Мемлекеттің құрылымдық нысаны


ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3-7

І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

1. 1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері . . . 8-14

1. 2 Мемлекеттің басқару нысаны . . . 15-18

1. 2. 1 Монархиялық басқару нысаны . . . 19-24

1. 2. 2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны - Республика . . . 25-28

1. 3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері . . . 29-33

ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ

2. 1 Мемлекетің құрылым нысаны . . . 34-35

2. 2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері . . . 36-37

2. 2. 1 Унитарлық түсінігі . . . 38-39

2. 2. 2 Конфедерациялық түсінігі . . . 40-42

2. 2. 3 Федерациялық түсінігі . . . 43-47

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ . . . 48-51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52-54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 55-56

КІРІСПЕ

Осы тақырыпты таңдағаным мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.

Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады. Ол қоғамдық ғылым болған соң, оны қоғамдық құбылыстар мемлекет пен құқық құрайды. Мемлекет бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны - шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының үлкен маңызы бар.

Әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттер туралы айтатын болсақ олар республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттірінде көбінесе монархиялық басқару болғаны мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттірінің филосовтары, Аристотель, Монтескеье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір - бірімен тығыз байланыста дамиды.

Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 20 жылдық уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді

Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер теориясы.

Мемлекеттің белгілері болып табылады:

1. Бұқаралық биліктің болуы

2. Егемендік

3. Аумақтық бөлініс

4. Құқықтың болуы

5. Салықтар жүйесі

Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «мемлекеттің негізі» санаты, мемлекеттің басты заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі, мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.

Құқық нысанына - оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар, сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейінің дамуы әсер етеді.

Мемлекет нысандарының құрамдары (бөліктері) :

-Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен ұйымдарының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипаттады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

-Мемлекеттік құрылым нысаны - мемлекеттің аумақтық құрылысын, мемлекетпен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастары көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық, федеративтік, конфедеративтік мемлекеттер жатады.

-Саяси (мемлекеттік) режим - мемлекеттік билікті іске асырудың жолдарымем әдістерінің жүйесін көрсетеді және қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны - шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының үлкен маңызы бар.

Әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттер туралы айтатын болсақ олар республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттірінде көбінесе монархиялық басқару болғаны мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттірінің филосовтары, Аристотель, Монтескеье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір - бірімен тығыз байланыста дамиды.

Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 20 - жыл уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің құрылым нысанын жан-жақты ашып көрсетіу.

Дипломдық жұмыстың міндеті :

- мемлекет нысаны, түсінігі және белгілерін зерттеу;

- мемлекеттің құрылымы нысанына тоқталу;

- мемлекеттің саяси режимі мен белгілерін қарастыру;

- мемлекеттердің унитарлық, конфедерациялық, федерациялық түсінігін анықтау;

-Қазақстан Республиасын унитарлық мемлекет ретінде қарастыру.

Зерттеу нысаны. Мемлекеттің құрылымы нысаны

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үщ бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. ҚР Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты әр түрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.

Жалпы осы жұмысымда әсіресе Қазақстан Республикасындағы басқару нысанына және құрылымын жан-жақты ашып көрсетіп, толығырақ тоқталатын боламын.

І. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

1. 1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері

Мемлекеттің нысанына - халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар, және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Европа континентіне, Жапоня және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және тоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді.

Сонымен бірге мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.

Мемлекет нысаны - бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы. Басқару нысаны - бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарыны өкілеттіктерінІң өзара қатынасы, олардың құрамы мен кұрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Мемлекеттің нысаны негізінде үш сыңардан тұрады;

1. Мемлекеттік басқару нысаны.

2. Мемлекеттік құрылымы.

3. Саяси режим [1. 15б. ] .

Ал негізінде мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі, бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекетгің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың карым-қатынастары қандай приициппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады

Мемлекеттік басқару нысаны деп қоғамда жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдасуын және оған халықтың тікелей қатысуын айтады. Мемлекеттің басқару нысаны монорхия және республика болып екіге белінеді.

Мемлекет нысандарының құрамдары:

  • Басқару нысаны - жоғарғы мемлкеттік органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипатталады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
  • Мелекеттік құрылым нысанында - мемлекеттің аумақтық құрылысын, мемлекет пен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастары көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық, (Біртұтастық), федеративтік және конфедеративтік (достастық) мемлекеттер жатады [2. 63б. ] .
  • Саяси (мемлекеттік) режим - мемлекеттік билікті іске асырудың жолдары мен әдістерінің жүйесін көрсетеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты демократиялық, және саяси (мемлекеттік) режимдерге бөлінеді.
  • Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекеттік нысанының құрамы, ол жоғары мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәптіпті және олардың тұрғындарымен қарым-қатынас сипаттайды.

Жоғары мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

Мемлекеттік құрылым нысандары - мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастыраның, оның құрайтын органдарының бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі нысанында мазмұны диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты [3. 95б. ] .

Демократиялық мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттері көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Мнтеске, Локк, Вашингтон, Де-Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген, Мемлекеттің тарихи дамуы процесінде оның нысанына бірнеше жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизация-лардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайды - Хуанхэ, Египетте, Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Еуропада - шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңіздің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы екі- Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұсқан келтіріп отыр.

Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізді, Ежелгі -Феодалдық немесе Шығыс мемлекеттерде рулы қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін қамтылып келеді. (Ману заңдарында, солистік жинағында - салическая правда Орыс мемлекетінің жинағында - Русская правда) . Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылыс туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мәндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында Айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерді көпке дейін сақталып келеді. Саяси жағдай топтардың арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельд, Гитлер. Пиончет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатына мәлім (Греция, Рим, Швецария, Белгия) .

Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізді. Ресей, Үндістан Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады. Сондықтан оларды мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал, Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу ерек. 19 ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германия капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ.

Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерден тұрады. Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі атасы - қыпшақтар өмір сүрген 15 ғасырда қазақ хандығы құрылып, өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы 20 ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан Республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланады.

Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұранғы метрополия мемлекеттердің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген кнституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді [4. 62б. ] .

Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болады. Тек қана Еуразия емес, Куба, Въетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жсағаны мәлім.

Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізді. Мұсылман, католик христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.

Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді - басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде, мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшелік-терімен байланысты екені мәлім.

Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп нұсқалары бар. Мемлекеттің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мыктылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді.

Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік - жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір - бірімен қатынасы және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстар. Мемлекеттің құрылым - ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Жоғарыда айтып кеткендей мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.

1. 2 Мемлекеттің басқару нысаны

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.

Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия) . Монархияның өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай жағдайларда мұрагерлік заңды әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия) .

Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия -монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия -Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталды. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияларда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.

Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды. Республиканың ең бірінші түрі-Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын, ал азаматтары болып 20 жасқа толған ерекек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекет нысанының элементтері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Мемлекет құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Мемлекеттің механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz