Мәнжазба



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
1. Сотта азаматтық істі қозғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6.15
2. Істі сотта қарауға әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.18
3. Сотта іс қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19.32
4. Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау ... ... ... ... 33.34
5. Сот актілерін орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35.37
6. Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38.39
7. Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән.жайлар бойынша қайта қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40.42
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.44
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқыктың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жөне т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі  барысында жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. Т. 1-2. Учебник. Алматы 2001 год
2. Викут М.А., Зайцев ИМ. Гражданский процесс России: Учебник. - М.: Юристь,
3. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. - М.: ТОО «Фирма ГАРДАРИКА»,
4. Гражданское процессуальное законодательство: Комментарий / Под ред. М.К. Юкова. - М.: Юрид. лит.,
5. Гражданское процессуальное право России: Учебник / Под ред. М.С. Шакарян. - М.: Былина,
6. Егембердиев Е.О. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы. Оқулық. Астана 2006ж.
7. Курс советского гражданского процессуального права: Т. 1. Теоретические основы правосудия по гражданским делам / Отв. ред. А.А. Мельников. - М.: Наука,
8. Курс советского гражданского процессуального права: Т. 2. Судопро­изводство по гражданским делам / Отв. ред. А.А. Мельников. - М.: Наука,

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

Сотта азаматтық істі
қозғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6-15

Істі сотта қарауға
әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 16-18

Сотта іс
қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 19-32

Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру
және наразылық келтіру арқылы қайта қарау ... ... ... ... 33-34

Сот актілерін
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 35-37

Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта
қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... . 38-39

Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта
қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .. 40-42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43-44

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . 45

Кіріспе

Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып
және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық
құқыктың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін,
судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне
байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы
ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот
хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу
мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне:
бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою
бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс
жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот
ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс
жөне т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс
қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының
нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және
процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған
құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып
табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен
жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы
және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен
міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу
мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған
сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу
міндеттер процесі  барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері
а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу
құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына
қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған
деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтың реттеу әдістері:
императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың
жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік,
диспозитивтік,құқық беруші, тіндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық
іс жүргізу құқықтың нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі
жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай,
сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың турлері.
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс
жүргізу әрекеттер төртібін реттейтін жалпы жөне деректі ережелер,
нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары -
азаматтық, отбасынан енбек құқықтық қатынастардан туатын даулар ішіндегі
істерді әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді жене ерекше
сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР
АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі
туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы -ҚР АІЖК-сі болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында колданылады. Жалпы
ереже бойынша жанадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы
арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалық әрекеттер жасау
кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні: - тәжірибеде оның қолданылуымен
тығыз байланыстагы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;азаматтық іс жүргізу
құқығының бастаулары;азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы; шетел
мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы; азаматтық іс жүргізу құқығы
ғылымының жүйесі;. Азаматтың іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды
проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру - ерекше
бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке
институттарының тарихи дамуын зерттейді.

1.Сотта азаматтық істі қозғау

Процеске қатысушы тұлғалар бұл сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
тұлғалар. Бұған: бұлар өкілдер, аудармашылар, куәлар, сарапшыларды
жатқызамыз. Іске қатысушы тұлғалар болып: тараптар, дау нысанына дербес
тараптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар,
жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар немесе негіздер бойынша
процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекшеліктері іс жүргізу
тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
1)  өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткуен адамның
арызы бойынша;
2)  заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін
қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының,
мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың
арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс
қозғайды және ол тиісті ұйғарым шығарады.
Талап - құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік
құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы
тұлғаның сотқа жүгінуі.
Талап - субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы
қорғау тәсілі.
Талап - азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері - бұл талаптың құрамды бөліктері. Оларға (элементтеріне):
- мазмұны;
- нысанасы;
- негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны - талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни
сотңа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын
қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмүны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және
талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы - бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-
құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
- Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық-құқықтық қатынастың бар
немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);
- Талап қоюшымен материалдың-құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің
міндеттері туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін ңайтаруын талап ету,
несие беруші - қарызды ңайтаруын);
-Тараптар араларындағы құқың қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау
(мысалы: туылған сәбидің әке-сін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер
арасындағы некені бүзу).
Талаптың негіздемесі - талап қоюшының сотңа өз үндеуін негіздейтін мөн-
жайлар.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық-құқықтық белгілер;
- процессуалдық-құқықтық белгілер. Талаптардың процесуалдық-құқықтық
белгісі
бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни
талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге
бөлінуінің процессуалдық-құқықтық жіктелу негізі ар-қылы талаптардың
мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелу негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1 - ұйғару туралы талаптар;
2 - мойындау туралы талаптар;
3 - өзгертетін (құқың қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған)
талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атңару талаптары дегеніміз - бүл жауапкердің
белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын
талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз мін-деттерін орындатуды сүрауы
ұйгару талабы деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкерден қарызды
төлеуі, пәтерді босатуы, келтірілген зардапты өтеуі). Осындай сотқа
ңойылган талаптар бойынша сот шешім-дері негізінде атқару парақтары
беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі қүңың
қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сүрайды (мысалы, талап қоюшы
белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлың құқығын бекітуін
сұрауы).
Талап термині екі мағынада қолданылады:
1 - материалдық;
2 - процессуалдық.
Материалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз -сотқа үндеу арқылы
субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот
арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап
қоюшының талап қоюға (материалдың мағынада) құқығы бар не жоқтығын
анықтайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз — дауды қарап, шешу үшін
сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей
талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтық-құқықтық дау бойынша
сот төрелігіне жүгіну құқығы.
Талап қою құқығы -Сотқа жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық
процеске қатысатын аза-маттарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК-нің 5-бабы), сондай-
ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға (ҚР АІЖК-нің 45-тарауы)
тиесілі.
Талап қою құқығының шарттары - нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап
қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен
байланыстыратын мән-жайлар.
Бүл шарттар өзара:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады. Талап қою құқығының жалпы шарттары:
-Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни
азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖК-тің 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖК-тің 24-
бабы);
- өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған
сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру туралы келісімнің
жоқтығы (ҚР АІЖК-тің 25-бабы).
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны - жаратымсыз
сипатта болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз -бүл кейбір субъектілер
немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген
шарттар.
Талап қою құқығының шарттары болмауы сотпен келесі әрекеттер жасауына
әкеледі:
- талап арызды қайтару (ҢР АІЖК-тің 154-бабы);
- талап арызды қабылдаудан бас тарту (ҚР АІЖК-тің 153-бабы);
- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК-тің 247-бабы);
- арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК-тің 249-бабы).
Талап арыз - субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген
сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот
арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсынуы қажет.
Талап арыз мазмүны:
- кіріспе;
- сипаттау;
- дәлелдеу;
- сүрау бөліктерінен түрады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК-і 150-бабының 1-
бөлігі).Талап арыздың кіріспе бөлігінде:
- талап арыз берілетін соттың атауы;
- талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым
болса, оның түрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды
оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
- жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері, немесе егер жауапкер ұйым болса,
егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері
көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:
- талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және
оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
- талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және бұл мән-
