігін айтады. Ғалым пікірінше,
тіркесім тілдік единицалар (фонема, морфема, лексема) бойындағы мүмкіндік,
тума қасиет [4,71].
Ғалым пікірі профессор Ә.Аблақов бастаған зерттеушілер тарапынан қолдау
тапты. Тіркесімділік тілдің барлық қабаттарында да болып отырады, яғни ол
тек сөзге ғана тән қасиет емес, сонымен бірге фонема мен фонеманың, морфема
мен морфеманың қосақталып, тіркесіп, сөз құрауы тілдік қабаттағы
единицалардың тіркесімділік қасиетіне негізделеді [5,20].
Тіркесімділік ұғымы қазақ тілінің энциклопедиясында осы ыңғайда
сипатталады. Тіркесім, валенттілік – тілдік бірліктердің (фонема, морфема,
лексема) ең кіші фон-текст құрайтын конструктивтік қасиеті. Тілдік ең кіші
фон-текст кем дегенде екі элементтен тұрады және тілдің әр қабатында әр
түрлі болады: фонологиялық қабат үшін – морфема (фонемалардың қосылысы),
морфологиялық қабат үшін – лексема (морфемалардың қосылысы), синтаксистік
қабат үшін – синтаксема (лексемалардың қосылысы) [6,57].
Тіркесімділіктің тілдің барлық саласына қатысы барлығын ғалым
Т.Сайрамбаев та мойындайды. ...тіркесімділіктің негізгі мәні кемінде екі
элемент (фонетикалық жағынан), екі сөзден, екі сөйлемнен, түбінде екі
элементтен тұрып, соның негізінде тілдің әр саласынан орын алатын тілдік
категориялар болып табылады [7,5].
Ғылыми пайымдаулар аңғартқандай, тіл біліміндегі тіркесімділік мәселесі
дыбыс жүйесінен бастап синтаксис деңгейіне дейін қызмет етеді. Тілде дыбыс
пен дыбыс, түбір мен түбір, түбір мен қосымша, сөз бен сөз, сөйлем мен
сөйлемнің өзара үйлесім тауып, тілдің бір белгілі бірлігі ретінде қызмет
етуі тіркесімділіктің негізінде жүзеге асады.
Фонетикада фонемалар, морфологияда морфемалар, синтаксисте сөз таптары
тіркесімділік негізінде іске асады. Сөйтіп, дыбыстық жүйе, сөз құрылымы,
сөздердің байланысы сынды мол өрісті қамтитын тіркесімділіктің атқарар
қызметі мол. Фонетика қабатында дыбыстар, морфологияда түбірлер, түбір мен
қосымша, синтаксисте сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем тіркесімділік қасиеті
негізінде өзара тіркеседі. Тіркесімділік тілдің бар қабатына тамыр жайып,
желі болып тартылып жатыр. Ендеше, бұл ұғымның жалпы тіл жүйесінде атқарар
қызметі мен маңызының мол екендігіне дау жоқ.
Тіркесімділік ұғымы - тіл білімінің барлық қабатын қамтитын құбылыс
дедік. Оның тіл салаларындағы жеке қырлары өз дәрежесі мен деңгейінде терең
зерттелінген уақытта ғана ашылмақ. Тіл жүйесін құрайтын күрделі салалардағы
бірліктер өз деңгейлеріндегі тіркесімділік заңдылығына сүйенеді. Сөйтіп,
тілдің жүйелі жүйесін құрайды. Ендеше, тілдің өне бойына тамыр жайған
тіркесімділік құбылысы күрделі де ауқымды мәселе қатарларынан орын алмақ.
Тұтастай тілдің алуан түрлі салаларына қызмет көрсетуі бұл құбылыстың
көтерер жүгінің де осал еместігін аңғартса керек.
Тіркесімділік тілдің қатынас құралы ретінде өмір сүруіне қызмет етеді.
Кез келген тілдік бірліктің бойында тіркесімділік қасиеті болады.
Әйтпегенде жалпы тілдің қызметі іске аспайды. Тілдегі бірлік атаулы
тіркесімділік қасиетіне негізделеді.
Біздің зерттеуіміздегі тіркесімділік - сөз бен сөздің тіркесімділігі.
Сөз тіркесімділігі мәселесі орыс тіл біл білімінде айтарлықтай
қарастырылса, қазақ тілінде әлі де болса, бұл мәселенің түбегейлі шешілмей
отырғандығы аңғарылады. Аталмыш мәселе бірен-саран мақала көлеміндегі
тұжырымдар, кейбір сөздіктерде берілген анықтамалармен және санаулы ғылыми
зерттеулердегі тараушалармен шектеліп жүр.
Белгілі зерттеуші Ф.де Соссюр кезінде синтагматикалық немесе тізбекті
қатынас деп атаған сөз тіркесімділігі бүгінгі күні де синтаксистің негізгі
аспектісі болып отыр. Одан кейін бұл мәселе көптеген тілшілер тарапынан
зерттеуге алынды. Мәселен, америкалық дескрептивтік мектептің негізгі
бағыты тілдік элементтің барлық ықтимал позицияларының санын бейнелейтін
дистрибуция ілімі болды [8,31].
Сөз тіркесімділігі өткен ғасырдың соңғы ширегінде шетелдік және орыс
тіл білімі зерттеушілерінің басты назарында болды. Бұл салада Ю.Д.Апресян,
В.Г.Гак, Г.А.Золотова, М.М.Копыленко, Н.З.Котелова, И.А.Мельчук,
В.В.Морковкин және т.б. көптеген ғалымдар еңбектенді. Аталмыш мәселе
аталған ғалымдар тарапынан ұсынылған тұжырымдардың өзінде біркелкі емес.
Орыс тіл білімінде тіркесімділік ұғымын ғалым Л.В.Щербаның енгізіп,
одан кейін В.В.Виноградовтың семантикалық сәйкесім (семантическая
совместимость) ұғымымен дамытылғандығы айтылып жүр. Бұл атаулар кейін келе
ғалымдар тарапынан түрліше аталымдарға ие болған: смысловая совместимость
(В.Г.Вилюман), семантическая конгруэнтность (Ш.Балли, Э.Лейзи),
семантическое соглосование (Е.И.Шендельс, Л.Вундхаймеры, А.Греймас),
семантическая избирательность (Б.А.Абрамов), т.б. [9,34-35].
Ю.В.Коваленко тіркесімділіксіз тіл бірліктерінің өмір сүру мүмкіндігін
жоққа шығарады. Сочетаемость можно назвать органическим, релевантным и
постоянным свойством языковых единиц. Без этого свойства любой элемент
системы языка представлял бы собою мельчайший сгусток логико-смысловой
абстракции, изолированный и оторванный от основной функции языка – служить
средством общения [10,72].
Француз ғалымы Л.Теньер үшін синтаксистегі сөз тіркесімділігі күрделі
мәселе. Синтаксическая связь необходима для выражения мысли. Без нее не
могли бы передать никакого связного содержания. Наша речь была бы простой
последовательностью изолированных образов и идей, ничем не связанных друг с
другом. Именно синтаксическая связь делает предложение живым организмом, и
именно в ней заключена его жизненная сила деген ойының салмағы бар
[11,250].
Ғалым В.В.Виноградов сөздердің бір-бірімен тіркесуі олардың қандай сөз
таптарына жататындығымен және олардың лексикалық мағыналарымен де
байланысты болып келетіндігін айтады [12,8-17]. Сөз бен сөздің тіркесе алу
мүмкіндігі, шынында, олардың мағыналық жақтан сәйкестігі мен олардың қандай
сөз табына қатыстылығына байланысты. Ал контекстен тыс алынған сөз белгісіз
ақпаратқа ие болып, потенционалды ғана мағынаны білдіреді. Ол тек мағынасы
кең ашылатын және басқа сөздердің де мағыналары актуалданатын контекст
ішінде ғана нақты мәні жүзеге асады [13,43].
Зерттеуші Н.З.Котелова аталмыш ұғымды кең көлемде түсіне отырып, сөз
тіркесімділігін оның синтагматикалық заңдылығымен ұштастырады.
Сочетаемость слова – это совокупность его синтагматических потенций,
принадлежность которых слову характеризует его как определенное свойство,
иначе говоря – это набор и условия реализации распространителей слова,
парадигматика его синтагматических свойств, его связеизменение [14,48-54].
Сөз тіркесімділігі мәселесін сөз таптары ыңғайында қарастырған ғалым
Е.Н.Смольянинова болды. Сөз таптары лексикалық, морфологиялық және
синтаксистік белгілері жинақтала үйлесім табады. Сөз таптары лексикалық,
морфологиялық, сөзжасамдық потенциалдары негізінде бірігіп, жаңа мазмұн мен
формаға ие құрылымдық-семантикалық бірлік құрайды [15,35-44].
Сөз бен сөздің тіркесуіне олардағы мағына үйлесімділігі негіз болса,
сол үйлескен мағыналық бірлестік грамматикалық жақтан да тіркесімділік
заңдылығына сәйкес тұлғаланады.
Етістік сөз табының тіркесімділік қабілеті басқа сөз таптарына
қарағанда жоғары деп санайтын ғалым В.Г.Гак етістіктің кез келген сөздермен
байланысу мүмкіндігін тіркесімділік деп таниды. Және де тіркесімділіктің
грамматика (сөздің түрлі сөз таптарымен байланысы), семантика және лексика
деңгейінде қаралғанын жөн деп санайды [16,61-62].
Тіл білімінде етістік сөз табының тіркесімділік қабілетін зертттеу
нысаны еткен еңбектер жоқ емес. Атап айтқанда, А.Д.Райхштейн неміс және
орыс тілдеріндегі етістіктердің тіркесуін сөз қылуында олардың лексикалық,
семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарастырады
[17,39], ғалым Н.Д.Арутюнова испан тіліндегі етістіктердің синтаксистік
тіркесімділік қабілеттерін [8,31], Р.И.Сирота орыс тіліндегі кеңістікте
заттардың қозғалысы мен орналасуын білдіретін етістіктердің лексика-
синтаксистік тіркесімділігін зерттеген. Синтаксистік тіркесімділік сөйлем
құрамында белгілі қатынастарды білдіру үшін жұмсалатын әр кластағы
сөздердің түрлі формада бірігуі – дейді ол [18,16-17], зерттеуші
Н.А.Лобанова болса орыс тіліндегі өздік етістіктердің синтаксистік
тіркесімділігін қарастырған [19].
Ғалым В.С.Тотавар орыс тіліндегі сын есімдердің синтаксистік
тіркесімділік қабілетін кандидаттық диссертациялық зерттеуіне арқау етті.
Ол тіркесімділікті сөздердің семантикалық, синтаксистік, лексикалық
мағыналарының тоғысуынан барып пайда болатын құбылыс ретінде түсінеді. Осы
үш механизм нәтижесінде сөз тіркесімділігі туындайды. Бұл төрт бинарлы
белгімен сипатталуы керек. Ол мынадай белгілер:
фразеологиялықфразеологиялық емес, активтілікпассивтілік,
міндеттілікфакультативтілік, вариаттылық вариаттылық емес,
шектеулішектеусіз [20,4-8].
Тіркесімділікке қатысты ғалым В.Г.Адмонидың мақала көлеміндегі
зерттеулерін кездестіруге болады. Құрылымның аяқталу мәселесі сөз
разрядтары мен формаларының грамматикалық тіркесімділігіне байланысты.
Грамматикалық тіркесімділік - сөздің белгілі разрядтары мен формаларының
басқа сөздердің разрядтары мен формаларымен тіркесе алуының потенциалды
қабілеті. Ғалым ойынша, синтаксистік құрылымды жасау үшін тіркесімділік
негізгі рөл атқарады [21,11].
Ч.К.Найманова ағылшын, қырғыз, орыс тілдеріндегі тіркесімділік пен
валенттілік мәселелерін докторлық зерттеуіне арқау етті. Тіркесімділік
синтаксистік байланыстар мен қатынастардан және лексикалық жақтан сыңармен
толығудан құралады, тілдік бірліктердің басқа бірліктермен лексика-
семантикалық және синтаксистік байланысынан тұрады. Осы байланыстар
негізінде сөз тіркесі мен сөйлем жасалады [22,15-16].
Е.С.Кубрякова пікірінше, сөздердің өзара байланысында лексикалық
тіркесімділік синтаксистік тіркесімділікке негізделеді [23,25].
Т.А.Бертагаев монғол және бурят әдеби тілдеріндегі сөздер
тіркесімділігін зерттеген. Ғалым сөздердің тіркесімділігі (сочетание слов)
минималды контекст болып табылады, белгілі бір сөздің екінші сөзбен
тіркесуі контексті құрайды. Минималды контекст сөздің мағынасы мен мазмұнын
ғана ашып қоймай, оның морфологиялық құрылымын да ұйымдастыратын ядро болып
табылады [24,62-63].
Тіл тілдердегі теориялық тұжырымдар тіркесімділік мәселесінің өзекті
екендігін байқатады. Тіркесімділік тіл бірліктерінің бойына біткен қасиет
болса, ол қасиет қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асатындығы маңызды.
Сөздер меңгеретін қасиетке жүре ие болып, сөз тіркесінің тууына себеп
болады деп санайтын зерттеуші С.Нұрханов тілдің белгілі бір дәуірдегі
тарихын толық көрсету үшін сол күнде халықтың қандай сөз пайдаланғанын айту
жеткіліксіз, оны қалай пайдаланғанын да ашу керек дегенді айтады. Бұл үшін
– тілдегі сөздердің бір-бірімен тіркес құрау машығын зерттемей, олардың
өзара тіркесу қабілетін саралап көрсетпей іс бітпейді [25,76].
Профессор Қ.Жұбанов өз кезінде сөздердің тіркесімділік қасиетінің
байыбына ешкімнің бара бермейтіндігін айта келіп, оның мағына мен форманың
үйлесімдігінен барып жасалатындығын сөз етеді [26,96]. Бұл турасында ғалым
Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер бір-бірімен
қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей құрастырған сөйлем, не тіпті сөз
болмай шығады да, немесе, айтайын деген сөзің болмай, басқа бірдеме болып
шығады дейді [26, 146].
Ғалым М.Балақаев пікірінше, сөздердің бір-бірімен тіркесу қабілеті -
тілдің тарихи дамуы барысында қалыптасатын құбылыс. Тілдің лексикалық
қорының баюымен және әдеби тілдің грамматикалық құрылымының дамуына
байланысты сөздердің тіркесімділік шеңбері ұлғаймақ. Осыған байланысты
тілде жалпы грамматикалық нормативтер үлгісі негізінде жаңа сөз тіркестері
пайда болады [27,10].
Қазақ тілінің сөздік қорының қаншалықты бай екендігін ескерсек, оны
құрайтын сөздердің де тіркесімділік шеңберінің кең екендігін болжауға
болады.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі мәселесі М.Балақаев есімімен тығыз
байланысты. Ғалым алғаш рет қазақ тілінің сөз тіркесі жүйесін зерттеп, сөз
тіркесі теориясының негізін қалағаны белгілі [28].
Профессор Т.Қордабаев тілді құрылымдық тұрғыда қарастырған зерттеуінде
сөйлеу, сөйлесу әрекеттері сөздерді бір-бірімен байланыстырып, біріне-бірін
тіркеп айту арқылы болады деп таниды. ...қай тілде болмасын кез келген
сөзді кез келген сөзге қалай болса солай тіркеп айтуға болмайды. Нені немен
тіркеп айтуға болатынын тілдердің грамматикалық, лексикалық заңдылықтары
белгілейді [29,99].
