Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және олардың әкімшілік-құқтық мәртебесі


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1-тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлер ұғымы жӘне олардың Әкімшілік-құқықтық мӘртебесінің негіздері

1. 1. Мемлекеттік қызметкерлер ұғымы және оладың санаттары

1. 2. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері

2-тарау МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ

2. 1. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау тәсілдері

2. 2. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттеу

Қорытынды

  1. Пайдаланылған Әдебиеттер
  1. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел болып таңылған соң, алғашқы он жылдығынан соң оның болашақ экономикасының шекарасы көріне бастады. Жаңа индустриялы елдер қалыптасып, бұрынғы алыптар ел экономикасына сай қайта қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасы Жапония және Еуропа елдерінің нарығын қайталай отырып тиімді экономиканы әрі қарай жалғастыру қажет.

Кадрлық қызметті бағалау - кадрлық қызмет бағдарламасымен байланысты шығындар мен табыстарды өлшеуге бағытталған нақты қалыптасқан жүйелік процесс. Бұнда ұйымның нәтижесі оның бұрынғы көрсеткіштерімен салыстырылады.

Ұйымдағы персоналдардың еңбегін бағалау бұл персонал қасиеттерінің қызмет орны талаптарына сәйкес келуін бекітетін мақсатты процесс. Персоналдардың тиімділігін бағалау қызметкерлердің мамандығына және оның нәтижелерінің ерекшеліктеріне негізделген.

Ұйым өз қызметкерлерін олардың қызметінің тиімділігін жоғарлату және профессионалдық даму қажеттіліктерін анықтау мақсатында бағалайды.

Адамның экономикалық және ғылыми-техникалық жағдай талаптарына сәйкес келуі ұйымдар экономикасының тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да қазіргі заманда негізгі мақсат ұйымдардағы басқару қызметін жетілдіру және оларды бағалау болып отыр.

Мемлекеттік ұйымдарда басқару қызметі адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған негізгі мақсатқа жетуге ынталандырады. Мемлекеттік қызметтің тиімділігі және сапасы ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерге және олардың роліне байланысты.

Мемлекеттік қызметтің өз деңгейінде іске асырылуы, мемлекеттік қызметкерлерге оның қажеттілігін түсіндіру білім беру саласымен қатар жүреді. Сондықтан да Н. Ә. Назарбаев өзінің 2007 жылдың 1 наурызындағы “Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан” атты Жолдауында кадрларды дүниежүзілік стандартқа сәйкес қайта даярлаудың маңыздылығын көрсеткен. Мұнда сонымен қатар мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құрастыру бағытында азаматтарға ұсынылатын қызметтің тиімділігі мен сапасын ескере отырып, мемлекеттік қызметкерлерді бағалаудың қажеттілігін атап өткен.

Бағалау жүйесін таңдағанда оның персоналдарды басқарудың басқа жүйесіне, мысалы, компенсацияға, мансапты жоспарлауға, профессионалды оқытуға тиімділікке қол жеткізу мақсатында және келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында сәйкес келуін талдау қажет болып отыр.

Біздің еліміздегі персоналдардың қызметін жетілдіру, оларды бағалау мәселелері шетелдік ғалымдарымыз М. Месконның, М. Альберттің, В. Ю. Озирдің еңбектерінде, ресей ғалымдарымыз И. Н. Герчинованың, Е. В. Масловтың, А. Е. Лобановтың, Ю. Н. Дубровскийдің және тағы да басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Дегенмен де персоналдың және оларды бағалау жүйесінің кәсіпорын тиімділігінде алатын орнын ескерсек, бұл мәселенің шешімін жетілдіру жолы әлі де үлкен зерттеуді қажет етіп отыр. Мемлекетке қызмет көрсететін персоналдарды бағалау, бағалауды жетілдіру жолдары қазақстандық экономистердің әдебиетінде әлі де жеткілікті дәрежеде қарастырылмаған. Сондықтан да осы диплом жұмысында осы мәселелерді қарастыруды мақсат етіп қойдық.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және тиімді қолданылуына ұсыныстар беру.

Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды :

  • персоналдың, яғни мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын қызметінің жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • персоналдардың, яғни мемлекеттік қызметкерлерді бағалауға талдау жасау;
  • мемлекеттік қызметкерлерді бағалаудың тиімділігін арттыруға ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыс обьектісі: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлерді бағалау тәсілдері және олардың қызметтерін жетілдіру бағыттары.

Дипломдық жұмыстың зерттеу заты : Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен мемлекеттік қызметкерлері арасындағы байланыс.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және 2 сызбадан тұрады.

  1. тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлер ұғымы жӘне олардың Әкімшілік-құқықтық мӘртебесінің негіздеріМемлекеттік қызметкерлер ұғымы және оның санаттары

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде демократия мен құқық негізнде экономика, әлеуметтік мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарды. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттігі пайда болды Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзіретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.

Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекеттік қызмет» ұғымыныңы түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б) қызметшілерінің қызметтік лауазымдарына сәйкесмемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналады.

Мұндай жағдай 1995 ж. дейін сақталып келді. Қазақстан Республикасының 1995ж. Конституциясы мемлекеттік қызметке кірудің және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі. 1995 ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасысы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты-бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші норматитві құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж. 23-шілдеде қабылданған.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заңда «мемлекеттік қызметші» мен «мемлекеттік қызмет» ұғымдарына жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес, мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси- айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Саяси лауазымдар:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағлары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  3. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
  4. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші-мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлкеттік қызметші. Сонымен мемлекеттік қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекеттік лауазымдардың осылай бөлудің негізінде аталған заңда «мемлекеттік қызмет» ұғымының анықтамасы берілген. Мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселенегізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлкеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер-олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану-алғы шепте тұратын жалпыұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз жұмыс істеуге тиіс. Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен қызмет атқару жүйесіндегі аса маңызды заңдылықтарды белгілейді. Олар мемлекетттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік қызметтің құқықтық принциптерінің болмауы зорлық-зомбылыққа, ең жаман мағынадағы төрешілдікке, бытыраңқылыққа, заңсыздыққа, әділетсіздікке әкеп соғады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметтің төмендегідей принциптері белгіленген.

1. Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР-сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның 4-бабының екінші тармағы ел Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады деген қағидаға негізделеді. Конституция мемлекеттің Ата заңының- оның Конституциясының ең жоғары заң күші болатын жүйе құруды болжайды, ал барлық өзге нормативтік құқықтықактілер соған сәйкес болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын қатал сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді жасауға міндетті.

Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап айтуға болады: қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол жеткізуге тиіс, оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын болуға тиіс.

2. Қазақстандық патриотизм принципі, (гректің patriotes- отандас, patris-отан дегені) - мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.

3. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады дегн Конституцияның 3-бабының 4-тармағына негізделген.

Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің аражігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда белгіленген шекте тәуелсіз екендіін білдіреді. Солай бола тұра бұл принциптің мәнінен мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы (өкілді) органның депутаты болуғақұқы болмайтындығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар мемлекеттік қызметте бола алмайды.

4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі. Бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарымен заңды мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекеттері үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған барлық мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.

5. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар принципі Конституцияның 33-бабының 4-тармағында бекітілген. Оның мәні мынада, меммлекеттік қызметке қабылдаған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды. Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі Қазақстанның азаматы болуына, жасына және мемлекеттік қызметшілер үшін қойылатын басқа талаптармен ғана байланысты.

6. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі ҚР- сы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді.

7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігін көрсеткенге беріледі.

8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі ҚР-сы Конституциясының 24-бабының 2-тармағында бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді.

9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастылығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы оргнадрға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынды.

10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.

11. Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келістілігімен шешулерін болжайды. Жариялылықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қолжетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуы тиіс емес.

12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоятын тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді, айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдай туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.

13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23-бабында қаралаған.

14. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби денгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды, т. б болжайды.

Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. Мемлекттік қызметшілердің атқаратын міндеттері мен функциялары, олардан саяси және діни алаламаулықты талап етеді.