жайларды растайтын дәлелдемелер.
Талап арыздың дәлелдеу бәлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады. Осы
бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін заң
нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін
өтініш жасайтын болса, онда:
- талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін
негіздеу болуға тиіс;
- арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін
жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін
растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Егер талап қою бағалауға жатса, талап
қоюдың бағасы көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың сұрау белігінде мүдделі тұлғаның бұзылған құқықтарын немесе
заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін талаптары
көзделеді.
Талап қоюды қамтамасыз ету - іске қатысушы адамдардың арызы бойынша сот
шешімін орындауды кепілдік ету үшін заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес
соттың іс-әрекеті.
Талап қоюды қамтамасыз ету мақсаттары:
- егер сот шешімін орындауды қиындатса;
- егер сот шешімінің орындалуын мүмкін етпесе.
Талап қоюды қамтамасыз ету жәніндегі шаралар:
- жауапкерге тиісті жөне онда немесе басңа адамдарда болатын мүлікке тыйым
салу;
- жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
- басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған ңатысты өзге де
міндеттемелерді орындауына тыйым салу;
- мүлікті тыйым салудан босату туралы талап ңойыл-ған жағдайда мүлікті
өткізуді тоқтата түру;
- борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп
алуды тоқтата тұруы мүмкін.
Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін:
- сол сот тараптардың арызы бойынша;
- сол сот өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін (ҚР АІЖК-і 163-бабының 1-
бөлігі).
Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды қамтамасыз еткен жағдайда
жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылдаған шаралардың орнына
соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы
(ҚР АІЖК-нің 162-бабы).
Жауапкер талап қоюда бас тартңан шешім заңды кү-шіне енгеннен кейін талап
қоюшыға оның жазбаша өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды
қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу ту-ралы талап қоюға
қүқылы (ҚР АІЖК-нің 165-бабы).
Диспозитивтік принцип бойынша тараптар өз еркілері бойынша өздерінің
субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау тәсілін жөне
көлемін анықтайды. Сонымен:
1 -талап қоюшы талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқылы;
2 - талап қоюдан бас тарту;
3 — жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы;
4 - тараптар өзара бітімгершілік келісімін жасауымен істі аяқтауы мүмкін.
Әрқайсысын жеке қарастырайың.
Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту. ҚР АІЖК-нің 49-бабына
сәйкес талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап
қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас
тартуға ңүқылы. 2.Талап қоюдан бас тарту. Әр кезде талап қоюшының талап
қоюдан бас тарту құқығы бар.
Талап қоюдан бас тарту - сотта талап қоюшының өзінің субъективтік құқығын
сот арұылы қорғау талабынан бас тартып қозғалған азаматтық істі қысқартуға
бағытталған. Егер талап қоюшының талабын беліп қарастыруға болатын болса,
онда ол талаптың бір бөлігінен бас тартуға құқылы (талап арызы бойынша
материалдык; залалды және моральдық зиянды өтеуді сұрайтын болса, онда тек
материалдық залалды өтеуін талап етіп, ал моральдык зиянды өтеуден бас
тартуы мүмкін).
Сот талап қоюшының талап ңоюдан бас тартуын бекіт-пеген жағдайда, сот бүл
туралы ұйгарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
Талап қоюды тану - сотта талап қоюшының талаптарын қанағаттандыруға және
талап қоюшы үшін лайықты сот шешімін шығаруға бағытталған жауапкердің
келісуі.
Жауапкердің өзіне берілген субъективтік құқығына сәйкес талап қоюды тануы
ешкімнің басымдылығынсыз өз еркімен жүргізіледі.
Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бүл жөнінде одан қолхат алынады (ҚР
АІЖК-і 49-бабының 1-бөлігі).
Тараптардың бітімгершілік келісімі - бұл заңмен белгіленген жағдайларға
сәйкес сотта материалдың-қүқыңтың дауды шешуді қысқарту. Бітімгершілік
келісімнің мәні - дауды өзара бітімгершілікпен шешу арңы-лы іс жүргізуді
аяқтау.
Бітімгершілік келісімі:
- өзара процессуалдың көну (талап қоюшы өзінің та-лап ңоюдың бір бөлігі
бойынша бас тартуы, ал жауапкер осы өзгертілген талап қоюды мойындауы);
- бір жақты көну (талап қоюшының талап қоюы, ал жауапкер тек талап қоюдың
бір бөлігін мойындауы) негіздері болуы мүмкін.
Сотта жасалған бітімгершілік келісім - бүл сот отырысында немесе одан тыс
жасалған келісім, бірақ сотқа жолданған.
Соттан тыс жасалған бітімгершілік келісім - бұл сот отырысынан тыс жасалған
келісім және сотқа жолданбаған. Соттан тыс бітімгершілік келісім жасалу
фактісін және оның шарттарын жалпы тәртіп бойынша тарап сотта дәлелдеуі
мүмкін.
Тараптар бітімгершілік келісімін тек талап қою бойынша іс жүргізу істері
бойынша жасауы мүмкін. Сондай-ақ бітімгершілік келісімін азаматтық
процестің кез келген сатысында (бірінші сатыдағы сотта, апелляциялық
өндірісінде, қадағалау өндірісінде және атқарушылық іс жүргізу сатыларында)
жасауға болады.
Талап арызды қайтару туралы судья мынадай ұйғарым шығарады, егер:
-талап қоюшы істердін, осы санаты үшін дауды сотңа дейін алдын ала шешу
заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті колдану
мүмкіндігі жойылмаса;
- іс осы соттың қарауына жатпаса;
- арызды әрекетке кәбілетсіз адам берсе;
- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол
нысана туралы және сол негіздер бойынша. Дау жөнінде іс бар болса;
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн
мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз
берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына
жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару
талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша
талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына сәйкес
сот арызды қараусыз қалдыруы мүмкін, егер:
- талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгі-ленген дауды алдын ала
сотңа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, "Сауда мақсатында теңізде жүзу
туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17
қаңтар № 284 - II);
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға қол қойған жөне оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
- осы немесе басңа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
мәселе туралы дау бойынша жөне сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар
болса;
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша
сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы
адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

2. Істі сотта қарауға әзірлеу

Азаматтық істерді әзірлеудің міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айңындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды
аньщтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары
туралы мәселені шешу; 4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін
ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот
қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сөйкес
емес. Әрине, судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның
әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі.
Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар.
Мысалы, тараптар іс бойынша сотңа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс
жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі
қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама
тағайындауға болады.
Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жургізу әрекеттері
Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге
асырады, бірақ процесте негізгі қыз-метті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-
і 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере оты-рып, істі
сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді
жүргізеді:
- талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойыншажауап алады, одан
жауапкердің тарапынан мүмкін болатын ңарсылықтарды аныңтап алады, егер бүл
қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс
жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-
жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін жөне
бүл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды;
айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді
ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
- талап ңоюды қамтамасыз ету туралы мәселені ше-шеді;
- талап қоюшының өтініші бойынша оның берген та-лап арызын (арызын) қайтару
туралы үйғарым шығарады;
- басңа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Судья іс жеткілікті
әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым
шығарады.
Сот хабарлаулары мен шақырулары
Істі сотта қарауга әзірлеу сатысы істі сотта қарауға өзірлеу туралы
үйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау
туралы үйғарым шығарумен аяқталады.
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот оты-рысында қарауға
тағайындау туралы үйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен
процестің басқа да ңатысушыларына істі ңараудың орны мен уақыты туралы
хабарлайды.
Іс бойынша тараптарды және басңа да іс жүргізуге қа-тысушыларды (куәларды,
сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе
жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уаңыты мен орны туралы:
- соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы түл-ғалар және пошта арңылы);
- тапсырыстық хат арңылы;
- телефонограмма немесе жеделхат арңылы;
- хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ете-тін өзге де байланыс
ңүралдарын пайдалану арқылы ха-барландырылуы немесе сотқа шаңырылуы мүмкін,
бірақ адамдардың сотқа уақытылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті
мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні керсетілген және
адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шаңыру қағазының
түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖК- 131-бабының 3-бөлігі),
себебі, одан кейін сотта іс ңарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды
жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы үйғарым шығаруға негіз болып
табылады.
Егер іске ңатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше
хабарланбаса, яғни ҚР АІЖК-нің 11-тарауында бекітілген талаптары
сақталмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған
кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бүл жөнінде
келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге
қатысуға жаңадан тартылған адам-дарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны
туралы шақыру қағазы жіберіледі.
Егер сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске
қатысушы адамдардың қайсы бірі келмеген жағдайда, сондай-аң, олардың келмеу
себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауга (сотта іс қарауды
жалғастыруға) құқылы (ҚР АІЖК-і 187-бабының 4-бөлігі).

3. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау

Сотта іс қарау - істі мәні бойынша ңарауға және шешуге бағытталған бірінші
сатыдағы сот пен басңа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен түратын
азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жан-жаңты, толың
және заңды шешіледі. Бүл сатыда сот өз алдына қойылған мына:
- істі мәні бойынша шешу;
- тараптар арасындағы даулы қүқыңтық ңатынастар-ды реттеу;
- сот қызметінің тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз ету;
- заңды түлғалар мен азаматтардың бүзылған құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру міндеттерді жүзеге асырады.
Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына қарауға тағайындау туралы
ұйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін
(шешім, ұйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады.
Қазаңстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 175-бабына сәйкес
азаматтың істі ңарау сот отырысында жүргізіледі, сондықтан "сотта іс қарау"
және "сот отырысы" ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек. Әдебиетте осы
ұғымдардың ара байланысы жөнінде көптеген ғылыми пікірталас бар.
А.Ф.Клейман аталған ұғымдар ұқсас және бір мағына түсіндіретінін айтты: сот
отырысында іс қарау не іс ңарау сот отырысында өтетінін. Бірақ бүл мәселе
жөнінде біздің ой-пікірімізше П.П.Гуреевтің айтуы дәйекті: сот отырысы -
сотта азаматтық істерді қарау нысаны (формасы). И.М.Зайцев бүл ойды қолдап
жалғастырады, ол бүл екі үғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін
жазды, олар маз-мүны (сотта іс қарау) және нысан (формасы - сот отырысы)
ретінде айңасады..
Соттың бірінші сатысындағы азаматтың іс қарайтын сот отырысын бөлімдерге
бөліп қарастыруға болады.
Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы төрт бөлімнен түрады:
1) әзірлеу бөлімі;
2) істі мәні бойынша қарау бөлімі;
3) сот жарыссөздері және прокурордың қорытын-дысы бөлімі;
4) шешім шығару және оны жариялау бөлімі.
Әзірлеу белімі - алғашқы іс жүргізу әрекеттерін алдын ала қорытындылау және
іс мәні бойынша шешілуіне тиісті іс-әрекеттер жасалу үшін қажетті жағдайлар
жасау бөлімі (Г.А.Жилин). Бүған байланысты ғылыми әдебиеттерде сотта
азаматтың істер қараудың көрсетілген бірінші бөлімінің қажеттілігі
аныңталған. П.П.Гуреева ғалымнын, ой-пікірі бойынша әзірлеу бөлімінің
міндеті -осы сот отырысында істі ңарап шешу үшін қажетті шарт-тар
жасалғандығын тексеру. Осындай аспекте П.Я.Трубников та әзірлеу бөлімінің
міндетін белгілейді, ол "сот осы отырысында істі мәні бойынша толық және
дүрыс қараумен байланысты барльщ сүраңтарды аныңтайды және шешеді" деп
жазды. Сотпен әзірлеу бөлімійде
шешілетін негізгі сүрақтарға мына мүмкіндіктерді аньщ-тау жатады:
- осы сот ңүрамында іс қарау;
- бар дәлелдемелер негізінде іс ңарау мен шешу;
- процеске қатысушылардың біреуі келмей қалған жағдайда істі ңарап шешу.
Әзірлеу бөлімінде жасалатын іс-әрекеттер, сондай-ақ ол іс-әрекеттер жасау
кезегі ҚР АІЖК 180-191-бап-тарымен реттеледі. Заң осы бөлімде белгіленген
нүсңау шегінде жүруін көздейді және мынадай тәртіп бойынша іс жүргізу
әрекеттерін жасауын алдын ала ескереді:
• сот отырысын ашу;
• процеске қатысушылардың келуін тексеру;
• аудармашыға оның міндеттерін түсіндіреді;
• куәларды сот отырысы залынан шығару;
• сот ңүрамын жария ету және ңарсыльщ білдіру құқығын түсіндіру;
• іске қатысушы адамдарға олардың ңүңыңтары мен міндеттерін түсіндіру;
• соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі;
• іске ңатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдары;
• сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары;
• істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу;
• сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Сот отырысын ашу (ҚР АІЖК-нің 180-бабы). Судья сот отырысы залына кірген
кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан түрады. Судья кірген кезде сот
отырысының хатшысы ол туралы айтады. Істі қарау үшін белгіленген уақытта
төрағалық етуші (судья) сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс
қаралуға жататынын жариялайды. Бүл бірінші сот отырысы басталуында іс
жүргізу әрекеті, біраң сотта іс карау емес. Аталған іс-әрекет талап
қоюшының, жауапкердің және басңа да процеске қатысушылардың келуіне
байланыссыз сотпен жеке-дара жасалады. И.К.Пискаревтың айтуы бой-ынша
процеске ңатысушылардың біреуінің келмей қалуына байланысты істі қарау
кейінге қалдыру заңмен белгіленген тәртіпті (процедураны) сақтамай
жүргізетін болса, келген тұлғалардың іс жүргізу құқықтарына қысым жасайды
(мысалы, қарсылық білдіру мен өтініш жасау мүмкіндігінен).
Процеске қатысушылардың келуін тексеру (ҚР АІЖК-нің 181-бабы). Сот
отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін процеске қатысушылардың
қайсысы процеске келгенін, ал егер олар келмеген жағ-дайда оның себебін
анықтайды. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру (ҚР АІЖК-нің 182-бабы).
Бүл іс жүргізу іс-әрекеті сот отырысының басынан басталады, ол сотта іс
жүргізу тілін білмейтін түлғаға іс қарауында жасалатын барлық әрекеттер мен
мәліметтер жөнінде білу мүмкіндігі үшін өткізіледі.Саңырау, тілсіз, мылқау
адамдар өзара араласуында қолданатын белгілерін аударатын (сурдо)
аудармашыларына да ҚР АІЖК-нің 182-бабында белгіленген тәртібі қолданылады.
Куәларды сот отырысы залынан шығару (ҚР АІЖК-нің 183-бабы). Келген куәлар
процеске қатысушылардың келуін тексерген соң бірден сот отырысы залынан
шығарылады, ал іс бойынша аудармашы қатысңанда, онда оған аудармашының
міндеттерін түсіндіргеннен соң шыға-рылады. Куәларды шығарғанға дейін
оларға іс бойынша жауап беру үшін сот отырысы залына біртіндеп кіретіні
туралы алдын ала ескертеді.
Төрағалық етуші сотта жауап берген куәлар жауап әлі бермегендермен бір-
бірімен сөйлеспеу үшін шаралар қолданады.
Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер ҚР АІЖК-нің 40-бабында көрсетілген.
Судья істі қарауға қатыса алмайды жөне оған ңарсылың білдірілуге тиіс, егер
ол:
• осы істі мүның алдындағы ңарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы,
өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде
ңатысса;
• іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы
болса;
• істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі немесе оның
әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса.
Істі мәні бойынша қарау бәлімі — сотта іс қараудың негізгі бөлімі. Осы
бөлімде сот отырысында азаматтық істер қарауында жасалатын процессуалдық іс-
әрекеттер ҚР АІЖК-і 192-210-баптарымен реттеледі. Осы сотта іс қарау
бөлімінің негізгі міндеті - зерттеу арқылы азаматтық істің мән-жайын,
бірінші кезекте ізденудегі деректердің бар не жоқтығын куәландыратын іс
бойынша жиналған дәлелдемелерді анықтау. Істі мәні бойынша қараудың басңа
да міндеті бар, ол процесті дауласып жатқан субъектілердің өз еркілерімен
аяқтауы. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап ңоюды мойындауы
немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда
жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бүл туралы сот отырысының хаттамасында
көрсетіледі. Талап ңоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою
мойындалғанға, немесе та-раптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге
дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу
әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген
талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Бүл жағдайда сот шешімінің
дәлелдеу бөлігінде жауапкер талап қоюды таны-ғаны және оны соттың
қабылдағаны ғана көрсетіледі, яғни сот істің мән-жайларын анықтамай талап
қоюшының пайдасына шешім шығарады (ҚР АІЖК-і 221-ба-бының 5-бөлігі).
Істі мәні бойынша қарау жалғасқан жағдайда сот іске қатысушы адамдардың
түсініктемелерін тыңдауға көшеді. Тараптардың және үшінші түлғалардың
түсініктемелері азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің бір тү-рі. Олардың іс
үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері, іс
бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға
жатады (ҚР АІЖК-і 64-бабының 2-бөлігі, 78-бабының 1-бөлігі).
ҚР АІЖК-і 194-бабының 1-бөлігіне сот міндетті түрде келесі тәртіпте іске
қатысушы адамдардың түсінікте-мелерін тыңдайды:
1-талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші түлғаның
түсініктемелерін;
2-жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның
түсініктемелерін;
3-даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші түлғалардың
түсініктемелерін.
Егер прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басңару
органдарының, үйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар қатысатын болса, онда олар бі-рінші
болып түсініктемелер береді.
Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен, не
алдаудың, күш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Халықаралық сауданың теориялары
Статистикалық әдіс
Мароэкономика
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Этика ұғымы және оның заты туралы
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Топографиялық карталар мен пландар
Бағытты бағдарлау
Пәндер