Ғалым Т.Сайрамбаев тіркесімділік мәселен сөз тіркесі шеңберінде
қарастырған. Ғалым бұл ұғымның алғаш рет М.Балақаев тарапынан сөз
болғандығын, бұл мәселе көптеген ғалымдар еңбегінде арнайы
зерттелінбегенімен, соңғы кезде сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі
М.Жолшаева, А.Тұрарова, М.Әлиева, Б.Рысбай еңбектерінде әрбір сөз табы
бойынша көрініс таба бастағанын тілге тиек етеді [30,3].
Профессор Р.Әмір сөйлеу тіліндегі синтаксистік ерекшелігін сөз еткен
еңбегінде сөз тіркестердің байланысу формаларына тоқталады [31,41-46]
Қазақ тілі семантикасы мәселесін зерттеуші ғалым М.Оразов тарапынан
сөздердің тіркесімділігі синтагматикалық қатынас заңдылығы шеңберінде сөз
болады. Тіркесім ұғымы лексикалық элементтер арасындағы синтагмалық
қатынастар шегінде қаралады [32,192-194].
Сонымен, тіркесімділік – тілге тән негізгі қасиет. Оның құрылымдық
бөліктері саналатын тіл бірліктері осы қасиет негізінде бір-бірімен
үйлесіп, тілдің қарым-қатынастық қызметін жүзеге асырады.
Тіл - адам баласының қарым-қатынас құралы. Айтылар ой тілдік
бірліктердің тіл заңдылығына сәйкес жұмылдырылуымен іске асады. Шындығында,
тілдің әр саласындағы бірліктер бір-біріне селбесіп, одан бір мағыналы
бөлшек жасалып, нәтижесінде қарым-қатынас үшін туындап жататын тілдік
байланыс құралады.
Ғалым С.Исаев сөздердің бір-бірімен байланысуы (тіркесуі) тіркеске
енген компоненттерінің ішкі семантикасы мен олардың қолданылу, қалыптасу
дәуірінде байланысты дей келе, тіркесімділікті сөздердің тек қана
грамматикалық (синтаксистік) қызметі емес, лексикамен, сөздердің ішкі
мағына сыйымдылығымен, семасиологиямен тығыз байланысы деп түсінеді [33,139-
140].
Сөз тіркесі де тіркесімділік заңдылығына бағынады. Оны құрайтын
саңарлар мағына жағынан және тұлғалық жақтан үйлесіп тіркеседі.
Сөз тіркестерінің негізгі белгілері деп ғалым Т.Сайрамбаев мыналарды
атайды:
1) сөз тіркесінің байланысу формалары;
2) сөз тіркесінің байланысу амалдары;
3) сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары;
4) сөз тіркестерінің түрлері.
Өзара тіркескен сөздердің тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай
белгілері болуы шарт:
- сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөздің болуы;
- ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса байланысуы;
- тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста
жұмсалуы [34,12].
Лексикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі
жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына
пайда болмайды; мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық
(анықтауыштық, пысықтауыштық, не болмаса шақтық, мекендік, меншіктік т.б.)
мағына пайда болады [35,26].
Осы аталған ерекшеліктер сөз тіркесін басқа тіркестерден ажыратуда да
негізге алынып отырады.
Қазақ тілі синтаксисінде тіркестердің бірнеше түрі анықталып отыр. Атап
айтсақ, еркін тіркес, тұрақты тіркес, атаулық тіркес, шектеулі тіркес,
түйдекті тіркес т.б. Алайда бұл тіркестердің барлығы жоғарыда аталған
шарттарға олар жауап бере алмағандықтан сөз тіркесі бола алмайтындығы
белгілі.
Профессор Т.Сайрамбаев көптеген ғалымдардың сөз тіркестерін түсіндіруде
сөз тіркесі мен тіркес сөздерді бір-біріне шатастырушылық барын дұрыс
аңғарады. Бұны Сөз тіркесі ойдың кішкене бір бөлшегі бола отырып, олар
толық мағыналы екі не одан да көп сөздерден құралады, оның әрбір мүшесі
белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалса, ал тіркес сөздерде ондай
қасиет жоқ. Олар сол тобымен жинақталып сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін
атқарады деген ойынан аңғарамыз [34,21-22].
Шынында да, сөз тіркесі және оның сыңарлары ретінде қызмет атқаратын
тіркес сөздер аражігін айырып қарауды қажет етеді.
Ғалым С.Нұрханов тіркесім (сочетаемость) құбылысын фонема, морфема және
лексема (сөз) үшін ортақ қасиет деп таниды. Ал осы тіркесімнің синтаксиске
байланысты қарастырылатын түрін сөз тіркесімі деп алады. Ол сөз тіркесімін
сөз тіркесінен ажырата қарап, олардың өзара айырым қызметін дәлелдеуге
тырысқанымен, аталмыш мәселе түбегейлі шешілмейді [4,71-74].
Профессор С.Исаев болса, сөздердің тіркесімділігі немесе тіркесу
мүмкіндігі және тіркесу қабілеттілігі деген терминдерді қолданады [33,139],
ғалым Р.Әмір тіркес – тілдегі процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы
мағынада жұмсаймыз. Сөз тіркесі – тіркестің белгілі бір шартқа сай көрінісі
деген тұжырымды ұсынады [36,13].
Қазақ тілі энциклопедиясында берілген ...тілдік бірлік бойындағы
тіркесімділік қасиет көпке дейін тек сөзге ғана тән қасиет деп келінді,
сондықтан да бұл орыс лингвистикасында валентность слов (проф.
С.Д.Кацнельсон), сочетаемость слов (акад.В.В.Виноградов), қазақ тіл
білімінде сөздің өзара тіркесу қабілеті (проф. М.Б.Балақаев), сөздердің
лексикалық тіркесімділігі (К.А.Аханов) т.б. мағыналас термин қабаттаса
қолданып жүр, ал сөз тіркесімі дейтін термин әр түрлі лингвистикалық
ұғымдарды білдіреді [6,426] - деген дәйектеме де аталмыш мәселе
турасындағы нақты ұстанымның жоқтығын аңғартады.
Профессор Ә.Аблақов бастаған ғалымдар бірлесіп жазған еңбекте сөздер
тіркесі мен сөз тіркесі деген ұғымдарды қолданады. ...сөз
тіркесімділігі дегеніміз ең кіші синтаксистік контекст құрауға негіз
болатын, сөздің мағыналық сыйымдылығына сүйенетін грамматикалық
конструктивтік (жалғастырушылық) қасиеті. Яғни тіркесімділік контексте, қос
мүшелі тіркесте көрінеді дей келе, мынадай тіркес түрлерін ажыратады:
аналитикалық формалар (жазып отырмын, көк ала, өте жақсы), түйдекті
тіркестер (ермек үшін, радио арқылы), сөз тіркестері, предикаттық
қатынастағы орамдар, жалаң сөйлемдер (қаулы қабылданады, ол сөйледі)
[6,21].
Сөз тіркесі жекелеген сөз таптарының бір-бірімен байланыса алу, сөйтіп
сөз тіркесі шарттарына жауап бере алу мүмкіндігі шеңберінде зерделенеді.
Сөз таптарының бір-бірімен тіркесуі жөніндегі мәселе төңірегінде
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев ғалымдар ... сөз тіркесіндегі тіркес, құрмаласқа
енетін тіркес, мәтінге енетін сөйлемдердің тіркесі деген басты үш
тіркесімділік арқылы синтаксистің сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты түрлері
айқындалады. Синтаксистегі осы үш топты тіркесімділікті толықтыра түсетін
де тіркесімділіктер бар. Ол – түйдекті тіркестегі тіркесімділік деген
пікір білдіреді. Ғалымдар зерттеуінде тіркесімділік сөз тіркестері аясында
талдауға түседі, яғни сөз таптарының бір-бірімен тіркесу қабілеті негізінде
шешіледі [37,5].
Шынында ғалымдар атап көрсеткен бұл тіркестердің бірі морфология, бірі
лексика, енді біреулері синтаксистің объектілері болса да, олардың
негізінде тіркесімділік жатыр. Себебі тіркесімділік тек толық мағыналы
сөздерде ғана емес, көмекші сөздерде де болады. Ғалымдардың тіркес түрлерін
ажыратудағы пікірлеріне назар аударсақ, тіркесімділікті сөз тіркесіне дейін
үш бөлшекке бөлген. Демек, сөз тіркесі деңгейіне жету жолында
тіркесімділіктің бірнеше қырын байқау қиын емес. Аналитикалық формалар мен
түйдекті тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары болатынын ескерсек, олардың
дайын сөз тіркесін құрағанша түрлі деңгейдегі тіркесу қабілеттерін бастан
кешіретінін байқаймыз. Яғни, негізгі сөз бен көмекші сөздің арасындағы
немесе негізгі сөз бен шылау сөздердің байланыстары сөз тіркесін құрауға
дайын бір сыңар болып тұрады.
Синтаксистік бірліктер тудыратын тіркестерді ажыратушылықты В.Н.Телия
еңбектерінен де аңғарамыз. Тіркесімділікті синтаксис аясының өзінде бірнеше
кезеңдерге бөліп көрсеткен ғалым 1 - сөйлемге дейінгі тіркесімділік, онда
тіркесімділік қабілеті сөздің синтагматикалық сәйкесімі негізінде іске
асады, оның тілдің коммуникативті аспектісіне қатысы болмайды (лексикалық
аспект); 2 - тіркесімділікті сөйлем құрамында қарастыру – онда тіркесім
қоршалыммен тығыз байланыста қаралады (ситуативті-синтаксистік аспект); 3 -
сөйлем мәнін логико-синтаксистік ұйымдастыру заңдылықтарына сәйкес зерттеу,
онда тіркесімділік сөздер арасындағы семантика-синтаксистік байланыстар
негізінде белгілі пропорцияның элементтері ретінде қаралады [38,246].
Тіл – күрделі құбылыс, соған орай оның элементтерін өзара үйлестіретін
тіркесімділік қасиетінің де күрделі болуы заңды нәрсе. Айталық, тілді
құрылымдық жақтан қарастырған ғалым Ю.В.Коваленко тіл бірліктерін екі топқа
бөледі: 1- тіл жүйесі бірліктері, оған құрылымдық элементтер жатса, 2 -
сөйлеу бірліктеріне, оған функционалды бірліктер тиесілі. Ол тіл жүйесі
бірліктері деп фонема, морфема, граммема, лексема, семема, сонымен қатар
тілдік модельдерді (фонемалар моделі, морфемалар моделі, лексемалар моделі,
(словоформа) сөз формалары моделі, сөз тіркестері моделі, тұрақты тіркестер
моделі, сөйлемдер моделі, кешенді синтаксистік құрылымдар моделін) таниды,
ал сөйлеу бірліктеріне сөз (сөз формалары), сөз тіркестері, сөйлемдер,
кешенді синтаксистік құрылымдарды жатқызады [10,72].
Зерттеуші Э.М.Медникова сөз тіркесімділігінің еркін тіркес,
фразеологиялық тіркестер және осы екеуінің аралығындағы тұрақты мәнді
тіркестер деген (жизненная необходимиость, встречать поддержку, поджигатели
войны) үш типін көрсетеді [9,34-35].
Ғалым С.Исаев болса жалпы тіркес атаулыны үш топқа бөледі:
1) еркін (синтаксистік) тіркес;
2) түйдекті тіркес;
3) тұрақты тіркес.
Тұрақты тіркестің өзін екі топқа бөледі: фразеологиялық тіркестер және
атаулық тұрақты тіркестер [37,75].
Профессор Т.Сайрамбаев синтаксистік тіркесімдер сабақтаса және
салаласа тіркеседі дей келе, сабақтасқан тіркес сөз тіркесінде, құрмалас
сөйлемде, мәтінде кездесетіндігін айтады және түйдекті тіркестегі
тіркесімді төртінші қылып қосады [34,5-7].
Ғалым К.Аханов пікірінше, сөздердің жалпы тіркесі және синтаксистік
(еркін) сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен емін-еркін тіркесуінен жасалады.
Бірақ сөздер бір-бірімен жапатармағай тіркесе бермейді, мағыналарының
үйлесімділігі болғанда ғана тіркесіп жұмсалады. Мағыналық үйлесімділік
сөздердің бір-бірімен семантикалық жақтан үйлесуге бейімділігі дегенді
білдіреді [39,217-218].
Сөз тіркесімділігінің негізінде сөйлеу процесінде туатын единицалардың
бірі – сөз тіркестері. Сөз тіркесі мен сөз тіркесімділігі деген ұғымдар бір
емес. Сөз тіркесі – контекст, тілдік факт, конструкция, орам, ал сөз
тіркесімділігі – жалпы тіркес атаулыны тудыратын фактор, себебі сөз тіркесі
сөз тіркесімділігіне сүйеніп барып туады деген де тұжырым бар [36,23].
Бұған салсақ, сөз тіркесімі сөздердің тілдік бірлік ретіндегі өмір сүруінің
басты қасиеті, қабілеті, яғни тәсіл іспеттес, ал сөз тіркесі – сол
қабілеттен, тәсілден туындайтын нәтиже болмақ.
Тіл біліміндегі ғылыми пайымдауларды жинақтай келе, біз өз
зерттеуімізде синтаксис саласына тиесілі тіркесімділік мәселесін былайша
шешуді ұйғардық: Сөйлемнің құрылымдық бөлшектері болып саналатын тілдік
бірліктердің өзара тіркесуі негізінде жасалатын құбылысты – сөз тіркесімі
деп атауды жөн санаймыз. Сөз тіркесімін құрайтын тілдік бөлшектердің өзара
байланысына, қатынасына қарай сөз тіркесі және тіркес сөздер деп алған
дұрыс болар еді. Сөз тіркесінің тек бір сыңары ретінде ғана қызмет ететін
тұрақты тіркестер, түйдекті тіркестер, салаласа байланысқан тіркестер, т.б.
тіркес сөздер деп атауды ұсынамыз.
Қазақ тілінің сөз тіркесі туралы зерттеулерге үңілсек, сөз тіркесіне
қатысты сөз тіркесі, еркін тіркес, синтаксистік тіркес деген атаулар жарыса
қолданылады С.Исаев [33,75], К.Аханов [39,217-218]. Сөз тіркесін құрау үшін
кез келген сөзді бір-бірімен лексика-грамматикалық заңдарға сүйенбей
тіркестіре алмайтындығымызды ескерсек, біз бұны еркін тіркес дей аламыз
ба деген ой туады.
Осы ойдың ұшығы белгілі тілші В.В.Виноградов зерттеулерінде жатыр.
Ғалым сөз тіркесін еркін тіркес деп атағанымызбен, олар мағыналық жақтан
еркін емес, мағыналары үйлеспейтін сөздерді бір-бірімен тіркестіре
алмаймыз, сондықтан сөз тіркестерінің арасындағы тіркесті еркін деп атауға
ойлануымыз керек дегенді алға тартады [12,8-17]. Осы сарындас ойды қазақ
тілшісі С.Исаев та білдірген болатын. Сөздердің ішкі мағыналық өрісі тіркес
арқылы ашылатындықтан, сөздердің тіркесімділігі лексика-грамматикалық
категория тұрғысынан зерттелуі тиіс, дей келе ғалым – демек, тілдегі
сөздердің бір-бірімен тіркесуінде белгілі заңдылықтар, белгілі тәртіп
болады, мұның өзі тіл білімінде синтаксистік тіркеске байланысты қолданылып
жүрген еркін тіркес деген терминнің шартты екенін аңғартады [33,140].
Ендеше, тілдік құбылыстың атауының өзі оның жалпы табиғатына байланысты
болуын ескере отырып, біз еркін тіркес немесе синтаксистік тіркес дегеннің
орнына сөз тіркесі деген терминді қолдануды ұсынамыз.
Қазіргі тілімізде тілдік тұлғалардың күрделі түрлері көптеп кездеседі.
Сөйлем құрауға қажетті құрылыс материалы ретінде қызмет ететін толық
мағыналы бірнеше дербес сөздерден құралатын сөз тіркестерімен қатар, тілдің
даму барысында әбден қалыптасып орныққан, бөлініп ажыратылмайтын тұрақты
тіркеске тіліміз өте бай. Тұрақты тіркестер көп уақыттар бойы тілдік
тұлғалар жүйесінде қалыптасып дайын күйінде қолданылатын тіркестерге
айналған. Олар тұтас күйінде қолданылып, мағыналары жеке сыңарлардың
мағыналарына бөлініп-жарылмай, сөйлеуде тұтасымен жеке сөздер тәрізді бір
ұғымды білдіріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Қазақ тіл білімінде тұрақты тіркес (фразеологизм) жан-жақты зерттеліп,
түрлі бағытта қарастырылып жүр (С.Аманжолов [40], І.Кеңесбаев [41],
Н.Сауранбаев [42], Ғ.Мұсабаев [43], К.Аханов [39], Ә.Болғанбаев [44],
Х.Қожахметова [45], Г.Смағұлова [46], С.Сәтенова [47], Қ.Сарбасова [48],
М.Мамаева [49] т.б.).
Қазақ тілінде тұрақты тіркес ұғымның атауы жөнінде де бірізділік жоқ
деуге болады. Бұл турасында профессор Г.Смағұлова бір ғана фразеологизм
атауына байланысты фразеологиялық оралым, тұрақты сөз орамдары, тұрақты
тіркестер, тұрақты сөз тіркестері, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық
единица, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тұлғалар, фраземика,
фразама деген терминдердің жарысып қолданылып жүргенін айтады, сондықтан
қазақ тілінде осы аталғандардың ең жиі қолданылатын екі түрі ғана:
фразеологизмдер және тұрақты тіркестер қалуы тиіс деген оңтайлы пікір
ұсынады [50,12].
Бір құбылыстың түрлі аталуы шашыраңқылыққа ұрындырары сөзсіз. Ғалым
Г.Смағұлованың бұл жөніндегі ойы ғалым С.Исаевтың пікірімен ұштасып жатыр.
С.Исаев бұл екі ұғымды (тұрақты тіркес пен фразеологизм) бірінің орнына
бірін қолдануға болмайтындығын тұрақты тіркестің кең ұғым, ал фразеологизм
оның бейнелі мәнді бөлігі – деген уәжбен түсіндіреді [33,75].
Тілде фразеологизмдер тәрізді грамматикалық байланысы тұрақты, орын
тәртібі берік, бөліп-жаруға келмейтін тұтас құрамымен сөйлемнің бір ғана
мүшесі қызметін атқаратын тұлғалар да бар. Бұлар атаулық және шектеулі
тіркестер. Сондықтан ... кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы
біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын
(К.Аханов [39,219]) тілдің осындай тұрақты тіркес тобын тұрақты тіркестер
деп атап, фразеологизм (оның өзі іштей идиомалық және фразалық болып
бөлінеді), атаулық тіркес, шектеулі тіркес түрлерін ажыратуды жөн санаймыз.
Қазақ фразеологизмдерін зерттеумен арнайы шұғылданған академик
І.Кеңесбаев оларға тән қолданылу тиянақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес
тиянақтылығы сынды үш белгіні атап көрсетеді, осы үш критерийді бір-бірінен
ажыратып алмай, тұтасымен басты арқау еткенде ғана, фразеологиялық
единицаның ерекше белгілерін тани алатындығымызды айтады [41, 690].
Фразеологизмнің сөз тіркесінен айырмашылығы деп ғалым А.И.Молотков
келесідей белгілерді көрсетеді:
- фразеологизмдерде лексикалық мағына болса, сөз тіркесінде болмайды;
- сөз тіркесі сөздердің лексикалық единицасы негізінде болса,
фразеологизмдерде сөздің жеке лексикалық единицасы жоқ [51,8-9].
А.Байтелиева сөз тіркесі мен тұрақты тіркестердің аражігін ажытаруға
тырысады. Сөз тіркестері сыңарлардың құрылымдық-семантикалық үлгі бойынша
еркін тіркес негізінде жасалатындығын, ал тұрақты тіркестер тұрақты күйінде
даяр қолданылып, құрылымдық-семантикалық үлгіден тыс қалыптасқан тұлға деп
атайды [52,29].
Зерттеуші М.Мамаева фразеологизмдердің сөз тіркесінен айырмашылығы жайлы
айтқан ғалымдардың топшылаулары бір-бірінен алшақ емес дей келе, мынадай
белгілерді атап көрсетеді: 1-сөз тіркесіндегі әрбір сөздің өзіндік мағынасы
бар болса, фразеологизмдерде сөздер бірігіп, жалпы мағына береді, 2- сөз
тіркесіндегі сөздердің орын тәртібі еркін болады, фразеологизмдерге қатысты
сөздердің орны тұрақты болады; 3-сөз тіркесіндегі сөздердің өзіндік
синтаксистік қызметі болса, фразеологимдерге қатысты сөздер бәрі бірігіп
қана сөйлем мүшесі қызметінде болады [49, 52].
Тіліміздегі фразеологизмдерге келесідей белгілерді телуге болады:
- құрамында толық мағыналы сөздер де, көмекші сөздер де болады;
- өзара сабақтаса байланыспайды;
- құрамындағы сөздер синтаксистік қатынаста жұмсалмайды;
- бір ғана сұраққа жауап береді;
- сыңарлары бірігіп, бір сөздің байланысу тұлғасын нақтылайды;
- еркін тіркестің бір ғана сыңары болады;
- синтаксистік тұрғыдан талданбайды;
- құрылымы мен мазмұны тиянақсыз;
- сөйлем құрамында бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады;
- сыңарлары тұрақты болады;
- даяр күйінде қолданылады;
- тіркес толығымен тұрып бір сыңар болады
- көркемдік, бейнелік мақсатта қолданылады.;
- белгілі бір сөз табына жататын сөздердің баламасы ретінде жұмсалып, сол
сөз табына тән түрлендіруші тұлғалармен түрленеді.
Тұрақты тіркестердің енді бір түрі – атаулық тіркестер деген
терминмен орныққан. Сөз тіркестерін атаулық қызмет атқарады деп тану
В.В.Виноградов еңбектерінен басталады. Ол сөз тіркесінің әрі
коммуникативті, әрі атаулық құрал ретінде жұмсалуын былайша түсіндіреді
Сөйлем құрамында ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері тілдің
коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс соған керекті
материал ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің
номинативті құралдарының қатарына, заттарды, құбылыстарды процестерді
белгілеу құралдарының қатарына енеді [12,3].
Сөз тіркесіне номинативтілік қасиет тән-тән еместігі туралы ғалымдар
пікірі екіге ажырайды. В.В.Виноградов [53,13], В.Б.Бабайцева [54,15],
К.Аханов [39,385] сөз тіркесіне номинативтік қасиет тән десе, Ю.В.Фоменко
[55,2], А.И.Моисеев [56,6], М.Б.Балақаев [35,94] сөз тіркесінің
номинативтілігін жоққа шығарады.
Профессор К.Аханов Сөз тіркестері номинативтік сипатқа бұрыннан
жасалып қойған даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдік
грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады дейді [39,385].
Сөз тіркестерін, керісінше, номинативтік единицалар қатарында
қарауға болмайтындығын М.Балақаев былайша түсіндіреді: Алдымен сөз
тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Тек олардың жұмсалу
орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға
болатындары бар. Мысалы, сөз тіркесі құрылымында пайда болған терминдік
тұрақты атаулар: қант қызылшасы, темір жол, мал дәрігері, ақ қайың т.б.
[35,94].
Профессор Р.Әмір Сөйлем коммуникативтік тұлға, яғни пікірді білдіру
үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз тіркесі өз бетімен бұл
қызметті атқара алмайды. Олар тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, ұғымның
атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде, солардың өзара қатынасы
негізінде құралады - деп олардың арасын ажыратудағы негізгі белгілерді
атап көрсетеді [36,48].
Сөз тіркестері сөйлеу кезінде жасалады. Солай бола тұрса да
тілімізде номинативті қызмет атқаратын тіркестердің бар екенін жоққа шығара
алмаймыз.
Қазақ тілінде кейбір тіркестерді жұмсалу орайында атқаратын қызметі
тұрғысынан номинативті деп тануға болатындығы туралы айта отырып, С.Исаев
оларды атаулық тіркестер деп бөліп қарайды. Атаулық тіркестер синтаксистік
тіркестер сияқты сөйлеу процесінде құралмай, даяр бір бүтін лексема ретінде
қабылданып қолданылады [33,67].
Профессор Н.Сауранбаев көмір кені, мектеп үйі, жер беті, ауыл
шаруашылығы дегендер синтаксистік жүйеден лексикалық қалыпқа бейімделе
басталған тіркестер дейді. Бұларды осы қалыпта айтсақ, лексикалық
(атаулық) мағынада ұғынылады, яғни бірі анықтауыш, екіншісі анықталғыш
емес, тұтас атау дей келе, мұндай тіркесті ауыспалы топтағы тіркес, себебі
бұлар синтаксистен лексикаға ауысып бара жатқан топ деген [42,21].
С.Исаев та мұндай сипаттағы тіркестерді атаулық тіркестер деп
атағанды жөн санайды. Ғалым мағынасының дәлдігімен, тұрақтылығымен және
көбінесе терминдік ұғымдарды білдіруімен байланысты атаулық тіркестердің
синонимдері болмайды. Ал фразеологиялық тіркестің мағынасын екінші сөзбен,
я тіркес арқылы жеткізуге болады [33,14]. Одан әрі зерттеуші
фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздер қазіргі синтаксистік байланыс
тәсілдерінің қай-қайсысы арқылы болса да байланысып, өз ішінде сөйлемнің
барлық мүшесі бола алады. Ал атаулық тіркестерде ондай универсалдық, жан-
жақтылық жоқ. Атаулық тіркес құрамындағы сөздер көбінесе анықтауыштық
қатынаста қабыса не матаса байланысатындығын айтады [33,75].
Бұл тұрғыда профессор С.Исаевтың өзгешелігі сол - фразеологиялық
тіркес тұрақты тіркестің бір түрі деп есептейді де, екінші түріне атаулық
тіркесті жатқызады.
Ғалым атаулық тіркестердің синтаксистік тіркестерден айырмашылығы
деп оларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Ұлттық публицистика дәстүрі
Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
«Неологизм» терминінің түсінігі және мазмұны
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Сөз және оның контекстегі қолданылуы
Тахауи Ахтановтың Боран атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Пәндер