  1. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері

Мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің аумағы мен мазмұны мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуының және іске асырылуының мүмкіндіктерімен алдын ала анықталады. Бұл жерде ең алдымен лауазымға орналасуға және мемлекеттік қызметшілер өздерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешкенге дейін, мемлекеттік билік органдарының жүйесі мен олардың ішкі (ұйымдық-штат) құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізбесін бекіту және оларды санаттар мен топтар бойынша жіктеу, әрбір лауазым бойынша өкілеттліктер мен функциялардың көлемін, сондай-ақ осы лауазымдарға орналасматын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарды (білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен тәжірибесі жөнінен) белгілеу қажет екендігі еске алынып отыр.

Мемлекеттік - қызметтік қатынастардың қатысушысы ретінде мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайын анықтаған кезде заңнамаларда: оның құқықтары, міндеттерімен кепілдіктері; мемлекеттік қызметпен байланысты шектеулер; көтермелеу және жауаптылық белгіленуі тиіс.

Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері де құқықтық нормалармен реттелінеді: мемлекеттік қызметке кіру; бос лауазымдарға орналасу тәсілдері; мемлекеттік қызметішіні аттестациялау; біліктілік дәрежелерін беру; мемлекеттік қызметті тоқтату.

Мемлекеттік-қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты мемлекеттік қызметте азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға тағайындау мен ауыстыруды, мемлкеттік қызметте болған кезде оларға біліктілік дәрежелер (әскери және арнайы атақтар, сыныптар, шендер, дипломатиялық рангілер) беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты нақты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу болып табылады.

Мемлекеттік органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі- мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі және солар арқылы іске асырылады. Кадр саясатының жетістігі мемлкеттік аппараттың сапасымен, оның заңнамаларды атқарумен, атқарушылық тәртіптілігімен тікелей байланысты.

Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнан, ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеуде ҚР-ның Конституциясы маңызды роль атқарады. Онда мемлекеттік басшы лауазымдарға адамдарды қызметке тағайындау (сайлау) және қызметтен босату туралы Президенттің, Парламенттің, оның палаталарының және Үкіметтің құзіреттері белгіленген.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының негіздерін және мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібін белгілейді. Заңның негізгі мақсаты- мемлекеттік қызметтің біріңғай жалпы мемлекеттік құқықтық негізін жасау, оған кәсібилік сипат беру. Заң төрешілдікпен, сыбайлас жемқорлықпен, шенеуніктік зорлық-зомбылықпен, жеке адамға берілгендік принципі бойынша кадр іріктеп алу практикасымен күресу үшін құқықтық негізді дамытуға мүмкіндік туғызады. Ол мемлекеттік қызметшілерге, олардың міндеттеріне тек талаптарды арттыруға ғана емес, сонымен бірге ошлардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге де бағытталған.

Заңда көп жаңа маңызды ұғымдар бар: мемлкеттік лауазым, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, біліктілік дәреже деген не екендігі және басқалар туралы. Ол мемлекеттік қызметте орналасқысы келетін немесе орналасқан азаматтарға қойылатын талаптарды күшейте түскен: арнаулы білімс, аттестациялау, біліктілік емтихан, қатал тәртіптік жазалар жүйесі жете қабілеттілігі жоқ немесе қара ниет қызметшілердің жолына қатаң кедергілер жасауға толық мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет туралы заң барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылады, бұған Конституцияда, конституциялық заңдарда немесе өзге де заң актілерінде олар үшін өзгедей құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайды.

Жекелеген мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін реттейтін бірнеше заңдар бар. Оларға, мысалы, «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы» 1995ж. 21-желтоқсандағы, «Авриялық құтқару және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997ж. 27-наурыздағы, «ҚР-ның дипломатиялық қызметі туралы» 2002ж. 7-наурыздағы, «ҚР-ның қаржы полициясы органдары туралы» 2002ж. 4-шілдедегі, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005ж. 8-шілдедегі, т. б Заңдар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқық қайнар көздері
Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық
Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, қызметі
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасының конституция лық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық
Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппараты. Қазақстан Республикасының Үкiметi
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz