Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы
Мазмұны
Кіріспе
1.Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы.
1.1.Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар тәрбиесінің тарихи мәдени ерекшеліктері
1.2.Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы.
2.Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері.
2.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек Балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың жетістіктері.
2.2. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтік педагогикалық бағыттаудағы бағдарламасы мен әдістемелері
Қорытынды
Қосымшалар

Жұмыстың жалпы сипаты
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда . Осыған байланысты оңалту орталықтарында үлкен жұмыстар атқарылуда. осыған байланысты оңалту орталықтары ашылып жатыр және жаңа үлгідегі мүгедек балаларға, жасөспірімдерге арналған территориалдық оңалту орталықтары отбасына әлеуметтік көмек көрсету орталықтары іске қосылып жатыр. Орталықтардың негізгі міндеттері мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға комплексті көмек,медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды оңалту, және кәсіби бағдар беру болып табылады. Мұндай орталықтар тек кемтар балаларға ғана емес,сондай ақ олар тәрбиеленіп жатқан отбасыларына да комплексті көмек көрсетеді.
Мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлардың бірі оның отбасы.Отбасының мүгедек баласына жұмсалатын қосымша шығында
рына байланысты туындайтын материалдық мәселелерден басқа,мұндай отбасыларында ажырау саны өте жоғары. Толық емес отбасыларында мүгедек балаларды тәрбиелеу қиындыққа әкеліп соғады.
Медициналық әлеуметтік және еңбекпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік қызметкерлердің араласуынсыз іске асыру мүмкін емес.Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысының негізгі функцияларына заңгерлік, медициналық, психологтік, педагогтік және басқа да мамандықтар бойынша кеңес беру, материалдық көмектер ұйымдастыру жатады. Әлеуметтік қызметкер мүгедек балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін пси--хочпачпачап, психокоррекциалық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өндейді. Социумдағы әлеуметтік жақдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен мүгедек балаларға әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады. Мүгедек балардың дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасыларымен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді.
Жаңа қоғамдағы бала мүгедектігің мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырылуы керек. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу, бұл аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін медициналық қызмет санасын жоғарлату арқылы, алдын ала кеңес алатын медициналық- генетикалық мекемелер ашу арақылы іске асыру. Екіншіден – мүгедек баларды әлеуметтік оңалту, бұл-әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу, мектеп алды оңалту мекемелерін ашу арқылы іске асыру.
Елімізде қазіргі танда 2005 жылдың соңғы мәліметіне сүйенсен 42,2 мың бала мүгедек деп танылды. Педагогтар мен дефектологтар М.Ш. мүгедек балалармен істейтін жұмысқа керек жаңа және жетілдірілген бағдарламалардың топшылығын айтады. Сонымен жанұясында М.Ш. мүгедек баласы бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.
Тақырыптың маңыздылығы – кемтар баларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ал кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық, психологиялық,педагогикалық және әлеуметтік тексеру, кәсіби диагностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, оларға комплексті қызмет көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі.
Зерттеу объектісі - мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың толық қанды әлуеметтік өмірде дамуы.
Зерттеу пәні - кемтар балаларды әлеуметтендірудің жеке бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу мақсаты-мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың дамуына әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу.
Тапсырмалар:
1.Мүгедектік мәселесі бойынша әдебиетерге теориялық талдау.
2.Мүгедектіктің алдын алуға бағытталған әдістерді талдау.

1.Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың
әлеуметтік мәдени статусы.
1.1.Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар тәрбиесінің тарихи мәдени
ерекшеліктері
1.2.Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың
әлеуметтік мәдени статусы.
2.Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық
жұмыстардың ерекшеліктері.
2.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек Балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік
педагогикалық жұмыстардың жетістіктері.
2.2. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтік педагогикалық
бағыттаудағы бағдарламасы мен әдістемелері
Қорытынды
Қосымшалар
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіруде
үлкен жұмыстар атқарылуда . Осыған байланысты оңалту орталықтарында
үлкен жұмыстар атқарылуда. осыған байланысты оңалту орталықтары
ашылып жатыр және жаңа үлгідегі мүгедек балаларға, жасөспірімдерге
арналған территориалдық оңалту орталықтары отбасына әлеуметтік көмек
көрсету орталықтары іске қосылып жатыр. Орталықтардың негізгі
міндеттері мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға комплексті
көмек,медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік көмек
көрсету, оларды оңалту, және кәсіби бағдар беру болып табылады.
Мұндай орталықтар тек кемтар балаларға ғана емес,сондай ақ олар
тәрбиеленіп жатқан отбасыларына да комплексті көмек көрсетеді.
Мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлардың
бірі оның отбасы.Отбасының мүгедек баласына жұмсалатын қосымша
шығында
рына байланысты туындайтын материалдық мәселелерден басқа,мұндай
отбасыларында ажырау саны өте жоғары. Толық емес отбасыларында
мүгедек балаларды тәрбиелеу қиындыққа әкеліп соғады.
Медициналық әлеуметтік және еңбекпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік
қызметкерлердің араласуынсыз іске асыру мүмкін емес.Әлеуметтік
қызметкердің атқаратын жұмысының негізгі функцияларына заңгерлік,
медициналық, психологтік, педагогтік және басқа да мамандықтар
бойынша кеңес беру, материалдық көмектер ұйымдастыру жатады.
Әлеуметтік қызметкер мүгедек балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін
пси--хочпачпачап, психокоррекциалық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды
және өндейді. Социумдағы әлеуметтік жақдайды зерттеп және оған болжам жасау
арқылы отбасы мен мүгедек балаларға әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық
нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады. Мүгедек балардың дамуы мен
тәрбие проблемаларын шешуде отбасыларымен серіктестік, әріптестік қарым-
қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді.
Жаңа қоғамдағы бала мүгедектігің мәселелерінің шешімін екі жақты
қарастырылуы керек. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу, бұл аяғы ауыр
әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін медициналық қызмет санасын жоғарлату
арқылы, алдын ала кеңес алатын медициналық- генетикалық мекемелер ашу
арақылы іске асыру. Екіншіден – мүгедек баларды әлеуметтік оңалту, бұл-
әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу, мектеп алды оңалту мекемелерін ашу
арқылы іске асыру.
Елімізде қазіргі танда 2005 жылдың соңғы мәліметіне сүйенсен 42,2 мың
бала мүгедек деп танылды. Педагогтар мен дефектологтар М.Ш. мүгедек
балалармен істейтін жұмысқа керек жаңа және жетілдірілген
бағдарламалардың топшылығын айтады. Сонымен жанұясында М.Ш. мүгедек баласы
бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу
жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.
Тақырыптың маңыздылығы – кемтар баларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ал
кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық,
психологиялық,педагогикалық және әлеуметтік тексеру, кәсіби диагностика
жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, оларға комплексті қызмет
көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі.
Зерттеу объектісі - мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың толық қанды
әлуеметтік өмірде дамуы.
Зерттеу пәні - кемтар балаларды әлеуметтендірудің жеке бағдарламасының
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу мақсаты-мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың дамуына әлеуметтік
факторлардың әсерін зерттеу.

3.Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды ерте алдын алу және коррекциялау
жүйесінің құрылымдылық-функцияналдық моделі.
Болжамы: Егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіру жұмысын
ерте қолға ала, кемтар балалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде
сезінер еді.
Зерттеу әдістері: Сараптау (анализ), бақылау анкета жүргізу, итервью,
тестілеу
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы, Самар ауылында
оқитын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар.

әлеуметтік-мәдени статусы.
1.1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар тәрбиесінің тарихи-мәдени
ерекшеліктері.
Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болғандықтан,
кемтар балаларды зеттеу қиындай түседі. Мысалы, есту мүшелері, көзі
зақымданады, баланы қимылында, жүріс-тұрысында икемсіздік байқалады,
орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Ондай бұзылудың қайсысы да баланың
өсіп-дамуына өз тарапынан әсер етеді.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мәселесі әлеуметтік модель
шеңберінде олардың отбасы тәрбиесімен және тұлғааралық қаты.настармен
байланысты қарастырыла бастады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары медициналық
модельдің орнына әлеуметтік модель келді. Оның дамуына психосараптама
теориясы ықпал етті. Кемтар адамдардың өмірі дені сау адамдардың
бақылауында болды, олар тәуелді болып келді. Бұл модель мемлекетіміздің
әлеуметтік саясатына, заң шығарушы органдарға, ұйымдарға өз әсерін тигізді.
Баланың мінез-құлқының әлеуметтік нормаға сәйкес келуі оның
денсаулығында мүкіс бар деп есептеледі. Баланың дамуының және
әлеуметтенудің ауытқуы бірнеше факторға байланысты. Оларды үш негізгі топқа
бөлуге болады: биогенді, әлеуметтік және психогенді. Бұдан мынадай
қорытынды жасауға болады: адамның кез келген факторға байланысты
мүмкіндіктерінің қоршаған ортамен байланысының бұзылуын, әлеуметтендіруінің
құлдырауына әкеліп соғады. Мәдени дамудың үлгісі үнемі белгілі бір топта
белгіленген нормамен шектеледі. Әлеуметтің соңында мүмкіндігі шектеулі
адамдарға деген көзқарас әр түрлі формасы болады.
Ерте кезде де кемтар балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап,
көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң
ережелерінде, Рим правосында, Юстицион кодексінде кемтар балалар жөнінде
айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Православты Ресейде, Ежелгі
Римдегі сияқты кемтар балаларды, әсіресе ақыл есі кем балаларды жоймай,
оларды құдайдың балалары деп қабылдады. Киев Русінің негізгі
кітаптарында, Москва мемлекетінің Жүз тарауында кемтар балалардың
қоғамдық жағдайы ерекше бұйрықтарымен шектелді. ХІ ғасырда Ежелгі Русьте
ақыл-есі кем адамдар Киевско-Печорск лаврасында шоғырланды.
1551 жылы Жүз тарау заңнамасында былай деп жазылды: кім ақыл-есінен
айырылса, оларды монастырьларға орналастыру керек Бірінші Петр тұсында
шыққан Ессіздер ( О дураках) заңында, кемтар адамды ең бірінші көңіл
қойып куәландырылуы тиіс деп жазылды. Я.А.Каменский Ұлы дидактика
еңбегінде әрине тәрбие ең бірінші ақыл-ессіз адамға арналады, себебі оларды
табиғи ессіздіктен арылту керек, аадами тәрбиеден және білімнен ешкімді
шектетуге болмайды деп жазды.
Ежелгі Русьтегі сияқты исламда да мүмкіндігі шектеулі балаларға
мейірімді көзқарастар қалыптасты. Ислам аса ауқатты және дені сау адамдар
мүгедектерге қолдау көрсетуге шақырады. Әр қоғамда денсаулығына байланысты
байланысты толық қанды өмір сүре алмайтын және қоғамға өз үлесін қоса
алмайтын адмдар кезеседі. Қоғам оларды қорлауға немесе төмен санауға тыйым
салады. Исламда мүмкіндігі шектеулі балаларға аса мейірімділікпен қарауға,
оларды тығырыққа тіремей, күн көрісінің кедейленуіне жол бермеуге шақырады.
Мұсылмандарда адам қандай шындық қайғы болса да, оны аса жігерлікпен және
мейірімділікпен өткеру керек. Қандай қиындық туса да, кемтар адамдарға
көмек көрсету керек немесе оның қайғысын жеңілдетуге бағыт алу керек.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар қай кезде де философиялық ойға
негіз болып келеді. Сондықтан да филосфтар, егер баланың құлағы естімесе,
көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып-
білуі қалай өтеді деген мәселемен шұғылданды.
Аристотель мүгедек балаларға арналған екі трактат жазды. А.И.Радищев өзінің
атақты трактатында, мүгедек балалар дамуының кейбір заңдылықтарын анықтады.
Неміс филосфы Кант кемтар балалардың даму ерекшеліктері жөнінде жазды.
Керең балаларды зерттеген кезде естудің бала тілінің дамуына әсерін, соқыр
балаларды зерттегенде- айналадағы құбылыстарды ұғып түсінуге көрудің әсерән
анықтауға мүмкіндік туады.
Әлуметтік ғылымның әлуметтену деген ұғым аясындағы міндеттері алуан
түрлі әлеуметтендіруші әсерлерді ( ұйымдастырылған және өздігінен орын
алған) анықтау мен негіздеудің және оларды мақсатты түрдегі педагогикалық
ықпалға айналдыруды көздейді. Бұл жағдайда жас ұрпақты мақсатты түрде
әлеуметтендірудің негізгі ортасы мектеп болуы тиіс, өйткені, отбасы немесе
басқа да әлеуметтік институт жастарды осы заманғы өркениет қиындықтарын
даярлауға қабілетсіз.
Э.Дюркгейм мектеп педагогикасына арнаған өзіндік формуласын:
Әлеуметтендіре отырып, даралау деген ойымен түйіндеген екен. Индивид
қоғам қандай мөлшерде қатысы болса, сондай мөлшерде ол ойлану үстінде де,
іс-әрекет үстіне де табиғи түрде өзін-өзі өсіріп, жетілдіреді дейді ол.
Американың белгілі социологі әрі психологі Джордж Герберт Мид (1863-
1931) әлеуметтендірудің рөлдік тұжырымдамасын жақтайды. Ол өзінің
әлеуметтік бихевиоризм деп аталған теориясында адамды белсенді әлеуметтік
тіршілік иесі ретінде қарастырды. Бұл белшсенділік тұлғаның ерекші ішкі
психологиялық жүйесінен туындайды.
Әлеуметтену барысында бала әлеуметтік рөлдердің атқарушысы болу үшін
оларды бойына өлшеп көріп, жай ғана игеріп қоймай, нақты әлеуметтік
жағдаятты интерпретациялайды (Дж.Мидтің термині), себебі, ол өздерінің
рөлін ала отырып, өзіне деген жаңа қарым-қатынас пен көзқарасқа ие болды.
Осылайша, әлеуметтенуші бала өзіне қоғамның берген рөлдерін қабылдап,
оларды өзі меңгерді. ДЖ.Мид шын мәнінде әлеуметтендіру теориясында субъект-
объект қатынастары саласына көп көңіл бөліп, тұлғаның субъект-объектілік
әлеуметтік байланыстары мен қатынастарына назар аударған жоқ.
ХХ ғасырдың 70-жылдарының соңы мен 80-жылдарының басында батыстық
социология мен психологияда әлеуметтену мәселесін зерттеу жаңадан жандана
түсіп, әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын бірінші кезекке шығарады.
Бұл бағыттың теоретиктері тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы
және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға
ұмтылуын дамыту міндетттерін алға қойды. Әлеуметтенудің сыншылдық
тұжырымдамасын жақтаушылар теориялық жұмыстарында өзін-өзі басқару, өз
мүмкіндігін іске асыру, өз орнын табу, өзін-өзі анықтау, өзін рухани
шоғырландыру, қаржылық әлеуеті, т.б.б ұғымдарды белсенді пайдаланады.
Әлеуметтанудің сыншылдық тұжырымдамасының басты теоретиктерінің бірі-
Карл Роджерс (1902-1987). Ол ғылымға гуманистік психология теоретигі,
психотерапиядағы өзгеше бағыттың негізін салушы ретінде енді. Ол өз
еңбектерінде әлеуметтендіру-тіпті де баладан жасанды түрде тұлға
құрастыру дегендік емес. Оны іс жүзінде адамның өзі ғана істей алады әрі
өзі ғана істеуі тиіс деп қорытады. К.Роджерс әлеуметтендіру барысында
тұлғаның бойында өзін-өзі бағалауға икемділікті бұрын қалыптасқан
құндылықтар жүйесін тәжірибе нәтижесінде қайта қарай білу қасиеттерін
қалыптастыру маңызды деп есептейді. Адам ұзақ уақыт бойы өзін өмірде
эномикалық күштер, сансыз күштер немесе қоршаған орта шаблон бойынша
жасаған қуыршақтай сезінеді. Бірақ ол біртіндеп жаңа тәуелсіздік
декларациясын жасап келеді. Ол қолайлы кіріптарлықтан бас тартуда. Ол өзін-
өзі таңдап, ең күрделіәрі көбінесе қасіретті әлемде қуыршақ та, құлтемір
де, машина да емес, өзімен-өзі болуға, тамаша, дербес Мен болуға
ұмтылады деп тұжырымдайды К.Роджерс.
Мұндай ұғымда индевид оқиғаларының өзін өзгерте алмайды, бірақ сол
оқиғаларды өзінің қабылдауын және түсінуін өзгерте алады. Қабылдау-
әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын жақтаушылар үшін орталық ұғым.
К.Роджерстің түсіндіруінше, ересектердің (ата-ананың, мектеп педагогтердің)
міндеті-мәселені ұғыну және оның шешімін балаға көрсетіп бермеу, итермелеу,
тек өзін-өзі тыңдауға, өзіне-өзі оралуға мүмкіндік беру.
К.Роджерстің ұғымында, тұлға мен оның әрекеті үшін Мен-
тұжырымдаманың қалыптасуының маңызы зор, ол өзін-өзі қабылдау жүйесі: адам
өзін-өзі қалай қабылдайтынын сипаттап береді, мұны К.Роджерс Нақты-Мен
деп атайды. Мен-тұжырымдамаға сонымен қатар Идеалды-Мен жоспары да
кіреді, ол адамның өте бағалайтын, бойына сіңіргісі келетін, бірақ әлі қолы
жетпеген сипаттамаларынан тұрады. Адам жаңа өмірлік тәжірибе жинаған сайын,
яғни әлеуметтену барысында Мен-тұжырымдама да күрделіленетініп, саралана
түседі. Сонымен қоса, индевидте айналасындағылар тарапынан, әсіресе маңызды
ересектер-педагоктер мен ата-аналардың өзіне деген оң көзқарасты қажет
етушілік пайда болады. К.Роджерс айналадағылардың дұрыс қарым-қатынасы
баланың өз-өзіне дұрыс қарым-қатынасына, өзіне сенімділігіне айналады да,
әлеуметтенуші тұлғаның нақты және идеалды мені сәйкестендіруге жағдай
жасайды деп есептейді.
Әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын қолданушының бірі Абрахам
Маслоу (1908-1968) былай деп мәлімдеген: адам табиғатынан-ақ толық
жетілген, ол өз өмірін белсенді түрде құруға, денсаулығын сақтауға, әсемдік
әлемімен тлдесуге, өзінің дербестігі мен даралығын қорғауға қабілетті. Оның
дәлелденуінше, әлеуметтілік адамның табиғатында бар нәрсе, адамдарда
табиғатында бар нәрсе, адамдар да туа біткен адами қажеттіліктердің ерекше
қатары болады. Қарапайымнан (тамақтану, ұрпақ жалғастыру) бастап,
қауіпсіздік пен қоғанысқа, махаббатқа, құрметке, ең соңында ақиқатқа,
ізгілікке, сұлулыққа, әділеттілікке, және өз маңызын арттыруға қажеттілікке
дейін. Осыған сүйеніп, А.Маслоу адамның әлеуметтік мінез-құлқы толығымен
өзін-өзі негіздейді және әрбір тұлға өзін-өзі жасайды, өз өмірлік
тәжірбиесінің сәулетшісі өзі, оны қоршаған әлеумет жасамайды деп
түйіндейді.
А.Маслоу әр түрлі еңбектерінде тұлғаның қалыптасу, оның туа біткен
әлеуетін өсіру мен жетілдіру туралы ойын дамыта түсті. Оның пікірінше,
жақсы өмірдің мәні тағдырдың барлық сынын қабыл алып, өзінің адамдық
табиғатыңды іске асыруда, қайсібір әлеуметтік шаблондарға, дәстүрлерге бой
ұрмай, өзін-өзі тиімді дамытудың қажетті әрі мүмкін жолдарын іздеуде жатыр.
Адам өз іс-әрекетін қоғамдық талаптардың ыңғайымен үнемі өзгеріп отыруға,
айналадағы адамдарға бейімделуге мұқтаж емес. Оның әрекеттері әу бастан
өзіндік Менің құндылығынан туындайды Адам өмірінің әрбір сәтінеде өз
ішіне үңіліп, өзіндік Меніне құлақ түруді бастамайынша, дұрыс таңдау
жасай алмайды ... жауап іздеп өзіңе-өзің мән беру-жауапкершілікті өзің
иелену деген сөз деген А.Марсоу адамның барлық табиғи мүмкіндіктерін өзі
жанжандыруынан қоғамды және әлеуметтік өмірдің өзін де жетілдірудің басты
жолдарын көреді.
Осылайша, әлеуметтенудің сыншылық тұжырымдамасын қорғаушы гуманистік
мектеп психологтері әлеуметтілік деп аталатын тұлғалық қасиетті көп
дәрежеде биологиялық бірлікпен-организммен, ал әлеуметтік қажеттіліктерді-
биологиялық тек-тамырлармен байланыстырады. Сондықтан да өзіне-өзі маңыз
беруді олар бастапқы нүктесінде әлеуметтік ортаға, адамзат мәдениетіне
тәуелсіз, өз ішінен өсу түрінде түсінеді.
Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасының өкілдері тұлғаның
қандайда бір әлеуметтік әрекетті игерудің басты мүмкіндігі ретіндегі
когнитивтік үрдістердің мәнін ерекше атап көрсетеді. Теоретиктер өз
зерттеулерінде генетикалық психологияның Женева мектебінің негізін салушы
Жан Пиаженнің (1896-1980) психологиялық даму теориясына сүйенеді. Бұл
теория бойынша, тұлғалық даму-ең алдымен ойлаудың дамуы.
Әлеуметтенудің конгнитивтік тұжырымдамасының жетекші өкілдерінің бірі-
америкалық психолог әрі педагог Лоуренс Колберг (1927-1987). Дж.Дьюи мен
Ж.Пиаженнің идеяларының едәуір ықпалында болған. Л.Колберг тұлғаның
әлеуметтену үрдісі ең әуелі моралдік сананың даму, әлеуметтік өмірдің
талаптары мен ережелерін меңгеру үрдісі деп қарастырылады. Бұл жерде ол
әлеуметтік ортаны сыртқы әсерлердің жүйесі деп емес, тұлғаны белгілі бір
әлеуметтік рөлдері қабылдауға ынталандыратын мүмкіндіктер жүйесі деп
анықтап берді.
Л.Колберг тұжырымдамасының тәрбие тәжірибесі үшін ерекше құндылығына
келсек, ол мектепті әділетті қоғамдастыққа қалай айналдыруға болатынын
және одан әлеуметтендірудің сынақ алаңын қалай жасауға болатынын көрсете
алды. Л.Колберг пікірінше, мектептің демократияланған әлеуметтік құрылымы
балалардың (педагогтердің де) өз әрекетін басқа адамдардың мүддесі
тұрғысынан бағалауға бейімділігін, басқаларды өзіндей көруге, солардың
қамын ойлап өмір сүруге дайындығын қалыптастырады. Балалар үшін, жаңа
әлеуметтік тәжірибеге иек арту үшін олар өз әрекеттерінің жаңа
бағдарламасын табуы тиіс. Яғни, әлеуметтік тәжірибе балалардың танымдық
әрекетін қамшылай түскендей болады.
Л.Колбергтің әлеуметтендіру және адамгершілікке тәрбиелеу теориясының
негізгі идеялары Америка мектептері мен университеттерінің, жасөспірімдерге
арналған әр түрлі түзету мекемелерінің тәжірибесінде кең қолданылады. Ол
және оның ізбасарлары әлеуметтендіру механизмін қандайда бір ұқсастық
теңгерімі түрінде қарастырылады: тұлға әрбір нақты жағдайда басқалар
сияқты болу талаптары мен ешкімге ұқсаау талаптары арасында тепе-
теңдікті сақтауы, яғни, бір мезгілді әрі ұқсас, әрі қайталанбас болуы тиіс.
Әлеуметтік үйрену тұжырымдамасы әлеуметтендіру механизмдері ретінде
идентификация, еліктеу, сену, талаптарға бағыну, конформдылық үрдістерін
қарастырады. Бұл үрдістер санасыз немесе санамен сезінудің түрлі
дәрежесінде орын алып, жеткіншек баланың әлеуметке енуіне жағдай жасайды.
Әлеуметтік үйрену терминін ғылыми айналымға ХХ ғасырдың 30-жылдарында
америкалық психологтер Н.Миллер мен Дж.Доллард енгізген. Үйрену дегеннің
өзі әлеуметтік даму үрдісі өздігінен жүріп жатқанын көрсетеді.
Әлеуметтік үйрену тұжырымдамасының психологиядағы басты үндеушісі-
белгілі америкалық психолог Альберт Бандуар (1925ж. туған).
Оның көзқарасы бойынша, адамның мінез-құлқын әлдебір ішкі, психикалық
күштер немесе сыртқы ортаның ықпалы ғана басқармайды. Сонымен қатар адам
мінез-құлқында когнитивтік құрылымдар да бар, ал оны анықтайтын механизмді
А.Бандура өзара детерменизм деп атады. Барлық фокторлар өзара байланыста:
тұлғаның мұң-мұқтажы мен қалауы, сенімі мен өзін-өзі қабылдауы айналадағы
адамдар мен оқиғалардың ықпалымен, жазалау және мадақтау, сәтсіздік пен
табыс әсерлерімен анықталады да, мінез-құлыққа себеп болады.
Әлеуметтік, когнитивтік және тұлғалық факторлар өзара байланысты
дерминанттар ретінде жұмыс істейді де, адам өз өмірінің, өз
тәжірибесінің, онда да басынан кешкені мен міндетті түрде түсінгендерінің
өнімі болып табылады. Мінез-құлықтың когнитивтік бөлігін А.Бандура өте
маңызды деп санайды. Адамның әлеуметтік өмірдегі барлық қажеттіні үйренуге
жағдай жасайтын соның өзі.
А.Бандура әлеуметтену үрдісін бақылау арқылы үлгілеу немесе үйрену
үрдісі деп қарайды: айналадағыларды бақылау негізінде баланың мінез-құлық
үлгісі қалыптасады. Бейнелі және тілдік жүйелер арқылы олар кодталып,
еске сақталады және мінез-құлықтан көрінс табуы мүмкін. Бала өзінің
әлеуметтік ортасындағы ересектер мен құрбыларынан үйрену, олардың мінез-
құлқын көшірмелеу арқылы ол үшін жаза да, мақтау да күтпестен әлеуметтенеді
деп есептейді А.Бандура. Оның үстіне, балалық кезеңде әлеуметтік өмір
туралы жинақтайтын ақпараттың молдығы сондай, бала оны өз мінез-құлқында
толығымен көрсете алмауы да мүмкін. Мұның бәрі әлдекімнің мінез-*құлық
үлгісін қайталаудың салдары қаншалықты жағымды болатынына тұлғаның өз
бетінше баға беруне байланысты. Осы жерде, А.Бандураның пікірінше,
когнитивтік үрдістер маңызды рөл ойнайды: модель үйретеді, мида белгілі
бір байланыстар пайда болады, бірақ адамның бұл байланыстарға жүгінуі нақты
жағдайды талдау арқылы ғана анықталады.
А.Бандура әлеуметтік үйрену үрдісінің маңызды элементі нығаю екенін
айтады. Ол сыртқы нығаю, жанама нығаю, салдарын алдын-ала білу, өзін-
өзі нығайту түрлерін бөліп көрсетеді.
Әлеуметтк үйрену тұжырымдамасының әлеуметтік-педагогикалық мәні
ересектерге әлеуметтік жағымды мінез-құлық үлгісін беру жөнінде ұсыныс
жасауға тіреледі.
Әлеуметтік үйрену теориясының беделді өкілдерінің бірі-америкалық
психолог Ури Бронфенбреннер (1917 ж. туған) ХХ ғасырдың 60-жылдарының
өзінде АҚШ-тағы және КСРО-дағы балалардың әлеуметтенуін салыстыра зерттеуді
қолға алады.
У.Бронфенбреннер өз еңбектерінде әлеуметтенуді орта мен өмір
жағдайларының әлеуметтік ықпалдарының жиынтығы ретінде бірден төрт деңгейде
қарастырады.
-микрожүйе деңгейі (отбасының, құрбы-құрдастар тобының, мектептегі
достардың, кейде дни қауымның әлеуметтік ортасы);
-мезожүйе деңгейі (әлеуметтік институттардың өзара әрекетінен
туындайтын ықпалдар, мысалы, отбасы мен мектеп, отбасы және діни қауым),
-экзожүйе деңгейі, кеңейген отбасы (отбасының достары, көршілер,
қоғамдық ұйымдар, қалалық билік орындары, бұқаралық ақпарат құралдары
тигізетін ықпал);
-макрожүйе деңгейі (сол ортадағы мәнеиеттің қағидалары мен
идеологиясы, қандайда бір субмәдениеттегі әлеуметтік ұғымдар мен нормалар).
Тұлға әлеуметтену үрдісінде әлеуметтің өзара байланысты деңгейлерінің
барлығының ықпалын бастан кешеді және өзінің өмірлік ортасын көп деңгейлі
етіп құрады деп санады У.Бронфенбреннер
1.2 Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың
әлеуметтік-мәдени статусы.
Мемлекет тарапынан көмек қажет ететін балалар категорияларының негізгі
көрсеткіші – балалардың әлеуметтік статусын анықтау болып табылады. Балалар
мәртебесін анықтау құқықтық нормативтерге сүйене отырып өте мұқият қаралуы
керек. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік статусын құрайтын
бірнеше критерилер белгілі: денсаулық, жетім қалу, мінез-құлық
ауытқушылығы, қатігездік таныту экологиялық аймақта қоныстану, отбасы
өмірінің деңгейі, әлеуметтік тәуекел отбасылары, қараусыз балалар және
қаңғыбас балалар.
Денсаулығына байланысты үкімет тарапынан, әлеуметтік қоғамнан қолдау
қажет ететін мүгедек балалар санатына мыналар жатады:
- 0 – 18 жас аралығындағы мүгедек балалар, оларды өзара жасына
байланысты топтарға бөледі: 0 – 3 жас аралығындағы, 4 – 16 жас
аралығындаға, 16 – 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек
балалар;
- әлеуметтік мағынадағы ауруы бар балалар: СПИД, туберкулез,
нашақорлық, ішкіштік, таксикомания;
- психолгиялық ауытқулары бар балалар;
- радиациясы жоғары аймақта тұратын балалар.
- әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар қатарына тағы да жетімдер,
қатігездік көрген балалар, эксплуатацияланғандар, қаңғыбас, қараусыз
балалар.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың саны күннен күнге көбейіп
келе жатқандықтан еліміздегі денсаулық сақтау, білім, және әлеуметтік
қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап еті отыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Қарағұсова Астанада
журналистермен өткізген беспасөз маслихатында министрліктің мемлекеттік
бюджеттің ірі және шығыс бөлімдерін талдау мен өркениетті түрде
айналысатындығын, бұл өз кезегінде министрліктің зейнеақылар мен
жәрдемақыларды нақты төленуіне бақылау жасауды күшейтетіндігін айтқан
болатын. Өз сөзінде Г.Қарағұсова: Қазақстанда кәсіби аурулардан, жалпы
аурулардан, туа біткен немесе жүре пайда блоған мүгедектік мәселелері
бойынша ғылыми-зерттеу базасы жоқ. Осының бәрін құру керек. Біз әлеуметтік
мәселелермен айналысатын, мәселен, көп балалы отбасылар ассоциациясы
мүгедек балалары бар аналар бірлестігі және басқа да қоғамдық ұйымдармен
шынайы өзара қарым-қатынастарға жол ашуымыз керек, - деген болатын.
Мүгедек жандар мүддесіне байланысты айтылған министрдің бұл бастамаларының
нәтижесін уақыт көрсетіп отыр. Елімізде мүгедек жандар құқығын қорғауға
байланысты заңдар қабылданып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. С
розовой дискеты кемтер балаларды әл. Қорғ.
2006 жылы Қазақстан Женева қаласындағы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі
комитетінде балалар құқықтары туралы БҰҰ конвенсиясында айтылған
ережелердің орындалуы турасында есеп берді.
Осыған орай Бала Құқықтары турлы конвнецияның 44-бабына және БҰҰ
Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 30-сессиясының ұсыныстарына сәйкес
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылдың 13-шілдесіндегі №670-қаулысымен бекітілген Қазқстан
Республикасындағы балалардың жағдайы туралы 2-ші және 3-ші жиынтық мерзімді
баяндаманы әзірлейді. Бұл баяндамада мүдделі министрліктер мен
ведомоствалардың балалар жағдайларына, олардың құқығын қамтамасыз етуге әрі
жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешу құзіретіне ие жергілікті
атқарушы органдардың материалдары, мемлекеттік статистика мәліметтері,
балалыш шақ мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдардан алынған
мағлұматтар, арнайы зерттеу метериалдары негізінде жазылды. Баяндама ауқымы
Қазақстан Республикасындағы балалық шақ проблемаларымен спекрін қамтыған:
отбасы, білім беру, денсаулық сақтау, жетім балалар, мүгедек балалар,
қамаудағы, қашқын балалар, қадағалаусыз қалған балалар мен құқық бұзушылар.
Белгілі бір дәрежеде балалардың заңды құқықтарымен мүдделерін
сақтауға қатысты ұлттықсаясатты жүзеге асыру үшін білім беру, денсаулық
сақтау, кедейшіліктәі кеміту, мүгедектерді оңалту, және басқа салаларда
балалар құқығын сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік салалық
бағдарламалар қолға алынды. Мұндай бағдарламалардың арасынан мыналарды атап
көрсетуге болады:
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарлдамасы;
- Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- 2003-2005 жылдарға арналған Салаутты өмір салты кешенді
бағдарламасы;
- Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы;
- ҚР-да әлеуметтік реформаларда одан әрі тереңдетудің 2005-2007
жылдарға арналған бағдарламасы.
Барлық санаттағы балаларды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен
қамтамасыз ету арқылы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерінде
мүдделі мемлекеттік құрылымдарды, үкіметтік емес әрі халақаралық ұйымдарды
басқарудың және ведомоство аралық өзара ықпалдастырудың тиімді жүйесін құру
жөніндегі мәселе аталмыш есептің маңызды бір жағы болып табылады.барлық
санаттағы балалар құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған шаралардың
адрестілігін, Балалар құқықтары жөніндегі БҰҰ конвенциясында айтылған
ережелердің, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы заңының және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттардың
орындалу кепілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 2006-2011 жылдарға
арналған Қазақстан балалары мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Есептік кезеңде бюджетаралық қатынасты жетілдіру аясында басқарудың
республикалық және аймақтық деңгейлері арасындаға өкілеттілікте шектеу
мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Экономикалық өсу нәтижесінде пайда
болған жаңа мүмкіндіктер бүгінгі таңда отбасымен балаларды әлеуметтік
жағынан қорғау әрі әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт,
мәдениет, денсаулық сақтау, тәлім-тәрбие, оқыту салаларындағы балалар
мүддесіне қатысты мемлекеттік саясатты қаржыландыру үшін пайдаланып отыр.
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ конвенциясында айтылған маңызды нормалардың
біріне білім алу құқығы жатады. Қазақстан Республикасында балалардың білім
алу құқығын жүзеге асыру мақсатында 2005 – 2013 жылдарға арналған Білім
беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Қазақтанда дамуында кемтар балаларды кемсітушілікке қатысты
қабылданған шаралар турасындағы мәселе есептің маңыздылығын арттыра түсті.
Арнайы білімберу саласында ақыл-есі сау құрбыларының білім алып жүрген
ортасына тарту бойынша инновациялық процесс кеңінен енгізіле бастады.
Профилактика үшін оңтайлы жағдай тудырудағы әрі дамуында кемтар балаларды
тәрбиелеудегі, оқытудағы, әлеуметтік бейімделудегі инновациялық бағыттарда
зерделеу бойынша жұмыстар жетілдіру үстінде. Түзету педагогикасы ғылыми-
зерттеу иститутының сараптамалық-педагогикалық мәліметтері ерте бастан
түзетуден өтіп, жаппай білім беретін мектепке тускен бұрыннан саңырау
немесе мүкіс естудің 4-ші дәрежесі бойынша жіктелген, есту қабілеті өте
төмен балалар 25 пайызының есту қабілеті бұзылмаған балалардан тәртібі мен
үлгерімі жағынан артта қалмағанын көрсетті. Бұл балалардың жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz