Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-7

І ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және нарықтағы ролі . . . 8-21

1. 2 Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидаттары . . . 22-41

1. 3 Зейнетақы түсінігі және олардың түрлері . . . 42-63

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ

2. 1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау . . . 64-94

  1. Зейнетақы жүйесінің инвестициялық жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары . . . 95-113

2. 3 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйеісінің қызметін қадағалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау . . . 114-123

ІІІ Жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі кезеңдегі экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

  1. Чилилік зейнетақы қорларын Қазақстанда қолданудағы қиыншылықтары мен жетілдіру жолдары . . . 124-131

3. 2 Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жинақтаушы зейнетақы қорының мүмкіндіктерін пайдалану жолдары . . . 132-138

3. 3 Зейнет ақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету проблемалары . . . 139-143

  1. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаетың жолдауларындағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттары . . . 144-150

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 151-156

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 157-162

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік - экономикалық мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің зейнетақы жүйесі әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да зейнетақы жүйесі халықты қамтамасыз етуде маңызы зор фактор ретінде қарастырылады.

Қазiргi кезде, Қазақстанның зейнетақы жүйесiнiң реформасы басталғалы бес - сегiз жыл өткеннен соң оны жүзеге асты деуге болады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының бұдан әрi дамуы кезеңiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң бәсекелiк қабiлеттiлiгiн және ең басты оның институттарының қаржылық орнықтылығы мәселелерiн қамтитын жаңа айналымын зерттеудi және шешiмiн табуды қажет ететiн мәселелері туындайды. Республикамыздың “Қазақстан - 2030” бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың әл - ауқатын, қауiпсiздiгін жақсарту, гүлдену, даму стратегиясында Президентiмiз Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, елiмiздiң дамуының басты бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл - ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы - елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi.

Республиканың әлеуметтiк - экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде зерттеулер жүргiзу, оның тереңдеуi, нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оған әрекет етудiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi.

Зейнетақы активтерiн экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану керек деп есептеймiз. Сондықтан, ҚР ЖЗҚ инвестициялық процесiне талдау жүргiзу және тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту мен әрi қарай дамытудың басымдықтарын зерттеу маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Аталған мәселелердi шешу үшiн, оған қатысты отандық және шетелдiк мамандар мен ғалымдардың зерттеулерiн негiзге ала отырып, зейнетақы қорларының қызметтерiн жаңғыртуды және олардың экономиканы қаржыландыруға қатысу мүмкiндiктерiн дұрыс арнаға қоюдың жетiлдiрiлген әдiстемелiк жолдарын ұсынуды және негiздеудi қажет етедi.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн енгiзу процесiнде қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорларының бiрте-бiрте эволюциялануының белгiлi бiр заңдылықтары қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қаржылық менеджментiнiң ерекшелiктерi қалыптастырылуда, оларды зерттеуге отандық ғалымдар назарын аудара бастады.

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жетiлуi жинақтаушы зейнетақы қорларының өзара бәсекелестiгiнiң күшеюiмен қатар жүруде.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - зейнетақы жүйесінің теориялық аспектiлерiн зерттеу және осының негiзiнде Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының, қызметі мен оның дамуының жалпы жүйесiн жетiлдiру бойынша жаңа стратегиялық ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.

Осы мақсаттан мынандай міндеттер туындайды:

Әлеуметтік мемлекет құру жолындағы Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасына талдау жасай отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар зейнетақы реформасын жүзеге асырушы экономикалық институттардың қоғамда алатын рөлін анықтау да қажеттілік болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

  • әлеуметтік - экономикалық мемлекеттегі зейнетақының теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;
  • зейнетақы жүйесінің әлеуметтік - экономикалық институттар мен үрдістерде алатын орнына әдіснамалық талдау жүргізу;
  • әлеуметтік мемлекет құру жағдайында мемлекеттің зейнетақы реформасы үлгілеріне талдау жасау;
  • зейнетақы жүйесінің әлеуметтік - құқықтық негіздерін сараптау және осы реформаны жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын қызметін ашып көрсету;
  • қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі мәселелерінің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен негізгі бағыттарын айқындау;
  • нарықтық экономикасы дамыған елдердегi азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның ерекшелiктерiне байланысты қолдануына талдау жүргiзу;
  • бiрыңғай зейнетақы жүйесінен жинақтаушы түріне өтудi анықтаушы факторларды ғылыми түрде жүйелеп, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiн жетілдiру және олардың инвестициялық мүмкiндiктерiн күшейтуге байланысты сұрақтарды қарастыру;
  • Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамыту ерекшелiктерiн ашып көрсету;
  • мемлекеттің зейнетақы жүйесінің жетілдіруінің басым бағыттары бойынша тиімді және тәжірибиелік мәні бар ұсыныстары мен кеңестерін беру.

Дипломдық жұмыстың негізгі объектісі: Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы әлеуметтік институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері, әлеуметтік - экономикалық институттар мен қаржы ұйымдардың әлеуметтік саясат үрдісіндегі іс-әрекеттері мен өзара байланысы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жалпы дипломдық жұмыс үш бөлімнен құралады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, сонымен мақсат пен міндеттері қарастырылған. Ал негізгі бөлімінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздерін», және де «Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнеақы қорларының қаржылық - экономикалық көрсеткіштерін және даму ерекшеліктеріне»талдау жүргізіп, сонымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің стратегиялық дамуы және тұрақтылығын арттыру жолдарын» қарастырдым. Қорытындыда жалпы қазіргі зейнетақы реформасына жүргізілген стратегиялық даму бағыттарға өз ұсыныстарымды енгіздім. Жалпы дипломдық жұмыстың көлемі - 99 бет.

Берілген мақсатқа сай жұмыста мына міндеттер шешіледі:

-жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздерін ашу;

- Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесінің құрылымы мен қазіргі жағдайын талдау, экономиканың әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатымен оның қалыптасу және даму ерекшелігін анықтау, Қазақстандағы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау арқылы бұл саладағы негізгі мәселелерді шешу;

- зейнетақы жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру үшін ұсыныстар беру.

Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы қорының қызметі.

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту және оны жетілдіру жолдары.

Ақпараттық негіз болып Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты заңдық және нормативтік актілері, статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары, ҚР Президенті Назарбаев Н. Ә. Казақстан Республикасының халқына 28. 02. 2007 жылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы (1 маусым 2005ж. ), ҚР Қаржы министірлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі мәліметтері алынды /7, 1-50б. /.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, колданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 9 кесте мен 8 сурет бар.

І ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және

нарықтағы ролі

Жинақтық зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) - бұл контрактілі-сақтаушы типтегі қаржылық институттары болып табылады, олар ұзақмерзімді контрактілерге сәйкесті салымшылармен төленетін зейнетақы жарналардың негізінде халықтың сақталатын ақша қаражаттарын тартады. ЖЗҚ-ның ерекшелігі - олар еңбеккке қабілеттілігін жоғалту барысында адамдардың материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Зейнетақылық жарналардың салымшылары белгілі бір жасқа келгеннен кейін табыс көзқайнарын қалыптастыру мақсатында зейнетақы қорларының қарыздық міндеттемелерін сатып алады.

Зейнетақы қорлардың дамуы корпорациялардың жоғары маманданған жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы қорлары - жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің салымдары.

Зейнетақы қорларын құрудың негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға зейнетақы жарналарын инвестициялау есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді. Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады / 11, 13 б. /.

Зейнетақы қорларындағы пассивті операциялардың негізі корпорациялардың, кәсіпорындардың, сонымен қатар бүкіл түсімдердің 20-30% құрайтын жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады. Жарна үлесі түрлі корпорациялар, кәсіпорындар және мемлекеттер бойынша ауытқиды. Корпорация қуаттырақ әрі байырақ болған сайын, жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналар үлесі аз болады. Зейнетақы қоры капиталының жинақталу ерекшелігі кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің, қызметкерлердің ұзақ мерзімге өмірді сақтандыруға кеткен жарналарының сомаларынан құралады. Зейнетақы қорлары ұзақмерзімді ақша қаражаттарын иемденеді және оларды үкіметтік, жеке бағалы қағаздарға салады. Зейнетақы қорларының активінің 80% жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Активтердің 30% астамы жай акцияларға жататындықтан корпорация саясатына зейнетақы қорлары әсер етеді. Зейнетақы қорлары өзінің корпорацияларының активтеріне де ақша қаражаттарын салады.

Жекеменшік зейнетақы қорларымен қатар мемлекеттік зейнетақы қорлары да бар. Олар орталық үкіметпен және жергілікті басқару органдарымен құралады. Мұндай қорлардың пассивті операцияларының негізін түрлі үкіметтік деңгейдегі бюджет қаражаттары және жұмыскерлердің жарналары құрайды. Активті операциялар мемлекеттік және корпорациялардың бағалы қағаздарының салымдарында шоғырланады. Мемлекеттік зейнетақы қорларының қызметінде ақша қаражаттарын инвестициялау мен қызметінің формаларын ұйымдастыруы бойынша айырмашылықтар болады.

Еркін активтерді құрай отырып зейнетақы жарналары зейнетақы қорларында жинақталады. Сондықтан зейнетақы қорларының активтері экономикада маңызды роль атқарады / 10, 89 б. /.

Экономикадағы салалардың мәнін ЖІӨ-гі үлесінің көрсеткіші бойынша мәнін анықтауғы болады. Мысалы, дамыған елдерде ЖІӨ-гі зейнетақы активтерінің үлесі 10% құрайды (кесте 1) .

Зейнетақы қорлары инвестициялар сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.

Зейнетақы қорларының макроэкономикалық қызметіне :

- Олар инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың және т. б. ) нақты емес ақпарат алу тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне, басымды бағыттар мен қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.

- Қаржылық делдалдардың жекеменшік міндеттемелерін шығару экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді. Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұранысы, нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзім кезеңінде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға материалданған инвестициялар экономикалық өсудің сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс көлемінің сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды /9, 58 б. /.

Кесте 1 Экономикасы дамыған мемлекеттер бірлестігі елдеріндегі зейнетақы қорларындағы активтер көлемі (1993 жылы)

млрд. доллар

Елдер: Елдер
Активтер: Активтер
ЖҰӨ бойынша активтер: ЖҰӨ бойынша активтер
Жан басына шаққандағы активтер: Жан басына шаққандағы активтер
Елдер: 1
Активтер: 2
ЖҰӨ бойынша активтер: 3
Жан басына шаққандағы активтер: 4
Елдер: АҚШ
Активтер: 2 908
ЖҰӨ бойынша активтер: 49
Жан басына шаққандағы активтер: 12
Елдер: Жапония
Активтер: 1 752
ЖҰӨ бойынша активтер: 42
Жан басына шаққандағы активтер: 14
Елдер: Ұлыбритания
Активтер: 726
ЖҰӨ бойынша активтер: 77
Жан басына шаққандағы активтер: 13
Елдер: Германия
Активтер: 254
ЖҰӨ бойынша активтер: 15
Жан басына шаққандағы активтер: 3
Елдер: Нидерланды
Активтер: 216
ЖҰӨ бойынша активтер: 68
Жан басына шаққандағы активтер: 14
Елдер: Швейцария
Активтер: 195
ЖҰӨ бойынша активтер: 83
Жан басына шаққандағы активтер: 28
Елдер: Канада
Активтер: 162
ЖҰӨ бойынша активтер: 29
Жан басына шаққандағы активтер: 6
Елдер: Австралия
Активтер: 122
ЖҰӨ бойынша активтер: 43
Жан басына шаққандағы активтер: 7
Елдер: Швеция
Активтер: 62
ЖҰӨ бойынша активтер: 25
Жан басына шаққандағы активтер: 7
Елдер: Норвегия
Активтер: 31
ЖҰӨ бойынша активтер: 27
Жан басына шаққандағы активтер: 7
Елдер: Ирландия
Активтер: 14
ЖҰӨ бойынша активтер: 28
Жан басына шаққандағы активтер: 4

Ескертпе: дерек көзі - Смешанное общество: мировой опыт и Казахстан». /Отв. ред. АК. Кошанов /43, 87 б. /.

Зейнетақы қорлары қоғамдағы әлеуметтік экономикалық тұрақтылыққа үлес қосатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Зейнетақы қорларының микроэономикалық қызметіне :

- Халықтың еркін ақша қаражаттарын шығара отырып, зейнетақы қорлары қарыз алушының қажеттіліктеріне сай оларды инвестиция түрінде салады.

- Зейнетақы қорлары көптеген иеленушілердің ресурстарын біріктіргендіктен жаппай инвестициялаудың формасына жатады. Осыдан тәуекелділік деңгейі төмендейді.

- Өндірісті инвестициялай отырып, зейнетақы қорлары олардың кәсіпкерлік белсенділігін қаржылық институт ретінде ынталандырады. Ұзақмерзімді қарыздық міндеттемелерді зейнетақы қорлары (акцияларды, корпорациялардың ұзақмерзімді облигациялары) инвестициялық қызметті ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерін сатып алғанан кейін зейнетақы қорлары корпорацияның уақытша ақша қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қысқа мерзімді инвестциялар айналым қорларын толықтыру үшін қажет. Сөйтіп зейнетақы қорлары қаржылық делдал бола отырып, кәсіпкерлік секторды несие төлемдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, инвестициялық сұраныс пен экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейін көтереді /9, 63 б. /.

Қазақстанда зейнетақы реформасының басты себебі болып әлеуметтік қамсыздандыру саласын дағдарысқа ұшыратқан посткеңестік экономикалық дағдарыс саналады. Халықтың қартаюы мен жұмыспен қамсыздандырудың төмендеуі өлшемінен жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуына ЖІӨ−дегі мемлекеттік шығындардың үлесі өсті. Қазақстанда бір зейнеткерге 2. 5 жұмысшы тең келді. Халықтың еңбекке қабілетті бөлігіне салықтық ауыртпашылық лезде жоғарылады, ол зейнеткерлерге ағымдық төлемдерінің тапшылығын тудырды. Зейнетақылық реформаның басында зейнеткерлер алдындағы борыш 36 млрд. теңге көлемінде қалыптасты. Кейбір аймақтарда зейнетақы төлеу мерзімінің кідірісі 10 айға жетті. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде қаржылық жағдай мен тиімділікке байланысты қалыптасқан күрделі экономикалық және әлеуметтік қауіп төндірген жүзеге асырылушы жүйе қаржылық стрессте болды. Сондықтан зейнетақылық қамсыздандыру реформасы объективті қажеттілікке ие болды /13, 15 б. /.

Орталықтандырылған зейнетақы жүйесінің қызмет етуі келесідей кемшіліктерді айқындады:

− жарналар көлемі мен зейнетақылық төлемдер арасындағы сәйкессіздік. Яғни қызметкер оның жұмыс берушісінің зейнетақы қорына аударымдардың уақытылы және толықтығына тәуелсіз зейнетақыны ала алатын. Сондай−ақ мемлекет зейнетақыны Мемлекеттік зейнетақы қорынан төлеуге міндетті болды;

− өндіріс шығындарының ұлғаюында көрініс тапқан, жалақының 25, 5% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарының ставкасы жеткілікті жоғары болды. Сонымен қатар аударымдардың жоғарғы деңгейі жұмыс берушілердің зейнетақы төлемдерін төлеуден жалтаруына алып келді;

− зейнетақы аударымдарының түсімдерін бақылаудың болмауы мен жұмыс берушілердің қызықпаушылығы жинақтау деңгейінде білінді;

− зейнетақы жеңілдіктерінің үлкен мөлшерінен әлеуметтік әділеттілік қағидасының бұзушылығы;

− зейнетақы аударымдарының иесізденуі мен қаражаттарды тиімсіз басқару зейнетақы аударымдарының ұлғаюына кедергі жасады;

− өз кезегінде зейнетақы қаражаттарын тиімсіз басқару артынан қаржылық ысыраптарды тудырды.

Қазақстанда бірінші мемлекеттік емес зейнетақы қорлары 1994 жылы пайда болды. Олар бірінші Қазақстандық еркін зейнетақы қоры ″Бутя″, мемлекеттік емес зейнетақы қоры ″Надежда″ және тағы басқалары болды. Алайда олардың қызметі заңнамалық−құқықтық негіздер мен техникалық инфрақұрылым жоқтығынан қиындады. ″Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары туралы″ Заң 1996 жылы бекітілді, бірақ бір жылдан соң 1997жылы зейнетақы реформасына бастама салған ″Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заң қабылданғаннан кейін өзінің күшін жойды /16, 49 б. /.

Зейнетақы реформасы 1998 жылы жүзеге асырыла бастады. Қазақстан ТМД елдері ішінен бірінші болып жинақтаушы зейнетақы қорына көшті. Бұл кезеңде қаржылық нарық ресурстардың өткір жетіспеушілігі, сондай−ақ зейнетақы реформасы қор нарығының дамуымен байланысты болды.

Алайда екі жылдан кейін қаржылық нарықтағы жағдай түбірімен өзгерді. Қор нарығының өркендемеуі мен басқа факторлармен қатар банктік жүйенің өтімділігінің өсуі мен зейнетақы активтері көлемінің өсуі зейнетақы активтерін орналастыру мәселесінің туындауын ескерді.

Зейнетақы жүйесін реформалауда Чилиде қызмет етуші зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі негізге алынды. Қазіргі зейнетақылық қамсыздандыру жүйесінің қызмет ету параметрлері мен негізгі салаларын түгелдей үш деңгей анықтайды / 11, 25-26 б. /.

Бірінші деңгей.

″Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қатар ынтымақтас (солидарный) зейнетақы жүйесі сақталды, сонымен бірге зейнеткерлер алдында ескі зейнетақы жүйесінде жұмыс істеген барлық мемлекеттік міндеттемелер де сақталған. Ынтымақтас зейнетақы жүйесінің міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушіден ұсталатын бірыңғай әлеуметтік салықтың (21%) ішіне кіретін. Ынтымақтас зейнетақы жүйесі ынтымақтас жүйе кезінде стаж жинаған, сондай−ақ жинақтаушы жүйеде жеткілікті зейнетақы жинақтарын жинақтауға мүмкіндігін иеленбеуші қызметкерлер мен зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыруды қарастырады.

Екінші деңгейі.

Зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде әрбір азамат жеке зейнетақы жинақтарын еңбекақы түріндегі төлемге жататын табыстың 10% көлемінде міндетті түрде ұсталып қалынатын зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылады. Сәйкесінше зейнетақы жасына жеткен азаматтардың зейнетақылары ынтымақтас жүйедегідей зейнетақыға шығу кезіндегі жұмыс жасаушылардың санына байланыссыз, салымшылардың жекеменшігі болып табылатын жинақталған құрал−жабдықтардың есебінен құрылады. Осылайша зейнетақыға шығу кезінде салымшылардың жеке зейнетақы шоттарынан өздерінің жинақталған жинақтары төленеді. Одан басқа зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарының өсуі мен оларды инфляциядан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қаржы құралдары инвестицияланады.

Үшінші деңгей.

″Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заңға сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еркін жарналарының есебінен құралатын қосымша зейнетақыны құратын еркін жарналар түсінігі енгізілді. Осылайша әрбір азамат еркін зейнетақы жарналары есебінен өз зейнетақылық жинақтарын көбейтуге мүмкіндігі болады.

1999 жылы ″Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру туралы″ Заңына өзгертулер енгізілді, соған сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналары қызметкерлердің жалақысынан міндетті түрде ұстала бастады.

Зейнетақылық реформа қаржы нарығының жаңа қатысушыларын әкелді :

- жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) ;

- зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын атқарушы ұйымдар

(ЗАИБАҰ) ;

- банктер−кастодиандар /18, 9 б. /.

Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына көшу бастапқыда халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенімінің артуы мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың тиімді келуіне көмектесетін аралық институт құруды ойластырған. Аралық институт ролі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді, оған зейнетақы жинақтарын сақтандырудың мемлекеттік кепілдемелері таратылды және зейнетақы активтерін инвестициялауды арнаулы шектеуші лимиттері белгіленді.

Қазіргі таңда республикамызда зейнетақы жүйесінің ынтымақтас (мемлекеттік) және жинақтаушы (жеке) жүйелерінің құрамынан қалыптасқан аралас түрі қызмет етуде:

-ынтымақтас жүйе қалыптасқан зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы алты айдан кем емес азаматтарға арналған;

-жинақтаушы жүйе 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына жалақының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын аударған азаматтарға арналған.

Жұмыс беруші ынтымақтас жүйеге зейнеткерлердің зейнетақысын төлеу шығындарын жабуға бағытталған әлеуметтік салық түрінде еңбекақы қорына үстеме 21% аударып отырған. Зейнетақы жүйесінің екіленуі нәтижесінде бүгінгі күндері зейнетақыға шығатын азаматтар екі қайнар көзден зейнетақымен қамсыздандырылады:

− зейнетақының бірінші бөлігі 1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына байланысты ынтымақтас жүйесінен еңбек стажына қатынасты мемлекет жағынан төленеді;

− зейнетақының екінші бөлігі жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы жинақтарынан төленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Жинақтаушы зейнетақы қоры
«Қосымша зейнетақыны» сақтандыру мен ерекшіліктері
Мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы жүйесін қалыптасу деңгейін бағалау және зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау механизмдерін жетілдіру
Зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәні
Зейнетақы қорларының есебінің теориялық-әдістемелерін негіздеу
Жинақталған зейнетақы қорының мәні ,мазмұны, атқаратын қызметі және оның шетелдік тәжірибесі
Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz