Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік лауазым


Жоспар:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
- Мемлекеттік қызметтің ұғымы . . . 4
- Мемлекеттік қызметтің принциптері . . . 5-6
- Мемлекеттік лауазым . . . 7-8
4. Мемлекеттік қызметшілерді жүйелеу . . . 9-10
5 Мемлекеттік қызметті өткеру . . . 11-15
6. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру . . . 16
Қорытынды . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 18
Кіріспе
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет - мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді. Заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т. б.
- МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҰҒЫМЫ
Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада кызметшілердің өздерінің міндеттерін (жұмысын) мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада - бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазакстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет, - делінген, - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Ал, лауазымдық өкілеттікі заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік ұғынылады.
Мемлекеттік кызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 акдандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік-құкықтық актілері жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканын еңбек, зейнетақы туралы және өзге де зандармен реттеледі.
- МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы заңдарынан, соларға сәйкес қабылданған занға тәуелді актілерден, сондай-ақ құкықтык ғылым мен басқару ғылымы тұжырымдаған нақты негізге алынатын принциптерге негізделеді. Олардың түрлері мемлекеттік кызмет туралы Занда нақтыланған. Оларға мына төмендегі принциптер жатады.
1. Заңдылық. Бұл ешкімді де тыс қалдырмайтын әмбебап принцип болып табылады. Мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын сақтауға міндетті.
2. Қазақстандық патриотизм (Отанға деген сүйіспеншілік) .
3. Мемлекеттік өкіметгің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне карамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы.
4. Азаматтар құықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері аддындағы басымдығы.
5. Мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, яғни Республика азаматтарының өз кабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекеттік қызмет бойынша жғгарылатуға тең құқылығы.
6. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде кабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.
7. Мемлекеттік кызметшілердің бақылуда болуы және есептілігі.
8. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Бұл кызметке кіретін азаматтардың алдындағы мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерін сөзсіз орындау және мемлекеттік қызметшіге заңсыз тиіспеуге құкыктық кепілдіктерді қамтамасыз ету болып түсініледі.
9. Мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін адал, ынталы аткарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу.
10. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.
Аталған Занда және оқулық заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың бұлардан өзге де принциптері айтылған. Олардың ішінде, мысалы, коғамдық пікір мен жариялылықты ескеру; мемлекеттік кызметшілердін, кәсібилігі мен жоғары біліктілігі және басқалар.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Занда мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейтіндігі ерекше атап айтылған. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде зандардың талаптарын басшылықка алуға тиіс және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмауы керек.
- МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМ
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік лауазым нормативтік-кұқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдык міндеттердің белгілі тобы жүктелген мемлекеттік органның кұрылымдық бөлігі делінген.
Мемлекеттік лауазым - оны атқаратын адамнын өкілеттігінің мазмұны мен көлемін қамтып көрсетеді.
Лауазым мемлекелік қызметштің қызметтік міндеттерінін, құкықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби-мамандық даярлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратын жұмысының мазмұнын көрсетеді, оның құқыктық жағдайын анықтайды.
Әрбір лауазым өкімдік тәртіппен құрылады, ол басқару органының штат кестесіне енгізіледі және тиісті мамандарға орналастыруға жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Занда мемлекеттік кызметші ұғымы берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазакстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан акы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы табылады.
Заңда мемлекеттік қызметшілерді екі топқа бөліп, түсініктеме берген.
Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік кызметші жатады.
Енді бір тобы - мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси - айқындаушы сипатта болатын және саяси мак-саттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады.
Жалпы алғанда құкықтық мәртебелерінің ерекшеліктеріне қарай мемлекеттік кызметшілер әр алуан түрлерге бөлінуі мүмкін.
Ең алдымен: а) мемлекеттік органдардың, ә) мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметшілері бөлінеді.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері мемлекеттің қоғамға басшылық жасау жөніндегі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға шоғырланған.
Ал, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметшілерінің функционалдық міндеттері өзгеше. Олардын қызметі тиісті өндірістік, әлеуметтік-мәдени жене өзге де қызмет процестерін, яғни кәсіпорындардың, мекемелердін және ұйымдардың мақсаттары мен атқаратын жұмыстарына орай негізгі міндеттерін орындауды ұйымдастырумен байланысты.
Мемлекеттік қызмет туралы заңда осы заңның барлық мемлекеттік қызметшілерге колданылатындығы, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясымен конституциялық зандармен немесе өзге заң актілерімен олар үшін басқадай құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайтындығы айтылған.
Техникалык қызмет керсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жүмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатаайды. Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі бекітеді.
- МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ
Жүйелеу мәселесін зерттегенде әкімшілік құқық ғылымында ең алдымен құқықтық жағы ескеріледі.
Қызметшілерді, олардың жүзеге асыратын функцияларының сипатына байланысты үш жүйеге: лауазымды адамдарға, жедел құрамға, көмекші персоналға; немесе бес топқа: басшыларға, жауапты мамандарға, техникалық персоналға (техникалық орындаушылар) және көмекші қызмет көрсететін персо-налға бөлуге болады.
Лауазымды адам, - делінген «Мемлекеттік қызмет туралы» Занда, - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінін міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.
Заң әдебиеттерінде лауазымды адам деп өз құзыретінің шеңберінде заңдық салдар туғызатын биліктік іс-әрекет жасауға құқығы бар мемлекеттік қызметшіні айтады (мысалы, басқарудың құқықтық актілерін шығаратын, ақша кұжаттарына қол қоятын, тіркеу іс-қызметтерін жасайтын т. с. с) .
Қазіргі кезеңнін. талаптарына сәйкес аталған заңда мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын жаңадан жүйелеу енгізілген. Ол бойынша жүйелеу негізгі белгілеріне қызметшілердің мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын органнын ұйымдык-құкықтық деңгейі, олардың нақты лауазымдағы құзыретінің көлемі мен сипаты, лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы рөлі мен орны жатады.
Осыған ораймемлекеттік қызметшілердін лауазымдары саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Саяси лауазымдарға:
1) Қазакстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардын орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент-палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Мемлекеттік кызметшілердің әкімшілік лауазымдарына мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдык өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер жатады.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік лауазымдарына мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекетті қызметшілер.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
5. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ
Мемлекетгік кызметке кірудің тәртібі мына төмендегі жағдайларды:
а) мемлекеттік орган мәртебесінің ерекіпеліктерін;
б) органның кіретін аясы мен саласының ерекшеліктерін;
в) мемлекеттік лауазымның санатын;
г) тиісті лауазымға орналасудың тәсілдерін ескере отырып құқықтық актілермен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге бәрі бірдей тең құқылы деген Конституциялык принцип бұл қызметке кіру немесе нақтылы мемлекеттік лауазымға тұру үшін белгілі шектеулер болмайды деген ұғым туғызбайды. Ондай шектеулер зандармен және басқа құқықтық актілермен тағайындалған.
Азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануға тиіс емес:
а) егер ол соған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет кабілеттілігі кем деп танылған болса;
ә) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік лауазымға орналасу кұқығынан айырған болса;
б) лауазымдық міндетгерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің қорытындысымен анықталған науқасы болса;
в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған болса;
г) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса.
Аталған мәліметтерді табыс еткен немесе бұрмалаған жағдайда мемлекеттік қызметке алуға жатпайды.
Мемлекеттік кызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше жас белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс стажы болуға тиіс.
Мемлекеттік кызметке кірген кезде азамат салық қызметі органдарына өзінің алған табыстары мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік туралы мәліметтер тапсыруға міндетті.
Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін барып мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына орналасу сайлау, конкурс, контракт, тағайындау арқылы жүзеге асырылады.
Сайлау мемлекеттік лауазыаддарға орналасудың ең демократиялық нысаны ретінде сайланатын адамның келісімі болуымен катар кандидатурасын ұсынуды және сайлау актісін мезгейді. «Мемлекетті қызмет туралы» занда мемлекеттік саяси қызметшілердін мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес басқа жағдайларда да жүзеге асырылады делінген.
Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдау арқылы орналастырудың нақты нысаны болып табылады. Ол кон курсқа қатысушылар арасында мемлекеттік кызметшілерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетін адамдарды анықтау үшін еткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасушы және қызметі бойынша жоғары тұрған санаттағы лауазымға жоғарылауы, «Мемлекеттік кызмет туралы» заңмен, өзгедей көзделген жағдайларды қоспағанда, тек конкурстык, негізде ғана жүзеге асырылады.
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметкетең қол жеткізу жөніндегі конституциялық құкығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет туралы занның талабына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы А-202 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің кағидасында қаралып бекітілген.
Бұл қағида бойынша конкурс ашық және жабық жағдайда өткізіледі. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысуға құқылы. Жабық конкурсқа тек әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ғана қатысуға кұкығы болады.
Конкурстык комиссия конкурсқа қатысушылар берген мемлекеттік қызмет атқарғаны туралы және басқа қажетті құжаттарды қарап, соның нәтижесінде тестілеуге жіберілген үміткерлердін, білімі мен кабілетін, одан кейін әңгімелесу арқылы кәсіби және жеке касиеттерін әділ бағалаудың негізінде тиісті шешім қабылдайды.
Әңгімелесуден өткен үміткерлерді әрбір бос лауазымға біреуін ғана кадр резервін есепке алуға конкурс комиссиясының өкілетті органға ұсыныстама жасауға құқығы бар.
Конкурс комиссиясының дұрыс корытындысына ие болған үміткерді мемлекеттік органның басшысы жарияланған қызметке қабылдауға міндетті.
Кейбір санаттағы қызметшілердің конкурс арқылы мемлекеттік қызметке орналасуы міндетті емес. Бұларға мемлекеттік саяси кызметшілер, сондай-ақ тұрақты негізде жүмыс істейтін, өз өкілеттігін тоқтаткан және койылатын біліктілік талаптарға сай келетін Парламент депутаттары, мәслихат депутаттары жатады. Олардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасуға құқықтары бар. Мұның тәртібін Республика Президенті айқындайды.
Контракт. Мемлекеттік лауазымға орналасу контрактісі мемлекеттік те, азаматтық та кызмет жүйесінде қолданылуы мүмкін. Контракт жасаудың тәртібі, оның шарттары, тараптардың міндеттері әртүрлі құқыктық актілермен, олардың ішінде еңбек зандарының актілерімен, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы каулысымен бекітілген мемлекеттік қызметке қабылдаудың Үлгі контрактісімен белгіленген.
Мемлекеттік лауазымға тагайындау - осы лауазым бойынша белгіленген функцияларды, міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруды қызметшіге ресми түрде жүктеу кезін айқындайтын өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңдық актісі. Тағайындауды мемлекеттік өкіметтің органдары мен лауазымды адамдары өздерінін құзыретінің шеңберінде белгілі санаттьщ лауазымдарына орналасудың тәртібін сақтай отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты және оның тиімді кызмет аткаруын камтамасыз ету мақсатында заңдармен мемлекетгік қызметшілерге құқықтық шектеулер каралған. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билікті жүзеге асырудың құралы. Сондықтан, бұл билікті қашан да теріс пайдалану мүмкін болатындықтан, оған белгілі, оның ішінде құқықтық тосқауылдар болу керек.
Мемлекеттік қызметте болуға байланысты мемлекеттік қызметшінің мыналарға:
1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға;
2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылык, қызметті коспағанда, ақы төленетін басқа кызметпен айналысуға;
3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оньщ ішінде коммерциялық ұйымды басқаруға катысуға, егер коммерциялық теріс қылықтар жасауы оны кызметтен босатуға негіз болып табылады.
4) үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынышты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz