Сотта өкілдік ету



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5

II. Негізгі бөлім

1. Сотта өкілдік етудің, соттағы өкілдің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6.7

2. Сотта және мемлекеттік органдарда өкілдік ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.9

3. Азаматтық істер бойынша сотта өкілдік ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.14

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.16

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
Кіріспе
Сотта өкілдік ету – бұл басқа тұлғаның мүддесін және оның атынан бір тұлғаның процессуалдық іс-әрекеттер жасауы.
Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. (АК-тің 163 -бабының 5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін оның нүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жайлин Ғ. А. «Азаматтық құқық». ІІ том. Алматы 2006.
2. “Қазақстан Республикасы азаматтық құқықғы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл(65-74),
3. “Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл( 70-85б),
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. А. 2002 ж.
5. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1994.-431 с.
6. Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. /Отв. Ред. О.Н. Садиков. - М.: Изд-во БЕК. Ч. 2:Обязательственное право. - 1997. –687с.
7. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1993.-383 с.
8. Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
9. ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылдың 22 қаңтарындағы №18 «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерінің басшыларымен сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы» нұсқамасы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Сотта өкілдік ету

Жоспар

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

II. Негізгі бөлім

1. Сотта өкілдік етудің, соттағы өкілдің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7

2. Сотта және мемлекеттік органдарда өкілдік
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-9

3. Азаматтық істер бойынша сотта өкілдік
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-14

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 15-16

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... . 17

Кіріспе
Сотта өкілдік ету – бұл басқа тұлғаның мүддесін және оның атынан бір
тұлғаның процессуалдық іс-әрекеттер жасауы.
Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның
(өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа
негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің
азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және
тоқтатады.
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде
бірнеше нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді,
сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға
қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша
кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі
ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан
тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет
қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі
қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке
өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. (АК-тің 163
-бабының 5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,
олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі
элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің
субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші
жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып,
тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін оның
нүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің
іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.
Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе
жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады .
Ал Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен
заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу
керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі
толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық
қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Үшінші жак, — азамат немесе заңды тұлға. Өкілдің онымен әрекетке
түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатынастары
белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші
тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған
және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші
тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ, Азаматтық
кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе
өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен
мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттіктің туындауының негізі — заң фактісі болып табылады. Заңда
мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде
көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда
көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері
бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және
заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы
өкіл болып қатыса алады ( АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі —
тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы, өкілеттік міндетті
атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің
(бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын
жағдайынан да көрінуі мүмкін ( АК-тің 163-бабының 1-тармағы). Өкілдік заңды
және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол
өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі
бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме
иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде
кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты
талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді.

1. Сотта өкілдік ету
Қазақстан Республикасының азаматтары заңда қарастырылғандай өз
істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ,
азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан
айырмайды.
Сотта өкілдік ету – бұл басқа тұлғаның мүддесін және оның атынан бір
тұлғаның процессуалдық іс-әрекеттер жасауы.
Сотта өкіл етуші деп өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан
өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет
қабілеттілігі бар тұлғаны айтамыз.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес
немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің
өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары,
асырап алушылары, қамқоршылары немесе қорғаншылары қорғайды.
Хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат
қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкілі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның
мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам қатысады.
Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен
жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі
ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі ретінде мұралық мүлікті қорғау мен
басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.
Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан
жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүгізу әрекеттерін жасайды.
Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.
Тапсырма бойынша сотта өкіл бола алатындар:
- адвокаттар; заңды тұлғалардың істері бойынша осы заңды тұлғалардың
қызметкерлері; құқықтары мен мүдделерін қорғауды кәсіптік одақтар жүзеге
асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың
істері бойынша осы кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары; заңмен, жарғымен
немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау
құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; заңмен, жарғымен немесе
ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген
ұйымдардың уәкілетті адамдары; басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша
тең қатысушылардың біреуі және іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат
еткен басқа да адамдар.
Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне
негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар
әрекетке қабілеті кез-келген адам сотта өкіл бола алады.
Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық
актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-
әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың
өкілдері жүргізіледі. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік
жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды
тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске
қатыса алады.
Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе
өзге уәкілетті адамы береді.
Адвокаттың нақты іс жүргізуге арналған өкілеттігі заң косультациясы
немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген
жағдайда адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.
Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң
көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды

2. Сотта және мемлекеттік органдарда өкілдік ету
Іскерлік белсенділік пен жаһанданудың өсуіне байланысты, көбінесе
шетелдік әріптестермен, бірлескен кәсіпорындармен және шет мемлекеттермен
қатынастарда даулы жағдайлар мен басқа да қиындықтар туындайды. Мұндай
дауларда елдердің нормативтік-құқықтық базаларындағы, реттеу жүйелеріндегі
және бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарындағы айырмашылықтар маңызды
роль атқарады.
Мұндай жағдайда сот дауларын қарастыру перспективаларын талдау және
бағалау клиент проблемаларының оңтайлы шешімін табуға және оның уақыты мен
қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Біздің заңгерлеріміз құқықтың барлық салаларындағы арнайы білімдерді
меңгерген және корпоративтік, салықтық, әкімшілік және басқа да азаматтық
дауларда клиенттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті.
Бұл саладағы негізгі қызмет көрсетулер:
- Дәлелдерді жинау, талдау және сотта іс жүргізу тактикасын анықтау;
- Талап арызды немесе басқа да іс жүргізу құжаттарын (арыз, шағым)
дайындау және сотқа беру;
- Клиентке қарсы берілген талап арызды зерделеу, талдау, жазбаша
қарсылық пікір дайындау;
- Бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотта істерді
қарастыру кезінде қатысу;
- Сотта іс жүргізудің барлық мәселелері бойынша консультация беру;
- Сот шешімдеріне, қаулыларына, анықтамаларына
апелляциялықкассациялық тәртіпте шағым беру; апелляциялықкассациялық
шағымға қарсылық пікірлерді дайындау.
Заманауи бизнес жағдайларындағы компания қызметінің маңызды
бағыттарының бірі бірқатар мәселелер бойынша мемлекеттік билік органдарымен
сыртқы қарым-қатынас жасау болып табылады.
Кәсіпорын дамуының табыстылығы көбіне GR-менеджмент (ағыл.-
Government relations – мемлекеттік органдармен қатынастар) бағыты бойынша
жұмыстың тиімділігіне байланысты болады, өйткені ол компаниялардың
мемлекеттік органдармен байланыстарын жолға қою құралы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың алдында компания мүддесіне өкілдік ету жағдайды сот
қарастыруына немесе проблеманы әкімшілік тәртіпте қарастыруға жеткізбей,
туындаған қиындықты немесе даулы жағдайды оңтайлы мерзімде және барынша аз
шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

3. Азаматтық істер бойынша сотта өкілдік ету
- материалдық нұсқанды өтеу туралы істер бойынша мүддеге өкідік ету;
- тұрғын үй дауларына байланысты істер бойынша мүддеге өкілдік ету;
- жер дауларына байланысты істер бойынша мүддеге өкілдік ету;
- мұраға қалдырылған мүліктер туралы істі жүргізу;
- еңбек даулары бойынша мүддеге өкілдік ету;
- займ шарты, қолхат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта өкілдік ету:түсінігі және түрлері
Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар
Сотта өкілдік ету ұғымы
Азаматтық құқықтағы соттағы өкілдік
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау
Сотта өкілдік ету түрлері
Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізу құқығы туралы
СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер